05В010100 – «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығы үшін


Есептерді шығаруға үйретудің төртінші кезеңі



бет7/8
Дата04.05.2017
өлшемі1,26 Mb.
#15465
1   2   3   4   5   6   7   8

Есептерді шығаруға үйретудің төртінші кезеңі

Мектепке дейінгілерді есептердің шешімін табуды оқыту бінеше бір – бірімен байланысты кезеңдерінен өтеді. Соның төртінші кезеңінде балаларды тапсырмаларды есептеуге – бірліктерді есептеу және есептеп қою әдістерін үйрету.

Егер бұған дейін екінші қосылғы немесе азайТҚыш шешімін табуда 1 саны болса, енді қосылғыш пен азайТҚышты 2 және 3 санға арттыру керек. Бұл сандық мәтінді түрлендіруге және олардың арасындағы түсініктерді тереңдету, балалардың афтоматты жауабын ескеру. Алайда бұнда біркелкілікпен абайлықты сақтану керек. Алдымен балаларды бірліктерді арттыру бойынша санау және санды 2 бірлікті есептеп қою әдісі арқылы, кейін 3 санымен жалғастырылады.

Үстеп есептеу (присчитывание) – бұл тәсі, белгілі санға екінші белгілі қосындыны қосу, оны бірліктерге бөліп тізбектеп санадйы: 1:6+3=6+1+1+1=7+1+1=8+1=9.

Есептеп қою (отсчитование) – бұл тәсі, белгілі соммаға тізбектеп сан алынады (бірлікке бөлінген): 1:8-3=8-1-1-1=7-1-1=6-1=5.

Балалар қосу кезінде бірінші белгілі санд бірлік бойынша санау қажеттілік етпейді, ал екінші қосылғыншты бірлік бойынша санау керек; оның тек сандық құрамын яғни санды бірлік құрамын еске түсіру керек.

Сонымен аривметикалық амалдардың шешімін табу үшін қосу және алуды үйренуде, қарапайым жағдайларды қосу (алу) 2 және 3 санымен шектеуге болады. Екінші қосылғышты немесе азайғышты арттыру аса маңыздыоық етпейді, өйткені егер арттырса азайтудың басқандай тәсілдерін қажет етер еді. Балабақшаның міндеті балаларды арифметикалық амалдарды түсінуге және олардың арифметикалық амалдарың қосу және азайту компоненттары арасындағы қатынастарды түсіну болып табылады.

Ақырғы кезеңде балаларға есепті көрнекілі материалдарсыз құрастыруды ұсынуға болады (ауызша есептер). Мұнда балалар өздігінен тақырып, есептің сюжет» мен амалын таңдап, сол арқылы өздері шешімдерін табады. Тәрбиеші тек екінші қосылғыш пен азайғышты реттеп отырады, яғни олар 2 және 3 санынан аспау керек себебі балалар бұдан артық сандарды қосуға немесе азайтуға үйренбеген.

Ауызша есеп құрастыру кезінде оладың шаблонды болуын қадағалау керек. Есептің шарты өмір жағдайымен, тұрмыспен, ойын ситуациясымен сәйкес келу керек. Балаларды талқылауға, өз жауабын дәлелдегуге үйрету керек.

Келесіде балалар есепті шешуде бінеше бірліктерге арттыру мен азайтуға үйретеді.



Лекция №12

Мектепке дейінгі балаларда уақыт аралыға туралы түсініктерді қалыптастыру
1. Екінші сәбилер тобында тәулік бөліктерін ажыратуға және атауға үйрету

Тәулік бөліктері төртке бөлінеді. Олар: таң, түс,кеш, түн.Тәуліктің бөлінуі бір жағынан қоршаған ортада болып жатқан өзгерістермен байланысты мысалы, күннің, айдың,жұлдыздардың пайда болып жоғалуы,екінші жағынан адамдардың тәулік бөліктеріне байланысты еңбек етіп және демалуының алмасуы.Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасында екінші сәбилер тобымен таныстыру ерекшеліктері көрсетіледі.Бұл кезеңде бала төрт тәулік бөлігін сөзбен айтуды және ажырата білуді үйренеді.Балаларға қарапайым іс-әрекеттер арқылы түсіндіруге болады.Ол үшін балаларға қарапйым сұрақтар қойып әңгімеге тарту.Мысалы, балалар сендерді аналарын оятқанда балам тұр таң атты дейді.немесе балабақшада түскі ас іштіңдерме?деп айтуға болады.Балаларға картина және сөздік ойындарды қолдануға болады. « Бос орындағы сөзді тап.», Біз таңғы асты таңда ішеміз ал түскі асты ... ішеміз».



«Тәулік» ұғымын меңгеру үшін ойындарды қолдану керек.Балаларға таң, күндіз, кеш, түн ұғымдарын қалыптастыруға үйрету қажет, бұлар тәулік ұғымын меңгеру үшін қажет. Жоғарғы топтарда тәулік ұғымын қалыптастыруда әр түрлі мысалдар келтіруге болады. Тақтаға 4 сурете бейнеленген пейзажда тәуліктің 4 мезгілін көрсету. Әр суреттің қай тәулік мезгілінде болатының сұрау. Осы суретте бейнеленген тәулік мезгілдеріне қарап тәулік ұғымымен таныстыру. Балалардан сұрау: Қанша тәулік мезгілдері мына суреттерде бейнеленген? Барлық төрт тәулік мезгілдерін біріктіріп қалай атауға болады? Балалар әдетте «Күні бойы» «Бір күн» деп жауап береді. Бұл жағдайда тәуліктің төрт мезгілі тәулік деп аталатынын атықтап алу қажет. Кейін тәулік нешше бөлікке бөлінетінін, олар қалай аталатынын, қандай тізбекпен келетін қалалап алу қажет. Балаларға олардың белгілері мен символдарына байланысты топтастыруды ұсыну, және осы уақыттырды бір сөзбен айтуды ұсыну. Тәулік ұғымы тақырыбын толықтыру үшін келесідей ойындар ойнау ұсынылады: «Көршісін ата» ойыны.Бұл ойында тәулік ұғымдарының көршілерін атау қажет. Мысалы таңның көршісі кім? Олар: түн мен күндіз. Себебі таң түннен кейін келеді, ал таңнан кейін күндіз келеді. Сол секілді тәрбиеші түннің көршілерін атауды сұрайды. «Тәуліктің барлық бөліктерін ата» ойыны. Тәрбиеші балаларға: Балалар, мен тәуліктің бір бөлігін атаймын ал сендер сол тәулік бөлігінен кейін келетін бөліктерін атайсыңдар, сонда бір тәулік шығу қажет дейді. «Күндіз» , ал одан кейін қай тәулік бөлігі? Балалар: «Кеш» деп жасап береді. Осы ойындардан басқа, сұрақтар қойып әңгімелесуге де болады: Қазір тәуліктің қай уақыты? Тәуліктің қандай бөліктері болады? Алдыңғы күнінен кейін не келеді? Түн болғандығын қайдан білеміз? Күндізден бастап барлық тәулік бөліктерін атап шық? Бұл тапсырмалар жалпы тәулік ұғымы туралы түсінігін қалыптастырады және тәулік бөліктері туралы білімдерін бекітуге көмектеседі. Сонымен қатар балаларда тәулік бөліктерінің кезектесіп және тоқтаусыз өзгеріп отыратындығын көрсетеді.

Балалардың тәуліктің бөліктерінің кезектесуі білімін бекітуге арналған ойындар. Балаларды тәуліктің бөліктерімен таныстыру «мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бағдарламасына сәйкес екінші кіші топтан бастап таныстырылады. Бұл жаста балаларға тәуліктің төрт бөліктерін ажыратып және белгілерін анықтау үйретіледі. Балаларға таң, күндіз, кеш, түн ұғымдарын қалыптастыруға үйрету қажет, бұлар тәулік ұғымын меңгеру үшін қажет. Жоғарғы топтарда тәулік ұғымын қалыптастыруда әр түрлі мысалдар келтіруге болады. Тақтаға 4 сурете бейнеленген пейзажда тәуліктің 4 мезгілін көрсету. Әр суреттің қай тәулік мезгілінде болатының сұрау. Осы суретте бейнеленген тәулік мезгілдеріне қарап тәулік ұғымымен таныстыру. Балалардан сұрау: Қанша тәулік мезгілдері мына суреттерде бейнеленген? Барлық төрт тәулік мезгілдерін біріктіріп қалай атауға болады? Балалар әдетте «Күні бойы» «Бір күн» деп жауап береді. Бұл жағдайда тәуліктің төрт мезгілі тәулік деп аталатынын атықтап алу қажет. Кейін тәулік нешше бөлікке бөлінетінін, олар қалай аталатынын, қандай тізбекпен келетін қалалап алу қажет. Балаларға олардың белгілері мен символдарына байланысты топтастыруды ұсыну, және осы уақыттырды бір сөзбен айтуды ұсыну. Тәулік ұғымы тақырыбын толықтыру үшін келесідей ойындар ойнау ұсынылады: «Көршісін ата» ойыны.

Бұл ойында тәулік ұғымдарының көршілерін атау қажет. Мысалы таңның көршісі кім? Олар: түн мен күндіз. Себебі таң түннен кейін келеді, ал таңнан кейін күндіз келеді. Сол секілді тәрбиеші түннің көршілерін атауды сұрайды. «Тәуліктің барлық бөліктерін ата» ойыны. Тәрбиеші балаларға: Балалар, мен тәуліктің бір бөлігін атаймын ал сендер сол тәулік бөлігінен кейін келетін бөліктерін атайсыңдар, сонда бір тәулік шығу қажет дейді. «Күндіз» , ал одан кейін қай тәулік бөлігі? Балалар: «Кеш» деп жасап береді. Осы ойындардан басқа, сұрақтар қойып әңгімелесуге де болады: Қазір тәуліктің қай уақыты? Тәуліктің қандай бөліктері болады? Алдыңғы күнінен кейін не келеді? Түн болғандығын қайдан білеміз? Күндізден бастап барлық тәулік бөліктерін атап шық? Бұл тапсырмалар жалпы тәулік ұғымы туралы түсінігін қалыптастырады және тәулік бөліктері туралы білімдерін бекітуге көмектеседі. Сонымен қатар балаларда тәулік бөліктерінің кезектесіп және тоқтаусыз өзгеріп отыратындығын көрсетеді.



2.Тәулік бөліктерінің кеше,бүгін,ертең үш тәуліктің кезектесуі туралы түсінігін қалыптастыру

Кеше,бүгін, ертең атты тәулік бөліктерінің кезектесуі жайында балаларға қарапайым және күнделікті жүзеге асырылатын іс-әрекеттерінің нәтижесінде балада белгілі дағды мен білік қалыптастыру мақсатын көздейді.Қарапайым сұрақтар қою «Кеше балабақшада не істедің?» «Бүгін балабақшаға барасың ба?» «Ертең балабақшада қандай ойын ойнасыңдар?» арқылы бала санасында кеше,бүгін,ертең түсініктерін атауға және ажырата білуге үйрету.Тәулік бөліктерін ортаңғы топта кезектесуі және алмасуы нәтижесінде болатынын айта кету. Ал мектепке даярлық топтарында күнтізбенің көмегімен түсіндіруге болады.



Кеше,бүгін, ертең сөздердің мағынасын түсіндіруге арналған ойындар. Орта топтарда балаларға кеше, бүгін, ертең сөздерін дұрыс қолдану түсіндіріледі. Ол үшін балаларға эмоциялық қызығушылықтарын танытатын осы күндерді есіне түсіретіндей етіп күндерді тізбектеп белгілеп алу қажет: ертең біздің топта спорттық мереке ұйымдастырылады, ... Бізде бүгін спорттық мейрам болды,... Қашан бізде спорттық мейрам болды? Осы сөздерді қолдана отырып осындай жаттығуларды бірнеше рет өткізу керек. Балалардың осы сөздерді дұрыс қолдануын үнемі қанағалап отыру қажет.

3. Мектеп жасына дейінгі баланы күнтізбемен таныстыру

Күнтізбе - табиғат құбылыстарын бақылаудан туған халықтың тәжірибелерінің нәтижесінде пайда болған. «Бала-бұлтты мақта», ал жұлдыз-электр шамдары шамдары дейді» деп Л. Толстой айтқан болатын.Айналадағы өзгерістер, жыл мезгілдері,он екі ай, апта ұғымдарын қалыптастыра отырып олар әлем туралы түсінігін кеңейтеді. Ауа райының күнтізбесі-жыл мезгіліне байланысты ауа райының өзгерісін ерекшелігін бақылау. Күнтізбенің түрлері :жыртба күнтізбе,қабырғаға ілінетін,үстелге қойылатын күнтізбе,аудармалы күнтізбе. Жыртба күнтізбе жыртуға ыңғайлы прақтардан тұрады. Дмитрий Кучеренко бала үй жағдайында қарапайым іс-әреектті орындау қажеттілігін айтады.2-3 жастағы бала үшін жыртба күнтізбенің маңызы зор. Себебі ол әр күнді жырта отырып,міндетті жауапкершілікті сезінеді және мереке демалыс күндерін ажыратады. Блехер жыртба күнтізбенің нәтижесінде бала санасында күндер өтеді және жаңа күн басталады деген ұғымдар қалыптасады. Усова «Балабақшада тәрбиелеу бағдарламасында» балаларды күн, пата, ай, жыл мезгілдерімен таныстыру мағңызды. Сонымен қатар «Көңілді күнтізбе» қазіргі таңда өте қолайлы. Валерия Миронова 1985 жылы әр айға гүлдің атын беріп,күнтізбе символы гүл.Жыл мезгіліне әр түс береді. Көктем-қызыл, жаз-жасыл,қыс-көк, күз- сары. Жыртып алатын күнтізбе күннің өткені туралы түсінігін қалыптастыратын тиімді уақытты өлшеу құралы ретінде.

Жыртба күнтізбе жыртуға ыңғайлы прақтардан тұрады. Дмитрий Кучеренко бала үй жағдайында қарапайым іс-әрекетті орындау қажеттілігін айтады.2-3 жастағы бала үшін жыртба күнтізбенің маңызы зор. Себебі ол әр күнді жырта отырып,міндетті жауапкершілікті сезінеді және мереке демалыс күндерін ажыратады.Блехер жыртба күнтізбенің нәтижесінде бала санасында күндер өтеді және жаңа күн басталады деген ұғымдар қалыптасады.
Лекция №13

Мектепке дейінгі балалардың кеңістікті бағдарлау екешіліктері


  1. Кеңістікті бағдарлау туралы түсінік

Өзінің дене мүшелері арқылы кеңістікті бағдарлау

Мектепке дейінгі мекемеде қарапайым математикалық түсініктердің ішінен кеңістікті өзінің дене мүшелерінің жүйесі негізінде бағдарлау өте маңызды болып табылады. Кіші топ балалары кеңістікті дене мүшелерімен бағыттарды қарапайым түрде бағдарлап үйренеді. Ал мектеп жасына дейінгі бала сөздік жүйесімен негізгі кеңістік бағыттарын атап айтуды меңгереді Мысалы, алға-артқа, төмен-жоғары,оңға-солға. Сонымен қатар,шығыс,батыс,солтүстік,оңтүстік бағыттарын ажыратады. Кеңістікті бағдарлау барысында бала өзінің дене мүшелерінің бөліктерімен байланыстырады: Жоғары-басы, төмен-аяғы,алға-беті,арты-арқасы,оңға-оң қолы,солға –сол қолымен бағыттарды көрсетеді. Жалпы кеңістікті бағдарлауда көру және есту анализаторының орны ерекше.



Сыртқы объектілер бойынша кеңістікті бағдарлауды дамыту

Кеңістікті сыртқы объектілер бойынша бағдарлау өте маңызды. Сыртқы обьектілердің дұрыс орналасу бағыттарын меңгеруді талап етеді.»Өзінен қарай», « басқа тұлға атынан», басқа заттың атынан» түсініктері қалыптасады. Мұндағы негізгі ұғымдар алдында,артында,үстінде,астында,жанында. Мысалы,Мен Айнұрдың алдында тұрамын.... немесе артында ,оң жағында сол жағында деген сияқты түсіктерді қалыптастырып, ажырата білуді үйренеді.



Жазықтықтағы бағдарлау

Мектепке дейінгі мекемеде жазықтықта дұрыс бағдарлауды үйрету қиынға соғады. Оны негізгі мектепке даярлық топтарынан бастау қажет.Жазықтықты бағдарлауды мысалы қарапайым тапсырмалар орындату арқылы меңгерту. Қағаз бетіне екі клетка төмен,алты клетка оң жаққа,төрт клетка жоғары деп қарапайым түсініктерді қалыптастыру негізінде жазықтықта дұрыс бағдарлауын жүйелі дамыту. Жазықтықты бағдарлауда жанында,ортасында үстіңгі жағында және т.б. ұғымдарды қалыпастыруда маңызы зор.



  1. Кеңістіктегі іс әрекетттің орнын анықтаудағы сөздер

Кеңістіктегі іс әрекетттің орнын анықтауға және «қай жерде?» деген сұраққа жауап беретін үстеу сөздер?

Балабақша жүйесінде кеңістікті бағдарлау мақсатында бағыттарды анықтайтын көмекші сөздермен қатар үстеулер де қолданылады. Жалпы үстеулер тобы үшке бөлінеді. Олар: іс-әрекет орнын көрсетіп «қай жерде?»деген сұраққа жауап беретін үстеу сөздер бірінші тобы (осында, онда, мұнда ,оң жақта, сол жақта, ішінде,сыртта,артта,алдында,жғарыда,төменде,барлық жерде,тысқарыда).

Кеңістіктегі қозғалыс бағытын анықтауға және «қайдан?» деген сұраққа жауап беретін үстеу сөздер?

Балабақша жүйесінде кеңістікті бағдарлау мақсатында бағыттарды анықтайтын көмекші сөздермен қатар үстеулер де қолданылады. Жалпы үстеулер тобы үшке бөлінеді. Кеңістіктегі қозғалыс бағытынының кері сипатын анықтауға және «қайдан?» деген сұраққа жауап беретін үстеу сөздер екінші тобы (ана жақтан,оң жақтан,сол жақтан,алдынан,жоғарыдан,артынан,төменнен,ішінен,сырттын,алыстан) екінші топ үстеу сөздері деп аталады.

Кеңістіктегі қозғалыс бағытын анықтауға және «қайда?» деген сұраққа жауап беретін үстеу сөздер?

Балабақша жүйесінде кеңістікті бағдарлау мақсатында бағыттарды анықтайтын көмекші сөздермен қатар үстеулер де қолданылады. Жалпы үстеулер тобы үшке бөлінеді.

Кеңістікте іс-әрекет бағытын көрсететін «Қайда?» деген сұраққа жауап беретін үстеу сөздер үшінші тобы ( мұнда,бері қарай, онда, әрі қарай, сол жақта,оң жақта,алдында, артында,жоғарыда, төменде,ішінде.сыртында)

Кеңістіктегі заттардың арасындағы қатынасты көрсететін көмекші сөздер.

Балабақшада оқыту процесі бойынша бала кеңістікті бағдарлау барысында көмекші сөздер мен үстеулер тобын меңгереді. Кеңістіктегі заттардың арасындағы қатынасты,адам мен зат арасын анықтайтын көмекеші сөздер тобы болады.Олар: артта, алдыда, қарама-қарсы.



Кеңістіктегі бір заттан екінші затқа қарай қозғалыстың бағытын сипаттайтын көмекші сөздер тобы.

Балабақшада оқыту процесі бойынша бала кеңістікті бағдарлау барысында көмекші сөздер мен үстеулер тобын меңгереді.Кеңістіктегі бір заттан екінші затқа қарай қозғалыстың бағытын сипаттайтын көмекші сөздер тобы астында,үстінде,сыртында,алдында. Мысалы, Сен қасықты үстелдің астына түсіріп алдың.



Кеңістіктегі қозғалыстың негізгі бағыттарын сипаттайтын көмекші сөздер тобы.

Балабақшада оқыту процесі бойынша бала кеңістікті бағдарлау барысында көмекші сөздер мен үстеулер тобын меңгереді.Кеңістікте қозғалыс бағыттарын қозғалыс бағыттарын көрсететін көмекші сөздер тобына: ішкі бағытты анықтайтын көмекші сөздер қарай. Мысалы,Айнұр мамасына қарай барды. Сонымен қатар,жоғары бағытты көрсететін көмекші сөздерге: бойымен,арқылы,бойлай көлденең Мысалы, Біз тегіс жолдар бойымен жүріп өттік.Үйге орман арқылы оралдық.Біз өзенді бойлай келдік.



  1. Мектеп жасына дейінгі балалардың кеңістік бағдарлауды дамытуда суреттерді қолдану.Кеңістікті бағдарлау (оң жақта, сол жақта, жоғарыда, төменде, алдында, артында, алыс, жақын, арасында, қасында) туралы білімдерін бекіту.Қағаз бетінде (ортасында, оң жақтағы жоғарғы бұрышта, сол жақтағы жоғарғы бұрышта, оң жақтағы төмен бұрыш, сол жақтағы төменгі бұрыш, төменде, жоғарыда, оң жақта, сол жақта) бағдарлай білу дағдыларын қалыптастыру. Заттың қай жерде, қалай, өзіне немесе қай затқа жақын орналасқандығын ауызша жеткізе білу шеберлігін қалыптастыру. Белгілі бір бағытта келе жатып, белгі бойынша бағытын өзгерте білуге жаттықтыру.

«Кеңістік» Мақсаты: балаларды кеңістікті бағдарлауға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, зейін процесстерін дамыту. Құрал-жабдықтары: әртүрлі заттар бейнеленген суреттер. Мазмұны: Балалардың алдында үлкен бөлменің суреті тұрады. Балаларға суреттерді таратып беру. Суреттерді орындарына орналастыруды ұсыну. Мысалы, балықты аквариумға салу, гүлді үстелдің үстіне, суретті қабырғаға ілу. Ойын осылай жалғаса береді. «Жоғарыда-төменде»

Ойынның мақсаты: жоғары–төмен ұғымдарын пысықтау. Байқағыштықты, зейін, қиялды дамыту.

Ойынның құрал-жабдықтары: құстардың, жануарлардың суреттері.

Ойынның мазмұны: Бала қораптың ішінен бір суретті алып, атын атап, орнын анықтап үлкен суретке бекітеді. Мысалы, ұшақ жоғарыда аспанда ұшады, балық төменде су ішінде жүзеді. «Оң және сол» Ойынның мақсаты: үлкен және аз заттарды ажыратуға жаттықтыру. Ойынның құрал-жабдықтары: үлкендігі әртүрлі ойыншықтар. Ойынның мазмұны: Бір баланы ортаға шақырып, оң қолына үлкен ойыншықты, сол қолына кішкентай ойыншықты ал деп тапсырма береді. Ойын осылай жалғаса береді. «Суреттерді орналастыр» Ойынның мақсаты: заттарды топтастыруға жаттықтыру, өз бетінше тапсырманы орындауғадағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту. Ойынның құрал-жабдықтары: тор көз салынған қағаз беттері, әртүрлі суреттер. Ойынның мазмұны: Балалар берілген суреттерді әр бағанмен жолға олардың бірі ғана келетіндей етіп, шаршы тор көздерге орналастырады.

«Танып ал да, атын ата» Ойынның мақсаты: заттың түр-түсін, пішінін, атын атауға жаттықтыру; сөздік қорын молайту; ойлау қабілетін дамыту. Ойынның құрал-жабдықтары: әр түрлі ойыншықтар немесе суреттер. Ойынның мазмұны: Балаларға әртүрлі ойыншықтарды көрсету. Ортаға бір-бір баладан шақырып, бір ойыншықты алып, оның түр-түсін, пішінін, қасиетін анықтауды және сол ойыншық жайлы әңгіме құрауды немесе тақпақ айтып беруді ұсынады. «Тәулік бөліктері » Ойынның мақсаты: тәулік бөліктері жайлы білімдерін бекіту; тәулік бөліктерін атауға, ажыратуға жаттықтыру. Ойынның құрал-жабдықтары: суреттер Ойынның мазмұны: Балалар кезектесіп суретті алып, тәуліктің қай бөлігі екенін айтады, сол сурет бойынша әңгіме құрайды. «Сипаттамасы бойынша тап» Мақсаты: Ұзын-қысқа, кең-тар, биік-аласа, үлкен-кіші ұғымдарын бекіту. Көрнекілік: Топтағы жануарлар бейнелейтін ойыншықтар.Ойынның мазмұны: Сөреге аю, қоян, қасқыр, түлкі т.с.с 5-6 ойыншықтар қояды. Әрбір ойыншықтарды анықтап қарап, атын қайталайды. Балалардың біреуін бөлмеден шығарып, ойыншықтар туралы жұмбақтар құрастырады, м: «Ұзын құлақ, қыли көз, қысқа құйрық-бұл қай аң? Жұмбақтарды құрастырып болған соң, баланы шақырады. Егер ол жұмбақ дұрыс шеше алмаса, қолына сол ойыншық беріледі де, жұмбақ қайта айтылады. «Қалай жүріп, нені тапқың келеді?»

Мақсаты: Кеңестікті бағдарлай білуге үйрету. Оң-сол, алдында- артында ұғымдарын бекіту. Көрнекілік: Кез-келген ойыншықтар немесе суреттері. Ойынның мазмұны: Тәрбиеші ойыншықтарды топтың әр жеріне қояды: баланың оң жағына-машина, сол жағына-доп, алдына-қуыршақ, артына-зымыран қойып былай дейді: «алдыңда қуыршақ, оң жағында машина, сол жағыңда доп, артыңда зымыран, қалай жүріп, нені тапқың келеді?» «Доппен ойнау» Мақсаты: «Жоғары-төменде», «астында-үстінде», «сол жақта-оң жақта» ұғымдарын бекіту. Көрнекілік: доп. Ойынның мазмұны: 1-вариант. Балалар екі командаға бөлінеді. Жіп керіліп, оның екі ұшынан ұстап тұруға болады. «Доп төменде» деген бұйрық берілісімен екі бала /әр командадан/ бірден допты жіптің астынан алып өтеді де, «доп жоғарыда» деген бұйрық берілісімен жіптің үстінен лақтырады. Әрі қарай ойынды ойыншылардың келесісі жалғастырады. Ешқандай қате жібермеген команда ұтып шығады. 2-вариант: Балалар сапқа тұрады. Доп бірінші баланың қолында «доп оң жақта» деген бұйрық айтылғанда доп оң жаққа беріледі. «Тоқта» деген бұйрық бойынша допты сапта тұрған балалардың біреуі ұстап қалады. «Доп сол жақта» деген бұйрық бойынша доп сол жаққа беріледі. Тапсырманы дәл әрі тез орындаған балалар жеңімпаздар атанады. «Ойыншықты тап» Мақсаты: Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету. Көрнекілік: Топтағы ойыншық. Ойынның мазмұны: Тәрбиеші ойыншықты тығып қойып, бір баланы тақтаға шақырады. Тәрбиеші нұсқауымен, мысалы: 1 адым алдыға оңға бұрыл, 2 адым алдыға тура жүр деп ойыншыққа дейінгі жолды айтып отырады. Бала айтылған нұсқаумен дұрыс жүріп отырса, ойыншықты табады.

«Жоғарыда–төменде, биік-аласа» Мақсаты: жоғары- өмен, биік-аласа ұғымдарын пысықтау. Көрнекілік: Көгілдір аспан, жасыл алқап, өзен бейнеленген сюжетті суретті плакат тақтада. Қорапта ұшақтың, құстар түрлері, балық түрлері, аңдар түрлері қатырма қағаздан жасалған. Барысы: Тақтаға бір бала шақырып қораптағы бір бейнені алып, атын атап, орынын анықтап сюжетті суретке іледі. Мысалы: Ұшақ жоғарыда-аспанда ұшады, балық төменде-су ішінде жүзеді, - деп сипаттап айту керек.


  1. Мектеп жасына дейінгі балаларда кеңістікті бағдарлау түсінігін қалыптастыру үшін «тірі» суреттерді қолдану.

Кеңістікті бағдарлау (оң жақта, сол жақта, жоғарыда, төменде, алдында, артында, алыс, жақын, арасында, қасында) туралы білімдерін бекіту.Қағаз бетінде (ортасында, оң жақтағы жоғарғы бұрышта, сол жақтағы жоғарғы бұрышта, оң жақтағы төмен бұрыш, сол жақтағы төменгі бұрыш, төменде, жоғарыда, оң жақта, сол жақта) бағдарлай білу дағдыларын қалыптастыру. Заттың қай жерде, қалай, өзіне немесе қай затқа жақын орналасқандығын ауызша жеткізе білу шеберлігін қалыптастыру. Белгілі бір бағытта келе жатып, белгі бойынша бағытын өзгерте білуге жаттықтыру. Сыңғыр – сыңғыр ойыны.Мақсаты: Кеңістікте бағдарлану, дыбыс бағытын анықтай білу, есту қабілетін бағыттауды дамыту.Қажетті құралдар: Қоңырау.Ойын барысы: Бала көзін жұмады, ал тәрбиеші тым-тырыс оның жанына (сол, оң, артынан) келіп қоңырауды сылдырлатады.Бала көзін ашпай дыбыстың, қайдан шыққан бағытын анықтауы қажет.Егер бала қателессе, онда тағы шешеді. Ойынды 4 – 5рет қайталайды. Баланың көзін ашпауын қадағалау керек. Бала дыбыс қайдан шықты, сол жерге бетімен бұрылып, дыбыстың бағытын көрсете білуі керек.Қоңырауды баяу сылдырлату керек.Көзіңді жұмып, қолыңмен анықта ойыны.Мақсаты: Ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, үлкен-кіші ұғымдарын бекіту.Қажетті құралдар: қарындаштар, таяқшалар.Ойын барысы: Балалар сипап – сезу арқылы заттың ұзын - қысқалығын анықтау. Ұзындығы әртүрлі қарындаштар алынады. Жүргізуші бір баланы шақырып, оған көзін жұмғызып, қарындаштың ұзын-қысқалығын анықтатады.Ойын бірнеше рет қайталанады.Тез ойла ойыны.Мақсаты: 1.Балалардың заттарды салыстыру, оң жақ, сол жақ түсініктерін дамыту. 2. Кеңестікті бағдарлай білуге үйрету. 3. Ойын арқылы шапшандыққа, тез ойлауға баулу.Қажетті құралдар: Топтағы заттар.Ойын барысы: Тәрбиеші балаға өзінің алдында, оң, сол жақтарында нелер тұрғанын айтқызу. Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету.
Лекция №14

Масса және оның өлшемі туралы түсінік қалыптастыру
1. Балалардың заттың массасын сенсорлық негізінде қабылдау ерекшеліктері

Заттардың қасиеттері және массасы бойынша бойынша балалардың сенсорлық қабылдауының орны ерекше. «Масса» түсінігінің қалыптасуы балалардың «салмақтық сезінуінің» дамуына негізделеді. «Салмақтық сезінуінің» дамуында балалардың сенсорлық тәрбиесіне М.Монтессори ерекше көңіл бөлді. Балабақшада іс-тәжірибе барысында Ф.Н Блехер, Л.В.Глаголева, Е.И Тихеева, Ю.И. Фаусек ғалымдары үлес қосты.

Балалардың заттармен іс-тәжірибелік процесі нәтижесінде массаны қабылдауы көру және қозғалыс анализаторының кмегімен жүзеге асрылады. Массаны қабылдау баланың әр түрлі ж ас кезеңдерінде әр түрлі болады.Мысалы, 2 жаста заттың массаын қабылдауы нашар дамыған.Оларда тек «ауыр» түсінігі қалыптасады. 3-4 жаста балалар масса жүйесінде сөздік қорына ауыр-жеңіл, үлкен-кіші, сөздері қалыптасады .5-6 жаста бала түсінігінде масса «салмақты сезінуіне» негізделеді. Әр түрлі жас кезеңдерінде дидакдикалық ойындар ойнатылады. Мысалы, «Таразыға қане өлшейік!» «Таразыға салайық!»

Мектеп жасына дейінгі балалардың заттардың массасын қабылдау ерекшеліктеріне байланысты оқытуды кезеңдер бойынша құру керек.

Бірінші кезеңде (орта топ) заттардың массасын сөздермен анық білдіру және ажыратуға үйрету қажет (ауыр-жеңіл, ауырырақ-жеңілірек), заттарды алақанда өлщеу арқылы салытыру және тексеру рационалды тәсілдерімен таныстыру.

Екінші кезеңде (орта және ересек топ) бірнеше заттар арасында қатынасты анықтауға үйрету, массасының өсу немесе кему ретінде тізбекке реттеп қою(сериационный тізбек құру).

Үшінші кезеңде (мектепке даярлық топ) балаларды жалпы қабылданған шамамен және массаны өлшеу тәсілімен таныстыру, бастапқы өлшеу білігін қалыптастыру.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет