1 Қазақстан тарихы курсының пәні мақсаты мен міндеттері. «Қазақстан тарихы»


Бөкей Ор­да­сының құры­луы (1801 ж.)



бет8/16
Дата04.11.2016
өлшемі2,92 Mb.
#267
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16

Бөкей Ор­да­сының құры­луы (1801 ж.)XVI­II ғ. соңы мен XIX ғ. ба­сын­да Кіші жүз қазақта­рының едәуір бөлігі Еділ мен Жайық өзен­дерінің сағасын­дағы жер­лерге көшіп бар­ды да 1801 жы­лы Ішкі не­месе Бөкей (өздерінің бірінші ха­ны Бөкейдің есімімен) Ор­да­сының негізін қала­ды. Ол Еділ мен Жайық өзен­дерінің ара­лығын­дағы әске­ри бекіністі шеп­тердің іш жағын­да ор­на­ласқан­дықтан «Ішкі» деп атал­ды. Ішкі Ор­да қазақта­рының ру­лық-тай­па­лық құра­мына адай, бай­бақты, беріш, жап­пас, есен­темір, ноғай, жетіру, масқар, сер­кеш, та­на қызылқұрт, ке­те, таз, төлеңгіт, ру – тай­па­лары енді. Пат­ша үкіметі қазақтар­дың Жайық сыр­ты­на көшуіне рұқсат бе­ре оты­рып, қай­та қоныс­танды­ру мәсе­лесін ұйым­дасты­руды орыс тағына жан -тәнімен берілген, ше­кара­лық пат­ша ше­не­уніктерінің нұсқаула­рын екі ет­пей орын­дай­тын сенімді адамға тап­сы­руды мақұл көрді. Таңдау Әбілқайыр хан­ның не­мересі, Нұра­лы хан­ның ба­ласы Бөкей сұлтанға түсті. Пат­ша ше­не­уніктерінің си­пат­та­уын­ша Бөкей «жоғары мәрте­белі таққа шын берілген» адам болған. Көші-қон жұмыс­та­рын ұйым­дасты­ру ба­рысын­да Бөкей өз мүдде­лерін ұмытқан жоқ. Кіші жүз тағына оты­ру мүмкіндігі мен бе­делі жетіспей жүрген ол орыс би­ле­ушісінің сенімін пай­да­ланып, Жайықтың оң жағала­уын­да өз хан­дығының негізін қала­уды ни­ет етті.1812 жыл­дың ба­сын­да пат­ша үкіметі Бөкейді «Ішкі қырғыз-қай­сақ ор­да­сының ха­ны» етіп рес­ми түрде бекітті.1815 жылғы 12 ма­мыр­да ор­да­ның негізін қала­ушы Бөкей дүни­еден өтті. Ол көзі тірісінде-ақ хан атағын мұра ету құқығын өз ұрпақта­рына ғана бекітіп бер­ген еді. Өлер ал­дындағы өси­етінде хан­дық билігін сол кез­де 14 жас­тағы ба­ласы Жәңгірге қал­ды­раты­нын айтқан бо­латын. Жас Жәңгір кәме­лет­ке толған­ша ор­да­ны Шығай би­леді. Жәңгір хан өкімет билігін қолға алған соң отар­шыл әкімшіліктің өзіне жүкте­ген міндет­теріне сай қазақтар­дың өмірі мен тұрмы­сының және дәстүрлі ел басқару жүйесінің кейбір бағыт­та­рына ба­тыл түрде өзгер­ту енгізе бас­та­ды. Жәңгір көшпелі ха­лықты оты­рықшы­лан­ды­ру мақса­тымен олар­дың егін егуіне жан-жақты қол­дау көрсетті. Орыс ху­тор­ла­ры мен де­рев­ня­лары­ның үлгісі бойын­ша тұрақты қоныс­тар са­луға көңіл бөлді. Жәңгір хан өз ор­да­сынан бас­тап ауыл­дарда мек­тептер, учи­лище­лер мен мешіттер аш­ты. Ол пат­ша өкіметі мен жергілікті қазақ ақсүйек­терінің мүдде­лерін ұштас­ты­ру са­яса­тын жүргізді. 1827 жы­лы На­рын құмы Жасқұс шатқалын­дағы қоныс­ты ор­да ор­та­лығы етіп жа­ри­яла­ды. Ол әле­уметтік-эко­номи­калық бағыт­та Ішкі Ор­да­да фе­одал­дық тәртіп ор­натты. XIX ғ. 30 ж. ор­та­сын­да Ішкі Ор­да­ның тұрғын­да­ры хан мен оның ай­на­ласын­дағылар пат­ша әкімшілігінің аяусыз қана­ушы­лығына ұшы­рады.

Иса­тай Тай­манұлы мен Ма­хам­бет Өтемісұлы бас­таған ша­ру­алар көтерілісі (1836–1838 жж.)Қазақ халқының азат­тық күресінде Иса­тай Тай­манұлы мен Ма­хам­бет Өтемісұлы бас­таған көтерілістің маңызы зор.Ішкі Ор­да­да көтерілістің алғашқы толқыны 1827–1829 жыл­да­ры бо­лып өтті. Қазақ ауыл­да­ры Орал­дың арғы жағына қай­та ора­ла бас­та­ды. Өткір жер да­уы, са­лықтық езгі, әле­уметтік қысым, отар­шылдық қанау 1836 жы­лы көтеріліске әкелді. Көтерілісті белгілі ба­тыр Иса­тай Тай­манұлы мен ақын Ма­хам­бет Өтемісұлы басқар­ды.1836 жыл­дың ақпа­нын­да Ішкі Ор­да қазақта­рының Жәңгір ханға қар­сы ашық күресі бас­талды. Оған сыл­тау болған Иса­тай­дың хан ор­да­сына шақыры­луы еді. Ол ба­рудан бас тарт­ты және өзінің ауыл­да­рын қыс­та­удан көшіріп алып, көтерілісшілердің үлкен ла­герін жи­нады.Хан мен оның ай­на­ласын­дағылар жа­ла жа­буға көшті. Ба­рым­та кезінде біре­улер бақта­шы шал­ды өлтірген бо­латын. Қара­уылқожа жүргізген тер­геу ісі Иса­тай­дың және оның жақтас­та­рының өлімге қатыс­ты­лығын дәлел­де­уге ты­рыса­ды. 1836–1837 жыл­да­ры 15 қара­шада таң ал­дында Тастөбе елді ме­кенінде көтерілісшілер мен жа­зала­ушы­лар­дың ара­сын­да кескілес­кен соғыс бол­ды. Шайқас­та көтерілісшілер жеңіліп, ора­сан көп мал­да­ры қырыл­ды, он­даған адам қаза тап­ты. Бірақ аз­даған қосын­мен Жайықтың сол жағасы­на өтіп Иса­тай мен Ма­хам­бет құты­лып ке­теді.Енді көтеріліс Жайықтың сол жағасын­да жалғаса­ды. 1838 жылғы 12 шілде­де Кіші жүз жеріндегі Қиыл өзенінің бойын­да көтерілісшілердің жа­зала­ушы­лар­мен ке­зекті шайқасы өтіп, осы ұрыс­та Иса­тай мерт бо­лады.Иса­тай мен Ма­хам­бет бас­таған көтерілістің негізгі қозғаушы күші көшпелі ру­лар бол­ды. Қозғалыс­тың сти­хи­ялығы, нақты бағдар­ла­масы­ның бол­ма­уы, ұйым­шылдықтың жетіспеуі жеңіліске әкелді.Ма­хам­бет Өтемісұлы ха­лық көтерілісінде маңыз­ды рөл атқар­ды. Ол жа­лын­ды жыр­ла­ры арқылы ха­лықты пат­ша үкіметі мен отар­шы­лық билікті жақтаған хан­дарға қар­сы күрес­ке шақыр­ды

49) Ке­неса­ры Қасымұлы басқарған ұлт-азат­тық қозғалыс (1837–1847 жж.)

Ор­та жүз қазақта­рының отар­шылдыққа қар­сы бағыт­талған бас көте­рулері 1822 жы­лы «Сібір қырғыз­да­ры ту­ралы жарғыдан» бас­та­лады. Осы күрес 1837 жы­лы жаз­да Абы­лай хан­ның не­мересі, Қасым­ның ба­ласы Ке­неса­ры бас­таған жаңа, қуат­ты бас көте­руге ұлас­ты.Ке­неса­ры күресті екі май­дан­да – пат­ша­лық Ре­сей мен Ор­та­азиялық хан­дықтарға қар­сы, әсіре­се қазақ халқының бір бөлігін құлдықта ұстап отырған Қоқанға қар­сы жүргізу­ге шешім қабыл­дай­ды. Қару­лы көтерілістің ал­дында Қасым мен Ке­неса­ры та­рапы­нан Ор­та жүз жер­леріндегі бекіністер жүйесін алып тас­та­уды та­лап етіп, Сібір бас­шы­лары­ның аты­на хат­тар жа­зылған еді, бірақ олар жа­уап­сыз қал­ды.1837жыл­дың көктемінде Ке­неса­ры азғана жа­сағымен Ақмо­ла ок­ругінің ше­кара­сына келіп жетті. Қазақтар оның ту­ының ас­ты­на жап­пай ағыла бас­та­ды. Же­келен­ген жа­сақтар­дың ба­сын­да Ке­неса­рының жақын ту­ыс­та­ры На­урыз­бай, Әбілғазы, Бо­пай ха­ным­дармен бірге ха­лық ба­тыр­ла­ры – Ағыбай, Жа­най­дар, Иман, Жо­ламан, Бұқар­бай тұрды. Көтерілістің алғашқы са­тысын­да өздерінің мүдде­лерін көзде­ген, Ке­неса­рыдан қорыққан орыс қыз­метіндегі сұлтан­дар мен би­лердің бір бөлігі де қосыл­ды.Ке­неса­ры 1837 жы­лы жаз­да Чи­риков­тың жа­зала­ушы от­ря­дын талқан­да­ды, сөйтіп қол ас­ты­на Ақмо­ла, Көкше­тау, Қарқара­лы және Ба­янауыл ок­ругтерінің аумақта­рын қарат­ты. 1838 жыл­дың ба­сын­да бы­тыраған қазақ жа­сақта­ры Ке­неса­рының қол ас­ты­на бірігеді. Көктем­де ол Ба­тыс Сібірдің гу­бер­на­торы Гор­ча­ковқа Ре­сей өкіметінің са­яса­тына қар­сы ар­найы қар­сы­лық ха­тымен елшілік жібе­реді, қазақ жеріндегі бекініс пунк­ттерін жо­юды, тар­тып алынған жайылым­дарды қай­та­руды та­лап етеді. Сұлтан­ның жібер­ген өкілдерін жа­зала­ушы­лар ор­та жол­да ұстап ала­ды, бұдан кейін Ке­неса­ры Ре­сей­ге қар­сы бел­сенді қимыл­да­рын қай­та жалғас­ты­рады.1838 жыл­дың жа­зын­да көтерілісшілер әскер стар­ши­насы Си­монов­тың от­ря­дын талқан­дай­ды. Ке­неса­рының жа­сағы Ақмо­ла бекінісінің түбінде шоғыр­ла­нады. 7 та­мыз­да бекініске қиян-кескі тіке ша­бу­ыл бас­та­лады, бар­лық құры­лыс­тар өртеліп жіберіледі. Бұдан кейін күз бойы қазақтар пар­ти­зан күресін жалғас­ты­рады, Ре­сей­ге жақтас сұлтан­дардың ауыл­да­рын то­нап және бай­ла­ныс то­рап­та­рын үзіп при­каз­дарға, пи­кет­терге және разъез­дерге жүйелі ша­бу­ыл жа­сай­ды. Күзде Ке­неса­рының ауыл­да­ры Жо­ламан ба­тыр бас­таған Кіші жүздің жа­сақта­рымен бірігу мақса­тын­да Торғай мен Ырғыз өзен­дерінің бойына өте бас­тай­ды.1841 жы­лы қазақ мем­ле­кеттігінің қай­та жаңғыру­ына бай­ла­ныс­ты азат­тық күрестің жаңа са­тысы бас­та­лады. Ұлы­та­удағы қазақ ру­лары өкілдерінің кеңесі 1841 жы­лы жаз­да Ке­неса­рыны хан етіп сай­ла­ды. Ке­неса­ры хан ор­та­лық үкіметті нығай­туға және күресті жалғас­ты­ру үшін мықты тыл­ды құруға бағыт­талған бірқатар әкімшілік пен сот ре­фор­ма­ларын жүргізді. Хан маңын­да оның жақтас­та­ры кірген кеңесші ор­ган – Хан кеңесі құры­лады. Са­лық жи­науға, әске­ри дайын­дыққа, мәміле­герлік істер­ге жа­уап бе­ретін қыз­меттер ұйым­дасты­рыла­ды. Да­ладағы әске­ри қимыл­дар 1843 жы­лы қай­та жан­данды. Пол­ковник Би­занов­тың бас­шы­лығымен 5000 адам­нан тұра­тын от­ряд Са­хар­ная бекінісінен, басқа от­рядтар Ом­бы­дан, Қызыл­жардан (Пет­ро­пав­ловск) және Қарқара­лыдан шықты. То­был өзені жағынан пат­ша үкіметіне берілген сұлтан Ах­мет Жантөриннің қазақ жа­сағы да шықты. Ке­неса­ры шайқас­тарда Би­занов­тың от­ря­дын әбден ти­тықта­тып ба­рып, 1843 жыл­дың қыркүйегінде оны Орскіге шегіну­ге мәжбүр етті. 1847 жы­лы Ке­неса­ры жа­сақта­ры қырғыз ше­кара­сына жақын­да­ды. Мұнда олар ора­сан зор қиын­дықтарға кез­десті. Жергілікті жерді білмеу, қырғыз­дармен ара­дағы жа­угершілік, қырғыз, қоқан және орыс от­рядта­рының біріккен әре­кет­тері жеңіліске се­беп бол­ды. Ке­неса­рының соңғы шайқасы Пішпек­ке та­яу жер­дегі Кекілі та­уын­да өтті. Тау ішінде қазақтар­ды қоқан және қырғыз әскері қор­шап ала­ды. Ке­неса­ры тұтқынға түседі. Өлім ал­дында ол тағы бір рет қырғыз ма­нап­та­рына жа­улықты тоқта­тып, ор­тақ жауға қар­сы бірігіп күре­су үшін күштерді біріктіруді ұсы­нады, алай­да бұл жо­лы да қырғыз ма­нап­та­ры оның ұсы­нысын қабыл­да­май­ды.

50) Орал, Торғай об­лыста­рын­дағы көтеріліс (1868–1869 жж.)

«Уақыт­ша ере­женің» енгізілуі Ор­та жүзде қар­сы­лыққа кез­деспеді, сөйтіп көтеріліс негізінен Кіші жүзді қам­ты­ды. Зерт­те­уші Н. А. Се­реда Орал об­лы­сын­дағы ашу-ыза­ның се­бебі «ха­лық пен ре­фор­ма­лар­да» емес, қазақтар­ды сұлтан­дар арқылы басқару әдісінде деп білді. Көшпелі ха­лықтың ашу-ыза­сын туғызған фак­торлар­дың бірі үкіметтің фис­калдық са­яса­тының қатай­ты­луы еді. Оның үстіне қатар­дағы көшпелілер мен ауқат­ты от­ба­сылар бірдей міндет­керлік атқар­ды. Мұның өзі пат­ша өкіметінің қазақ қоғамы­ның ар­тықшы­лықта­ры, топ­та­ры жөніндегі қамқор­шы­лық са­яса­тының көрінісі бол­ды; са­лықтар мен басқа да міндет­керліктердің күрт көбейтілуі Орал, Торғай об­лыста­рын­да ха­лықтық бой көрсе­тулердің бас­та­лу­ына түрткі бол­ды.Пат­ша «Уақыт­ша ере­жені» мақұлдаған­нан кейін үкіметтің бірден дерлік жүзе­ге асы­рыла бас­таған са­лық са­яса­тына қазақтар­дың на­разы­лығы 1868 жылғы қара­шаның аяғына қарай қару­лы қар­сы­лыққа ұлас­ты. На­шар қару­ланған, бірақ жер жағдайын та­маша білген көтерілісшілер­ге қар­сы қимыл­даған шағын ка­зак шолғын­шы­лары олар­дың те­ге­урінін әлсіре­те ал­ма­ды.Қару­лы бой көрсе­тулер шек­тес екі об­лыстың бірқатар аудан­да­рын­да бір мезгілде дерлік бо­луы се­бепті тұрақты бөлімдер аз болған кез­де қазақтар­дың нақты күштерін ұтым­ды бөлу қиын бол­ды. Оның үстіне көтерілісшілер өздерінің бы­тыраңқы жа­сақта­рын үкіметтің өзін-өзі қорғай­тын күштерімен жеткілікті қам­та­масыз етілген ірі әске­ри-тірек бе­кет­теріне қар­сы емес, қай­та қазақ ауыл­да­рына ка­зак от­рядта­рының қорғауымен жа­сыры­нып жүрген жеккөрінішті стар­шындарға, бо­лыс­тарға қар­сы бағыт­та­ды.Көтеріліс Орал об­лы­сының солтүстік-ба­тыс аудан­да­рын, атап айтқан­да, бұрынғы ха­лық көтерілістері бойын­ша да отар­шылдыққа қар­сы қозғалыс­тарға бел­се­не қатысқаны аңғарылған жа­уын­гер та­бын, шекті ру­лары­ның қоныс­та­рын кең қам­тыған. Бұл жо­лы да та­бын­дар ре­фор­ма­дан кейінгі ке­зеңдегі отар­шылдыққа қар­сы күрес­ке еле­улі үлес қос­ты. Отар­шылдық өкімет орын­да­ры көтерілістің шек­тес екі да­лалық об­лыс аумағына қанат жа­юының шын мәніне бой­лап жат­пай, мұның се­бебін бар­лық уақыт­та хи­уалықтар­дың ықпа­лы деп білді.

XIX ғасыр­дың 60-жыл­да­рына дейін Хи­уа үкіметі Ре­сей­ге ба­рын­ша адал­дық көрсетіп, оны­мен ең ал­ды­мен өза­ра тиімді са­уда қаты­нас­та­рын жа­сап отыр­ды.

Маңғыс­та­удағы көтеріліс (1870 ж.)«Уақыт­ша ере­же» Маңғыс­та­уда 1870 жы­лы енгізілді. Пат­ша әкімшілігі Маңғыс­та­удың негізгі халқы – адай руы «Уақыт­ша ере­жені» күрессіз қабыл­да­май­ды деп қауіптенді және оны жүзе­ге асы­ру үшін неғұрлым қолай­лы жағдай­лар­ды күтті.Маңғыс­тау прис­та­вы под­полков­ник Ру­кин да­ла тұрғын­да­рының қиын жағдайымен са­нас­пай, адай­лар­дан 1869–1870 жыл­дар үшін шаңырақ алы­мын жаңа та­риф­ке сәй­кес де­реу енгізуді та­лап етті; көпте­ген жергілікті тұрғын­дар, со­ның ішінде Бо­зашы түбегінің ба­лықшы жа­тақта­ры Ру­киннің та­лабын орын­да­удан бас тарт­ты. Адай­лар­дың жай­лауға көшуін күштеп тоқта­туға ты­рысқан Ру­киннің ой­лан­бай жа­саған әре­кет­тері жер-жер­де көтерілістің бас­та­лу­ына се­беп бол­ды. Көтерілісшілердің же­текшісі Иса Тілен­ба­ев қалың бұқараға бас­шы­лық ету­де ше­берлік және жа­зала­ушы­лар­мен келіссөздер­де дип­ло­мати­ялық әдептілік та­ныт­ты. Көтерілісшілер сәуір айының ба­сын­да Ни­кола­ев ста­ница­сына, Алек­санд­ровск фор­ты­на ша­бу­ыл жа­сады, алай­да олар сәтсіздікке ұшы­рады. Пат­ша­лық өкімет орын­да­рын көшпелілердің ба­тыл­дығы қорқыт­ты, мұның өзі олар­ды қосым­ша әске­ри көмек сұрауға мәжбүр етті; Кав­каздан тың күштердің ке­луі күштердің арақаты­насын өзгертті. Қозғалыс­ты ба­суға бас­шы­лық жа­сау қолы­на шоғыр­ланды­рылған граф Ку­та­исов «ең жа­байы, дөрекі және жа­уын­гер қазақтар­ды» ты­ныш­танды­рудың өз жос­па­рын ұсын­ды. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші – қазақ ша­ру­ала­ры өз қатар­ла­рын берік біріктіру­ге қол жеткізе ал­ма­ды, мұның өзі са­ны жөнінен бол­ма­шы жа­зала­ушы от­рядтар­дың ха­лық қар­сы­лығының негізгі ошақта­рын тұншықты­ру­ына мүмкіндік берді; қазақ ша­ру­ала­рының ру­лық тар өрістері мүдде­лері отар­шыл им­пе­ри­яның әске­ри құра­мала­рының өзінің ұйым­да­суы жағынан едәуір кем түскен көтерілісшілер жа­сақта­рын­дағы тұрақта­ма­ушы­лықты туғыз­ды. Көтеріліс шағын си­пат­та болғаны­мен, оның ге­ог­ра­фи­ялық шеңбері тым ауқым­ды бол­ды – бүкіл дерлік Ба­тыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан­ның бір бөлігі қазақ ша­ру­ала­рының бой көрсе­тулерімен қам­ты­лып, «Уақыт­ша ере­женің» жүзе­ге асы­рылу­ын қиын­датты
51 )Қоқан мен Хиуа феодалдарына қарсы күрес

Жанқожа Нұрмұхамедұлы өзінің бүкіл өмірін Арал маңы қазақтарының тәуелсіздігі жолындағы күреске арнады. Жанқожа Кішкене шекті руының басшысы еді. Рулас туыстары оны жеке басының батылдығы, ерлігі және қаһармандығы үшін құрмет тұтты. Оның дүлей қара күші де, ат құлағында ойнайтын шебер шабандоздығы да бар еді. Сыр бойының қазақтары оны ақылды әрі әділетті би ретінде таныды. Батырдың өзгелерден бір ерекшелігі ол дінге берілген иманды кісі еді. Белгілі ғалым әрі қоғам қайраткері М. Тынышбаев ол туралы былай деп жазды: «Барлық үш жүзге ортақ батыр әрі би, қазақтардың бостандығы жолындағы атақты күрескер Жанқожа батыр орыстарды да, хиуалықтарды да, қоқандықтарды да мойындамады».

Атап айтқанда, батыр хиуалықтарға бағынбады. Көп шайқастардың бірінде ол өзінің соңына түсіп, қуып келе жатқан хиуа жасақтарын жалғыз өзі тас-талқан етіп жеңіп шығады. Сол жолы өзі де 8 жерінен жаралы болады. Осы бір жүрек жұтқан ерлігі үшін халық оны қадір тұтып, сый-құрметке бөледі. 1835 жылы ол Хиуаның Бабажан бекінісін шауып алды. Жанқожа қол астындағы адамдарға әділ басшылық етті, оларға қатаң талаптар қоя білді. Парақорлар мен ұрыларды өлім жазасына кесті. Ол қарапайым дене еңбегінен ешқашан бас тартып көрген емес. Жанқожа батыр егін даласында, тоған құрылысында, арық-атыз, канал қазуда да өз руластарымен бірге аянбай еңбек етті. Оның атақ-даңқы бүкіл қазақ даласына жайылды. Жанқожа Кенесары Қасымұлымен туыстық қарым-қатынас орнатты. Хан оның қызына үйленді. Атақты батыр XIX ғасырдың бірінші жартысында Хиуаның қатаң тепкісіне қарсы күрескен хан Арынғазы Әбілғазыұлының ісін жалғастырып, алға алып барушы болды.

1836 жылы Жанқожа жауынгерлерімен бірге Хиуа әскерлеріне қарсы күреске шығып, олардың ірі бекініс-қамалы Бесқаланы тас-талқан етіп қиратты. 1843 жылы Жанқожаның жасағы Хиуаның Қуаңдариядағы бекінісінің де тас-талқанын шығарды, ал 1845 жылы Хиуаның құрамында екі мың сарбазы бар ірі жасағын ойсырата жеңді.

Жанқожа Қоқан хандығының Сырдарияның төменгі ағысы бойындағы Жаңақорған, Күмісқорған, Шымқорған және Қосқорған сияқты әскери бекіністеріне де шабуыл жасады. Ол Кенесары Қасымұлының әскери жасақтарымен белсенді байланыс жасап тұрды. 1845 жылы Жанқожа батыр Кенесары ханның өтініші бойынша Созақ әскери бекінісін басып алуға қатысты.

1847 жылы көтерілісшілер Сырдарияның сол жақ бетіне өтіп, Хиуаның және бір бекінісін — Жаңақаланы басып алып қиратты. Батыр мен оның жақын серіктері хиуалықтар бұрын қазақтардан тартып алып кеткен 3 мың түйені, 500 жылқыны, 2 мың мүйізді ірі қараны және 52 мың қойды қайтарып алды.

Кейінірек Жанқожа батырдың Қоқан хандығымен көп жылға созылған тартысты оқиғалары басталды. Қоқандықтар 1851 жылы қазақтардың көп малын күшпен айдап алып кетті. Жанқожа батыр Ақмешітке дейін жорық жасады, қоқандықтардың әскери жасағын талқандады, Қосқорған бекініс-қамалын басып алды. Жергілікті қазақтар Қоқан езгісінен азат етілді.

Батыр Хиуа мен Қоқанға қарсы күресіп жүрген кезде Орынбор жақтан Маңғыстауды басып өтіп, Сырдарияны бойлап, Ресей империясының әскери жасақтары ілгері жылжып келе жатты.



52 )Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы.Ұлы жүздің Россияға қосылуы.Ұлы жүз Россия қоластына Кіші жүз бен Орта жүзден кейін өтті. Йткені XIX ғасырдың 20 жылдары Ұлы жүздің бір бөлігі Орта және Кіші жүздердің Оңтүстіқ аймақтары Хиуа және Қоқан хандықтардың иелегінде болды. Бұл өңірдегі халықтарды Хиуа, Қоқан, Бұхар хандықтары қыспаққа алуды көбейтті. Хиуа, Қоқан, Бұхар хандықтары Каспий теңізі жағалауларынан Жетісуға дейінгі жерлерге шабуылдап отырды. Әсіресе Хиуа ханы Мұхаммед–Рахымның 1812, 1816, 1820 жылдардағы шабуылдары жойқын болды. 1820 жылы Хиуа ханы 2000-ға жуық қазақ ауылын аяусыз қырып жойды.1821 жылы Орта Азия хандықтарына қарсы Тентектөре басқарған қазақ шаруаларының қозғалысы басталды. Көтерілісшілер саны 10 мыңнан асып, Түркістан, Шимкент, Әулисата, Сайран өңірін қамтыды. Көтерілістің халықтық сипатынан шошынған феодалдар опасыздықпен Қоқан жағына шығып көтеріліс қатыгездікпен жаншылды.Оңтүстік Қазақстан, Жетісу өңіріндегі халықтардың Россия мемлекетімен сауда экономикалық қатынастары барған сайын кеңейе түсті. Осындай себептердің бәрі Ұлы жүз халықтарының Россия империясына қосылуын тездетті. 1817 жылы сұлтан Сүйік Абылайханұлы басқарған 66 мың адамнан тұратын жалайыр руы Россия империясының құрамына қосылды 1825 жылы Ұлы жүз жерінде Россия империясының Алатау, Қапал, Лепсі сияқты әскери бекіністері салынды. 1825 жылы 50 мың халқы бар үйсін болысы Россия мемлекетінің құрамына қосылды. 1851 жылы 7 шілдеде подполковник Карбышев отряды Қоқан хандығының басты тірегі Таушубек бекінісін қантөгіссіз басып алады.1853 жылы – Ақмешіт қаласының Россияның қоластына қаратылуы орыс әскерлерінің Іле бойымен жылжуына жол ашты. Осы кезден бастан Ақмешіт бекінісі Перовск деп аталды. 1853 жылы 2 сәуірде Батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфорттың тапсыруы бойынша Көксу және Іле аралығында Іле бекеті салынды.

1854 жылы көктемде пристав М.Д. Перемышельский отряды Алматы деген жерде Верный бекінісінің негізін қалады. Сол жылы Верный бекінісіне 470 солдат қоныс тепті, ал 1855 осы бекінісіне Сібірден 500-ге жуық отбасы қоныстанды. Верный бекінісің салынуы 1855 жылы қырғыздың Бұғы руының Россия билігін мойындауын тездетті. 1855 жылы Ұлы жүз приставы резиденциясы Қапалдан Верныйға ауыстырылды.



Қазақстанның Россияға қосылуының аяқталуы.Патша үкіметі Оңтүстіқ Қазақстан өңірінен Қоқан хандығын ығыстырып, өз бақылауына алу үшін әскери қимылдарын көбірек ұйымдастыра бастады.1859 жылы Ұлы жүзде тұрғызылған Қастек бекінісі Россияның тірегі саналып, Қоқан ханының шабуылдарына тосқауыл болды. Шу алқабынан полковник Циммерман тобы шабуылдап, 1860 жылы 26 тамызда Тоқмақты, 4 қырқүйекте Пішпекті алды. 1860 жылы 27 қазанда Ұзынағаш түбінде Алатау округінің билеушісі Г.А.Колпаковский басқарған орыс отряды қоқан әскерін жеңеді. Бұл шайқаста 400-ге жуық Қоқан сарбазы қаза табады, ал орыстар – 2 адамнан айрылды Сөйтіп, XIX ғасырдың 30 жылдарынан басталып, 1,5 ғасырға созылған қазақ елінің Россия құрамына қосылу процесі – Ұлы жүздің Россия империясының құрамына енуімен аяқталды. XIX ғасырдың 60 жылдарында қазақ жері түгелдей Россия отарына айналды.

53 )Қазақстан­дағы XIX ғ. 60–90 жж. әкімшілік-са­яси ре­фор­ма­лар 1867–1868 жж.

1865 жы­лы үкімет Қазақ да­ласын басқару ту­ралы «Ере­женің» жо­басын да­яр­лау үшін Да­лалық ко­мис­сия құрды. Оның құра­мына Ішкі істер ми­нистрліктің және жергілікті ге­нерал-гу­бер­на­тор­лықтар­дың өкілдері кірді. Ре­сей Қазақстан­ды басқару­дың бұрынғы жүйесін түбірімен қай­та құру міндетін алға қой­ды. Ре­фор­ма­ны да­яр­лау кезінде қалың бұқара­ның көңіл күйі на­зарға алын­ба­ды. Ш. Уали­ханов Қазақстан­да ха­лықтың өзін-өзі басқару­ына негіздел­ген әкімшілік билік жүйесін енгізуді ұсын­ды. «Сот ре­фор­ма­сы жөніндегі жаз­ба­ларын­да» ол қазақ халқы үшін әле­уметтік-эко­номи­калық жаңашыл­дықтар­ды аса маңыз­ды деп есеп­теді.1867 жы­лы на­урыз­да Қазақ жерін, Ор­та Азия өлкесін әкімшілік басқару ре­фор­ма­сының жо­басын түпкілікті құрас­ты­ру үшін әске­ри ми­нистр Д. А. Ми­лютин бас­таған ерек­ше ко­митет құрыл­ды. Нәти­жесінде II Алек­сандр пат­ша 1867 жы­лы 11 шілде­де «Сыр­да­рия мен Жетісу об­лыста­рын басқару ту­ралы уақыт­ша Ере­жені», 1868 жылғы 21 қазан­да «Орын­бор және Ба­тыс Сібір ге­нерал-гу­бер­на­тор­лықта­рының Да­ла об­лыста­рын басқару ту­ралы уақыт­ша Ере­жені» бекітті.1867–1868 жыл­да­ры ре­фор­ма­ның негізгі мақса­ты «Қазақ да­ласы­ның XIX ғасыр­дағы Ре­сейдің басқа да бөліктерімен то­лық қосы­лу­ына қол жеткізу, Ре­сейдің қол ас­тындағы ха­лықтар­ды бір басқар­ма­ның ас­ты­на біріктіру, жергілікті ақсүйек­терді биліктен шет­те­ту, ру­лық бас­та­малар­ды әлсіре­ту» бол­ды. Ре­фор­ма­ның негізінде Қазақстан аумағы үш ге­нерал-гу­бер­на­тор­лыққа: Түркістан, Орын­бор және Ба­тыс Сібір, әрбір ге­нерал-гу­бер­на­тор­лық об­лыстарға бөлінді. Қазақстан­ның бүкіл аумағын­да 6 об­лыс құрыл­ды, олар­дың екеуі – Жетісу мен Сыр­да­рия об­лыста­ры Түркістан, Ақмо­ла және Се­мей об­лыста­ры Ба­тыс Сібір, ал Орын­бор мен Торғай об­лыста­ры Орын­бор ге­нерал– гу­бер­на­тор­лықта­рының құра­мына кірді. Әрбір об­лыс белгілі бір ша­мадағы уез­дерден тұрды.Әкімшілік басқар­ма әске­ри си­пат­та бол­ды. Об­лыстар­дың ба­сын­да бар­лық әске­ри және аза­мат­тық билікті то­лығымен өз қол­да­рын­да шоғыр­ландырған әске­ри гу­бер­на­тор­лар тұрды.1868 жылғы «Да­лалық об­лыстар­ды басқару» бойын­ша және 1867 жылғы Сыр­да­рия мен Жетісу об­лыста­рын басқару жөніндегі «Уақыт­ша Ере­же» бойын­ша бо­лыс­тық басқар­ма­ның қолы­на по­лици­ялық және нұсқау та­рату­шылық биліктер берілді. Ол «ты­ныш­тық пен тәртіпті» сақта­уды, са­лық төле­уді және ха­лықтың бар­лық міндет­керліктерін өтеуін бақыла­ды. Оның міндетіне би­лер со­тының шешімін орын­да­ту кірді. Ауыл стар­шында­ры өзінің құзы­рын­да бо­лыс­тық басқар­ма­лар­дың міндет­терін орын­да­ды.Ескі эко­номи­калық және иде­оло­ги­ялық жағынан тұтас, ту­ыс­тыққа негізде­ле біріккен әкімшілік-ру­лық ұжым­дардың ор­ны­на «Уақыт­ша Ере­жені» енгізудің нәти­жесінде жа­сан­ды бірліктер пай­да бол­ды. Осы­ның бәрі қоғам­дық билік жүйесінің дәстүрлі ба­засы­на әсер етті. Сон­дықтан тоқырауға ұшы­рады, оның маңызы, бе­делі және қажеттілігі төмен­деді.



1886–1891 жж. әкімшілік ре­фор­ма­лар.1886 жыл­дың 2-ма­усы­мын­дағы Түркістан өлкесін басқару ту­ралы ере­же. III Алек­сандр пат­ша­ның Түркістан өлкесін басқару ту­ралы 1886 жылғы 2 ма­усым­да қол қойған Жар­лығы кең-бай­тақ өлкені басқару­дың бүкіл құры­лымы­на ре­фор­ма жа­са­уды бас­тап берді. Жаңа ере­жеге сәй­кес Түркістан ге­нерал-гу­бер­на­тор­лығына үш об­лыс: Сыр­да­рия, Ферғана, Са­марқанд кіргізілді. Кейінірек­те, 1897 жы­лы, Жетісу об­лы­сы да жаңа ге­нерал-гу­бер­на­тор­лықтың құра­мына берілді. Об­лыстар­дың билігі әске­ри гу­бер­на­тор­ларға берілді. Ха­лық са­ны 800 230 адам, жер көлемі 353 430 шар­шы шақырым бо­латын, көршілес Жетісу об­лы­сы 6 уез­ден: Вер­ный, Қапал, Лепсі, Пішпек, Прже­валь­ский және Жар­кент уез­дерінен тұрды.1886 жылғы Ере­женің негізгі өзегі бүкіл жер қорын мем­ле­кеттің меншігіне бе­ру бол­ды, ол қазақтар­дың эко­номи­калық әл-ауқаты­ның негізгі ны­саны – мал ша­ру­ашы­лығына ора­сан нұқсан келтірді. Жерді мем­ле­кеттік меншік деп жа­ри­ялап, жергілікті ха­лықты жерін бей­мерзім жалға бе­рушілер деп қараған үкімет, соңғыла­рына «мал жаюға, то­пырақ және тас, бал­шық жи­науға» құқық бе­ре оты­рып (253-бап), но­мад­тардан құнар­лы алап­тардың алып қойылу­ын тез­детті, ол XX ғасыр­дың ба­сын­да сто­лыпиндік аг­рарлық ре­фор­ма­лар­дың жүргізілуімен аяқтал­ды. 1886 жылғы Ере­женің отар­шылдық бағыты са­лық жүйесінен де өз көрінісін тап­ты. Ол 1867 жылғы Уақыт­ша ере­женің бап­та­рын қай­та­лады; әр түрлі міндет­керліктердің көлемін көбей­тті. Мы­салы, шаңырақ алы­мы 4 сомға дейін көбейтілді. Сот құры­лымын­дағы өзгерістер Ере­жеде көрсетілген жаңалықтар­дың іске асы­рылу­ын заң тәртібімен қам­та­масыз ету­ге тиіс бол­ды және ол ры­нок­тық қаты­нас­тарға тар­тылған әле­уметтік жіктердің мүдде­лерін қорғауды көздеді. Негізгі үш сот инс­тан­ци­ясы – бітістіруші судья, об­лыстық сот және үкіметтік Се­нат отар­шылдық тәртіптер енді ғана ор­ныға бас­таған жағдай­лар­да қоғам­ның тіршілігін құқықтық жағынан қам­та­масыз етуді рет­те­ген бұрынғы заң ере­желерін жоққа шығар­ды

54)XIX ғ. бірінші жар­ты­сын­дағы Қазақстан мәде­ни­ет пен ғылым. Ма­тери­ал­дық мәде­ни­еттің маңыз­ды эле­мент­терінің бірі мал ша­ру­ашы­лығымен, егіншілікпен, үй кәсіпшілігімен және қолөнер­мен бай­ла­ныс­ты еңбек құрал­да­ры бо­лып та­была­ды. XIX ғасыр­дың ор­та шенінде шалғымен қоса темір айыр да кеңінен қол­да­ныла бас­та­ды. Ең көп та­ралған қару түрі үш метрлік «сойыл», одан соң «шоқпар» бол­ды. XIX ғасыр­дың ор­та шеніне дейін аң аулау кезінде са­дақ қол­да­ныл­ды.Көшпелі қазақтар­дың негізгі тұрғын үй­лері көші-қонға ыңғай­лы киіз үй­лер бо­латын. Қазақтың киіз үй­лері олар­дың үлкендігімен, яғни тігілген киіз үй­де қанат деп ата­латын ке­реге са­нымен анықта­латын. Қанат­тар са­ны 4 қанат­тан 12 қанатқа дейін және одан да көп бо­латын. Сыртқы түрі бойын­ша күмбез тәрізді және шо­шақ бо­лып ке­летін. Қысқы қыс­та­улар ор­на­ласқан өзен­дердің аңғар­лар мен тау шатқал­да­рына қазақтар­дың киіз үй­лері тұрақты үлгімен са­лына­тын. Бұлар жер бетіне киіз үй сияқты етіп тас­тан (шо­шала), қамыс­тан (доғара) тұрғызылған құры­лыс түрінде, тік бұрыш­ты жер­ке­пе және жертөле, жер бетіне тік бұрыш­ты етіп са­лынған шым үй және саз бал­шықтан дом­баздалған соқпа там бол­ды. Дәстүрлі ағаш жәшіктер – ке­беже­лердің, көрпе-төсек жи­науға ар­налған жүкаяқтар­дың және ескіден ке­ле жатқан төс-ағаш­тардың ор­ны­на, қазақтар­дың тұрмы­сын­да әй­нек­телген ыдыс қоятын шағын шкаф­тар, жақта­улы ағаш ке­ре­ует­тер, іші құлып­та­латын, көлемі әр түрлі сан­дықтар пай­да бол­ды.

Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет