№ исх: 366 от: 29. 03. 2012 Қазақстан Республикасы



бет1/2
Дата31.01.2018
өлшемі0,5 Mb.
#36970
  1   2



исх: 366 от: 29.03.2012

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы « »

қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасында онкологиялық көмекті дамытудың 2012 - 2016 жылдарға арналған бағдарламасы



  1. Бағдарламаның паспорты




Бағдарламаның атауы


Қазақстан Республикасында онкологиялық көмекті дамытудың 2012 - 2016 жылдарға арналған бағдарламасы


Әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 261 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 27-тармағы







Әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі









Мақсаты

Онкологиялық аурулардан халықтың өлімін азайту жолымен қазақстандықтардың күтіліп отырған өмір сүру ұзақтығы мен сапасын арттыру







Міндеттері

  1. Ерте диагностикалау бағдарламаларын (скринингтерді) дамыту жолымен онкологиялық аурулардың профилактикасын жетілдіру

  2. Ғылыми-негізделген тиімділікпен диагностика мен емдеудің жоғары технологиялық әдістеріне қолжетімділікті арттыру

  3. Онкологиялық науқастарға оңалту және паллиативтік көмектің қазіргі заманғы жүйесін құру




Іске асыру мерзімі

2012 – 2016 жылдар

Нысаналы индикаторлар

Онкологиялық патологиядан өлімді

2014 жылы – 100 мың халыққа шаққанда 97,2-ге дейін, 2016 жылы – 100 мың халыққа шаққанда 95,5-ке дейін азайту;

І-ІІ сатыда анықталған қатерлі ісіктердің үлес салмағын 2014 жылы – 51,5%-ға дейін, 2016 жылы – 53,5%-ға дейін ұлғайту;

қатерлі ісіктермен ауыратын науқастардың 5 жыл өмір сүруінің үлес салмағын 2014 жылы – 52,0%-ға дейін, 2016 жылы – 52,5%-ға дейін ұлғайту









Қаржылдандыру көздері мен көлемдері

Қазақстан Республикасында онкологиялық көмекті дамыту бағдарламасын іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты бағытталатын болады. Бағдарламаны іске асыруға арналған жалпы шығындар 178 592 369,0 мың теңгені, оның ішінде республикалық бюджет қаражатынан 178 544 369,0 мың теңгені, жергілікті бюджеттердің қаражатынан 48 000,0 мың теңгені құрайды.

 


Жылдар бойынша

Барлығы

(мың теңге)



Республикалық бюджет

(мың теңге)



Жергілікті бюджет

(мың теңге)



Өзге де көздер (мың теңге)

2012 ж.

10 865 225,0

10 817 225,0

48 000,0




2013 ж.

51 097 199,0

51 097 199,0







2014 ж.

56 080 946,0

56 080 946,0







2015 ж.

42 213 563,0

42 213 563,0







2016 ж.

18 335 436,0

18 335 436,0







Жиыны

178 592 369,0

178 544 369,0

48 000,0




 

 2012 – 2016 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет қаражатының есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығыстардың көлемдері Республикалық бюджет комиссиясының 2012 жылғы 18 ақпандағы № 5 шешіміне сәйкес көзделген және тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалатын (нақтыланатын) болады.






  1. Кіріспе

Қазақстан Республикасында онкологиялық көмекті дамытудың 2012 – 2016 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 261 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 27-тармағына сәйкес әзірленді.

Бағдарламаны әзірлеу Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) көрсетілген денсаулық сақтау жүйесін дамытудың мемлекеттік саясатының дәйекті жалғасы болып табылады.



  1. Ағымдағы жағдайды талдау

1. Онкологиялық көмектің ағымдағы жағдайын бағалау


Бүкіл әлемде, ең алдымен елдің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатының өсуіне байланысты инфекциялық емес созылмалы аурулардан сырқаттанушылықтың өсуі, өмір сүру ұзақтығының ұлғаюы, мүгедектік пен кенеттен қайтыс болудың негізгі себебі болып табылатын, өмір сүру ұзақтығының көрсеткішіне елеулі әсер ететін онкологиялық ауруларды анықтауға бағытталған профилактикалық іс-шараларды жүргізу байқалуда.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (бұдан әрі – ДДҰ) деректері бойынша жүрек-қан тамырлық және онкологиялық аурулар жиынтығында Еуропалық өңірде 71% өлім жағдайының себебі болып табылған. ДДҰ болжамы бойынша 2020 жылға дейін қатерлі ісіктен сырқаттанушылық пен өлім бүкіл әлемде 1,5-2 есе ұлғаяды. Халықтың әл-ауқатының және өмір сүру ұзақтығының өсуін, қатерлі ісіктерді ерте диагностикалау бағдарламаларының енгізілуін ескере отырып, обырдан сырқаттанушылықтың өсуінің ұқсас үрдісі Қазақстан Республикасына да тән. ДДҰ зерттеулеріне сәйкес әлемде онкологиялық аурулардың өсуі негізінен өкпе обырына, ерлердегі колоректальдық обырға, сондай-ақ әйелдердегі сүт безі обыры мен жатыр мойны обырына байланысты болады.

Қазақстанда онкологиялық аурулардан өлім халық өлімінің құрылымында екінші орынды алады. Жыл сайын обырдан шамамен 17000 адам, оның ішінде 42% еңбекке қабілетті жастағы тұлғалар қайтыс болады.

Соңғы бес жылдың ішінде республикада қатерлі ісіктерден сырқаттанушылардың абсолюттік саны ұлғайды: егер 2006 жылы 28573 сырқаттанушы болса, 2011 жылдың аяғында олардың саны 30299 дейін ұлғайды. Қатерлі ісіктермен ауыратын науқастар санының жыл сайын өсуі 5%-ды құрайды. Соңғы бес жылдың ішінде қатерлі ісіктерден өлім көрсеткіші 2006 жылғы 100 мың халыққа шаққандағы 113,7-ден 2011 жылғы 100 мың халыққа шаққандағы 101,6-ға дейін 11,9%-ға төмендеді. Өлім көрсеткішінің азаюы, бірінші кезекте, қатерлі ісіктерді ерте сатыларда диагностикалауды жақсартуға және емдеу нәтижелерінің тиімділігіне байланысты. Сонда да, бұл көрсеткіш әліде де болса дамыған елдердің көрсеткіштеріне жетпейді, өйткені обырдың кеш сатыларында өлімді болдырмау мүлдем мүмкін емес және болу қаупі әлі де жоғары.

Республикада 2011 жылы барынша жиі кездесетін қатерлі ісктер сүт безі обыры (11,6%), өкпе обыры (11,4%), тері обыры (10,7%), одан кейін – асқазан обыры (8,8%), жатыр мойны обыры (4,8%), өңеш обыры (4,4%), гемобластоздар обыры (4,4%), тоқішек обыры (4,4%) мен тік ішек обыры (4,1%) болды.

Бұл ретте, ерлердің арасындағы сырқаттанушылық құрылымында алдыңғы орынды кеңірдек, бронхтар, өкпе (20,4%), асқазан (12,0%), тері (9,6%), ісіктері алады, одан кейін қуықасты безі (6%), өңеш (5,3%), гемобластоздар (4,9%), тік ішек (4,6%), тоқішек ішек (4,1%), қуық (3,7%) ісіктері алады.

Әйелдер арасында обырдың таралушылығы бойынша бірінші орынға сүт безі ісіктері (21,4%), одан кейін тері ісіктері (11,6%), жатыр мойны (8,8%), асқазан (6,2%), аналық бездер (5,7%), жатыр денесі (5,5%), тоқішек (4,6%) ісіктері, гемобластоздар (3,9%), өкпе обыры (3,9%) тиісті. Жас адамдардың қатерлі ісіктермен сырқаттанушылығы проблема болып отыр.

Бірнеше жыл бойы қатерлі ісіктерден сырқаттанушылық пен қайтыс болудан Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары алдыңғы орынды алып отыр.

Жыл сайын біздің елімізде қатерлі ісіктермен 15 жасқа дейінгі 350-400 бала ауырады. 2011 жылдың аяғына есепте онкологиялық ұйымдарда қатерлі ісік диагнозымен 1289 бала есепте тұрды. Обыр бойынша есепте тұрған балалардың барынша көп саны Оңтүстік Қазақстан (208), Алматы (142), Қызылорда (107), Қарағанды (101), Шығыс Қазақстан (98) облыстарында, Алматы (111) және Астана қалаларында (80) тіркелді.

5 жастан асқан балалардың өлім құрылымында қатерлі ісіктер алдыңғы орынды алады. Балалардың арасында обырдан сырқаттанушылық құрылымында лимфалық және қан өндіру жүйесі, орталық нерв жүйесі, сүйектер мен жұмсақ тіндер ісіктері асып түседі. Қазіргі таңда елде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» (бұдан әрі – ҚазОРҒЗИ) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны базасында онкологиялық патологиясы бар балаларды емдеу үшін жалғыз балалар бөлімшесі бар. 2011 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны базасында балалардың жұлынын трансплантациялау бөлімшесі ашылды, мұнда 2012 жылы балаларға 8 жұлын трансплантациялау жүргізу жоспарланды. Балаларға онкологиялық көмекті дамыту өзіне жұлынды трансплантациялауды, жоғары дозадағы химиялық терапияны, конформдық және протондық терапияны және инновациялық емдеудің басқа түрлерін қамтитын, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін емдеудің жаңа қазіргі заманғы әдістерін енгізуді талап етеді.

Қазақстанда кездесетін онкологиялық аурулардың басым бөлігі (сүт безі, тері, жатыр мойны, өңеш, асқазан, бауыр, тоқ және тік ішектердің, қуықасты бездерінің ісіктері) скринингтік бағдарламаларды жүргізу арқылы ерте сатыларда диагностикаланатын болады. Тиісінше, осы орындағы ісіктерден өлімді азайту онкологиялық аурулардан жалпы өлімді азайту үшін резерв бола алады.

Алайда қазіргі уақытта республикада скринингтік бағдарламалар тек көзге көрінетін жерлердегі обырларды – сүт безін, жатыр мойнын және колоректальдық обырды анықтауға арналған және басқа орындардағы обырды ерте анықтауды қамтымайды.

Обырды бастапқы профилактикалау мүмкіндігі жеткіліксіз пайдаланылады. Мысалы, жатыр мойны обыры профилактикасының нәтижелі әдістерінің бірі жатыр мойны обырының анықталған диагнозымен 99,7% жағдайда анықталатын адам папилломасы (HPV) вирусына қарсы вакцинация болып табылады, алайда Қазақстанда бұл әдіс қолданылмайды.

Онкологиялық ауруларды уақтылы және ерте диагностикалау емдеу нәтижесін айтарлықтай жақсартуға және науқастардың өмір сүруін арттыруға мүмкіндік береді. Осылайша, І сатыдағы сүт безі обырын анықтау емдеуге арналған қаржы шығыстарын 200 еседен астам қысқартуға және 5 жыл өмір сүруді жалпы екі есе (90-95%-ға дейін) арттыруға мүмкіндік береді.

Онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің қазіргі заманғы технологияларын пайдаланудың жеткіліксіз деңгейі соңғы 3 жылдың ішінде науқастардың 5 жыл өмір сүру көрсеткішінің 50,2%-дан (2009 жыл) 51,4%-ға (2011 жыл) дейін аздап өсуіне ықпал етті. Бұл ретте 5 жыл өмір сүрудің ең төменгі көрсеткіші бауыр, ұйқы безі және өкпе обыры кезінде байқалады. 5 жыл өмір сүрудің салыстырмалы төмен көрсеткіші онкологиялық аурулармен ауыратын 46% науқас анықталып, асқынған сатыларда (III-IV сатыларда) емделуді бастайды.

Әртүрлі орындағы қатерлі ісіктері бар науқастардың 5 жыл өмір сүру көрсеткіші (%, Еуропалық онкологтар қоғамы, 2009 жыл)




Обыр нысаны

АҚШ

Еуропа

Қазақстан

Колоректальдық обыр

66

56

42

Тері меланомасы

92

86

57

Сүт безі обыры

90

79

49

Қуықасты обыры

99

78

23

Бүйрек обыры

63

56

38

Неходжкин лимфомасы

62

55

55

Жыл сайын Қазақстанда шамамен бас пен мойынның ісікпен зақымдануының 1700 жағдайы және басым бөлігін ауруының таралушылығы III-IV сатыларға сәйкес келетін пациенттер құрайтын тірек-қимыл аппараты ісіктерінің 600 жағдайы анықталады. Сырқаттанушылықтың салыстырмалы төмен деңгейіне қарамастан осы орындардағы обырды емдеу – бұл, әдетте, мүгедектікке және пациенттердің өмір сапасын айтарлықтай нашарлатуға әкелетін зақымдаушы операциялар болып табылады.

Республикада енгізіліп жатқан Ұлттық скринигтік бағдарлама қатерлі ісіктерді ерте сатыларда диагностикалауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, халықаралық тәжірибе түпкілікті емдеу мен ерте сатыда (80% дейін) анықталған онкологиялық науқастардың 5 жыл өмір сүруін арттыру тек мынадай (қазіргі таңда Қазақстанда жоқ) жоғары технологиялық емдеу әдістерін қолдана отырып, кешенде мүмкін болады:

протондық терапия, радионуклидік диагностика және терапия, қашықтықтағы сәулелік терапия (гамма пышақ, киберпышақ, томотерапия, верожүйелер, стереотаксис, конформдық терапия), интраоперациялық сәулелік терапия, тік ПЭТ, ағзалалар мен тіндердің биотрансплантациясы, аз инвазивтік хирургия;

клиникалық практикада әртүрлі биологиялық маркерлерді – онкогендерді, эстрогендер мен прогестеронның рецепторларын, апоптоз маркерлерін, өсу факторларының рецепторларын және басқаларды пайдалану. Барлық осы факторларды анықтау қатерлі ісіктердің молекулалық-биологиялық ерекшеліктерін барынша егжей-тегжейлі зерделеуге мүмкіндік береді. Бұл ісіктерді саралау дәрежелерін, оның жүргізілген терапияға сезімталдығын ескере отырып, ем жүргізуге және әрбір нақты жағдайда аурудың ағымына әсер етуге және болжамдауға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде онкологиялық диспансерлерді қазіргі заманғы медициналық жабдықтармен жарақтандыру және обырды диагностикалау мен емдеудің жаңа технологияларын енгізу жөніндегі алғашқы қадамдар қабылданған болатын. Қазіргі таңда көптеген онкологиялық диспансерлерде қазіргі заманғы гамма терапиялық аппараттар қойылды, ал Астананың, Оралдың, Қарағандының, Өскеменнің онкодиспансерлерінде, сондай-ақ ҚазОРҒЗИ-да сызықтық жылдамдатқыштар қойылған.

Келесі кезең онкологиялық науқастарға жоғары технологиялық сәулелік терапияны енгізу болуы тиіс, бұл онкологиялық ұйымдарды соңғы үлгідегі сызықтық жылдамдатқыштармен, оның ішінде қолданыстағыларды жаңарту арқылы жарақтандыруды талап етеді. Бұл технология онкологиялық ұйымдарды өңірлендіру қағидатын және онкологиялық көмек көрсету кезеңділігін ескере отырып, жылына онкологиялық аурулардан зардап шегетін шамамен 3000 пациенттің өмірін ұзартуға және өміп сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Республикада дамудың бастапқы кезеңінде енгізу жылына шамамен 1500 өмірді сақтап қалуға мүмкіндік беретін тінішілік сәулелік терапия (брахитерапия) бар. Сондай-ақ, жабдықтың болмауына байланысты кейбір жерлерді (сүт безі, асқазан обыры, колоректальдық обыр) емдеу нәтижелерін жақсартуға мүмкіндік беретін интраоперациялық сәулелік терапия сияқты емдеу әдісі қолданылмайды.

Ядролық медицина (бұдан әрі – ЯМ) – ауруларды диагностикалау мен емдеу үшін радиофармацевтикалық препараттар (бұдан әрі – РФП) пайдаланылатын қазіргі заманғы медицинаның бағыты. Диагностикалық тиімділік, ең төменгі сәулелік жүктеме, зерттеудің қарапайымдылығы мен шектеусіздігі осы әдістерді стационарлық және амбулаториялық жағдайлар сияқты медицинаның барлық саласында кеңінен қолдануға мүмкіндік береді. Алайда республикада онкологиялық көмек элементтерінің бірі ретіндегі ЯМ (жабдықтар, кадр ресурстары және басқалар) жоқ. 2009 жылғы 18-19 маусымда Шығыс Қазақстан облысына барған сапары барысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасын орындау үшін Семей қаласында өңірлік онкологиялық диспансердің базасында радиологиялық кластер құрылады, оның құрылымында дайын РФП өндіру үшін позитрондық-эмиссиялық томографияны қолдана отырып, ядролық медицина бөлімшесін құру жоспарланып отыр.

Радионуклидтік диагностика, бірфотонды эмиссиялық компьютерлік томография (бұдан әрі – БФЭКТ), позитрондық-эмиссиялық томография (бұдан әрі – ПЭТ) – қалыпты және ісікті жасушалардың әртүрлі метаболизмін (ісіктердің мөлшерін емес) анықтауға негізделген диагностика мен емдеу әдістері, бұл қандай да бір анатомиялық өзгерістер болмаған жағдайда қатерлі болу белгілерін анықтауға мүмкіндік береді. Қазақстанда тек Астана қаласында ғана 1 ПЭТ аппараты бар, бұл республиканың бүкіл қажеттілігін қамтамасыз ете алмайды. Халықаралық деректер бойынша 1,5 млн. халыққа 1 ПЭТ-орталық құрылады.

Радионуклидтік диагностика мен радионуклидтік терапияны пайдалану қалқанша және қуықасты безінің обырын емдеу нәтижесін жоғарылатуға және 5 жыл өмір сүруді 90%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, радионуклидтік терапия сүйектердегі және ішкі органдардағы метастатикалық зақымданумен ауыратын науқастарды сәтті емдеуге мүмкіндік береді.

Көп жағдайда онкологиялық ауруларды емдеу сәттілігі радиохирургияның қазіргі заманғы әдістерін енгізумен анықталады, алайда қазіргі таңда республикалық клиниканы қоса алғанда, республикада бірде бір онкологиялық клиника жоғары технологиялық жабдықтардың болмауына байланысты мұндай әдісті қолданбайды.

Дамыған елдерде онкологиялық науқастарды аз инвазивтік диагностикалау мен емдеу кеңінен тарады. Бұл бағытты дамытуға ерте диагностикалау ықпал етті. Республикада эндобейнескопиялық операциялар жүргізу үшін онкологиялық ұйымдарда жабдықтардың, үйретуші симуляциялық орталықтардың және робототехникалардың болмауына байланысты диагностика мен емдеудің аз инвазивтік әдістері мүлдем пайдаланылмайды. Пациенттердің мүгедек болуына әкелетін кеңейтілген ағзаны зақымдайтын операциялар санының көптігі соның салдары болып табылады.

Онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету соңғы 10 жылда 800 млн. теңгеден (2002 жыл) 13,7 млрд. теңгеге дейін (2012 жыл) 17 есе ұлғайды. Дәрілік заттардың атауы 2,5 еседен астам ұлғайды. Қазіргі таңда онкологиялық науқастардың дәрілік препараттармен қамтамасыз етілуі қажеттіліктің 70%-ын құрайды. Қатерлі ісіктердің дәрілік терапиясының ерекшелігі емдеу ұзақтығы мен үздіксіздігі болып табылады, бұл дәрі-дәрмектерді стационарда пайдалануды және емдеуді амбулаториялық жағдайда жалғастыруды көздейді. Емдеудің тағы да бір ерекшелігі «таргеттік» деп аталатын тек ісік жасушаларына әсер ететін препарттарды пайдалану болып табылады. «Таргеттік» препараттармен қамтамасыз ету стационарлық деңгейде қажеттіліктің 40%-ын құрайды, ал амбулаториялық деңгейде қазіргі уақытқа дейін бұл препараттармен тек бірлі жарым жағдайлар ғана қамтамасыз етілді, бұл қымбат тұратын емдеу сабақтастығының бұзылуына және тиімділігінің төмендеуіне әкелді. 2012 жылдан бастап пациенттер республикалық бюджет қаражатының есебінен «таргеттік» препараттармен қамтамасыз етіледі.

Ерте диагностикалау мен емдеудің қазіргі заманғы әдістерін жеткіліксіз пайдаланудың, онкологиялық көмекке қолжетімділіктің жеткіліксіздігінің салдарынан қазіргі таңда қатерлі ісіктермен ауыратын науқастардың тек 51-52% ғана мамандандырылған ем алады.

Республика халқының онкологиялық көмекке қол жеткізуі әлі де қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келмейді. 2011 жылдың қорытындысы бойынша республиканың бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында 279 онкологиялық кабинет жұмыс істейді, бұл нормативтің бар болғаны 84%-ын құрайды. Кадрлар тапшылығы сақталуда, аудандық онкологтардың тек 48%-ы (126 маман) негізгі қызметкерлер болып табылады, қалған дәрігерлер – қоса атқару бойынша жұмыс істейтін басқа бейін мамандары болып табылады.

Онкологиялық бейінді денсаулық сақтау ұйымдарының төсектік қоры белгіленген нормативтерге сәйкес келмейді (10000 халыққа шаққанда 2,5 төсек). 2012 жылғы 1 қаңтарға онкологиялық бейіндегі төсектердің саны қажетті 4130 төсек санының орнына 2996-ны құрады. Қазақстанда онкологиялық науқастарға паллиативтік көмек қызметі қалыптасу сатысында. Республикада қазіргі таңда 6 хоспис жұмыс істейді, олардың ішінде Алматы қаласындағы паллиативтік көмектің қалалық орталығы ғана мемлекеттік меншік нысанында. Онкологиялық науқастарға оңалту көмегін көрсету дамымаған.





  1. Әлсіз және күшті жақтарын, мүмкіндіктер мен қауіптерді талдау

Жүргізілген талдау бірқатар негізгі қиындықтарды анықтауға және Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек ұсыну жүйесіндегі проблемаларды шешу жолдарын белгілеуге мүмкіндік берді.

Әлсіз жақтары:

онкологиялық науқастардың профилактикасы, диагностикасы, емдеу және оңалту бойынша қазіргі заманғы клиникалық нұсқаулықтарды/хаттамаларды пайдаланудың жеткіліксіз деңгейі;

балалардың сүйек кемігін трансплантациялауды қоса алғанда, қатерлі ісіктерді диагностикалау мен емдеудің инновациялық технологияларын енгізудің төмен деңгейі;

онкологиялық ауруларды ерте диагностикалау мен емдеу мәселелерінде (радионуклидтік диагностика мен терапия, ЯМ, аз инвазивтік технологиялар, брахитерапия және басқалар) даярланған медицина қызметкерлерінің және оларды даярлау үшін базаның мүлдем жетіспеушілігі;

ЯМ саласындағы мамандардың (медициналық физиктер, медициналық химиктер, инженерлер) жетіспеушілігі және оларды даярлау үшін базаның болмауы;

онкологиялық ұйымдардың материалдық-техникалық базасының жетіспеушілігі, онкологиялық диспансерлердің бейімделген ғимараттарға орналасуы;

онкологиялық ұйымдардың төсек қорының белгіленген нормативтерге сәйкессіздігі;

онкологиялық, маммологиялық және проктологиялық кабинеттер санының белгіленген нормативтерге сәйкессіздігі;

қатерлі ісіктермен ауыратын науқастарға паллиативтік және оңалту көмегі жүйесінің болмауы;

онкологиялық науқастарға медициналық-әлеуметтік-психологиялық көмектің ықпалдастырылған қызметінің болмауы.

Күшті жақтары:

қатерлі ісіктерді ерте диагностикалау бойынша ұлттық скринингтік бағдарламаларды жүргізудің оң тәжірибесі;

мамандандырылған онкологиялық көмектің – аудандық (бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарындағы онкологиялық кабинеттер), өңірлік (облыстық және қалалық онкодиспансерлер) деңгейлерден республикалық деңгейге (ҚазОРҒЗИ) дейін иерархиялық құрылған желісінің болуы

республикалық бюджет қаражатының есебінен қатерлі ісіктерді емдеу және онкологиялық бейін ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыру үшін орталықтандырылған дәрілік қамтамасыз ету.

Мүмкіндіктер:

пациенттің онкологиялық стационарларды еркін таңдауы және шетелден пациенттерді тарту есебінен ұсынылатын қызметтердің сапасын жақсарту;

шетелден қазіргі заманғы технологиялар трансферін жүзеге асыру және «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының, «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамы клиникаларының, ҚазОРҒЗИ базасында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу;

әлеуметтік маңызы бар ауру болып табылатын обырдың профилактикасы мен емдеуін басымдықты бюджеттік қаржыландыру;

халықтың хабардар болуын жоғарылату және мінез-құлқын өзгерту есебінен қатерлі ісіктерді ерте диагностикалауды жақсарту;

сектораралық өзара іс-қимылды күшейтудің есебінен қатерлі ісіктерден болатын өлімді азайту;

РФП өндіру үшін меншікті техникалық базаның және мамандардың болуы, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің «Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ядролық физика институтының Ядролық медицина мен биофизика орталығын құру бойынша іске асырылатын жобасы.

Қауіптер:

межеленген міндеттерді іске асыру үшін жоспарланған іс-шараларды қаржыландыруға әлемдік қаржы дағдарысының әсері;

қатерлі ісіктердің өсуіне әкелуі мүмкін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауы.




  1. Қазіргі проблемалар

Ерте диагностикалаудың және халықтың онкологиядан сақтануының қазіргі заманғы технологияларының және дәрігерлердің жетіспеушілігіне байланысты қатерлі ісікпен ауыратын науқастардың тек 46% ісік үдерісінің ерте сатыларында (I – II сатылар) анықталады. Бұл пациенттердің арасында анықтау диагностиканың қымбат тұратын әдістерін қолдануды талап етпейтін көзге көрінетін жерлердегі ісіктердің деңгейі жоғары. Обырдың осындай нысандарын анықтау сәттілігі бірінші кезекте онкологиялық сақтыққа және медицина қызметкері мен пациенттің білім деңгейіне, олардың онкологиялық аурулардың даму қаупіне қатысты мінез-құлқының өзгеруіне байланысты болады.

Медицина қызметкерлері үшін қатерлі ісіктерді ерте анықтау жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу, пациенттерді ақпараттандыруды жақсарту жөніндегі жобалар жалпы халықтың онкологиялық аурулар бойынша сақтану шараларының артуына мүмкіндік берді. Қатерлі ісіктерді ерте диагностикалаудың перспективалық бағыттарының бірі негізгі орындарда орналасқан обырды ерте анықтау бойынша скринингтік бағдарламалар спектрін кеңейту болып табылады.

Онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің инновациялық, жоғары технологиялық әдістеріне қолжетімсіздік Қазақстанда онкологиялық пациенттерді радикалдық емдеу мүмкіндіктерін шектеп, олардың көпшілігін шетелдік клиникаларға жүгінуге мәжбүрлейді.

Қазіргі таңда республикада диагностикалау мен емдеудің протондық терапия, радионуклидтік диагностика мен терапия, тік ПЭТ, ағзалар мен тіндерді биотрансплантациялау, аз инвазивтік хирургия, гамма- және киберпышақ түріндегі сәулелік терапия, томотерапия, верожүйелер, стереотаксис, интраоперациялық сәулелік терапия сияқты жоғары технологиялық әдістері жоқ.

Жаңа жетістіктерді ескере отырып, қатерлі ісіктерді диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамаларын жетілдіру, Онкология ұлттық ғылыми орталығын құрып, оған қатерлі ісіктерді диагностикалау мен емдеудің бірегей әлемдік технологияларын шоғырландыру, шетелден жаңа технологиялар трансферті, оларды кейіннен өңірлік онкологиялық ұйымдарға трансферттеу, ядролық медицина орталықтары мен радиациялық онкологияның өңірлік жоғары технологиялық орталықтарын құру онкологиялық пациенттерге диагностика мен емдеудің инновациялық әдістеріне қол жетімділікті арттырады.

Онкологиялық және амбулаториялық-емханалық ұйымдардың материалдық-техникалық базасының жеткіліксіздігі обырдың көп орналасуын ерте диагностикалауды жүргізуге мүмкіндік бермейді. Бүкіл онкологиялық ұйымдарда цифрлық маммографтар жоқ, компьютерлік томографтар, БФЭКТ және басқа да рентгенодиагностикалық жабдықтар жеткіліксіз. Эндоскопиялық, ультрадыбыстық жабдықтар жаңартуды талап етеді. Цитологиялық зертханаларды сүртінділерді бояу үшін автоматтармен, сұйықтық цитология үшін аппараттармен толық жиынтықтау, сондай-ақ иммундық-гистохимиялық диагностика жүйесін құру қажет.

Медициналық көмек көрсетудің әртүрлі деңгейлерінде қатерлі ісіктермен ауыратын науқастарға орындалатын диагностикалық зерттеулердің жыл сайын ұлғайып келе жатқан көлемі, сондай-ақ аурудың бірнеше жылғы даму серпініне талдау жүргізу қажеттілігі медициналық ақпаратты сақтау мен өңдеудің электрондық орталықтарын құруды талап етеді.

Білікті медицина кадрларының тапшылығы медициналық көмек көрсету қолжетімділігі мен сапасына әсер етеді, сондай-ақ қатерлі ісіктерді емдеу мен диагностикалауда жаңа технологиялардың трансфертін қиындатады.

Онкологияда технологияның қарқынды өсуі медицина қызметкерлерінің білімін ұдайы жетілдіруді және жаңартуды талап етеді. Білім мен дағдылардың әлемдік практикадан «артта қалуынан» басқа білікті медициналық емес кадрлардың – жаңа жабдықтармен жұмыс істеу кезінде қажетті физиктердің, химиктердің, инженерлердің болмауына байланысты проблема қиындай түсуде. Бұл проблемалардың барлығы кадрларды онкологиялық қызметке тартудың және бекітудің, оқу үдерісін ұйымдастыруға, оған ұлттық және шетелдік жетекші клиникалар мен ғылыми орталықтардың мамандарын тартудың, оның ішінде халықаралық ұйымдардың ықпал етуімен жаңа тәсілдерді енгізудің қажеттілігін айғақтайды.

Қазіргі таңда елде онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарға паллиативтік көмегі мен оңалту дамымаған. Қазіргі уақытқа дейін денсаулық сақтау саласында онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалту қалпына келтіру емімен шектеледі. Психологиялық және әлеуметтік аспектілер жеткіліксіз және медициналық іс-шаралардан тыс шешіледі.

Сонымен бірге, паллиативтік көмек пен оңалту қатерлі ісіктермен ауыратын науқастарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсетудің маңызды элементі болып табылады.

Республиканың тек 6 өңірінде мұқтаж науқастардың аз санына (5%) ғана көмек көрсететін хоспистер жұмыс істейді. Сәйкес паллиативтік және оңалту көмегінің болмауы онкологиялық науқастардың өмір сүрудің ұзақтығы мен сапасын айтарлықтай нашарлатады. Бұл проблеманы шешу үшін паллиативтік көмек пен оңалту бөлімшелерін, оның ішінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде ашу үшін мемлекеттік қолдау шараларын көздеу, сондай-ақ әлеуметтік қызметкерлер мен медициналық психологтар институтын енгізу қажет.

Онкологиялық көмекті дамытуды мемлекеттік реттеудің қазіргі кездегі саясатын талдау онкологиялық көмекті дамытудың денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызды міндеттерінің бірі болып табылатындығының дәлелі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік бағдарламада, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 183 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында онкологиялық қызметті дамыту жөніндегі бірқатар іс-шаралар көзделген.

Қазіргі уақытта мемлекет әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын пациенттерге толық қолдау көрсетеді. Қатерлі ісіктермен ауыратын науқастарға шетелдік клиникаларда медициналық қызметтерді ұсынуды да қамтитын медициналық көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде көрсетіледі. Отандық клиникаларда онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің жоғары технологиялық әдістерінің жоқтығы пациенттерді жеке қаржысының және республикалық бюджет қаражатының есебінен шетелде емделуге баруға мәжбүрлейді. Мемлекет онкопатологиясы бар бір науқасты шетелде емдеуге орта есеппен 150000-нан 250000 шартты бірлікке дейін жұмсайды.

Онкологиялық ұйымдарды жарақтандырудың ең төменгі стандарттары, онкологиялық ұйымдар желілерінің мемлекеттік нормативі белгіленген. Зертханалық диагностика жүргізу қағидасы, онкологиялық бейінді денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің қағидасы, клиникалық алгоритмдер, хаттамалар мен нұсқаулықтар әзірленді.

Осылайша, мемлекеттік саясат бәріне қолжетімді үйлестірілген, ықпалдастырылған, кешенді және үздіксіз көмек ретінде анықталған пациентке бағдарланған онкологиялық көмектің қазіргі заманғы үлгісін қалыптастыруға алғышарттарды құрды.
4. Оң халықаралық тәжірибеге шолу
ДДҰ деректеріне сәйкес сүт безі обырынан өлімді азайту және емдеудегі сәттілік көп жағдайда ауруларды ерте сатыда диагностикалаумен айқындалады: І сатыда 90-95% науқас 5 жыл өмір сүреді; IV сатыда– кемінде 10%. Батыс Еуропа және Солтүстік Америка елдерінде 70-80%-да аурудың І сатысын анықтау мүмкіндігіне қол жеткізілген және тиісінше 90% әйел 5 жылдан астам өмір сүреді. Маммографиялық скрининг, осылайша, сүт безі обырынан өлімді 5-7 жылдан кейін 30%-ға және скрининг басталғаннан 15-20 жылдан кейін 20%-ға азайтуға мүмкіндік берді.

Жатыр мойны обырын және обыр алды үдерістерін ерте анықтау цитологиялық скрининг енгізілген елдерде жатыр мойны обырынан сырқаттанушылық пен өлім көрінісін айтарлықтай өзгертуге мүмкіндік берді. Осылайша, Канадада цитологиялық скрининг жүргізу нәтижесінде жатыр мойны обырынан сырқаттанушылықтың 1995 жылы 20 жастан асқан 100 000 әйелге шаққандағы 28,4 жағдайдан 1980-1984 жылдары 6,3-ке дейін азайғаны белгіленген. 90-шы жылдардың басында бұл көрсеткіштер одан да көп азайды (тиісінше 80% және 75%-ға).

Германияда жасырын қанға арналған тесті пайдалана отырып, 60 мыңнан астам 47-75 жастағы пациенттерге жүргізілген скринингілік тексеру 10 жыл бойы скрининг тобында тоқішек обрынан өлімнің 18%-ға азайғанын көрсетті. Данияда 10 жылдың ішінде 153000 пациенттің арасындағы гемокульт-тестті бағалау колоректалдық обырдан өлімнің 30%-ға дейін азайғанын көрсетті.

Бірқатар зерттеулер қуықасты безінің өзіне тән антигенін скринингілік тест ретінде пайдалану саусақ әдісінің көмегімен қол жеткізілген анықтау деңгейімен салыстыру бойынша қуықасты безінің обырын анықтау дәрежесінің ұлғаюына ықпал ететіндігін көрсетті. Қазіргі уақытта қуықасты безі обырын ерте анықтаудың барынша тиімді әдістері тікішек арқылы саусақтық зерттеу комбинациясы, қуықасты безінің өзіне тән ерекшелігін анықтау және транректалдық ультрадыбыстық зерттеу болып табылады.

ДДҰ ұсынымдарына сәйкес онкологиялық науқастарға медициналық көмекті бүкіл ел аумағын қамтитын, эпидемиологиялық және экономикалық көрсеткіштерді ескере отырып, бөлінген қажетті ресурстарға ие денсаулық сақтау ұйымдарының желісі ұсынуы тиіс. Оңтайлы нұсқасы иерархиялық салынған мамандандырылған онкологиялық орталықтар желісін құру болып табылады.

2005 жылы Австралия денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету институты 2011 жылға дейінгі кезеңде Австралияда онкологиялық аурулар жиілігінің 31%-ға ұлғаю болжамын берді. Бұл болжамдар халық құрылымының үдерістеріне, созылмалы инфекциялық емес аурулардың өсуіне, семіруге, алкогольді тұтыну мен темекі шегуге негізделген болатын. Австралиядағы жұмыс істейтін CanNet (Cancer Network) біріккен ұйым желісі елдің барлық аумағын, әсіресе ауыл аудандары мен шалғай аумақтарды толық қамтыған жоқ. Медициналық көмекке қолжетімділікті жақсарту үшін құрылысы, объектілерді қайта жарақтандыру және реконструкциялау арқылы онкологиялық мекемелерді құру жоспарланған болатын. Жоба 2009 жылғы 1 қаңтардан басталды, Австралияның федералдық өкілдігі қаржыландырады және 1,3 миллиард австралиялық доллармен бағаланады.

Желі 3 деңгейден тұратын және 24 мамандандырылған онкологиялық орталықты қамтитын болады:

1-деңгей – негізінен скринингтік іс-шаралар өткізетін бастапқы медициналық-санитариялық көмек;

2-деңгей – өңірлік онкологиялық орталықтар (не жергілікті стационарлар), желінің негізгі буыны. Өңірлік орталықтар жергілікті органдармен обырдың таралуын азайту бойынша жоспарларды келісетін болады және стационарлық емдеуді көздейтін болады. Олар мемлекеттік-жеке қызметтің бірлескен желісі болып табылады. Өңірлік обыр орталықтары мен астаналық орталықтардың арасындағы байланыс обырды емдеу ісіктердің түрі мен күрделілігіне және пациенттің жеке жағдайына қарай барынша ыңғайлы жерде бұрынғыдай жүзеге асырылатындығына кепілдік береді;

3-деңгей – ықпалдастырылмаған онкологиялық орталықтар (не университеттік клиникалар) диагностиканың, емдеудің, ғылыми зерттеулер жүргізудің және мамандарды даярлаудың барынша шығынды әдістеріне тоғысады.

Айталық, АҚШ-тың Ұлттық обыр интитуты (National Cancer Institute, NCI) 1937 жылы онкология саласындағы зерттеулерге және мамандарды даярлауға жауапты АҚШ федералдық билігі агенттерінің бірі ретінде арнайы заңға сәйкес құрылған болатын. 1971 жылдан бастап АҚШ-та обырмен күрес ұлттық бағдарламасы қабылданған болатын, оның үйлестірушісі NCI болды.

Қазіргі таңда, Обырдың ұлттық бағдарламасынан басқа NCI іргелі және клиникалық зерттеулерді жүргізеді және қолдайды, клиникалық практикаға оларды енгізу үшін обырды емдеудің жаңа әдістерін бағалайды, мамандарды оқытады, ақпаратты халыққа таратады, онкологиялық орталықтардың құрылысын және олардың қызметін қолдайды.



АҚШ-та көптеген денсаулық сақтау ұйымдары көп бейінді болып табылады, жеке меншікке жатады, ал онкологиялық бейін ұйымдарының желісі орталықсыздандырылған. Мұндай жағдайда NCI обырмен күресу үшін жаңа білімді іздеуге шоғырланады.


Каталог: Dokument
Dokument -> Мектебіміздің жеңісі- біздің жеңісіміз !
Dokument -> Мұстафа қазақ елін, Орта Азия халықтарын жанындай жақсы көрді. Бірақ өмірін шет жерлерде өткізді. Әрине, ол оған оңай тимеді
Dokument -> Жауапты Жандаулетов Тобыл Тлегенович, Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы 2 Ашық практикалық сабақ
Dokument -> Сабақтың тақырыбы Сағ. саны Күні, айы Іскерлік дағдыны қалыптастыру Оқыту әдісі
Dokument -> Сабақтың тақырыбы: XVII-XVIII ғғ. Иран Сабақтың мақсаттары
Dokument -> «Құлыншақ балалар бақшасындағы» психологиялық қызметтің 2015- 2016 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспары Мақсаты
Dokument -> Сабақ 5-6 класс қазақ әдебиеті. Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Баланың бірінші жыл өмірімен рәсімдер
Dokument -> Сабақ Сынып: 7 "Б" Тақырыбы: Спорт түрлері Мұғалімі: Түменбаева Д.Қ. Сабақтың мақсаты
Dokument -> Сабақтың мақсаты: Ы. Алтынсаринің «Кел, балалар,оқылық!»
Dokument -> Тақырыбы: «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет