1-дәріс. Халық шаруашылығындағы қой шаруашылығының маңызы



бет1/3
Дата12.03.2018
өлшемі0,73 Mb.
#38780
  1   2   3
«Қой шаруашылығы өнімдерін өндірудің қазіргі заманғы технологиясы»
ПӘНІНІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
6М080200 «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығына арналған

1-дәріс. Халық шаруашылығындағы қой шаруашылығының маңызы


  1. Кіріспе. Халық шаруашылығындағы қой шаруашылығының маңызы

  2. Қой малдарының биологиялық ерекшеліктері

1.Қой шаруашылығы Қазақстан мал шаруашылығының жетекші саласы болып келген, және солай бола береді. Оның себебі, қой негізінен жайылым малы. Қазақстанның 180 млн. га жуық жайылымын тек қой малы ғана тиімді пайдаланады. Соның нәтижесінде ең арзан жүн, ет, тері және басқа да өнімдерді өндіруге болады.

Соңғы жылдарда дүние жүзінде ауыл шаруашылық ғылымдарының қатарына қой жөніндегі ғылым сан алуан жаңалықтарымен, жаңа технологияларымен, селекция әдістерімен байытылды.

Қазақстан – еліміздегі ең ірі қой шаруашылықты аудандардың бірі. Республикада еліміздегі барлық қой санының үштен біріне жуығы шоғырланған. Республикамызда алдағы жылдары қой шаруашылығын онан әрі өркендету жөніндегі көптеген ауқымды міндеттер белгіленген.

Дүние жүзі халық шаруашылығында қой малының маңызы өте зор. Қой малы адамға қажетті көп түрлі өнім өндіретіндігімен қатар, биологиялық қасиеттеріне байланысты дүние жүзінің барлық континенттерінде өсіріледі. Сондықтан ең көп тараған үй малдарына жатады. Дүние жүзінің елдерінде үшінші мыңжылдықтың басында 620 –дан астам кой тукымдары, 1.300 қой малы өсіріледі. Мысалы, сапалы, өнімділігі жоғары қой шаруашлығы Австралияда (169 млн), Жана Зеландияда (62 млн), Улыбртитанияда (30 млн), қалыптасқан, дегенмен соңғы он –он бес жылды–он бес жылдың басынан ең алдыңғы қатарға Қытай (200 млн), Ундистан (165 млн.) Аргентина, Оңтүстік Африка Республикасы, Түркия (50 млн.)шығып келеді.

Қой санының артуымен қатар одан өндірілетін өнім де молая түсті. Қой жүнінен кілем, алаша, гобелен, қолғап, байпақ, трикотаж, костюм алынса, ет өндіруде де өзіндік орыны бар. Сонымен қатар сүтінің де адам тамақ өнеркәсібінде маңызы зор. Ол қою әрі майлы. Одан сыр, брынза, айран, сүзбе, құрт, ірімшік өндіреді. Ол әсіресе, Түркия, Франция, Италия, Иран, Греция, Румыния, Болгария мемлекеттерінде көп өндіріледі.Терісінен де бағалы тондық, мехтық, былғарылық бұйымдар жасалады.

1 –кесте. Соңғы жылдардағы қой шаруашылық өнімділігінің артуы


Атаулар

1982жыл

1991жыл

2002 жыл

2009 жыл

Қой саны (млн бас есебімен)

1157,7

1194,5

1034.0

1000.0

Өндірілген жүн (таза талшық мың т.)

1716.4

1943.0

1292.0

1239.0

Өндірілген ет (сойыс салмағы мың т.)

6244.0

6987.0

7585.0

14000.0

Қой сүті (мың т.)

8163.0

7905.0

7764.0

7900.0

2. Биологиялық ерекшеліктері - бұл қоршаған орта, жағдайында организмнің жауап беру (реакциясы) ерекшеліктері мен белгілі бір мөлшердегі өнімділігін айқындайтын, морфофизиологиялық, қасиеттердің жиынтығы. Мал өнімділігінің генетикалық потенциалын толық пайдалану үшін, осы ерекшеліктерді есепке ала отырып, оларды азықтандыру, күтіп- бағу керек.

Қолда өсірілетін қой малдарының басты ерекшеліктері – әр түрлі жағдайға бейімделігіне және икемделгіне потенциалының өте жоғарлығы. Ол көптеген қой тұқымдарының экологиялық жағдайлары әр түрлі жерлерде - шөл, биік таулы, далалы және т. б. аймақтарда өсіп, таралуына мүмкіндік туғызады.

Қой малдары жайылым жағдайында өсіруге жақсы бейімделген. Жануарлар қоректенетін 800 түрлі өсімдіктің 520-дан аса түрінен қой, 460- мүйізді ірі қара, 416- жылқы малдары пайдаланады. Сонымен қатар қой малдары 146 түрлі жусанның 91, жылқы малдары -39, сиыр малдары – 24 түрімен қоректенеді, ал 181 түрлі солянканың – қой 132, жылқы-48, сиыр-39 түрін қорек етеді. Қой өтпелі кезеңдерге бейімделгіні және далалы шөл, шөлейт, таулы, биік таулы аймақтардың жайылымдарының өсімдіктерін қоректене береді.

Бұл тек физиологиялық ерекшеліктерін ғана емес, сонымен қатар анатомиялық ерекшеліктерімен де сипатталады. Мәселен, қой малдарының басын, бет бөлігі үшкір келіп сүйірленген, тістері қиғаш орналасу өткір, ерні жұқа жылдам қозғалады, сондықтан олар өсімдік тапшы, өсімі жерлерден де азығын тауып жейді.

Қой малдары тек қана жайылымның барлық түрін ғана қолданып қоймайды. Сонымен қатар жайылым сапсына талғампаз емес, оған өсімдіктің барлық түрімен: иісі ашты тікенекті, көп бөлігі арамшөпті өсімдіктермен қоректенетіндігі дәлел болады. Бұл тәжірибелік құндылығы жоғары қасиеттернің бірі, яғни ол ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге жарамсыз немесе басқа ауыл шаруашылығы малдары пайдаланбайтын жерлерді пайдалану тиімділігін жоғарлатады.

Қойлардың ас қорыту мүшесі қатаң азықтарды жақсы қорытуға және қоректік заттарды жақсы сіңдіруге бейімделген. Бұл ерекшілік қой ішегінің денесінен 30 ретке ұзындығымен байланысты, ал, бұл мүйізді ірі қарада- 20-22 ретке, шошқада -12 ретке, жылқыда-15 ретке ғана ұзын. Сонымен қатар қойлар жайылым малдары болғандықтан жайылымға өте қабілетті. Бұл жағдайда мал асқазаны зор маңызға ие. Ол 4 бөлімнен үлкен қарын, тақия қарын, кітапша қарын және ұлтабардан тұрады. Ұлтабар ғана асқазан безінен асқазан сөлін бөледі.Үлкен қарын, кітапша және тақия қарының без ұлпалары болмағандықтан оларды асқазан алды, ал ұлтабарды – нағыз асқазан деп атады.

Асқазан алды қарыны азықтағы қоректік заттардың қорытылуында зор роль атқарады. Әсіресе, қатаң азықтардың үлкен қарында ферменттер мен бактериялардың әсерінен азықтың құрамындағы ұсақ және ірі заттардың ыдырауы өтеді.

Үлкен қарында азықтағы қант пен крахмалды 95%-ға және қорытылатын клетчатка -50% дейін ыдырайды. Ал қалған пайдалылыған клечатканың ыдырамай қалған бөлігі асқорытудың келесі бөлімдеріне өтеді.

Үлкен қарныдағы көмірсулардың микробиольді ыдырау кезінде ұшқым май қышқылдары түзіледі, әсіресе, сірке қышықылы, сонымен қатар күйістілердің жалпы энергияға қажеттілігінің 40%-дай мөлшерін жабатын, пропионды және майлы қышқылдар түзіледі.

Қойлардың ас қорытуындағы азотты заттардың қорытылу ерекшелгі, ол үлкен қарына азық протеині микроорганизмдермен пептидтерге, аминқышқылдарына және биологиялық құндылықтағы бактерияларды белок синтезделеді.

Синтезделу үрдісі кезінде біріккен азотты белоксыз аммиак (карбамид) аммоний тұздары және т.б. қосылады. Үлкен қарындағы микроорганизмдер күйіс қайыратын малдардың протеинге қажеттілігін 30%-ға белоктың құрамындағы күкірт түзуші цистин және метиомин аминқышқылдары ерекше қызығушылық туғызады.

Үлкен қарында микроорганизмдердің өміршеңдігінің әсерінен В тобындағы витаминде, мен майда еритін К витамині синтезделеді. Сондықтан ересек малдарға арналған, азықтарды бұл витаминде кездеспейді, бірақ олардың алдын алатын мысалы кобальт, В12 витамині синтездеуге қажет.

Қой малдарының мүйізді ірі қарадан айырмашылығы май ұлпасына каротинді емес А витаминін жинайды, ал сиыр сары дақтар мен қой майындағы құйрық майының ақ түстілігінен көрінеді.

Қойларды азықтандыру және суару кезінде кедергі жағдайлар туып, үзіліс болған жағдайда көптеген қой тұқымдары қалыпты азықтандыру мен күтіп – бағу кезінде өз денесіне, құйрығына жиналған майларын пайдаланады. Қой малдарының өте құнды бұл биологиялық ерекшілігі кез-келген қиыншылық жағдайлардан, әсіресе қыс мерзімінде қардың көп түсуі салдарынан т. б. себептер туған жағдайдан алып шығуға зор септігін тигізеді. Бұл майдың көп мөлшері құйрық омыртқасын бойлай және құйрыққа жиналады, бұған құйрықты және май құйрықты қой тұқымдары жатады. Бұл қасиет шөл және шөлейт қатаң табиғат жағдайында ұзақ уақыт бойы өсірудің нәтижесінде қалыптасқан. Қой шаруашылығы бұл аудандарда –көшпелі жане жартылай көшпелі және жартылай көшпелі болғандықтан, малдар азық қоры мен су тапшылығына жиі, ұшырап отырады, әсіресе, жаз мерзімінде жайылымның күйіп кетуін, ол қыс мерзімінде қарлы – боран күндерді өткереді.

Өсімдік тапшлығына, су жетіспеушілігі континентальді климаттық ылғалдылығын мен температурасының күрт төмендеуі, кей кездердегі ойлы- қырлы жер, жыл бойына жайылымда ұстау және бірнеше жүздеген шақырымға малды айдау, бұл аудандарда тек, қой шаруашылығына басқа салалардың дамуын қиындатады. Оған қой малдарын жыл бойы жайылымда ұстайтын республикамыздың оңтүстік, оңтүстік- шығыс және батыс обылыстарындағы көптеген аудандар жатады.

Қойлардың суық пен ыстыққа төзімділігіне әсер ететін- тері жабыны. Ол жылдық суық уақытында теріні өте төмен температурадан және жел екпейтін, ал ыстық уақыты - терінің қатты қызуы мен күйуінен сақтайды және жылу қорғағыш қабаты қызметін атқарады. Сондықтан малдар қоршаған ортаның температурасына байланысты тері жабының түлеуі байқалады. Бұл үрдіс көбінесе қылшық жүнді қойларда өте жақсы дамыған.

Әр түрлі орта жағдайына жоғары бейімділігіне қарамастан, қой малдары жоғары температура мен ылғалдылық қора-жайдағы өтпелі жел және ылғалды жайылымға төзім үшін оңтүстік далалы аймақтардан қарағанда қара топырақты емес қоңыр тері бағалы өнімді шөл және шөлейт аймақтарда жақсы өндіруге болады. Меринос қой тұқымдары құрғақ далалы шын етті қой тұқымдары үшін қоңыржай, ылғалды климат және мол азық қажет. Барлық мал тұқымдарының биологиялық ерекшеліктерін меңгеру оларды тиімді өсіру үшін қажет. Қой тұқымдарының көптігі, оларды әр түрлі экологиялық аймаққа бейімділігіне, байланысты таңдауға мүмкіндік туғызады.

Қой шаруашылығы басқа салалармен салыстырғанда , жерді , азықты және қора–жайды тиімді пайдалану жағынан ерекшеленеді.

Қой малдары жоғары шаруашылықтың жетілігіштігімен де сипатталады. Оны ерте жаста шаруашлылыққа өнім берумен көре аламыз. Малдың еті мен жүн өнімін 6-8 айлығында, қозы жүніні – 5 айлығында, елтірісін 1-3 күндік жасында өндіруге болады. Тәжірибелік жағынан құнды болып келетін тағы бір биологиялық ерекшілігі - ерте жыныстық жетілу, 5-6 айлық жасында оларды нәтижелі ұрықтандыруға болады.

Алайда малды ерте жасына ұрықтандыру өсуі мен дамуын тежейтіндіктен, ең алғаш шағылысқа 12-8 айлығында жібереді.

Көптеген қой тұқымдарының төлдегікетігі 120-150 %, ал роман қой тұқымдарында 250-300 %, бұл көрсеткіш 250-300 %. Жоғары төлдегіштік тез жетілгіштігіме саланы дамытуға кеткен шығынды тез өтеуде қамтамасыз етеді.

Қой тұқымдарының көбі көбеюге жыл мезгілінің белгілі бір мерзімінде - әдетте күз айларында (қыркүйек- қараша). Жыныстық күйге келеді. Қойлардың жыныстық күйлеуінің қайталану кезеңі- жыныстық циклы – орта есеппен 16-17 тәулік.

Саулықтардың буаздығының ұзақтығы + орташа 5 ай, сүт ему кезеңі – 3-4 ай, саулықтары ұдайы өсіруге немесе саууға пайдаланғанда бұл мерзім 45-60 күнге қысқарады.

Қойлардың желіні жақсы дамыған, әдетте екі емшектегі болып келеді, бірақ кейде, көп емшектілері де кездеседі, мұндай саулықтар сүтті болып келетіні анықталған.

Қой малдарын басқа үй жануарларымен ұстауға болатындығы жайылым, азық және қора жайды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Қойдан – ет, май, сүт, жүн, тондық- мехтың қой терісін, елтірі сияқты әр түрлі өнімдер өндіріледі.

Қой малдары 10-12 және одан да көп өмір сүреді, бірақ шаруашылықтың пайдаланылуы 6-8 жылға одан кейін мұндай жастағы малдарды жарамсыздыққа шығарады, өйткені тіс жүйесінің күрт әлсіреунен тістері түсе бастайды, ол жайлыммен басқа азықтарды пайдалануының нашарлауына әкеліп соғады. Сонымен қатар қойлардың табындық түйсігі жақсы дамығандығын оларды топтап ( табындап) ұстаудан көруге болады. Қой үркек мал болғандықтан, оларды жиі өлшем, қарап, ұстаудың қажетті жоқ.
2-дәріс. Қой тұқымдары


  1. Тұқымдар туралы түсінік

  2. Қой тұқымдарының жіктелуі

1.Басқа мал түрлері сияқты қазіргі қолда бар қой тұқымдары жабайы қой тектерін қолға үйрету, оны селекциялау арқылы шығарылған.Мал тұқымы жабайы түрлерде кездеспейді. Ол зоологиялық немесе зоотехниялық ұғым. Жалпы, мал тұқымы деген ұғым алғаш ХІІ ғасырда малдың жекелеген тобы шығарылып, соларды басқа мал тобын жақсартуға пайдалануға байланысты қалыптаса бастаған. Мал тұқымын адам өзінің белгілі бір қажеттілігін қанағаттндыру үшін көп жылғы ізденіс еңбегі нәтижесінде шығарады. Мал тұқымының басты қасиеттері: шыққан тегінің бірлігі, белгілі бір табиғи және технологиялық жағдайда өсіп өнуге бейімділігі, тұқымның өзіне тән, шаруашылыққа белгілі болған тиімді қасиеттерінің болуы, сол қасиеттерінің тұқым қуалаушылығы мен белгілерінің өзгергіштігі және қажетті мөлшерде сандық құрамының болуы. Мал тұқымының бұл қасиеттері бір бірімен тығыз байланысты және себепші.

Мал тұқымы туралы ғалымдардың берген анықтамалары өте көп. Бірақ, олардың көбі мал тұқымы ұғымының мәнін толық қамтымайды. Сондықтан көптеген анықтамаларды негізге ала отырып, мал тұқымы деп, белгілі әлеуметтік экономикалық жағдайда адам еңбегі нәтижесәнде қалыптасқан, шығу тегі мен тарихы ортақ, тіршілік ортасында талғам талабы бір, дене құрылысы мен өнімділік ерекшеліктері ұқсас ұрпағына тұрақты түліктің үлкен тобын айтамыз.

2. Қой тұқымдары нақты міндетке байланысты екі түрлі жүйенің біреуіне ғана : зоологиялық немесе өндірістік болып жіктеледі.

Зоологиялық жіктелу бойынша басқа ауылшаруашылық малдары сияқты бас қаңқасының әр түрлі белгілері бойынша емес, құйрық пішіні мен ұзындығы бойынша құрылған. Бұл жіктелу бас қаңқасынан қарағанда көп дәрежеде құйрық пішіні мен көлеміне байланысты қой топтары арасында биологиялық ерекшеліктері кеш енінен көрініс тапты. Құйрық ұзындығы осы жіктелуге сәйкес абсолютті көлеміне байланысты 5 топқа: қысқа құйыршықты, ұзын құйрышықты, құйыршықты, май құйыршықты және африкандық иректелген деп бөлуді ұсынды. Кейінен бұл жіктелу Г. Натузиус, Н.П. Чарвинский, М.Ф. Ивановтардың енгізген өзгерістері мен толықтырулары мен бекітілді.

Нақтырақ айтқанда зоологиялық жіктелу бойынша барлық қой тұқымдары құйыршық пішіні мен ұзындығына байланысты: қысқа майсыз құйыршықты , ұзын масызқұйыршықты, қысқа май құйыршықты, ұзын майқұйыршықты және құйрықты деп бес топқа бөлінеді.



АҚШ-та (Оңтүстік Дакота штаты) бұл жіктеуге жатпайтын құыршықсыз қой тұқымы шығарылған. Сондықтан, осы жіктелуге алтыншы топқа құйыршықсыз қойларды қосуды талап етеді. (кесте 1).
1-кесте. Қойлардың зоологиялық жіктелуі


Қой топтары

Құйыршық пішіні мен ұзындығы




Аталас топқа жататын тұқымдар және тұқымдық қой топтары

1

2




3

Қысқа майсыз құйыршықты

Құйыршығы қысқа, құйыршықтың ұшы тілерсекке жітпейді. Омыртқа саны 10-12. Сырт көзге мал жиналуы байқалмайды.

Роман, солтүстік қысқа құйрықты

Ұзын майсыз құйыршықты

Құйыршығы ұзын, тілерсектен төмен түскен, жіңішке, май жиналуы байқалмадйы. Омыртқа саны 22-24.

Барлық биязы жүнді қой тұқымдары, тез жетілетін етті (ағылшын) қой тұқымдары

Қысқа май құйыршықты

Құйыршығы қысқа, тілерсекке ұзындығы табиғи жағдайда жетпейді. Құйршық түбінде май жиналуы кішкене жастықша тәрізді. Омыртқа саны 10-12.

Бурят, Тувин, Абасси.

Ұзын май құйыршықты

Құйыршығы ұзын, май жиналуы жақсы көрінеді. Табиғи жағдайда ұзындығы кейде тілерсекке жетпейді, көбінесе осы қалпын сақтайды немесе одан біраз төмен болады. Май жиналуы дөңгелек тәрізді (жастықша, кейде екі жастықша) немесе қысыңқы клин тәрізді пішінде болады. Құйыршықтың төменгі жағына май жиналмайды, тік немесе иілген, көбінесе S әрпі тәрізді. Мысалы, қаракөл қой тұқымы. Омыртқа саны 22-24.

Қаракөл, Кучугуров

Құйрықты

Құйыршық түбінде жастық тәрізді май жиналған. Ол тілерсекке қарай бағытталған, салбыраңқы болып келетін –құйрық. Құйыршығы өте қысқа және дұрыс жетілмеген, құйрықпен жабылған, құйыршығы көрінбеді. Құйыршық омыртқасының саны 5-6.

Еділбай, гиссар қазақтың құйрықты қылшық жүнді қой тұқымы, сарыарқа, қазақтың құйрықты ұяң жүнді қойы, биязылау кросбредті етті- жүнді дегерес тұқымы, елтірі - құйрықты атырау тұқымы, жайдары, Алай, Сараджа.

Құйыршықсыз

Құйыршығы жоқ.

Бұл қой тобы оңтүстік дакота штатында (АҚШ-та) өсіріледі.

Құйыршықтағы май жиналу көлемі мен ұзындғы пішіні зор ұқсастыққа ие. Сондықтан бұл жіктелу бойынша әр түрлі будандарды ажырату сәтті бола бермейді.

Алайда, зоологиялық жіктелуді ғылыми- маңызы зор, ол арқылы әр түрлі тұқымдар арасындағы айырмашылықты немесе биологиялық ұқсастық дәрежесін талқылауға мүмкіндік туғызады. Ал бұл тұқымды тәжірибиеде аудандастыру мен будандастыру үшін сұрыптауға қажет. Бірақ зоологиялық топтардың көбісі, өнімділік бағыты бойынша , әр түрлі болып келеді де, біразы ғана нақты сипат алады. Мәселен, ұзын майсыз құйыршықты қой тобына; биязы жүнді, етті және елтірілі, әр түрлі қылшық жүнді қой, тұқымдары кіреді. Сондықтан, өндірістік мақсатта, жалғыз зоологиялық жіктелу жеткіліксіз болғандықтан оны өндірістік (шаруашылық) жіктелу толықтырады.

М.Ф.Иванов ұсынған өндірістік жіктелу қой малдарының өнімділік бағытын сипаттайды. Бұл жіктелу өндіріс үшін неғұрлым тиімді, бірақ ол біраз шарттардан тұрады. Өйткені бірдей қой тұқымдары кейде әр түрлі аудандарда әр түрлі мақсаттарда өсіреді. Мысалы, цигай қой тұқымы Балқан елді мекенінде, сүті – етті мал ретінде пайдаланады. Цигай қой тұқымының сүт өнімділігі бұл жерде халықты тамақпен қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады. Алайда, көптеген тұқымдардың негізгі өнімділік бағыты нақты көрініс табады. Сондықтан өндірістік жіктелу қазіргі уақытта сәтті қолданылуда. Және қой шаруашылығында жаңа тұқым шығару мен қолда, бар тұқымдарды дамыту оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар сәйкес келеді.



2- кесте. Қазақстан Республикасы қойларының өндірістік классификациясы.


Қой тұқымдары

Тұқым атаулары

Жүн жабынының типі бойынша

өнімділік бағыты бойынша



1

2

3

Биязы

Жүнді-етті

Солтүстік қазақ меринос, бескарағай және сұлукөл ішкі тұқым типі, оңтүстік қазақ меринос, меркен және құйық ішкі тұқымдар арасындағы тип



Етті-жүнді

Казақ арқар мериносы. Қазақтың биязы жүнді қойы.

Биязылау

Етті-жүнді ұзын талшықты

Кроссбредті қазақтың биязылау жүнді қойы, шығыс және оңтүстік шығыс аймақтық типі.. Казақтың етті-жүнді, кальченгиль, ақсеңгер және шу тұқым іші типі Ақжай етті-жүнді Дегерес етті-жүнді бизылау. Қазақтың көп тұқымды топтары.



Етті-жүнді қысқа талшықты

Гемпшир типі



Етті-жүнді

Қазақтың цигай қойының ішкі тұқым типі

Ұяң жүнді

Етті-майлы

Казақтың ұяң жүнді, қарғалы, ақтөбе, байыс тұқым іші типі







Дегерес етті-жүнді биязылау кілемді жүн

Қылшық жүнді

Елтірі

Атырау құйрықты-елтірі каракулі



Етті-майлы

Еділбай. Сарыарқа қазақтың қылшық жүнді құйрықты

Қойдың өндірістік классификациясы жағымды қасиеттеріне негізделген. Жүн жабынына қарай оларды биязы, биязылау, ұяң және қылшық жүнді түрлеріне бөледі.



3,4-дәріс. Қой малдарының жүн өнімділігі

  1. Жүн жайында жалпы түсінік

  2. Жүннің химиялық құрамы мен қасиеті

  3. Жабағы жүн және оның элементтері мен құрылымы

1. Қой шаруашылығының аса маңызды өнімдерінің бірі – жүн. Жүнді тоқыма өнеркәсібінде мата тоқуға және қой жүнінен басқа да талшықты материалдарға пайдаланады, оларды шығу тегіне қарай негізінен үш топқа бөлуге болады: а)өсімдік тектес- мақта, зығыр, кендір; б) жануар тектес: жібек, жүн; в)химиялық: лавсан, капрон,вискоза т.б. Кездеме тоқылатын басқа шикізаттарға қарағанда, қой жүні артықшылықтары өте көп, олар: жылуды жақсы сақтайды, жіңішкелігі мен көлемі бірдей және басқа талшықтармен салыстырғанда жүннің салмағы жеңіл; жүн талшықтары басқаларға қарағанда иілімді,созылғыш, серпімді; киіз басуға тек қой жүні ғана жарамды; жүн ылғалды, тоқыма талшықтарының басқа түрлеріне қарағанда жақсы сіңіреді және көп уақытқа дейін бойына сақтайды; жүннің өзі жылу шығара алады, күн көзінің ультракүлгін сәулесін өткізетін ерекшелігі бар, оның өзі денсаулықты жақсартып, мал ағзасын нығайтуға септігін тигізеді; басқа тоқыма талшықтарға қарағанда дымқылдықтан көп жүн бүлінбейді; бояу жақсы сіңеді және көп оңбайды; жүннің шуды және тербелісті төмендетіп, баса алатын қасиеті бар, жүннен тоқылған киім қыртыстанбайды, әрі қонымды. Қойдың кейбір тұқымының жүні техникалық шұға, кілем, алаша тоқу үшін де пайдаланылады.

Осы тұрғыда жүн жөнінде әлемдік және Қазақстандағы жағдайларға тоқталып өтсек, соңғы жылдары әлемде қой басы 1,0 млрд. теңесті. Ең жоғары қой басының саны Қытайда. Онымен қоса ертеден Австралияда, Жаңа Зеландияда, Ұлыбританияда. Қазақстанда 1990-1999 жылдарда қой жүні барлық саладағы шаруашылықтарда 106,6 – дан 21,6 мың тоннаға түсті, яғни 5 есе төмендеді. Ішкі нарықта 1996 жылғы 18,0 мың тоннадан 2000 жылы 3,6 мың тоннаға түскен, ал экспортта 1998 жылғы 38,2 мың тоннадан, 2000 жылы 10,6 мың тоннаға түскен. Жүнді шетке шығару 0,3 –ден 0,8 мың тоннаға дейін көтерілді. Сонымен қатар, 2008-2009 жылдары біртіедеп жүн өндіру 33,3 – 34,3 мың тоннаға дейін өсіп келеді (1-кесте).


1-кесте. Әлемдегі қой саны мен жүн өндіру

Елдер

2008 жыл

2009 жыл

қой саны, мың бас

жүн өндіру, мың тонна

қой саны, мың бас

жүн өндіру, мың тонна

Қытай

133360

157,0

135094

162,0

Австрия

100000

500

97800

512

Жаңа Зеландия

47500

195

46800

213

Ұлыбритания

34000

46

33320

47

Испания

21000

16

20400

14

АҚШ

70

14

6790

18

Уругвай

13000

59

12350

45

ТМД елдері

5800

120

56700

140

Қазақстан

16300

33,3

16900

34,3

Әлемде

1006200

1190

1000000

1239

Қазіргі кезде қойдың саны 16,9 млн басқа жуық, көпшілігі республикамыздың Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс облыстарында (51%), яғни Алматы обл – да 18,3%, Жамбыл обл-да 12,6 % Оңтүстік Қазақстан обл- да 20,1 %. Жүн өндіруден жоғарыда аталған облыстар 22,4, 16,4 және 17,6 %- дан жалпы 56,4%-ды құрайды.Статистикалық мәліметтер бойынша жалпы биязы жүнді өндіру көрсеткіші 35%.

Қой жүнінің сапасы мен қасиеті көбінесе оның терісіне байланысты, сондықтан терінің құрылымы мен жүн талшықтарының арасында байланыстылық болады.

Жүн талшықтарының мал терісінде пайда болуы және өсіп жетілуі жас ағзадағы жүн талшықтарының фолликулалары енесінің құрсағында жатқан шағында пайда болады. Фолликулалары бірінші және екінші болып бөлінеді. Жүннің сапасы көбінесе осы фолликулалар құрылымының ерекшеліктеріне байланысты болады.

Қылшық жүнді қой фолликулаларының құрылымында биязы жүнділерге қарағанда үлкен айырмашылық бар. Оларда алғашқы фолликулалар қыл тәрізді жүн талшықтарын, ал екінші фолликулалар түбіт талшықтарын құруға бейімделген. Биязы жүнді қойдың бірінші және екінші фолликулаларының құрылымында айтарлықтай айырмашылық байқалмайды. Қой жүнінің қалың, тығыз болып келуі, осы жүн талшықтары пайда болатын фолликулалар санына байланысты.Фолликулалардың саны түрлі тұқымда, тіпті бір тұқымның ішінде қойдың дербес ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі болып келеді, тіпті тұқым қуалаушылық қасиеті ұрпақтан ұрпаққа өзгерместен ауысып отырады. Мұның өзі қой жүнінің тығыздығын жақсарта түсуіне фолликулалары көп қошқарларды алдын ала таңдап, сұрыптап алып кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді.

Алғашқы фолликулалар эмбрионның денесінде (алдымен басында) саулықтар буаздығының 50-70-ші күн аралығында пайда болады. Осы бірінші фолликулалардан құралған алғашқы жүн талшықтары денесінің сыртына эмбрион шамамен 100 күнге толғанда шыға бастайды. Эмбрионның 70-80 күннен 110 күнге дейінгі аралығында эпидермисте екінші фолликулалар құрылып, олардан пайда болған жүн талшықтары дене сыртына шамамен 115 күннен бастап шыға бастайды. Бұл процесс қозы туғаннан кейін де тоқталмайды. Жүн талшықтарының құрылуы, шығуы қозы тіршілігінің алғашқы айында қарқынды өседі. Жақсы азықтандырылып, бағып күтілген қозы фолликулаларының өсіп жетілуі бесінші айда аяқталады.

2. Жүн талшықтары тұтасынан кератин талшықтарынан тұрады, сондықтан онда басқа белокты заттарға қарағанда, күкірт едәуір көп. Жүннің құрамында шамамен көміртегі -50, оттегі- 21-24, азот 15-21, сутегі 6-7, күкірт 2-5% -ға дейін химиялық зат бар. Ал күлді зат 1-3% ғана құрайды.

Әр түрлі жүн талшықтарында жеке амин қышқылдарының мөлшері бірдей емес, бір типті талшықтардың гистологиялық әр қабатының өзінде түрліше.Мысалы, ортаңғы қабат пен өзектің кератинінде тирозин болады, ал қабыршақты қабаттың кератинінде болмайды. Жеке жүн талшықтарында күкірттің мөлшері де әр түрлі, мысалы, өзекте аз. Осыған байланысты түбітте күкірт көп болып келеді. Жүндегі күкірт мөлшері көбейген сайын жүннің иірілу қасиеті жақсара түседі.

3.Зоотехникалық түсінікте жабағы деп жүн талшықтары топтарынан құралған, бір-бірімен өзара тығыз байланысқан бір қойдың тұтас жүнін айтады. Тауарлық түсінікте жабағы жүн дегеніміз қойдан көктемде қыркылып алынған, төменгі сорттары бөлінбеген біртүтас жамылғы жүн. Жүннің төменгі сорттарына - ластанған, былғанып бүлінген және қысқа жүн топтары мен жабағы шетінен бөлініп түскен бөлшек жүндер жатады.

Қой жабағысы құрамындағы талшығының түрі мен олардың арақатынасына қарай біркелкі және әртекті жүн болып екіге бөлінеді.

Біртекті жүн - жіңішкелігі, ұзындығы, бұйралығы, жұмсақтығы, серпімділігі жағынан біркелкі жүн талшықтарынан тұрады. Біртекті жүн тек биязы және биязылау жүнді қой түқымдарынан алынады.

Біртекті биязы жүннің бір ерекшелігі - қойдың жабағысы (тұтас жүні) штапель тәрізденіп келген бөлшектерден құралады.

Штапель екі түрге бөлінеді: сыртқы, көрінетін жағы және ішкі көрінбейтін немесе қолмен ажыратып, ашып көруге болатын жағы. Штапельді сыртқы көрінісі, яғни формасы жағынан екі топқа бөлуге болады: ашық және жабық. Штапельдің ашық, бір-бірінен алшақ болып келуі, жүннің сиректігін және талшықтарының бір - бірімен нашар байланысқандығын көрсетеді. Әдетте, мұндай жабағыға сырттан бөтен заттар (құм, топырақ, т.б.) оңай енеді де, жүн сапасын едәуір төмендетеді.

Штапельдің жабық түрі тығыз жүнді жабағыға тән, ондағы жүн талшықтары бір-бірімен тығыз байланысқан, сондықтан мұндай түрлі жабағының ішіне бөтен заттар кіре алмайды да, жүн сапасын, технологиялық қасиетін жақсы сақтайды.

Штапельдегі жүннің тығыз болып келуі қой тұқымына байланысты. Терінің бір шаршы милиметріндегі жүн талшықтарының саны әртүрлі қойда шамамен: тығыз жүнді мериноста - 73-тен 190-ға дейін; жүнді-етті меринос тұқымында - 46-дан 87-ге дейін; қысқа жүнді, етті қойда (жүнді біртекті жартылай биязы) -16-дан 38-ге дейін; қылшық жүнді қойда - 7-8.

Әртекті жүн жабағысының сырт көрінісі тұлымданып, бұрымданып келеді. Тұлымданып келген жүн құрылысы ондағы әр түрлі жүн талшықтарының арақатынасы мен жіңішкелігіне тікелей байланысты. Әдетте жіңішке жүн талшықтары (түбіт) қылшықты талшықтарға қарағанда қысқа болып келеді де, төменгі (теріге жақын) жақта орналасады. Сол себепті, жүн талшықтарының қысқа және ұзын болып келуіне байланысты тұлымдардың сырт көрінісі конус тәрізді болады.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет