1. Армысыздар Тақыр ауылының өнер сүйер қауымы! Армысыздар көрермен қауым!



Дата31.01.2018
өлшемі78,62 Kb.
1.

1.Армысыздар Тақыр ауылының өнер сүйер қауымы!

2. Армысыздар көрермен қауым!



1. Сіздерге мерекелік көңіл күй тілей отырып, ҚР Тәуелсіздігінің 24 жылдығына арналған «Тәуелсіздік-биік тауым, айбыным» атты

Концерттік бағдарламамызды назарларыңызға ұсынуға рұқсат етіңіздер!




  1. Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан

Тарих оның тым әріден басталған

Боджандықтан құтқарам деп жерді жастанған





  1. Ат тұяғын құс қанатын талдырған

Сар далада қаңбақ ұшып қаңғырған

Ұлан байтақ жерімізді қан төгіп

Бабаларым мұра етіп қалдырған



  1. Қанат жайдық егеменді халық боп

Жолымыз да айқындалды жарық боп

Жиырма жыл! Еңсемізді көтердік

Мойнымызға жүк артқанмен нарық кеп.


  1. Әуелеттік Әнұранды аспанда

Туымызды тіктік биік аспанға

Маңдайымыз Елтаңбамен жарық боп

Тұрмысымыз еселеніп басты алға

1.Өркендедік ел болдық та еңселі

Өзгелермен тереземіз теңелді

Елім менің Ата Заңын ардақтап

Еркіндіктің шуағына бөленді

Хор: «Атамекен»

Әні: Е.Хасангалиевтікі

Сөзі: Қ.Мырзалиевтікі

2.Егеменді елім бар

Ұлан байтақ жерім бар

Жер қойнауын ақтарсаң

Алуан асыл кенім бар
2.

1.Қазақ деген атым бар

Аруақты халқым бар

Бабаларым қалдырған

Өнегелі салтым бар
2. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін Тәуелсіздік аспаннан түсе салған сый емес. ОЛ ата-бабаларымыздың еліміздің бір пұшпақ жері үшін жан берісіп, жан алысқан күресінің, 1986 жылғы қазақ жастары көтерілісінің қанымен жуылған сындарлы жол еді.


  1. Қыздар вокалды тобының орындауында

«Күн дидарлы Қазақстан»

Әні:

Сөзі:



  1. Қазақстан. Осынау сөзді естігенде сонау көк айдынды Каспиден кенді Алтайға, Қарт Оралдан ақ бас шыңды Алатауға дейінгі аралықты алып жатқан кең жазира қазақ даласы мен асқар тауы, сылдырап аққан өзен көлі елестейді. Табиғатта кезігетін бар байлықты бауырына басқан киелі де, қасиетті ата-мекен.




  1. Бойымда жігер тұрғанда сенім

Жалындап өтем жолыңда сенің

Өзіңсің мәңгі бақытым барым

Аяулы Отан, ардақты елім!- Мұратбек Нұрсултанның орындауында халық күйі «Жастар»


  1. Бөрілі байрақ астында

Бөгеліп көрген жан емен

Бөрідей жортып жүргенде

Бөлініп қалған жан емен-деп Сүйінбай Аронұлы жыр еткендей әлемдегі тарыдай шашылған қазақтың басын біріктірер, өз бақытын табар, Тәуелсіз ел болар сәті туды.
1.Елбасының тікелей ықпалымен көп ұлтты Қазақстан халықтары «бір жағадан бас бір жеңнен қол» шығарып ортақ мүдденің төңірегінде әртүрлі діндегі әртүрлі тілдегі ұлттар бірлестігі Қазақстанды өз Отаным» деп танып қазақ елінің Көк байрағының астына топтасты.
2.Әсемпаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң арқалан

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тапта бар қалан дуэт «Қазақ жігіттері»


3.

1.Заманымыздың ақиық ақыны М.Мақатаев мақтан еткендей

«Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер

Батырлар дүбірлеп төккен тер

Ғашықтар бір-бірін өпкен жер

Бас иіп, иіскеп топырағын

Тағзым жасамай өтпеңдер-деп жырлаған жолдар тек қана өз елім, өз жерім деп соққан әрбір қазақ баласының жүрегіне мақтаныш сезімін ұялатады.
2.Мүсінің ақ мәрмәрдан жаралғандай

Бар сұлулық бойыңа жиналғандай

Жарқ етіп шыға келші ел алдына

Биші қыз өзің қандай биің қандай

Би «Бақытты балалық шақ» орындайтын Айзада Зарықбаева


    1. Абайдың «Болмасаңда ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз» деген өнеге ғибратқа толы ұлағатты сөздері кімге болса да қол бұлғап, алысқа жол сілтегендей.

Көркем сөз оқитындар: А.Сағатбекова, А.Әліпова

2.Адалдықпен ақиқатты, ерлік пен даналықты серік еткен халқымыз-қасықтай қаны, шыбындай жаны қалғанша, қазақ елінің ұлтарақтай жері үшін, жанпида күн кешті. Қазақ қазақ болғалы Тәуелсіздік ұранын арман етті.




  1. Абылайлап шапқан батыл бабаларымыз Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, көкжал Барақ батырлар намыс туын жоғары ұстап, жазирадай жазылған жалпақ даласын, киелі де қастерлі қазақ топырағын-болашақ ұрпаққа мұра етіп қалдырды.

  2. Жігітке жеті өнер аз жетпіс өнер көп емес дегендейін тосын сыйдай көріне тамаша өнер көрсетуші мектебіміздің өнерпаздарын қарсы алыңыздар.

Оригиналды жанр-орындайтын Сағатбек Е


  1. Ел тарихының жаңа беті ашылды. Содан бері сынаптай жылжып, дүбірге толы 24 жылдай уақыт өтіп келеді. Өткен жылдар Қазақстан тарихына талай-талай игілікті істер әкелді.Қазақ елі іргесін бекітіп, мемлекеттік шекараны нығайтты. Қазақстан өзінің төл теңгесін жасады.




  1. Теңгем шықты өзімнің тұңғыш рет

Білгін дербес елімнің үлгісі деп

Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым

Беттерінен көз тартып тұрды сурет
4.

Теңдікті айтып тұратын теңге деген

Құт береке болсын деп елге келген

Сәбидей боп қазақша тілі шыққан

Тиыныңнан айналдым соңына ерген


  1. Халқымның төл перзенттері-аяулы қыздары мәдени мұраның ажырамас бөлшегі би өнерінің майталман жұлдыздары Шара апамыздың, Шұғыла сынды әпкемізді білмейтін қазақ баласы кем де кем шығар.Қазақтың би өнерін биікке көтеріп, осынау киелі өнердің өркен жаюына қомақты үлес қосқан Шара апамыздың, Шұғыла сынды өнер жұлдыздарының өнегелі өмірлері біздер үшін жазылмаған дастан.

«Қызғалдақтар» бишілер тобының орындауында «Қазақ биі»
2.Өткен жылдар ішінде Қазақстан аяғынан тік тұрып қана қоймай, әлемдік саяси сахнада өзінің салмақты үні бар мемлекетке айналды. Қазақстанның ұсынысымен Шанхай бестігі, Еурозиялық экономикалық қауымдастық, Азиядағы өзара сенім жөніндегі іргелі ұйымдар құрылды. БҰҰ, ЮНЕСКО-ның, басқа да халықаралық ұйымдарының мінберінен Қазақстан сөзі салмақты шығады.
1.Сықақ айтып күлкілі таң қалдырған

Күлдіріп сахнада жар салдырған

Мектептің бүлдіршін өнерпазы

Өнермен көрерменді таң қалдырған.



Сықақ:Қалалар форумы

Трио: «Туған жер» әні: Р.Гайсин




  1. Әсем ән жан серігім өмірдегі

Әсем ән жан серігім көңілдегі

Әсем ән жадыратшы жанымды бір

Қырандай шалқып ұшқан көгімдегі

Ж.Артықбаеваның әні «Алтын бесік»-орындайтын Ш.Қалымов




  1. Талай жерде құрсақта жатып құрбан болып кете жаздаған Тәуелсіздігімізді пәле-жаладан сақтай көр деп тілейік.Бұл тек біздің ғана емес, дүйім жұрттың көкейіндегі тілегі. Ендеше тілеуі іргелі ел бола білейік.


2.Жасампаздықтың жетістігі 2010 жылы Қазақстан төрге шығып, бас ұстап, әлемдегі беделді, халықаралық ұйымы-Еуропадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық ұйымына төрағалық етіп, аброймен атқарып шықты.

5.

1.Шанағына сыр тұндырған



Шежірелі домыбра

Әуеніне аққу қонған

Қасиетті домыра

Халық әні: «Ай қара көз»- Ермекпаева Индира




  1. Орманыпүліш, бұлағы күміс

Бұлбұлы жыршы, ұл-қызы керім

Таулары заңғар, өзені ырыс

Қазақстан Республикам менің

Ұлдар вокалды тобы «Жас дәуірдің тілегіміз

әні: И.Нүсіпбаевтікі

сөзі : Е.Өтетілеовтікі





  1. Біз биыл Тәуелсіздіктің 24 жылдығына қадам бастық. Бодан жұртты бүгінгідей бостандық күнге жеткізген ұлы жолда, қазақ елі биік белестерді бағындырды. Сарарқаның сайын даласында сәулеті мен дәулеті келіскен әсем астана бой көтерді.

Ән: Республикам менің
1.Қазақ елі осыдан 5 жыл бұрын өз мойнына мәртебелі міндет етіп алған үлкен сыннан абыроймен өтті. Жеті күн бойы Астана мен Алматы аламан доданың дүбіріне әлем жұртшылығы құлақ түрген, жетінші қысқы Азия ойындары-еліміздің айбыны мен айдынын асырған, сәнімен салтанатын асқақтатқан, дүйім дүниеге жұмылған жұдырықтай ынтымақ-бірлігімен, күш-қуатын танытты.


  1. Абай туған, Сәкен туған

ҚҰрметте досым қазақтың жерін

Сан түрлі ұлттың өкілі болған

Қазақстан Республикам менің


  1. Қазақстан Туған өлке кең мекен

Қай ел саған дей аламын теңбе тең

Жазатұғын ғазалым да сенде екен

Қайғы менен азабым да сенде екен

Бақытыммен базарым да сенде екен

Ең қымбатты қазынам деп өзіңнің

Есіміңді жүрегімде тербетем.


2.Сен үйреттің менде біраз ән болса

Сен үрледің отым лаулап жанғанша

Сені сүйіп сені жырлап өтермін

6.

Көкірегімде ақтық демім қалғанша




  1. Тәуелсіздіктің арқасында елімізге құт қонып, ырыс үйіріліп тұр. Төле би бабамыз айтқандай тек қолға қонған бақыт құсын үркітіп алмай, Жұмыла кірісіп, кеңесіп шешіп елдіктің тұғырына әрбір жас құс болып қона білсе-ел болғанымыздың белгісі.




  1. Құрметті өнер сүйер қауым. Осымен Тақыр негізгі орта мектебінің көркемөнерпаздарының Қазақстан Тәуелсіздігінің 24 жылдық құрметіне арналған, концерттік бағдарламасы мәресіне келіп жетті.


Сіздерге әрдайым ашық аспан, зор денсаулық, шаңырақтарыңызға береке-бірлік тілей отырып, концертімізді жабық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.
Каталог: uploads -> doc -> 0322
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0322 -> Сабақта. Сыныпта. Мектепке барар жол. Нәтиже сабақ. Ойын сабақ. ІII модуль КҮЗ
0322 -> Сабақ тақырыбы: Гимнастикалық қабырғада орындалатын жаттығулар
0322 -> Сабақ реті : Күні: Класс: Пәні: Сабақтың тақырыбы : Ньютон әлемі
0322 -> Сабақтың көрнекілігі: сандар құрамы, цифрлар, суреттер, өрнектер. Сабақтың типі: аралас сабақ
0322 -> Ф. 219 №19 Сабақтың технологиялық картасы (жоспары)
0322 -> Сыныптан тыс жұмыс Тақырыбы: «Ауыз әдебиеті әлеміне саяхат»
0322 -> Сабақтың тақырыбы : майлықожа сұлтанқожаұлы (1835 -1898)


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет