1-2 жастағы баланың даму ерекшелігіне бақылау жүргізу



Дата13.12.2019
өлшемі60 Kb.
#53586
Байланысты:
1-2 жастағы баланың даму ерекшелігіне бақылау жүргізу
12345
1-2 жастағы баланың даму ерекшелігіне бақылау жүргізу

Бала тілінің дамуы дыбыс апаратының бұлшық еттерінің күрделі шартты және шартсыз қозғалысына сәйкес қалыптасады. Тілдің дамуы үшін, басқа адамдармен болатын қарым - қатынастың маңызы зор. Жаңа туған бала дыбыс аппараттарының шартсыз қимыл рефлекстеріне байланысты мағынасыз үн шығыра алады. 2 – ші айдан бастап дауыстай алады, ересек адамдарға еліктеп кейбір дауысты дыбыстарды қайталай бастады, 3 – айға жеткенде гу-гуледі, былдырақтап сөйлегісі келеді. Гу-гулер мен дабылдырақтау оның дыбыс апараттарын дамытып, сөйлеуге дайындайды.

5-6 айдан кейін еліктеу арқылы жеке дыбыстарды, сөз буындарын айта бастады. 67 айда ересектердің сөздерін қайталауға тырысады. Бірақ бұл кезде, әсіресе жарты жасқа дейін, балаларда 1-ші сигнал жүйесі ғана дамығандықтан сөздің мағынасы жеке дыбыс ретінде қабылданады, бала сөздің нақты мағынасын түсінбей-ақ айта береді. Ал жарты жастан аса сөздің мағынасын түсіну қабілеті дами бастайды.

Тілдің шығуында дыбысты есту қабілетінің маңызы зор. Есту қабілеті ерте жойылған балалардың тілі шықпайды. Жақсы еститін балаланың 9 айында былдырақтап сөйлегені түсінікті жеке сөздерге ойланады, 2 жасқа дейінгі баланың сөйлеуі оның ана тіліне байланысты емес, 2 жасқа соң ғана ана тіліне байланысты артикуляция байқалады.

1,5 жаста сөз бен заттардың арасында байланысты туады, баланың тілі қалыптаса бастайды. Баланың ми қыртысында дыбыс орталығы мен сөйлеу орталығының арасында нервтік байланыс пайда болады. Кейіннен ол күшейіп, сөздерді құрастыру, 2-3 сөздің басын құрау қабілеттері пайда болады. Дені сау, жақсы дамып келе жатқан баланың бір жасында 6-10, екі жасында 250-300, үш жаста 1500, төрт жаста 400мың, бес- алты жаста 250-300 мың сөз қоры жиналады. Баланың тәрбиесіне, жоғары жүйке әрекетінің тобына, қозу мен тежелудің қасиеттеріне байланысты балалардың сөз қорының мөлшері әртүрлі. Сөз қоры баланың басқа адамдармен қатынасына, табиғатына, яғни генетикалық тұқым қуалаған қасиетіне, болмысты білуге арналған ынтасына, тәрбиесіне, өмір сүріп жатқан ортасының мәдениетіне байланысты. Баланың алғашқы сөздері оның көңіл - күйіне негізделген, өмір қажеттілігінен шыққан сөздер болмаса, кейіннен сртқы ортаның тауына, өзінің өмір тәжірибиесіне байланысты.(45-47б)

Баланың тілінің дамуына 3 пен 4 жастың арасының маңызы ерекше. Бұл кезде тіл байлығын көбейтуге, сөздің мағынасын дұрыс түсіндіруге көбірек көңіл бөлген жөн. 4 жаста баланың байлығы молайып, өзге байланысты нақтылы сапасы артады. Осы кезде баланың сөздері дұрыс, анық айтуына көбірек назар аударуқажет, онымен көбірек сөйлесіп, қателерін жөндеу маңызды. Бұл мерзім ата-анасынан шыдымдылықты талап етеді, өйткені баланың мәлемет алуға ынтасы күшті, сұрақты көбірек қояды. Бұл сұраққа берілген жауап екінші сұрақты тудырады да ересек адам мезі болады. Дегенмен баланың дөрекі тоқтатып тастамай, сынайы, көңілін басқа нәрсеге аударып жіберген жөн. Жалпы алғанда ауызша сөз қорының дамуы 5-7 жасқа дейін созылады.

Ерте балалық шақтағы балалардың тіл байлығын дамытуда түрлі ойыншықтардың, әңгімелердің, балалармен қыдырып жүрген кезде сыртқы ортамен танысуының маңызы өте зор. Баланың жасы ұлғая келе абстрактылы ойлау жақсы дами бастайды,сөйтіп баланың сана-сезімінің артуы күшейген сайын екінші сигнал жүйесінің маңызы арта түседі,бірінші сигнал жүйесінен басымырақ болады.

Баланы оқыту барысында тіл байлығы дамып,сөйлеу қабілеті санасы арта түседі.Оқу-тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру арқылы оның жоғары жүйке әрекетін жақсы дамытуға болады.Бұл кезде тәрбие жұмысын мұғалімдер мен ата-аналардың бір-бірімен келісіп жөнге қойғаны аса маңызды болады.

Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс. Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқан активті нүктелеріне әсер ете отырып массаж жасау керек. Ерте жаста және

Ерте балалық шақтағы жаста қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен, тақпақпен ұйқастырылған жаттығуларды пайдалану ұсынылады. Сонымен қатар өзіне -өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: тиегін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау, т.б. Ал ересек топтағы балалар үшін ұсақ моториканы дамыту және қолдың икемділігін арттыруға арналған жаттығулар мектепке дайындықтың яғни, жазу, сызуға үйренудің маңыздысы болып саналады.(31б)

Ұсақ моториканы дамытудың маңыздылығы неде? Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ұсақ моторикаға әсер ете және оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта аламыз.

Педагогтар мен балалар психологының мақсаты- ата – аналарға ұсақ моториканы дамыту ойындарының маңыздылығын ұғындыру. Баланы қызықтыруда және жаңа хабарларды игеруіне көмектесуде үйретуді ойынмен алмастыру, алға қойған мақсатына жетуін, тапсырманы орындауда қиындыққа кездессе мойымауына үйрете отырып, аз мөлшердегі жетістіктерін де бағалап, мадақтап қоюды да ұмытпауы керек.

Ұсақ моториканың қимылдары мен қолдың икемдігі бас миының құрылымының даму деңгейін көрсетеді. Осыдан келіп қол қимылдарын басқара білу туады. Сондықтан ешқашан да баланы мәжбүрлеуге болмайды.

Қазіргі кезде баулы ойыншықтардың көбейгенін немен түсіндіруге болады. Қазіргі ата – аналарда мұндай ойыншықтар болған жоқ қой, сонда олар осындай қалыпты деңгейге қалай жетті? Бір түсінбейтін нәрсе, осының бәрі не үшін керек?

Қазіргі кездің балаларында жалпы моторлық артта қалушық байқалады екен. Ойлап көріңізші, тіпті қазіргі балабақшадағы балалардың ешбірінде баулы аяқ киім кездеспейді. Бау байлауды үйрету ата- анаға да, тәрбиеші ге де қиындық туғызатын болса керек. Осыдан 20 жыл бұрын ата- аналарға, олармен қоса олардың балаларына көп нәрсені қолмен жасауға тура келді: кір жуу, тоқу, тігу т.б. Ал қазіргі кезде осының бәрін жасайтын машина.

Жалпы моториканың дамуының аздығын, соның ішінде қол қимылының аздық себебін зерттей келе қазіргі заманғы барлық баланың жазуға дайын еместігі немесе тілінің дамуында бір ақау бар екендігі анықталды. Осыдан келе мынадай қорытынды шығаруға болады: егер тілінің дамуында ақау болса, онда бұл ұсақ моториканың мәселесі.

Тіпті баланың сөйлеу тілі қалыпты болған жағдайда бұл қолын басқаруы қалыпты деген сөз емес. Егер 4 - 5 жастағы балада бау байлау қиындық келтірсе, ал, ермексаздан тек шар мен ұзынша жабыстырылса, және 6 жаста тиек тігу- орындалмас және қауіпті іс болса, онда сіздің балаңыз кінәлі емес.

Өкінішке орай көп ата- ана қолдың икемі мен ұсақ моториканың даму деңгейінің төмендігін тек мектепке барарда ғана байқайды. Бұл балаға өте ауыр жүк. Жаңа хабарларды қабылдаумен қатар, икемге келмейтін саусақтарымен қарандашпен жазып үйренуі керек

Кішкентай ғана сәбидің қалайтыны қозғалу, қозғалыс- әлемді танудың мүмкіндігі. Яғни, бала қозғалысының дәл және нақты болса, оның әлемді ақылмен тануы да терең бола түспек.

Егер сіз бірінші сынып оқушысында жазуда қиындық болмасын десеңіз немесе 3 жастағы баланың тілінің дамуында ақау болмасын десеңіз дамыту ойын – жаттығуларын бала туылған соң екі айдан кейін бастаңыз. Ұсақ моториканы дамыту әдістемесі мұндай жағдайда өте тиімді. Омыраудағы баланың саусақтарын уқалауға болады, жас жарымдағы баламен саусақ ойындарын бастауға болады. Мысалы, баланың бас бармағын жаймен сипап отырып, оған былай деңіз: «Саусақ –бала сен қайда болдың?» Содан соң бас бармақты балан үйрекпен түйістіре отырып, « мына саусақпан орманға бардым», ортан түйрекпен түйістіре отырып, «мына саусақпен щи пісірдім»,

Осылайша жалғастырып басқа саусақтармен де «мына саусақпен ботқа жеп, мына саусақпен ән салдым» деп аяқтайсыз. Балаларға бұл жаттығу қатты ұнайды, уақытты да көп алмайды, ал пайдасы оның өте көп, себебі ұсақ моториканы дамытып жатырмыз ғой.

Бір жастан асқан балалар үшін – саусақ бассейні әдістемесі өте пайдалы. Бір ыдысқа 1 кг бұршақты немесе фасольді төгеміз де ішіне баланы қызықтыратын бір ойыншықты көміп қоямыз. Сондан соң оны тауып беруін өтінеміз. Бұл қызықтыру жаттығуы кезінде баладан алыстап кетпеңіз. Себебі ұсақ нәрселерді аузына салып алу қаупі бар

Мектеп жасына дейінгі кезең – қиялдың тез дамитын уақыты. Сондықтан қиялдың дамуын төрт ерекше кезеңдерге бөлуге болады (2 жастан 6-7 жасқа дейінгі аралықта):

1. Бірінші кезең баланың қабылдауының ерекшелігіне байланысты (бір заттан басқа бір затты көре бастауы);

2. Екінші кезең – қиялдың ойыншықтарды жандандыру құдіретінің байқалуы;

3. Үшінші кезең – ойындағы рөлдерге байланысты өзгеруі;

4. Төртінші кезең – бала қиялында өзіндік көркемдік шығармашылықтың басталуы (бейнелерді қайта құруы, жасауы).

О.М. Дьяченко мен А.И. Кирилованың тәжірибелік зерттеулерінде бала дамуында қиялдың екі түрі (сезімдік және танымдық) жүзеге асады. Танымдық қиялдың басты міндеті – ақиқат өмірдің белгілі бір түрде бейнеленуі. Сезімдік қиял, белгілі бір жағдайға байланысты қайшылық болғанда, баланың өзіндік «Мені» қалыптасқанда және оның құрастырудағы бір механизм болады. Е.Е. Кравцованың зерттеуінде қиялдың даму қызметінде үш түрлі компонентті бөліп көрсетті:

1. Көрнекілікке сүйену;

2. Өткен тәжірибесін қолдану;



3. Ерекше ішкі позицияны қолдану.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет