1 – билет. 1 Құс өңдеу өнеркәсіптерінде құсты қабылдау және өткізу ережелері



бет1/5
Дата11.03.2020
өлшемі285,5 Kb.
#59869
  1   2   3   4   5
Байланысты:
shpor vse 4 kurs Дайын

1 – билет . 1)Құс өңдеу өнеркәсіптерінде құсты қабылдау және өткізу ережелері.

Құсты сояр алдында аштықта ұсталуы керек. Құрлықта өскен құстар 10-12сағат,суда жүзетін құстар 18 сағат бойы сояр алдында аштықта ұсталады.Су ішпесе құстың жеген жемі нашар қорытылады да,ішек қарнын тазарту қиынға түседі және де су ішпеген құстың салмағы кеміп,күйі нашарлайды.Өндіріс орындарында шығаратын ,сауда көпшілік тамақтандыру орындарында және өндірістік өңдеуге арналған құс етінің сапасы МЕМСТ 25391-82 «Балапан бройлер еті. Техникалық шарт талаптарына сәйкес анықталады. Құс еті стандарт және техникалық шартқа сәйкес санитарлық ережені сақтаумен өңделуі тиіс. Құс етін алу үшін МЕМСТ 18292-85 «Союға арналған ауыл шаруашылығы құстары.Техникалық шарт» бойынша құстар түрі пайдаланылады.Қондылығы және өңдеу сапасы бойынша барлық құс түрлерін екі дәрежеге бөледі,бірінші және екінші.Сауда орындарында ,көпшілік тамақтандыру орнына жіберуге қондылығы екінші дәреже сапасына сәйкестігін ,өңдеу сапасы төмен,белі,төсі майысқан,белінде тырналған із, бір мәртеден көп мұздатылған,секпілі(күркетауық пен мысыр тауығынан басқа)бар құс еті жіберілмейді.МЕМСТ талап бойынша құсты етке тапсырудың ерекшеліктері:Құсты етке тапсырарда 20күн бұрын антибиотик,ал күн бұрын құм берілуі тоқтатылады.Құстың жемсауын тазалау үшін балапан 6-8сағат қаз,үйрек 4-6сағат аш ұстау;Құс қанаттарында былғағыш заттар болмау керек;Етке тапсыратын құстарда жарақаттар болмаған дұрыс ,құстың айдары саусағы,төс сүйегінің аздап қисайғаны болса етке қабылдайды.Союға арналған құстың салмағы стандарт талаптары бойынша тауық балапаны 200гр,бройлер балапан 900гр,курке балапан 2.200гр,үйрек 1.400гр,қаз балапаны 2.300гр. 2)Қоянның улану кезіндегі сойыс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау. Уланған кезде ажырату жасалады. Химиялық - токсикологиялық зерттеуден басқа және улану не себепті болғаны жайлы, түрлі ұлпалардағы қорлануды, органолептикалық, биохимиялық және бактериологиялық зерттеулерді қолдану арқылы ескереді 3)Сазқұндыздың сойыс өнімдерін жалпы және жергілікті патологиялық үрдістерде ветеринариялық - санитариялық сараптау


2-билет. 1.Өңдеу өнеркәсіптерінде құстың сойыс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау.Құстардың сояр алдындағы күйін зерттеуін құстарды қабылдап, құжаттарын тексеруден бастайды. Құжаттарды тексеріп болғаннан кейін, әкелінген торларында, олардың ішінде ауру және әлсіз құстардың бар - жоғын анықтайды. Құстардың арасында өлгені бар болса, лабораториялық зерттеулерге сынамалар жіберіледі.Құстарды сояр алдында жалпы тексеру және карантинге, санитариялық қасапханаға, не қайтадан өңдеуге бағыттау басқадай сойыс малдарына қойылатын талаптарға ұқсас келеді. Туберкулез ауруы бар елді мекеннен келген құстар және санитариялық қасапханада сойылатын құстар міндетті түрде ішкі ағзаларын толықтай бөлектеу әдісімен сойылады. Құстар оба, грипп ауруларымен ауырғанда, не сол ауруларға күманданғанда союға жіберуге болмайды. Ветеринариялық - санитариялық сараптауды ұша терісін зерттеуден бастайды, көрінетін кілегейлі қабықтарды тексеріп, қансызданудың деңгейін анықтайды. Орташа қансызданған жағдайда, сау құстардың терісі ақ, ақшыл сары не қызғылт түстес. Бөгде дақтар болмауы тиіс. Егер де терісі қызыл болып, қан тамырлары қанға толып тұрса, ұшаның нашар қансызданғанын көрсетеді. Ішкі ағзаларды ішек пен шажырқайды тексеруден бастайды. Сонан соң бауырды, жыныс бездерін, көк бауырды, қарынды, жүректі, өкпені және бүйректі зерттейді. Ішкі ағзаларды жартылай алып сойғанда, ішекті бөлектегеннен кейін, құрсақтың көк шандырын кесіп, ұшаның сол жағынан бұлшық етті қарынды көтеріп, жыныс бездерін, көк бауырды және қарынды зерттейді. Сонан соң қарынды түсіріп, бауырды тексереді, ауа камераларын жарып жүрек пен өкпені зерттеуге жол ашады. Бауырдан, ауа камераларынан, өкпеден патологиялық өзгерістер табылса, онда басқа да ішкі ағзаларымен қоса бөліп алып, қосымша ветеринариялық зерттеуге жіберіледі. Ол үшін жылжыманың жанында арнайы үстел қойылады. Бөліп алған ағзалар қанталаған, не болмаса ісіген, патологиялық өзгерістер бар тұсынан тілініп, жарылып зерттелінеді. Қажет болған жағдайда бактериологиялық зерттеулерден өткізіледі.

2.Құс гистомонозы. Сояр алдындағы және сойғаннан кейінгі диагностика.Сойыс өнімдерін сараптау. Гистомоноз (тиффлогепатит, энтерогепатит) – соқыр ішек пен бауырдағы зақымданып, гранулемалар дамиды да соңы некрозбен сипатталатын ауру. Қоздырғышы: Histomonas meleagridis, жіпшелі қарапайымдыларға жатады. Күрке тауықтар ауырғанымен 2 аптадан 4 айға дейінгі балапандар және басқа құстар сирек шалдығады. Ауру құстар күйзелген, аз қозғалады, жүндері ұйпаланған, диарея, қарынды басып тексергенде қарағанда шұжық тәрізді ұлғайып кеткен соқыр ішек білінеді. Сойып қарағанда білеуленген соқыр ішек қабырғасының қалыңдығы 1см, тығыздалған бұлыңғыр ақшыл түсті, ішек ішінде дифтериялық қоймалжың сұйықтың астында аралар болуы мүмкін. Фибринозды перитонит байқалады. Бауыр ұлғайған, қанға толы, тарының дәні көлеміндей көптеген сұр ошақтар басады. Сойыс өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау: Барлық зақымдалған ағзаларды техникалык утилизацияға жібереді. Ал ұшаны қайнатып залалсыздандырған соң пайдалануға болады. Перитонит пен зақымдалған құс ұшаларын және арық ұшаларды ішкі ағзаларымен бірге техникалық утилизацияға жібереді. 3.Еріксіз сойылған қоян ұшаларын ветеринариялық - санитариялық сараптау. Еріксіз сойылған қоян ұшасын тексеру барысында ішкі сірілі қабықтарда , танау қуысының ішкі сірлі қабығында , көмекей, кеңірдек, жұтқыншақ, асқазан және ішектердің сірлі қабатында нүктелі қан құйылу ошақтары байқалады. Өкпеде фибринозды – крупозды пневмонияға тән өзгерістер байқалады, кейде іріңді ошақтар кездеседі, ал плевраны фибринозды қосындылар басып кетеді. Бауыры ұлғайған, дақтанған, іріңді-қанды сұр-қызыл түске боялған, капсулалар астында нүктелі қан құйылулар кездеседі. Бүйрегі қанталаған ,ісінген. Лимфа түйіндері ұлғайған, шырынды.Егер бұлшық етте, ішкі мүшелерде инфилтраттар мен сему өзгерістері табылған жағдайда ұшаны ішкі мүшелерімен қоса утильдеуге жіберіледі. Ал, егер органолептикалық көрсеткішері сау қоянға тән болып , пастереллезге тексеру нәтижесі теріс болса, ұша мен ішкі мүшелерді пісірілген шұжық дайындауға жіберіледі. Пастереллалар табылған жағдайда етті қайнату арқылы залалсыздандырады немесе консерві дайындауға жібереді. Ауру қояндардың ішкі мүшелерін утилдейді. Терілерін алғашқы өңдеу орындарында 1% тұзды қышқыл ерітіндісінде немесе 20 %ас тұзы ерітіндісінде 48 сағат бойы дезинфекциялайды. Сою- бөлшектеу алаңдарын және бөлмелерді ыстық 2 %күйдіргіш натрий және хлорлы әкпен залалсыздандырады. Құрал – жабдықтарды 10 минуттан кем емес 2% кальцийденген содада қайнатады.

3- билет. 1.Қоян пастерелезі және некробактериозі. Сояр алдындағы және сойғаннан кейінгі диагностика.Сойыс өнімдерін сараптау. Пастереллез (геморрагиялық септицемия) – ауылшаруашылығы малдары, құстары және жабайы жануарлар мен қояндардың жіті түрде өтетін індетті ауруы. Қоздырғышы – Pasteurlla multocida.Сойғаннан кейінгі диагностика. Еріксіз сойылған қоян ұшасын тексеру барысында ішкі сірілі қабықтарда , танау қуысының ішкі сірлі қабығында , көмекей, кеңірдек, жұтқыншақ, асқазан және ішектердің сірлі қабатында нүктелі қан құйылу ошақтары байқалады. Өкпеде фибринозды – крупозды пневмонияға тән өзгерістер байқалады, кейде іріңді ошақтар кездеседі, ал плевраны фибринозды қосындылар басып кетеді. Бауыры ұлғайған, дақтанған, іріңді-қанды сұр-қызыл түске боялған, капсулалар астында нүктелі қан құйылулар кездеседі. Бүйрегі қанталаған ,ісінген. Лимфа түйіндері ұлғайған, шырынды.Пастереллез қояндарда танаудың бітелу түрінде өткенде ,бас, мойын, иық белдеуінде іріңді ошақтар кездеседі, танау қуысының кілегейлі қабаты ісінген, қызарған, ақшыл-сары кілегей немесе іріңмен толған. Көмекей ,өңеш, кеңірдектің кілегейлі қабығы аса қызыл түсті, жұтқыншақтың жоғарғы бөлігі ісінген. Қабырға және өкпе плеврасы іріңді-фибринозды қабықпен жабылған. Кеуде қуысына сұйық жтналған, өкпеде ұлпа байланыстырушы капсулалармен қоршалған іріңді ошақтар, ал бронхтарда серозды немесе іріңді эксудат жиналған. Бауырда, көкбауырда, бүйректе некрозды ошақтар мен нүктелі қан құйылулар кездеседі.Ауруға нақты диагноз қою үшін зертханалық зерттеулер жүргізеді, ол үшін әкелінген сынамалардан, ұлпалы (паренхиматозды) мүшелер мен лимфа түйіндерінен жұғынды алып , Романовский –Гимза әдісі бойынша бояп, бактериоскопия жүргізеді. Патологиялық материалдан алынған эмулсияны ет пептонды агарда өсіріп, ақ тышқандар мен қояндарға биосынама қояды. Ветеринариялық- санитариялық бағалау және жүргізілетін шаралар. Егер бұлшық етте, ішкі мүшелерде инфилтраттар мен сему өзгерістері табылған жағдайда ұшаны ішкі мүшелерімен қоса утильдеуге жіберіледі. Ал, егер органолептикалық көрсеткішері сау қоянға тән болып , пастереллезге тексеру нәтижесі теріс болса, ұша мен ішкі мүшелерді пісірілген шұжық дайындауға жіберіледі. Пастереллалар табылған жағдайда етті қайнату арқылы залалсыздандырады немесе консерві дайындауға жібереді. Ауру қояндардың ішкі мүшелерін утилдейді. Терілерін алғашқы өңдеу орындарында 1% тұзды қышқыл ерітіндісінде немесе 20 %ас тұзы ерітіндісінде 48 сағат бойы дезинфекциялайды. Сою- бөлшектеу алаңдарын және бөлмелерді ыстық 2 %күйдіргіш натрий және хлорлы әкпен залалсыздандырады. Құрал – жабдықтарды 10 минуттан кем емес 2% кальцийденген содада қайнатады. Некробактериоз – қояндардың созылмалы түрде өтетін жұқпалы ауруы. Қоздырғышы – Bakterium nekrophorum. Сойғаннан кейінгі диагностика. Ауру ұлпалардың іріңді –некрозды ыдыраумен сипатталады, диагнозы бактериологиялық зерттеулер нәтижесі бойынша қойылады. Ветеринариялық – санитариялық бағалау және жүргізілетін шаралар. Ұша бөліктерінің белгілі бір ошақта , жекелеме зақымдануы кезінде зақымданған жерін кесіп алып тастайды , ал дененің толығымен зақымданғанында ұшаларды ішкі мүшелермен қоса утилдеуге жібереді. Терілерін оқшауланған бөлмелерде кептіріп, залалсыздандырады. 2.Құстардың авитаминозы және гиповитаминозының сояр алдындағы диагностикасы. Дəрмендəрілертөмен молекулалы органикалық қосылыстар, ол өсімдікте синтезделетін, адам мен жануарлар тіршілігі үшін аса қажетті зат. Түрлі авитаминоздар бірдей белгі көрсетуі мүмкін. Мысалы, құс тəбетінің жойылуы, нерв жүйесі əрекетінің тежелуі, өсу процесінің баяулауы не тоқтауы, жұмыртқалау қабылетінің нашарлауы, жұмыртқаның инкубациялық сапасының төмендеуі, организмнің ауруға төзімділігінің кемуі,зат алмасу процесінің бұзылуы. Дегенмен, əр авитаминоздың өзіне тəн ерекше белгілері де болады. А дəрмендəрісінің негізгі көзі - каротинге бай балауса шөп болып табылады. 3. Жабайы жануарлардың ұшалары мен мүшелерін сараптау ерекшеліктері. Жабайы жануарлардың ұшасын ветеринариялық тексеру тек мүшелеген соң (терісін сыпыру және ішкі мүшелерінен тазартқан соң) ғана жүргізіледі. Ірі жабайы жануарлардың ұшасы тексеруге бөліктерге бөлінген күйде (жартылай ұшаға, төрт бөлікке бөлінген) келуі мүмкін. Олар суытылған, салқындатылған, мұздатылған жағдайда болады. Ауланған құстың иесі тексеруге қауырсынымен және ішін жарып әкеледі.Ветеринариялық – санитариялық сараптауға жылы уақытта ауланған құстарды, ауланған соң 2 сағаттан кем емес уақытта әкелу керек, ал суық кезде 10 сағаттан кем болмау керек.Ауланатын құстарды және жабайы сүтқоректілердің ұшаларын және мүшелерін сойғаннан кейінгі тексеру әдістері ауыл шаруашылық жануарларды сойғанан кейін өнімдерін тексеру ережелеріне сәйкес жүреді. Бұлан, бұғы, бөкен, жабайы қошқар ұшаларын сойғаннан кейін тексеру ірі қара малды және ұсақ малдардың сойыс өнімдерінен, ал, қоян ұшасын үй қоян ұшасын тексеруден еш айырмашылығы жоқ.Жабайы қабан, аю, борсық ұшаларын шошқа ұшалары сияқты тексереді және трихинеллезге зерттейді, ал ауланатын құстар ұшасы үй құстарына ұқсас зерттеледі. Бірақ та, сойғаннан кейінгі тексеруде және санитариялық баға бергенде жабайы жануарлар мен құс еттерінің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерін ескеру керек.
4- билет. 1)Қоян туберкулезі және жалған туберкулезіндегі сояр алдындағы және сойғаннан кейінгі диагностикасы.Сойыс өнімдерін сараптау. Туберкулез – қоянның, сүтқоректілердің, құстардың және адамның жұқпалы ауруы. Қоздырғышы – Mycobacterium tuberculosis .Сойғаннан кейінгі диагностика. Туберкулезбен ауырған қоянның ұшасының қоңдылығы төмен, ауру жеңіл түрде өткен кезде өкпеде ақшыл – сұр түсті көлемі бидай дәнінен бұршақ дәнінің көлеміндей болатын туберкулезді түйіндер байқалады. Туберкулез ішек формасында өткендеащы ішекте кездеседі, кейде бауыр, көкбауыр және бүйректе кездеседі. Көп жағдайда аумақты лимфа түйіндері зақымданады.Ветеринариялық – санитариялық бағалау және жүргізілетін шаралар. Ұшаны ішкі мүшелерімен, терісімен қоса жойып жібереді. Псевдотуберкулез – қоян мен кеміргіштерде созылмалы түрде өтетін және адамға қауіпті болып келетін жұқпалы ауру. Қоздырғышы – Corinebakterium pseudotuberkulosis және Versiniapseudotuberkulosis. Сойғаннан кейінгі дагностика. Қояндардың ұлпалы мүшелерінде және ішектерінің қабырғаларында сұрғылт – сарғыш түсті некрозды ошақтар байқалады. Өкпесінде эмфизематозды ошақтар кездеседі, бауыры ұлғайған, теңбіл сары түсті және тығыз болып келеді. Көкбауыры ұлғайған, кедір – бұдырлы түйіндер ұшырасады. Ұшадағы кейбір лимфа түйіндері ісінген, сарғыш некрозды ошақтар болуы мүмкін.Псевдотуберкулезды мына аурулардан ажырата білу керек: туберкулез, стрептококкоз, лейкоз, туляремия, листериоз және пастереллездан.Ветеринариялық – санитариялық бағалау және жүргізілетін шаралар. Ұша арық болса, лимфа түйіндерінің көбі зақымдалған немесе бұлшық етте псевдотуберкулезді үрдістер жүріп жатса, онда ұша мен ішкі мүшелері утилдеуге жібереді. Ұша қоңдылығы орташа болып, тек ішкі мүшелер мен лимфа түйіндер зақымдалған болса, оларды утилдеуге жіберіп, қалған сойыс өнімдерін, терілерін бөгетсіз босатады. Бөлмені және құрал – жабдықтарды ыстық 2-4% күйдіргіш натрий ерітіндісімен немесе 2% хлорлы әк ерітіндісі мен залалсыздандырады. 2.Құстардың бүйрек-тас ауруы кезіндегі сойыс өнімдерінің санитариялық бағасы.Құс ұшасының кеуде құрсақ қуысын зерттегенде сір қабықтарды, өкпені, бүйректі, аналық жыныс жұмыртқаларын, аталық жыныс бездерін қарайды. Олардың түсін, қанталау, экссудат, фибриннің бар-жоғын; өкпе мен бүйректі (түсін, үлкендігін, консистенциясы, түйіндердің бар жоғына және басқа өзгерістерге) тексереді. Содан кейін өнімдердің зерттеу нәтижелері анықталғаннан кейін санитариялық баға беріліп, ұшаның диагнозына байланысты ұшаны шектеусіз қолданады немесе залалсыздандырады. Ветеринариялық санитариялық сараптау жұмысы аяқталғаннан кейін бауыр, жүрек, қалдықтардан тазартылған бұлшық ет асқазаны тазартылған ұша ішіне салып сатуға жіберіле береді. Ішектерді техникалық өтелдеуге жібереді. Кәсіп орынннан шығарылатын құстың бүкіл категориялары келесі ветеринариялық санитариялық талаптарға сай болуы қажет

3.Жабайы ауланатын құстардың ұшалары мен мүшелерін сойғаннан кейін тексеру ерекшеліктері мен әдістері. Ветеринарлық-санитарлық сұрыптауда тағамдық мақсатпен қолданылатын бүкіл аңшылық-кәсіпшілік құстардың еті жатады. Құстың, түрін анықтау үшін жабайы құстардың, ұшашықтары қауырсынымен болу керек.Жабайы құстардың еті құрамы және қасиеттерінің үй құстар етінен айырмашылығы болады.1)Жабайы құстар етінің басым көпшілігінде айқын спецификалық жабайы құс етіне тән иісі мен дәмі болады, түсі қоюлау келеді, химиялық құрамы бай, жоғары биологиялық қоңдылықпен және жақсы емді-диетикалық көрсеткіштерімен сипатталады . Жабайы құс етінің сапасын органолептикалық әдіспен анықтайды, ол жеткілікті болмаса зертханалық зерттеулер жүргізеді.Жабайы құс етінің сапасына қойылатын талаптар. Бұл талаптар әр термикалық жағдайдағы орман құсына және мұздатып қатырылған су, батпақ құстарына жатады.Жартылай өңделген ұшашықтарсалқындаған, суытылған, мұздатып қатырылған-формасы қалыпты, қауырсыны таза мықты, (құрсақ жүні) мықты, көз қуысы толық.  Салқындатылған етті 0-2оС температурасында және 80-85% ылғалдылықта бес тәуліктен асырмай сақтауға болады, суытылған ет ауланғаннан кейін тез арада өндіруге жіберілуі керек. Мұздатып қатырылған етті мұздатқыш-тарда температурасы кем дегенде 18 оС, ылғалдылығы 85-95 % жағдайда сақтайды, сақтау мерзімі он екі айдан аспау керек. Бүкіл сақтау мерзімінде құс еті ветеринарлық бақылауда болады.
5-билет. 1.Құс лейкозының негізгі патологиялық - анатомиялық белгілері.Сойыс өнімдерін сараптау. Сойыс өнімдерін сараптау. лейкозды - саркоматозды кешенді вирусы тудыратын, гемопоетикалық ұлпалардың зақымдалып, мүшелерде және дененің әр бөліктерінде жаңа түзілістердің дамуымен сипатталатын ауру.. Негізгі патологиялық белгілер - мүшелердің ұлғаюы (гиперплазия) және оларда диффузды немесе сало тәрізді тығыз сұр түсті, ісік тәрізді өсінділерінің болуы. Лейкоздың кейбір формаларында тек көк бауырдың, бауырдың, бүйректің және басқа мүшелердің диффузды ұлғайып, бозғылт сұр түске еніп, консистенциясының тығыздалуы байқалады. Әр түрлі үлкендіктегі, дөңгелік пішінді лейкозды ошақтар жиі бауырда, көк бауырда, бүйректерде табылады. Аналық жыныс безінде, шажырқайда, өкпеде, ұйқы безінде, фабрициев қапшығында, жұлында сирек табылады.

.2)Ауру құстан алынған жұмыртқаны дезинфекциялау. шаруашылыктан індетті ауурлар табылған жагдайда құс жұмырткасын келесі ретте колданады: ботулизмде жояды,тумауда, пастереллезде, листериозда, лейкозда, марек ауруында , туляремияда, лептоспирлзда- кайнатп шаруашылык ішінде колданылады. туберкулезде, паратуберкулезде , сальмонелезде , колибактериозда , стептококкозда, стафилококкозда , тілмелі септицимияда нан , кондитер өндірістерінде ондеуге жібереді, шаруашылык ішін кайнатып заласыздандырады. орнитозда, шешекте, жұмырткаларды 3 проценттк белсенді хлорлы бар әк ертіндісінде 30 минут батырып алган соңсатуга руксат беріледі. тыынс алу жолдарыынң микоплазмозында, індетті ларинготрахеитте жумырткалар кедергісіз босатылды.3)Әртүрлі жабайы аң етінің ерекшеліктері. Жабайы жануарлар еті олардың түріне қарай органолептикалық көрсеткіштері, морфологиялық және химиялық құрамына, дәмі мен аспаздық сапасына байланысты бір-бірінен ерекшеленеді. Жас жануар еті ересек жануарлар етіне қарағанда майы аз, борпылдақ дәнекер ұлпасы көп болады. Жабайы жануарларда май тері астында, жамбас қуысында, бүйрек маңында, белде және тек жоғары қоңдылық жағдайында дененің басқа бөліктерінде жиналады. Жабайы жануарлардың көпшілігінде ет – теріні сыпырған соң қызыл түсті болады. Бірақ 3-4 сағаттан соң олар миоглобиннің оттегімен тотығуынан қоюланады, беткі қабаты көкшіл немесе көкшіл – күлгін түске айналады. Бұлан еті қою қызыл түсті, бұлшықет кесіндісі ірі талшықты, түсі біркелкі, тығыз, фасциясы жақсы жетілген, майдың қосымша қабатынсыз (прослой). Солтүстік бұғысының еті әлсіз немесе интенсивті – қызыл түсті, көкшіл дақтары болады. Ет талшықтары жіңішке, нәзік, кескенде ұсақ түйіршікті. Талшықтар арасында қосымша май қабаттары сирек жиналады, май ұлпасы ақ, консистенциясы тығыз. Сайгак еті ашық қызыл түсті, ауада тез күреңденеді. Еті ірі талшықты, майдың қосымша қабатынсыз. Сайгак ұшаларында аздаған май жинақталады. Еттің түсі мен қансыздану дәрежесі оны аулау тәсіліне байланысты. Аю еті көкшіл күлгін реңді қою қызыл түсті, бұлшықетаралық дәнекер ұлпасына бай болып келеді. Аю ұшасының беткі қабатын майдың қалың қабаты қаптайды, оның салмағы күзге қарай 30-35 кг жетеді. Борсық еті әлсіз күлгін-қызыл түсті, өзіндік спецификалық иісі бар, бұлшықеті жіңішке талшықты, бұлшықетаралық дәнекер ұлпасы борпылдақ әрі нәзік болып келеді. Бұлшықет талшықтары арасында көп май жинақталады, ол борсық етінің «мәрмәрлануына» себеп болады. Су тышқан (Нутрия) еті. Жабайы қабан еті ашық-қызыл кейде қою қызыл түсті, қатты, тығыз консистенциялы. Ересек ұрғашы қабандарда ет талшығы ірі, өзіндік жағымсыз дәмі мен иісі болады. Елік (косуля) еті қою қызыл түсті, ылғалды, сөлді, нәзік, еті жұқа, тығыз аө фасциямен жабылған, ұсақ түйіршікті, кескенде біркелкі және нашар дамыған борпылдақ дәнекер ұлпалы. Қоян еті көкшіл реңді қою қызыл түсті, қаттылау, құрғақтау, тығыз консистенциялы. Жас қояндарда еті нәзік болып келеді, май ақ түсті, бүйрек маңында жинақталады. қудалау және т.б).
6-билет. 1)Тауықтардың жұқпалы бронхиты кезіндегі сойыс өнімдерінің санитариялықбағалануы.Тауықтардың жұқпалы бронхиті - жас құстарда тыныс алу мүшелерінің зақымдалуымен, ал жұмыртқа басатын тауықтарда герминативтік мүшелердің зақымдалуымен сипатталатын ауру. Қоздырғышы. Коронавирустар. Ветеринариялық - санитариялық бағалау және жүргізілетін шаралар. Бұлшық еттерінің анемиясы, сарғаюы, патологиялық өзгерістері болмаса немесе ішкі мүшелерінің ғана зақымдалса, ішкі мүшелерді утилдеп, ұшаны қайнатады немесе консерві дайындауға қолданады. Жалпылай зақымданған кезде терісінің және бұлшық еттерінің зақымдалуында, сарғаюында, зақымдалу деңгейіне қарамастан ұшаны, ішкі мүшелерімен қоса утилдейді.Аурудан таза емес шаруашылықтың құстарын ветеринариялық қызметтің рұқсатымен құс өңдейтін кәсіпорындарға жібереді. Бұл құстардың ішкі мүшелерін утилизацияға жатқызады. Ауру және күмәнді құстардың жүні мен мамықтарын формалдегидтің сілтілі ерітіндісінде (3% формалдегид, 1% күйдіргіш натрий ерітіндісі) 1 сағат дезинфекциялайды да, өңдеуші кәсіпорындарға жібереді. Аурудан таза емес топтағы құстардың жұмыртқаларын формалдегид буымен дезинфекциялап, сауда орындарға сатуға босатады, жүн мен мамықты кептіргіш қондырғыларда, 85-95 0С температурада 15 минут кептіреді немесе 3% формальдегид ерітіндісінде 45-900С температурада, жарты сағат дезинфекциялайды, артынан қайта өңдеуші кәсіпорындарға бағыттайды.

2.Жұмыртқа ұнтағын және меланжды сараптау. Меланж тауық жұмыртқасының белогы мен сарысының табиғи жағдайындағы қосылысы. Мұздатылған, сапалы мелаждың түрі қою сары түсті, тығыз, тұзды не тәтті (қоспаға байланысты), бөгде иіс, дәмі жоқ. Жібітілген меланж ашық сарғыш түсті, консистенциясы – сұйық. Техникалық талаптар бойынша меланж құрамында тұздың мөлшері 0,8% , қант 5% - тен меланждың ылғалдылығы - 75% - дан көп болмауы тиіс. Майлылығы – 10%, белокты заттар – 10%, қышқылдылығы – 150Т – тен кем болмауы қажет. Меланж құрамында жұмыртқа қабығының болуына және де басқа заттардың болуына рұқсат етілмейді.Жұмыртқа ұнтағы – ашық сары түсті, өзіндік иісі мен дәмі бар ұнтақталған тағам өнімі. Құрамында 9% ылғал, 45% белокты заттар, 35% майлар, минералды заттар – 4%. Еруі – 85%. Қышқылдылығы 1000 Т көп емес.Егерде меланждың органолептикалық көрсеткіштері қалыпты жағдайда болса, әр топтан 1% ғана зерттейді, құрамында ішек таяқшасы тобына жататын микроорганизмдердің бар-жоғына назар аударады. Коли-титр деп микроорганизмдер табылған жоғарғы қосылыс алынады (зерттелетін жұмыртқа салмағының ең аз мөлшері). Жұмыртқа ұнтағының коли - титрі де осы жолмен анықталады. 0,1 коли – титріндегі жұмыртқа меланжы мен ұнтағын жоғарғы температурада өңдейтін тағам өнеркәсібінде пайдаланады. 0,1 коли - титрінен төмен болған жағдайда, егерде органолептикалық көрсеткіштері қалыпты жағдайда болса, зардапты Salmonella және протея топтарының микроорганизмдері жоқ болғанында, меланж бен жұмыртқа ұнтағы өте жоғары температурада өңделетін өнімдер жасауда қолданылады. Залалды Salmonella және протея топтарының микроорганизмдері бар болғанында, меланж бен жұмыртқа ұнтағы тағамға қолданылмайды. Меланж бен жұмыртқа ұнтағын дайындауға 90 күннен аса сақталған жұмыртқалар жарамайды3)Жабайы құс етінің сипаттамасы және түр ерекшеліктері. Шіл (қарабауыр). Бұлшық еті қызғылттау түсті, кеудесінде ақшыл-дау келеді, ұсақ талшықты, кесіндісінде ұсақ бүршікті, нәзік, иісі мен дәмі айқын білінеді, өзіне тән спецификалық. Май ұлпасы ақ және сәл сарғылттау келеді, жұмсақ консистенциялы.Сұр шіл. Еті қызғылт түсті, қанағаттанарлықтай май қоры болады, ұсақ бүршікті, өте нәзік, жабайы құс етіне тән спецификалық иісі мен дәмі айқын емес.Құр. Бұлшық еті жақсы дамыған, қызыл немесе күңгірт қызыл түсті. Бұлшық етінің көлденең кесіндісінде 2 түсті қабат айқындалып тұрады-сыртқы (жуан, күңгірт-қызыл түсті) және ішкі (жұқалау, сәл қызғылттау түсті).2)Май қоры артқы жағында, аяғы мен мойын жағында, кеуде де жиылады. Май қоры жиылу интенсивтілігі оны аулау маусымына байланысты, айталық, күзде құр ұшашығы семіз келеді, қыста май қоры мүлдем болмауы мүмкін. Бұлшық ет талшықтары ірілеу келеді, бұлшық ет аралық дәнекер ұлпа дамыған. Иісі мен дәмі айқын білінеді.Саңырау құр. Еті күңгірт-қызыл түсті, тығыз, талшықты, ірілеу келеді. Иісі мен дәмі айқын білінеді. Май қоры аз немесе мүлдем болмайды. Жас құста және ұрғашы құстың еті нәзіктеу, талшықсыздау, ақшылдау келеді.Қырғауыл. Еті қызғылттау түсті, нәзік консистенциялы, бұлшық етаралық дәнекер ұлпа дамымаған, ұсақ бүршікті. Еті бағалы диетика-лық өнім болып саналады.Жабайы құстардың етіне ветеринарлық-санитарлық сұрыптау жұмыстарын жүргізу қиындыққа әкеледі, өйткені табиғаттағы жабайы құстар эпизоотологиясы, инфекциялық аурулары, ұлпадағы жүретін патолого-анатомиялық өзгерістер толық зерттелмеген..Жабайы құс етінің сапасын органолептикалық әдіспен анықтайды, ол жеткілікті болмаса зертханалық зерттеулер жүргізеді

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет