1 бөлім Оқу құралы Қостанай, 2014



бет1/6
Дата23.08.2017
өлшемі1,02 Mb.
#25732
  1   2   3   4   5   6

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі



А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Басқару және іскерлік әкімшілік кафедрасы

Г.Е. Есімхан

Экономика және менеджмент

(1 бөлім)
Оқу құралы

Қостанай, 2014

УДК 338.43


ББК 65.32.73

Е 86



Рецензенттер:

Мустафина А.С. – э.ғ.к., А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік

университеті, басқару және іскерлік әкімшілік кафедрасының меңгерушісі
Кенжебекова Д.С. – э.ғ.к., А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік

университеті, қаржы және банк ісі кафедрасының меңгерушісі


Утебаева Ж.А. – э.ғ.к., М.Дулатов атындағы КИНЭУ, менеджмент

кафедрасының меңгерушісі


Авторы:

Есімхан Гүлдана Еркінқызы, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік

университеті, басқару және іскерлік әкімшілік кафедрасының аға оқытушысы

Е 86 Есімхан Г.Е.


Экономика және менеджмент (1 бөлім). 5В050700-Агрономия, 5В120100-Ветеринарлық медицина мамандықтарына арналған оқу құралы – Қостанай, 2014.-59 б.

Оқу құралына «Экономика және менеджмент» курсы бойынша негізгі теориялық ұғымдар мен негізгі қорытындылар, тәжірибелік сабақтарды орындауға арналған бақылау сұрақтары енгізілген.

«Агрономия» және «Ветеринарлық медицина» бағыты бойынша мамандықтарға арналған, сондай-ақ ауылшаруашылығы мамандарын даярлауда жоғары орны оқытушыларының сабақ барысында пайдалануларына болады.

ББК 65.32.73


А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің

Оқу - әдістемелік кеңесімен бекітілген және ұсынылған, хаттама №____ . ____. _____20___ж.


© Есімхан Г.Е., 2014



Мазмұны


Кіріспе..................................................................................................................

5

1 Тақырып. Агроөнеркәсіптік кешен. АӨК нарық. Шаруашылықтандырудың нарықтық тетігінің экономикалық негіздері......

6


2 Тақырып. Аграрлық өндірістің жер ресурстары және жерді пайдаланудың тиімділігін арттыру жолдары...................................................

14


3 Тақырып.Ауыл шаруашылығының негізгі және айналым капиталы. Инвестициялық саясат және күрделі салымдар...............................................

16


4 Тақырып.Еңбек ресурстары, еңбек өнімділігі...............................................

21

5 Тақырып.Интенсификация және ауылшаруашылығындағы ғылыми – техникалық прогресс...........................................................................................

28


6 Тақырып. Аграрлық өндірістегі тауарлық және жалпы өнім, оны өткізудің формалары. АӨК орналастыру, мамандандыру, концентрацияландыру, кооперация және интеграция.....................................

32


7 Тақырып. Өндіріс шығындары және бағаны белгілеу,

баға жүйесі.................................................................................................


38


8 Тақырып. АӨК ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігі...............................................................................................................

46


9 Тақырып. Өсімдік шаруашылығы салалары және мал шаруашылығы салалары экономикасы........................................................................................

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі..........................................................................


49

59





Кіріспе
"Экономика және менеджмент" курсы бойынша аталған бағдарламада экономикалық заңдардың және олардың аграрлық өндірістегі пайда болу формалары, саладағы өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, экономикалық ара қатынастарды, ауылшаруашылығының басқа да материалдық өндіріс сферасы мен өзара әрекеті, басқарудың ерекше түpi ретінде менеджментпен өзара байланысын, біртұтас тұрақты жүйені білдіретін нapықтық кәcіби қызметкeрлері үшiн бірден бip негізгі пән ретінде маркетингті, бәсекелестік орта жағдайындa нарықтың конъюктурасының нақты өзгеруіне қaбілеттi іскерлік экономикалық жүйені білдіретін әрекеттepдi оқып білу қарастырылады.

Аталған курсты оқып білу басқару тәжірибесі және ғылым ретінде менеджмент пен маркетингті оқy арқылы студенттерге менеджер дағдыларын тaныcтыруғa, нарықтық экономика жағдайында жұмысқа мамандарды дайындауға бағытталған.

Курстың негізгі мақсаты - студенттерге экономика, менеджмент, маркетингтің теориялық және практикалық негізін беру.

"Экономика және менеджмент" курсын оқып білу нәтижесінде студенттер: нарықтық механизмдерін пайдалану негізін; шаруашылықпен айналысу тәжірибесіндегі объективті экономикалық заңдардың әрекетін; сұраныс пен ұсыныстың қалыптасуын; өндірістегі ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін кеңінен қолдану нәтижелерін; ауылшаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін және өндірістің рентабельділігін анықтау әдістемесін; жердің экономикалық бағасын; қазіргі жағдайдағы ауыл шаруашылығы экономикасын тұрақтандыру шарттарын, талаптарын және бағыттарын; басқару теориясы мен тәжірибесі негіздерін; басқару функцияларын; мaркетингтің негізгі бағыттарын; өнімді өткізу стратегиясын; өнімдерге баға қою әдістерін білуі тиіc.

Студенттер басқару саласындағы білімдерін тәжірибеде қолдануды; басқару әдістерін игеруді; басқарудың нeгiзгi функцияларын жетiлдіруді; алға қойған мақсатқа жету үшін адамдармен тиянақты жұмыс істей отырып тәуекелге баруды; күнделіктi жұмыста дау-жанжал мен өте қиын жағдайларды шешуді бiлyi керек.

"Экономика және менеджмент" курсын оқып бiлy экономикалық теория, жоғары математика, статистика және бірқатар технологиялық пәндер курсынан алған білімдеріне негізделгeн. Алынған білімді агpoбизнестi ұйымдастыру, әлеуметтік-экономикaлық болжау, шаруашылық қызметті талдау, аграрлық және жер құқығы негіздері, бухгалтерлік есеп курстарында, сонымен қатар aлдағы тәжірибелік қызметтегі дипломдық жұмысты орындау барысында пайдалануға болады.




1 тақырып. Агроөнеркәсіптік кешен. АӨК нарық. Шаруашылықтандырудың нарықтық тетігінің экономикалық негіздері
Мақсаты: Нарық түсінігі мен атқаратын қызметтері және АӨК нарықтың

механизмінің экономикалық негіздерін қарастыру


Жоспары:

1. ҚР-сы экономикасында аграрлық сектордың орны мен мазмұны.

2. Агроөнеркәсіптік кешен және оның құрылымы.

3. Агроөнеркәсіптік кешенінің инфрақұрылымы оның түсінігі, мәні және жіктелуі.

4. АӨК ауылшаруашылық нарықтың жіктелуі

5. Шаруашылық жүргізудің нарықтық механизмі және оның элементтері

6. Сұраныс пен ұсыныс заңдарының аграрлық өндірісте көрінуі.


  1. ҚР-сы экономикасында аграрлық сектордың орны мен мазмұны.

ҚР-да агроөнеркәсіптік кешен экономиканың аса маңызды саласы және ол экономикалық дағдарысты жою, тамақ және жеңіл өнеркәсіпті дамыту, саяси және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында шешуші роль атқарады. Көптеген жылдар бойы өнімді еңбекке ынталандыру тетіктерін жете пайдаланбағандықтан аграрлық салада терең дағдарыс қалыптасты. Одан шығудың бірден-бір жолы осы салада кешенді және жүйелі түрде экономикалық реформа жүргізу керек болды. Еліміздің әлемдік сауда ұйымына кіруі ауыл шаруашылық өнім өндірушілері үшін - дақылдардың сапасын, өнімділігін арттыру керек. Сапалы өнім алу, өнімділікті жоғарылату бірінші кезекте қызмет көрсететін орталықтардың техникалық базасын жетілдіру. Алдыңғы қатарлы экологиялық қауіпсіз техникамен, технологиямен жабдықталуын тиімді ұйымдастыруын қажет етеді. Сонымен қатар өндіріс тиімділігін жоғарлатуға алып келетін инновациялармен жаңа технологияларды енгізу негізгі функциясы болып табылады. Агроменеджерлерді жалдау әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті өнім өңдіруге негіз болады. Нарықтық экономика жағдайында агроөнеркәсіптік кешенінде жүргізілген реформаның негізгі мақсаты өндірістің тиімділігін арттыру, өнім сапасын жақсарту, өнімнің өзіндік құнын төмендету арқылы халықты азық- түлік пен қамтамасыз ету болып табылады. ҚР – сы ауыл шаруашылығын тиімді дамытудың бір жолы ауыл шаруашылығын материалдық - техникалық ресурстармен , өндірістік қызмет көрсетуді қамтамасыз етуші кәсіпорындарға, ауыл шаруашылық кәсіпорындарын техникалық және жөн - жобалық көмек көрсетуші фирмаларға көңіл аудару.


2.Агроөнеркәсіптік кешен және оның құрылымы.

1970 жылдардың отандық ғылымында ауыл шаруашылығын аралас салалармен бір кешенде зерттеу дами бастады. Тиісінше «агроөнеркәсіптік кешен» атауы пайда болып, ғылыми және практикалық сөз қолданысына енді. Агроөнеркәсіптік кешені құрылымы 3 негізгі сфералардың жиынтығынан тұрады ( сызба-1):



Агроөнеркәсіптік кешен
Ісфера ІІсфера ІІІсфера


Қор шығаратын салалар



Материалдық қызметтер

Ауыл шаруашылығы өндірісі

Дайындау, сақтау, өңдеу, сату

Cызба-1
Бірінші сфераға: қор шығаратын салаларға-трактор және ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, минералдық тыңайтқыштар және өсімдік пен малды қорғаудың химиялық құралдары, ауылдық құрылыс, өндірістік мал азығын өндіру және микробиология, сонымен қатар суландыру құрылысы сияқты қорды қажет ететін салалар кіреді.



Екінші сфераға: таза ауыл шаруашылық өндірісінің салалары - егін шаруашылығы, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылық жем өндірісі немесе мал азығын өндіру жатады.

Үшінші сфераға: әдетте ауыл шаруашылығы шикізаттарын дайындау, тасымалдау, сақтау және өңдеуді қамтамасыз ететін салалар мен өндірістердің жиынтығы болып табылады.

Қазіргі заманғы ауыл шаруашылығының экономикалық үрдістерге және ауыл шаруашылығы өнімдерінің нарығына үлкен бизнестің әсері күшейген шақтағы аралас салалармен тығыз топтасып кетуі ауыл шаруашылығындағы экономикалық бағыттарды аралас салалардың әсерінен бөлек қарастыру терең зерттеуге мүмкіндік бермейтіндіктен, агробизнесті жүзеге асырудың теориялық әдістемелік негіздерін дамыту және практикалық әдістерді оқып үйрену қажеттілігі туады. Агробизнестің кешені төрт негізгі сфераға бөлінеді ( сызба-2).

Бірінші сфераға: ресурстар - ауыл шаруашылығын техникамен, жемшөппен, тұқыммен, тыңайтқышпен, өсімдіктер және малды қорғайтын дәрі – дәрмекпен, яғни өндірістің материалдық факторымен қамтамасыз ететін салалар жатады.




Агробизнес кешені

Сызба-2
3. Агроөнеркәсіп кешенінің инфрақұрылымның мәні, түсінігі және жіктелуі. Ауыл шаруашылығында тиімді, ұдайы өндіріс процесінің қалыптасуы қызмет көрсететін салаларға байланысты. Қызмет көрсететін салалар ауылшаруашылығына ең қажетті, маңызды қызметтерді орындайды. Ауыл шаруашылығының өндіріс көлемі ұлғайған сайын материалдық - техникалық ресурстарды, қосалқы материалдарды т.б. жұмсау мөлшері ұлғаяды. Шаруашылықтың электр энергияға, көлікке, байланыс құралдарына, өнімдерді сақтауға деген қажеттіліктері артады.

Ауыл шаруашылық өнімдерін тұтынушыларға жеткізіп беру, шаруашылықтың ұдайы өндіріс процесіне әсер ететін жабдықтау, жөндеу жұмыстарын қамтамасыз ететін салалардың қажетті құрылысымен қамтамасыз ететін тағы басқа да салалардың, қажетті ауыл шаруашылық өнім көлемін өндіру үшін олардың бірдей дамуы, нарық жағдайында маңызды рөлге ие болып отыр. Бұл айтылған салалар мен қызметтердің жиынтығы экономикада «инфрақұрылым» деп аталады.

Инфрақұрылым деп – экономикалық және әлеуметтік қайта өндіріске қажетті жағдай жасайтын салалар өндірістердің кешені ретінде бейнеленеді. Ол өндіріс процесінде пайда болатын технологиялық, өндірістік, экономикалық байланыстарды іс жүзінде асыру жолымен агроөнеркәсіп кешенінің тиімді қызмет атқаруына ықпал етеді.

Инфрақұрылым ауыл шаруашылық өндірісін интенсификациялаудың және оның тиімділігін арттырудың маңызды факторларының бірі. Инфрақұрылым өндіріс көлемін арттыруға және ауыл шаруашылық өнімінің сапасын жақсартуға қажетті жағдай жасайды. Инфрақұрылым ұйымның соңғы тұтынуы өнім өңдіруге елеулі әсер етіп, жалпы өндірісте қызметтің тиімді атқарылуын жүзеге асырады. Инфрақұрылымның басты мақсаты негізгі салалардың бірқалыпты үздіксіз қызмет атқаруын қамтамасыз ете тұрып , оларды жан-жақты жабдықтай отырып , барлық агроөнеркәсіп кешен салаларының тиімділігін арттыру болып табылады.

Инфрақұрылымды негізгі салалармен салыстырғанда өздеріне тән ерекшеліктері бар. Олар өздігінен ешқандай өнім өндірмейді, бірақ инфрақұрылымсыз ешбір жаңа өнім өндіру, сондай-ақ соңғы тұтыну өнімі қажетті көлемде өндірілмейді.

Олардың негізгі салаларға қызмет көрсетуі арқылы жұмыстың соңғы нәтижесінің тиімді болуын қамтамасыз етеді. Инфрақұрылымның аса ерекше функцияларының бірі - негізгі өндірісте өнімдерді одан әрі ұқсату (сату, тасу т.б.) қызметтерін өз қолдарына алып, негізгі салаларға өндіріс өнімін молайтуға, мамандығын тереңдетуге мүмкіндік беру.

Агроөнеркәсіп кешенінің инфрақұрылымының барлық элементтерін төмендегідей белгілері бойынша топтауға болады: ( сурет 1)



  1. Өндірістік процеске ықпал ету дәрежесі бойынша

  2. Салалық белгі бойынша

  3. Территориялық белгісі бойынша

  4. Функционалдық белгісі бойынша

Өндірістік процеске ықпал ету дәрежесі бойынша инфрақұрылым:

өндірістік және әлеуметтік болып бөлінеді. Қазіргі нарықтағы ауыл шаруашылық өндірісін дамыту үшін өндірістік инфрақұрылымның орны ерекше . Өндірістік инфрақұрылымның құрамына өндіріс құралдарының қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін салалар кіреді. Оның құрамына ауыл шаруашылық өндірісіне тікелей қызмет көрсететін салалар кіреді ( 2-сурет) . Өндірістік инфрақұрылым 2 салаға бөлінеді:

  1. Ауыл шаруашылығына қызмет көрсететін салалар

  2. Ауыл шаруашылығына арнайы қызмет көрсету бөлімдері

Ауыл шаруашылығына қызмет көрсететін салаларға келесідей жүйелер жатады:

1. Материалды - техникалық жабдықтау жүйесі

2. Электр - энергиямен қамтамасыз ету жүйесі

3. Тоңазытқыш, элеватор, қойма , ыдыс

4. Көлік , байланыс және жол тарабына байланысты қызметтерді іс жүзіне асыруды қамтамасыз ету

5. Ауыл шаруашылық саласына тиісті мелиоративтік және ирригациялық жұмыстар және өңдеу, сату жүйесі жатады .

Ауыл шаруашылығына арнайы қызмет көрсету бөлімдеріне келесідей жүйелер жатады:

1. Агротехникалық

2. Өсімдіктерді қорғау

3. Ветеринарлық

4. Қолдан ұрықтандыру

5. Жөндеу техникалық жұмыстар

6. Ғылыми және ақпараттық жұмыстар жатады.

Жоғарыда көрсетілген инфрақұрылым жүйелерінің көпшілігі атап айтқанда, көлік, байланыс және жол тарабы, ауыл шаруашылық құрылыс жүйелері; қойма, элеватор, ыдыс, тоңазытқыш шаруашылықтары т.б. өнім өндіруге салааралық қызмет атқаратын болса, ал агротехникалық, ветеринарлық, техника жөндеу және оны күту, өсімдікті қорғау орындары тек қана ауыл шаруашылық саласына ғана қызмет көрсетеді.

Инфрақұрылым салалары өндірістік процеске бірдей әсер етпейді және қоғамдық өндірісте тиісті орын алады.Осыған байланысты инфрақұрылым салаларын оның негізгі қасиеттері бойынша жіктеу үлкен маңызға ие.Ол салааралық байланыстарды зерттеуде және негізгі өндіріс пен қызмет көрсетуші салалар арасында оңтайлы теңдікті орнатуға ықпал етеді.
4.АӨК ауылшаруашылық нарықтың жіктелуі. Жиырмасыншы ғасырдың 90-жылдарынан бастап, Қазақстан әкімшілік тұрғыдан реттелетін, жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшті. Нарықтық экономика дегеніміз-экономикалық шешімдердің негізінен орталықтың нұсқауынсыз, рыноктар арқылы қабылдануы. Нарықтың көптеген анықтамалары бар, алайда олардың бәрі мынаған келіп саяды: нарық-бұл сатып алушылар мен нақтылы тауар немесе қызмет сатушыларды тоғыстыратын механизм, басқаша айтқанда, дербес шешім қабылдайтын жекелеген экономикалық субьектілер арасындағы байланыстар, өзара қатынастар түрі. Экономикалық субьектілер өздерінің міндеттеріне қарай сатып алушылар мен сатушылар болып бөлінеді. Сатып алушылар (тұтынушылар)-бұлар өзі тұтыну үшін тауарлар мен қызметтерді өндірушілер, ресурстардың (жер,су,жанармай және басқалардың) қожайындары, сондай-ақ өзінің жұмыс күшін сатушы еңбеккерлер танылады. Адамдар мен фирмалар рынокта атқаратын міндетіне байланысты бір мезгілде сатушы да, сатып алушы да болуы мүмкін. Мысалы, жұмысшы маусымдық жұмысқа жалданады, өз күшін сатушы ретінде көрінеді, сонымен қатар ол тауарларды, яғни өзге жұмысшы еңбегінің нәтижесін иемденіп, сатып алушы да болып табылады. Рынок қалыпты жұмыс істеу үшін меншік түрлерінің алуандығы (жекеше, кооперативтік, акционерлік және басқаша болуы) мен нарықтық инфрақұрылым жасалу қажет. Нарықтық инфрақұрлымға тауарлар мен қызметтер рыногы, өндіріс факторларының рыногы, өндіріс факторларының рыногы және қаржы рыногы жатады, басқаша айтқанда, нарықтық қатынастарға көшу үшін жекешелендіру және мемлекет билігінен алумен қатар, рыноктар жүйесін қарау керек. Нарықтық инфрақұрылымның аталған элементтерінің әрқайсысы өзіне басқа элементтерді қамтиды. Тауарлар мен қызметтер рыногы тауар биржаларының көтерме және бөлшек сауда, маркетингтік ұйымдар ашуда және олардың жұмыс істеуін көздейді.

Өндіріс факторларының нарығы.

Жерді, өндіріс құралдары рыногы мен еңбек рыногын қамтиды.

1. Жерді еркін түрде сатып алатын-сататын батыс елдердегі тәрізді жер рыногы Қазақстанда іс жүзінде әзір жоқ.. Республикада жер учаскелерін өмір бойы мұра ретінде иемденуге мемлекет береді.

2.Еңбек рыногы жалданып жұмыс істеуші адамдардың барлық қызметтерін қамтиды. Ол адамдар-жұмысшыларды басқарушылар мен директорлары.

Осы рыноктың ең маңызды құралы-еңбек биржасы жұмыс күші көздерін көрсетеді, жұмыссыздықтарды даярлаумен және қайта мамандандырумен, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырумен айналысады.

3.Өндіріс құралдарының рыногы немесе капитал рыногы, өндіріс құралдарын иемденуге қажетті барлық негізгі, айналымдағы қаржыларды, сондай-ақ ақшалай қаржыларды қамтиды. Кейбір батыс мамандары өндірісті ұйымдастырушы және басқарушы адамға тән кәсіпкерлік дарынын да осыған жатқызады, өйткені, батыс сарапшыларының есептеулері бойынша, еңбекке қабілетті тұрғындардың 5 -10 пайызы ғана сондай дарынға ие болды екен, сондықтан деп есептейді олар, кәсіпкерлік дарын шектеулі ресурстар қатарына жатады. Қаржы рыногы немесе ақша, рыногы-бұл қаржылар, яғни ақша, құнды қағаздар, акция сұранысы мен ұсынысын айқындап көрсетуші рынок. Бұл рынокта адамдар немесе мекемелер қарызға ақша алады, немесе қарызға ақша береді. Құнды қағаздар, акциялар ұсынады және сатып алады, валюта сатып алады және сатады.

4.Қаржы рыногы қор және валюта биржалары жұмыс істеуін көздеп, ойластырады.



Барлық осы рыноктар өзара байланысты және біріне бірі ықпал етеді. Капитал және рыноктарындағы баға тауарлар мен қызметтер рыногындағы бағадан көрініс береді. Мәселен, несиелердің қымбаттауы тауарлардың бағасын көтере бастайды.

5. Шаруашылық жүргізудің нарықтық механизмі және оның элементтері. Әрбір тауар өндіруші өз тауарын неғұрлым пайдалы өткізуге мүдделі болса, сатып алушы жоғарғы сапалы тауарды неғұрлым арзан бағамен алғысы келеді, бұл жерде оның екеуін де бүтіндей экономиканың қалай жұмыс істейтіні немесе өз мүдделері қалайша орындалатыны ойландырып жатпайды. Барлық сатушылар мен сатып алушылардың өзара әрекетін үйлестіру нарықтық механизм арқылы жүзеге асырылады. Нарықтық механизм арқылы жүзеге асырылады. Нарықтық механизм бұл үрдісті баға және бәсеке жүйесі арқылы қамтамасыз етеді. Сатып алушы рынокта нақты баға бойынша не мына, не басқа тауарды таңдап тұрып, сол тауардың өндірілуі мен өткізілуін мақұлдаған болып шығады. Рыноктағы баға не нәрсеге көп сұраныс барын, қандай тауарлар жетіспейтінін, нені өндіру керектігін және нені сату пайдалы екенін айтып тұрады. Бағаны бағдар ете отырып, тауар өндірушінің нақты шешім қабылдауына болады. Нарықтық механизмнің екінші маңызды элементі бәсеке болып табылады. Бәсекенің арқасында тауар өндіруші қоғамға қажетті тауар өндірісін жолға қояды. Бәсеке қолда бар ресурстарды ұтымды пайдалануға жәрдемдеседі, өндіріс тиімділігін арттыруға жетелейді. Егер тауар өндіруші тауарды үлкен өндірістік шығындармен және оның тауары тым қымбат болса, онда ол тауарын өткізе алмайды, сондықтан ол өндірістік ресурстарды үнемдеп жұмсауға және өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мәжбір болады. Бәсеке сондай-ақ тауар сапасын жақсартуға жетелейді, өйткені сапасы нашар тауардың өткізілуі қиын, егер өткізілсе де, оның бағасы төмен болмақ. Сөйтіп, нарықтық экономикада бәсеке-реттеуші және бақылаушы күш болып табылады. Дамыған капиталистік елдерде нарық жүйесі ресурстарды бөлудің негізгі механизмі болып табылады, ал жоспарлы экономиканың тұсында олар (ресурстар) жоспарланған күйде орталықтан бөлінетін. Нарықтық экономиканың артықшылықтары да, кемшіліктері де бар. Артықшылықтарына мыналар жатады:

  1. Нарық ресурстарды қоғамға қажетті тауарлар өндіруге бағыттайды, сондықтан ресурстарды тиімді бөлуге жәрдемеседі, мұнда басты нәрсе тауардың белгілі бір түріне сұраныс болып табылады, яғни нарық, тауар бағасын және өндірістің ықтимал шығындарын бағдар ете отырып, бірінші кезекте тұтынушы сұранысы қанағаттандырылады. Мысалы, фермердің шағын жылы жайы бар, сегізінші наурыз қарсаңында гүлдерге, көкөніспен қиярға ықтимал бағаны және осы өнімдерді өндіруге кететін шығындарды ойластыра отырып, не өндіретін шаруаның өзі шешеді. Сондай-ақ жылыжайды жылытуға электрді ме, биологиялық отынды ма немесе күн көзінің қуатын ба, қайсысын пайдаланатынын анықтайды, яғни өзіне экономикалық тұрғыдан неғұрлым тиімді нұсқаны таңдайды.

  2. Өзгеріп отыратын жағдайларға бейімделген, анағұрлым икемді нарықтық экономика тұтынушылар мен кәсіпкерлердің таңдауы және әрекеттеріне еркіндік береді. Олар өз шешімдерін қабылдауда, мәмілелер жасауда, жұмыс күшін жалдауда және баға (еңбек бағасын қоса) белгілеуде тәуелсіз.

  3. Нарықтық механизм анағұрлым пысық, әрекетшіл жандарды ынталандырды. Барынша мол пайда табу үшін және бәсекелестерінен асып түсу үшін тауар өндірушілер ең жаңа техналогяны, әсіресе ресурстарды анағұрлым сақтайтын түрін өндіріске енгізеді: ең жоғоры сапалы өнім шығарады.

Нарықтық кемшілік жақтары:

1.Нарықтық ақшасы барлардың талап - талғамын қанағаттандыруға бағытталған, ол әлеуметтік тұрғыдан жөн саналатын арзан тауарлар шығару мен қызымет көрсету қажеттігін ескере бермейді;

2. Ұжымдасын пайдаланатын тауарлар мен қызыметтер өндіруге, суландыру іргетастарын салуға, қоғамдық көлікке, тегін білім беру және денсаулық сақтау жүйесіне, ғылымдағы іргелі зертеулері дамытуға ынталандыру жағдайларын қамтымайды;

3. Нарық қайтадан жаңғыруға келмейтін және қайта жаңғыруы қиын ресурстарды (жер, пайдалы қазба байлықтар, әлемдік мұхит өнімі, ормандар және т.б.) ұтымды пайдалануды, сондай-ақ айнала қоршаған ортаны қорғауды жетік қамтамасыз етпейді.

Нарықтың мұндай жағымсыз жақтары мемілекеттік реттеу есібінен, заң актілерін жасау, салық салу, квоталар бөлу, лицензаялау жолдарымен өтілу тиіс. Тегін білім беру, денсаулық сақтау, еңбек құқықтар, ғылымды, мәдениетті, көлікті, байланыс пен электр қуатын дамыту мәселелері мемлекеттік бюджет есебінен, осы мақсаттағы мемлекттік мекемелер құру жолымен қамтамасыз етілуге тиіс.

Өнеркәсібі дамыған елдердегі осы заманғы нарықтық эканомика бұл ерекшеліктерді ескереді және белгілі бір әлеуметтік басымдықтарды анықтай отырып, едәуір мөлшерде мемлекет тарапынан реттеледі.



6. Сұраныс пен ұсыныс заңдарының аграрлық өндірісте көрінуі. Нарықтық механизмнің қалыпты жұмыс істеуі тауарлар мен қызметтерге деген сұраныс пен ұсынысқа тәуелді. Нарық субектілері, біз жоғарыда көрсеткендей, тауарлар мен қызметтерді сатып алушылар болып табылады. Сатып алушылар әртүрлі баға бойынша осы қазір иемденгісі келетін белгілі бір, тауарлар мен қызметтер саны сұраныс деп аталады. Сұранысқа ие болған тауар саны деп тұтынушылар сатып алғысы келетін тауарлар көлемін айтады. Мысалы, ТМД елдері Қазақстан 8 миллион тонна астық сатып алғысы келеді дейік, бұл-сұраныс, ал іс жүзінде 8,2 миллион тонна сатып алтын болса, яғни шын мәнінде көбірек сатуға ұсыныс болған. Тұтынушы тілегі осынша тауарды нақтылы баға бойынша сатып алуға оның ақшасы бар екенін білдіреді. Сұранысқа ие болған тауар саны көптеген факторларға: тауар немесе қызметтер бағасына, жалпы сатып алушылар санына, тауаралмастырушылар бағасы мен инфлициялық жағдайларға тәуелді. Әдетте, сатып алушылар баға едәуір жоғары болғанда тауарды баға төмен кездегіден аз сатып алады. Бұл тәуелдік заңды сұраныс деп аталады. Сүйтіп сұраныс заңы – бұл белгілі бір кезеңге тауар немесе қызметтерге сұраныс мөлшері мен баға арасындағы кері тәуелділік. Тауар өндіруші ұсынған тауардың саны мен ықтимал бағаның арасында тура тәуелділікте бар. Тауар бағасының салыстырмалы түрдегі жоғары деңгейі жағдайында өнім өндірушілер өз ресурстарын тауардың осы түрін өндіруге бағыттайды және оның санын молайтады. Тауар бағасының төмендеуі өндірістік қысқаруына, ал содан соң рынокта тауар ұсынысының азаюна әкеліп соғады. Өндіруші өз ресурстарын неғұрлым тиімді тауар өндіруге қайта бағдарлайды. Сөйтіп, ұсыныс заңы белгілі бір кезеңде ұсынуға тауар немесе қызмет мөлшері мен баға арасындағы тура тәуелділік ретінде көрінеді. Сұраныстың көбеюі тепе-тең тауар саны мен тепе-тең бағаның өсуіне әкеледі, ал сұраныстың азаюы тепе-тең тауар санында, тепе-тең бағаны да төмендетеді. Өз кезеңінде тауар ұсынысының өсуі тепе-тең тауар санын көбейтеді. Ал ұсыныстың азаюы тепе-тең бағаны өсіреді және тауар санын азайтады. Сөйтіп, сұраныспен ұсыныс рыноктағы тауар саны мен бағаны анықтайды. Тауардың бағасы өзгеруіне тұтынушылар сезімталдығының дәрежесі баға икемділігімен айқындалады. Икемділік – бір ауыспалы шаманың екінші бір шаманың өзгеруіне әсерлену белгісі. Егер аздаған өзгерістер сатып алынатын тауар санын едәуір өзгеріске түсірсе, онда мұндай өнімдерді икемді деп атайды. Баға икемділігі немесе икемсіздік дәрежесі Еd коэффицентімен өлшенеді.
Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет