1-дәріс. Халық шаруашылығындағы қой шаруашылығының маңызы


,9- дәріс. Қой малдарын сұрыптау мен жұп таңдау



бет3/3
Дата12.03.2018
өлшемі0,73 Mb.
#38780
1   2   3

8,9- дәріс. Қой малдарын сұрыптау мен жұп таңдау

  1. Қойды сұрыптау

  2. Жұп таңдау

1. Қой шаруашылығында жалпы мал шаруашылығындағы сияқты жаңа, өнімдірек тұқым шығару жүйелі бір мақсатқа бағындырылған қажетті сападағы малды таңдау арқылы жүргізіледі. Таңдаудың нәтижелігі мал популяциясының, табынның генетикалық әр-түрлілігіне негізделеді. Популяциядағы мал неғұрлым әртүрлі сапада болған сайын таңдаудың да мүмкіншілігі арта түседі. Генетикалық әр-түрліліктің қайнар көзі-тұқым қуалайтын сапа көрсеткіштерінің өзгергіштігі. Генетик-селекционерлердің ең басты міндеті-малдың ұрпақтан-ұрпаққа өзгергіштігін басқарудың, бағыттап отырудың пәрменді әдістерін табу, соларды өндірісте қолдану. Бұл жөніндегі ғалымдардың еңбегі табыссыз да емес. Мысалы, микробиологтар химиялық мутагенез арқылы антибиотиктердің аса пайдалы түрлерін өсіріп шығарылыды. Бірақ, әзірше қол жеткен нәтижелер аздау болып жатыр. Үмітсіз шайтан, жақсы нәтижелерге ұмтылыс ғылымда жалғастыруда.


Популяцияның генетикалық құрылымын өзгертетін бірнеше факторлар бар екенін ғылым анықтады. Олар: мутация, гендердің кенеттен қозғалуы; олардың орта ауыстыруы; мал өкілдерінің жер өзгертуі; таңдау; іріктеу; кездейсоқ емес әдейі қолдан будандастыру. Осылардың ішінен ең кеңінен жай қолданылатыны – іріктеу, таңдау. Бұл әдіс белгілі бір популяция мал бағытты, мақсатты жақсарту үшін мүмкіндік береді. Сондай-ақ кездейсоқ емес, әдейі екі немесе бірнеше тұқымның таңдаулы өкілдерін будандастырып, солардан алынған буданның генетикалық қорының көбеюіде малдың жақсаруына, оның өнімділігін арттыруына жақсы мүмкіндіктер ашады. Бұл малдарды да нысаналы мақсатқа жету үшін, ұдайы бақылап, зерттеп, іріктеп, таңдап, ұнамдысын ғана алып өсіріп отыру керек. Қазіргі Қазақстандағы қой тұқымдары осындай бағалау, іріктеу, таңдау және мақсатты жұптау арқылы шығарылған.
Елтірі беретін қойлар үшін – шешуші көрсеткіш, ол елтіріге баратын қозы терісінің әдемі суретімен бұйра құрайтын жүн түктерінің қасиеті.
Етті майлы қойлар үшін – негізгі талап тез жетіліп, жақсы ет пен майды көп өндіргіштігі. Сонымен қатар олар табиғаттың қатаң, шөл – шөлейт аймақтарына бейімділігі.
Қазір зоотехнияда малды бағалағанда бірнеше қалыптасқан әдістермен бағалайды, олар мыналар:
1.өзіннің өнімі мен фенотипіне негізделіп;
2.шыққан тегіне қарай (құжаттарымен);
3.ұрпақ сапасымен (тексеру, тәжірибе жасау арқылы төмен алып, өсіріп бағалайды);
Шыққан тегіне қарай таңдау – нақты қойдың (әсіресе қошқардың) тегін тексеріп, оынң ата-анасының, одан да бұрынғы тегінің өнімділігін білу өте дұрыс. Бірақ сол ата-анасындай бола бермейді.
Экстерьері, дене бітіміне және өнімділігіне қарай таңдау. Өсіру үшін малдың дене бітімі жақсы, өнімділігі жоғары болуы тиіс. Пішіні, бітімі ұнамсыз болса, басқалай кемістігі болса ондай мал таңдап, қалдыруға жатпайды.
2. Қойлардың жасына қарай жұптау.

Ата-анасынан қай жаста туғанына қарай ұрпағының сапасы әр түрлі болатынын селекционерлер баяғы кезден дәлелдеп білген. Бұл өзгерістер генотиптік негізде ме, жоқ фенотиптік негіздеме.
Жас аталықты жас аналықпен жұптағанда, екі қарт малды жұптағанда, ал өте жас малды өте ересек аталық пен жұптағанда алынған ұрпақтар әдетте нашарлау болып шығады. Орта жастағы малдарды жұптағанда көрсеткіш тәуірлеу болады.
Қой шаруашылығында жұп таңдау жеке – жеке де және топта жүргізіледі. Бұл әдісті таңдау селекционердің алдына қойған мақсатына байланысты. Жеке-жеке жұптау жоғары деңгейдегі асыл тұқымды зауыттарда, шаруашылықтарда ата із шығару мақсатында, аталық мал өсіру мақсатында жүргізіледі.
Топтап жұп таңдау – жалпы өнімділігі ұқсас бір топ саулыққа бір немесе екі ұқсас қошқар тағайындалады.
Қазіргі генетикалық ғылым аталық пен аналық өз ұрпағына тең әсер етеді дейді. Санымен бірге сіздерге белгілі кейбір ген доминантты, кейбірі – рецессивті, сондықтан жалпы қағида өзгермей де тұрмайды. Оның сыртында саулық ғұмырынды 8-10 ұрпақ берсе, қошқар 1 жылда 3000-5000 дейін оданда көп ұрпақ бере алады. Сондықтан аталық малдың ұрпаққа беретіні көп. Аталық малды табынға әсері мол болғандықтан, оған қойылған талапта жоғары, күтіміде жақсы болуы тиіс. Аталықтаң қазіргі кезде 70-90 пайызға дейін ұрпақ беретіні рас.
Іріктеу мен жұптау малдың жағымды, қажетті шаруашылық қасиеттерімен көрсеткіштеріне қарай әр кезде әртүрлі талаптар мен жүргізіледі.
Жүн өндіру мақсаты үшін жүндес, жүн сапасы жақсы малды жұптайды. Пәрменді селекция нәтижесінде 6-8-10 жылдар қой шаруашылығындағы жүн өнімділігін әр қойдан 1,0-1,5 кг дейін жоғарлатуға болады. Жүннің қоюлығы, ұзындығы, иректігі сан бауыр жүн өсімі.
Қойдың тірі салмағын ет өнімділігін арттыру үшін ерекше іріктеу – жұп таңдау жұмысын жүргізу керек. Бұл бағыттағы жұмыстарды жақсы ұйымдастырғанда 6-8 жылда қой отарларындағы саулықтың салмағын 5-8 кг дейін арттырып, тиісінше ет өнімділігін 15-17 пайыз көтеруге болады.
Қойды жұптау. Қойды таңдау мен бірге оған алға қойған селекциялық міндетке жеткізетін малды жұптаудың маңызы зор. Себебі сол жұптаудың нәтижесінде аталық пен аналықтың ең жақсы, ең қажетті қасиеттерін, өнім көрсеткіштерін беретін жаңа ұрпақ алынуы тиіс. Қой тұқымын асылдандыру жұмысының алдына қойған міндеті ұрпақтан-ұрпаққа қойдың жақсаруы, оның қажетті өнімділігін артуы. Сондықтан да жұптау аса жауапты жұмыс.
Жұптаудың, әдетте екі түрін ажыратады. Бірі бір текті (гомогенді) жұптау – өнімділік қасиеттері ұқсас қойларды жұптау, екіншісі – әр текті (гетерогенді) жұптау – өнімділік қасиеттері әр түрлі, айырмашылығы бар қойларды жұптау.
Бір текті жұп таңдау арқылы селекционер аталық және аналық қойлардың ұнамды ұқсас қасиетерін ұрпақтан-ұрпаққа бегіту, ұнамды қасиеттері бар малдарды көбейту, олардың біртектілігін арттыру арқылы құнды белгіні одан ары жетілдіру және ұнамды мал тобын көбейту міндетін орындайды.
Әдетте бір текті (гомогенді) жұптауға шыққан тегі бір, не өте жақын малдар қатынасады. Бұл жағдайда селекционер өз алдына 3 мақсат қоюы мүмкін.
1. Аса жоғары өнімді (элита, бірінші класс), бір біріне көп көрсеткіштері мен ұқсас жүні де, ұзындығы да, еттік қасиеті де конституциясы да жақын болады. Осы қасиеттерді жоғалтпау, керісінше байыту үшін жұптайды. Мұндай мал көп болмайды және олардан аталық немес аналық басы болатын мал алуға тырысады.
2. Бір қасиетімен немесе 1-2 шаруашылық өнімділік көрсеткіштерімен бір текті малдарды жұптағанда селекционер өз алдына осы көрсеткіштерден аса жоғары сапалы мал алу үшін жұптайды.
3. Бір текті жұптау таңдаудың ұнамсыз жақтары да бар. Әдетте ұнамды қасиеттері ұқсас малдың ұнамсыз қасиеттері де ұқсас болады. Ол ұнамсыз қасиеттерді жою үшін басқа тектес малды пайдалануға тура келеді.
4. Бір текті жұптау асыл тұқымды шаруашылықта, нақты бір атаның өсіретін фермада өлшемді жүргізіледі. Мұндағы отарлар негізінен бір текті болып келеді, не жүн түсімімен, не жүн ұзындығынан.
Гетерогенді жұптаудың пайдалы мүмкіндігі – ол малдың тұқымдық қорын көбейтеді, байытады, кейбір пайдасыз, қажетсіз қасиеттерден арылуға мүмкіндік береді. Сондықтан әр текті жұптаудың малдың қажетті кемшілігін түзетуге; ата-анасының көрсеткіштерінен шығатын ортақ қасиеттері бар мал өсіруге; өмірлік күшін, өміршеңдігін (гетерозис арқылы) жақсыртуға бағытталып жүргізіледі.
Қой жұптағанда селекционер:
а) ұқсас малдардын ұқсас мал өседі;
б) жақсы мен жақсы малды жұптағанда олардың ұрпағы жақсара түседі;
в) малдың асыл нәсілін бекіте түсу үшін гомогенді, ал нәсілін байытып өзгерту үшін – гетерогенді жұптау қолданылады.
Мысалы, 2-класс биязы жүнді қойдың жүні қысқа болады соны ұзарту үшін жүнді қошқармен жұптайды.
Ал 3-класта жүні сиректеу және денесінде әр жеріндегі жүн әркелкі болады. Міне осыларды түзеу үшін ол қойларға қою жүнді, денесіндегі жүні біркелкі аталық бекітеді.
Әдетте қойдың бірімен-бірін жұптау малдың басты шаруашылық көрсеткіштеріне қарай жүргізіледі.
1. Жүннің жалпы түсіміне қарай жұптау арқылы қойдың (отардың) жүн өнімділігін арттыруға әбден болады. Жалпы жүннің салмағы мен таза талшық шығымының арасында оң корреляция бар. Сондықтан селекция жұмысын жүргізуде жүн түсіміне қарай жұптау арқылы жетістікке жетуге болады.

10,11- дәріс. Қой малдарын өсіру әдістері

Қой өсіру деп белгілі бір қоршаған ортаға бейімделген малды таңдап алып, оны жоспарлы түрде шағылыстырып, қажетті деңгейде өнім беретін ұрпақ алуды айтады. Әрине шағылыстыру үшін жұп таңдау алға қойылған мақсаттты қамтамасыз ететін, ата анасының нақты көрсеткіштерін жағымды бағытта қысқы мерзімде жақсартатын болуы тиіс.Тұқым қуалаушылық заңдылығын терең біліп, оларды дұрыс, тиімді қолдану мал тұқымын жақсарту жұмысының нәтижелі болуына кепілдік бере алады.Сондықтан зоотехник- селекционер мал өсірудегі генетикалық ғылым негіздерін терең білуі керек.

Сонымен қатар қой өсірудің зоотехникалық әдістерін, оларды әр қайсысын орынды қолдану қажеттіктерін терең ойластырып атқару қажет.

Мал өсіру тиімділігі жоғары, қойылып отырған экономикалық талапқа сай, алдыңғы өндіріс міндеттеріне лайықты малды таңдап алудың өзі де көптеген білімділікті, шеберлікті маманнан талап етеді. Сол таңдап алынған малды тиімді де пайдалы ұрпақ беретін жұп таңдау, онымен жұптаудың өзі де селекционерлерден білімділік пен көрегендікті және шеберлікті талап етеді. Алынған ұрпақты жақсы өсіру, олардан адасып қалмау, оларды шатастырмау үшін, жүйелі және дәйекті зоотехникалық- селкциялық жұмыс жүргізу үшін әдейі ғылыми негізделген жоспарлы жұмыстар атқарылып отырылуы тиіс.Бұның барлығы да белгілі жүйемен жүргізіліп, құжаттармен хатталып отырылуы тиіс.Бұның барлығы да белгілі жүйемен жүргізіліп, құжаттармен хатталып отырылуы тиіс.Зоотехния ілімі қазір осындай жүйелі жұмысты селекционерден талап етеді,оның басты міндеті.

Қой өсіру әдістері:қой өсіру әдістері деп қойларды тұқымдарға бөле отырып, асылдандыру жұмысының қалыптасқан жүйесін айтамыз.Зоотехникалық білім мен ғылымда және өндірісте қой өсірудің екі негізігі әдістері қалыптасқан.Олар қойды таза тұқым ретінде өсіру және тұқымдарды будандастыру арқылы өсіру.Бұл әдістің екеуі де өмірде көп қолданылады. Оның қатынасын таңдап алу- селекционердің алдына қойған мақсатына байланысты.Кейде, үлкен, малы көп шаруашылықтарда, асыл тұқымды мал фермаларында таза тұқымды өсірумен, басқа фермаларында шаруашылықтың пайдасы үшін тұқым будандастырудың нақты түрі жүргізілуі де мүмкін.Әрине, бұл жағдайда мал асылдандыру жұмысы күрделене түседі.Ол өз ретінде зоотехникалық жұмыстарды, мал есебін жүргізуді өте ұқыпты жасалған жоспарға са жүргізуге тиісті болады.Әр бағыттағы мал өсірудің үдесіне шығуға, одан жақсы пайда көруге әбден болады.Ол үшін зоотехникалық есепті шатастырмай, жоспарлы жұмыстарды өте жауапты атқарып отыру қажет болады.

Таза тұқымды қой өсіру – әдісінің мәні, малдың әрбір ұрпағын алу үшін өзара бір тұқымның аталығын аналығын жұптап шағылыстырады. Әдетте жұпаталған мал біріне – бірі фенотипі жөнінен де, генотипі жөнінен де жақын ұқсас болады. Фенотиптік ұқсастығы шаруашылыққа пайдалы көрсеткіштермен, айталық меринос қойларында жүн сапасы ұқсас, қаракөлде – елтірі сапасы жөнінен өте жақын болып келеді. Сондықтан, бұл әдіс бірқалыпты, бір сапада өнім өндіру үшін өте пайдалы. Малдың аса қажет жақсы көрсеткіштерін ұрпақтан ұрпаққа жақсарта берудің айқын да, сара жолы.

Алайда, түбі бір, генотипі өте жақын қойларды көп ұрпақтар бойы өзара жұптап өсіре беру малдардың өмірщеңдігін төмендетіп, өнімділігін азайтып, ауруға ұшыратып, әртүрлі кінәрәт кемістікке душар етеді.

Өмірде, табиғатта қарама – қарсылық бірлігінің заңы жұмыс істейді. Әрбір малдың бойында осындай тепе – теңдік болуы қажет. Қарама – қарсылық, ішік күрес, өмір сүру үшін ұмтылыс болмаса дене де шынықпайды. Ондай малдың денесі ұрпақтан ұрпаққа бірте – бірте әлсірейді, нашарлайды, ауруға тап болады. Бұл – табиғат философиясы.

Сондықтан зоотехник – селекционер бір тұқымның ішінде, өсіріліп отырған бір табын малдың ішінде өмірлік күш беретін қасиеттерді сақтап, олардың әрбір ұрпағында табындағы, отарлардағы малдардың өзгеше – ерекшеліктерін сақтап, оларды дамытып, малдың өскен ортасынан, жеген мал азығының, өмір сүріп жүрген ортасынан қалыптасатын ерекшеліктерін пайдалану арқылы таза тұқымды тоқырауға ұшыратпай өсірудің жолдарын іздестіріп, тауып, қолданып жүру керек.Зоотехния ғылымымен ашылып өндірісте қолданылып жүрген жолдары бар. Олар мыналар:


  1. Қой табыны үлкен, мал басының көп болуы. Бұл жағдайда өте жақын малды өзара жұптаудан аулақ болуға, өз ерекшеліктері бар малдарды жұпатауға мүмкіндік береді.

  2. Дей тұрған мен бір табында, бір шаруашылықта біртектес, бір тұқымды қойды жоғары сапада көр жылдар бойы өсіріп, өніміг ұдайы жақсарта беру өте қиын.Сондықтан ол табынға басқа зауыттан алынған сол тұқымның аталық малын пайдалану қолданылады.Бұл тәсілқан жақсарту деп аталады.Бұл жұмысты жүргізгенде әкелінген қой қолда бар малдан өнімі де, генотипі де кем болмауы тиіс. Бұл талап міндетті түрде сақталуы керек.

Зоотехния ғылымының ғұламалары (П.Н. Кулешов, М.Ф.Иванов,В.А.Бальмонт т.б) қан жақсарту тәсілін мына жағдайларда ғана қолдну керек деп есептеген:

1.Егерде табында немесе асыл тұқымды зауытта өте көп жылдар бойы өз ішіндегі 1-2 ата ізімен ғана жұмыс жүргізіліп, соның нәтижесінде малдың көбі өзара жақын туыс болып кеткен болса ол зауытқа басқа жақтан өте жоғары сапалы сол тұқымның қошқарларын пайдалану керек.Ол табынның қанын жаңартып, малдың өміршеңдігінде өнімділігінде жақсартады.

2.Егерде, таза тұқым жаңа жерде өсіріліп, ол жерге нашар жерсініп, көңдіге алмай, өнімдік сапасын жоғалтып, өміршеңдігін төмендетіп жатса, сол тұқымның аталықтарын жаңа, басқа жерден әкеліп ендіру арқылы жерсінуін жақсартуға болады.

3.Егер де, табынның немесе асыл тұқымды зауыттың қойлары өнімнің сапалық және сандық жағынан бір деңгейге жетіп, сол жерде тоқтап, тоқырай бастаса ол табынға , зауытқа басқа жерден өте жоғары сапалы, зауыттағы малдан артық болмаса кем емес аралықтарды әкеліп пайдаланып жеткен деңгейден өнімін жоғарылатуға болады.

Таза тұқымды мал өсірудің шеберлік шыңы – бұл жақын туысқан малдарды жұптап өсіру –инбридинг.Қойдың тұқымын өзгертпей жақсы көрсеткіштерін қанықтырып, тереңдете түсу үшін өте жақын, қан туыстығы малдарды өзара шағылыстырады.Бұл әдіс мадың гомогенділігін ,ортақ қасиеттерінің нығая , арта түсуіне көмектеседі.Инбридинг ата-анасының қалаулы ,ұнамды көрсеткіштерін ұрпаққа жақсы сіңіру, сондай жжоғары өнімді малдарды көбейту үшін жүргізіледі.И нбридинг тәсілі: қан араластыру , өте тығыз туыс, орташа туыс, қашық туысдәрежелерінде жүргізілуі мүмкін. Оны алға қойылған міндеттерге сәйкес селекционер шешеді.

Будандастыру- гендік қордың, малдың нәсілдік қасиеттерін байытудың үлкен құралы, басты жолы. Малды будандастыру әдісімен өсіргенде шағылыстыратын мал әр түрлі тұқымдарға , немесе таза тұқым мен буданға, немесе екі түрлі будандарға жататын болады.Будандастырудан алынған ұрпақта аталықтың да, аналықтың да нәсілдік қасиеттері бар, оның үстіне екі нәсілдіктің қосылуынан ұбрынжоқ нәсілдік гендер пайда болып, жаңа қасиеттермен көрсеткіштер туады.

Сонымен бірге, будандастыруды ойлап табу, оның әдістерін жасап щығару, өндіріске кеңінен таратудың өзі мал тұқымдарын шығару, оларды өз ретінде топқа бөлу нәтижесінде болып отырғанын мойындау керек. Сонан кейін тұқымдар мен топтпрдың әрқайсысының ерекшелігін біріктіре пайдалану үшін будандастыру әдісі ойлап табылды.Бұл екі әдіс біріне – бірі қарама- қарсы емес, керісінше бірімен бірі тығыз байланысты және бірін-бірі толықтыра, байыта түседі.

Будандастырудың қолдану аясы өте кең. Ол жаңа тұқым шығару үшін, бар тұқымды жаңа жерге аударып , жерсіндіріп өсіру үшін, қолда бар тұқымның кейбір қасиеттерін жақсартып, жетілдіру үшін өндірісте кеңіне қолданылады.Мал шарущылығында қолданылып жүрген будандастырудың барлық түрлерін мына төмендегі бес топқа бөлуге болады:



  • қан араластыру немесе кіріспе будандастыру;

  • сіңіре немесе өзгерте будандастыру;

  • өндірістік будандастыру;

  • кезек буандастыру.

Бұл жіктеу будандастырудың алдына қойылған мақсатқа байланысты негізделеді және мақсатқа жету үшін будандастыру жүйесі бірнеше жыл қатарына жүргізіледі.



Кіріспе будандастыру немесе қан араластыру. Будандастырудың бұл әдісінде алға қойылатын мақсат- тұқымның негізін өзгертпей кейбір қасиеттері мен көрсеткіштерін өзгерту , жақсарту.

Сіңіре (өзгерте) будандастыру. Бұл әдіс қой шарушылығында жаңа тұқым шығару үшін кеңінен және жиі қолданылатын будандастыру түрі.Сіңіре будандастырудың мақсаты жақсартушы қой тұқымының типінде жаңа қой тұқымын өсіріп шығару.

Өсіре (зауыттық) будандастыру.Бұл әдіс- пайдаланылған қой тұқымдарының барлығының да жағымды, жақсы қасиеттері мен көрсеткіштерін жаңа тұқымның бойына сіңіріп шығару үшін пайдаланылады.Сондықтан бұл әдісті зауыттық будандастыру деп те атайды.Өсіре будандастыру да жәй және күрделі болады. Жәй өсіре будандастыру әдісінде көбінесе мынадай тәсілдерден құралады:

Бірінші ұрпақ буданын алу үшін екі тұқымды шағылыстырады;

Бірінші ұрпақ буданын қайтадан аталық болған тұқыммен шағылыстырады, қажет болса кейде, сіңіре будандастырудағыдай, үшіншісінде де осы тұқым аталығынан пайдаланылады.Солардан алынған ұнамды малдарды өзара шағылыстырып өсіреді.

Өндірістік будандастыру деп бірінші ұрпақтан алынған төлді түгелдей етке жарату, сою үшін қолданылатын будандастыруды айтамыз.

Кезек будандастыу.Бұл әдіс қойдың өнімділігін және өміршеңдігін арттыру үшін қолданылады.Кезек будандастыру әдісі 19 ғасырдың басында француз және ағылшын селекционерлері өмірге келтірілген.
12- дәріс. Қой мен ешкі бонитировкасы

Бонитировка — малды конституциясы, экстерьері мен өнімділігі бойынша кешенді бағалау. Мақсаты - өте жақсы малдарды одан әрі дамыту, нашарларын жарамсыздыққа шығару. Бонитировканың екі түрі қолданылады: жеке және класстық.

Жеке бонитировкаға: асыл тұқымды қошқарлар (негізгі, қосымша және сынақшы); асыл тұқымды шаруашылықтағы селекциялық топтағы саулықтар мен қошқарлардан алынған, ұрпағының сапасы бойынша тексерілетін барлық төлдер; басқа шаруашылыққа сатылатын және негізгі отарды жөндеуге арналған барлық асыл тұқымды еркек тоқтылар кіреді. Жеке бонитировкалау кезінде малды бағалаудың барлық көрсеткіштері бонитировкалық кілтпен белгіленіп, арнайы журналға жазылады.

Кластық бонитировка — жекелегенмалдардың сапасын журналға жазуды жүргізбейді, олардың тұқымдық, конституционалдық және өнімділік сапасын эксперттік бағалау негізінде сәйкес келетін бонитировкалық класқа жатқызу арқылы жүргізіледі. Кластық бонитировкаға тауарлық фермадағы барлық малдар, асыл тұқымды шаруашылықтағы – жеке бонитировкаға енгізілмеген барлық қой малдары кіреді.

Кластық бонитировка негізіндегі сұрыптауды топтық немесе кластық деп атайды. Ол жекелеп жұп таңдауды өткізуге мүмкіндік бермейді,тек топтық немесе кластық жұп таңдауды жүргізуге болады.

Бонитировка мерзімі. Негізгі бонитировканы малды әрі қарай пайдалану мақсатында, негізгі бонитировкалау белгілері толық көрінгенде және басты өнімділік түріне дұрыс баға беруге мүмкіндік туған мерзімде, оның өмірінде бір-ақ рет жүргізіледі. Сондықтан, осыған орай, қой шаруашылығы бағыттарына байланысты малды бағалаудың әр түрлі мерзімдері бекітілген. Биязы және биязылау жүнді қойларды бірінші қырқу алдында, көктемде 1 жасында бонитировкадан өткізеді. Қой шаруашылығында елтірі бағытындағы қозыларды 1-3 күндік жасында, тондық бағыттағы қой шаруашылығында жас малды 8-9 айлық жасында бағалайды.

Аталған бонитировкалаудың негізгі мерзімінен басқа, асыл тұқымды шаруашылықөтарда малдың ерте жас шамасында да қосымша бонитировкалауды өткізеді. Ол малдың дамуы жөнінде толық мәлімет алуға және қой малын асылдандыруға пайдалану керектігін, қайсысын етке бордақылауға жіберу керектігін ерте анықтауға мүмкіндік береді. Биязы және биязылау жүнді қозыларды көбінесе, енесінен бөлер алдында және 15-20 күндік жастарындақосымша бағалайды. Осы уақытта малдарды мұқият бағалау оларды әрі қарай пайдаланудың қосымша қорытындысы үшін маңызды. Қозыларды 15-20 күндік жасында бағалау оның дамуында, денсаулық, жүн жабынының жағдайында кемшіліктің бар-жоғын анықтайды. Енесінен бөлу кезінде бағалау жас малдың коеституционалды-өнімділік көрсеткіштерінің қаншалықты көрінетіндігін байқатады, ол бойынша жөндеу дм есептеуге болады.

Роман қой тұқымының қозыларын негізгі бонитировкадан (8-9 айлығында) бұрын енесінен бөлер кезінде (90-100 күнде) дамуын, тірі салмағын, типтілігін, жүн жабыны бояуында ақаудың бар-жоқтығын бағаласа, қозы жүнін қырқу алдында (5-6 айда) дамуы мен тондық сапасын бағалайды.

Құйрықты ұяң және қылшық жүнді қойларды бонитировквлауды алғаш бір жас шамасында көктемгі қырқым мен сапасы бойынша жүргізсе, соңғысын күз мезгілінде, 18 айлық жас шамасында тірі салмақ, жалпы көктемдік және күздік жүн қырқымы мен сапасы бойынша өткізеді.

Асыл тұқымды аталықтарды жыл сайын, конституционалды-өнімділік көрсеткіштері қаншалықты сақталғандығын тексеру үшін бағалап отырады. Егер негізгі бонитировкадан ауытқулар байқалса, оны пайдалану жоспарына енгізу жасайды.

Бонитировканың негізі – малды, оның конституциясы, экстерьері және өнімділігі бойынша бағалаумен аяқталады. қой малдарын олардың негізгі өнімділік белгілері толық көрінген уақытта бағалайды. Бонитировка нәтижесі: малдың асыл тұқымдық құндылығын анықтау үшін негізділік береді. Осыған сәйкес, кез келген қой тұқымын олар алғаш шағылысқа барар алдында бонитировкалау қажет. Көп жағдайда негізгі бонитировкадағы бағалау көрсеткіштері жасына байланысты өзгермейді, сондықтан оларды өмірінде бір рет қана бонитировкадан өткізеді. Жеке селекциялық жұмыс үшін таңдалған асыл тұқымды малдар негізгі бонитировкадан кейін де, жыл сайын бағаланады, ол малдың селекциялық топта алдағы уақытта да пайдаланылуына байланысты, белгілерінің көріну дәрежесін айқындау мақсатында жүргізіледі.

Тәжірбиеде бонитировканың екі түрін: жеке және кластық түрлерін пайдаланады. Жеке бонитировкалау кезінде малдың экстерьерлік, өнімділік және басқа сапаларының барлық көрсеткіштерін журналға жазып (жеке-жеке малдың) малға жеке нөмір салады, ол жеке селекциялыұ жұмысқа арналмаған барлық малдар кластық бағалаудан өтеді. Малдарды класқа бөлу негізі оның конституционалды-өнімділік ерекшеліктері бойынша әр түрлі екендігін көрсетеді. Кез келген тұқымның дамуына сол жердің табиғат жағдайы мен өнім беруіне қолайлы болса, олар өсіруге ұнамды тип малы ретінде саналады.

Елтірі бағытындағы қой тұқымынан басқа, барлық қой тұқымдары кластарға бөлу принципі келесідей:

Шаруашылықтық – пайдалы белгілер кешені бойынша ұнамды типке сәйкес келетін тұқым немесе буданды тобын І класқа жатқызады. Бұл кешендегі маңызды белгілерге – конституция типі, малдың дене бітімі пішіні мен көлемі, жүн қырқымы мен сапасы жатады.

Кешенді белгілер бойынша І класс талаптарына сәйкес келмейтін барлық малдар, селекция жұмысы үшін құнды емес малдарды ІІ және ІІІ класқа бөледі. Олардың біреуін еттілік белгілері онша дамымаса, жүнді титі малдарға жатқызады.

Асыл тұқымдық жұмыс үшін құнды емес, экстерьерінде ақауы бар, конституциясы шамадан тыс дамыған және өнімі өте төмен малдарды асылдандыру жұмысынан алынып, отардан жарамсыздыққа шығарады.

І класс сапасынан да жоғары малды элита тобына жатқызады. Элитаға бөлудің басты мақсаты – асылдандыру жұмысында жоғары сапалы асыл тұқымды мал тобын құрып, олардан құнды ұрпақ алу болып табылады.

13,14 - Қой малдарының көбеюі

Кейбір малдардың жыныстық жетілуі бойынша ерте (7-8 айда), кейбірінде кеш (9-10 айда) жетіледі. Ол мал тұқымына, климатқа және азықтануына байланысты, олардың жыныстық жетілуі және өсуі қанға бөлінетін гипофиз гормонымен реттеледі. Малдың жас кезінде гипофиз гормоны өсуді тездетеді. Өсуі баяулағанда, гипофиз жыныстық мүшелердің дамуын үдететін гормондар бөле бастайды.

Қойларды жыныстық жетілу өсуден бірінші дамиды, сондықтан оларды жыныстық жетілсе де, ұрықтандыру тиімсіз. Ерте ұрықтандыру малдың қалыпты өсуін тежейді, оның өсуіне қажет барлық қоректік заттар төлдің өсуіне жұмсалады, ал төлдегеннен кейін сүттің түзілуіне кетеді. Сонымен қатар өте кеш ұрықтандыру да зиян. Мұндай жағдайда төлді азықтандыруға кететін қорек мал организмінде май қорын түзеді. Саулықтың аналық безіне жиналған май өсіп-өну қызметіне кері әсерін тигізеді.

Кейбір биязы қой тұқымдарын өсіретін асыл тұқымды шаруашылықтарда ең бірінші ұрықтандыруды 2,5 жаста жүргізуді ұсынады. Мұндай жаста алғаш ұрықтандырылғандарды тұсақ (переярка) деп атайды. 2,5 жаста алғаш ұрықтандыруға барған малдар тек өмірінің бірінші жылында дұрыс азықтанбағаннан немесе ауырғаннан дұрыс өспей қалу жағдайына байланысты болады. Ал барлық басқа жағдайларда жыныстық-жастық топқа тұсақтар тиімсіз.

Барлық тұқымдар үшін ұрғашы тоқтыларды алғаш ұрықтандыруға 12-18 айлық жаста жіберу ұсынылады.Және олардың тірі салмағы ересек саулық салмағының 70-80 %-ын құрауы тиіс.

Шағылыстырудың еркін, үйірлі, кластық, қолдан және жасанды түрлері қолданылады.

Еркін шағылыстыруда саулықтар мен қошқарларды жалпы табында 1,5-2 ай ұстайды. Күйге келген саулықтар шағылысу кезеңінің кез келген уақытында адамның бақылауынсыз шағылыса береді. Еркін шағылысу кезінде асыл тұқымдық уақыттың аздығына байланысты аталықтар тез шаршайды. Әрбір 100 саулыққа 3-4 аталық қажет. Егер саулықтар табынына бірнеше аталықты жіберсе, онда оларды екі топқа бөліп, оларды саулықтарға күнара кезекпен жіберу қажет. Сонымен қатар қошқарларды түнде саулықтарға қосып, күндіз бөліп алып, азықтандырып отыруға болады, ал егер саулықтар жайылымда бағып күтілсе, онда қошқарларды табынға күндіз жіберіп, түнде азықтандырады.

Бақылаусыз шағлыс кезінде, яғни еркін шағылысу сау малдың ауруға шалдығуына жол береді, сонымен қатар қойлардың көп мөлшері құйрығындағы май қорының көптігіне байланысты шағылысуы қиындап, қысырлыққа ұшырайды. Еркін шағылыстыруды өткізу мен ұйымдастыру неғұрлым қарапайым және еңбек шығынын аз қажет ететін операция, бірақ, құнды қошқарларды тұрақсыз және бақылаусыз пайдалану асыл тұқымдық жұмыстың нақты нәтижелілігін қиындатады.

Үйірлі (гаремная) шағылыстыру алынатын ұрпақтың шығу-тегін бақылауға мүмкіндік береді. Өткізу үшін 30-50 бас аналықтан тұратын әрбір топқа бір айға арналған азық қоры бар жайылым аумағын қоршау қажет. Сонымен қатар аналық тобының санвна байланысты онша үлкен емес қоршаулар жасауға болады, оған бір ай ішінде жем-шөпті тасымалдау арқылы саулықтарды азықтандырады. Саулықтарды қошқарлармен бір ай ұстағаннан кейін, әр қоршаудағы саулықтарды бір табынға біріктіріп шағылыстыруды аяқтайды.

Кластық шағылыстыруда шағылыс кезеңінде саулықтардың белгілі бір класына нақты аталықтар бекітіледі. Еркін шағылыстырудан айырмашылығы мал саны аз қолданылады.

Қолдан шағылыстыру адам бақылауымен іске асады. Бұл малды жекелеп жұптастыру мен асыл тұқымдық жұмысты тиімді жүргізуге мүмкіндік береді; асыл тұқымды қошқарларды пайдалану жақсарады. Алайда қолдан шағылыстыру кезінде өте жақсы аталықтарды пайдалану шектеулі, өйткені оған көп еңбек шығымы қажет, аталықтар ауру жұқтырып таратуы мүмкін сондықтан қолдан шағылыстыруды мал басы аз жеке жұптау жүргізетін шаруалышықтарда пайдалану тиімді.

Қолдан шағылыстыру кезінде күйге келген аналықтарды күйттеуші аталықтар көмегімен таңдап алады. Күйге келген саулықтарды оларға бекітілген қошқарлармен шағылыстырады. Шағылыстыру үшін саулықты станокқа бекіткен дұрыс, аталық аналыққа күшпен итеріліп, секіргенде ғана ұрықтанған болып есептеледі. Бір саулыққа қайта-қайта аталықты секірту қажет емес. Бір рет алыпты секіру, ұрықтану үшін жеткілікті.

Аталықты ұрықтандырғаннан кейін аталықты тұратын қоршауына, ал саулықты – ұрықтанған малдар қатарына қосады. Одан кейін дәл осы жолмен келесі саулық ұрықтандырылады. Аталық бәр тәулікте үш төрт саулықты ұрықтандыруы қажет, ал жаақсы күтіммен күшті азықтандырудағы аталық үшін 5-6 саулық бекітіледі, секірту аралығы 1-2 сағаттан кем болмауы керек. Ұрық сапасын 5күнде бір тексеріп отырады.

Егер ұрық сапасы тұқыммен төмен болса, аталықты шағылыстыруға жібермей оған арнайы жақсы күтіммен толық құнды азық беріп, жағдайлар жасалады. Мұндай аталықтарды тек ұрық сапасы жақсарған жағдайда ғана шағылыстыруға жібереді.

Шағылыстыру кезеңі мен ұзақтығы 1,5-2 ай. Қолдан шағылыстыру кезінде бір аталық 60-80 және одан да көп аналықты ұрықтандыра алады. Қолдан шағылыстыру аяқталғаннан кейін аталықтарды ұрықтанбай қалған саулықтар үшін, саулық табынына 25-30 күнге еркін шағылысуға жібереді.

Жасанды ұрықтандыру аналықтарды ұрықтандырудың нақты әдістерінің бірі болып табылады. Жасанды немесе қолдан ұрықтандыру асыл тұқымды аталықтарда неғұрлым көп пайдалануға мүмкіндік беріп, малдың өнімділік және асыл тұқымдық сапасын жоғарылатуға зор ықпалын тигізеді. Сонымен қатар, бұл әдісті қолдану басқа ұрықтандыру әдістерімен салыстырғанда аналықтардың қысырлығына жол бермеудің бірден бір күресушісі. Бұл әдіс жыныс жолдары арқылы берілетін ауруларды алдын алады.

Бірақ қолдан ұрықтандыру әдісі ғимарат, құралдарымен жабдықтап, реактивтер және қосымша жұмыс күшін қажет етеді. Сондықтан, бұл қажеттіліктермен кез-келген шаруашылық қамтамасыз етіле бермейді, ол тек мал басы аз фермаларда (500-1000 бас саулық) ғана қолданылады.

Кейінгі жылдары еліміздің бірқатар аймақтарында қойларды қатырылған ұрықен ұрықтандыру қолданыс табуда. Мұндай ұрықты шаруашылыққа жеткізу мен оны сақтауды қолдан ұрықтандыру станциялары жүзеге асырады. Алайда, қатырылған ұрықтың жібігенімен кейінгі ұрықтандыру сапасы неғұрлым төмендеу.

Сондықтан қойларды ұрықтандырудың тиімді әдісін таңдау нақты шаруашылық жағдайына байланысты, ондағы маманның шешуі бойынша жүргізіледі.

Қолдан ұрықтандыруды қой мен ешкіні қолдан ұрықтандыру нұсқаулығын (1986) басшылыққа ала отырып, жүргізеді.

Ұрықтандыру нәтижелі өту үшін күйге келмеген саулықтарды күн сайын және мұқият таңдау қажет. Бұл сынақшы аталықтар көмегімен жүргізіледі.

Сынақшы аталықтарды дайындаудың бірінші әдісі ұсынылған, олар: алжапқыш (күйек) байлау, вазоэктология, жыныс мүшесін күпекпен бұрышына қарай орналастыру, жыныс мүшесін S-тәрізді иілдіре ұстау және т.б. Көбінесе сынақшы қошқарларды алжапқышпен (8.1.1.сурет) пайдаланады. Бұл өте қарапайым тәсіл; ұзындығы 60 см, ені 40 см алжапқышты күек тұсына байлайды, бірақ алжапқышты тағу мен шешу көп еңбек шығынын қажет етеді, сонымен қатар сынақшы аталықтар күйттеу кезінде алжапқыштарын жоғалтып, аналықтарды ұрықтандырады. Сондықтан таңдау кезінде сынақшылар алжапқыштарын жоғалтпауын мұқият қадағалауы қажет.



8.1.1 сурет. Сынақшы қошқар

Сынақшылар ретінде вазоэктомияланған қошқарларды (шәует жолы көмегімен) пайдалану неғұрлым сенімді жіне еңбек көлемі аз жұмсалады.

Күйлеген аналықтарды таңдауды танертен ерте бастайды. Оған дейін сынақшыларды екі үш топқа бөледі, 180-200 м2 аумақтағы қоршауларға 150-200 бастан топтап қоймайды ды оларға күйлегендерді анықтау үшін 2-3 бас сынақшылар жіберіледі. Күйге келген саулық сынақшы қошқар секіргенде қашпай тұрады. Күйге келмеген саулықтарды үшінші қоршауға (300 м2 ) қамап орнына малдардың жаңа тобын енгізеді. Осылай бүкіл табынды тексеріп біткенше қайталайды. Бірінші топ сынақшыларының аналықтарды таңдап төмендей бастағанда оларды келесілерімен алмастырады.

Күйге келген қойларды таңдауды екі мезгіл таңертең және кешкі уақытта жүргәзуге болады. Таңдау аяқталған соң, сынақшыларды табыннан шығарады да күйге келген саулықтарды ұрықтандыру пунктіне алып кетеді. Табынды жайылымды жібереді, ал малды қорада ұстау кезінде азықтандыру базына қояды.

Күйге келген аналықтарды таңдау - ауырда қажырлы жұмыс. Сондықтан еңбекті жеңілдету үшін сынақшыларды таңбалауышпен де пайдаланады. Таңбалауыш ретінде қаңылтырдан жасалған 50 х 20 мм көлемдегі арнайы құралды пайдаланады. Құралға дәл сондай көлемде оқ салынады. Оқ 15-20 бояудан тұрады, ол 5-8 күндік жұмысқа жеткілікті бояу біткеннен кейін қайта толтырылады немесе ауыстырылады.

Күйге келген аналықтарды таңдауды сынақшы таңбалағыштармен келесідей жүргізеді: әрбір саулық табынына 10-12 вазэктомиоланған қошқар - таңбалағыштарды бекітеді. Шағылыстыру уақытында оларды екі топқа бөліп, табынға кезекпен жібереді. Олар күйге келген аналықтарға секіру кезінде жүндеріне бүлдірмейтін бояумен таңба қалдырады. Танертен қойшылар саулықтарды өткелек арқылы шығарып барлық таңбаланған саулықтарды ұрықтандыруға қалдырады.



Аналықтарды таңдау аяқтала салысымен күніне бір немесе екі рет, таңертен немесе кешке ұрықтандырады. Ұрықтандырудан кейін де, бір тәуліктен артық күйлеген саулықтарды қайтадан таңдап ұрықтандырады (8.1.2. сурет).

8.1.2 сурет. Жатыр мойнына ұрықты кататер көмегімен енгізу


Қолдан ұрықтануды 35-40 күн жүргізеді, одан кейін табынға қошқарларды еркін шағылыстыру үшін 20 күнге жібереді. Ол үшін қошқарларды 2 топқа бөледі, олар шағылысқа күнара жіберіледі немесе бірінші топты күндіз, екіншісін – түнде пайдаланады. Демеалыстағы қошқарларды жақсы күтім мен азықпен қамтамасыз ету қажет.

Бір орында ұрықтандыратын мал басы өте көп мөлшерде (4-6 табын) болған жағдайда, ұрықтандырудың циклдік түрін пайдалануға болады. Егер бес немесе алты аналық табын және төлдеуге арналған екі жылы қора жай бір аумақта болса, циклдік ұйымдастыруды келесідей ұйымдастырылады. Күн сайын барлық отардан күйге келген аналықтарды таңдап алады да, ұрықтандырады және олардан ұрықтанған саулықтар табынын жасақтайды. Егер табын 750 саулықтан тұру керек болса, бастапқыда ол 850 – 900 бас болады, ал қалған кейінгі күйлеген 20 – 25% саулықтар басқа табындарға жіберіледі. Бірінші табынның жасақталуына 5-6 күн қажет. Екінші табын (жылыланған екі қораны алғанда) біріншіден кейін үзіліссіз жасақталады. Екі табын толықтай жасақталғаннан соң, шағылыстыру 2-3 аптаға үзіледі. Ұрықтандырудағы бұл үзіліс, ұрықтанудың бірінші циклындағы саулықтар мен олардың 2-3 апталық қозыларын жылы қорадан арнайы төл алуға жабдықталған қораларға ауыстыру үшін жасалады. Босатылған жылы қораларды ұрықтандырудың екінші циклындағы буаз саулықтарды қабылдау үшін тазалап, дезинфекциялайды.

Ұрықтанудың екінші немесе үшінші цикл табындарын да, дәл біріншідегідей жасақтайды.

Ұрықтану басталғанына 12 күн өткеннен кейін аналық тобына немесе табынына қайта күйге келген аналықтарды анықтау үшін сынақшылар жіберіледі.


15- дәріс.Қой малдарын күтіп – бағу мен азықтандыру

1. Қой малдарын күтіп – бағу



2. Қой малдарын азықтандыру

1. Қой шаруашылығы - мал шаруашылығының басты саласының бірі. Қойдан күнделікті тұрмысқа қажетті жүн, тері, елтірі және тағамдық өнімдер - ет, май, сүт алынады. Халық шаруашылығында қой жүнінің алатын орны ерекше

Ұсақ малдардың фермалары - қой және ешкі малдарын бағып өсіруге арналған өндірістік және шаруашылық құрлыстарының жинағы. Қой шаруашылығының өнімі оның бағытына тікелей байланысты: биязы, жартылай биязы, кылшық, жартылай қылшық жүнді және каракул. Осыған қарап қой шаруашылығы асыл тұқымды және өндірістік, яғни әртүрлі өнімдер алуға (жүн, ет, тері, елтірі, сүт) бағытталған. Фермадағы малдарды жігіне, жасына байланысты жэне ауа райы мен жер орайын ескере отырып көлемі әртүрлі отарларға бөледі.
Көбінесе аналық, тоқты (енесінен айырған қозылар) шошқарлар және ет малдары отарларына бөлінеді. Олар жер орайына, ауа райына қарап мынандай жүйелерде күтіліп-бағылады:

1. Тұрғызып қолда ұстап күтіп-бағу жүйесі - көбінесе қары қалың, жайылымы жоқ аймақтарда малдар қысы-жазы қолда тұрып, дайындаған азықтармен күтіліп бағылады.

2. Жартылай тұрғызып, жартылай бағып-күту - жылдың жартысынан артық мерзімін қолда дайындалған азықпен ұстап күтеді. Көбінесе қардың қалыңдығы 0,4 - 0,5 м. және қыста мұз қататын аймақтарда кездеседі.

3. Бағып жартылай тұрғызып қолда ұстап күту, жылдың 7-8 айы малды бағып, аз ғана уақыт қорада қолда тұрғызып күтеді. Мұндай жүйе таулы, жайылымы мол, қары жүқа, жел қаққыш жерлерде қолданылады.

4. Жайып ұстау жүйесі табиғи жайылымы мол қары жоқ, ауа райы жұмсақ аймақтарда кездеседі.

Осы жүйелердің ерекшеліктерімен байланыстыра оты­рып қой-ешкілерге арнап қоралар мен баздар салынады. Оларды "Технологиялық жобалау норма" мен "Құрылыс нормасы және ережелеріне" (СНиП) сәйкестіріп салады. Қой шаруашылығының объектілерін жобалау кезінде олардағы технологиялық процесстерге бөгет болмайтын санитарлық малдәрігерлік және өрттен сақтандыру ережелеріне қайшы келмейтіндей етіп бірі мен бірін біріктіруге рұқсат етіледі.

Ондай қоралардың размерлері ферма бағыты, ұстау тәсіліне байланысты төмендегі кестеде келтірілген.

Кесте 1- Қоралардың размерлері


Малдар тобы


Қоралар және малдарды орналастыру тәсілдері


Бір басқа шаққандағы ферма размері, м.кв


товарлы

тұқымды

1

2

3

4

Қошқарлар:

а) Негізгі аталық

қошқарлар


Қошқар қоралары немессе жасанды ұрықтандыру пункті

Жекелеме клеткада

3

4

б) Ремонтты немесе

байқау (тексеру) қошқарлар

Топты клеткада немесе секцияда


2,0

-

Қой қоралар:

а) Қозылы аналық қыста, ерте жазғытұры қоздату кезінде

Секцияда

1,8

2,0

б) Қозылы аналықты

жазғытуры қоздату кезінде


Секцияда

1,0-1,2

1,2-1,4

Тұсақ қойлар мен ремонттағы жас тоқтылар

Қораларда


0,8-1,0

0,9-1,6

Ісек қойлар


Қораларда


0,8-0,9

-


9.2. Қой қораларын көбінесе төртбұрышты Г - немесе П - әріптеріне ұқсас қылып салады. Қой қораларды өндірістік зонада қысқа басының (торец) бір бұрышын өтпелі желдің бағытына қаратып орналастырады. Олардың бір жақ басына азық және құрал-жабдықтарын қоятын бөлме қалдырады. Қора екі отар қойға арналған болса, оның екі басына да ондай бөлмелер қаралады.

Қыста қоздайтын аналық қойларға жобаланған қоралардың бір басынан тұтас, төбеге жететін қабырғамен бөліп, қой қоздайтын және қозы алатын бөлме (төлүйшік) қаралып, қой қоздайтын бөлігінде биіктігі 50-60 см, ауданы 2,0 - 2,5 м.кв. шарбақтан аналық пен қозылар үшін секциялар, ал басқа бөлігінде қозылы қойды жекелеп ұстауға арналған клеткалар жасалады. Қой қоздайтын секцияны жылытатын, ал басқа бөлмелер жылытуға жоспарланбайды. Егер қой қора әртүрлі жасты - жынысты қойларға арналған болса оның іші сол мал тобының санына қарай секцияларға бөлініп, ортасына төл үйшікпен ұрықтандыру пунктін орналастырады.

Ал қошқар қоралардың планы үш бөліктен түрады. Бірінші бөлігінде негізгі қошқарлар тұратын жекелеме немесе топтық клеткалар орналастырылып және олардан ұрық алып, оның сапасын тексеретін манеж қаралса, екінші және үшінші бөлімдеріне байқау-қошқарлары мен ремонт (өсім) жас малдарга арналған секциялар қойылады.

Сыртқы орташа температурасы минус 20 градустан төмен болмайтын аймақтарда және ет-май бағытындағы, каракулді қойларға қораларды екі немесе үш жағынан жабылған күрке типтес, жергілікті арзан материалдардан, талдан тоқылған "катондар" салынады. Олардың бір басқа шаққандағы орташа ауданының мөлшері 0,5 м.кв., ал бір жасқа дейінгі тоқтыларға 0,3-0,4 м.кв. келеді. Қой қоралардың ық жағынан малдарға азық, су беріп, күн ашық күндері серуендету үшін қоранікіне қарағанда екі есе үлкен ауданы бар ашық алаңдар қаралады. Қой қоралардың еден бетінен (0,00) төбенің салбыраңқы жеріне дейін биіктігі 1,8 - 2,4 м болуы керек, кейбір қоралардың төбесі шатырсыз көлбеу жабылған кезде сыртқы қабырғаларының биіктігін төмендетуге рұқсат етіледі. бірақ қабырғаның биіктігі 1,2 метрден темен болмауы керек. Қой қоралардың бөлшектері басқа малдардың қораларымен салыстырғанда арзан, жергілікті материалдардан болуы қаралады. Ішкі бөлшектердің беттері (жүн шығыны болмау үшін) ілгіш, кедір-бұдыр болмағаны (1,0-1,2м.) ескеріледі.

2. Қой шаруашылығы - өнімді де, табысты сала. Ол халықты сапалы етпен, өндірісті - жүн, тері, елтірі сияқты шикізатпен қамтамасыз етеді. Қой өзінің жаратылысында - жайылым малы, көк шөп оның табиғи азығы. Бұл саланы жайылымсыз өркендету мүмкін емес. Қой тұмсығы мен ернінің, тістерінің ерекшеліктері оның жайылымға бейімделген мал екендігін дәлелдеді. Қойдың тұмсығы ілгері қара бағытталған сүйір, күрек тістері өткір, еріндері жұқа, икемді, епті келіп, азу тістері қатты азықты ұсатуға бейімделген. Ол биіктегі 3-5 см, тіпті одан да төмен қылтиып шыққан шөпті тістеп жей алады, ал мұндай аласа шөпті басқа мал жей алмайды. Қой жердегі масақты, тіпті түсіп қалған дәнді де, сондай-ақ сояулы шөптер мен бұталар бұтақтарының жапырақтарын да жеп, басқа мал түлігінің ашығатын жайылымында өзіне қажетті азығын тауып, қорек ете береді.

Қойдың осы айтылған биологиялық ерекшеліктерін, оның басқа ауыл шаруашылығы жануарларға қарағанда жайылым шөбінің түрлерін бір жарым - екі есе артық жей алатындығын бір жақты түсініп, бұл қойдың азыққа көнбіс, талғампаз еместігінің белгісі деп бағалау қате. Керісінше, бұның өзі қойдың азықтың алуан түрлі болып келуіне бағытталған, яғни азықтандырудың биологиялық жағынан толық құнды болуына қойылған қатал талабының көрсеткіші екендігін, бұл талаптың қойдың бүкіл эволюциялық дамуының нәтижесінде туғандығын дәлелдейді.

Қой азықтың бір түрімен ұзақ уақыт азықтандыруға төзе алмайды. Біркелкі азық олардың тәбетін төмендетіп, тіршілік қабілеті мен өнімін, мөлшері мен сапасын күрт кемітіп жібереді. Қойды жеткіліксіз, нашар азықтандырған кезде жүні мүлде дерлік өспей қалады. Ал ағзаға түскен қоректік заттар ең алдымен оның тіршілігіне, өсіп-жетілуіне қажетті процесстерге жұмсалады да, артылса ғана жүннің өсуіне пайдаланылады. Егер ұзақ уақыт қоректік заттар, әсіресе азот пен фосфор, кальций жетіспесе, организм тіршілік етуі үшін бұл заттардың жетіспеген мөлшерін жүннің құрамынан алып пайдаланады. Сонымен бірге бұл кезде өскен жүннің сапасы төмендеп, жүн талшықтары жіңішкеріп кетеді. Мұндай жүн тез үзіледі, төменгі сұрыпқа жатқызылады, әрі бағасы анағұрлым төмен болады. Сайып келгенде қой шаруашылығында, әсіресе биязы жүнді немесе жүндіетті бағыттағы қой өсіргенде, аз ғана уақыт берілген сапасыз азық жыл бойғы еңбектің нәтижесін төмендетіп жібереді. Сиыр мен шошқа шаруашылығында мал азығының жеткіліксіз болып қалуы, олардың салмағы мен сүт өнімін тек сол мерзімде ғана төмендетеді, бірақ ол малдың жыл бойындағы өніміне оншама әсер ете қоймайды. Осының өзі, азықтың үздіксіз жеткілікті болып түруының қой шаруашылығында айрықша маңызы бар екенін көрсетеді.

Межемен азықтандырудың негіздері

Мал өнімділігін арттырып, оның шаруашылыққа пайдалы басқа да көрсеткіштерін жақсарта түсу үшін ең алдымен төмендегі мәселелерге назар аудару керек:



  • мал ағзасындағы зат алмасу ерекшеліктеріне, жасына, жынысына және өнімділігіне байланысты, қоректік заттарға деген қажеттігі, яғни азықтандыру нормасы;

  • азықтандыру рационы;

- азықтандыру типі (жүйесі).
Азықтандыру межесі

Малдың қоректік заттарға деген қажеттілігі арнайы жүргізілген ғылыми-шаруашылық, физиологиялық тәжірибелерде зерттеледі. Жан-жақты жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде малдың біркелкі өсіп, сүт, ет, жүн сияқты өнім беруі, буаз малдың іштегі төлі дүрыс жетілуі үшін олардың ағзасына қажетті қоректік заттардың мөлшері, яғни азықтандыру нормасы анықталады. Азықтандыру нормасы деп малдан сапалы, әрі мол өнім алуға қажетті қоректік заттардың тәуліктік мөлшерін айтады.



Азықтандыру нормасы малдың физиологиялық күйіне, жынысына, жасына, тірілей салмағы мен өнімділігіне байланысты жасалып, малдың азыққа деген тәуліктік мұқтаждығының шамасын білдіреді. Елімізде қабылданған азықтандыру нормаларында малдың азыққа деген мүқтаждығыының жалпы дәрежесі - азық өлшемі, қорытылатын протейн, кальций, фосфор, каротин және микроэлементтер мен ас тұзының мөлшері арқылы сипатталады.
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет