1-деңгей тренері портфолиосын бағалау



Дата28.06.2017
өлшемі111,69 Kb.
#20167
1-ДЕҢГЕЙ ТРЕНЕРІ ПОРТФОЛИОСЫН БАҒАЛАУ

Портфолионың сыртқы бетіне тренер белгіленген бөлімдер бойынша өзі және өзінің кәсіби қызметі туралы қысқа, алайда маңызды ақпарат келтіруі керек. Олар:

• мұғалім және/немесе тренер ретіндегі кәсіби тәжірибесі;

• қазіргі таңдағы қызмет жасайтын орны;

• қазіргі қызметі және міндеттері;

• оқытқан және бағалайтын тобы жайында қысқаша мәлімет.



Тиімділік критерийлері мен стандарттарға сәйкестігін айғақтау үшін тренер портфолиосында келесідей дәлелдеме-құжаттар болуы қажет:





Құжат атауы

Көлемі

Мерзімі

Мазмұнды нақтылау сұрақтары

А
А1

A1 Мектептегі практика кезіндегі жиналған дәлелдемелер синтезіне негізделген

Мектеп «жағдайы» туралы рефлективті есеп

1000 сөз




Есепте мына сұрақтарға жауап қамтыла ма?

  • Мектеп туралы деректерді жинау, өндеу және жүйелеу қалай жүзеге асырылды?

  • Мектеп жоспарында көрсетілген ұзақ мерзімді мақсаттар қандай?

  • Жұмыстың перспективалық бағыттарын анықтау туралы шешімдер қабылдауда басшылық, әкімшілік және мектептің бүкіл персоналы ынтымақтаса жұмыс істей ме?

  • Мектеп өз іс-тәжірибесіне ымырасыз (принципиалды) өзгерістер енгізу туралы оқушылар мен олардың ата-аналарының пікірлері назарға ала ма?

Оқыту үдерісі мен оқушылардың дамуын жақсарту үшін мұғалімдер оқыту үдерісі мәнін терең түсіну, түрлі стратегияларды, тәсілдер мен әдістерді интеграциялау қабілетіне ие ме?

  • Мұғалімдердің кәсіби даму үдерісі мектептегі олардың жұмыс мазмұнымен және сынып проблемаларымен негізделген бе?

  • Мұғалімдердің өз әріптестерімен оқыту ортасын бірлесе жасақтау, орындау, жүзеге асыру, басқару және жоспарлау мүмкіндігі бар ма?

  • Жетекші (озық) қызметтерді орындау үшін мектеп қызметкеріне мүмкіндік беріле ме?

  • Жиналған деректер мектептің даму фокусын анықтауға қалай көмектесті?


А2

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) ұсыныстарына сәйкес мектеп деректеріне негізделген

Қажетті өзгерістер туралы рефлективті есеп


1000 сөз





Есепте мына сұрақтарға жауап қамтыла ма?


  • Неліктен әлем елдері білім беру жүйесіне реформа жүргізіп жатыр және толықтай алғанда бұл реформалар Қазақстанға қандай дәрежеде өзекті және қолданбалы (жарамды)?

  • Жиналған деректер ЭЫДҰ ұсыныстары мәнмәтінінде мектептің даму фокусын анықтауға қалай көмектесті?

A3

Кестелер, мақсаттар, күтілетін нәтижелер мен табыстылық критерийлерін қосқандағы

Мектептің дамуын жоспарлау үдерісі туралы толық рефлективті есеп
Есепке қосымша: мектепті дамытуды жоспарлау


1000 сөз



Есепте мына сұрақтарға жауап қамтыла ма?

  • Мектепті дамытуды жоспарлауда нақты мақсат қоюға не негіз болды? Мақсатқа және күтілген нәтижелерге жетуді мен қалай жоспарладым?

  • Осы мектепте нақты өзгерістерді жүзеге асыру үшін қажеттіліктер қалай анықталды? (кестелер)

  • Өзгерістерді енгізу үдерісін басқару бойынша өз қызметімді ұйымдастыруды қалай жоспарлаймын?

  • Өзгерістерді енгізу үдерісіне менің тарапымнан кім қатыстырылады? Мектепте және одан тыс жерлерде мен кімге сүйенемін?

  • Мектеп өзгерістері үшін әдістерді негіздеу және тәсілдерді қолдануды жоспарлау?

  • Осы өзгерістерді енгізу үшін әріптестер қолдауы (коучинг пен менторинг) қалай ұйымдастырылды?

  • Белгіленген мақсаттарға жетуде Сіздің аралық нәтижелеріңіз қандай болуы тиіс?

  • Енгізілген өзгерістерді өлшеуге мүмкіндік беретін табыс критерийлерді қалай анықтадыңыз?




A4

Дәлелдемелерді жинау негізінде зерттеу әдістерін әзірлеуді көрсететін

Сапаны бағалауды өткізу жоспары туралы толық аналитикалық есеп


1000 сөз




Есепте мына сұрақтарға жауап қамтыла ма?

  • Болып жатқан өзгерістерге бақылауды жүзеге асыру қалай жоспарланады? мұғалімдер жұмысына, олардың оқушылармен қарым-қатынасына және оқыту үдерісінің нәтижесіне болып жатқан өзгерістер ықпалы қалай және ненің көмегімен анықталуы мүмкін

  • Қалай және неге негіздей енгізілген өзгерістер тиімді/жаратымды деп түсінуге болады?

  • Болып жатқан өзгерістерге сапаны бағалауды(эвалюация) қалай жоспарлайсыз?

  • Енгізілген өзгерістердің аралық нәтижелерін ескере осы жоспар қалай түзетілуі мүмкін?

В

В1

Тиімді практика:

Тренингтер жоспарлары

Мұғалімдерді Бағдарламаның 1-деңгейі бойынша даярлаудың бірізді 4 сабақ жоспары

Жоспарларда мұғалімдердің қажеттіліктері ескеріліп құрастырылғаны көрініс табуы қажет. Қысқаша түсініктемеде (250 сөз) бұл тәсілдерді неліктен таңдағаныңызды түсіндіруіңіз керек. Егер дайын үлгілерді қолданған болсаңыз, оны мұғалімдердің қажеттіліктеріне орай қалай бейімдегеніңізді түсіндіріңіз.


4 сабақ жоспары

+ 250 сөз түсініктеме






  • Ұсынылған сабақтар жоспарының мазмұны курстың негізгі идеясын көрсете ме?

  • Сабақтар міндеттері оқыту мақсатына сәйкес пе?

  • Тренердің ұсынған тапсырмалары мұғалімдердің қажеттіліктеріне және сыни ойлауының дамуына ықпалын тигізе ме?

  • Қолданып жүрген оқытудың әдіс-тәсілдері оқу үдерісіне курстың түйінді идеяларын ықпалдастырылғанын қарастыра ма?

  • Тренердің орнатқан оқыту ортасы мұғалімдердің құндылықтарын қалыптастыруға ықпалын тигізе ме және оқытудағы жаңа тәсілдерді жүзеге асыруда жүйелі көрініс бар ма?

  • Мұғалімдердің практикасын болашақта жақсату мақсатында олардың оқытуы мен оқуы бағаланады ма?

  • Тренердің пайдаланған қосалқы материалдары, ақпарат көздері сындарлы, тұлғалық тәсілді қамтиды ма?




В2

Өткізілген 4 сабақтардың түйінді сәттерін түртіп алғанын көрсететін жазбалар

  • тренердің рефлексивті журналының дәлелдерінің сканерленген жазбасы;

  • сабақтардың және оқу процесінің сандық бейнелері (ең көп дегенде 6 фото);

  • мұғалімдердің қысқаша пікірлері (әр түрлі формадағы сабақтар қорытындылары бойынша кері байланыс);

  • әріптес немесе тәлімгердің бақылауының жазбасы

Қосымша қысқаша бейнежазба қосуға болады (егер бар болса).

Назарыңызға! Жоғарыда аталған құжаттар есептен гөрі жазба болып табылады. Қысқаша түсіндірмеде (250 сөз) бұл жазбалардың маңызды оқиғалардың шынайылығын көрсететіндігін түсіндіріңіз.

4 жазба


+ 250 сөз түсініктеме





  • Рефлективті журналдағы оқыту және сабақ беру сұрақтарына қатысы бар кем дегенде үш сканерленген жазу

  • Мұғалімдердің белсенді оқу және тапсырмаларды орындау практикасын сүреттеп көрсететін ең көп дегенде 6 сандық бейне (фото)

  • Мұғалімдердің пікірі – оқыту және сабақ беру жөніндегі, рефлексивті практикада пайдалану үшін қолдануға болатын

  • Болашақта практиканы жетілдіру үшін - эксперттің, әріптестің немесе тәлімгердің бақылау жөніндегі пікірі

  • Қысқа видео (бар болса) – оқуында мұғалімдерді қолдау және сыныпта жағдайды тиімді басқару (250 сөзден жазба+құжаттар)

В3

Бағалау бойынша есеп

Формативті және суммативті бағалау бойынша жазбалар

(а) өз тәжірибеңізде формативті бағалауды қолданатындығыңызды айғақтайтын екі жазба, дәлірек айтсақ:



  • мұғалімдермен жүргізілген төрт сабақ барысында формативті бағалауды қалай қолдандыңыз;

  • мұғалімдерге өз портфолиоларының дәлелдемелерін дайындау барысында қандай формативті бағалау жүргіздіңіз.

Назарыңызға! Жазбаларда Сіздің мұғалімдерге берген пікірлеріңіз беріледі. Қысқаша түсіндірмеде (250 сөз) осы немесе басқа тәсілді неге қолданғандығыңызды түсіндіресіз.

(ә) өз тәжірибеңізде суммативті бағалауды қолданатындығыңызды айғақтайтын екі жазба



2 жазба

+ 250 сөз түсініктеме

2 жазба

+ 250 сөз түсініктеме







(а) 2 жазбаша құжат – сабақ барысында, портфолио жасау барысында мұғалімдерді формативті бағалау қалай қолданғаны туралы:

  • Тренинг/сабақ уақытында

Мұғалімдер өз дәлелдер портфолиосын жасау барысында пікір беру үшін формативті бағалауды пайдаланғанына дәлел.(формативті бағалау жоспары, рефлективті журналдан үзінділер, кестелер т.б.) (Қысқа түсініктеме 250 сөз +жазба құжаты)

(ә)2 жазбаша құжатсынақ кезеңіндегі суммативті бағалауды қолданғаны туралы:



  • Мұғалімдер портфолиосын және ұсынған пікірлері

Портфолиосының дәлелдерінің құрауыштары, сондай-ақ ұсынылған пікірлер жөнінде мұғалімдер тұсаукесерлері туралы суммативті бағалауды пайдаланғанына дәлел. (Қысқа комментарий 250 сөз +жазба құжаты)


В4

4 оқу тренингінің сапасын бағалау бойынша есеп

  • сабақ барысында мұғалімдерді оқыту қаншалықты табысты болды;

  • Сіздің тәжірибеңіздің мықты жақтары және мұғалімдерді жаңа педагогикалық тәсілдерге үйретуде нені жақсартуға болады.

Бұл есептің мәні мынада – мұғалімдердің оқуы қаншалықты табысты болғанын (өткізілген тренингтердің табыстылығын дәлелдейтін өнімдерді ұсыну) және болашақта тренер ретіндегі өз тәжірибеңізді қалай жетілдіретіндігіңіз жайында жазу

1500 сөз




  • Осы сессия кезінде мұғалімдерді оқыту қаншалықты сәтті өтті?

  • Көрсетілген оқу ортасы мұғалімдердің құндылықтарын қалыптастыруға ықпалын тигізеді ме?

  • Мұғалімдердің тәжірибесі оқытудың негіздемесі ретінде пайдаланды ма?

  • Қолданылған материалдар мен ресурстар логикалы және бірізді болды ма?

  • Аудиториядағы мұғалімдердің ерекшеліктері ескеріліп формаларды, стратегияларды, тәсілдерді таңдау туралы жазылған ба?

  • Мұғалімдердің қолданылған бағалау әрекеттер тиімділігінің талдауы көрсетілген бе?

  • Мұғалімдер оқу барысында кездестірген мәселелер жайында себеп-салдар талдауы бар ма?

  • Болашақта мұғалімдерді оқытқанда қандай жаңа тәсілдерді қолданасыз,өз практикаңызда нені жетілдіру қажет?

  • Тренердің келешектегі практикасында өзгерістерді енгізу туралы сындарлы ұсыныстар мен қорытындылар келтірілген бе?

С

Рефлексия және даму

Тренердің өзінің оқуы және болашақта тәжірибеде нені өзгертетіндігі жайындағы жоспарлары туралы рефлективті есеп, мұнда мынадай баға берілуі керек:

  • мұғалімдерді оқыту жайындағы өзіңіздің тәжірибеңіз жайында не байқадыңыз;

  • рефлексия нәтижесінде қазіргі теориялар, идеялар, оқу мен оқытудың жаңа тәсілдерін қолдану мүмкіндіктері бойынша тренер ретіндегі өз тәжірибеңіз қалай өзгереді;

  • болашақта осындай тренингтер өткізгенде өз тренерлік тәжірибеңізде қандай нақты өзгерістер енгізуді жоспарлайсыз

1500 сөз





  • Мұғалімдерді оқытқанда өз практикаңыз туралы не білдіңіз?

  • Сіздің тренер практикаңыз болашақта оқытуда және оқуда жаңа тәсілдерді, заманауи теориялар идеяларды рефлексия нәтижесінде қалай өзгереді?

  • Болашақта тренер пракикасына нақты қандай өзгерістер енгізуді жоспарлайсыз?





Барлығы

8000 сөз







Каталог: public -> 091013
public -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
public -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
public -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
091013 -> 3-ші деңгей мұҒалімінің портфолиосын бағалау мұҒалім портфолиосының сыртқы беті
091013 -> Презентацияны бағалау критерийлері 1
091013 -> І деңгей мұҒалімінің портфолио жасақтауына қойылатын талаптар
091013 -> 2-деңгей тренері портфолиосын бағалау
091013 -> 2-ші деңгей мұҒалімінің портфолиосын бағалау портфолионың титулдық бетінде мұғалім туралы қысқаша, алайда маңызды
091013 -> 3-деңгей тренері портфолиосын бағалау


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет