1 – жүргізуші: Бір ғана емес, Қадыр тұтқан бабалар, Аналардан туған небір даналар, Ана деген тіршіліктің тірегі! Армысыздар, қасиетті аналар! 2-жүр



Дата15.09.2017
өлшемі66,38 Kb.
#33443
1 – жүргізуші:

Бір ғана емес,

Қадыр тұтқан бабалар,

Аналардан туған небір даналар,

Ана деген тіршіліктің тірегі!

Армысыздар, қасиетті аналар!


2-жүр.

8 Наурыз 2014 жыл көктемі,
Қыстың кетті аязының өктемі.
Мерекеңіз құтты болсын ханымдар,
Күндей болып жарқыраңдар көктегі!

1-жүр.

Бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы, мейірім толы көзқарасы арқылы барлық сүйіспеншілік, мейірімділік, махаббатын бере білген аналар үшін жер дүниені мекендеген адамзат қауымы бір күнді мейрам етіп белгілеген. Ол 8 наурыз халықаралық әйелдер күні. Көктем күніндей жүздері ашық асыл аналарымыз аман баолсын дейміз. Көктем күнімен бірге басталатын аналар мерекесімен баршаңызды құттықтай отырып «Өмірде ана – бұлақ, ана – пана, өмірді өркендетер ана ғана» атты әдеби музыкалық кешімізге хош келдіңіздер!


2-жүр.

Құрметті қонақтар! Құттықтау сөзін аудан әкімінің орынбасары Жұмасейітов Дүйсенбай Жұмасейітұлына берсек.
1-жүр.

Ендігі сөз кезегін Н.Крупская атындағы орта мектептің мұғалімі, «Жаңаарқаның іскер әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы – Дәмеш Ариновнаға берсек.


2 Жүр. Ана, Ана, Ана ... Осы сөздің өзі адамға қандай күш береді! Дүниеде ананың мейріміне, аялы алақанына не жетеді?! Дүниеге келіп, көзіңді ашып көретінің – Ана. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай бауырына басып, біз үшін жан ұшыра шырылдайтын да – Ана. Тек жақсылық тілейтін де – Ана. Ана – біз үшін пана, дара, дана тұлға. Ана дегенде сөзге келмейтін тіл, лүпіл қақпайтын жүрек, мөлтілдемейтін жанар жоқ. Балаға анадан артық, анадан қымбат жан жоқ. Әрбір ана отының өшпеуін, сәбиінің жыламауын, сұм соғыстың болмауын, қызыл гүлдің солмауын тілейді. Халық арасында «Меккеге анаңды үш рет арқалап апарсаң да қарызыңды өтей алмайсың» деген сөз ананың соншалықты қадірлі екенін адамзатқа ұғындыру үшін айтылса керек.
Орасақ та жәннат ішік, құндызға,

Баласақ та айға, күнге, жұлдызға,

Ана соның бәрінен де ардақты,

Одан асқан құдірет жоқ ұл-қызға.
1-жүр.

Асыл жанды аналар сіздердің құрметтеріңізге О.Жұмабеков атындағы орта мектептің мұғалімі Жакеева Мақпалдың орындауында «Елігім» атты әнін қабыл алыңыздар.


1 – жүргізуші: Ана. Үш – ақ әріптен құралған осынау бір сөздің астарында қаншама мән жатыр десеңші! Тіршіліктің қайнар көзі, мейірімнің қайнар бұлағы Анадан қасиетті, анадан киелі ештеңе жоқ. Ана – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін беріп аялаған, жанында аямаған ардақтысы. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Адам «адам» болғысы келсе, алдымен ананы қастерлей білуі керек. Өмірде ана алақанының қызуы мен әке – шеше мейірімін – тоя жеген тамақта, шипасы күшті дәрі де алмастыра алмайды. Өз перзентін «Асылым мен алтыным, жасыл желек жарқыным, аспандағы жұлдызым, маңдайдағы құндызым» деп өмір бойы, күні – түні перзентінің тілегін тілейді. Бұл недеген құдіретті мейірім десеңізші.!
2-жүр.

Құрметті бүгінгі кешке жиналған қонақтар С.Сейфуллин атындағы орта мектептің оқушыларынің керемет әндері мен мың бұралған бишілерін тамашалайық.
2 - жүр.

8 –ші наурыз адамдар да, тіпті табиғаттың өзі де бұл күні біздің тамаша әйел-аналарды даңққа бөлеп тұрғандай. Неге дәл осы күн – 8 Наурыз күні Халықаралық әйелдер мерекесі болып белгіленді? 1908 жылдың 8 наурызында өздерінің ауыр жағдайына төзе алмаған Нью-Йорктың еңбекші әйелдері демонстрацияға шықты. Міне, осы оқиғаны есте қалдыру үшін 1910 жылы Копенгагенде өткен әйелдердің «Халықаралық конференциясы» 8 наурызды жұмысшы әйелдер пролетариатының халықаралық ынтымақтастық күні ретінде атап өту туралы шешім қабылданды.

Ендігі сөз кезегін аудандық білім бөлімінің бас маманы Мархабат Ермуханбетқызына береміз.
1-жүр.

Кедеймін деп қысылма

Өнерің болса қолында

Өнерлінің ырысы

Жарқырап жатар жолында – деп ендігі кезекті Н.Крупская атындағы орта мектептің оқушыларына берсек

1 – жүргізуші:

Әйелдер – ай!

Әйелдер – ай!

Қандайсың?!

Әдемі боп кетіпсің ғой әрқайсың.

Біреу жеріп тұрса дағы қалмайсың.

Біреу сүйіп тұрса дағы бармайсың.

Әйелдер – ай!

Әйелдер – ай, қандайсың?!

Әйелдерді еркектерден көп дейді.

Ойбай,

Ойбай!


Бола берсін көп мейлі!

Әйел деген әдемі ғой әдемі,

Әдемілік бізге көптік етпейді....
2 - жүр.

Наурыз айының басында біздің еліміздің көптеген қалаларының көшелерінде, кең-байтақ даламызда әлі де қар жатады. Көктем де ызғарлы, бірақ көңілімізді көктемнің алғашқы мерекесі жылындырады. Ертең 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні. Бұл мерекенің жылдың басқа мерзімінде болуы қисынға келмейтіндей. Өткені көктем секілді, әйелдер де адамзатқа өмір, жылылық пен әсемдік сыйлайды емес пе?
1-жүр.

Сондықтан да ортамызда отырған аналарымыздың және ару да әсем, сұлу қыздарымыздың құрметіне №132 орта мектептің оқушыларының өнерлерін ортаға салайық.


2 - жүр.

Ана. Бұл сөз әрбір халықтың тілінде бар. Барлық тілде де бұл қасиетті сөз нәзік, мейірімді, жылы естіледі. Орысша –мама, қазақша – ана, украина – ненька, осетинше – нана.

Даналарымыздың мынандай сөзі бар: «ана дегеніміз әлемнің жандүниесі, оның бастауы мен таусылмайтын жалғасы. Ол – тіршілік, үлкен тағдыр, махаббат пен шабыттың нәрі. «Ана» сөзі бізді елең еткізбей, жылылық пен шуақты сездірмей қоймайды».


1-жүр.

Көңілің Алатаудың ақ қарындай

Мейірімің күннің шуақ шақтарындай

Қалайша аяулы ана тына алармын

Ән болып сағыныштан ақтарылмай – деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне Ю.А.Гагарин атындағы орта мектептің оқушыларының өнерлерін қабыл алыңыздар

Ойын «Сиқырлы әріптер»

Жақсылықтың нышанындай,

жаның сүйген адамның жып-жылы құшағындай,

саф алтындай тазалығы мен сұлулығын беретін,

жайма шуақ сәулелерін төгетін,

көңілдерге қуаныштар егетін,

имандылық пен пәк қыздардың мінезіндей ибалылық себетін

көгілдір көктемнің алғашқы мерекесі,

той атаулының қызығы мен берекесі.

Осы мерекенің иелері,

бар адамзаттың табынары мен киелері,

қуанғанда қасыңнан табылып, қиналғанда сүйенері,

мейірімділік пен тыныштықтың жаршылары,

адамдық пен адамшылықтың мөп-мөлдір тамшылары,

сүйкімді қылығымен сағындырған,

қажет десе аһ ұрғызып сабылдырған,

әсем көркімен, жүрегінің өртімен

небір дана мен данышпандарды табындырған,

2 – жүр.

Сүйсе құлай сүйетін,

нақсүйеріне жанашыр болып, бірге күйетін

аяулы да асыл қыздар, сүйкімді келіншектер,

мерекелеріңіз құтты болсын! 

Әрқашан отбасыларыңыздың ажары,

жүрген орталарыңыздың базары болыңыздар!

Пәле-жала, жамандық атаулы келмеске кетсін,

асыл да таза махаббат жүректеріңізден мәңгілік орын тепсін!

Сүйікті жар, ардақты ана болыңыздар,

дәулет, береке, байлық ауылына қоныс қоныңыздар.

Сіздерге дүниедегі барлық бақытты тілейміз!

1 – жүргізуші:

Демеңіз біз өнерді аяп қалды.

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды,

Қош болып тұрыңыздар көріскенше



Осымен кешіміз аяқталды
2 – жүр.

Құрметті ханымдар, бүгін сіздердің мерекеліріңіз Ер азаматтарыңыз сіздердің қандай еркеліктеріңізді болсын көтеруге міндетті. Дегенмен қыз-келіншектерімізге айтарым. Жүректерінің түбіне біздің жаман жақтарымызды емес, тек қана жақсы қасиеттерімізді сақтап, қашан да айдай сұлу, күндей жылы жүздеріңізден нұр төгіліп, сүйікті де сүйкімді болып жүре беріңіздер!
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет