1. Элементтің химиялық қасиеті: а атом ядросының зарядымен б периодтық жүйедегі элементтің орналасуымен с атомдық массасымен д сыртқы электрон деңгейінің құрылысымен анықталады



Дата08.02.2022
өлшемі19,45 Kb.
#120654
Байланысты:
sabaq-kz attachment himiya-10-synyp-test-sratary....


1.Элементтің химиялық қасиеті:
А) атом ядросының зарядымен Б) периодтық жүйедегі элементтің орналасуымен
С) атомдық массасымен Д) сыртқы электрон деңгейінің құрылысымен анықталады.
2.Бір периодта орналасқан элементтер:
А) ұқсас химиялық қасиеттерімен Б) бірдей атом радиустарымен
С) энергетикалық деңгейлерінің бірдей санымен Д) валенттік электрондарының бірдей санымен анықталады.
3. Қосымша топшада орналасқан элементтер:
А) тек металдар Б) тек d- және f- типтерінің металдары
С) тек s – және p – типтерінің металдары Д) тек үлкен периодтардағы жұп қатарлар
4. Периодтық жүйедегі период нөмірінің физикалық мағынасы:
А) ол осы период элементтерінің физикалық-химиялық қасиеттерін анықтайды
Б) металдық қасиет солдан оңға қарай әлсірейді
С) атомдардағы электрондық деңгейлер саны период нөміріне тең
Д) элементтердің қасиеттері периодты түрде қайталанып отырады.
5.Элементтердің бейметалдық қасиеттері химия тұрғысынан мына жағдайларға байланысты:
А) олардың металдармен әрекеттесу белсенділігіне
Б) атомның электрон қабылдау белсенділігіне
С) кристалдық тор құрылысына Д) салыстырмалы электртерістік шамасына
6. Қосымша топшаның химиялық элементтері мына жағдайларға байланысты ұқсас қасиеттер көрсетеді:
А) олардың атом ядролары құрылыстарының ұқсастығына
Б) электрондық қабатының құрылысының ұқсастығына
С) атомдардың сыртқы энергетикалық деңгейлері құрылысының ұқсастығына
Д) периодтық жүйеде ерекше орналасуына байланысты.
7. Негізгі топша химиялық элементтері атомдық нөмірлерінің жоғарылауына байланысты олардың:
А) металдық қасиеттері Б) бейметалдық қасиеттері
С) химиялық белсенділігі Д) суда ерігіштігі күшейеді.
88336 Kr нуклидінің атом ядросында:
А) 83 протон және 36 нейтрон бар Б) 36 протон және 44 нейтрон бар
С) 36 протон және 47 нейтрон бар Д) 36 протон және 83 нейтрон бар.
9. Мына электрондық конфигурациялардың ішінен мүмкін болмайтынын көрсет:
А) 1s22s1 Б) …. 2s22p7 С) …..2s22p6 Д) ….3s23p64s23d11
10.Қалыпты жағдайдағы мыс атомының сыртқы энергетикалық деңгейіндегі электрон саны:
А) 2 Б) 1 С) 10 Д) 18
11. 5d- деңгейшесіне орналасатын электрондар саны: А) 3 Б) 6 С) 10 Д) 14
12. Cr3+ ионындағы электрондардың жалпы саны: А) 21 Б) 24 С) 27 Д) 52
13.Кейбір Э3+ катионының электрондық конфигурациясы 1s22s26. Осы элемент атомының ядросындағы протон саны: А) 10 Б) 13 С) 16 Д) 17

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет