1-дәріс. Халық шаруашылығындағы қой шаруашылығының маңызы


-дәріс. Жүн өндіру технологиясы



бет2/3
Дата12.03.2018
өлшемі0,73 Mb.
#38780
1   2   3

5-дәріс. Жүн өндіру технологиясы

  1. Қой қырқу мерзімі

  2. Қой қырқуды ұйымдастыру

1.Қой қырқу маңызды, әрі күрделі науқанды жұмыстардың бірі. Бір жылғы еңбектің қорытындысын шығаратын жауапты кезең. Сондықтан өсірілген жүнді ысырап етпей,сапалы күйінде қырқып алып, өңдеп, сорттап әзірлеу мал мамандығының басты міндеті. Қой қырқу науқанын алдын ала дұрыс әзірліктер жасап, ұйымдастыра білу керек.

Биязы және биязылау жүнді қойлар жылына бір рет көктемде ғана қырқылады. Оларды екі рет қырқуға болмайды, себебі жүн ұзындығы қысқа болып ( 3-4 см), сапасыз болады. Ал жүн қысқа болса, одан бағалы маталар алынбайды. Ал, қыста туған қозыларды 5-6 айлығында қырқып, өздерін бордақылап, етке пайдаланады. Ұяң және қылшық жүнді қойларды көктемде және күзде екі рет қырқуға болады.

Қой қырқу мерзімі ауа райы және жайылым жағдайының ерекшеліктеріне қарай белгіленеді.

Көктемгі қой қырқу күн тұрақты жылынғаннан кейін басталады. Биязы және биязылау жүнді қойлар үшін мұның маңызы зор, күн әбден жылынғанда шайыры шығып, жүннің өсімі көтеріледі. Сондықтан қой қырқу көктемгі күн жылынғанда басталып шыбын шіркей шыққанға дейін аяқталуы тиіс. Оны кешіктіруге болмайды. Қазақстанда қалыптасқан қой қырқу мерзімі Оңтүстік, Оңтүстік Шығыс, Оңтүстік Батыста мамыр айының басында, Солтүстік, Шығыс, Батыс облыстарында мамыр айының аяғында, маусым айының басында басталады.



Қырықтықтың орнында еңбекті ұйымдастыру

Қой қырқудағы басты міндет-жүнді бүлдірмей,шашпай,толық жинап,белгіленген талапқа сәйкес сорттап,жоғары бағаман сату.Бұл жұмыстар мерзімінен бұрын да кеште емес,дер кезінде орындалуы тиіс.Сондықтан қырқу орынын білгір маман,жауапкершілігі жоғары адам басқару керек.Қырықтық орнында ең алдымен есеп жұмысы дұрыс жолға қойылуы тиіс.Мұнда тек қырқылған жүннің мөлшерін ғана есепке алып қоймай,оның қай топқа жататынын,ақаулығы мен ластығын,топтарын әрбір отар бойынша анықтаған жөн.Қырықтықшылар арасында жүнді қысқа етіп екі рет қырқуды,қойдың терісін көбірке жарақаттап,шала қырқуы сияқты жауапкершіліксіздіктердің барлығы еңбек өлшеуі ретінде ескерілуі керек.Бұл үшін қырықтық пунктінде әр қырықтықшының қырыққан қойларын бөлек қамайтын загондар болуы керек.Отар қырқылып боллған уақытта жұмыстың сапасын анықтайтын топ әр қырықтықшы бойынша қорытынды жасап,оны жазбаша түрінде еңбек ақы төлейтін адамның қолына береді.

Қазіргі талаптарға сай әрбір қой шарушылығында шебер қырықтықшылар,қайрақшылар,жіктеушілер болуымен қатар,жүннің таза,шығымын есептейтін қажетті аспаптар,керекті құралдар , тағы басқа жабдықтар болуы тиіс.

Қырықтық орынында қой отарлары қандай кезекпен келуінің де мәні бар.Алдымен қылшық және ұяң жүнді қойлар қырқылуы тиіс.Себебі қойлар жеңіл қырқылады,жас қырықтықшылар қырқып қолдарын жаттықтырады.Ересек қойдан бұрын тоқтылар,бойдақ қойлар,ақырында саулықтар мен қошқарлар қырқылады.Ауру,қотыр қойлар ең соңында бөлек қырқылады.

Шарушылықта арнайы жобамен слаынған механикаландырылған қой қырқатын пункт болуы тиіс.Елімізде қырықтықшылар даярлайтын арнаулы оқу орны болса, әрбір шарушылық өздерінің пункттерінде тәжірибеліқырықтықшыларды пайдалана отырып,жылма-жыл жас қырықтықшыларды әзілеп,тұрақты маман қатарын толықтырып отырғаны жөн.

Қырықтышыларға қойылатын талап –қой қықудың озық әдістерін меңгеріп,теріні кеспей,жүнді тегіс,әрі таза,жабағыны жұлмай,үзбей қырқа білуі тиіс.Әрбір қырықтышының қырқу машинасының кемістіген түзеп,бөлшектеп,оны құрастыра білуге тиіс.

Қой қырқудың озат әдістер,Орынборлық және қазақша қырқу.Бұл тәсілдер өнімді және әдейі үстел қырқуды керек етпейді.Қойдың аяқтары байланбай,оны еденге отырғызып,не жатқызып қырқады.

Қазақша қой қырқудың әдісінің тәртібі мынандай: қырықтықшы қойды сол жақ бүйіріне жатқызады да, оң аяғымен қойдың артқы сирақтарын басып тұрып,ал сол қолмен алдыңғы сирақтарын басады да ,бауыр хәне шап,қолтық жүндерін қырқып алады.Содан соң қойды оң жақ бүйіріне жатқызып, қырықтықты құйрығынан бастап иығына дейін және артқы сирағынан мойынына дейін қырқып алады.Әрі қарай арқа түсын,сонан соң мойнының сол жағын қырқа бастайды Осыдан кейін қырықтықшы қойдың басын сәл көтеріп тұрып мойын жүнін,артынша қойдың басын екі аяғымен қысып тұрып,құйрығын қырқады.Осылай қазақша әдіспен қойдың жүні жақсы да таза қырқылады.


6-дәріс. Ет өнімділігі және ет өнімділігін жоғарылату әдістері

  1. Қой еті және оны өндіру технологиясы

  2. Қойдың еттілігінің көрсеткіштері

Ет өнімі, шығымы, еттің тағамдық құндылығы

Қой шаруашылығы беретін өнімдердің негізгі түрі ет болып есептеледі. Қазақстанда өндірілетін барлық ет түрлерінің ішінде қой етінің ара салмағы 30% шамасында.

Қой еті – қойдан алынатын ең негізгі өнім. Қой етінің қоректілік құндылығы да айтарлықтай. Оның бұлшық ет тканьдарында құнды белоктар жиынтығы болады. Еділбай, Сараджа, Дегерес және басқа тез өсіп-жетілетін етті-майлы қой тұкымдары етінің сапасы жоғары. Әсіресе, қозы етінің сапасы өте жоғары болады. Қозыларды бордақылап, жедел семірту - ет сапасын жақсартып, ет өндіруді арттырудың аса бір тиімді жолы. Қозы еті құрамында холестеринді заттардың, майдың аздығымен ерекше бағаланады. Қозы етін адам организмі оңай қорытып, тез сіңіреді.

Тауар ретінде алып қарағанда ет дегеніміз - ұшаның тағамға пайдаланатын барлық бөліктері, яғни қаңқа сүйектеріне жабысқан бұлшық еттер, тарамыстар, май, қан тамырлары, лимфа түйіндері, сондай-ақ барлық жеуге келетін ішкі органдар, тіл, ми, диафрагма, ішек-қарын және т.б. Еттің шығымдылығы қойдың жынысына, жасына, олардың сойылғанға дейін бағып-күту ыңғайына және т.б. да себептерге байланысты болады. Бұл жөнінде неғұрлым жоғары көрсеткіш етті-майлы қой тұқымдарында кездеседі. Мысалы, еділбай қойы саулығының сойыс шығымы 53%, бордақылап семіртілген бойдағының ет шығымы 56-58%-ға жетеді. Ал биязы жүнді қой тұқымдарының сойыс шығымдары 45-50% аралығында болады.

Еттің шығымына әсіресе малдың өсу кезеңіндегі азықтандырылуы және бағылып-күтілуі көп әсер етеді. Қойдың өсу қарқынының тежелуі оның өнімділігінің төмендеп кетуіне әкеліп соқтырады. Мұндай қойды жақсы азықтандырғанның өзінде оның етінің сапасы толық қалпына келмейді, өйткені қойдың жасы үлғайған сайын оның өсу қарқыны төмендейді.

Малды сойғанда ет және майға қоса ішек-қарын өнімдері де алынады. Олардың тағамдық құндылығы әр түрлі. Қайсы біреулері химиялық құрамы жағынан еттен кем түспейді, ал құрамындағы витаминдер (бауыр), минералды түздар, белок, көмірсутегі және майы жағынан құндылығы асып түседі.

Тағамдық құндылығы және өңдеуіне байланысты бұл өнімдер төрт категорияға бөлінеді. Бірінші категорияға - тіл, бауыр, бүйрек, жүрек, ми, желін, диафрагма және үша етінің кесінділері; екінші категорияға - өкпе және қарын, үшінші категорияға -кеңірдек пен талақ; төртінші категорияға - бас, сирақ, құлақ, ерін және қатпаршақ жатады.

Қой-ешкіден ішек-қарын өнімдерінің шығымы орта есеппен 8,9% болады.



Қойдың еттілігінің көрсеткіштерінің негізгі көрсеткіштері болып: сояр алдындағы тірі салмақ, ұша салмағы, іш май салмағы, сойғаннан кейінгі салмақ, сойыс шығымы, қой қондылығының категориясы және ұшасының, ұшаның сорттық және морфологиялық құрамы, еттің азықтық құндылығы және т.б табылады.

Сояр алдындағы тірі салмақты малды 24 сағат аш ұстап, 0,1кг-нан 1 жас (жас мал үшін) - 0,5кг 1 (ересек мал үшін) дәлдікте өлшейді.

Малды аш ұстау кезінде асқазан – ішек жолдары мен несеп жолдары тазарып, малдың тірі салмағы 2,5-3,5% төмендейді. Сонымен қатар осы уақытта бұлшық ет қышқылдығы қалыптанып, гликоген жиналады. Гликогеннің жеткілікті мөлшерде жиналуы еттің пісіп-жетілуіне қажет, ол ыдырағанда қышқыл (сүт, фосфор) түзіп, етті консервілеуге көмектескенімен, шіріту микроорганизмдердің дамуына жол береді, ол еттің бұзылуын тездетеді.

Қой малы қондылығының категориясын мемлекеттік стандарт бойынша 5111-55 «қой мен ешкіні сою үшін қондылықты анықтау» бойынша шоқтықтағы, арқадағы, бел, қабырға және құйрық түбіндегі бұлшық ет және май ұлпаларынан даму дәрежесіне байланысты, ал құйрықты қойларды – құйрығына немесе май құйрығына қарай анықтайды. Егер сенімсіздік жағдай туындаса бақылау сойысын жүргізеді де, қондылықты келесі кестедегі талаптарға сай анықтайды.


1 кесте. Қой малы қоңдылығының категориясы


Категориясы

Саулықтар

қошқарлар

Жоғары

Арқа және бел бұлшық еттері ұстағанда жақсы дамығаны білінеді, арқа және бел омыртқалары білінбейді;шоқтығы білінуі мүмкін; тері астында жинақталған майы білініп тұрады,арқасы шел қабырғаларында жинақталған майы орташа. Құйрықты қойлардың құйрығында, май құйрықтылардың құйыршағында май жақсы жиналған.

Бұлшық еттері жақсы дамыған;сүйектері білінбейді, шоқтық аймағындағы омыртқа ұштары байқалады.

Орташа

Арқа және бел омыртқаларының бұлшық еттері орташа жетілген шат сүйегі мен бел омыртқасының ұштары аздап шығып тұрады; арқасы мен қабырғаларында жинақталған майы білінбейді. Құйрықты және май құйрықты қойлардың құйрығында май мөлшері онша мол емес.

Бұлшық еттері қағанаттанарлық дамыған; шоқтық пен арқа аймағында омыртқа ұштары білінеді; тері асты майы арқасын жұқа қабатпен және белін сәл ғана жабады; қабырғасы сегізкөз аймағы және жамбасының шығыңқылығы рұқсат етіледі.

Орташадан төмен

Бұлшық еттері орташа жетілмеген; арқа бел омыртқалары мен қабырғалары шығып тұрады; тері асты майы білінбейді. Құйрықты және май құйрықты қой құйрықтарында аздаған май болады.

Бұлшық еттері қанағаттанарлықсыз;сүйектері білініп тұрады, ұшаның беткі жағында білінер–білінбес жұқа қабат түрінде май қаптайды, бірақ ол болмауы да мүмкін

Ұша салмағын малдың терісі сыпырылғаннан кейін, қанын ағызып, ішкі мүшелерімен басы, аяғы және құйрығы алынып тастап, бүйрегі мен бүйрек майымен өлшейді. Алдыңғы аяқтарын – алдыңғы тізеден, артқысын – тілерсек буынынан бөледі. Малды сойғаннан кйінгі, сол уақыттағы ұшасын – булы (парной) деп, ал 24 сағат өткеннен кейінгі, тоңазытқышта 4—6°С температурада тұрып, суытылғанын тоңазытылған деп атайды.Булы ұшадан қарағанда тоңазытылған ұшаның салмағы аз болады, өйткені тоңазытқанда ылғал жоғалтады. Неғұрлым майлы ұшалар арық ұшаға қарағанда ылғалды аз жоғалтады.

Ұша қоңдылығы малдың тұқымына, жынысына байланысты болады, көбінесе ересек қойларда ал 20—30 кг-нан жоғары,1 жасқа дейінгілерінде 15—20 кг, қозыларында 10—15 кг.

Сойыс салмағына ұша салмағы мен іш майы (шарбы майы, қарын, ішек майлары) кіреді. Етті – майлы және май құйрықты қойлардың сойыс салмағына құйрық майы қосылады – құйрық майды малды сою кезінде бөліп алады да жеке өлшейді.

Сойыс шығымы дегеніміз — сояр алдындағы тірі салмақтың сойыс салмағына проценттік қатынасы. Бұл көрсеткіш малдың тұқымына, қоңдылығына, жасына, жынысына және т.б көрсеткіштеріне байланысты 35-тен 60%-ке және одан жоғары мөлшерде ауытқып отырады.

Ұшаның марфологиялық құрамын анықтайтын көрсеткіштердің бірі – еттілік коэффициенті. Еттілік, коэффициентін таза еттің (сұрпы ет) сүйек салмағына қатынасы арқылы анықтайды. Оны анықтау үшін ұшаны бөлшектеу қажет. Одан соң етті бөлігі ажыратылып, құрамды бөлшектері өлшенеді де, оған сәйкес есеп жүргізіледі. Мұнда бұлшық ет ұлпасының сүйек ұлпасына (бұлшық ет – сүйек коэффициенті) немесе бұлшық еттің май ұлпасына қатынасы салмағын анықтау мүмкін.

Малдың жасына байланысты бұлшық ет, май, сүйек ұлпаларының арақатынасы өзгеріп отырады. Май ұлпасы кеш дамиды. Қой малдарында оның ерте дамуы тек тез жетілетін малдарда ғана байқалады..

Майдың жиналуы қойларда белгілі бір ретпен жүретіндігі анықталған. Ең бірінші ол ішкі мүшелерде: бүйрек, ішек, қарын, одан кейін – тері асты майлары (құйыршақ түбінде, белде, кеудеде) бұлшық ет аралық май, содан соң ғана бұлшық ет ішілік май ұлпалары дамиды.

Тері асты майы ұшаны кеуіп кетуден сақайтын ұшаны суарушы деп аталатын май қабатын түзеді.

Бұлшық ет аралық ұлпалары жеке бұлшық еттер аралығында дәнекер (байланыстырушы) ұлпа қабатында жинақталады.

Әр түрлі тұқымдарда май жиналу қатынасы мен интенсивтілігі ұшаның әр түрлі аймақтарында біркелкі емес.Қылшық жүнді тұқымдарда (арық құйрықты, қысқа құйрықты-ранан тұқымы). Мысалы, майдың көп бөлігі бүйрек маңы мен ішекте, ал аз бөлігі – бұлшық ет аралығы және тері астында. Тері асты майы негізінен белде жиналады, ал ол неғұрлым ұша бойына тең орналасқаны жақсы.

Ет бағытына арнайы бағытталған қойларда май жеке бұлшық ет іштеріне жиналады, ол еттің мраморлығы деп аталады да, етке ерекше нәзіктік пен шырын береді.

Етті – майлы бағыттағы қой тұқымдарының май жинау қабілеті жақсы, оларда май негізінен құйрық аймағы мен құйыршықтың жағында жиналады.

Қозыларда іш майы ерте жаста жинала бастайды және ол азықтандыру дәрежесіне байланысты. Егер азықтануы өте жақсы болса, қозылардың үш айлығында бүйрек аймағында май жиналады, ал азықтануы орташа жәрежеде – кештеу жиналады.

Сондықтан, май жинаудың дамуы мен тоқтауы малдың жасына, тұқымына және азықтандыру жағдайына тығыз байланысты. Егер ұшаға 16-18 кг салмақта 25% жоғары емес,оның ішінде тері асты — 13, бұлшық ет аралық — 10және бүйрек — 2% май жиналса тиімді болып саналад. Май қабатының қалыңдығы 16-18 кг салмақтағы ұша үшін арқадағы ұзын бұлшық ет 3-3,5 мм, ал 20-25 кг ұша үшін — 4-5 мм болғаны жақсы.

Субөнімдер келесідей жіктеледі: а) етті—бауыр, жүрек, өкпе, диаф­рагма, өңешпен трахея, бүйрек,көкбауыр, ет кесінділері, желін,тіл және ми; б) кілегейліе—қарын, летошка; в) жүнді—бас. Категорияларына байланысты субөнімдер шығымына келесідей нормалар бекітілген:(малды аш ұстағаннан кейінгі тірі салмаққа %-тік қатынасы):

I категория: бауыр — 1, тіл — 0,3, ми— 0,15,ет кесіндісі — 0,38, жүрек — 0,45, диафрагма — 0,32;

II категория: қарын— 1,4, калтык — 0,15, пикальді ет — 0,1, өкпе — 0,8, көкбауыр — 0,2, тілсіз, мисыз бас — 3,6.

Өңделген субөнімдер шығымына орташа 9,5%, оның ішінде бірінші категория — 3,2%.

Ұша еттілігі арқадағы ұзын бұлшық еттің көлденең аумақпен иылысуын («бұлшық ет көзшесі») байланысты. Етті – жүнді қозыларда ұшадағы бұлшық ет салмағы мен бұлшық ет көзшесі аумағы арасындағы жағымды байланыс (коррелеция) 0,77—0,81құрайды. Сондықтан ұша еттілігін арқадағы ұзын бұлшық еттің көлденең қиылысу аумағы арқылы да анықтауға болады. Арқадағы ұзын бұлшық еттің көлденең қиылысу аумағын бөлшектеуін, таңдалған ұша арқылы анықтайды.Арқаның ұзын бұлшық етін соңғы кеуде мен бірінші бел омыртқасын көлденеңнен бұлшық ет құрылымы мен көлемін бұзып алмайтындай етіп, пышақпен ақырындап кеседі. Алынған көлденең кесіндіні прагментке (немесе қарындаш калькасына) салып, оған бұлшық ет контурын қояды, одан кейін алынған контур аумағын (см2) планиметрмен өлшейді.

Тез жетілетін етті қойлардың бұлшық ет көзшесінің аумағы меринос қой тұқымдарынан қарағанда көп.

Бұлшық ет көзшесінен басқа еттілікті анықтайтын И. Йетсомның (1970) еттілік индексін қолдануға болады.

Ол әр түрлі тұқымды қой мен қозылардың ұша ұзындығы мен салмағының қатынасы және қоңдылық категориясы арқылы алынған. Сондықтан көрсеткіштегі жалпы еттілік коэффициенті килогамға тең, яғни, сондықтан ұзындықтағы орташа ұшадан берілген ұша ауыр немесе жеңіл.

Еттілік индексін есептеу үшін тоңазытылған ұша салмағы (немесе булы, бірақ бұл жағдайда ұша салмағынан 2% алынып тасталады). Ұша ұзындығын жұмсақ қаңылтыр өлшеуіш лентамен немесе ұша ішінен қарын әне кеуде қуысы арқылы өтетін тік сызық бойынша арнаулы таяқпен өлшейді.

Жалпы еттілік индексі ет (бұлшық ет пен май) мөлщерін, яғни ұшадағы еттің оның ұзындығына қатынасын көрсетеді. Бірақ бұл индекс бұлшық еттің және майдың қандай мөлшерде дамығандығын көрсетеді.

Қойдың тірі кезінде қондылығы органолептикалық баға бойынша анықталғандықтан, едәуір дәрежеде анықтаушының білгірлігіне, тәжірибесіне байланысты болады, кейбір кезде тәжірибесіз маманның қателесіп кетуі де мүмкін. Бұл жағдайларда қойдың қоңдылығы оны сойғаннан кейін ұшасының сапасына баға беру арқылы анықталады. Қойдың салмағы мен сойыс шығымы қойдың қоңдылығына тікелей байланысты.

Ет шығымы малдың ет өнімінің ең негізгі көрсеткіші болып табылады.

Ұшаның салмағы. Үша деп терісі, ішкі органдары, басы, сирағы мен құйрығы алынған мал денесін айтады. Ұшадан малдың алдыңғы сирақтары тізеден, артқылары - тілерсектен бөлініп алынады Әдетте, малдың тұқымына, жынысына және жасына қарай ересек қойдың үшасы 18-30 кг тартады, тұсақ ұшасы 15-20 кг, қозылардікі - 10-17 кг шамасында болып келеді. Үшаның салмағы екі жолмен анықталады: жаңа сойған жас ұшаның салмағы және оның 24 сағат сақталып, суығаннан кейінгі салмағы. Суыған ұшаның салмағы жас үшаға қарағанда біршама төмен келеді.

Сойыс салмағына ұшаның салмағы мен іш майларының салмағы жатады. Сойыс шығымы деп малдың сойылар алдындағы тірілей салмағының пайызына шаққандағы үшасы мен іш майының салмағы айтылады.
7-дәріс. Қой малдарының сүт өнімділігі


  1. Қой сүтінің химиялық құрамы

  2. Сауу әдісі және оны ұйымдастыру

  3. Қой сүтін өңдеу

Қой сүті жұғымдылығымен және бағалы диеталық қасиеті мен сипатталды. Оның құрамында жүзден аса жұғымды заттар бар, олардың ішіндегі ең маңыздылары – белоктар (6,8%), майлар (6,7%), сүт қанты (4,4%) минералдық тұздар мен В топты дәрумендер мол. Адам ағзасына қой сүті белогының 99 % - ы, сиыр сүтінің 92 % - ы сіңіріледі. Қой сүтінің бағалы өнімдер: сорты қатты және жұмсақ сырлар (кавказдық, пекарина, горгонзола, рокфор, ірімшік, құрт және т.б.) сүт қышқылды

өнімдер ( ақ ірімшік, айран, қаймақ, йогурт және т.б.) дайындалады және бұл өнімдер үлкен сұранысқа ие. Қой сауу және қой сүтінен өнімдер шығару Кавказдың бір қатар аудандарында, орта азия мемлкеттерінде, Молдовада жүргізілді. Қазақстанда халықты қой сүтімен дайындалатын бағалы азық – түлікпен қамтамассыз етудің үлкен мүмкіндіктері бар.



1.Қой сүтінің химиялық құрамы

Қой сүтінің 6- 8 % май, 4-5-6 % белок, 4,6% қант және 0,8 % минерал заты болады. Сиыр сүтімен салыстырғанда қой сүтінде май мен белок көп үлес алады. Қойдың сүттілігі және оның сүтінің құрамы тек қой тұқымдарына ғана емес, соны мен бірге жем – шөптің құрамына, тәулік мерзіміне де тығыз байланысты.

Қой сүтінен ірімшік, құрт, айран, қаймақ және т.б. көптеген сүт өнімдерін дайындайды. Қой сүтінің өзіндік ерекше иісі бар, өте жұмсақ консистенциялы және сақтауға төзімсіз.

Саулықтар уызының майлылығы 14,7 - 15 % жетеді. Сүттену кезеңінің үшінші күнінен бастап бұл көрсеткіш айтарлықтай төмендеп (5,8-10,0%), тек осы кезеңнің соңына қарай ғана бірша-ма жоғарылайды: 10,2-11,2%. Сүттің қуаттылық (азықтық) деңгейі құрамындағы құрғақ заттарға тікелей байланысты. Құрғақ заттың ең жоғары мөлшері уызда (33,1-40,0 %) болса, сүттенудің алғашқы айының соңында ол 15,7-20,0 % төмендеп, төртінші айда қайтадан көтеріледі (3,1-25,9 %).

Сүттегі қанттың үлес салмағы сүттену кезеңінде айтарлықтай өзгермейді (5,0-6,5 %).

Австрилия мериностары (АВМ) қазақтың биязы жүнді қойларының (ҚБЖҚ) сүт өнімділігінің ең жоғарғы мөлшері мамыр айының жылы күндеріне сәйкес келеді. ҚБЖҚ қойлары АВМ қойларымен салыстырғанда, сүт емізу кезеңінің барлық кезеңінде сүттілігімен ерекшеленеді. Тәжірибе нәтижелері Австралия мериностарының сүттілігі жеткілікті деңгейде екендігін көрсетті.


2.Сауу әдісі және оны ұйымдастыру

Саулықты саууды қозыларды енесінен бірге ұстау ұзақтығына байланысты әртүрлі ұйымдастырады. Қозыларын 1-3 күндік жасына сойылатын елтірілік саулық 3-4 рет. Барлық сүттілік кезеңінде саулықта алғашқы 2 айда күніне 2 рет, содан кейін 1 рет болып бөлінеді. Қойдың басқа тұқымын (мысалы цигай) кейін 1 рет болып, бөлінеді, қойдың басқа тұқымын 3 айлық жасында енесінен айырғаннан кейін саууды бастайды. Сауу 1-2 айға созылады. Кейбір кезде енелерін қозылары 1 айлық жасқа келгенде саууды бастайды. Бұндай ұйымдастыруда қозыларды күнделікті кешке қарай енелерінен бөліп жеке қорада түні бойы ұстайды. Ертеңгісін енелерін сауып алады да, қозыларын күні бойы жанына ертіп жібереді. Бұл кезде енесімен бірге қозысын да, азықпен қамтамасыз ету керек. Елтіріге жіберілген қозының енелерін 1 айдан кейін саууды тоқтатады. Сауылатын саулықтар ең жақсы жайылым да жайылуы керек, ол үшін қосымша түндік жайылым-ды жасауды ұйымдастыру ұйғарылады. Жақсы жайлым жетіспе-ген жағдайда саулықтарға қосымша қоспалы жемдерді тәулігіне 200-300 граммнан береді.

Қойларды қолмен немесе машинамен сауады. Қолмен сауу әдісінде қойдың артынан немесе жанынан сауады. Саууды ыңғайландыру үшін, жануарларды қорғайтын, шатырдың астына станоктар немесе арнайы алаң, жұмыскерлерді жаңбыр мен күннен сақтайтын құралжабдық салады.

Сауудың алдында желін мен емшектерді дымқыл орамалмен сүртеді. Содан кейін саууға кіріседі. Ол үшін сол қолмен желінді ұстайды, ал оң қолдың саусақтарымен, үстінен астына баса отырып, емшекті айнала үстайды. Солай әрбір емшекті сауады, одан кейін екі қолдың алақандарымен бүкіл желінді ұстап алады да,оны бірнеше рет қысады. Соңғы кезең - сауып бітіру, оны осылайша өткізеді: сол қолмен желінді ұстап тұрады, ал оң қолдың саусақтарымен әрбір емшектен қалған сүтті қысып сауып алады.

Үш түрлі тәсілмен сауу қойдың сүтінің пайда болу және сүтті бөліп шығару ерекшеліктеріне байланысты шығарылды. Қой желінінің әрбір жартысы альвеолды ұлпалардан тұрады сүт бездері, онда сүт пайда болады және емшекпен аяқталатын цистерналар. Сүт сүтті безімен секреттелінеді және цистернаға түседі. Сүтті сауғанда сүт альвеолдардан цистернаға түседі, содан кейін цистерналардан емшекке, ал саууды аяқтаған кезде емшектерден қалдық сүт шығарылады.

Машинамен сауу кезінде еңбек өнімділігі жоғарылайды, еңбек жеңілденеді, сүттің санитарлы-гигиеналық қасиеттері жақсарады.

Майлы құйрықты және құйрықты қойларды сауғанда сауыншы жанынан орналасады. Мұндай жағдайда сүт механикалық және т.б. қоспалармен аз ластанады.

Ресейде екі модификациялы: стационарлы және жылжымалы, ДУО-24 сауу құрылғысы жасалынып сыналды. Онда 24 қойды бір уақытта саууға есептелген, екі параллельді орналасқан платформалар бар. Құрылғы жинағына шелектерімен сауу аппараттары, вакуум-сорғыш және вакуум-өткізгіш, жуу және оттық жүйесі кіреді. Жылжымалы құрылғы жинағында одан басқа бір осьті тіркеме (платформалармен) және басқыштар болады.

Сауу құрылғылары бір минутта 60-тан 175 соғу жиілікті 40-50,7 кПа вакууммен және қысу мен тоқтау ырғақтарының 50:50 немесе 60:40 қатынастарымен жүмыс істейді.

3. Қой сүтін өңдеу

Қой сүтін көбіне жаңа сауылған түрінде қолданбайды. Арнайы ашытқыларды қолдана отырып, одан йогурт, ірімшік, қатық (мацони), айран және т.б. өнімдерді дайындайды. Соңғы кездері йогурт кең қолданыста жүр.

Қой сүтінен жасалған йогурт, сиыр сүтінікіне қарағанда жеңіл сіңіріледі, өйткені қолданғаннан кейінгі адам асқазанындағы пайда болған қою зат жұмсағырақ, борпылдақ келеді.

Қойдың сүтінің майлылығы жоғары болғандықтан, йогурт үшін шикізаты ауыстырылмайды, ал өнімнің дәмінің қышқылдығы төмен болады. Қойдың сүтінен жасалған йогуртта, сиыр сүтінен жасалынған йогуртқа қарағанда, кілегей қабаттарының бөлінуі байқалмайды, ол өзінің сиымдылығын сақтайды.

Йогурттың диеталық маңыздылығы ағзаны ыдырату өнімдерімен ақырындап уландыратын, шірітіп, газдың пайда болуына ықпал ететін бактериялар әрекеттерінің салдарын жоятын, болгар таяқшаларына байланысты.

Йогуртты алу үшін сүтті алдымен 85-87°С температурада 5-10 минуттай немесе 90-92°С температурада 2-3 минут пастерлейді. Одан кейін 42-45°С температурада салқындатып, оған 5% ашытқысын қосады (1:1 қатынастағы болгар таяқшасы және сүтті стрептококк). Тәтті йогурт алу үшін 50 г қант қосады, ал жеміс-жидекті йогурт алу үшін - 1 литр сүтке 100 г жеміс-жи-декті шәрбат қосады. Жемісті және хош иісті қоспалар йогурт массасымен жақсы араластырылады. Йогурт 6-12 сағатта дайын болады. Йогурттан спецификалық сырларды да алуға болады. Ол үшін бұл қою зат кептіріледі және оған әр түрлі хош иісті компоненттер, мысалы, пияз, тмин, ақ желкен, ақжелкек, ананас және басқа ашы да, тәтті дәмқосарларды қосады. Йогурттың қою затынан жасалған қоспасыз сыр, барлық құрылымдық қасиеттерін және хош иісін сақтап, салқындатылған түрде 6 айға дейін сақта-лынады.

Қой сүтінен жасалған ірімшік аз көлемде өндіріледі. Ірімшікте спецификалық иіс болмайды, сарғыш түсті. Басқа ауыл шаруашылық жануарлар сүтінің ірімшігінен жоғары қышқылдықпен ерекшеленеді (201-220°С). Оны алу технологиясы сиыр сүтінен ірімшікті алумен бірдей.

Айран қайнауға дейін жеткізіп, бөлме температурасында сал-қындатылған қой сүтінен дайындалады. 1 литр сүтке 150-160 г көлемінде ашытқы айран қосады. 30-35°С температураға дейін ашытады, одан кейін салқындатып, жетілу үшін 8°С температу-раға 12-14 сағатқа қояды. Дайын айранды қолданудың алдында мүқият араластырады.

Мацун (Арменияда), мацони (Грузияда), қатық (Башкирияда, Қазақстанда, Өзбекстанда) емдік-диеталық қасиеттерге ие.

Оларды алу үшін сүтті 95°С пастерлейді, 40-50°С-қа дейін салқындатады, содан кейін 3-5% мацони-қатықпен ашытады. Ашу 2,5-4 сағатқа дейін жүреді, өнім жетілу үшін 18-24 сағатқа суыққа (4-10°С) шығарады. Қатықты келесі күні қолданады, салаттарға қосуға немесе айран, сүзбе дайындау үшін қолданады.

Сүзбе (кышқыл сүзілген сүт) 1 л қышқыл сүтке 1 үлкен қасық түз қосу арқылы алынады. Сүзбе шыт матасынан жасалған қал-ташаға салынып, салқын жерге ілінеді. 1 тәуліктен кейін сарысуы сүзіліп, сүт қоюланады. Алынған сүзбе сорпаларға қосылады немесе қүрт жасау үшін қолданылады, 1 л сүзбеге 1 үлкен қасық ұсақ түз және 1 шай қасық қызыл үнтақталған бүрыш қосып араластырады, грек жаңғағының көлеміндей етіп дөңгелетеді, түйіршіктерді тақтайдың үстіне жайып, бетін дәкемен жабады, содан кейін 2-3 тәулікке күнге кептіреді. Құрт кепкеннен кейін қалталарға салып, десерт түрінде қолданады.

Қой сүтінен жасалған май сиыр сүтінен жасалған майдан сапасы жағынан төмен сондықтан оның өндірілуі шектелген.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет