1. Бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшеліктері Жас кезеңдері


Бастауыш сынып оқушыларына сыныптан тыс жұмыстарда жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың жолдары



бет3/3
Дата08.09.2017
өлшемі0,69 Mb.
#30190
1   2   3

4. Бастауыш сынып оқушыларына сыныптан тыс жұмыстарда жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың жолдары

Тәрбие барлық қоғамдық-экономикалық формацияларға тән қоғамдық өмірдің ортақ және мәңгілік категориясы. Ойшылдардың пікірлерін тұжырымдап айтқанда қоғамдық тәрбие нақты тарихи сипатқа ие, өйткені ол белгілі бір қоғамдағы экономикалық, саяси, әлеуметтік және өзге де қатынастармен байланысты. Олардың өзгеруіне қарай қоғамдық тәрбиенің міндеттері, мазмұны, формалары мен әдістері де өзгеріп отырады.

Шынында да тәрбие барлық уақытта да қоғам ықпалына байланысты. Қоғамдық қатынастар жиынтығының мазмұны мен сипаты, оның қоғам мен нақты объективтік және субъективтік қарым-қатынастары дара даму ерекшеліктерін белгілеп береді.

Жас үрпақтың жан-жақты және үйлесімді дамуы тәрбиені материалдық өндіріспен жалғастыру негізінде ғана мүмкін болады. Бұл қағида К.Маркс пен Ф.Энгельстің еңбектерінде ғылыми негізделген.

Республикамыз егемендік алған және қоғамымыз жаңарған қазіргі жағдайда білім берудің шын мәніндегі демократиялық жүйелерін құру принциптері өз мәніне сай қалпына келтірілуде. Олар шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға, қайталанбас даралықты дамытуға бағытталған. Әрбір бала өмірдің, оку-тәрбие процесінің еркін субъектісі. Шын мәніндегі білім беру адамды тәрбиелеу ісін зайырлы етуді мақсат тұтады, осындай басым бағытта педагогикалық көзқарасты да жаңарту байқалады.

Қазіргі міндеттерді шешу мақсатында педагогикалық теориялар мен тәжірибелерді дамыту қоғамдық тәрбиенің мазмұнын, ұйымдастыру мен әдіс-тәсілін белгілеуде жаңа көзқарастарды қажет етеді. Бұл орайда мектептерде болсын, сыныптан тыс бірлестіктерде болсын білім беру-тәрбие процесіне тұтастық беру теориясы үлкен маңызға ие. Тұтастық көзқарасы адамның жекелеген қасиеттерін тәрбиелеуді емес, жалпы алғанда адамдық дара тұлғаны қалыптастыруды көздейді. Ол ғылыми білімдерді өзара ұйымдастыруды талап етеді. Мұның өзі педагогикалық құбылыстардың мәніне сүйенуге, қоғамдық тәрбиедегі тенденциялар мен зандылықтарды ажырата білуге көмектеседі. Жеке адамды қалыптастырудың тұтас білім беру-тәрбие процесі философиядағы, социологиядағы, психологиядағы, физиологиядағы жөне басқа да ғылымдардағы зерттеулердің нөтижелеріне, олардың педагогикалық берілу сипаттарына арқа сүйейді.

Ғылыми әдебиетте жөне іс жүзінде тәрбие беруді жеке адамға мақсаткерлікпен ықпалал ету деп айқындау берік орын алды. Мұндай анықтама құбылыстың бір қырын ғана көрсетеді. Мұндайда адамның қоғамдағы қалыптасуының және дамуының өзекті механизмдері көлеңкеде қалып қояды. Кейінгілерді қарастыру, бірінші кезекте әлеуметтендіру және қалыптастыру деген түсініктердің көмегімен құрастыру өзгелердің еншісіне қалып қояды. Құбылыстың ауқымын қамтуға оның терендігі есебінен ғана қол жеткізіледі. Бүған көптеген жағдайлар көз жеткізе алады. Тәрбие саласына тән бірқатар жәйттер былайша қарағанда "жұмыс белгілеріне" жатпайтындығына қарамастан, бірақ одан алыс та кете алмай, тәрбиемен бір қатарда жүргендей болып, түптеп келгенде оныменен сырттай байланыста қатар өмір сүреді. Бұл - сол адамға еріктен тыс ықпал ету, оның жеке белсенділігіне, өзін-өзі тәрбиелеуіне, өзін-өзі дамытуына, түрлі объективтік-материалдық жене рухани факторлардың әр түрлі ықпалы болып табылады. Қорытынды біреу ғана: жоғарыда аталғандай жәйттерден бөліп алынған тәрбие ісі өз анықтамасының байлығын жоғалтады. Сейтіп, қоғамдағы адам дамуы мен қалыптасу процесінде объективті түрде болып жататын қондырғы түрінде ғана болып қалады.

Бір жағынан тәрбиенің, екінші жағынан әлеуметтеудің арасындағы бөліну - адамның қоғамда қалыптасу мен даму процестерін қарастыру бұрышы, олардың теориялық ұғынуы мен талдап қорытындылау аспектілері болып табылады. Осы, не басқа абстракцияны жабдықтайтын негіздемесін айқындау, оның методологиялық қызметін, эвристикалық мүмкіндіктерін, гносеологиялық құндылығын анық көрсету өте маңызды болады. Қалыптасу категориясы бұл процестерді "қоғам-адам" қатынас контектісінде өзінің жол бастаушысы, орындаушысының қоғамдық қатынасының жүйесін жаңадан жасаудың "әлеуметтік детерминация" механизмі ретінде ашады. Осындай ретпен бір жағынан, жеке адамның (тұлғаның) типологиялық қасиетін, әлеуметтік рөлдер кешенін, екінші жағынан, оларды детерменациялайтын, материалдық және рухани алғышарттарын, шарттарын, "жағдайын" түсінуге болады. Әлеуметтеудің түсінігі осы қарым-қатынаста тек кері тәртіпте ("адам-қоғам"), "жағдайды" (тәжірибе, білім, құндылық, дәстүр және т.с.с.) жеке адамның игеруін басқа тұрғыдан қарау, оның байланыс және әлеуметтік ортадан тәуелділік жүйесіне қосылуы, яғни қалыптасушы тұлғаның өз белсенділігін басқа тұрғыдан қарау бойынша белгіленеді.

Дәл осындай түрдегі талдау алда тұрған қайшылықты шешудің ең жақсы жолын табуға мүмкіндік береді. Жоғарыда аталған қарама-қайшы бағытталған абстракцияларды бір ізділікке келтіру және келістіру тек адам мен қоғамның өзара байланысының берілген контексінде осы өзара байланыс мазмұны мен шығару жолын қорытып талдау шектеулерінің конструктивтік алдын алу негізінде болады. Сонымен бірге К.Маркстің "Қоғамды бір ғана субъект ретінде қарастыру, демек оны ойша дұрыс қарастырмау" деген тұжырымын пайдаланып отырды. Осылайша, тәрбие түсінігінің арнауы қандай да бір нақты жеке адамның талдап қорытындыланған бейнесін, оның нақты, эмпирикалық ұсынылған генезисін қайта жасаудан және ұстанудан тұрады. Адамның қоғамда дамуы мен қалыптасу процесін ерекше қарастырудың қыры мұндай жағдайда "адам-адам" қатынасы ретінде орнығады. Мұның көрінуі мен концептуальды бекітілуі шын мәнінде тәрбие салаларының жалпы қатынасы, мазмұнын диалектикалық жағынан алып қарап, белгілейді және әлеуметтік категориялармен іске асырылады және мәселелердің мәні қамтамасыз етіледі.

Бұл мәнді теңбе-тең ашу үшін әлеуметтік-философиялық мағынаның методологиялық құралдарын аса жоғары деңгейде жұмылдыру керек. Шешуші қызметті заттық іс-әрекет қатынас және мәдениет категориялары орындайды. Ең ақырында, жалпы табиғат, тәрбие арқылы мәртебеге және философиялық категорияға ие болатын оның өзара байланысы айқындалады. Өзара байланыстық жанама қарым-қатынас атқарады. Егер іс-әрекет белгілі мәнде - "өзін-өзі өзгерту" жөне "өзгені өзгертудің" карама-қайшы бірлігі, қатынастың өзекті орнығушы процесі болса, онда мәдениеттің маңызды ерекшелігі ең алдымен оның феноменінің тұлғаның табиғи жаңалығы бола отырып, басқа жеке адамдарға өзгеріссіз жолданған және өзара жеке адамдық тұлғалық араласу мен қатынас саласында ғана осылай қалудан тұрады. Сонымен бірге жеке адамдар қарым-қатынас формаларының барлық әр түрлілігін ескерген маңызды. Бұлар тек қана тура нәтижелі болмайды, сондай-ақ жанама сипатты да болады, яғни кейінге қалдыруға болады, ұрпақтар арасында, бөлек уақытта т.б. болады.

Тәрбие - көп деңгейлі жүйе. Ол қоғамдық деңгейде тұтас мемлекеттік тәрбие жүйесі ретінде қызмет атқарады. Аймақтық жүйе ретінде оның аймағына кіретіндер шекарасында, өз бетінше тәрбиелік жүйесі ретінде жекелеген тәрбие беру институты шеңберінде, қоғамдық тәрбие жүйесінің осындай деңгейлерінің әрқайсысына тоқгала отырып, олардың қызметтерінің мақсаты қоғам арқылы еріксіз қабылданған материалдық база да қоғам арқылы қамтамасыздандырылады, ал бірлестіктерде оқу-тәрбие процестеріне қалың бұқара қатысады.

" Тәрбие" түсінігіне кең мағынада тәрбиенің барлық деңгейі мен түрін, соның ішінде жанұялық- ұйымдастырылған және тәрбиенің қоғамдық институты болып табылмайтын даралық тәрбие кіреді. Бұл термин тар мағынада жас ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған қоғамдық ұйымдастырылған педагогикалық процестердің жиынтығын білдіреді.

Тәрбиенің екі формасын шартты көрсетуге болады. Жас ұрпаққа бұл жөнінен еліміздің бүкіл азаматтары арқылы іске асырылатын жанама түрдегі тәрбие, мемлекет тарапынан арнайы құрылған тәрбие институттары арқылы жүзеге асырылатын және елдегі әрі аймақтағы әлеуметтік-экономикалық, мәдени жағдайдың деңгейін көрсететін тура нәтижелі тәрбие.

Оқушының шығармашылық тұлғасын жан-жақты үйлесімді дамыту үшін оның өз мүддесіне қарай ұжымдарға балалардың, жастардың ұйымдарына, еңбек ұжымына белсенді қатысуы үлкен мәнге ие. Сонымен бірге әрбір осы ұжымдардың тәрбиелік тиімділігі егер оқушылардың әрекеті неғұрлым қанығырақ болса, шығармашылыққа, ынтасы мен өз әрекеттілігіне бейімделген болса, соғұрлым жоғары болады. Қазіргі заманғы жас ұрпақ-тәрбие жүйесінің иерархия бірлігінің әрекет объектісі қосымша сыныптан тыс мекемелердің бұл бірлікте маңызды рөлге ие. Олар тұлғаны дамыту, жас өспірімдерді әлеуметтендіру, оларға әрі қоғамның, әрі әлемнің мәдени байлығын тапсыру үшін құрылған. Айта кету керек, оларды әр түрлілік және көп қызметтілік сипаттайды. Білім беру ұйымдарының басқа тәрбие институттары арасындағы өзара байланысы мен интеграциясы тұлғаның қалыптасуында болатын мақсаттық бекіткіш, оның қажеттілігінің бір негізділігі; еңбек күшінің мазмұнды бөлінуі және орындалатын қызметтің заттық байланысы; қоғам қажеттілігіне және өсіп келе жатқан тұлғалардың қызығушылығына сәйкес сыныптан тыс мекемелер типінің басқалардан өсуі негізінде жүзеге асады. " Жасөспірімдердің сыныптан тыс өмірін ұйымдастыра отырып олар тек қана демалумен ғана емес, өз өмірлерін қызықты, мазмұнды, өмірге зер салып қарауға үйренуі керек, өмірден, ересектерден сабақ алып, әрбір мүмкіндікті қолдана отырып, өз білімін өмірді өзгерту, жақсарту, жөнге салу болып келеді". Балалардың бос уақытын білімді мазмұнмен толтыру, қызығушылықка байланысты топтық қарым-қатынасты қамтамасыз ету, "көшеде" ойланбай уақыт өткізуден назарын басқаға аудару және т.б. - жас өспірімдердің мектептен тыс бірлестіктердегі қазіргі замандағы тәрбиенің педагогикалық және әлеуметтік көрінісі осындай. Бірақ өмірдегі қарама-қайшылықтар мен жетіспеушіліктер бұл ең алдымен құқықты беруде әлеуметтік әділдікті және ұсынылған құқықтарды өзінің мүдделері мен қажеттіліктеріне сәйкес айналысу үшін нақты қолдана алу мүмкіндігін қамтамасыз етудің болмауы -сыныптан тыс жүмыстың нәтижелілігін шектейді. Сыныптан тыс бірлестіктердің дәстүрлі формалары мен құрылымы сондай-ақ бұл меселенің шешілуін тоқтатады.

Басқа тәрбие құралдарына қарағанда белгілі артықшылықтар беретін қосымша білім беру ұйымдарының жүмысы өзінің ерекше сипатына ие. Бүл ерекшеліктерді білу білім беру ұйымдарының тәрбиелеудің нәтижелі процесін құруға жөне олардың жұмысын басқа тәрбие институттарымен үйлестікке мүмкіндік береді. Мектептен тыс жұмыстың ерекшелігі арқасында біз оны ұйымдастырудың тәсілдері мен әдістерін сондай-ақ жеке адам мен үжымды дамытуда дүрыс нәтижелерге алып келетін жүмыстың есептеу шартын түсінеміз.

Сыныптан тыс жұмыстың ерекшелігін анықтауда Н.К. Крупскаяның еңбектерінде жасалған оның негізгі принциптері және қазіргі жағдайда ерине, түзетуді қажет ететін тәрбиенің жалпы принциптері басшылыққа алынады. Тәрбиенің даму теориясының диалектикасы мынадай, ол балаларды тәрбиелеу мен мектеп тәжірибесі негізінде пайда болып, ол өзінің объектісі-тәрбиемен, оның барлық қазіргі әр түрлілігімен жүруі керек, тәрбиелеу мәселелерін кең үғымда қамту, бір жағынан бірнеше жаңа ғылыми-педагогикалық бағыттардың пайда болуына жөне ғылыми синтезге алып келу, екінші жағынан кең педагогикалық теорияның қүрылуы қажет Қоғамдық іс-әрекет ретінде пайда болған сыныптан тыс жұмыс әрекеттің әр алуан түрінің жөне педагогикалық жетекшілердің өзгеше құралдарының аркасында әлеуметтік - педагогикалық мәртебеге ие болды.

Мектеп пен білім беру ұйымдары әрекетінің жалпы және ерекше талдау негізінде мектептен тыс жүмыстардың принципін анықтауға болады. Олар: балалардың қызығушылығына қарай ерікті бірлесуі негізінде айналысудың жаппайлығы және көпшілікке қажеттілігі; олардың ынтасы мен өрекеттілігінің дамуы; өрекеттің қоғамдық пайдалы бағыттылығы; мектептен тыс жұмыстардың өр түрлі формасы; балалардың жас және дара ерекшеліктерінің есебі. Бұл принциптер сыныптан тыс мекемелердің қызметінде іске аса отырып, сыныптан тыс жұмыстардың мынадай ерекше білгілерін сипаттайды:сыныптан тыс жұмыстарға балалардың жаппай жөне ерікті қатысуы; әрекеттің белгілі түріне қызығушылығы мен бағыттылығына қарай оқушылардың дифференциялануы; практикалық міндеттер мен әрекеттің жақын нөтижесін қою; қатынас пен қатысу саласының әр түрлілігі; уақытша сыныптан тыс ұжымның құрылсы, өзін-өзі тану, өзін-өзі іске асыру және өзін-өзі жетілдіру негізінде ересектер мен балалардың субъективті-объективті қарым-қатынасы; біздің қоғамымыздың әр түрлі мамандығы мен саласының өкілдерін, педагог мамандарын байланыстыратын ерекше педагогикалық ұжым; сыныптан тыс жұмыстардың әдістемелік бағыттылығы, дара жөне ұжымдық шығармашылықтың бірлігі.

Білім беру ұйымдарының тәрбие әрекеттік жақтарының бірдейлігі өзіндік базаны жүйе ретінде және қоғамдық тәрбиенің шағын жүйесі ретінде де жас өспірімнің тұлғасын тәрбиелеу мақсатын да анықтайды.

Білім беру ұйымдары қызметінде педагогтар белгілі бір әлеуметтік мәдениетте балалардың қабілетімен қызығушылығын дамыту ісін жасаса, тәрбиешілер рөлінде өз аймақтарының өкілдері өздерінің дүниетанымы, өз тәжірибесі және іскерлігі арқылы жас өспірімдерді әлеуметтік шығармашылыққа араластырады, белгілі әлеуметтік жағдайда өмір сүруге жөне еңбек етуге үйретеді, қоғамдық тәрбие мақсатын тұлғаның өзін-өзі дамыту мақсаттарымен тығыз байланыстырады. Осылайша, тұлғаны тәрбиелеудегі мақсат бір жағынан өзін дамыту жолында алдына қоғамды қоятын, екінші жағынан, қоғам өзінің әрбір мүшесінен күтетін міндет пен мақсаттан келіседі. Мұндай жағдайда өз қоғамының мәдени қүндьшықтарымен қаныққан және оның идеалдарын қабылдаған азаматты тәрбиелеу нәтижеде жеке түлға мен қоғам арасындағы үйлесімділікті туғызады. Бірақ өсіп келе жатқан түлғаға мақсатты әсерлерді жүзеге асырушы әрбір тәрбиелеу институттары мына жағдайда ғана, егер бір жағынан, басқа институттармен өзара байланысқа түсетін болса, ал екінші жағынан - осы процесте тұлғаның өз белсенділігін арттыра' білу шартына сай тұлғаны тұтастай жасап шығаруда маңызды жақтарын игеруде ғана тиімді нәтиже алады.

Сыныптан тыс жұмыстарда әрбір жас кезеңінде баланың жеке түлғасын дамытудың өзгешелігі түлғаны әлеуметтеудің маңызды факторлары болып табылатын қоғамдық мәдениеттің жанама әсері арқылы толықтырылады. Жасөспірімдерді қоршаған ортаны меңгеруге, қайта жасалатын әрекеттерге бейімделуге, хабардар болуға тарту, оларды азаматтық көзқарасқа қою өмірге тұлғаның әлеуметтік бағыттылығына тәрбиелеу мақсатын көздейді. Бұл тәрбиенің өмірмен байланыс принципіне, тұлғаның өзін-өзі іске асыруға жөне өзін-өзі дамытуға мүмкіндік туғызатын әрекеттің қоғамдық-практикалық сипатына сүйенеді. Сыныптан тыс мекемелердің қызметінде және басқа да тәрбие институттарының тұтас тәрбие процестерінде сабақтастық пен өзара байланыс тәрбие процесінің үздіксіздігі қамтамасыз етіледі.

Жеке адамның ұсақ ортамен өзара әрекеті өзінің қызығушылығы мен бейімділігі сәйкес шығармашылық жағынан өзін-өзі жүзеге асыру үшін мүмкіндік береді. Өсіп келе жатқан тұлғаның сапа байлығының көрінуіне тек қана құрдастарының ұжымы емес, сондай-ақ пікірлестер, достары, әлеуметтік белсенді еңбеккерлер ұжымы керек, мұндай ортада әрқайсысы кеңінен ашылады. Білім беру ұйымдарының тәрбие мүмкіндіктерінің талдауы тәрбие процесіне жас өспірімдерді баулу өзін-өзі басқаруда өз күшін, әрекеттілігін белгілеуге ықылас етеді. Осьшайша тұлғаның әлеуметтік бағыттылығын тәрбиелеу мақсатының айқындауы мазмүнына қарай мектептен тыс мекемелерде тәрбиенің принциптерін бөліп қарайды. Олар: балалардың даралық және жас ерекшеліктерін тіркеу негізінде ұжымдық шығармашылық қызметін ұйымдастырудың кешенді тәсілі; балалардың әрекеттілігі мен белсенділігінің жоғары деңгейін жасайтын ересектер мен балалардың шығармашылық бірлесуін, өзін-өзі басқаруын дамыту; табиғи факторларды белсенді пайдалану негізінде сауықтыру және тәрбие жұмыстарының бірлігі қағидалары.

Білім беру ұйымдарының тәрбиелік қызметі-бұл жас балалар мен жас өспірімдерді ғылымның, техниканың, мәдениеттің, өндірістің түрлі салаларына дайындаудың қоғамдық қажеттілігіне негізделген кең және динамикалық жүйе. Ол көп жоспарлы әрі көп қызметті, өз ерекшелігі және педагогикалық процестің екі субъектісі-тәрбиелеуші мен тәрбиеленушілердің өзара байланысы бар жүйе. Ол (жүйе) тәрбиеленушілердің өмір тіршілігін ұйымдастыруда олардың қоршаған ортаға белгілі қатынасын жасауда мақсатты бағытталған тәрбие әрекеттерінің жүйесіндегі шағын жүйе ретінде шығады. Оның негізгі компоненттері: қызмет субъектісі; қажеттілік, мақсаттылық, заттық-тәжірибелі бағыттылық; процестің нақты әрекетін ұйымдастыру мен камтамасыздығы; нәтижелілік болып табылады. Сыныптан тыс бірлестіктердің тәрбиелік қызметтерінің ерекшелігін талдау екі маңызды методологиялық шарттарды бұзбауды ұйғарады: Біріншіден, "Әрекет" түсінігі ерекше әрекеттілікті беру қажет, екіншіден, бұл түсінік зерттеудің белгілі тақырыбына жүйелі, толық сәйкес болуы тиіс.

Білім беру ұйымдарының тәрбиелік қызметі - дара және қоғамдық қажеттіліктердің байланысы негізінде базалы дайындық пен сыныптан тыс сабақтар арасындағы сабақтастықты; тұлғаны тәрбиелеуде әр түрлі жақтардың арасындағы және тәрбиенің кешенді тәсілдеріндегі өзара байланыс, үйлестілікті, білім мен тәжірибелік әрекеттерді меңгеру процесінде оқушылардың белсенділігі мен шығармашылығы, дербестігі және педагогикалық ықпалының өзара байланысын; тәрбиеленушілерге дифференциалды жолы мен балалардың жасы мен тәжірибесін есептеумен уақытша әр жастағы ұжымның, балалардың мұқтаждықтарын, педагогтардың мүмкіншіліктерін ашу болып табылады.

Әр алуан ұжымдардың тәрбиелік мүмкіншіліктерінің талдауы тұлға мен оның қарым-қатынасы педагогикалық ықпалға оның сыныптан тыс бірлестіктерде субъективтік бағытында белсенділігімен қолайлы болады деп есептейді. Сыныптан тыс ұжымдардың өмір тіршілігінде жасалған әлеуметтік-педагогикалық қарым-катынасының субъектісі ретінде жас өспірімдер төрт ипостастарға шығады: 1) таным субъектісі ретінде (әлемді тануға деген белсенділікті іске асыру); 2) тақырыптық-тәжірибелік әрекет ретінде (оны қоршаған ортаны қолынан келетіндей қайта жасауға белсенділігін арттыру); 3) қарым-қатынас (басқа субъектіні танып білуге және оынмен өзара әрекеттілікке бағытталған қажеттілікті іске асыру) және 4) өзін-өзі тәрбелеу (өзін-өзі тану мен өзін-өзі қайта жасауға бағытталған шығармашылық белсенділікті іске асыру).

Жас өспірімдердің шығармашылық тұлғасының белсенді бағытын оның тек сабақтарға жалпы қатынасы ғана емес, оның қажеттілігі мен мұқтаждығы ғана емес, сондай-ақ білімді практикалық іскерліктерді қабылдау мен меңгеру процесінің өзі де анықтайды. Тәрбиеленушілерді білім беру және тәрбие процесіне қосу тәрбие әрекеті процесін күшейтудің маңызды шарты болып табылады, нәтижеде өзін-өзі дамытуға және өз бетімен білім алуға, дайындығының, өз әрекетінің бастамасы дамыды.

Сыныптан тыс бірлестіктердің тәрбиелік әрекетінің негізінде жатқан ішкі пікір - бұл тұлғаның өмір тіршілігінің барлық кезеңдеріндегі шығармашылық жағының даму идеясы, білімнің толығуы, практикалық іскерлігінің жетілуі, өнегелі құндылығын байыту. Сыртқы пікірге басқа институттарға қатысты жалпы тәрбие жүйесінде компенсаторлық қызмет жатады.

Білім беру ұйымдарының тәрбиелік қызметтерінің жүйесі тұлғаның сапасын дамытудың түрлі деңгейіндегі жас өспірімдерге жасалған дифференциялық жолымен сипатталады. Бірғана мысал келтірейік. В.В.Белова, Т.И.Щукиналардың зерттеулерінде жас өспірімдердің танымдық қызығушылықгарының даму сатысына байланысты әрекеттерді ұйымдастырудың бірнеше деңгейі көрсетілген: бірінші - репродуктивтік-еліктеу әрекеті, осының көмегімен жас өспірімдер үлгілерді меңгереді, осылайша өздеріне басқалардан тәжірибеден тәжірибе жинайды; екінші -іздену орындау әрекеті, мұнда жетекші есепті ақындайды, ал жасөспірімдер оның шешу жолын өз бетінше іздейді; үшінші -шығармашылық әрекет, мұнда жасөспірімдер анықтаған есепке сәйкес өзіндік шешімдері іске асырылады және жас өспірімдер үшін сапалы жаңа құндылықтар жасалады. М.Д.Виноградова, В.И.Максакова, И.Б.Первин т.б. оқушылардың шығармашылық даралығы бойынша зерттеулері тұлғаның шығармашылық потенциялын дамытудың жемістілігі әлеуметтік құнды дара шығармашылық мүмкіншіліктері мен тапсырмаларын шығармашылықты түрде орындаудың ең жақсы жолын таңдауда да және жаңасын жасауда да қабілеттілігі балалардың әр түрлі талаптарын тоқтату процесінде болатынын растады.Білім беру ұйымдарының қызмет шартында үйірменің ұжымдық әрекетінің шығармашылықпен қанықтыруы дайындықсыз балалардың өзінен қостау табады. Әр түрлі шығармашылық әрекет сыныптан тыс ұжымда балалардың рөлін және бағытын өзгертуге мүмкіндік жасайды.

Жалпы тәрбиенің шағын жүйесі ретінде білім беру ұйымдары балалармен жұмысты педагогикалық жағынан ұйымдастырудағы өзгешелігінен ерекшеленеді. Біріншіден, бұл жасөспірімдерді бірігуге тартатын, одан өзінің іскерлігі мен қатыстығын көрсетуді талап ететін тақырыптық -практикалық әрекеттің жаппай және топтық түрлері. Бұл негізінен, кешенді ойын - жарыстар, шығармашылық мейрамдар, сайыстар, фестивальдар және т.б. Бұларға қатыса отырып, балада тандау мүмкіндігі туады.

Өз бойына танымдықгы, рақатты, көңіл көтеруді біріктіретін жұмысқа қатысудың еріктілігі барлық адамға соның ішінде балаларға өз күшін сынауға, ұнауға лайықты болуға, өзінің жетістіктерін жолдастарының табыстарымен салыстыруға жететіндігіне жағдай жасайды. Екіншіден, бағытталған қызығушылыққа және мүмкіншіліктерге сәйкес жүйелі әрекетпен айналысқысы келетін балалар үшін үйірмелер, секциялар, студиялар, лабораториялар жөне басқа да^ шығармашылық бірлестіктер. Мұндай ұйымдастыру формалары қабілеті мен дайындығына қарамай ниет білдіруші барлық жасөспірімдерді бірдей қатысуға мүмкіндік туғызады. Үшіншіден, әбден дайындалған жас өспірімдерге арналған жұмыстың формалары мен түрлері. Бұларға оқушылардың ғылыми қоғамы, ғылым, техника әуесқойларының жазғы мектеп-лагері, экспедициялар(археологиялық, геологиялық, фольклорлық т.б.) жатады.

Білім беру ұйымдарының жұмыс шартында ұйымдастырудың барлық осындай әдістері балаларға дифференциялы әсер етудің есебімен бір уақытта әрекет етеді. Бірақ олардың тұлға потенциалын шығармашылықпен дамытуда бейімділігін атап көрсетуге болады.





Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет