№ басылым орнына


- тақырып. Биологиялық білім беру құрылымындағы өзгерістер



бет2/3
Дата18.02.2017
өлшемі0,57 Mb.
#10347
түріЛекция
1   2   3

4 - тақырып. Биологиялық білім беру құрылымындағы өзгерістер



Жоспары :

  1. Биологияның білім беру құрылымдары

  2. Білім беру құрылымдарын жаңарту әдістері


Лекция мақсаты: Биологияның білім беру құрылымдарын оқып үйрену?

Лекцияның мәтіні :

Биология пәнін оқытудағы ең бір тиімді дидактикалық ұстанымдардың бірі- пәнаралық байланыс. Бұл ғылыми- жаратылыстану пәндері мен қоғамдық- гумнитарлық циклдердің және жастарды еңбекке баулуда білім берудің арасындағы байланыстардың қамтамасыз етеді. Пәнаралық байланыстың мақсаты:


ҚР- ның жалпы білім беру қағидасына байланысты, оқушылардың жиған- түйген білімдерін пән мұғалімі ескере отырып, сол қажетті элементтерді тиімді пайдалану арқылы табиғат және тіршілік жайлы ұғымдарды яғни биологиялық түсініктерді ғылыми көзқарасқа негіздеп, кең мағынада оқушының санасында қалыптастыру болып табылады. Биология пәнін оқытудағы пәнаралық байланыстарды тиімді қолданулардың алғы шарттары:

а). Бұрын оқылған биологияның басқа курстарынан таныс түсініктерге сүйеніп, олардың арасындағы байланыстарды анықтау;

ә). Биологиядан басқа пәндерден алынған таныс түсініктермен байланысын ашу;

б). Болашақта оқылатын биология және басқада пәндерде кездесетін түсініктермен байланыс жоспарын алдын ала жасау;

Осы жоғарыда айтылғандарға сүйене отыра, көздейтін мәселе «Биологияны оқытудағы пән аралық байларыстардың» мән- мағанасын ашу болып табылады. Сондықтан: қазіргі заман мектебіне қойылатын талапқа сай.

Биологиялық түсініктерді қалыптастыруда пән аралық байланыстардың тиімді жолдарын жан- жақты талқылап оны іс жүзінде насихаттау. Пәнаралық байланысты қолданудың әдістемелік көкейтесті мәселесі: оқушыларға бағыт- бағдар бере отырып, олардың өз беттерімен ізденіс жұмыстарын арттыруға арналады. Пәнаралық және пәншілік байланыстарды өсімдіктану мен жануартану курстарында қолдану. Пәнаралық байланысты күнделікті сабақ өткізуге пайдалану биолгия пәнінің мұғалімінің теориялық білімінің теңдігін, және жан- жақтылығын, эрудициясын, іздемпаздығын талап етеді. Оқушылардың басқа пәндерден алған білім деңгейі қаншалықты екенін биология пән мұғалім жағында болу тиіс. Себебі, биологиялық түсініктерді кең мағанада түсіну үшін оларды басқа пәндерден алған білімдерін ескере отырып, сабақта тақырыпқа сай сол элементтерді қолдану қажет. Өсімдіктану курсын өткенде тақырыпқа сай «география » пәндерінен алған білімдеріне ой жүгірту керек. Өйткені олар география сабағында тропикалық, субтропикалық, шөлді және тағы басқа белдеулердегі топырақтық түрлерін, теңіз балдырын, сондай- ақ көптеген өсімдіктердің таралу аймақтарын жан-жақты, кең мағынада өткен болатын. Ал орыс тілі пәнінен бесінші сыныпта түр және туыс жайлы түсініктер беріледі. Бесінші сыныпта биология пәнә мұғалімі тәжірибе жүргізер кезде алгебра пәнінен алған білімдерін яғни пайыз және бөлшек өлшемдерін қолдана отырып, оларға толық талап қоя алады. Жетінші сынып оқушылары ағашты кесу, гүлді ұзыннан ұзақ жүйек түрінде отырғызу және клумб жасау үшін түзу бұрыштары, параллель түзулер, шеңбер жүргізуде геометрия пәнінен алған білімдерін іске асыра алады. Пәнаралық байланыс көлденең (горизонтальді) сол сыныпта өтілетін пәндермен бір тұтас, сондай-ақ тігінен (вертикальді) жоспарда төменгі сыныптарда өтілетін пәндермен тығыз байланысты жүргізіледі. Табиғаттану курсы бойынша алынған білім өсімдіктану курсының тек қана мазмұны жағынан немесе (ауаның құрамы, топырақ, миниралды тыңайтқыштар, торф, тас көмір), сондай- ақ оқушылардың іскерлігінде (оқулық пен үйде жұмыс істеу, сұраққа жауап беру, затттардың құрамын салыстыру, кесте толтыру, бақылау жүргізіп, коллекциялар жинау, отынды, пробирканың, термометрді қолданып тәжірибе жасау) арттырады. Мұндай жағдайда биология пәні мұғалімі пәншілік байланыс ретінде, өлі табиғатты вертикальдық жүйеде өсімдіктану мен байланыстыруына болады. Пәншілік байланыс биологиялық түсініктердің дамуын қарастырады. Жануартану курсы бойынша жануарлардың тіршілік ету жағдайын қарастырғанда мұғалім бұнда білімдеріне арқа сүйеді. Осыған орай олар жануарлардың оттегі, көмірқышқыл газы, судың (О2, СО2, Н2 О) тыныс алу, қоректену, зат алмасу кезіндегі күйін қарастырады. Жануартану курсында қосымша география пәнінен оқушылар жануарлардың әр түрлі континент және зоналарда таралуы туралы көптеген мәліметтер алады. Сегізінші сынып физика пәнінен Архимед заңы балықтардың жүзуі туралы түсінік береді.




Бақылау сұрақтары:

  1. Жануартану курсында қосымша география пәнін оқыту?

  2. Пәнаралық байланыс?

  3. Табиғаттану курсы бойынша алынған білім?



5 - тақырып. Биология пәні бойынша жүргізілетін оқу – тәрбие жұмыстарының міндеттері

Жоспары:

  1. Биологияны оқыту формаларының жүйелері және түрлері.

  2. Қазіргі кезде мектептегі оқытудың негізгі формасы - сабақ.

Лекция мақсаты: Биологияны оқыту формаларының жүйелері және түрлерін үйрену.


Лекцияның мәтіні :

Биологияны оқыту формаларының жүйелері және түрлері.
Оқытудың формалары. Биологияның пәндерін оқытудың оқушыларға тиянақты жемісті білім беру мен оқытып - тәрбиелеу жұмыстарының нәтижелі болуы мұғалімнің оқушылармен бірігіп жүргізетін бір бағыттағы іс - әрекеттеріне байланысты. Биология пәндерін оқыту барысындағы мұғалімнің негізгі міндеті оқушылардың бойына жүйелі түрде, бірізділік пен биологиялық түсініктерді, ғылыми көз қарасты, өздігінен ойлау процесі мен практикалық жұмыстарды орындау икем дағдыларының біртұтастығын үздіксіз дамыту болып табылады.
“Система” - дегеніміз грек тілінде белгілі бір логикалық тәртіпте құбылыстарды, заттарды іс әректтерді топтастыру деген мағынаны білдіреді екен. Жүйе бір – біріммен байланыстағы бөліктердің дамуының заңдылықтарының орналасу тәртібі. Ал “методика” (әдістеме) “жүйе” түсінігі тәрбиелеп - оқытудың присптерінің біртұтастығы, оның элементтерінің өзара қарым – қатынасы мен бірлігі. Мектепте оқушыларды тәрбиелеп оқытудың алуан түрлі формаларын ұйымдастыру қолданылады. Оқыту формалары дегеніміз - оқушылардың оқып білім алу, іздену әректтерін ұйымдастыру, мұғалімнің мұғалімнің оқу процесі кезінде әр түрлі жағдайларды, іс - әрекетті пайдалануы. Қазіргі кезде мектептегі оқытудың негізгі формасы - сабақ.
Сабақтың алғашқы жобасын жасаған неміс педагок И Штурм, дамытып, теорялық негізін қалаған, іс жүзінде қолдану технологиясы жасаған А Я Коменский. Сабақта мемлекеттік оқыту бағдарламасына сай материялдардың мазмұны оқытудағы тақырыптың негізінде мазмұндап , оқушыларға білім және тәрбие қалыптастырады. Әр бір лқушы сабаққа қатысуға міндетті. Кластағы оқушылар сагы тұрақты жас шаралар бірдей, білім деңгейлері де бірақ қалыпты болу керек. Сабақ барысында жетекші, негізгі ролі мұғалім атқарады. Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру мақсатында оқытудың әр түрлі әдіс- тәсілдердің, формаларын қолданады. Деңгеймен сабақ оқытудың негізгі формасы ретінде орын жоғарылатпайды. Мектептегі биология пәндерін оқыту барысында оқытудың басқада формалары қолданады. Сабақтардың мазмұнына байланысты міндетті түрде өткізілетін топ серуендер (экскурция), сабақтан тыс, үйде орындалатын жұмыстар, кеңестер, қосымша сабақтар, жұмыстар міндетті немесе кластан тыс жұмыстық, мен тірі табиғат үйірмесінде биология бөлмімінде орындалатын жұмыстар. Сабақ кезінде мұғалім оқытудың барлық Әдіс – тәсілдерін қолданады. Өсімдіктермен жануарлар демократияларда зертханалық және практикалық жұмыстарды жүргізу барысында, олардың ішкі және сыртқы құрлыстарымен таныстырады. Тірі ағзалардың тіршілігін, дамуын, бір – бірімен қарым – қатнастарын білу үшін ұзақ уақыт бақылау жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындайды, сондықтан оқытуың басқа формасы қолданылады ол сбақ оқыту формасын толықтырады.
Сапалы сабақ өткізудің талаптары өте күрделі:


  1. Сабақты оқытудың дидактикалық присптері толық қамтамасыз етіледі.

  2. Ғылымның, педагогикалық іс – тәжрибенің озық жетістіктерін пайдаланады.

  3. Оқушылардың танымдық іс - әректтерімен пәнге қызығушылығын арттыру.

  4. Пәнарқылы байланыстарын қамтамасыз ету.

  5. Өткен сабақтарда алған білімдеріңді негізінде, оқушылардың білім деңгейін одан әрі дамыту.

  6. Әр бір сабақта оқушылардың ойлау әрекетін дамыту.

  7. Мұғалімнің сабақ жоспарының дұрыс түзілуімен сабақты рационалды түрде өткізу т.б.

Сабақтың негізгі мақсаттары, білім беру, тәрбиелеу және дамыту. Білім беру мақсатын орындау үшін төмендегідей дидактикалық мәселелерді қамтыған жөн.

  • Сабақтың білімдік мақсатын ашатын ақпараттармен қамтамасыз ету.

  • Табақ жаңа технологиялық әдістермен өткізу.

  • Сабақтардың құрлымымен оны ұйымдастыруда шығармашылық таныта білу.

  • Сабақ барысында ұжымдық және жекеше ізденіс формаларын жүзеге асыру.

  • Сабақтың мазмұнын түсіну, игеру деңгейін анықтау, бағалау.


Бақылау сұрақтары:

  1. Биологияны оқыту формаларының жүйелері және түрлері?

  2. Оқытудың формалары?

  3. Сабақтың негізгі мақсаттары?

6 - тақырып. Қазіргі мектеп биология курсын құрудың негізгі принциптері, мазмұны және жүйесі.

Жоспары :

1. Қазіргі мектеп биология курсының мазмұны және жүйесі.

2. Мұғалім биологиядан жаңа түсініктерге формулаларға жалпы сипаттама беру


Лекция мақсаты: Қазіргі мектеп биология курсының мазмұны және жүйесін зерттеу.


Лекцияның мәтіні : Тіршілік тану курсында пәнаралық байланыстарды тиімді пайдалану жолдары.

Оқушылардың тіршіліктану курсын оқуға дайындығы негізінен физика, химия пәндерінен алған азды – көпті білімдеріне байланысты (оныншы сынып). Мысалыға, физика пәнінен ультрафиолет сәулелер, рентгенизация, денелердің радиоактивтілігі, электрондық теория, фотон жайлы түсініктерді білу керек. Ағзаның жалпы құралымы жайлы түсініктің органикалық химиядағы әсеріне биологиялық күрделі қосылыстар туралы мәліметтермен тікелей байланысы бар. Сондай- ақ пәнаралық байланыс оқушылардың биология ғылымдарының демалуының алғы шарттары және әр түрлі халық – шаруашылық салаларында оның жетістіктерімен танысуы кезінде қажет. Бірақ – та, химия пәнінің байланысында көптеген кемшіліктер байқалады: оқушылар аққуыз, көмірсу, лепидтер және тағы басқа күрделі биологиялық қосылыстардың бүге – шүгесін білмей жатып, оны тіршіліктану барысында оқып өтеді. Ал бұндай қосылыстар органикалық химиядан тек онбірінші сынып оқу жылының соңында оқытылады. Жасуша туралы жаңа көзқарас химиялық компоненттерсіз және олардың құрылымынсыз ойға санамайтын нәрсе. Өз кезегінде нуклейн қышқылының негізгі компоненттерінің молекулалық құрылысы туралы – көмірсу, фосфорқышқылының, сілтілі азоттың негіздерінің төрт түрін білмей ақуыздың синтезін және тұқымқуалаушылық, яғни, табиғи процестердің тіршілігін түсіну мүмкін емес. Осыған орай биология пәні мұғалімі өз сабақтарында жасушаның химиялық құрамын және ондағы процестерді түсіндіру үшін химиялық білімдермен қарулану қажет. Тәнтану пәнінен беретін мұғалім өтетеін тақырыбына байланысты органикалық химия курсынан қажетті химиялық білімдермен қарулану қажет. Мұғалім жаңа химиялық түсініктерді химиялық формулаларға жалпы сипаттама беруден шектеліп оны нақты мысалдармен демонстрациялайды. Онбірінші сыныпта мұғалім оқушылардың неорганикалық химиядан алған білімдеріне сүйенеді, себебі коваленттік байланыс және геонтериясы жайлы ұғымдар сегізінші – тоғызыншы сыныптарда өтілгені жағдайды жеңілдетеді. Мұны келесі мысылдармен тьүсіндіруге болады: Негізгі энергия көзі көмірсулар болатыны онбірінші сынып оқушыларына таныс глюкоза, гликоген, клетчатка, крахмал мысалына көруге болады. Көмірсудің физикалық құрамын және адам ағзасында кездесетінін, сондай – ақ тағам құрамындағы көмірсу ас қорыту процесінде глюкозаға айналып, қан арқылы ұлпаларға тасымалданатынын түсіндіруге болады.


Липидтер ағза резерві және жасуша құрцылымының құрамында мысалыға, жасуша қабықшасында көрінеді.

Нуклейн қышқылының молекулалық құрамын түсіндіру қиынға соқпайды. Себебі, көмірсу компонентінің түсіндіруде оқушылардың өсімдіктану мен тәнтану курсынан өткен крахмалдың мысалында айтуға (тұқымның құрамы, фотосинтез өнімдері және асқорыту процесі кезіндегі крахмалдың өзгеріске ұшырауы) болады. Ал сілтілі негізі және фосфорқышқылы туралы түсінік оқушыларға беорганикалық химиядан танымал.

Химия және физика бағдарламасы әсіресе, тіршілік танумен пәнаралық байланыс ретінде сәйкестендірілуі тиіс. Бұл тіршіліктану пәніне дайындық ретінде оқушылар молекуладағы атомдардың оранласуын, заттардың құрамы атом мен молекуланың құрылысына байланысты екендігімен таныс болуы керек.Мысалға «Көміртегі және оның қосылыстары» тақырыбы метаннан да басқа мысалдармен қеңейтіліп бірлесе, биологиялық оқытуда көмек болар еді. Тіршіліктанудың гуманитарлық пәндермен де пәнаралық байланыстар бар. Оқушылардың тарих пәнінен білімдері, оларға тарихи жағдайда әр әртүрлі ғылыми теориялардың пайда болуын түсінуге көмектеседі. Экологиялық проблемалармен биосфераның заңдылықтарын оқыту үшін физико – географиялық білім қажет. Тіршіліктанудың мазмұны философиялық тәртіпке саяды. Сондықтан ғылымтануды оқытады. Биологиялық құбылыстар ретінде философиялық тракт проблемаларына ден қою тіршіліктану пәнін оқытуда зарарын тигізеді. Бұл философиялық категорияларға қосымша оқытушыларды биологиялық факторлармен заңдылықтарды жаттауға үйретеді. Бұндағы барлық байланыстар оқу және тәрбиелік мағана береді: Мектепте әртүрлі ғылымдардың негізі оқтылады, бірақ оқушылардың білімі түрлі оқу пәндерімен байланысты қоғам және табғат туралы жалпы білім қалыптасу керек. Оқушылардың өздері әртүрлі пәндерді оқығанда бұндай байланыстарды қарастармайды. Мұғалім болса осы байланыстарды сұрақ қою арқылы ұғындырады.

Бақылау сұрақтары:


  1. Оқушылардың тіршіліктану курсын оқуы?

  2. Оқушылардың жануартану курсын оқуы?

  3. Оқушылардың өсімдіктану курсын оқуы?


7 - тақырып. Мектеп биология курсының пәнаралық және пәнішілік байланыстары.

Жоспары :

  1. Биология пәнін оқытудағы пәнаралық байланыстардың қызметі.

  2. Биологиялық курысынан сабақ беру.

  3. Оқушылардың білімін қалыптастырудағы пәнаралық байланыс.


Лекция мақсаты: Пәнаралық байланыстар арқылы оқушыларға білім беру жолдарын үйрену.
Лекцияның мәтіні :

Биология пәнін оқытудағы пәнаралық байланыстардың қызметі. Биология пәнін оқытуда пәнаралық байланыстар бірнеше қызмет атқарады:



  • Бірінші – методикалық қызметі. Осы қызметті оқушылардың табиғаттануға, оның біртұтастығы мен дамуына дидактикалық - материалистік көзқарасын қалыптастыруға үлкен септігін тигізеді.

  • Екінші – оқушының білімдік ой – санасын қалыптастырып, алғырлығын дамытады. Бұл ретте пәнаралық байланыстарды игеруге мүмкіндік туғызады биологиялық түсініктерді дамыту құралы есебінде пайдаланылады.

  • Үшінші – тәрбиелік қызметі. Осы қызметті пәнаралық байланыс білім берудегі политехникалық бағытты іске асыруда көмектеседі.

  • Төртінші – конструктивті қызметі. Оқу материалдарының мазмұнын, әдісі мен ұйымдастыру формаларын арттыруға көмектеседі.

Мектеп мұғалімдері күнделікті оқыту жұмыстарына пәнаралық байланысты іс жүзінде пайдалану кездерінде көптеген қиындыққа кездеседі. Оның негізгі себебі, пәнаралық байланыстар жайлы керекті оқу әдістеиелік құралдардың жоқтығынан. Биологиялық курысынан сабақ беру үшін әрбір мұғалім пәнаралық байланысты «іс жүзінде» орындауы тиіс. Оның өзі бірнеше кезеңдерден тұрады.

А) Биологияның әрбір курсының және басқа да пәндердің басты тақырыптарының арасындағы пәнаралық байланыстарды талдап, қосымша әдебиеттерді пайдалану.

Ә) Курстық және тақырыптық жоспарларды пайдаланып, пәнаралық байланысқа сәйкестендіріліп, сабақтың жоспарын құру.

Б) Нақтылы сабақтың тақырыбы бойынша әдістемелік тәсілдермен керекті құрал – жабдықтарды дайындау, тағы басқалар. Іс жүзінде орындауға қолданылатын әдістемелік тәсілдердің барлығы оқушылардың өз бетімен ізденіс жұмыстарын арттыруға арналады.

Пәнаралық байланыстар арқылы оқушыларға білім беру және тәрбиелеу процестерін қалыптастыру. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек. Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» Әл – Фараби.

ҚР – сы Тәуелсіздік алғаннан бері жас өспірімдерге тәрбие беру өзекті мәселе болып келеді. Тәуелсіз Республикаға біліммен қаруланған, жан – жақты дамыған, шығармашылықпен еңбек ете алатын дарынды адамдар қажет. Тәрбие мәселелерін шешу үшін биология пәні мазмұны жағынан да оқыту әдістері жағынан да тиімді және тәрбиелеудің барлық түрлерін қамтамасыз етеді. Сондықтанда биологияны оқытуда пәнаралық байланыста өткізу оқушылардың білімін дамытумен қатар тәрбиелік қызметінің де қалыптасуына мүмкіндік береді.

Оқушылардың білімін қалыптастырудағы пәнаралық байланыстың негізгі үш тобына тоқталайық:


  1. Оқушылардың білімін дамыту.

  2. Алған білімін іс жүзінде қолдану.

  3. Алған білімін бағалай отырып іскерлігін дамыту.

Әрбір мұғалім оқу материалының мазмұнын сараптай отырып пәнаралық байланыстарды анықтап, әр түрлі әдістерді пайдаланып, өз жұмысын іске асыру қажет. Ал тәрбие элементтеріне келетін болсақ, олар;

  1. Дүниетанымдағы ғылыми көзқарасты

  2. Ойлауды тәрбиелеу

  3. Еңбек ету мәдениетін тәрбиелеу

  4. Эстетикалық тәрбие

  5. Этикалық тәрбие

Биология сабақтарында кең және жан – жақты пәншілік және пәнаралық бұрынғы болашақ, тура және кері байланыстарды пайдаланудың арқасында мұғалім оқушылардың материя қозғалысындағы адамның алатын орны, даму формасы жайлы білімін жетілдіреді.

Оқушылардық танымдық процестерін арттыру. Биологияны оқытуда мектеп оқушыларына білім мен тәрбие берудің танымдық жағын аттыру әдістерінің бірі пәнаралық байланыстарды пайдаланып, биологиялық есептері шығаруды үйрету. Пән аралық танымды қалыптастырушы есептерді басты үш топқа бөлуге болады;



  • Бірінші – оқушының танымдық білімін арттыру:а ба:ыттал:ан есептер.

  • Екінші - теориялық білімдерді практикада пайдалануға бағытталған есептер.

  • Үшінші – Оқушылардың іскерлігін, ептілігін қалыптастырыуға бағытталған есептер.

Практикалық іскерлігін дамытуға арналған есептерді шығару барысында оқушының есептеу, өлшеу, эксперименттерді жүргізу, өз бетінше ойлану және т.б. іскерлік жақтарының дамуына мүмкіндік туады. Оқушылардың іскерлігін, ептігін, төтенще құбылыстарды байқау жағын қалыптастыратын есептерде аса көп көңіл бөлу қажет. Әсіресе тірі ағзалардың эволюциялық даму үрдісінде кездесетін құбылыстар қарапайым атомдардан – молекула – жасуша – ұлпа – мүше – мүшелер жүйесі – популяция – түр және одан да жоғары деңгейлеріне тоқтағанда оқушының дүниеге тірі табиғатқа көзқарасын қалыптастыратын нақтылы фактілерді, ғылымның басқа салаларындағы жаңалықтарды пайдаланған жөн. Тәнтану курсында пәнаралық байланысты іске асыруда бірінші – проблемалық жағдайларды тудыру, оларды талқылау, танымдық есептерді шығарудың маңызы зор. Мысалы «Бұлшық еттердің жұмысы» тақырыбында оқушылардың проблемалық мәселелерді шешуіне тура келеді. «Неге адамның бұлшық еттері әртүрлі қимылдар жасаған кезде адам денесі қызып, жылу бөлінеді ? » Бұл жердегі шешуі талап етілген мәселелердің бірі - химиялық ээкзотикалық және эндотермия реакциялар кезінде энергияның өзгеруі физика пәнінен энергияның бір түрінің екінші түріне ауысуы жайлы білімді пайдаланып, жұиыс істегенде еттен ағып шыққан көктамыр қанының температурасы салатамыр ( артерия ) арқылы сол етке келіп құятын қанның темпиратурасынан жоғары болатынын түсіну. Ал оқушылардың бір тобы өсімдіктер мен жануарлар курысын өткендегі тыныс алудың жасушадағы органикалық заттар тотығып, жылу бөлінетіндігі туралы білімін естеріне түсіріп жұмыс кезінде ет талшықтарындағы жаттығу үрдісінің нетижесінен бөлінген жылу деп жауап беруі мүмкін, ол жылуда экзотермиялық. «Неге ет жұмыс істегенде көп, ал тұқым тыныс алғанда аз энергия бөледі ? » - деген сұраққа оқушылар физмка курысынан алған білімін есе алып «Жұмыс істеген еттерде механикалық энергия жылу энергиясына айналады» - дейді. Ал бұл жерде «механикалық энергия қайдан пайда болады ? » - деген сұраққа былай түсіндірме беруге болады: ет талшықтарындағы ақуыздар мен көмірсулар ыдырауының және тотығуының нәтижесінде химиялық байланыстардың түзілуінен энергия бөлінеді, қан плазмасы осының салдарынан жылуды сіңіреді, сөйтіп оның темпиратурасы жоғарылайды. Адам денесінде пайда болған тер буланғанда да артық жылуды қоса алып кетіп, адам денесіндегі жалпы температураны бірқалыпты деңгейде ұстап тұрады. Пәнаралық байланыстарды пайдалану арқылы проблемалывқ сұрақтарды шешудің мысалын келтірейік. Мысалы «Ағзаның ішкі ортасы» тақырыбын түсіндіру кезінде оқушыларға мынадай сұрақ қоялық. «Егер қан плазмасында судың мөлшері 80 % жақын болса, сол қанға суды құюға бола ма ? » Бұл сұраққа жауап беру үшін тәжірибе көрсетуге болады. Картоптың мөлшері бірдей үш кесіндісін алып, олардың бірін дистилденген суға, екіншісін – 0.9 – тік ас тұзы ерітіндісіне, үшіншісін – 10 -ке ас тұзы ерітіндісіне салып, бірнеше уақыттан кейін оларда қандай өзгерістер болатынын оқушылардың өздеріне бақылату керек, олар екінші кесіндіде ешқандай өзгеріс болмай, бірінші және үшінші картоп кесінділерінің мөлшерінің өзгергендігін байқайды. Осыларды дәлелдеу үшін оқушылар химиядан алған тұз ерітіндісінің концентрациясына байланысты, ал физикадан сұйықтардың диффузиясы туралы тірек біліміне сүйене отырып, неліктен бір тәжірибеде картоп кесіндісінің көлемі үлкейсе, екіншілерінде мөлшері азайып, жиырылып кететініне жауап бабады. Осы мәліметтерге сүйене отырып қанға суды құюға болатын, болмайтынын дәлелдеп беруге болады. Осының нәтижесінде ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын сақтайтын механизм өз - өзімен реттеліп отыратынын, ал судың қозғалу бағыты қан плазмасындағы және эритроциттер арқылы құрамындағы тұздардың концентрациясына байланысты болатынына көзін жеткізу керек. Проблемалық мәселелермен қатар пәнаралық байланыс арқылы кейбір есептерді де шешуге болады. Оны шешуге әрине оқушылардың математикадан, физика, химиядан, географиядан тірек білімі жеткілікті деңгейде болуы тиіс.

Бақылау сұрақтары:

1.Биология пәнін оқытудағы пәнаралық байланыстардың қызметі?

2.Пәнаралық байланыстарды пайдалану?

3.Пәнаралық байланыстар арқылы оқушыларға білім беру ?



8 - тақырып. Биологияны оқыту әдістері мен әдістемелік тәсілдері.
Жоспары :

    1. Биология пәнінен оқытудың әдістері және олардың жүйеленуі.

    2. Әдістерді жүйелеу


Лекция мақсаты: Биология пәнінен оқытудың әдістері және олардың жүйеленуін үйрекну.
Лекцияның мәтіні:

Биология пәнінен оқытудың әдістері және олардың жүйеленуі. Оқыту әдістері және жүйеленуі. Жалпыға бірдей білім беретін мектептерде, оқушыларға білім мен тәрбие беру үшін, пәннің мазмұны мен құрылымы және сабақ өткізу үшін пайдаланылатын көрнекіліктер мен қажетті материялдардан басқа, мұғалімнің қолданатын оқыту әдістерінің үлкен маңызы бар. Оқушылардың жас ерекшелік физиологиясы мен психологиясын ескере отырып, оқыту әдісін дұрыс таңдап алғанда ғана, оқушыларға сапалы білім беруге, тәрбие қалыптастыруға болады. 1963 жылғы философиялық сөздікте “ метод” немесе “әдіс” дегенімізді белгілі бір алға қойған мақсатқа жетудің тәсілі, реттелген іс- әрекет деп түсіндірілген. Демек “іс әрекетті” дидактикалық принсптер тұрғысында алатын болсақ, жасөспірімдерге білім беру мен тәрбиелеу жолындағы мұғалімнің алдына қойған мақсатына жету ұшін жасайтын, пайдаланылатын тәсілдері деп қарастырамыз.

Қорыта келгенде, оқыту әдісі дегеніміз – мұғалім нің оқушыларға білім мен тәрбие беру тәсілдері және оқушылардың білімді қабылдау барысындағы іс әрекеттері – деп айтуға болады. Екі жақты бір – бірінетығыз байланыстығы, бір мақсатқа жету үшін жасалатын әрекеттер жиынтығы. Оқыту, білім беру көзі мен оқулықтың мазмұны міндетті түрде оқу бағдарламасында көрсетілген тақырыптар бойынша анықталады. Биология пән ретінде оқыту барысында алуан түрлі әдістер мен тәсілдердің қалыптасқаны белгілі және олардың кейбір ерекшеліктеріне байланысты төмендегідей топтастыруға болады.

1. оқушылардың білім қалыптастыру кезіндегі іс- әрекеттің сипаты.

2. Мұғалімнің білім берудегі іс - әрекетінің сипаты.

3. Білім алу көзі.

Әдістерді жүйелеуде осы үш ерекшелік негіз болып табылады. Дәстүрлі сабақ беру ежелден келе жатқан білшім беру жүйесі. Осы орайда білім берудің негізгі классикалық әдістері үшеу екендігі белгілі: ал сөздік әдіс, көрнекілік және әдіс және практикалық әдіс. Қазіргі заманның талабына сай білім берудің жаңа әдістері де оқу – тәрбие жұмыстарында кеңінен қолданылуда. Олар: оқулық және алуантүрлі техникалық жүйелер. Әдістердің сызбанұсқасын төмендегідей етіп көрсетуге болады.
Биология оқыту әдістері

Сөздік

Көрнекілік

Практикалық


Оқулық пен жұмыс


Техникалық құралдармен жұмыс



1.Сұрақ- жауап

2.Әңгімелеу

3.Түсіндіру

4.лекция

5.Нұсқау беру

6Пікірталас т.б.



Бейнелеу көрнекіліктерін демонстрациялау, тірі табиғи объектілер, тәжрибелер, кинофильмдер, таблитца сызба- нұсқалар арқылы білім беру

Объектілерді танып білу, өз бетінше тәжрибе жүргізу, эксперимент қою, оқу өндірістік еңбек т.б.


Оқулыққа шолужасау, қарап шығу, оқу, зерттеу, мазмұндау, конспект, реферат жазу.


Компютермен жұмыс жасау, техникалық құралдармен жаттығу, көру, зерттеу, қортындылау т.б.


Әр әдістің өзіне тән қолдану ерекшеліктері бар. Сөздік әдістері қолдануда оқушылардың білім алу көзі мұғалімнің сөзі болып табылады. Мұғалім әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ жауап, лекция түрінде білім береді, ал оқушылардың іс- әрекеті тыңдау. Тақырыпты өтіп болған соң, оқушылар ауызша немесе жазбаша есеп беру барысында алған білімдері мен түсініктері қортындылады, бекітеді.

Көрнекілік әдісін пайдаланған кезде мұғалімнің сөзі бас қа мағына алады да, оқушылардың алатын білім көзі мұғалімнің заттар мен құбылыстарды көрсету, демонстрациялау болып табылады. Оқушылар көрген фактіларін ой елегінен өткізіп, белгілі бір қорытындыға келіп жаңа білім қалыптастырады. Бұл жағдайда оқушылардың бақылаған, көрген құбылыстары білім көзі болып есептелінеді.

Практикалық әдіс қолдануда мұғалім нің сөзі нұсқау беру үшін және орындалатын жұмыстың мақсатымен таныстыру үшін қажет. Оқушылардың алатын білім көзі, өздерінің орындайтын практикалық жұмысы.

Бірқатар жағдайларда мұғалімнің нұсқауымен білім алу үшін кітаппен жұмы с жүргізледі. Оқушылар білімді кітаптың мазмұнынан алады. Кітаппен жұмыс алуан түрлі әдістерді қолдану барысында да жүргізіледі мұғалімнің қандайда бір әдістерді қолдануының негізгі мақсаты, оқушыларды белсенді түрде сабаққа қатыстыру . Оқушылар сабақтарда баяндамалар, түсініктемелер, тәхрибелер, практикалық жұмыстар жасайды.

Әдістердің барлық түрлерін қолдануда, оқушылардың өз бетінше ойлау деңгейін дамыту жағын қамтамасыз етілуі тиіс, сонымен қатар оқушылардың танымдық іс - әрекеттерін дамыту үшін олардың жауап әрекеттеріне сараптама жасау керек. Бұл жұмыс оқушылардың білімін тексеру, есепке алу арқылы жүзеге асады.



Бақылау сұрақтары:

1.Биология пәнінен оқытудың әдістері?

2.Биологияны оқытуды жүйелеу?

3.Оқыту әдістері және жүйеленуі?


9- тақырып. Көрнекі әдістердің түрлері.
Жоспары :

1.Көрнекілік әдіс.

2.Практикалық әдістер
Лекция мақсаты: Көрнекілік әдісін педагогиканың көрнекілік принмптерімен шатастырмау керектігін оқып үйрену.
Лекцияның мәтіні:

Көрнекілік әдіс. Көрнекілік әдісін педагогиканың көрнекілік принмптерімен шатастырмау керек. Бұл екі түрлі түсінік, бірақ бір – бірімен тығыз байланыста. Көрнекіліктер биология сабақтарының барлығында қолданылады, бірақ бұл сабақтарды көрнекілік әдісімен өткізу деген түсі нік емес. Сөздік әдістерін қолдануда алуан түрлі суреттерді, таблицаларды көрсету арқылы мұғалімнің сөзін дәлелдеу үшін қолданады. Мысалы: өсімдіктер мен жануарлар туралы әңгімелеуде, табиғи обеътілерді қолдануға, суреттерін көрсетуге болады. Сондайақ ғалымдардың өмір жолын, ашқан жаңалықтарын баяндаукезінде суреттер, таблицалар т.б. қолданады. Бұл кезеңдерде оқушылардың білім алу көзі, мұғалімнің сөзі, баяндауы, лекциясы немесе түсіндіруі. Ал қолданылған көрнекілігі қосымша материял ретінде сабақтың мазмұнын әсерлеу үшін қажет. Ал сабақты көрнекілік әдіспен өткен кезде, пайдаланылған көрнекіліктің сипаты өзгереді жасалған тәжрибелер, көрсетілген тірі обеъктілер, кинофилмдер, таблицалар, бейнетаспалар – оқушылардың білім алу көзі мұғалімнің сөзі екінші ретте көмекші құрал ретінде көрініс алады. Көрнекіліктер мен обеътілерді демонстрациялау барысында оқушылар өз бетінше бақылап немесе мұғалімнің жетекшілігімен қортындылар мен тұжырымдар жасап, жаңа білім алады. Көрнекілік әдәсін қолдану, оқушылардың хаңа мазмұнды қабылдау және ойлау қабілетін дамытады. Биология сабақтарында қолданылатын көрнекіліктер 2 топқа бөлінеді.

1. Табиғи түріндегі (Табиғи тірі объектілер және препраттар)

2. Бейнелеу құралдары ( таблицалар сызбанұсқалар, мульяждар, бейнефилмдер т.б.)

Әсіресе табиғи объектілерді демонстрациялау пәнді оқытуды тиімділігі өте жоғары. Оқушылар өсімдіктер мен жануарлар жайында нақты ұғымдар қалыптастырады. Өсімдіктер тіршіліктану пәндерін оқытуда өсімдіктерді демонстрациялауға мүмкіншіліктері мол өсімдіктері алдын-ала табиғаттан тірі табиғат жүйесінен, т.б. дайындауға болады.

Өсімдіктану пәнінен жапырақтардың түр өзгерісі “тақырыбында, суды аз мөлшерде буландыру үшін жапырақтардың экологиялық ортаға беймделуін олардың түк қабаттары мен шаңданған қабаттарын, жапырақ тақталарының көлемінің кішірейун бөлме өсімдіктерінен көруге болады, оқушылар тірі обеъктілерден беймделуді көреді, мысалы: Монстера (Бразиляның ылғалды тропик ормандары), Камелия (Оңтүстік қытай) Алое (Оңтүстік африканың Калахари тахыры), Кактустар (Мексика шөлейті), шыршаның иелерінен, сексеуілдің жапырақтарынан, жантақтың теңге жапырақтарынан, т..б. көрсетуге болады.

Жануартану адам физиологиясы сабақтарында тірі жануарларды демонстрациялайды. Сүт қоректілердің, құстардың орташа көлемді түрлерін торда ұстап немесе арнайы жасалған ұяларда көрсету үшін мұғалімнің үстеліне қояды. Ұсақ жануарларды құрбақа кесірткі, шаян сияқты шыны ыдыстарға салып бетін дәкемен жауып көрсетеді. Пробиркада өте ұсақ жануарларды, бунақденелілерді, өрмекші тәрізділерді, қуыршақтарының дамуының әртүрлі сатысында демонстрациялайды. Үлкен жануарладың қаңқасын, модельдерін мульяждарында контрасты экран жарық сәулелерін қолдану арқылы арнайы үстелдерде көрсетеді. Тәжрибелерді демонстрациялау биология пәндерінің барлық сабақтарында қолданлады. Тәжрибелерді бірнеше оқушыларға бөліп береді. Оқушылар жұмыс дәптерлеріне тәжрибені қою Тәртібінің суретін салып, қортынды нәтижелерін жазады. Мысалы: жасыл өсімдіктердің жарықта оттегінбөлуі, өніп келе жатқантұқымның көмірқышқылгазынбөлу туралы. Көпшілік микроскоптық объектілер биология сабақтарының барлығында қолданылуы мүмкін. Сондықтан оқушылар микроскоппен жұмыс істеу икем дағдыларын қалыптастырады. Көрнекілік әдісін Қолдану сынып жоғарылаған сайын күрделеніп, нағыз білім алу көзіне айналады. Қандайда болмасын әдістің негізгі мақсаты оқушылардың өз бетінше білім алуын көздейді. Олардың сана сезімін дамытып, логикалық ойлауын, шығармашылығын, өз бетінше білімін іс - әрекетте, практикада білуін дамытады.

Практикалық әдістер. Практикалық әдістер бұл әдістер мұғалімнің ұйымдастыруы мен бағыттауның нәтижесінде оқушылардың ойлау қабілетін дамытатын сөздік көрнекілік және практикалық жұмыстардың күрделі байланысы болып табылады. Практикалық метадоттарды қолдану оқушылардың рецепторлары мен анализаторларын белсендіреді, еңбекке баулйды. Оқу тәрбиелеу жұмысын іске асыруға практикалық жұмыстарды орындау өте құнды. Оқушылар бұрынғы алған блімдерін іс – жүзінде практикалық тапсырманы орындау нәтижесінде жүзеге асырады, дағдылары қалыптасады. Осындай жағдай ғана практикалық жұмыстар білім көзі болып табылады. Практикалық жұмыстардың методоттардың түрлеріне жататындар:


  1. Табиғи обеъктілерді танып білу және анықтау.

  2. Құбылысты бақылап есепке алу.

  3. Экспериммент жасау.

Практиклық жұмыстың басында қойылған мәселе мен сұрақты практикалық жұмыстың көрсеткіші мен оқушылар дәлелдеулері керек. Көрнекілік методымен практикалық методот кезіндегі оқушыларының бақылауының айырмашылығы жер мен көктей. Практикалық бақылау кезінде оқушылар өз бетінше жұмыс жүргізеді, өлшейді, есептейді, кептіреді т.б. Осындай құбылыстардың нәтижесінде оқуушылар құбылыстыдәлелдейтін материялдар жинайды.
Бақылау сұрақтары:

1.Көрнекілік әдістің ерекшеліктері?

2.Көрнекілік принмптері деген не?

3.Практикалық байланыс?

10 - тақырып. Өздік жұмыстарды өткізу және ұйымдастыру

Жоспары :


  1. Жануарлармен жұмысты ұйымдастыру.

  2. Өсімдіктермен жұмысты ұйымдастыру


Лекция мақсаты: Жануарлармен жұмысты ұйымдастыру жолдарын үйрену.
Лекцияның мәтіні :

Жануарлармен жүргізілетін тәжірибелер одан да үзақ уақытты қажет етеді. Жазғы тапсырмаларды орын дау барысында оқушылардың алған білімдерін бекітін, сабаққа пайдаланатын кернекіліктер мен табиги объектілер де жинакталады. Төнтану нөнінсн сабактан тыс орыыдалатын жұмытсар, сабақтьщ мазмүны-мен танысыи болганнан соң беріледі, кейбір тақырьштағы жүмыстар алдын—ік беріліп, сабақ кезінде ба-қылаулар мен эксперименттердің қорытындылары талқыланады. Мысалы: жүректің соғуын тыпыштық күйде, белгілі дене жүмысынан соң санап анықтау т.б. Тірі табиғат мүйісінде және ікроско кабинетінде сабақтын тыс орындалатын жүмыетар—көбінесе күзде, қыста, ерте ксястем мезгілінде орындалады, ал қалған уақытта оқу—төжірибе учаскесінде орындалады. Эсіресе ікроско пәнінен орындалатын жүмыстар көп. Бағ-дарламаның әрбіртақырыбына сай жүмыстарды беруге болады. Мысалы: түқым, жапырақ, тамыр сабақ тақырыптарында. 7—ші класта өсімдіктердің неіізі топтары тақы-рыбында споралы өсімдкетерді өсіру сабақтан тыс орын­далады жоне бақыланады.

Ал гүлді өсімдіктерден—биологиялық ерекшеліктерін бақылайды. Жануартанудан сабақтан тыс орындалатын жүмыстар өте көп. Тірі табиғат мүйісінде, қарапайымдыларды ікроскоп арқыыл зерттейді. Ішек—қуыстылар тақырыбында гидраның қоректенуін, қозғалуын, бүршіктенуін, тітіркенуін бақылайды. Жауын қүртын, моллюскаларды зертейді. Ал адам және оның денсаулығы іюнінен тірі табиғат мүйісінде жасайтын жүмыстар аз.

Үш түрлі жүмыстар түрінде өтіледі:

1. Жануарларда шарты рефлекстің пайда болуы, экология—физиологиялық тәжірибелер қою. Температурада, жарық, қорек, гормондардыц жануарлар организміне әсері.

2. Эргографпен жүмыс істоу, дипамотрмен, пульсті санау, адамның қан—қысымым олшеу т.б.

3. Микроскошісн жүмыс т.б.

Шартты рефлексі калмптастмру жүмі.іс іарытірі табиғат мүшесінде балықтармен, қүстармен, су шо-шқасымен жүргізіледі. Жалпы биологиядан сабақтан тыс орындалатын жүмыстар өсімдік, жануар объектілерімен жасалады. Оның мақсаты органикалық тіршіліктің заңдылықтарын көрін бақылау; мынадай тожірибелері берілсді.



  1. Картоптыц өсуіне күн сәулесінің әсері.

  2. Электр сәулесінің картоптың өркендерінің өсуіне әсері.

  3. Традесканцияның суда өсуі.

  4. Қытай примуласьгаың күлтелеріне жоғары температураның әсері.

  5. Дрозфиланың будандауы т.б.

Организмдердің әртүрлі ортаға бейімделуін, бөлме өсімдіктерінен айқын байқауға болады. Кактустар, лигуструмдар, папирустар, аспидистралар, пеларгония, традескансия, бегония т.б. бөлме өсімдіктері.
Бақылау сұрақтары:

1.Жануарлармен жүргізілетін тәжірибелер?

2.Тәнтану пәнінен сабақтан тыс орындалатын жұмыстар?


11 - тақырып. Биологияның оқу жұмысын ұйымдастыру формалары.



Жоспары :


  1. Тәнтану пәнінде пәншілік және пәнаралық байланыстарды қалыптастыру.

  2. Тәнтәну пәні сабақтарында жеке бұлшықеттердің қызметін оқыту


Лекция мақсаты: Тәнтану пәнінде пәншілік және пәнаралық байланыстарды қалыптастыруды үйрену.
Лекцияның мәтіні: Тәнтану пәнінде пәншілік және пәнаралық байланыстарды қалыптастыру. Мектеп биологиясының физикамен, химииямен байланысын әсіресе тәнтану курсында байқалады. Бірақ физика мен химия пәндерінің бағдарламасы көбіне оқушыларды биология пәнінің бағдарламасына сай қажетті білімдермен қамтамасыз етпейді. Тоғызыншы сынып физикасында «Оптика» және «Акустика» бөлімдері өтілмейді. Олар әсіресе көру және есту физиологиясын откенде қажет. «Асқорту», «зат алмасу» тақырыптары бойынша органикалық заттар туралы мәлімет химиялық білімді қажет етеді (аминоқышқылдар, зәрқышқылдары, майқышқылдары, глицерин, глюкоза), бірақ тоғызыншы сынып химиясында бұл мәліметтер жоқ. Мұндай жағдайға қарамастан мұғалім алтыншы сыныптан бастап оқушыларға өсімдіктерді химиялық құрамын, жасыл өсімдіктердің жарықта өсімдіктердің жарықта көмірсуларды түзуі және тағы басқа физиологиялық процестерді түсіндіре отырып химиялық білім береді. Сондай – ақ тәнтәну пәні денешынықтыру пәнімен тығыз байланыста. Олар адамның қаңқасы, бұлшықеті туралы түсінікті тәнтану пәнінен алады, денешынықтырумен, спортпен айналасуына көптеген мүмкіндік туады. Тәнтәну пәні сабақтарында жеке бұлшықеттердің қызметін оқыту әртүрлі гимназтикалық жаттығулар жасағанда бұлшықеттердің қозғалысының қалыптасуының анализі болып табылады. «Қан айналым» тақырыбы бойынша жұмыс істейтін ағзаға қанның құйылуы, оның әрекетсіздігінен қанайналымның жеткіліксіздігі физиологиялық негізінде еңбек етумен айналысуда білімді талап етеді. Жаттығу кезінде алуан түрлі қозғалыстар жасалу тиіс. Жүрек жұмысының реттелуі және жүрек жұмысына физикалық күштің әсері гимнастикалық жаттығулар жасағанда, мектеп алаңында еңбек еткенде тамыр лүпілін бақылағанда жақсы көрінеді.

« Тыныс алу» және «Тері» тақырыптарын өткенде, гимнастикалық жаттығулар жасағанда, жеке бақылау кезінде тәнтәну пәнінің денешынықтырумен үлесімді байланысын көруге болады. Тәнтану сабақтарында оқушылар денешынықтыруда және спортта қажетті күрделі ғылыми физиологиялық анықтамаларды бойына сіңіреді. Әсіресе, жүйке жүйесінің байланыстылығы өте үлкен мағана береді. Ой еңбегінен кейінгі белсенді демалыс, әртүрлі еңбектің түрлерін спортпен айналысу кезінде жақсы байқалады. Оқушылардың тепе-теңдік органы және бұлшы қет сезімдері туралы алғаш білімдері практика жүзінде снарядтық жаттығулар жасағанда қозғалыс координациясы болып табылады.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет