· Штрихтау икемділігі,түрлі түсті қарындаштармен әр түрлі сызықтарды тартуы



бет1/7
Дата26.04.2020
өлшемі27,99 Kb.
#64750
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Балалық шақ адам өміріндегі маңызды кезеңі садик


«Балалық шақ адам өміріндегі маңызды кезеңі, келешек өмірге дайындық емес, нақты, жарқыраған, ерекше, қайталанбайтын өмір.Балалық шағының өтілуінен , баланың балалық шағында қолынан жетелеген адамынан, қоршаған ортадан оның ойы мен жүрегіне не ұялатқаннан - бүгінгі бөбектеріміз қандай адам болатынын көруге болады».

(В. А. Сухомлинский)



Шығармашылық тұлғаны қалыптастыру – қазіргі кезеңдегі педагогикалық теория мен тәжірибенің маңызды мәселелерінің бірі.Оны мектепке дейін дамыту тиімді. В.А. Сухомлинский айтқандай: «Балалардың мүмкіндігі мен дарындылығының бастамалары саусақтарының ұшында. Бейнелеп айтқанда, саусақтарынан, шығармашылық ойын қоректендіретін өте жіңішке жылғалар сынды жіптер тарайды. Баланың қолында неғұрлым шеберлік көп болса, соғұрлым ол ақылды болады». Педагогтардың пайымдауы бойынша- барлық балалар дарынды. Сондықтан дарынын уақытында байқап, сезіп, тәжірибесінде, нақты өмірінде қолдануға мүмкіндік туғызу қажет. Ересектердің көмегімен көркемдік-шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, бала жаңа туындылар жасайды (сурет, жапсыру) .Қайталанбайтын туындыларды ойластыру барысында ол әрқашан заттың жасалу тәсілдерімен тәжірибе жасайды. Мектепке дейінгі жастағы бала өзінің эстетикалық дамуында қарапайым көрнекі-сезімдік әсерінен түпнұсқалық кейіптің жасалуына бейнелеу-мәнерлеу әдістері арқылы өтеді.Сондықтан оның шығармашылығының негізін қалау керек. Неғұрлым бала жақсы көрсе, естісе,күйінсе, соғұрлым қиялдау әрекеттері маңызды және нәтижелі болады.
Бірнеше жылдан бері мектепке дейінгі балалармен жұмыс барысы мен бейнелеу әрекеттері жақсы нәтижелер көрсетіп келеді:

· Штрихтау икемділігі,түрлі түсті қарындаштармен әр түрлі сызықтарды тартуы;
· Жіңішке және жуан қылқаламмен бояуды жаға білуі;

· Негізгі түстердің,бояудың реңктерін танып,оларды араластыра білуі;

· Үлгі мен дақты жұмыста қолдана білуі;

· Өз жұмыс орнын жинай білуі;




Сонымен қатар балалардың төмен қабілеттері де байқалды:
· Сабақ барысында, жауап айтқан кезде өзіне деген сенімсіздік пен бөгеліп қалушылық;

· Өздігінен бейнелеу құралдарын таңдауда,суретті параққа орналастыруда әректсіздік;

· Дәстүрлі емес бояу әрекеттерін қолдану кезіндегі жаңғалақтық;

· Бейнелеу құралдарымен тәжірибе жасау;

· Танымал сурет салу әдісінде педагогтың анық түсіндіруін күту;

· Қиялын,көркем шығармашылығын байқату;

· Суретке жеке көзқарасын жеткізу;

Психолог Ғалия Зейнуловнаның айтуынша «Сурет бала үшін өнер емес, ол тіл. Сөзбен айтып жеткізе алмағанын, сурет арқылы жеткізуге мүмкіндігі бар.Бейнелеу барысында оңтайлының бәрі екінші орынға кетеді,тыйым мен шектеулер болмайды.Бұл уақытта бала мүлдем еркін.» Дәстүрлі емес бейнелеудің жолдары өзгеше құралдар мен материалдардың байланысуын көрсетеді.Әрине,бұл техникалардың құндылығы оның жан-жақты пайдалануында. Оның жасалу тәсілдері балаларға да, ересектерге де қызықты және қолайлы.

Сондықтан да дәстүрлі емес әдістер балалар үшін тартымды,өйткені өзінің қиялын, ықыласын, ойын толық білдіруге үлкен мүмкіндіктер береді.
Үйірме барысында балаларға сурет арқылы өз ойын, сезімін, уайымын, көңіл-күйін білдіруіне шектеу қойылмайды.Түрлі тәсілдерді қолдану арқылы түрлі түсті дақтар мен сызықтардан танымал бейнені тауып, оны безендіруге мүмкіндік тудырады. Үйірме сабақтары « оқыту мен зерделеу» үлгісінде емес. Балалар бейнелеу әдістерін қоршаған ортаны қызықты түрде игереді, сурет салу процессіне ерікті түрде қатыстырылады. Сабақтар суретшінің шығармашылық процессіне сай кезеңдерден өтетін алуан түрлі материалдар арқылы педагог пен балалардың жасампаз, шығармашылық жұмысына айналады. Бұл сабақтар қиял, шығармашылық , дербестік бұлағының рөлін атқарады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет