1 дәріс. Педагогика



бет1/51
Дата13.12.2019
өлшемі0,78 Mb.
#53594
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
Дәрістер
Практикалық жұмыс 3 (1)

Адамзат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой- пікірлердің дамуы


1 дәріс. Педагогика тарихы мен білім берудің теориялық-әдіснамалық негіздері.

Мақсаты: Адамзат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой-пікірлердің дамуымен таныстыру

Дәріс жоспары:


  1. Педагогика тарихы пәні, мақсаты, дүниежүзілік және ұлттық мұраларымен таныстырудағы басты міндеттері.

  2. Педагогика тарихының әдіснамалық негізі.

  3. Педагогика тарихының әдіснамалық ұстанымдары.

  4. Тарихи - педагогикалық зерттеу әдістері.


Педагогика тарихы тәрбие, оқыту және білім беру тәжірибесінің пайда болып дамуы және әр тарихи дәуірдегі тәлімдік ой-пікірлер мен теорияларды жүйелеп талдау үрдісінде қалыптасқан қоғамдқ ғылымдар арасында өз орны бар ғылым.

Педагогика тарихы ғылым ретінде - тарих және педагогика ғылымдары бірлігінде, кейіннен философия салалары - әлеуметтану, мәдениеттану және этнография ғылымымен кіріктіре байланысу негізінде ауқымын кеңейтіп дамуда. Ал, Қазақстан педагогика тарихы болса, ол дүниежүзілік тарихи-педагогикалық үрдіспен өзара органикалық байланыста және оныњ құрамдас бір бөлігі болып, өзінің даму жолында ерте кезден осы күнге дейінгі аралқтағы әр тарихи кезеңдегі тәлімдік ой-пікірлерді талдап, тәрбие мен білім беру мєселесінің дамуын зертейтін педагогика ғылымдарының бір саласы болып саналады.

Педагогика тарихы пәні - әр тарихи дәуірдегі, әлеуметтік-эконмикалық жағдайларды, педагогикалық идеялар мен ойларды, жас ұрпаќты тәрбиелеу мен білім берудегі мектеп тарихының дамуын, өзара ықпалын, кемшіліктері мен жетістіктерін, жеткіншектерді дамыту үрдісіндегі мақсатты ұйымдастырылған қисынды шаралары мен шарттарын, белгілері мен заңдылықтарын талдау негізінде жүйеленіп, болашақ мұғалімдердің педагогикалық дүниетанымын және шығармашылқ ойлау қабілеттерін қалыптастырады.

Пәннің мақсаты жас ұрпақтарға тәрбие мен білім беруде дүниежүзіндегі педагогикалық ойлар мен тәжірибенің пайда болып, тарихи қалыптасуы мен дамуынан мағлұмат беру және жалпы адамзаттық құндылықтарды игертіп, студенттердің тарихи педагогикалық мұраларға деген ынталы қызғѓушылықтарын арттырып, ұлттыќ тәлім-тәрбиенің мазмұндық құрылымын жетілдіруге, педагогикалык танымын және педагогикалық ойлау бейімділіктерін дамыту.

Педагогика тарих пәнінің дүниежүзілік және ұлттық мұраларымен таныстырудағы басты міндеттері:

  • дүниежүзілік тарихи-педагогикалық үрдістің қозғаушы күштері мен даму белгілерін, жағдайлары мен алғы шарттарын, оның бірлігі мен жан-жақты байланысын, сонымен ќатар, бастау көзі мен зерделеу әдіс-тәсілдерін және өткен дєуірдегі құнды педагогикалық бағыттарын сұрыптап, педагогика тарихының категорияларын қалыптастыру;

    • әртүрлі тілді, мәдениетті халықтардың әр тарихи дәуірлердегі білі мінің мән-жайы, мүмкіндіктері мен ауқымы, оны жүзеге асырудң жолдары мен құралдары, педагогикалық идеялардың өзгешеліктері мен мазмұндық ерекшеліктерін айқындап, тәрбие мен оқыту мәселелерін шешудің шаралары жайлы түсініктерді нақтылап, оны толықтыруға обьективті жағдайлар жасау;

    • білім берудің мақсатын, міндеттерін белгілеу мен ұйымдастырудың әр түрлі әдіс- тәсілдерін пайдалана білуге және оны нақты педагогикалық дәстүрлермен ұштастырып, тарихи- педагогикалық білім, әдістемелік дағды мен іскерлікті ќалыптастыру.

Педагогика тарихының әдіснамасы философиялық диалектикаға негізделеді.

Диалектика - дүниенің барлық саласындаѓы заттар мен құбылыстарға тән жалпы заңдарды ашуды өз алдына мақсат етіп қояды. Ол табиғат құбылыстарын да,қоғамдық құбылыстарды да, адам санасы да бағынатын жалпы заңдар жайындағы ғылым. Диалектиканың түпкі ќасиеті қозғалыс.

Заттар мен құбылыстар даму процесінде сапа жағынан мүлде түбегейлі өзгерістерге түсіп, олар бір сатыдан екінші сатыға өтеді.

Даму процесінде заттар мен құбыластар қандай өзгерістерге ұшырайды, бұл өзгерістердің өз ара байланысы қандай, даму процесін, заттардың арасындағы әр түрлі байланысты адам өз санасында қалай бейнеленетінін түсіндіретін - диалектикалық әдіс.



Педагогика тарихында қолданылатын философиялық диалектикалық әдіс педагогикалық құбылыстардың өтетін орны мен нақты жағдайларын, қоғамдық өмірдің басқа құбылыстарымен байланысын өзара әрекеттестікте қарастыруды талап етеді. Әр құбылыс өзінің даму барысында зерттелуі тиіс. Зерттеуші осы құбылысқа қандай жаңалық енгізетінін әрқашан анықтап алуы керек. Педагогика ғылымының да өзіне тән әдістері болады.

Зерттеуші педагогикалқ құбылыстарды зерттеу барысында ғылыми ізденістің бағытына сай әдістерді қолданады. Біріншісі - педагогика мен оған шектес ғылымдар саласының мүмкіншіліктерін қолданады, негізгі әдебиеттерден керекті тұжырымдар талданып алынады. Ғылыми-педагогикалық ізденістің екінші бағыты оқыту мен тәрбиенің нақтылы процесін ғылыми түсініктермен сипаттау, яғни бұѓан сай келетін зерттеу әєдістерінің ерекшеліктерін анықтап алу. Сонымен бірге, мұғалімнің шығрмашылық еңбегі, шеберлігі, педагогикалық жетістіктері, жаңалықтары мен баспасөз бетіндегі еңбектерін педагогикалық теория тұрғысынан ой елегінен өткізу де маңызды болып табылады.

Түйіндей келе, педагогикалық зерттеудің әєдіснамалық негізіне философиялық тұрғыдан тарихи, әлеуметтік, рухани-адамгершілік, психологиялқ, педагогикалық және басқа да оқушыны қалыптастыратын құрылымдар негізге алынады. Оқыту мен тәрбиенің мәні, құрылымы, қағидаларының теориялық жақтары ескеріледі. Тарихи танымал, педагогика саласына зор үлес қосқан тұлѓалардың жаңашыл идеялары мен қоғамдағы орнына ұлттқ мәдениеттің дамуына, қоғамдық жағдайларды қарастыратын тұжырымдар мен диалектикалық заңдылқтарға, тарихи жағдайдың өзгергеніне, бүгінгі таңда ќандай деңгейге келгеніне тарихи талдау жасалады.

Ғылым әр уақытта жаңа фактiлермен толықтырылып отырғанда ғана дамиды. Ғылыми деректер жинақталған кезде оларды ғылыми-зерттеу әдiстерi арќылы талдау және теориялық ұстанымдарға негiздеп зерттеу ғылымда әдiснама - деп аталады.



Философиялқ энциклопедиялық сөздiкте әдiснамаға - “теориялық және практикалық iс- әрекеттердi құру мен ұйымдастырудағы ұстанымдар мен құрылымдар жүйесi” деген анықтама берiледi.

Әдiснама деген ұғым ғылыми-танымдық iс-әрекеттердi құрудың ұстанымдары, формалары мен амалдары туралы iлiм.

Әдiснамалық бiлiмдер құрылымын Э.Г.Юдин төрт деңгейге: философиялық, жалпы ғылыми, нақты ғылыми, технологиялық деп бөледi. Бiрiншiсi, философиялық әдiснаманың деңгейлiк мазмұны, таным ұстанымы мен ғылымның категориялық аппаратын құраса, сонымен бiрге философиялық бiлiм жүйесi әдiснамалық қызмет атқарады. Екiншi деңгейде жалпы ғылыми- әдiснама теориялық тұжырымдаманы құрып, көптеген ғылыми пәндерге бағыт-бағдар бередi. Үшiншi деңгей нақты ғылыми әдiснама, бұл арнайы ғылыми пәннiң әдiстерiн айқындап, зерттеудiң ұстанымдары мен ұйымдастыру жолдарын белгiлейдi. Төртiншi деңгей технологиялық әдiснама, зерттеудiң әдiстемесi мен техникасын құрайды. Мысалы, тәжiрибелiк- эксперимент материалдарын жинақтау, оларды алғашқы талдау, қорытындылау, ұсыныстар беру, т.б. жатады. Сонымен, әдiснаманың барлық деңгейлерi бiр-бiрiн толықтырып тұратын жүйенi құрастырады. Ал, педагогика тарихы мәселесiне байланысты алғанда жалпы бiлiмдер әдiснамасы (педагогика), жеке бiлiмге (педагогика тарихы) қатысты әдiснамалық бағдар ұсынады. Жалпы қағидалар (теория, ұстанымдар) жеке қағидаларды түсiндiрiп, бағалап, олардың бағыт-бағдарын, жолдарын айқындап бередi (Ж.Әбдiлдин, Б.Гершунский, Н.Никандров). Нақтылай келгенде, нақты-ғылыми әдiснама ретiнде оның заңдары, заңдылықтар мен ұстанымдары педагогика тарихына, оның iшiндегi қазақ педагогика тарихына әдiснамалық негiз болады.

Әдiснамалық белгiлерiне қарай педагогика тарихының әдiснамасы жеке ғылымилық тұрғысынан педагогика ғылымына жатады; ал пәндiк мазмұны жағынан педагогика тарихының бiлiмдерiн жинақтап, педагогикалық пәндер жүйесiнде педагогика тарихы (пәнi, оның мiндеттерi, ерекшелiктерi) сипатына қарай танымдық құралдар мен практикалық әдiс-тәсiлдерiн, қазақ педагогика тарихының ұғымдық құрылымын анықтаумен қатар басқа ғылымдардың (этнология, этнопсихология, фольклор, мәдениет теориялары, т.б.) жетiстiктерiн, амалдарын зерттеу жұмыстарын да пайдаланады.

Педагогика тарихының әдiснамалық негiзi философиялық диалектика, ол ғылыми әдiснама ретiнде жеке тұлға және таным теорияларының қалыптасып дамуына негiз болып, шындықты бейнелеудiң басты жолдарын анықтайды.

Қоғамның тарихи әлеуметтiк-мәдени дамуында жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастырудың басты философиялық қағидалары бар: - бүкiл адамзат қоғамының даму тарихында, ғылыми-зерттеу жұмыстары дәлелдегендей, адам және оны тәрбиелеудiң

мәселелерiнiң өзектiлiгiмен (Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Д.В.Эльконин, С.Жаќыпов, т.б.) анықталады;

  • философиялық, тарихи, әлеуметтiк, психологиялық және педагогикалық ғылыми зерттеулердi ретроспективтi талдау жасау нәтижесiнде, адамның тұлғалық құрылымында ерекше орын алатын басты қасиет: адамның өзiн-өзi тануы, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы және олармен рухани-адамгершiлiктi байланыстар жасайды (Ж.Әбдiлдин, В.Г.Афанасьев, Г.С.Батышев, Ә.Нысанбаев т.б.);

  • әрбiр тарихи әлеуметтiк-мәдени орта жағдайында адамның мораль тұрғысынан қалыптасуына өзi өмiр сүрiп отырған қоғамның және әлеуметтiк ортаның, шағын ортаның (отбасы, мектеп, жора-жолдастары, т.б.) тәрбиелiк ықпалы зор (Б.Т.Ананьев, В.Н.Мясищев, Б.Ф.Ломов, М.Мұқанов, т.б.).

Сонымен ғылымның әдiснамасы бұл қағидалар, қорытындылар, ұстанымдар, танымдық әдiстер арқылы әр жақты жағдайлар тоғысында шындықты бейнелеу ақиқатын зерттеп түсiндiретiн iлiм.

Педагогика тарихының әдiснамасы әр тарихи дәуiрдегi педагогикалық бiлiм мен тәрбиенi, ойлар мен идеяларды талдап жүйелеу, оларды ұғындыру технологиясы (тұжырымдар жасау) арқылы педагогикалық үрдiске өзгерiстер енгiзу немесе жетiлдiру мақсатында пайдаланатын педагогика ғылымының бiр саласы.

Педагогика тарихының әдiснамасы төмендегiдей жүйелi құрылымнан тұрады:

  • тарихи-педагогикалық бiлiм құрылымы мен қызметтерi;

  • педагогикалық идеялар, ой-пiкiрлер, iс-тәжiрибелер, белгiлер, негiзгi педагогикалық қағидалар (идея, теория, тұжырымдама, болжамдар);

  • тарихи-педагогикалық бiлiм мен тәрбиенi жетiлдiрiп, педагогикалыќ үрдiске ендiру.

Осындай үлгi тарихи-педагогикалық, психологиялық және педагогикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарында жалпы ғылыми ұстанымдарѓа негiзделе жүргiзiледi. Ғылыми зерттеу ұстанымдары мен оларға қойылатын талаптар әдiснамалық бiлiмде ерекше орын алады. Өйткенi, олар тарихи- педагогикалық бiлiмдi, теория мен практиканы бiрiктiрiп, бiлiм беру мекемелерiне ғылыми негiзделген бағдар бередi. Ќандай бiр ғылыми жұмыстар болсын, олардың тiректi ұстанымдар ќатарына жататын ең басты, негiзгi әдiснамалық ұстанымы жүйелiлiк. Сондықтан жүйелiлік жалпы ғылыми- зерттеудің бiр құралы ретiнде оқу-тәрбие үрдiсiнiң және бiр-бiрiмен байланысты құбылыстарды жүйелi зерттеуге өзiндiк сапалылығымен сипатталатын ғылыми амал болып табылады.

Тарихи-педагогикалық зерттеулерге қойылатын маңызды әдіснамалық талаптардың бірі деректердің барлық түрін кешенді пайдалану, сол арқылы бір-бірін тексеру, толықтыру, барлық деректерді салыстыра отырып жинақтау, оларды зерттеуде шектес ғылымдардың зерттеу әдістері жиынтығын кешенді түрде пайдалану, сөйтіп, педагогикалық тұрғыда түсіндіру қажет.

Педагогика тарихының ғылыми-зерттеу ұстанымдары тарихи білім, педагогикалық теория мен тәжірибені біріктіріп, білім беру ұйымдарына ғылыми негізделген бағдар береді.

Педагогика тарихының негізгі әдіснамалық ұстанымы ақиқаттылық, ол зерттеу обьектісі жайлы шынайы білім алу үшін, зерттеу барысында оның әрбір құбылысына ықпал ететін, дамытатын жағдайларды, шарттарды ескеріп, зерттеу құралдары мен тәсілдерін дұрыс қолданып, жинаған фактілерді бағалап, қорытындысын шығаруда ақиқатты ұғымдар мен түсініктер жасауға мүмкіндіктер береді.

Ақиқаттылықты тану ұстанымы зерттеу жұмысының алғашқы болжамына, қисынына және оның қорытындысына дәлелді талап қоятындықтан, фактілерді іріктеу, оларды талдау нәтижесінде жасайтын тұжырымы ғылыми айналымға түсентіндіктен шындыќ тұрғысынан қарастырылуы тиіс. Ғылыми ізденістердің обьектісін баламалық ұстаным тұрғысынан қарастырғанда және оған дәлелді талап қойғанда, тарихи-педагогикалық материалдарды немесе көзқарастарды талдағанда, күрделі педагогикалық процестердің шешімін табу үшін әр түрлі көзқарастар айтылады. Ондай көзқарастардың бірі шынайы болуы немесе оған қарсы пікірлер айтылуы мүмкін. Бұндай жағдайдағы баламалық ұстанымның мәні мәселенің шешімін іздестіргенде және обьектінің жұмысын ұтымды ұйымдастырғанда алға қоятын мақсаттың нәтижелі орындалып,

соның негізіндегі нақты жетістіктердің ауқымын анықтайды.



Баламалық ұстанымға жақын әдіснамалық ұстанымның бірі мәндік талдау ұстанымы. Әрбір қарастырылатын құбылыстардың жалпылығы, ерекшелігі және бірегейлігін анықтап, обьектінің ішкі құрылымына, атқаратын қызметі мен даму заңдылықтарына, шарттары мен даму

жағдайларына талдау жүргізіп, олардың маќсатты түрде өзгерістерге түсу мүмкіндіктері талданады.

Тарихи-педагогикалық жєне психологиялық-педагогикалық зерттеулер де генетикалық ұстанымды ескеру керектігін тәжірибе көрсетуде. Тарихи-генетикалық ұстанымның мәні педагогикалық фактілерді немесе құбылыстарды зерттегенде, олардың пайда болуын, онан кейінгі дамуын түрлі саяси-экономикалық жағдайлардағы білім беру үрдісінің бір сапалық деңгейден екінші сапалық деңгейге ауысуы жан-жақты қарастырылады.

Тарихилық және қисындылық ұстанымы - зерттеу жұмыстарында обьектінің тарихын ( генетикалық қыры), теориясын (құрылымы, қызметі, обьектінің қазіргі жағдайы) және оның даму болашағын бірлікте зерттейді. Тарихи талдаудың қажеттігі - обьектінің құрылымы мен қызметін талдау, белгілі бір ғылыми тұжырымдама жасау үшін керек. Ал теориялық талдау қажеттігі - обьектінің генезисін (пайда болуы, қалыптасуы) қарастырмай, ақиқатқа жетуі мұмкін емес. Сондықтан да, тарихи-педагогикалық және теориялық-педагогикалық зерттеулердің бір-бірінен айырмашылығы зерттеушінің ғылыми болжамына байланысты болады.Қарастырып отырған ұстанымнан шығатын талап - зерттеудің сабақтастығы, жинақталған тәжірибе, дәстүр, ғылыми жетістіктер, бұрынғы зерттеу обьектілерінің генезисін тарихи-педагогикалыќ тұрғыдан талдаудан шығады.

Жалпы ғылыми ұстанымның бірі тұжырымдамалық бірлік ұстанымы. Зерттеуші ғылыми тұжырымдама жасау үшін басқа зерттеушілердің тұжырымдамалық пікірлерін талдап, негіздеп, ізденіс жүргізу барысында зерттеудің алдына қойған мақсат-міндеттерін, ғылыми болжамын анықтап, ғылыми ізденісін жүргізетін болса, нақты ғылыми жетістіктерге жетуіне болады. Ол үшін алғашқы ғылыми болжамын тексеріп, дамытып, қажет болса, іздену барысында түзетулер енгізіп, тұжырымдамасын жетілдіреді. Сонда ғана ғылыми ізденіс өз нәтижесін береді.

Әлеуметтік педагогикалқ үрдістің ішкі жєне сыртқы факторларының қызметтері мен дамуы, олардың элементтері мен қарым-қатынастарының байланысы тарихи-жүйелілік тұрғыда зерттелуі тиіс. Тарихи - жүйелілік ұстанымы жалпы ғылыми әдіснамалық зерттеудің бір ұстанымы ретінде педагогикалыќ үрдістің және бір-бірімен байланысты құбылыстарды жүйелі зерттейтін өзіндік сапасымен сипатталатын ғылыми әдістердің бірі.

Тарихи жєне психологиялық-педагогикалық үрдiстегi өзара байланысты синергетика қазiргi бiрлiктi iс-әрекет теориясы зерттейдi. Бұл теория тұтас жүйенiң тұрақты болмай, өзгерiске түсетiндiгiн ескерiп, тұтастықтың жоспарланған басты бiр нұсқасын алып, болжамдалған нұсқаны нақты жағдаймен байланыстыру синергетикалық үрдiстiң мағынасын ашады.

Педагогикалық жүйенiң бiр-бiрiмен байланысы: бiлiм мен тәрбие мақсаты, оның тарихи аспектiсi, педагогикалыќ үрдiстiң субъектiсi, педагогикалық идеялар мен ой-пiкiрлер, бiлiм мазмұндары (жалпы, базалық және кәсiби мәдениет), материалдық базасы, т.б. бiрлiгi және құрылымдық-функциялық қызметтерi тұтастық арқылы зерделенедi.

Iс-әрекет амалы тарихи-педагогикалық жєне психологиялық-педагогикалық зерттеулерде нақты ғылыми-әдiснамалық ұстаным ретiнде танылады. Белгiлi психолог А.Н.Леонтьев: “Адамзат мєдениетiнiң жетiстiктерiн игеруде, деп жазады, әр жаңа ұрпақ алдыңғы ұрпақтың тәжiрибесiн, ќызметiн, iс-әрекетiн атқару арқылы, оның жетiстiктерiн одан әрi жетiлдiредi”. Сондыќтан оқушыларды өмiрге және жан-жақты iс-әрекеттерге дайындауда олардың мүмкiндiктерiн ескерiп, өмiр тiршiлiктерiне ќажеттi iстерге тартып, олардың өмiрiн әлеуметтiк және адамгершiлiк тұрғыдан ұйымдастыру қажет.

Мәдениеттану амалы оқушының жеке тұлғасын зерттеп, құндылық бағдарын қалыптастыруда аксиологиялық құндылыќ iлiмiне сүйенiп, нақты ғылыми әдiснама ретiнде таным мен педагогикалыќ iс-әрекеттердi ќайта құруға немесе өзгерiстер енгiзуге баыт-бағдар бередi. Мәдениет амалы жеке тұлѓаның мәдениетпен объективтiк байланысы негiзiнде оның мiнез- құлқында құндылықтар жүйесiн тәрбиелейдi. Өйткенi адам мәдениет арқылы дамығандықтан сол мәдениетке жаңа элементтер енгiзуге үлес қосады. Сол себептен адам мәдениет құндылықтарының жүйесiн игерiп өзiн-өзi дамытса, оның шығармашылықты жеке тұлға болып дамуына жағдай туады.

Этнопедагогикалық амалдың мәнi оқушы этностың бiрiне жататын әлеуметтiк-мәдени ортада өмiр сүредi, бiлiм мен тәрбие алады. Халықтың ұлттық салт-дәстүрiне, оның мәдениетiне, дiлiне, ұлтық-этникалық психологиясына, әдет-дағдыларына сүйенiп, педагогикалық үрдiстiң жобасын жасап, жоспарлап ұйымдастырады. Әртүрлi бiлiм мекемелерiнiң ортақ мақсаты оқушы- жастарды ұлттық мәдениетке ынта-ыќыласын артырып, өзiн-өзi тәрбиелеуге жағдай туғызу болып табылады, педагог бұл ортаны жан-жақты зерттеп, әр этнос оқушыларының бiр-бiрiнiң

адамгершiлiк қарым-қатынас жасауына жәрдемдесiп, балаларды тєрбиелеуде ата-аналардың тәрбиелiк мүмкiндiктерiн пайдаланып отыруы керек.

Ғылыми-зерттеу әдiстерiн үш топқа: тарихи-теориялық зерттеу әдiсi; педагогикалыќ ойлар мен идеялар жєне тарихи-педагогикалық тәжiрибелердi зерттеу әдiсi; математикалық және статистикалық әдiстер деп бөлiнедi.

Тарихи-педагогикалық зерттеу әдiсi бұл мұрағат құжаттарын, тарихи-педагогикалық құбылыстарды зерттеу арқылы педагогикалық ой-пiкiрлердi, идеяларды, теориялар мен тәжiрибелердi жүйелеу негiзiнде ғылыми-тарихи ақпараттар жинастыруды, олардың байланыстарындағы заңдылықтарын, қарым-қатынастарын айқындауды талап етедi.

Тарихи-теориялық зерттеу әдiстерi тарихи-педагогикалық құбылыстардыњ кейбiр жақтарын, белгiлерi мен ерекшелiктерiн тарихи-теориялық тұрғыдан талдайды. Кейбiр фактiлердi талдағанда оларды мазмұндық жақтарына қарай топтастырып және жүйелеп, зерттеушiлер педагогикалық құбылыстың жалпылығын және ерекшелiгiн айқындайды. Тарихи-теориялық зерттеулерде идуктивтi және дедуктивтi әдiстер қолданылады. Идуктивтi әдiсте iзденушiнiң ойлау қабiлетiн жеке пiкiрден жалпы қорытынды жасауға, дедуктивтi әдiс– жалпы пiкiрден жеке қорытындыға келуге бағыттайды.

Тарихи-теориялық әдiс iзденушiнiң зерттеу мєселесiн анықтауға, болжамын жєне жиналған фактiлерге баға беруде пайдаланылады. Бұл әдiс деректерге байланысты әдебиеттердi талдаумен: жалпы адам тану мєселелерi бойынша классиктердiң еңбегiн зерделеу жєне педагогика тарихы әдiснамасын басшылыққа алу; тарихи-педагогикалық жұмыстар мен мұрағат құжаттарымен танысу; күнделiктi педагогикалық баспа бетiнде жарық көрген материалдарды оқу; мектеп, оќу-тәрбие үрдiсi және озат педагогикалық тәжiрибелер жайлы жазылған монографиялқќ еңбектер және ғылыми әдебиеттер мен педагогикаға байланысты оқулықтар, оқу-құралдарымен танысу.

Тарихи-педагогикалқ тәжiрибелердi зерттеу әдiсi кейде дәстүрлi педагогикалық әдiстер деп аталады. Бұл әдiстердi кезiнде Платон, М.Ф.Квинтилиан, Я.А.Коменский, И.Песталоццилер де қолданған, қазiргi ғылымда да пайдаланылады. Педагогикалық тәжiрибелердi зерттеу, бақылау, әңгiмелесу, сауалнама жүргiзу, оқушылардың шығармашылық жұмыстарын, мектеп құжаттарын т.б. зерттеу әдiс-тәсiлдерi iзденiс жұмыстарында қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет