1 Қазақстан тарихы курсының пәні мақсаты мен міндеттері. «Қазақстан тарихы»


Жеделдетілген экономикалық жаң­ғырту - Үдемелі инновациялық ин­дустрияландыру бағдарламасы­ның жалғасы



бет16/16
Дата04.11.2016
өлшемі2,92 Mb.
#267
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

1.Жеделдетілген экономикалық жаң­ғырту - Үдемелі инновациялық ин­дустрияландыру бағдарламасы­ның жалғасы

2.Әлеуметтік жаңғырту - жаңа әлеуметтік саясат  

3.2020 Стратегиялық жоспары -көшбасшылыққа қазақстандық жол

3.1 Экономиканы әртараптандыру - табыс кілті

3.2 Сауатты сауда саясаты - ­экономиканың бәсекеге қабілеттілігіне қолдау

3.3 Инвестициялар тарту

3.4 Кәсіпкерлік - жаңа экономиканың қозғаушы күші

3.5  Отандық тауарлар - 2020 Жоспарын жүзеге асырудың табыстылық индикаторы

3.6 Өңірлердің дамуы - елдің дамуы

3.7 2020 Стратегиялық жоспарын іске асырудың базалық шарттары

4. Адам - елдің басты байлығы

4.1 Білім беру

4.2 Денсаулық сақтау

4.3 Өмір сапасын жақсарту және әлеуметтік қорғау

4.4 Ардагерлерге қамқорлық

4.5 Тұрғын үй-коммуналдық сектор саласындағы саясат

5. Ішкі саяси тұрақтылық - 2020 Стратегиялық жоспарын іске асырудың сенімді іргетасы

6. Сыртқы саясат

Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстаннның жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында аналар мен нәрестелер өлім-жітімін төмендету жайында республикалық штабтың жұмысы жалғасуда.

1. 2010 жылдың 1 тоқсаны ішінде 3 отырыс:
№ 1 отырысы 2010 жылы 1 ақпанда 2009 жылдың қорытындысы бойынша өңірлер мен Астана және Алматы қалаларының барлық денсаулық сақтау басқармаларының басшылары мен медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеттері төрағаларының қатысуымен; 
№ 2 отырысы 2010 жылы 19 ақпанда 2010 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша барлық өңірлермен селекторлық мәжіліс;
№ 3 көшпелі отырысы 2010 жылы 17 наурызда Атырау облысы өңірлік штабтың барлық мүшелерінің, облыс және аудан әкімі орынбасарларының, бас дәрігерлердің қатысуымен 2010 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша барлық өңірлермен селекторлық мәжіліс өткізілді.

2010 жылға арналған аналар мен нәрестелер өлім-жітімін төмендету туралы қысқа мерзімді іс-шаралар жоспарының барлық тармағының орындалуы және бақылау туралы денсаулық сақтау басқармаларына хаттамалық тапсырмалар берілді.

Алдын ала көрсеткіштер бойынша ана өлім-жітімі көрсеткіші 2009 жылғы қаңтар-ақпанның қорытындылары бойынша 100 мың тірі туған балаға 35,9, 2009 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 30,2-ні құрады. Ақтөбе (110,9), Жамбыл (98,9), Шығыс Қазақстан (54,2) және Оңтүстік Қазақстан (53,6) облыстарында 2 ай ішінде ана өлім-жітімінің көрсеткіші аса жоғары деңгейде байқалады. 
Ана өлім-жітімінің себебі құрылымында бірінші орында жүктілік пен босанудың асқынуларымен байланыссыз экстрагениталдық дерт, ол 55,6%-ды құрап отыр. 
Жүктілікпен, босанумен және босанудан кейінгі кезеңмен тікелей байланысты себептер (3) 33,3% құрайды, соның ішінде акушерлік қан кету (1) 11,1%, акушерлік эмболия (1) 11,1% және акушерлік сепсис (1) 11,1%. 
Аборттар (1) 11,1%-ды құрайды.
Республикада алдын ала көрсеткіштер бойынша 2010 жыл қаңтар-ақпан айларында нәресте өлім-жітімінің көрсеткіші тірі туылған 1000 нәрестеге шаққанда 18,9-ды құраған, 2009 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 20,0-ды құрады. 
Бұл көрсеткіш орташа республикалық деңгейден жоғары екендігі Қызылорда (24,7), Жамбыл (22,5), Қостанай (21,5), Оңтүстік Қазақстан (21,5), Шығыс Қазақстан (19,5), Қарағанды (19,3) және Ақтөбе (19,2) облыстарында байқалды. 
Нәрестелер өлім-жітімінің себебі құрылымында негізгі орынды перинаталдық кезеңнің кейбір жағдайларынан шетінеу – 53,5%, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,9%-ға төмендеді.

Қазақстан Рес­публи­касы Пре­зиденті Н. Ә. На­зар­ба­ев еңбек­тері

«Қазақстан­ның Еге­мен мем­ле­кет ретіндегі қалып­та­суы мен да­му­ының стра­теги­ясы» (1992 ж.)

Бұл еңбектің маңызы: тәуелсіздік жо­лына түсу­дегі бас­ты бағыт­тар көрсетілді. Ел да­му­ының түбе­гейлі кон­цепци­ясы алғаш рет анықтал­ды. Ішкі және сыртқы са­ясат са­ласын­дағы, ұлттық қауіпсіздік жөніндегі міндет­тер са­ралан­ды. Қазақ халқының та­рихи мис­си­ясы­на тоқта­лып, жергілікті ұлт мүддесі ерек­ше ес­керілетіні қажеттігі ай­тыл­ды.

«Ұлт өзінің мем­ле­кетінсіз ұлт бо­лып өмір сүре ал­мақ емес…. Біздің мем­ле­кетімізде тұрғылықты ұлттың – қазақтар­дың мүдде­лері же­келе­ген мәсе­лелер­де ерек­ше атап ай­ты­латы­ны әбден орын­ды, мұның өзі мем­ле­кет­тердің бірқата­рын­да тап осы­лай етіледі де».

«Қазақстан­ның бо­лашағы – қоғам­ның иде­ялық бірлігінде» (1993 ж.)

Бұл еңбегінде Қазақстанға жаңа үлгідегі иде­оло­ги­яның қажеттігі бар ма, жоқ па де­ген та­лас төңірегінде нақты пікір ай­тты: Иде­оло­гия – адам­дардың қоғам­дастығын са­яси және эко­номи­калық міндет­терді ше­шуге топ­тасты­ру тәсілі. Иде­оло­гия – әле­уметтік мінез-құлықты қалып­тасты­ру ме­ханизмі. Иде­оло­гия мем­ле­кеттің және оның тұғыр­на­масын қол­дай­тын пар­ти­ялар­дың, қоғам­дық қозғалыс­тардың адам­дардың ақыл-ойына өрке­ни­етті түрде ықпал ету тәсілі. Өмір алға озып отырған кез­де әр түрлі иде­оло­ги­ялық ағым­дар бо­лады. Маңызы: Қазақстан­ның қазіргі ке­зеңдегі қоғам­дық-са­яси жағдайына баға беріліп, ел тәуелсіздігі мен тұрақты­лығын сақтау бағыт­та­ры көрсетілді.



«Ғасыр­лар тоғысын­да» (1996 ж.)

Кеңестік жүйе мен де­мок­ра­ти­ялық ке­зең ара­лығын су­рет­тейді. Маңызы: Екі ке­зең тоғысын­дағы са­яси мәсе­лелер­ге айқын түсінікте­ме берілген.



«Та­рих толқынын­да» (1999 ж.)

«Та­рих­тың шеңбер­лері және ұлттық зер­де» бөлімінде ел та­рихын 12 ке­зеңге бөледі. Маңызы: Та­рих қой­на­уын зер­де­лей оты­рып, ұлттық қаси­етті сақтауға тәрби­елеу қажеттігі ба­са ай­ты­лады.



«Сын­дарлы он жыл» (2003 ж.)

Еңбек­те қазіргі таңдағы әлемдік проб­ле­малар көтерілді. Ең бас­ты­сы – есірткіге қар­сы күрес мәсе­лесіне тоқтал­ды.



«Қазақстан – 2030» стра­теги­ясы

1997 жылғы қазан – Пре­зидент Н. Ә. На­зар­ба­ев­тың «Қазақстан – 2030» жол­да­уы жа­ри­ялан­ды. Қаралған мәсе­лелер:

Эко­номи­калық дағда­рыс­тан шығу жол­да­ры.

Ре­фор­ма­лар­ды аяқтау.

Ал­дыңғы қатар­лы мем­ле­кет­тер қата­рына қосы­лу.

«Қазақстан ба­рысын» қалып­тасты­ру

Жол­да­уда бо­лашаққа бол­жам, қазіргі жағдайға тал­дау жа­салып, ішкі және сыртқы са­ясат­тың негізгі бағыт­та­ры, рес­публи­каның да­му­ының ерек­шеліктері ай­тыл­ды.

Бұл бағдар­ла­мада еліміздің са­яси, әле­уметтік-эко­номи­калық да­му­ының жақын ара­дағы және стра­теги­ялық ұзақ мерзімдегі да­му жол­да­ры көрсетілген. Ұзақ мерзімдегі 7 ба­сым­дық:



Ұлттық қауіпсіздікті сақтау

Ұлттық қауіпсіздік ба­сым­дықта­рының деңгейіне мықты де­мог­ра­фи­ялық және көш-қон са­яса­ты шығары­луға тиіс.

XXI ғасыр қар­саңын­да Қазақстан Ре­сейдің ар­ты­нан адам са­ны сыртқы көші-қон про­цес­терінен ғана емес, та­биғи жол­мен ке­ми бе­ретін «де­мог­ра­фи­ялық апатқа» ұшы­рай­ды.

Ішкі са­яси тұрақты­лық пен қоғам­ның топ­та­су­ын нығай­ту

Ішкі са­яси тұрақты­лық пен қоғам­ның топ­та­су­ын жүзе­ге асы­рудың міндет­тері:

Теңдікке негіздел­ген бірыңғай аза­мат­тықты да­мыту.

Эт­ни­калық түсініспе­ушілік се­беп­терінің жойылуы және эт­ни­калық топ­тар құқықта­рының тең бо­лу­ын қам­та­масыз ету.

Дәулеттілер мен жар­лы­лар ара­сын­дағы айыр­ма­шылықты азай­ту. Ауыл проб­ле­масы­на үнемі ерек­ше көңіл бөлу.

Әле­уметтік проб­ле­малар­ды ұдайы шешіп оты­ру.

Са­яси тұрақты­лықты және қоғам­ның топ­та­су­ын қам­та­масыз ететін бай Қазақстан­ды қалып­тасты­ру.

Адам­дар ара­сын­дағы қарым-қаты­нас пен ком­му­ника­ци­ялық бай­ла­ныс­тардың бар­лық ны­сан­да­рын да­мыту.

Әртүрлі кон­фесси­ялар ара­сын­дағы өза­ра құрмет, төзімділік пен сенімді қарым-қаты­нас­ты нығай­ту.

Қазіргі ке­зеңде қазақ дәстүрлері мен тілінің қай­та өрлеуі та­биғи құбы­лыс деп қабыл­да­натын бол­ды.

Мем­ле­кет ең ал­ды­мен ор­та тап­тың мүддесін білдіру­ге тиіс. Қала мен се­ло ара­сын­дағы жікте­лудің те­рең про­цесі жүріп жа­тыр.

Қазақстан – өзінің белгілі та­рихы мен өзіндік бо­лашағы бар еура­зи­ялық ел. Сон­дықтан оның мо­делі басқа ешкімнің мо­деліне ұқса­май­тын бо­лады, ол өз бойына әртүрлі өрке­ни­ет­тердің жетістіктерін сіңіреді.



На­рықтық қаты­нас­тар негізінде эко­номи­калық өсу.

Қазақстан­ның са­ла­уат­ты эко­номи­калық өрлеу стра­теги­ясы на­рықты эко­номи­каға, мем­ле­кеттің бел­сенді рөліне және ше­тел ин­вести­ци­яла­рын тар­туға негіздел­ген.

Мем­ле­кет бел­сенді рөл атқара оты­рып, эко­номи­каға ара­ласуы шек­те­улі бо­лады. Бұл проб­ле­маны ше­шудің стра­теги­ясы:

Үкіметтің са­уда мен өндіріске әкімгершілік ара­ласу­ын жою.

Же­кеше­лендіру про­цесін аяқтау.

Ор­та­лық Үкіметті және жергілікті өкімет орын­да­рын па­расат­ты орын­дасты­ру.

Сот билігі мен құқық қорғау ор­ганда­рын ре­фор­ма­ла­уды жан­данды­ру.

Заңның шексіз үстемдігін белгілеу және заңды орын­дай­тын аза­мат­тарды қыл­мыстан қорғау.

Билік пен заңның бар күшін заңсыз жол­мен, шалқып өмір сүретіндер­ге қар­сы қол­да­ну.

Тұрақты өрле­уді қам­та­масыз ету үшін өндірісті ди­вер­си­фика­ци­ялау қажет. Ал­дағы міндет:

Қазақстан­ды дүни­ежүзілік қауым­дастық ал­дында ин­вести­ци­ялар үшін тар­тымды жер ретінде көрсе­ту.

Ин­вести­ци­ялар­ды тар­ту.

2010 жылға дейінгі бас­тапқы ке­зеңде мы­на са­лаларға көңіл бөлу қажеттігі ба­са көрсетілді:

Ауыл ша­ру­ашы­лығы;

Ор­ман және ағаш өңдеу өнеркәсібі;

Жеңіл және та­мақ өнеркәсібі;

Ту­ризм;

Тұрғын үй құры­лысы;

Инф­рақұры­лым жа­сау.

Қазақстан аза­мат­та­рының ден­са­улығын, білімі мен әл-ауқатын көте­ру.

Қазақстан аза­мат­та­рының ден­са­улығы, білімі мен әл-ауқатын көте­рудегі стра­тегия:

Ауру­ды бол­дырмау және са­ла­уат­ты өмір сал­ты­на ын­та­лан­ды­ру.

Әйел мен ба­ла ден­са­улығын жақсар­ту және қорғау.

Та­мақта­нуды, қор­шаған ор­та мен эко­логи­яның та­залығын жақсар­ту.

Көрке­юші және са­яси тұрақтанған Қазақстанға қажет үш белгі – ұлттық бірлік, әле­уметтік шын­дық, аза­мат­тардың әл-ауқаты­ның ар­туы.

Ұлттық қауіпсіздіктің бір тірегі – миг­ра­ци­ялық са­ясат. Ол – ха­лықтың бір ел­ден басқа бір ел­ге қоныс ауда­руы.

Энер­ге­тика ре­сурс­та­рын же­те пай­да­лану.

Қазақстан­дағы та­биғи ре­сурс­тар­ды, әсіре­се энер­ге­тика­лық ре­сурс­тар­ды пай­да­лану стра­теги­ясы:

Ха­лықара­лық шарт­тар жа­саған­да Қазақстан­ның мүддесін, эко­логи­ясын, өз адам­да­рымыз­дың жұмыс­пен қам­ты­луы мен да­яр­ла­ну­ын, әле­уметтік міндет­терді ше­шу қажеттігін көздеу.

Мұнай мен газ экс­пор­ты үшін құбыр ар­на­лары­ның жүйесін құру.

Әлемдік қауым­дастықтың ірі ел­дерінің мүддесін Қазақстан­ның әлемдік отын өндіруші ретіндегі рөліне бағыт­тау.

Ішкі энер­ге­тика инф­рақұры­лымын құру мен да­мыту, ішкі қажеттілік пен тәуелсіз бәсе­келестік проб­ле­мала­рын ше­шу үшін ше­тел ин­вести­ци­яла­рын тар­ту.

Ре­сурс­тар­дан түсетін кірістерді үнемшілдікпен пай­да­лану.

Инф­рақұры­лым, көлік, бай­ла­ныс­ты да­мыту.

Инф­рақұры­лым, көлік пен бай­ла­ныс са­ласын­дағы Қазақстан­ның міндеті – отан­дық көлік-ком­му­ника­ция ке­шенінің бәсе­келестік қабілетін және Қазақстан аумағы арқылы өтетін са­уда легінің ұлғай­ты­лу­ын қам­та­масыз ету.



Теміржол

Қазақстан­дағы жүк та­сыма­лының негізі – теміржол. Осы са­ланың ал­дында тұрған стра­теги­ялық міндет­тер:

Ха­лықара­лық көлік және са­уда бай­ла­ныс­та­рын, Транс­порт ма­гист­ралі бойын­ша тран­зиттік жүк та­суды қам­та­масыз ететін негізгі темір жол бағыт­та­рын жаңар­ту.

Дос­тық стан­ци­ясын да­мыту, Дос­тық-Ақтоғай участ­кесін нығай­ту­ды аяқтау.

Бар­лық көліктік-ком­му­ника­ци­ялық мо­нопо­ли­ялар­ды ба­тыл қай­та құры­лым­да­уды жүзе­ге асы­ру.

Ав­то­мобиль жол­да­ры

Же­ке меншік ма­гис­та­раль­дар са­лу, қазіргі бар­ла­рын же­кеше­лендіру мен кон­цессияға бе­ру жөніндегі жұмыс­тарды бас­тау.



Әуе көлігі

Ави­ацияда тәртіп ор­на­ту және ұшақтар паркін ли­зинг пен жоғары деңгейді ұшақтар­дың белгілі бір көлемін са­тып алу есебінен то­лықты­ру.

Әуежай­лар­ды қай­та жаңар­ту, қыз­мет көрсе­ту мен сер­висті қам­та­масыз ету деңгейін ха­лықара­лық стан­дартқа жеткізу.

Су көлігі

«Ақтау» ай­лағын қай­та жаңар­ту және флот­ты ке­мелер­мен то­лықты­ру үшін ше­тел ин­вести­ци­яла­рын тар­ту.



Бай­ла­ныс және те­леком­му­ника­ци­ялар желілері

- Шалғай­дағы әлсіз да­мыған аудан­дарға кем де­ген­де, бай­ла­ныс қыз­метінің ең төмен деңгейін бе­ру (ба­лаларға ар­налған ай­мақтық оқыту бағдар­ла­мала­рын та­рату).

- Бо­лашақта әлемнің да­мыған ел­дерінің инф­рақұры­лым­да­рымен бәсе­келе­суге қабілетті дер­бес және тиімді те­леком­му­ника­ци­ялық қыз­мет көрсе­ту жүйесін құру.

Де­мок­ра­ти­ялық кәсіби мем­ле­кет құру.

Қазақстан қоғамын басқару­дағы негізгі міндет­тер:

Мем­ле­кеттік қыз­мет пен басқару құры­лымы­ның осы за­манғы тиімді жүйесін жа­сау.

Ба­сым мақсат­тарды іске асы­руға қабілетті үкімет құру.

Ұлттық мүдде­лердің сақшы­сы бо­ла ала­тын мем­ле­кет қалып­тасты­ру.

Үкімет пен жергілікті өкіметті түпкілікті қалып­тасты­руға мүмкіндік бе­ретін 7 негізгі стра­тегия ұста­ным­да­ры:

Ықшам әрі кәсіпқой Үкімет.

Стра­теги­ялар негізіндегі іс-қимыл бағдар­ла­мала­ры бойын­ша атқары­латын жұмыс.

Ве­домс­тво­ара­лық үй­лестіру.

Ми­нист­рлердің өкілеттіктері мен жа­уап­кершіліктерін, есептілігін және олар­дың қыз­метіне стра­теги­ялық бақыла­уды арт­ты­ру.

Ор­та­лыққа тәуелділікті жою.

Сы­бай­лас жемқор­лыққа қар­сы күрес.

Кадр­лар­ды жал­дау, да­яр­лау және жоғары­лату жүйелерін жақсар­ту.

Қазақстан елінің 8 ар­тықшы­лығы ба­са көрсетілді.

Тәуелсіз, еге­мен мем­ле­кеттің негізі қалан­ды.

Ескі са­яси және эко­номи­калық жүйеден түбе­гейлі бөлек­тенді.

Қоғам­дағы өзгерістер ықпа­лымен адам­дар да түгел өзгерді.

Ора­сан зор бай­лық – та­биғи ре­сурс­тар.

Же­текші фак­тор – адам­дардың өзі, олар­дың ерік-жігері, күш қуаты, та­бан­ды­лығы, білім-білігі.

Ауыл ша­ру­ашы­лық жер­лері.

Қоғам­ның са­яси тұрақты­лығы мен бірлігі.

Қазақстан­дықтар­дың бай­сал­ды­лығы мен төзімділігі, кеңпейілділігі мен ақжарқын­дығы.



Қазақстан­ның сыртқы си­пат­тағы бірқатар мүмкіндіктері:

Еура­зия ай­мағын­дағы жол­дардың түйіскен то­рабын­да ор­на­ласқан ге­ог­ра­фи­ялық жағдайы.

Ше­телдік мем­ле­кет­тер мен до­нор­лық ұйым­дар та­рапы­нан қол­дау көрсетілуі.

Ауқым­да­ну және ғылы­ми-тех­ни­калық прог­ресс прцесі.



Қазақстан қоғамы да­му­ын­дағы ке­леңсіз си­пат­тар:

Ком­му­нистік ұста­ным­дар ру­хын­да тәрби­елен­ген адам­дардың бірне­ше ұрпақта­ры қалып­тастырған – діл. Сон­дықтан бұқара­лық са­наны төзімділікпен жаңғыр­ту қажет.

Өндіріс көлем­дері төмен­деуі әсерінен әле­уметтік аху­ал­дың төмен­деуі.

Аза­мат­тардың көпшілігінің та­бысы мен өмір сүру деңгейінің на­шар­ла­уы.

Ұлттық жи­нақтар­дың ұлғаюы мен ка­питал қор­ла­ну­ының ба­яула­уы.

Ке­дейлік пен жұмыс­сыздық проб­ле­мала­ры.

Де­мог­ра­фи­ялық өнімсіздіктің ұлғаюы.

Же­те да­яр­ланбаған және на­шар ұйым­дасты­рылған мем­ле­кеттік басқару.

Заңдар­дың жар­ты­кештігі және тұрла­усыз­дығы.

2030 жы­лы Қазақстан же­дел өркен­деп ке­ле жатқан үш ай­мақтың – Қытай­дың. Ре­сейдің және Мұсыл­ман әлемінің ара­сын­дағы эко­номи­ка мен мәде­ни­етті бай­ла­ныс­ты­рушы бу­ын рөлін атқара­тын бо­лады.



2030 жыл – Қазақстан күрделі жол­дан ой­дағыдай өткен және да­мудың ке­лесі ке­зеңіне нық қадам­мен аяқ басқан ел бо­лады.
Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет