1 Қазақстан тарихы курсының пәні мақсаты мен міндеттері. «Қазақстан тарихы»



бет6/16
Дата04.11.2016
өлшемі2,92 Mb.
#267
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

32)15-18г феодалдық қатынастар

XV ғасырдың екінші жартысынан бастап қалыптаса бастаған Қазақ мемлекеттігі Тәуке ханның билігі тұсында өзін басқа көршілеріне мойындатқан Орталық Азиядағы мемлекеттердің біріне айналды. Оның бұл кездегі ішкі құрылымы мен сыртқы жағдайынан дербес мемлекетке тән негізгі белгілерді анық байқауға болатын. Бұл уақыт мемлекеттік құрылымның түзілуіне негіз болған, өзіне тән тілі, салт-дәстүрі, мінез ерекшелігі, атамекені, сондай-ақ ортақ мүддесі бар қазақ ұлтының қалыптасу кезеңі еді. Қазақ хандығының құрамына енген ру-тайпалардың өзара экономикалық, мәдениет және қоғамдық-саяси байланыстарының нығая түсуі, этностық аумағының анықталуы, осының негізінде ортақ жалпы ұлттық мүдденің калыптасуы және оны сырттан төнген қауіптен ұйымдаскан түрде қорғау қажеттігі белгілі дәрежеде орталықтандырылған басқарушы билік жүйесінің пайда болып, оның ширай түсуіне алып келді.

XV—XVII ғасырлардағы қазақ тарихы ру-тайпалық мүдде мен жалпымемлекеттік мүдделердің өзара тартысы жағдайында өтті. Еларалық қатынастар тынымсыз жаугершілік пен феодалдық қақтығыстардан тұрған бұл тарихи кезең жалпыұлттық мүдденің маңызын тура түсініп, мақсатты және саналы түрде қызмет жасаған белсенді тұлғаларды да өмірге алып келді. Бұл тұлғалар, ұлттың өзін-өзі тануы, басқа этностармен қатынаста өз мүддесін түсінуі нәтижесінде өмірге келсе, өз ретінде олар ұлттық ұюдың тезірек жүруіне, ұлттық құндылықтардың пісіп-жетілуіне пәрменді ықпал жасады. XVII ғасырда казақ халқы сандық және сапалық өсу жолында тұрды, ол жалпыұлттық сананың қалыптасуына ұласты, ал бұл рухани-интеллектуалдық дәрежеде жүретін жинақы көрініс, мемлекеттік құрылымның бой көтеруі болатын.

33)XVI-XVII қазақтардың рухани және материалдық мәдениеті

- Ма­тери­ал­дық мәде­ни­ет. Ма­тери­ал­дық мәде­ни­еттің маңыз­ды эле­мент­терінің бірі мал ша­ру­ашы­лығымен, егіншілікпен, үй кәсіпшілігімен және қолөнер­мен бай­ла­ныс­ты еңбек құрал­да­ры бо­лып та­была­ды. XIX ғасыр­дың ор­та шенінде шалғымен қоса темір айыр да кеңінен қол­да­ныла бас­та­ды. Ең көп та­ралған қару түрі үш метрлік «сойыл», одан соң «шоқпар» бол­ды. XIX ғасыр­дың ор­та шеніне дейін аң аулау кезінде са­дақ қол­да­ныл­ды.

Көшпелі қазақтар­дың негізгі тұрғын үй­лері көші-қонға ыңғай­лы киіз үй­лер бо­латын. Қазақтың киіз үй­лері олар­дың үлкендігімен, яғни тігілген киіз үй­де қанат деп ата­латын ке­реге са­нымен анықта­латын. Қанат­тар са­ны 4 қанат­тан 12 қанатқа дейін және одан да көп бо­латын. Сыртқы түрі бойын­ша күмбез тәрізді және шо­шақ бо­лып ке­летін. Қысқы қыс­та­улар ор­на­ласқан өзен­дердің аңғар­лар мен тау шатқал­да­рына қазақтар­дың киіз үй­лері тұрақты үлгімен са­лына­тын. Бұлар жер бетіне киіз үй сияқты етіп тас­тан (шо­шала), қамыс­тан (доғара) тұрғызылған құры­лыс түрінде, тік бұрыш­ты жер­ке­пе және жертөле, жер бетіне тік бұрыш­ты етіп са­лынған шым үй және саз бал­шықтан дом­баздалған соқпа там бол­ды. Дәстүрлі ағаш жәшіктер – ке­беже­лердің, көрпе-төсек жи­науға ар­налған жүкаяқтар­дың және ескіден ке­ле жатқан төс-ағаш­тардың ор­ны­на, қазақтар­дың тұрмы­сын­да әй­нек­телген ыдыс қоятын шағын шкаф­тар, жақта­улы ағаш ке­ре­ует­тер, іші құлып­та­латын, көлемі әр түрлі сан­дықтар пай­да бол­ды.

Қазақ халқының тіршілік-тұрмы­сын­да қолөнер кәсібі үлкен маңыз­ды орын ал­ды. Өй­ткені мал ша­ру­ашы­лығы не­месе егіншіліктің да­муы қолөнер кәсіпшілігімен тіке­лей бай­ла­ныс­ты бол­ды. Мал ша­ру­ашы­лығы үшін ер-тұрман, ат әбзел­дері, мал­ды ұстай­тын, бай­лай­тын жаб­дықтар, егіншілік үшін жер жыр­та­тын және тыр­ма­лай­тын, ас­тықты жи­най­тын және өңдейтін құрал­дар т. б. қолөнершілердің еңбегімен дайын­далды. Бұл кез­дегі қазақтың қолөнер кәсіпшілігі қара­байыр ша­ру­ашы­лық еді. Үй­де істе­летін кәсіп бұйым­дардың көпшілігі та­уарға ай­нал­май­тын, өндірушінің өз от­ба­сын ғана қанағат­танды­руға пай­да­ланы­латын. Ха­лық өнері, әсіре­се, киіз үйдің жаб­дықта­рын, жиһаз­да­рын жа­са­уда ерек­ше өрістеді.

Бұл кез­де оңтүстік Қазақстан қала­лары­ның, Ор­та Ази­ямен, Шығыс Түркістан­мен, Орыс мем­ле­кетімен са­уда-сат­тық бай­ла­нысы жан­данды. Осы­ның арқасын­да көшіп-қону­шы және оты­рықшы ха­лық топ­та­рының эко­номи­калық, мәде­ни-әле­уметтік қарым-қаты­насы кеңейе түсті. XVI-XVI­II ғасыр­ларда «Ұлы жібек жо­лы» бойын­да ор­на­ласқан Сығанақ, Са­уран, Оты­рар, Түркістан, Сай­рам, Жент т. б. қала­лар­дың тез­деп өркен­деуі, қазақ халқының біртұтас ел бо­лу­ына, же­ке хан­дық құрып нығаюына үлкен әсерін тигізді. Түркістан, Оты­рар, Та­раз, Сай­рам және тағы басқа қала­лар­дан та­былған күміс теңге­лер мен мыс ақша­лар Қазақ хан­дығы тұсын­да са­уда-сат­тық өркен­деп, ақша ай­на­лымы да­мыған­дығын көрсе­теді.

Сығанақ пен Са­уран­ның, Ясы мен Оты­рар­дың ар­хи­тек­ту­ралық комп­лек­стері, Жәнібек пен Қасым­ның Са­рай­шықтағы, Қазанғап­тың Ұлы­тау жеріндегі ке­сене­лері, Маңғыс­та­удағы, Сыр­да­рия алқап­та­рын­дағы және Қара­тау қой­на­ула­рын­дағы ма­зар­лар өзіндік сәулет-си­паты­мен, ар­хи­тек­ту­ралық фор­ма­лары­ның жи­нақылық әрі айқын­шы­лығымен ерек­ше­ленді.

Ұлан бай­тақ кең да­лада мал бағып, күндерін та­биғат құшағын­да мал өрісінде, түндерін жұлдыз­ды ас­пан ас­тындағы мал күзетінде өткізген қалың қазақ, әлем­дегі та­биғат құбы­лыс­та­рын үнемі бақылап отырған. Осы бақыла­удың нәти­жесінде ха­лықтың көпжыл­дық тәжіри­белері қоры­тылып, жұлдыз­ды ас­пан ту­ралы аст­ро­номи­ялық түсініктер мен білімдер жи­нақталған. Және оның негізінде байырғы қазақ күнтізбесі қалып­тасты. Қазақ халқы ас­пан әлемін бақылау арқылы «құс жо­лы», «құй­рықты жұлдыз», «ақпа жұлдыз» және «кемпірқосақ» жайын­да ұғымын кеңей­тті.

XVI-XVII ғасыр­ларда қазақтар ара­сын­да ис­лам діні кеңінен та­рады. Оны та­рату­да Сығанақ, Түркістан, Хо­резм, Бұха­ра, Са­марқанд сияқты қала­лар ай­рықша рөл атқар­ды. Ис­лам діні көшпелі ха­лық ара­сын­да те­рең та­мыр жайған жоқ. Оған се­беп қақтығыс­тар, соғыс­тар және түрлі са­яси қара­ма-қай­шы­лықтар еді. Сон­дықтан ха­лықтың әсіре­се көшпелі бөлігі ис­лам дінін көпке дейін қабыл­да­май, тәңірге, күнге, ас­панға, жер­ге, суға та­бынуға негіздел­ген на­ным­ды ұста­ды. Қазақтар өмірінде от­ты қаси­ет­теу үлкен рөл атқар­ды.

XVI-XVI­II ғасыр­ларда қазақ халқының ара­сын­да тақыры­бы мен жан­ры жағынан алу­ан түрлі ауыз әде­би­еті кең өріс ал­ды. Қазақ халқының по­эзиясын­да жы­ра­улар­дың ор­ны ерек­ше бағалан­ды. Жыр толғаула­рын­да қанат­ты сөздер, ғиб­ратты нақыл­дар кең орын ал­ды. Сол кез­дегі қазақ по­эзиясы­ның аса ірі тұлғала­ры – Шал­киіз (XV ғ.), Дос­памбет (XVI ғ.), Жи­ем­бет (XVII), т. б. жы­ра­улар.

Қазақтың ба­тыр­лар жы­ры эпосқа тән аңыз сияқтанғаны­мен, олар­дың бәрі дерлік та­рихи оқиғаларға құрылған. Мәсе­лен, Қобы­лан­ды, Ал­па­мыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, Қам­бар дас­танда­ры та­рих шын­дығымен қабы­сып жатқан шығар­ма­лар. Қазақтың әле­уметтік-тұрмыс­тық дас­танда­ры да («Қозы Көрпеш-Ба­ян сұлу», «Қыз Жібек» т. б.) фе­одал­дық-ру­лық қоғам­ның өмірін үлкен ше­берлікпен көрсе­теді.

Бұл кез­де Қазақ хан­дығының мем­ле­кеттік құры­лысы мен ха­лық өмірінің ерек­ше жағдай­ла­рын өзіндік өзге­шелігімен қам­ти­тын қоғам­дық ук­лад «би­лер сөзі», «би­лер ай­ты­сы», «би­лер да­уы», «төрелік ай­ту», «ше­шендік сөздер» деп ата­латын көркемдік мәде­ни­еттің біре­гей түрін туғыз­ды. Әде­би­еттің бұл түрін шығару­шылар негізінен XVI-XVI­II ғасыр­ларда қазақ қоғамын­да сот ісін жүргізу­мен ғана ай­на­лысқан жоқ. Би­лер хан кеңесінің мүше­лері бо­лып, мем­ле­кеттік істер­ге бел­се­не ара­лас­ты. Со­нымен бірге атақты би­лер тай­па­лар мен ру­лар­дың бас­шы­лары бо­лып, ел басқар­ды, жи­ын­дарда со­лар­дың аты­нан сөз сөй­леп, ай­тыс-тар­тыстар кезінде олар­дың мүдде­лерін қорғады.

Қазақтың атақты би­лері по­эти­калық та­лан­ты зор және су­ырып сал­ма ай­ту мен ше­шендік сөз арқылы өза­ра ай­тыс­тың та­маша ше­бер­лері болған. XVI-XVI­IIғасыр­ларда би-ше­шен­дер ара­сын­да мем­ле­кеттік және қоғам­дық қыз­метінің маңыз­ды­лығы, ше­шендік өнерінің күшімен по­эти­калық ше­берлігі жағынан Төле би Әлібекұлы (1663–1756), Қазы­бек Келдібекұлы (1665–1765), және Әй­те­ке Бай­бекұлы (1682–1766) ерек­ше орын ал­ды. Олар тек Қазақстан­да ғана емес, со­нымен қатар Ре­сей­де, Хи­уада, Жоңғария мен Қытай им­пе­ри­ясын­да та­нымал болған.

Бұл кез­де қазақ тіліндегі жаз­ба әде­би­ет­тері діни және аңыз­дық мазмұндағы кітап­тар түрінде та­рал­ды, сон­дай-ақ та­рихи шығар­ма­лар мен ру­лар та­рихы (шежіре) жа­сал­ды. Олар­дың ішінен За­хир-ад-дин Ба­быр­дың «Ба­быр­на­масын», Ка­малад-дин Би­най­дың «Шай­ба­ни-на­месін», Мұхам­мед Хай­дар Ду­латидің «Та­рих-и Ра­шидиін», Қожамқұл бек Ба­хидің «Та­рих-и-Қып­шағын», Қадырғали «Жа­ми-ат-та­вари­хын» және басқа да шығар­ма­лар­ды ар­найы бөліп көрсе­туге бо­лады.

Бұл кез­де Қазақ хан­дығы көршілес мем­ле­кет­термен, Ор­та және Та­яу Шығыс ел­дерімен үздіксіз ара­ласып отыр­ды. Мұның өзі араб-мұсыл­ман мәде­ни­еті мен ғылы­мының та­ралу­ына әсерін тигізді. Қазақ жерінде мек­тептер мен мед­ре­селер ашы­лып, олар­да оқу араб-пар­сы және түрік тілдерінде жүргізілді. Қазақтар жа­зуда араб әліп-биін тұтын­ды. Мек­тептер мен мед­ре­селер­де ғылым­ның әр түрлі са­лала­ры "дін ілімі, ма­тема­тика, ло­гика, фи­лосо­фия) бойын­ша білім беріліп, Шығыс­тың ұлы ақын­да­рының клас­си­калық ту­ын­ды­лары­мен та­ныс­ты­рыл­ды. Мұның бәрі қазақ халқының жал­пы да­му­ына, бүкіл қоғам­ның ру­хани өмірі мен мәде­ни­етіне игі ықпал жа­сады.

Со­нымен, XVI-XVI­II ғасыр­ларда Қазақ қоғамын­да ша­ру­ашы­лықтың және мәде­ни­еттің да­му­ын­да еле­улі ілгеріле­ушілік орын ал­ды. Оның бас­ты се­бебі, қазақ халқының біртұтас мем­ле­кет­ке бірігуімен бай­ла­ныс­ты еді.



34 )XVI-XVII ғасырларда ауыз әдебиеті. Ауыз әдебиетінің асыл қазыналарын жасаған, оны ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырған халық арасынан шыққан дарынды-ақындар, сал, серілер,жыраулареді. Сол кездегі қазақ поэзиясының аса ірі тұлғалары – Шалкиіз (XV ғ.), Доспамбет (XVI ғ.), Жиембет (XVII), т.б. жыраулар. Қазақтың батырлар жыры мысалы: Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, Қамбар дастандары тарих шындығымен қабысып келе жатқан шығармалар. Қазақтың әлеуметтік – тұрмыстық дастандары да (Қозы Көрпеш-Баян сұлу, Қыз-Жібек т.б.) феодалдық-рулық қоғамның өмірін үлкен шеберлікпен көрсетеді. Халық арасында ана тіліндегі жазба әдебиет діни және тарихи мазмұндағы кітап түрінде тарады. “Тарихи-и Рашиди” – Орта Азия мен Қазақстанның XIV ғ. II-жартысы- нан XVI ғ. басына дейінгі тарихы баяндалған шығарма. Бұл шығарма 1541-1546 жылдары жазылған. Оның қолжазбасы екі дәптерден құралған. Бірінші дәптерде Шағатай әулетінің тарихы баяндалады, екіншісінде XV-XVI ғ. Шинжаң өлкесінде, Орталық Азияда, Индия мен Ауғанстанда өткен тарихи оқиғалар баяндалады.Онда қазақ тарихына қатысты құнды деректер бар. XV ғасырырдың ортасында батыс Жетісуда қазақ хандығының құрылуы, қазақ-қырғыз, өзбек халықтарының қатынасы. Шығыс Қазақстанның қоғамдық шаруашылық жағдайыберілген.  Ол еңбекті жазған Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551) тарихшы, әдебиетші. Ол араб, парсы тілдерін жетік білген. Хан сарайында сақталған құжаттарды пайдаланған. “Жамих ат-тауарих” (Жылнамалар жинағы) – ерте кездегі қазақ тілінде жазылған тарихи шығарма. Онда: ерте кезден бері қазақ даласын мекендеген қаңлы, жалайыр, қыпшақ, найман, керей, қоңырат, алшын, т.б. тайпаларының шежіресі беріледі. XI ғ. Орта Азия мен Қазақстан территориясында өмір сүрген қарахандар әулетінің, оғыз-қыпшақ тайпалар одағының дәуірінен бастап 1600 жылға дейінгі тарихы баяндалады. Әсіресе XIII ғ. мен XVI ғ. арасындағы қазақ жерінде болған ірі тарихи оқиғалар баяндалады.  Қазақ қоныстанған жерлердің жағдайы, ондағы қалалар, қазақ хандығы мен хандардың өмірбаяны, қазақ хандығының заңды ережелері жайында деректер берілген. 
“Жамих ат-тауарих” кітабыныің жазушысы Қадырғали Қосынұлы Жалайыр (1530-1605) Сырдария бойын мекендеген жалайыр тайпасынан шыққан, сол себептен “Жалайыр” аталған. Ол қазақ хандығының орда-сарайында ханның ақылшысы және ханзада- лардың тәрбиешісі болып қызмет істеген. Бұл еңбек алғаш рет 1854 ж. Қазанда жарық көрген.

35)18 ғ. 1 жартысы Қазақсытн ішкі саяси және әлеуметтік жағдай

Қазақ хандығы — шаруашылықтың дамуы, өндіргіш күштердің өсуі, феодалдық қатынастардың қалыптасуы нəтижесінде ерте заманнан бері Орта Азияның ұлан-байтақ өңірін мекендеген көшпенді тайпалардың бірыңғай этникалық топ — қазақ халқының негізінде бірігуі арқылы XV-ғасырдың орта шенінде құрылды. Жаңа кұрылған Қазақ хандығы құрамына, яғни батыс Жетісу өңіріне он шақты жыл айналасында екі жүз мыңдай саны бар көшпелі тайпалардың жиналуы кең өріс-қонысты керек етті. Сонымен қатар көшпелі елдің отырықшы-егіншілігі көркейген аудандармен, əсіресе қолөнері мен саудасы дамыған экономикалық орталық — Сырдария жағалауындағы қалалармен сауда-саттық қарым-қатынасқа қолайлы жағдай жасау маңызды мəселеге айналды. Сырдария бойындағы қалалар мен Дешті-Қыпшақ даласы үшін күресте Қазақ хандығының басты бəсекелесі жəне ата жауы Əбілхайыр хан болды. Қазақ хандығы Əбілхайырға қарсы күресу үшін ең алдымен Моғолстан мемлекетімен тату көршілік, одақтық байланыс орнатты. 1468 жылы қыста Əбілхайыр хан Қазақ хандығын киратпақ болып, Жетісуға жорыққа аттанды, бірақ сапары сəтсіз болып, осы жорық кезінде қаза тапты. Əбілхайыр хан өлгеннен соң өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды, ішкі шиеленістер күшейді. Əбілхайырдың қаза болуы Қазақ хандығының нығаюына жəне оның көлемінің кеңеюіне үлкен жағдай тудырды. Алайда Сырдария жағасындағы қалалар үшін Əбілхайырдың немересі Мұхаммед Шайбани ханмен күрес отыз жылдан астам уақытқа созылды. Бұл күрес Керей ханның баласы Бұрындық хан болған кезде де (1480—1511) толастаған жоқ. Қазақ хандығы Қасым хан тұсында (1511—1521 жж.) нығая түсті. Бұл тұста Қазақ хандығы сол кезеңнің халықаралық қатынасынада кең тартылды. Қасым хан Ұлы князь Василий III (1505—1533) кезіндегі Мəскеу мемлекетімен дипломатиялық қатынаста болды. Осы кезеңде қазақ халқы туралы мəлімет батыс Еуропаға да белгілі болды. Қасым хан қайтыс болған соң Қазақ хандығындағы ішкі жағдай бірден айқындалды. Оның мұрагерлері арасында билікке таласқан дау басталды. Соның нəтижесінде ішкі тартыс, қайшылық пен қырқыстар күшейді. Қазақ хандығы осы ішкі феодалдық қырқыстар нəтижесінде ыдырап, бөлшектенді. Қасым ханның баласы Хақназар хан (1538—1580) тұсында Қазақ хандығы қайта бірігіп, дами түсті. Хақназар хандық құрған кезде Қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиғалар болып жатты. Мемлекеттің солтүстігінде Ресей өз иеліктерін қазақ даласына едəуір жылжытты. Хақназар хан қаза болған соң оның орнына Жəдік сұлтанның баласы Жəнібек ханның немересі Шығай 1580—1582 жылдары хан болды. 1582 жылы Шығай хан қайтыс болғаннан кейін таққа Тəуекел (1582—1598 жж.) отырды. Тəуекел хан Бұхара ханы Абдолламен жасасқан шартты бұзып, қазақ жəне өзбек билеушілері арасындағы жаугершілік қайта қоздады. Тəуекел сыртқы саясатында хандықтың оңтүстігіндегі қалаларда билікті нығайтуға күш салады. Ендігі жерде ол Сыр бойындағы қалалар үшін Абдолламен күресті бастайды. Есім хан (1598-1628 жж.) қазақ тарихында «Еңсегей бойлы ер Есім» деген атпен əйгілі болды. Хан тағына отырған соң Бұхарамен бітім-шартын жасасып, Орта Азия қалаларымен бейбіт, экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды. Есім ханның мұрагері Жəңгірдің өмірі ат үстінде Қазақ хандығы жауларымен күресте өтті. Халық оны ел үшін еңіреп туған ерлігіне бола «Салқам Жəңгір» деп атаған. Жəңгір хан (1628-1652 жж.) билік құрған жылдары да Сыр бойындағы қалалар үшін Аштарханидтермен жəне Жетісудағы жайылымдар үшін қалмақтармен қақтығыстар тыйылмады. Жəңгірдің баласы Тəуке хан (1680—1718) тұсында Қазақ ханғының күш-қуаты өсіп, бірлігі артты. Тəукенің туған жылы белгісіз, ал қайтыс болған жылына байланысты ғылыми зерттеулердегі пікірлер де əртүрлі. Жəңгір ханның ұлы жəне мұрагері Тəуке 1680 жылы Қазақ хандығының тағына отырды. Ол асқынған ішкі феодалдық алауыздық пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын құруға қажырлы қайрат жұмсады.Хандық билікті күшейтуге бағытталған реформалар жүргізді.

Қазақ хандығының 15-18ғ басындағы ішкі және сыртқы жағдайы.XVI ғасырда Қазақ хандығы Қасым ханның тұсында (1511-1521) ең жоғарғы қуаттылығына жетті. Ішкі жағдайымыз тынышталып, қазақ рулары Қасым ханға қосыла бастады. Сыртқы жағдайымыз біршама алаңдарлықтай еді. Территориясы: Жайық өзені, Сырдария, Ұлытау, Балқаш көлі, Жетісудың бір бөлігі. Негізгі мақсаты: Сыр бойындағы қалаларды өзіне қарату.Қасым ханның соғыс жорықтары:1510 – М. Шайбани Сығанаққа шабуыл жасап жеңіліс тапты, Самарқанға қашты.1510 – Шайбани Мерв түбінде ирандықтардан қаза тапты.1513 – Қасым хан Сайрамды алды.1513 – Ташкент билеушісі Сүйінішке Қаттабекпен бірігіп соғыс ашты.Ташкент түбінде Қасым хан жараланып, Сайрамға шегінді. 1514 жылы Моғолстан ханы Сұлтан Саид Шығыс Түркістанға кеткен соң, Жетісу Қазақ хандығына өтті.Қазақ саны 1 млн.-ға жетті.Алғаш орыс мемлекетімен (Василий ІІІ. 1505-1513) дип. Қатынас орнатты.«Қасым ханның қасқа жолы» атты заңдар жинағы болды. Заң 5 бөлімнен тұрды (мал-мүлікке б/ты, қылмыс, әскери қызмет, елшілік,дәстүрлерді өткізу туралы) .Қасым ханның билігінің соғында тыныштық заман орнады. Сауран қаласы сауда орталығына айналды. 1521 жыл – Қасым хан Сарайшықта қайтыс болды.Қасым ханның өлімінен кейін Қазақ хандығында тартыстар пайда болып, хандық әлсіреп қалды. Қасымның мұрагері Мамаш тартыс барысында қаза тауып, Тақыр (1523 - 1533) хан болды. Ол қырғыздармен одақтасып, 1524 жылы Моғолстанға қарсы соғысты. Тақырдың дипломатиялық, әскери таланты болмады. Хан Ноғайлардан жеңілді, Сыр қалаларын қайтарып ала алмады. Тақырдан кейін Бұйдаш хан болды (1533 - 1534) Оның тұсында да тартыстар тоқтамады. Нәтижесінде, өзбектер мен Моғолстан бірігіп Жетісуды жаулап алды.Осы тартыстардан елді құтқарып, жағдайды қалып қа келтірген Хақназар хан (1538- 1580) болды. Негізгі мақсаты: Қасым хан тұсындағы иеліктерді қалпына келтіру. Территориясы: Сырдария, Арал маңы, Жетісу, Жайықтың сол жағалауы . Хақназар тұсында ноғайлар Қазақ хандығына кірді. Хақназарды «қазақтар мен қырғыздар ханы» деп атайды.1560 – моғолдар қазақ-қырғыз одағын жеңді. Соның нәтижесінде, ойраттар шабуылы әсерінде Жетісу жері қазақтардан алына берді.Башқұрт деректерінде Хақназарға башқұрттардың да бағынғаны айтылады.Хақназар тұсында Орыстармен саяси және сауда қатынасы дамыды (1569 ж. Семен Мальцев; 1573 ж. Чебуков).1563 жылдан Сібір хандығын билеген Көшім хан Қазақтармен дұшпан болды1573 ж. Орыс елшісі Чебуков Көшімнің бұйрығымен өлтірілді.Жағдайдың ауырлығы Хақназарды одақтас іздеуге итермеледі. ІІ Абдаллах пен Хақназар одақтас болды. Хақназар Баба сұлтан мен Абдаллах арасында бірде бірін, бірде екіншісін қолдап, айла жүргізді. Нәтижесінде:Абдаллах Сыр қалаларын қазақтарға берді.Баба сұлтан сойырғал ретінде Йассы мен Сауранды берді.Хақназар хан Баба сұлтанның тыңшысының қолынан 1580 жылы қаза тапты. Хақназар ханның саясатының маңызы:Хандық аумағы кеңейді.Дербес мемлекет ретінде танымал болды.Хан билігі күшейдіІшкі саяси және шаруашылық өмірдің тұрақты болуы.Хақназардан кейін оның немере інісі Шығай (1580 - 1582) хан болды. Шығайдан кейін оның баласы Тәуекел (1582-1598) елді биледі. Бұл кезде Сыр бойындағы Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрам қалалары ІІ Абдаллахтың иелігінде болды. 1586 – Тәуекел Түркістанды алып, Ташкентке қауіп төндірді.1586-1594 – Тәуекел хандық үшін Хақназар ұрпақтарымен күресті.1594 – Мәскеуге Құл-Мұхаммед бастаған елшілік жіберді. 1595 – Мәскеуден Степанов бастаған елшілік келеді.XVI ғ. Ойраттар қазақ әскерінен жеңіліп, тәуелділікке түседі. Тәуекел хан өзін қазақ пен қалмақтың ханы деп санады.1598 жыл – Абдаллах өлімінен кейін Орта Азияға жаңа соғыс бастады. Тәуекел хан Бұқар түбіндегі шайқаста ауыр жараланып, Ташкентте қайтыс болды. XVI ғасырда Қазақ хандығы өзінің сыртқы саясатында біршама жетістіктерге жетіп, белгілі бола бастады. Ішкі жағдайы да біршама тұрақты болатын.

36 )Кіші жүз қазақтарының Ресей бодандығын қабылдау.

Қазақ елінің ауыр сыртқы жағдайын Кіші жүз ха­ны Әбілқайыр Ре­сей им­пе­ри­ясы­ның қол­да­уы арқылы шеш­пекші бол­ды. Әбілқайыр хан­ның мақсат­та­ры:

Қал­мақтар мен башқұрттар­дың Қазақ жерін ша­бу­ыл­да­уын тоқта­ту.

Пе­тер­бург би­ле­ушілеріне арқа сүйеп, аға хан­дыққа та­лас­та қар­сы­лас­та­рын жеңу.

Жайықтың төменгі ағысы, Есіл, Ертіс, Ор өзен­дері бойын­дағы қазақтар­дың мал жайылым­да­ры үшін бейбіт өмірді сақтау.

Қазақ жері арқылы өтетін ке­ру­ен жол­да­рының қауіпсіздігін қал­пы­на келтіру.

Ең бас­ты мақса­ты – жоңғар­ларға қар­сы күрес­те Ре­сей­мен бай­ла­ныс ор­на­ту.

Әбілқайыр хан 1726 жы­лы Ре­сей им­пе­ри­ясы­ның құра­мына кіру­ге өтініш білдіріп, елшілерін жібер­ген бо­латын. Бірақ елшілікке күмәнданған пат­ша үкіметі хан ұсы­нысын жа­уап­сыз қал­дырған. Кіші жүз ақсүйек­терінің та­лабы: Ре­сей­мен әске­ри одақ құру.

Әбілқайыр хан та­лабы: Ре­сейдің құра­мына кіру.

1730 жылғы қыркүйек – Пе­тер­бург­ке ат­танған елшілері Сейітқұл Қой­дағұлұлы, Құтлым­бет Қош­тайұлы­на Ре­сейдің құра­мына кіру ту­ралы құжат тап­сырды.

1731 жылғы 19 ақпан – Кіші жүзді им­пе­рия құра­мына қабыл­дау ту­ралы хан ұсы­нысын им­пе­рат­ри­ца Ан­на Иоан­новна қабыл­да­ды.

Кіші жүз ақсүйек­тері мен Әбілқайыр­дан ант қабыл­дау үшін Ре­сей­ден сыртқы істер кол­ле­ги­ясы­ның тілмәші, дип­ло­мат А. И. Тев­ке­лев бас­таған елшілік жіберілді.

1731 жы­лы қазан­да орыс елшілері Ырғыз өзені бойын­дағы Әбілқайыр ор­да­сына кел­генде, қазақ ақсүйек­тері ара­сын­да ала­уыз­дық бар екені анықтал­ды. Ба­рақ сұлтан, Бөген­бай ба­тыр топ­та­ры Кіші жүзді Ре­сей­ге қосу жөніндегі ша­ралар­ды аяқсыз қал­ды­руға ты­рысқан­мен, бұл қар­сы­лық сәтсіз аяқтал­ды.

1731 жылғы 10 қазан – Кіші жүздің 29 стар­шы­ны Ре­сейдің қол ас­ты­на кіру­ге ант берді.

Кіші жүздің Хи­уа хан­дығымен, қарақал­пақтар­мен шек­тесіп жатқан аудан­да­ры Ре­сей им­пе­ри­ясы­на қосыл­ма­ды. Орыс үкіметі Қазақ өлкесі жөнінде отар­шылдық са­ясат ұста­нып, 1714–1720 жыл­да­ры бекіністер тұрғызған бо­латын: Жәміш, Ом­бы, Кол­ба­синск, Же­лезинск, Се­мей, Ко­ряков (Ке­реку), Өске­мен.

Пат­ша үкіметінің мақса­ты – қазақ-жоңғар соғысын пай­да­ланып, бекіністер са­лу арқылы Қазақ өлкесін біртіндеп жа­улап алу.

Пат­ша үкіметі Жайық бойына бекіністер тұрғызып, егін ша­ру­ашы­лығына қолай­лы өңірлерді ба­сып алып, орыс по­мещик­теріне, ка­зак-орыс қоныс­та­нушы­лары­на та­ратып бе­ру са­яса­тын ашық жүргізе бас­та­ды.

Жаңадан қосылған қазақ жер­леріндегі шеп­терін нығай­ту мақса­тын­да Ре­сей үкіметі 1734 жы­лы ма­мыр­да Се­нат­тың хат­шы­сы И. К. Ки­рил­лов басқарған экс­пе­диция жаб­дықта­ды:

Ор өзені бойын­да бекініс тұрғызу;

Ор­та Азия хан­дықта­рымен ке­ру­ен са­уда­сын кеңей­ту;

Қазақ өлкесіндегі та­биғат бай­лықта­рын иге­ру;

Сыр­да­рия бойын­да қала тұрғызып, Өзен фло­тили­ясын құру.

Са­яси жағдай­дың ши­еленісіп ке­туіне бай­ла­ныс­ты экс­пе­диция мақсат­та­ры түгел іске ас­па­ды.

1735 жыл – Ор өзені бойын­да Ор бекінісінің негізі қалан­ды.

Орын­бор ше­кара­лық ко­мис­си­ясы­ның ке­лесі төрағасы И. И. Неп­лю­ев (1742 ж.) Орск қала­шығын 1743 жы­лы жаңа жер­ге көшірді. 1743 жыл – Орын­бор қала­сының негізі қалан­ды.

1735–1737 жыл­да­ры болған башқұрттар­дың көтерілістері кезінде Әбілқайыр­дың башқұрт би­ле­ушілерімен бірігіп ке­туінен сес­кенген пат­ша үкіметі екінші рет ант алу­ды көздеді.

1738 жылғы та­мыз – Орын­бор ко­мис­си­ясы­ның бас­шы­сы, та­рих­шы В. Н. Та­тищев Орын­борда қазақ сұлтан­да­рының съезін өткізді.

Кіші жүз бен Ор­та жүзден бар­лығы 60-қа жуық стар­шын Ре­сей­ге берілгендігін қуат­тап екінші рет ант берді.

1740 жыл – Әбілмәмбет хан мен Абы­лай сұлтан­ның ант бе­руі са­яси жағдай­дан туған ай­ла бол­ды. Ре­сей­мен жақын­да­сып, Ор­та жүзге жа­сала­тын жоңғар ша­бу­ылын әлсіре­туді көздеді.

1734 жылғы 10 ма­усым – им­пе­рат­ри­ца Ан­на Иоан­новна Ұлы жүзді Ре­сей құра­мына қабыл­дауға келісімі жөнінде жар­лық шығар­ды.

Экономикалық мешеулікпен, феодалдық бытыраңқылықпен қатар Қазақстанның өндіргіш күштерінің дамуын тежеген факторлардың бірі сыртқы саяси қауіп болды. Халық үшін осы ауыр жағдайда қазақ хандықтары билеушілерінің алдында маңызды да күрделі міндет қазақ жүздерін сыртқы жаудан қауіпсіз ету және елде күшейе түскен феодалдық бытыраңқылық үрдісін жою міндеті тұрды. Қазақ қоғамының ішкі күрделі даму жағдайларында, жоңғарлар мен Еділ қалмақтарының, башқұрттардың, Жайық және Сібір қазақтарының қоршауында шын мәнінде экономикалық оқшаулау, ұлы империяның тұрақты қысым көрсетуі жағдайында бола отырып, қазақ жүздерінің билеушілері Россия империясы сияқты одақтас іздеуге мәжбүр болды. Кіші жүздің Россия құрамына енуі туралы мәселені шешу кезінде Кіші жүз ханы Әбілқайыр бастаған хан партиясы елеулі роль атқарды. Ол қазақ хандықтары тап болған күрделі ішкі және халықаралық жағдайда қырдағы басқа топтардан гөрі дұрыс бағалап, бірінші кезекте Кіші жүзде Россия құрамына қосқан жағдайда Россияның көмегімен ғана Жоңғария, сондай-ақ Цин империясы тарапынан төнген қауіп-қатерді жоюға және ішкі алауыздықтарды тоқтатуға болатынын басқалардан бұрынырақ түсіне білді. XVIII ғасырдың 20-жылдарына дейін султан болып жүрген кезінде Әбілқайыр орыстың дипломатиялық топтарына едәуір белгілі болатын. «Ақылы жеткілікті және қулықтан да ада емес адам» - деп ол жөнінде А.И.Тевкелев осындай пікір айтқан. Ол ең алдымен қазақ мемлекеттілігінің стратегиялық мүдделерін басшылыққа алып, екінші жағынан Россия әкімшілігіне сүйене отырып, өзінің басқа бәсекелестерінен жоғары болуға, оларды саяси аренадан ығыстырып шығаруға ұмтылды, атақты Тәуке ханның заманында болғанындай, өзі билеген хандықтың жеке-дара басшысы болу мақсатымен, халыққа қасіретті зардабын тигізетін жоңғар басқыншылығына жол бермеу үшін күш пен мүмкіндікті біріктіруге тырысты. Осы міндеттерді іс жүзіне асыруға ұмтылған Әбілқайыр 1730 жылдың жазында Уфа наместниктігі арқылы Петербургке елші жібереді.

1730 жылы 8 қыркүйекте Уфаға Әбілқайырдың Сейтқұл Қойдағұлов пен Құлымбет Қоштаев бастаған елшілігі келіп жетті. Олар әйел патша Анна Иоанновнаға Кіші жүзді Россия империясының құрамына қосу жөнінде өтініш жасады. «Біз Әбілқайыр хан,- деп көрсетілді жолдамада,- маған карасты Орта жүз бен Кіші жүздің көптеген ...халқымен сіздің алдыңызға күлліміз бас иеміз... Сіздің қамқорлығыңызда болсақ дейміз». Әбілқайыр өз жолдамасында қазақтар мен башқұрттар арасында қалыптасқан тым шиеленіскен қарым – қатынасты баса айтты. Хан Кіші жүзді Россия құрамына қосу бұл қарама қайшылықтарды жояды деп есептеді. 1731 жылғы 19 февральда императрица Анна Иоанновна Әбілқайыр ханға және бүкіл қазақ халқына олардың Россия қоластына ерікті түрде қабылданғандығы туралы грамотаға қол қойды. Оны қазақтарға жеткізу үшін 1731 жылдың 30 сәуірде Кіші жүзге А.И. Тевкелев бастаған елшілік жіберілді. Олармен бірге Петроградка жіберілген қазақ елшілері де оралды. Кіші жүз қазақтарының Россия қоластына қабылдануында атақты Бөгенбай батыр елеулі роль атқарды. 1731 жылғы 10 қазанда Тевкелевті қазақ ру басыларының жиналысына шақырды, онда Әбілқайыр, содан соң Бөгенбай батыр, Есет, оның тумасы Құдайназар мырза, ал олардан кейін тағы да 27 білікті қазақ феодалдары Кіші жүздіңРоссияға өз еркімен қосылуы туралы юридикалық актіге қол қойды. Орта жүздің Россия бодандығын қабылдау



38) Абылай және оның билігінің нығаюы.

Орта жүз бен Ұлы жүздегі жағдай аз уақыт турақталғаннан кейін XVIII ғасырдың 40-жылдарының аяғына қарай тағыда шиелініске бастады. Қойтайшы Калдан –Серен қайтыс болған соң Жоңғарғарияда орын алған өзара қырқыс осы құдіретті державаның әлсіресеуіне және бүкіл аумақтағы саяси жағдайдың шиеленісуіне әкеп соқты. Қалыптасқан жағдайды пайдаланған қазақ даласының билеушіері де Жоңғария мен көрші мемлекеттердің істеріні белсене араласа бастады. Орта жүз бен Ұлы жүздің ресми ханы Әбілмәмбет болып қалғанына қарамастан, нақты билік бірте-бірте ықпалды султан Абылайдың қолына жинақтала берді, ол қазақ – жоңғар соғыстарының барысында қалыптасқан батырлар мен билердің үлкен қолдауын сүйенетін.

Абылай хан 1711 жылы қанішер Абылай ханның баласы Уәли султанның шаңырағында дүниеге келген. Оның азан шақырып қойған аты Әбілмансұр болатын. Жоңғарлар Түркестанды алып, Уәли султанды өлтірген кезде, 13 жасар бала мүлде панасыз қалады да, Әбілмансұр Ораз дейтін құлының арқасында жан сақтап, бұғанасы бекиді. Ұйпа – тұйпа болып жүргені үшін жұрт оны Сабалақ деп атап кеткен. Болашақ хан Әбілмансұр 1730 жылы ауыл адамдарымен бірге жоңғарларға қарсы шайқасқа қатынасып, өзінің асқан ерлігі, батылдығымен көзге түседі. Сөйтіп, Абылай 30-жылдардың аяғынан бастап, елдің саяси өмірінде тағдырлы соғыс және бейбітшілік проблемаларын шешкен көрнекті тұлғаға айналды. Сол арқылы Абылай бүкіл күш- қарайтын жоғарғы билікті нығайтуға және қазақ хандығын ұзаққа созылған саяси дағдырыстан шығаруға бағыттады. Қазақ руларының Абылай төңірегіне топтасуы оның Жоңғарияға қарсы белсенді де нысаналы қимылдауына көп жағынан көмектесті.Орта жүзде Абылай билігінің нығайюына елдің оңтүстік шекараларын нығайту жөніндегі белсенді қызметі себепші болды. 50-60 жылдардың басында қазақтардың қырғыздармен қатынастары ерекше шиеленісіп кетті. Алатаудың солтүстік жағындағы, Жоңғария құлағыннан кейін қазақтар да, қырғыздар да көз тіккен Ұлы жүздің қазақтары әділетті түрде оны өз мүдделерін қорғаушы деп біле бастады. Сонымен, 60-жылдардың аяғына қарай Абылай султан Қазақстанның көпшілігі бөлігінде жоғарғы билікті нығайтып алды. Орта жүз бен Ұлы жүз оған толық бағынды, Кіші жүздің көптеген билеушілерімен ол әулеттік қыз алысып, қыз берісу арқылы туыстық жағынан байланысты болды. Батыр хан мен Ералы султан оның одақтастары еді, тіпті Нуралы хан онымен санасуға мәжбүр болды. Әбден қартайған Әбілмәмбет ресми түрде жоғарғы билеуші болып қалғанымен, сол кезеңнің өзінде-ақ Абылай ресми хат алысқанда хан деп атала бастайды. Әбілмамбет қайтыс болғаннан кейін ғана Абылай 1771 жылы жалпы қазақ ханы болып жарияланды. Бұл бір тутас тәуелсіз қазақ хандығын сақтауға жасалған соңғы әрекет еді

39)Сырым Датұлы бастаған көтеріліс

ХҮШ ғасырдың 30-шы жылдары Кіші жүзді өзіне тәуелді еткен соң патшалық Ресей біртіндеп қазақ даласындағы отарлау саясатын терендете бастады. Кіші жүз өңірінде қалыптасқан жагдайлар қазақгардың Е. Пугачев бастаған көтеріліске қатысуына себеп болды. Пугачев көтерілісіне қазақтардан басқа башқұрттар, қалмақтар, т.б., қатысқан еді. Бұл көтерілісті басуга патша әкімшілігі жақсы қаруланған жазалаушы әскерді көп жіберді. Жазалаушы эскер Қазан манында көтерілісшілерді басып-жаншыған соң, Пугачев бастаған көтеріпіс жеңіліс тапты. 1775 жылдьщ көктемінде жазалаушы әскер көтеріліске қолдау көрсеткен казак ауылдарына шапқаншылықтар жасады. Бүган шыдамаган қазақтар далага ішкерілей көшіп кетіп, бас саугалайды. Бұл келеңсіз құбылыстарға қоса хан мен патша үкіметінің салған түрлі салыктары, көрсеткен зорлық-зомбылықтары халықты әбден титықтатқан еді. Патшалық Ресейдің жергілікті әкімшпіік орындарьша арқа сүйеген Нұралы хан мен оның туыскан сұлтандары 70-жылдардьщ екінші жартысында халықты канауды күшейтті. Осындай әлеуметтік-саяси себептер С.Датұлы бастаған Кіші жүз казақтарының көтеріліске шығуына негіз болды. Көтерілістің себептері:1.Орынбор губерниясы таратылды да Кіші жүздің көпшілік бөлігі Сібір, Уфа басқармасына бағындырылды. 2.Қазақтардың Жайықтың сол жағалауына өтуін бақылайтын Орал шекаралық басқармасы құрылды.3.Хандық билік әлсіреді.4.Жайық казактарының зорлық-зомбылығы қазақтардың шаруашылығына нұқсан келтірді.5. Нұралы хан халықтан жайылымдық үшін салық алды.



Көтерілістің қозғаушы күші: қазақ шаруалары, старшындар, билер, ру басшылары.Көтеріліс жетекшісі: Сырым Датұлы – батыр, шешен, ақсүйек.Көтеріліс қолбасшылары: Барақ, Жианқұр, Жанболат.Көтерілістің барысы: Көтеріліс 1783 жылдың күзінде басталды. Осы жылдың желтоқсанында казактардың тұтқынына түскен Сырымды 1784 жылы Нұралы босаттырды. Осыдан кейін ол ұсақ топтардың басын қосып, ірі қол ұйымдастырды.Сырымның Орал әскерлерімен кескілескен күресі 1784 жылдың маусымында басталды. Көтерілісшілердің негізгі күші Төменгі Жайық шебі мен Ор бекінісінің төңірегінде болды. Старшындар – Тіленші, Оразбай, Жантөре сұлтандар тобы Жоғарғы Жайық пен Елек қалашығының төңірегінде шоғырланды. 1784 жылдың қарашасында Сырым әскерінің саны 1000 адам болды. 1785 жылы көтерілісті басу үшін келген генерал-майор Смирновтың тобы 70-ке жуық қазақтарды тұтқындады.1785 жылы күрес қимылы кеңейді.1787 жылы 1 мыңнан астам жазалаушы отряд келді. Олар Сырымның құмға шегінгенін біліп, бейбіт ауылдарға тиді.Сырым енді бекіністерді алуға ұмтылды. Алайда көтерілісшілер зеңбірекке қарсы тұра алмады. Нұралы патша өкіметін жақтап кетті. Сол себепті 1785 жылы Кіші жүз старшындары Нұралыны тақтан тайдыру туралы шешім қабылдады.Нұралы 1786 жылы Уфаға жер аударылып, 1790 жылы сонда қайтыс болады. 1791 жылы Әбілхайырдың ұлдарының бірі сұлтан Ералы хан болып сайланды. 1794 жылы Ералы хан өлгеннен кейін Нұралы ұлы – Есім хан сайланды. Бұған наразы болған Сырым 1797 жылы хан сарайына шабуыл жасап Есімді өлтірді.Орынбор өлкесінің губернаторы барон Игельстром Кіші жүзде хандық билікті жоюға ұмтылды. Сырым хандық биліктің жойылуын құптады.Ол хандық биліктің орнына билер алқасының билігін әкелуді жақтады. Бірақ Игельстром Сырыммен келіспеді. Сырым хан кеңесінде старшындық топтың рөлін күшейтуге тырысты. Сондықтан Орынбор әкімшілігі Сырымның ықпалының күшеюінен қорқып, 1797 жылы Кіші жүзде хандық билікті қалпына келтірді де Айшуақты хан етіп бекітті. Осы мәселеден Сырым жақтастарының арасында алауыздық пайда болды. 1897 жылы Сырым Хиуа хандығына өтіп, 1802 жылы сонда қайтыс болды. Көтерілістің тегеуіріне байланысты патша үкіметі 1801 жылы 11 наурызда Жайықтың оң жағасына мал жаюға рұқсат берді.

40 )1822 және 1824 жылғы Сібір және Орынбор қырғыздары туралы ереже. Кіші жүз бен Орта жүздегі хандық биліктің жойылуы. 
Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет