1. Дау –дамайлар, дауласу, жанжалдасу деген не? Дау-дамайлар



Дата12.06.2020
өлшемі23,22 Kb.
#73237
Байланысты:
Дау-дамайлар және педагогикалық үрдістегі өзара әрекет
6s5f45dsf4, Сұрақтарға жауап

1. Дау –дамайлар, дауласу, жанжалдасу деген не?

Дау-дамайлар - адамдардың көзқарастарының, қызығушылықтарының, қажетіліктерінің қарама-қайшы келу барысында туындайтын келіс- пеушіліктер.

Дау-дамайлардың жалпы мәселелерін зерттеген В.Шуман, балалардың жастарына байланысты кризистерді И.Кон, тұлға және қарым-қатынас арасындағы түрлерін А.А.Бодалев, Добрович А.Н., тұлғаның қатынасы арқылы туындайтын дау–дамайларды, олардың бала тәрбиесіне ықпалын А. Ушатиков, А. Спиваковская т.б. зерттеген.

2. Дау–дамайлардың түрлері.

Дау-дамайлар дауласу, жанжалдасудан басталып, дау-дамайлық жағдаятқа ауысады. Егерде осы кезде алдын алу, үдеттпей тоқтату жолдары қарасты-рылмаса, онда дау-дамайға ауысып қыза түседі. Ең қызған кезі инцидент деп аталады. Дау-дамайлар ашық және жабық түрде өтеді. Ғалымдар дау-дамай-ларды төрт түрге: тұлғаның өзімен өзі, тұлғааралық, тұлға мен топ арасындағы, топтар арасындағыға бөледі.Тұлғааралық факторларға байланысты дау–дамайларға эгоизм, эгоцентризм, жалқаулық, өзін жоғары бағалау т.б. жайт-тарды жатқызуға болады.

3. Дау–дамайлардың туу себептері.

Дау-дамайлар адамдардың көзқарастарының, қызығушылықтарының, қажетіліктерінің қарама-қайшы келу барысында туындайтын келіс- пеушіліктер.

Дау-дамайлар дауласу, жанжалдасудан басталып, дау-дамайлық жағдаятқа ауысады. Егерде осы кезде алдын алу, үдеттпей тоқтату жолдары қарасты-рылмаса, онда дау-дамайға ауысып қыза түседі. Ең қызған кезі инцидент деп аталады. Дау-дамайлар ашық және жабық түрде өтеді. Ғалымдар дау-дамай-ларды төрт түрге: тұлғаның өзімен өзі, тұлғааралық, тұлға мен топ арасындағы, топтар арасындағыға бөледі.Тұлғааралық факторларға байланысты дау–дамайларға эгоизм, эгоцентризм, жалқаулық, өзін жоғары бағалау т.б. жайт-тарды жатқызуға болады.

Дау-дамайлардың жалпы мәселелерін зерттеген В.Шуман, балалардың жастарына байланысты кризистерді И.Кон, тұлға және қарым-қатынас арасындағы түрлерін А.А.Бодалев, Добрович А.Н., тұлғаның қатынасы арқылы туындайтын дау–дамайларды, олардың бала тәрбиесіне ықпалын А. Ушатиков, А. Спиваковская т.б. зерттеген.

Негізгі себептерге төмендегілерді жатқызуға болады:

-қажеттіліктердің орындалмауы, «МЕН» деген позицияның, сезімнің құрметтелмеуі;

- басқа адамды бағалаұға байланысты төмен, не жоғары бағалау;

-көреалмаушылық;
- қызықты істің, алдағы перспективаның болмауы;
-жағымды эмоциялардың аз болуы, өзінің эмоциясын меңгере алмауы;
-басқаны өзіне бағындыруға тырысу, түсінушіліктің, қамқорлықтың жоқтығы;

-мәселе бойынша бір іске қатысты түсінбеушілік;

- белгілі тәртіп, қатынас нормаларына байланысты;

-бала тәрбиесіндегі келіспеушілік;


-психологиялық түсінушіліктің, үйлесімдіктің болмауы;

-құндылықтарға қатысты түсінбеушілік; т.б.

4.  Дау–дамайлардың шешілу жолдары қандай?

Дау–дамайлардың шешілуінің төмендегідей жолдары кездеседі: еріксіз көндіру – зорлап өзінің шешімін мойындату, екінші вариант- конфронтация – қарсыласқан адамдар бір бірінің позициясын ескермейді, қабылдамайды, ызалану арта түседі. Үшінші : дау–дамайды шешуден бас тарту, бұл дау–дамай барысында туындаған қарама-қайшылықты шешуден қашу. Бұл әрекеттің жақсы жағы араға уақыт салу, ойлануға мүмкіндіктің пайда болуы. Тағы бір вариант:дау–дамайды жұмсарту- бұл әдіс дау–дамайды өршітпей, бәсеңдетеді. Кейбір жағдайда ұжымды қатыстыру, не үшінші адамның араласуы да мүмкін. Дау-дамайлардың шешілуінің дұрыс жолы компромисс, екі жаққа да тиімді жолы.

Констуктивті шешілу жолы - адамдар қателіктерін түсініп, қателіктерін кешіріп, дұрыс шешімге келумен аяқталады. Дау-дамайлар оқушы мен мұғалім - дер арасында жағымсыз эмоциялар тудырып, балалар үшін психотравмалық жағдай тудырады. Үлкен дау-дамайлар мұғалімдер мен балалар арасында туын - дап үлкен үрей, кінә, қорқыныш, ыза тудырып денсаулықтарына үлкен зиян тигізеді.

Дау-дамайлардың туындауы адамның жеке қасиеттеріне байланысты болып келеді. Дау-дамайларды шешуде тура және жанама түрде шешетін әдістер қолданылады. Тура шешу әдістеріне жекелей әңгімелесу, ұжымдық талқылау жатады. Қарсыласқан адамға баға беруден бастарту керек, фактілер келтіру арқылы көз жеткізуге тырысу. Жанама түрде шешу әдістеріне: қарсыласына жағымсыз эмоцияларын сыртқа шығаруға мүмкіндік беру, тыңдай білу, кейбір жағдайда оларды жеке тыңдау, бірінің айтқанын қайталап айтуларын өтіну, немесе магнитофонға жазып алып оларға тыңдату т.б.


5.Дау –дамайлардың алдын алу жолдары:

1. Педагогикалық мәдениетті жетілдіру.

2. Балалар өмірін ынтымақтастық негізде ұйымдастыру.

3.Талап қойюды іс- әрекет арқылы бекіту.

4.Балалардың қызығушылықтарын ескеру.

Балаларды түсіне білу туралы пікір айтқандар: Д.Лешли, А. Рояк, Т. Юферова, С.Якобсон.

Мұғалімдердің балалармен конструктивті әрекет жасауына төмендегідей жағдайлар ықпал жасайды:

- әр жағдайда балалардың ерекшеліктерін ескеру;

- жаңа жағдайда жаңа шешім қабылдау;

- баланың талабын түсінуге тырысу;

- жағдайды өзгерту үшін араға уақыт салудың қажеттілігі;

- қарама-қайшылықтарды баланың дамуына ықпал жасайтын фактор деп түсіну;

-балаға деген қатынастың тұрақты болуы;

- бірнеше альтернативадан баланың өзі таңдауына мүмкіндік тудыру;



-балаға белгілі жағдайлардың негативті аяқталуын түсіндіру;

-үлкендердің, басқалардың үлгі-өнегесі.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет