1 Бастауыш сынып пәндерін интеграциялау негізінде оқушылардың білім сапасын арттырудың теориялық негіздері


Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәнділігі



бет2/5
Дата19.04.2020
өлшемі0,8 Mb.
#63046
1   2   3   4   5
Байланысты:
Бастауыш сынып пәндерін интеграциялау негізінде оқушылардың білім сапасын арттыру

Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәнділігі


- оқушылардың білім сапасын арттыру мәселесінің зерттелу деңгейі мен теориялық негіздері анықталды;

- бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыруда пәндерді интеграциялаудың психологиялық-педагогикалық негіздері айқындалды;

- бастауыш сынып пәндерін интеграциялау – оқушылардың білім сапасын арттырудың дидактикалық шарттары анықталды;

- оқу пәндерін интеграциялау негізінде бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттырудың әдістемесі тәжірибелік-педагогикалық экспериментте тексерістен өткізіледі және ғылыми-әдістемелік ұсыныстар жасалды.



Зерттеу әдістері: Философиялық, әдіснамалық, ғылымтану, педагогикалық, психологиялық әдебиеттерге теориялық талдау жасау, қойылған міндеттерді шешу және бастапқы болжамды тексеру үшін зерттеу әдістері мен әдістемелік кешенді қолдану: теориялық зерттеу әдістері; тікелей, қосалқы, ұзақ мерзімдік бақылау; сауалнама, әңгіме, диагностикалық әдістер (тестілеу, мониторинг әдістері); әрекет нәтижесін талдау; тәжірибелікэксперименттік жұмыс; мәліметтерді сапалық және сандық сараптау; қорытындылау.

Зерттеу базасы. Павлодар қаласының №19 жалпы білім беретін мектебі.

Диплом жұмысының құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.



1 Бастауыш сынып пәндерін интеграциялау негізінде оқушылардың білім сапасын арттырудың теориялық негіздері

1.1 Оқушылардың білім сапасын арттыру мәселесінің зерттелу деңгейі мен теориялық негіздері

ХХІ ғасыр – ғылым ғасыры. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Мектептегі білім беру ісі ғылыммен тығыз байланысты болып, жаңа дәуір жаңалықтарымен толықтырылуы тиіс.

Қазақстан Республикасының білім беру саясаты – барлық адамзаттардың білім алудағы теңдігі, дарынды тұлғаларға деген үкімет тарапынан қамқорлықтың болуы, білім берудің гуманистік және дамытушылық сипатта келуі, білім беруді ақпараттандыру сияқты оң бағыттарына негізделген. Мұндай үлкен міндеттерді шешу үшін дәстүрлі оқыту жүйесінен біртіндеп қарқынды даму шеңберіне жеткізе алатын жаңа оқыту технологияларын қолдану қажеттілігі туындайды.

Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында: «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды», - деген болатын [1].

Осы орайда мұғалімнің негізгі ұстанатын мақсаты – білім берудің жаңа үлгісін жасап белгілі бір көлемдегі білім мен іскерлік дағдыларын меңгерту үшін оқу мен тәрбие үдерісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіре отырып, жаңа технологияларды сабақта тиімді пайдалана білуі қажет. Нәтижелі педагогикалық үдерістің барысында жақсы маман даярлығын жүзеге асыру болып табылады.

Әлемдік тәжірибені негізге алып, 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік білімді дамыту бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама мақсаты білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экономиканың тұрақты өсуі үшін, сапалы білімнің қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы адам капиталын дамыту болып табылады. 2008 жылдан бастап жаппай әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін бұл бағдарлама бойынша отандық 12 жылдық білім берудің мазмұны жаңартылуда, яғни қазақстандық бастауыш білім мазмұны шетел тілі мен информатика негіздері бойынша толықтырылуда. Бұл бастауыш сыныпта оқитын балалардың ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыратындай пәндер екендігін көрсетеді, өйткені қазіргі таңда бастауыш сатының білім мазмұнында оқушының жеке қасиеттерінің дамуына әсер ететін, білім, икемділік, дағдыны меңгертіп қана қоймай, тұлғаның құзыреттілігін қалыптастыруды көздейтін бастауыш білім мазмұнын іске асырудың төрт стратегиясы қолданылады. Олар: үдету – мектепке ерте оқуға келген немесе сыныптан сыныпқа аттап көшетін балалармен жұмыс, шығармашылық шеберханалардағы, жазғы, қысқы лагерьлердегі жұмыстарды қамтиды; тереңдету – қандай да бір пәнді тереңдетіп оқытатын сыныптар, гимназия, лицейдегі жұмыстар қарастырылады; жалпылау - пәнаралық сипатқа ие, өзіндік ізденіс жұмыстарын, арнайы тренингтер ұйымдастыру; проблеманы нақтылау-жалпылау бағдарламаларының құрамды бөлігі болып табылады, тұлғалық білім беруге негізделеді [5].

Қазіргі кезеңде барлық сала мамандарының құзыреттері туралы пікірлер, кәсіби маман даярлау мәселелерімен айналысып жүрген ғалымдар, педагогтар, психологтар еңбектерінде көрініс табуда. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда кәсіби шеберліктің қалыптасуы мен даму үдерісінде екі ұғым: құзыреттілік және құзырет ұғымдары пайдаланылып келеді. С.Ожегов сөздігі бойынша біріншісі, белгілі бір кәсіби қызметке байланысты, «қандай да болмасын мәселеден хабардар болу, беделділік», ал екіншісі, «қандай да бір істі жүргізетін жеке адамның, мекеменің мәселелерді шешуге, іс-әрекет етуге, бір нәрсені істеуге құқықтылық шеңбері» [6]. Құзырет (Компетенция) – нақты әрекет пен үдерістерге байланысты тиімді, өнімді әрекеттер жасай алатындай дара тұлға сапаларының өзара байланысқан бірлестігі (білім, іскерлік, дағдылар, іс-әрекет түрлері).

«Құзыреттер» термині әдетте белгілі бір әлеуметтік-кәсіби статус иесіне байланысты қолданылады және оның сол істі атқарудағы түсінігі, білімі, іскерлігінің орындалуға тиіс мәселенің нақты өз деңгейінде шешілуімен сәйкестілігі арқылы сипатталады.

Латынның «compete» деген термині «білу», «жасай алу», «дегеніне жету» деген мағыналарды береді. Бұл жалпы алғанда құзыреттердің мәнін анықтайды. Кәсіби құзыреттер категориясын айқындау үшін оларды әр түрге айналдыру, нақтылау және жалпы логикалық ұғымға біріктіру жүзеге асырылады.

Құзырет – білім беру жүйесіне берілетін әлеуметтік тапсырыстарды құрайтын жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында нәтижелі іс-әрекеттерге қол жеткізу үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді жаңғыртуға дайындық [7].

Құзырет – адамның сапасының құраушысы ретінде көрінеді, оның белгілі әрекеттерді немесе кешенді міндеттерді орындау қабілеттерін анықтайтын оның қасиеттерінің тобы.

Құзырет – бұл белгілі саладағы нәтижелі іс-әрекет үшін білімді, біліктілікті және жеке тұлғалық сапаларды қолдану қабілеттілігі.

Құзырет ұғымы (Европалық TUNING жобасы):

- білуі және түсінуі (академиялық саланың теориялық білімдері, білу және түсіну қабілеттілігі),

- білім әрекет ету ретінде (нақты жағдаятқа білімді практикалық және оперативті қолдану),

- білім қалай болуы қажет (құндылық қабылдау тәсілінің ажырамайтын бөлігі ретінде және әлеуметтік контекстегі басқалармен өмір сүруі).

Құзыреттілік – оқу мен өмір жағдаяттарын шешу кезінде білім алушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны және қызметтің әмбебап тәсілдерін меңгеруі көрінетін білім берудің нәтижесі.

Жеке тұлғаға қатысты құзыреттілік негізгі үш сала құраушысынан тұратыны анықталған [8], олар танымдық (когнитивті), аффективті (эмоциональды-құндылық) және психомоторлы (іс-әрекеттік) сала. Аталған салалардың мазмұнына төменде қысқаша мағлұматтар беріледі [9].

Педагогикалық мақсаттардың алғашқы схемасының авторы американдық ғалым Б.Блум болды. Ол (1956 жыл) бiрiншi таксономияның бiр бөлiгiн жарыққа шығарды. Д.Кратволь басқа ғалымдармен келесi он жылдықта екiншi (аффективтік саладағы) таксономияның бiр бөлiгiн жасады. Бiрiншi бөлiк (когнитивтi) танымдық сала мақсаттарын сипаттайды. Алдымен іс-әрекет және соған сәйкес олар қамтитын мақсаттар сипатталады.

1. Когнитивтi (танымдық) сала. Бұл салаға оқыған материалды есте сақтау мен еске түсіруден (елестетуден) мәселені шешуге дейінгі мақсаттар енеді, бар білімді ой елегінен қайта өткізу қажеттілігі алдын ала зерделенген идеялармен, әдістермен, әрекет тәсілдерімен (процедуралармен) олардың жаңа үйлесімділігін тұрғызу, жаңаны жасауды қамту қарастырылады.

2. Аффективті (эмоциональды-құндылық) сала. Бұл салаға қарапайым ұғынудан бастап құндылық бағдарлар мен қатынастарды меңгеруге дейінгі қызығушылық, олардың белсенді жүруін қамтитын қоршаған орта құбылыстарына эмоциональды-жеке тұлғалық қатынасты қалыптастыру мақсаттары қатысты болып табылады. Бұл сфера мақсаттары - қызығушылықты және бейімділікті, әсерленушілікті немесе басқа да сезімдерді қалыптастыруды, қатынасты және оны жете түсіну мен іс-әрекетте жүруін қамтиды.

3. Психомоторлы сала. Бұл сала қозғалыс (моторлы), манипулятивті іс-әрекет түрлерін, жүйке-күш координациясын қалыптастырумен байланысты. Бұл жазу дағдылары, сөйлеу дағдылары; дене тәрбиесінің, еңбекке баулудың ұсынылған мақсаттары.

Құзыреттерді түзетін білім құраушылары біздің зерттеу жұмысымыздың негізгі зерделейтін мәселесі болып табылады. Осыған байланысты «білім», «білім сапасы» ұғымдарының мағынасын айқындау және оны жетілдіру мәселесіне қатысты зерттеулер мен теориялар қызығушылық тудырады.

«Білім» ұғымына ғалымдардың, зерттеушілердің, философтардың, психологтардың, педагогтардың ортақ қабылдаған, нақты анықтамасын табу қиындық тудырады. «Білім» зерттеушінің зерттейтін объектісінің ерекшелігіне байланысты әртүрлі аспектіде қарастырылып келеді.

Гносеологиялық аспектіде «білім» ұғымы объективті дүниенің кең мағынада алғандағы бейнесі, көрінісі, идеялды нәрсе ретінде көрінеді немесе түйсікке, қабылдауға, түсініктерге бара-бар сезімдік бейне ретінде немесе ұғымдарға, пайымдауларға, пікірлерге, ой қорытындыларына бара-бар абстрактілі бейнелер ретінде түсіндіріледі.

Сөздіктердегі «білім» ұғымына қатысты анықтамаларды зерделеу қысқаша кесте түзуге мүмкіндік береді (кесте-1).


Кесте 1 – «Білім» ұғымына берілген түсіндірмелер

Ақпарат көздері

«Білім» ұғымына қатысты кейбір түсіндірмелер (анықтамалар)

Краткий словарь по философии // Под ред. И.В.Блауберга, П.В.

Копнина, И.К.Пантина. – М., 1970. С. 95



Адамзат баласының өзіне дейінгі қоғамның бүкіл танымдық іс-әрекеті, сол адамның алдында алдағы уақытта өзі меңгеруге, өзіндік етуге, практикада қолдана білуге тиісті, дайын білім түрінде тұрады. Адам білімді өз іс-әрекетіне қатыстыра, пайдалана отырып, өзінің рухани қабілетін дамытады, өзін белсенді жасампаз ретінде, мәдениеттің субъектісі ретінде қалыптастырады.

Краткий словарь по философии / Под общ. ред. И.В.Блауберга, И. К.

Пантина. –М.: Политиздат,

1989. –413 с. (с.91-92)


Білім – үдеріс тұрғысынан емес, нәтиже тұрғысынан қарастырылған объективті шын-дықтың бейнесін көрсететін рухани іс-әрекет.

Философский словарь // Под ред. И.Т.Фролова. Изд. пятое. –М.:

Политиздат, 2006.-590с.

(С.150-151)


Адамдардың қоғамдық, материалдық және рухани іс-әрекетінің жемісі; дүниенің, табиғат әлемі мен адамдардың объективті қасиеттері мен байланыстарын таңбалар формасында идеалды өрнектеу.

Философский-энциклопедический словарь // Гл. редакции

Л.Ф.Ильичев, П.Н.Федосеев,

С.М.Ковалев, В.Г.Панов. Москва. Советск. энцикл.

2003. -840с. (с.192)



«шындықты тану үдерісінің қоғамдық тарихи практикада тексерілген және логика арқылы куәландырылған нәтижесі» ретінде; «шындықтың адам санасында түсініктер, ұғымдар, пайымдаулар, пікірлер, теориялар түрінде дәл сәйкес келетіндей бейнеленуі.

Научно-технический прогресс: Словарь / Сост.: В.Г.Горохов,

В.Ф.Халипов. -М.:Политиздат, 1997.

- 366 с.


Білім – шындықты тану үдерісінің нәтижесі, оның адам санасында сәулеленуі, тәртіпке салынуы, қоғамдық практикада тексерілуі және логикалық тәртіпке салынуы.

Ғалым психологтар мен педагогтар тарапынан да білімге берілген анықтамалар көптеп кездеседі. Солардың бірқатарына біздер төменде тоқталамыз.

Орыс тілінде «білім» екі түрлі мағынада түсіндіріледі: біріншісі, сана арқылы шындыққа жету. Ғылым; екіншісі, қайсыбір саладағы мәліметтер, танымдық жиынтығы [10]. Сөздікке сәйкес, «білім» термині, біріншіден, жаңа білімді алу үдерісі ретінде, екіншіден, таным үдерісінің нәтижесі ретінде түсініледі.

Ғалым А.Я.Понамаревтің зерттеуінде білім мен ойлау адамның жеке дара танымының негізгі элементтері, әрі білім психикалық өзара әрекеттесу үдерісі ретінде кең мағынада қарастырылатын ойлаудың біршама жемісі ретінде көрініс табады [11].

И.Я.Лернер білімді қоғамдық таным нәтижесі ретінде, танушы және меңгеруші субъектіге тәуелсіз, яғни тұлғадан тыс жататын қоғамдық игілік ретінде анықтаудың жөні барлығын, дұрыстығын айта отырып, оны білімге белгілі бір тұрғыдан қараудың бірі екендігін атап көрсетті. Педагогикаға қажетті – біріншіден, «субъектінің, оқушының білімін, яғни таным үдерісі мен оның нәтижесі арқылы және меңгеру нәтижесінде адамның жеке басының игілігіне айналған қоғамдық білімді» қарастыру, екіншіден, «меңгеру үдерісінің нәтижесі ретіндегі білім» болып табылады [12].

В.Ф.Паламарчук білім құрылымы фактілерді, түсініктерді, заңдар мен заңдылықтарды, идеяны, теорияны қамтитынын жазады [13].

Педагогикалық әдебиеттерде «білім» ұғымы үш едәуір басты мәнде қолданылады: ғылым ретінде; оқыту мазмұны ретінде; оқыту мазмұнын меңгеру нәтижесі ретінде.

С.Абдукадирова өзінің зерттеуінде «білім» терминінің мазмұнын былайша түсінеді: «біріншіден, «білім» дегеніміз – айнала қоршаған заттар, нәрселер, құбылыстар, дүние туралы және олардың өзара байланысы, қатынасы туралы, яғни объективтік шындық туралы қабылданған, саналы түсінген, есте сақталып қалған және көрсетілген әдіс, үлгі бойынша әртүрлі таныс жағдайларда ғана емес, сонымен қатар күтпеген, белгісіз, кездейсоқ, жаңа жағдайларда қолдану деңгейіне дейін меңгерілген информация» [14].

«Педагогика және психология» сөздігінде білім ұғымына: «білім – адамның белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдарының т.б жиынтығы. Білім адамзат мәдениетінің ауқымды құралдарының бірі болып табылады. Білім бүкіл адамзат ақыл-ойының адамды қоршаған табиғатты, айналаны танып білудегі ғылыми мәлімет қорының жиынтығы; қоғамдық өмірдің даму сатыларына сай теориялық анықтамалар мен адамның өмірлік қарекетінде айқындалып дәлелденген белгілі бір жүйедегі ұғымдар дүниесі. Білімді танымдық дәрежесіне, шындықты жан-жақты қамтуына, терең мәніне, жете бейнеленуіне, дәйектілігі мен дәлдігіне қарай мынандай түрлерге бөлуге болады: тұрмыстық білім, ғылымға дейінгі білім, ғылыми білім, эмпирикалық білім, теориялық білім. Білімнің қай түрі болсын адамзат тәжірибесінің негізінде дамып отырады», …білім – табиғат пен қоғам дамуындағы фактілерді, ұғымдарды, заңдарды меңгерудің нәтижесі деген анықтама берсе, Қазақстанның Ұлттық энциклопедиялық сөздігінде «білім адамдардың белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдауларының жиынтығы», - деп атап көрсетіледі.

Д.Кішібеков философия ғылымы тұрғысынан білім материалдық және рухани құбылыстар туралы шынайы, әрі нақты мәліметтер жиынтығы, олардың адам санасында дұрыс, объективті бейнеленуі десе [15], Ғ.К.Ділімбетова білім – шындықты өзгертудің маңызды құралы бола отырып, өсуі жағынан қазіргі уақытта кез-келген басқа жүйенің өсуін басып озатын, динамикалық жүйе дей келе жүйенің бір-бірімен барлық сатыда сабақтаса құрылатын білім мазмұнымен анықталады деген қорытынды жасайды [16].

Сонымен, зерттеулерге сәйкес білім жөнінде педагогикалық әдебиеттерде екі мәнде айтылатынын көруге болады, біріншісі – білім беру мазмұны ретінде (білімнің түрлері, олардың құрылымы); екіншісі – осы мазмұнды оқушылардың меңгеру нәтижесі.

Педагогикада «Білім» ұғымы кең және тар мағынада қарастырылады. Теориялық білімі мен тәжірибесі, оларды қолдана білу икемділіктерінің кешені адамның терең білімі бар екендігін аңғартса, білім тар шеңберде жекелеген пәндерді оқып-үйренуде оқушының меңгеретін білім қоры мен оған сәйкес икемділік пен дағдылар туралы айтылады. Тар шеңбердегі білім – оқу материалының ұғымдық-деректік құраушысы, оған нақты өзара байланысты деректер, теориялық материалдар, терминдер, әрекет тәсілдері туралы білім жатады.

Зерттеулерге сәйкес білім түрлері жөнінде де зерттеушілердің бірқатар өзіндік ой-пікірлерінің барын мысалыға келтіруге болады, олар: халықтық, политехникалық, логикалық-методологиялық білім, т.б.

Жалпы халықтардың материалдарды өңдеуі, олардан бұйымдар дайындауы «халықтық білім» негізінде жүзеге асырылғандығы белгілі. «Халықтық білім – табиғат және әлеуметтік үдерістер мен құбылыстарды эмпирикалық бақылау жолымен жинақталған, дәстүрде бекітілген сонымен қатар, күнделікті практикалық іс-әрекетте пайдаланатын кешен» [17].

Мектептік «білім – мақсатты педагогикалық үдеріс, өзіндік білім алу және өмірлік тәжірибе нәтижесінде шындық заттары мен құбылыстары, табиғат және қоғамның даму заңдылықтары туралы түсініктері мен ұғымдары. Білім ойлау мен дүниені түзу құралы болып табылады».

Сонымен білім, оны (білімді) меңгерумен, яғни оқыту үдерісін ұйымдастырумен байланысты қарастырылады. Оған қатысты төмендегідей анықтама түсініктерін келтіруге болады:

- меңгеру – жаңа тәжірибенің бұрынғы тәжірибемен, жаңа информацияның осыған дейін саналы түрде меңгерген информациямен ұласуы;

- меңгеру дегеніміз, яғни дәлірек айтсақ өзіндік ету дегеніміз – түсіну, есте сақтау және қолдана білу;

- меңгеру дегеніміз – бұрынырақ түсінгенді және есте сақтағанды практикада пайдалану мүмкіндігі.

Білім мазмұнын түзетін ұғымдарды қолдану үшін: а) ұғымдардың мазмұнын білу; б) ұғымға қолдану керек объекті немесе өндірістік үдерістің сипатты белгілерін білу; в) өндірістің сипатты белгілерінің, жақтарының ұғым мазмұнына сәйкестілігін немесе сәйкес еместігін анықтау керек.

С.Абдукадирова білімді меңгеруге қатысты: айнала қоршаған заттар мен құбылыстар, олардың өзара байланыстары мен тәуелділіктері, даму заңдылықтары жөніндегі объективті информацияларды (оқу материалын) ұғып, түсіну, есте сақтау және оларды сөзбе-сөз қайталап айтып беру, жаңғырықтыру ғана емес, сонымен бірге оларды жеке, субъективтік іс-әрекетке (танымдық және практикалық іс-әрекетте) белсенді түрде пайдалану. Демек, танымдық және практикалық іс-әрекеттерді жүзеге асыруда білімді қолдану оны меңгерудің жаңа әрі жоғары сатысы болып табылады деп біледі.

Зерттеу жұмысымызда анықталуы тиіс ұғымның бірі – «білім сапасы». «Сапа» – объектіні басқа емес, дәл сол объект ететін маңызды анықтылықты, айқындалғандықты көрсететін философиялық категория. «Сапа» – объектілердің объективті және жалпылама сипаттамасы және олардың қасиеттерінің жиынтығы ретінде көрініс табады [20]. Сонымен, объектінің орнықты, тұрақты және оның мәнін анықтайтын, сипаттамаларын құрайтын қасиеттері объектінің сапасы деп аталады.

Білім сапасы дегеніміз – мектепте білім алып отырған шәкірттің немесе мектеп бітірушінің білім алу арқылы әзірлігінің сапасы мен білім беру қызметінің сапасын қамтитын түсінік.

Педагогикалық зерттеулерде: оқушылардың білімінің сапасы – білімнің балалардың өзінің іс-әрекеті объектісіне, объективті шындыққа деген қатынасын қалыптастыру базасы ретінде қызмет ету қабілетін құрайтын белгілері мен қасиеттерінің бірлігі ретінде де анықталады (С.Абдукадирова).

Т.Л.Коган оқушылардың білімін оқыту үдерісінің, ең алдымен оқыту мазмұнын меңгерудің нәтижесі деп санайды және де білім сапасын үш деңгейге бөледі [21].

1. Пәндік-мазмұндық деңгей. Бұл деңгейде білім сапасы толықтығымен, талдап қорытындыланумен, жүйелілігімен сипатталады.

2. Мазмұндық-іс-әрекеттік деңгей. Білім сапасының екінші деңгейі беріктіктігімен, жұмылдырылуымен (дайын тұрушылығымен), әрекеттілігімен сипатталады. Бұл деңгей оқушылардың білімінің кейінгі өңделуінің және түрлендірілуінің нәтижесін сипаттайды.

3. Мазмұндық-жеке тұлғалық деңгей. Бұл деңгейде оқушының жеке басының ақыл-ой іс-әрекетінің (ақылының) қандай да бір қасиеттерінің оқыту ықпалымен қалыптасуы қарастырылады, олар: тұрақтылық, оралымдылық, тереңдік сияқты қасиеттер.

Н.Н.Самылкина өзінің еңбегінде меңгерілген білімнің сапалық сипаттамасы жөнінде Т.Л.Коганның ойын қуаттай келе деңгейлерді төмендегідей бөліп көрсетеді:

- пәндік-мазмұндық (қалыптастырылған білімнің толықтығы және жүйелілігі);

- мазмұндық-іс-әрекеттік (оқушылар білімінің беріктігі мен әрекеттілігі);

- мазмұндық-жеке тұлғалық (білімді қолдану кезіндегі өзбетінше әрекет етушілігі және оперативтілігі).

Біздер қарастырып отырған оқушылардың білім сапасы және оны арттыру жолдары көптеген дидактикалық зерттеулерде біршама қарастырылған. Сондай-ақ аталған мәселе педагог классиктердің еңбектерінде де көрініс тапқан. Я.А.Коменский өзінің дидактикалық еңбектерінде алғаш рет білімнің саналылық, жүйелілік, беріктік және т.б. сияқты сапаларына (қасиеттеріне) сипаттама берсе [22], осы ойды дамыта отырып, А.Дистервег оқушылардың білімінің жүйелі, саналы, берік болатындай жағдайлар мен шарттарды сипаттап береді. Атап айтқанда:

- баланың сезім арқылы қабылданатын материалдарды терең ойластыруын және мағынасына жете түсінуді;

- оқытудың үздіксіздігі;

- көрнекілікті қолдануды;

- оқушылардың жеке басының ерекшелігін ескеруді;

- оқу материалын есте бекітуді;

- ақыл-ой күштерінің қозуына ықпал ететін оқыту әдістерін, оқушылардың оқыту үдерісіндегі ақыл-ой белсенділігін;

- оқу материалының түсініктілігін, баланың шамасына лайықтылығын және т.с.с. жатқызды [23].

Жүсіп Баласағұн «...Ақыл – шырақ, қара түнді ашатын, Білім – жарық, нұрын саған шашатын…» дей келе, өзінің «Құтты білік» (Құдатғұ білік) атты еңбегінде білімді адамның білікті болатынын айта келіп, ақылдың талай түйінді шешетінін, адамның ақыл-парасаты барлық нәрсеге қабілетті екенін сипаттап, жан-жақты дамыған адам үлгісін елестетеді [24].

Білім меңгеруге қатысты қазақ ақыны Абай өзінің қара сөздерінде (7-сөзі) «жан қуаты» ұғымы сыртқы объективті өмір шындығын бес сезім арқылы сезімдік танудан соң, ойлау үдерісі ретінде қаралуы логикалық танымға сәйкес келетінін айқындаған. Танып білу бірден болатын үдеріс емес екендігін де ескертеді. Абай танымы бойынша өнер, ғылым, білім, ақыл атаулы рухани құбылыстардың бәрі де жан қуаты арқылы сыртқы болмыстан туындайтын заңды құбылыстар екенін сипаттай келе, адам тән қуатымен дәулет, байлық жиса, жан қуатымен - рухани қажеттілікті өтеу үшін ғылым, өнер, ақыл табуы тән екендігін мазмұндаған. Сондықтан да жан қуаттарын жетілдіру қажеттігін айтып өткен [25]. Абай халықтың ағарту ісін өркендету үшін шығыс және батыс мәдениетін жан-жақты зерттеп, сол мәдениет негіздерін өз халқына үлгі-өнеге етіп көрсетіп, қазіргі уақытта білімді меңгерудегі іс-әрекеттер туралы өз ойын төмендегідей тұжырымдаған:

- ықылас қоя тыңдау;

- тыңдағанды бірнеше рет ойда қайталау; - ой кеселдерінен сақ болу.

К.Д.Ушинский білімді меңгеру үдерісіндегі басшылыққа алынатын негізгі мәселелерге тоқталады және олардың негізгілеріне мыналарды жатқызады:

-мұғалімнің басшылығымен оқушылардың білімді меңгеруде және дағдыларды қалыптастыруда мейлінше саналылығын;

-білімді толық бағалы, жоғары сапалы меңгеруі үшін оқушылардың ақылой қызметінің барынша белсенді болуын;

-оқушылардың өз бетінше әрекет етуін, т.б.

Сондай-ақ, білімнің жоғарыда аталған сапалық қасиеттерінің бір-бірімен тығыз байланыста болатынын және білімнің осындай қасиеттерін қамтамасыз етудің тәсілдері мен жолдарын атап көрсетеді [26].

М.Н.Скаткин және бірқатар ғалымдардың пікірі бойынша білім, яғни оқу материалын меңгеру үш кезеңнен тұратындығы бізге белгілі:

Бірінші кезеңде: меңгерілетін объект туралы ақпарат саналы түрде қабылданады және ол ақпарат есте сақталады;

Екінші кезеңде: осы білімді көрсетілген үлгі бойынша және оған өте ұқсас жағдайларға қолдану тәсілдері меңгеріледі;

Үшінші кезеңде: меңгерілген ақпаратты жаңа жағдайларға, таныс емес жағдайларға қолдану, оқушылардың осы іс-әрекетке әзір тұруын тәрбиелеу жүзеге асырылады [27].

В.М.Полонский: білім сапасы – мектеп түлектерінің оқу мен тәрбиенің жоспарланған мақсаты негізінде белгілі бар білім, біліктілік, ақыл және танымдық даму деңгейі, - деген анықтама береді [28].

1991 жылы Ы.Алтынсарин атындағы ғылыми зерттеу институты шығарған «Қазақ мектебіндегі білім мазмұны мен оқыту әдістерін жетілдіру деп аталатын жинақта Қ.Жүнісова, Ж.Қараевтың «Қазақ мектебі және ондағы білім мазмұнының кейбір бағыттары туралы», Т.К.Оспанов, И.В.Баранованың «Интеграция ұғымына педагогикалық тұрғыдан түсінік берудің жайы», К.Жүнісованың «Мектепте білім дамуында кіріктіре оқыту не үшін керек?», Н.Жапанбаеваның «Кешенді интеграциялап оқыту – оқыту үдерісі жандандырудың тиімді құралы», А.Б.Маженовтың «Жаратылыстану буынындағы білім мазмұнын интеграциялау түрлері мен жолдары» мақалалары жарық көрді. Бұл мақалаларда негізінен қазақ мектебінің білім мазмұны мен оның оқыту әдістеріне кіріктіру тән екендігі дәлелденген.

Ю.В.Василькованың «Страницы отечественного образование» атты еңбегінде білім сапасы білім мекемелеріндегі оқыту іс-әрекеттерінің аспектілері: білімнің мазмұны, оқыту әдістемесі, әдісі, материалдық- техникалық базасы, мамандардың құрамы т.б. оқушыны дамытуға қатысы бар көрсеткіштердің жиынтығы арқылы анықталып, білім сапасы білім беретін мекемелерде олардың барлық іс-әрекетінің бағыттарында қарастырылады, олардың жиынтығының нәтижесінде жүзеге асады және білім беру мекемесінің оқудағы әрекетінің аспектісін бейнелейтін білім сапасы көрсеткіштерінің жиынтығы:

- білімнің мазмұнымен;

- оқытудың түрлері және әдістерімен;

- мектептің материалды-техникалық базасымен;

- мамандардың біліктілігімен, тәжірибесімен анықталады [29].

С.Е.Шишов, В.А.Кальней өздерінің «Мектепте сапалы білім берудің мониторингі» деген еңбегінде жалпы білім беретін мекемелердің іс-әрекетінің бағалау критерийі жайлы нақтылап жазып, білім беру сапасы – қоғамның тұтынымының дамуымен және сұранысына талап сай келіп және тұлғаның кәсібилігін, адамгершілігін, қоғамдық өмірге бейімдеу қабілетін қалыптастырып, қоғамдағы білім үдерісінің күйін және нәтижесін анықтайтын әлеуметтік категория деп қарастырған [30].

Ю.А.Конаржевскийдің пікірінше білім беру сапасы – қойылған талаптарға тұлғаның азаматтық кәсіптік құзырлығының қалыптасуы мен даму дәрежесінің ішкі және сыртқы тұтынушылардың сұранысы мен күткеніне сәйкес келу деңгейімен сипатталатын білім беру үдерісінің жайы мен нәтижелілігі; білім алушылардың белгілі бір кезеңде қол жеткізген білім мен біліктілік, ақыл-ой, адамгершілік және дене тәрбиесі дамуының жоспарланған мақсатқа сәйкестік дәрежесі; білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметінен күтетін білім беру үдерісіне қатысушылардың қанағаттанушылық деңгейі [31].

Біздер үшін академик И.Я.Лернердің білімді сапалық қасиеттеріне қарай алтыға бөліп көрсеткені қызығушылық тудырады. Олар: білім сапасының дұрыстығы, толықтығы, әрекеттігі, түсініктілігі, беріктігі, жүйелігі. Жалпы алғанда, білімнің мазмұны (көп жағдайда) құрамы бойынша анықталса, білім сапасы көбіне деңгейі бойынша анықталады.

Академик В.Беспалько білімді игерудің төрт деңгейін бөліп көрсетеді: оқушылық (қайта жаңғырту), алгоритмдік (жүйелеу, реттеу), эвристикалық (танымдық ізденіс) және шығармашылық (ойлап табу, құрастыру). Жоғарыда аталған білімді игеру деңгейлерінің ішінде алғашқы үшеуі мектепте қолданылатын үш бағаға салыстырмалы түрде сай келеді деп есептеледі және білім сапасының да үш деңгейін анықтайды: оқушылық-дұрыстығы мен толықтығы; алгоритмдіктүсініктілігі мен әрекеттілігі; эвристикалық-жүйелілігі мен беріктігі [32].

Оқушының сапалы білімі оның танымдық және шығармашылық қабілеттеріне, сол арқылы белсенділігі мен дербестігіне тікелей тәуелді. Бұл – оқытудың жоғары деңгейдегі әдістерін пайдаланылып, сабақты неғұрлым жоғары дәрежеде өткізген сайын, оқушылар білімінің де сапасы жоғары болады.

Зерттеулерге сәйкес білім сапасын құраушы қасиет белгілері өмендегіше:

- толықтық – зерттеліп отырған объект жөніндегі білімдердің бағдарламалық санымен;

- жүйелілік – білім жиынтығының белгілі бір құрамын олардың ретіне және бірізділігіне қарай ұғынумен;

- жүйелену – оқушының ғылыми теориялардың құрамындағы орнын ұғынуымен;

- жеделдік – бірыңғай жағдайларда білімді пайдалану білігімен;

- икемділік – өзгертілген жағдайларда білімдерді пайдаланудың вариативтік тәсілдерін өз бетімен тану білігімен;

- талдап қорытушылық (жалпыланғандық) – жалпыланған түріндегі нақты білімді көрсете білу білігі ретінде және жинақтылығымен, ашықтығымен, саналы ұғынылуымен – білімдердің арасындағы байланысты және қатынасты түсінумен, оларды ашу жолдарын, сондай-ақ дәлелдеу білігімен;

- беріктілігі – білімдерді есте ұстау тұрақтылығы және оларды қолдану тәсілі басқа білімдер негізінде қажеттісін шығаруға дайындығымен сипатталады.

Білім беру сапасы – білім беру үдерісінің күйі мен нәтижелілігін, оның тұлғаның азаматтық, тұрмыстық және кәсіби тұжырымдамаларын дамытуда және қалыптастыруда қоғамның қажеттіліктеріне сай болуын анықтайтын әлеуметтік категория.

Сапалы білім беру дегеніміз – ғылымға негізделген жүйелі бағдарлама бойынша теориялық практикалық іске, еңбекке баулу дүниетанымын кеңейту. Баланың бойындағы бар қабілетін кемеліне келтіріп жетілдіру болып табылады.

Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой-өрісі бар адамгершілігі жоғары қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.

Балалардың білім сапасын арттыруда бала дамуының мынадай негізгі белгілерін: дербестігін, проблемалық ситуация, шығармашылық таным әрекетін, диалектикалық ойлауы т.б. қадағалап, балалар мен жеке, дара жұмыстар жүргізеді.

Оқушының білім сапасын арттыру – өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығының дамуына жағдай жасай алатын, тұлғалық-гумандық бағыттылығы жоғары, педагогикалық ақиқат пен ондағы өзінің іс-қимылын жүйелілікпен арттыруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын меңгерген және білімдік мониторинг негізінде ақпараттарды таба, таңдай, сараптай алатын, отандық және шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін мұғалімге байланысты.

Оқушылардың білім сапасын нақты көрсететін жекелеген пәндердің сапа көрсеткіші мен үлгерімі екендігі бәрімізге аян. Ал, оқыту сапасы – оқыту мақсаты мен міндеттері негізінде қойылған белгілі бір талаптарды оқушылардың орындау қабілеттілігі.

Қазіргі таңда білімнің сапасы оқытудың сапасына және оқушының білім сапасына тікелей байланысты. Оқыту сапасы мұғалімнің сабақтағы әрекетінің мынадай өзіндік ерекшелігімен сипатталады:

- жаңа дидактикалық әдістерді қолдануы;

- сабақты оқытудың әдістемесі және түрлері;

- оқушының сапалы меңгерген білімі, іскерлік, дағдысының жетістігі;

- оқушының оқуға көзқарасы, шәкіртінің әртүрлі олимпиада, сайыс, ғылыми конференцияға қатысуы;

- ғылыми-әдістемелік біліктіліктігін жетілдіруі;

- ғылыми экспериментке қатысуы т.б.

Жоғарыда аталғандардың барлығы мұғалімнің сабағындағы берген білімінің сапасының көрсеткіштері болып табылады. Ал, оқушының білім сапасы – орта, негізгі, бастауыш білім беру мазмұнының міндетті минимумын игерген жетістігін бағалаумен анықталады.

Жеке тұлғаның ерекшеліктеріне тән қасиеттер оның санасына, өзіне-өзінің сын көзімен қарауына, адам баласының есіне, әсер ететін ішкі және сыртқы түйсік, түйсіктердің әсеріне және оның ерік-жігер күші мен әсерленушілік сезім дүниесіне байланысты құбылыс деген пікірді біздер де қуаттаймыз.

В.И.Травинский дидактикалық зерттеу негізінде танымның сатылары туралы идеяны алып, білімнің 4 деңгейін бөліп қарайды:

-бастапқы деңгей: білім қорын жинау (білім «қозғалыссыз», «әрекетсіз»);

-операциялық (немесе стандартты операциялар деңгейі: әрекет ету аясы, қолданылу облысы шектеулі);

-талдау-жинақтау (аналитикалық-синтетикалық: білім нақты, жалпылама, жүйелі, саналы қабылдануы, олардың бірқатар танымдық және практикалық міндеттерді шешуге қамтылуы);

-шығармашылық деңгей: жаңа және стандартты емес практикалық және танымдық міндеттерді шешуге қатысуы, оның «қозғалтқыштығының», оперативтілігінің, әрекеттілігінің, оралымдылығының байқалуы [33].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет