1. Есептің құрылымы 4



бет1/9
Дата17.06.2018
өлшемі1,9 Mb.
#43141
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Мазмұны


КІРІСПЕ 3

1.Есептің құрылымы 4

2.2017 жылдың бірінші жарты жылдық нәтижелері бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстары тиімділігін бағалау 6

2.1.Орталық мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының тиімділігі рейтингісі 6

2.2.Жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарының тиімділік рейтингісі 11

2.3.Орталық мемлекеттік органдардың комитеттері интернет-ресурстарының тиімділік рейтингісі 15

3.2017 жылдың екінші жарты жылдығындағы нәтижелері бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар ресми интернет-ресурстарын бағалау нәтижелері бойынша қорытындысы 24

4.Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына мониторинг қорытындылары бойынша жалпы ұсынымдар 25




КІРІСПЕ

Қазіргі уақытта ақпаратты ұсыну үшін ортақ тәсілдерді өндіру мен мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының жағдайына үлкен зейін бөлінуде.



Бұл мақсат үшін келесі құжаттар негізінде қалыптасқан, негізгі талаптар анықталды:

  • 2015 жылғы 16 қарашадағы № 401-V ҚРЗ «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

  • «Мемлекеттік рәміздер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты - СТ РК 988-2008 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы», СТ РК 989-2008 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы»;

  • «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығы;

  • «Мемлекеттік органдардың азаматтармен өзара іс-қимылын бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 03 ақпандағы № 29, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 06 ақпандағы № 45, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Төрағасының 2017 жылғы 07 ақпандағы № 4 н/қ бірлескен бұйрығы;

  • «Мемлекеттiк органдардың интернет-ресурстарын ақпараттық толықтыру қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 116 бұйрығы;

  • «Интернеттің қазақстандық сегментiнiң кеңістігінде домендiк аттарды тiркеу, пайдалану және бөлу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 118 бұйрығы.

  • БҰҰ «Электрондық үкіметті дамыту индексі» халықаралық рейтингісі;

  • Международный стандарт доступности веб-контента WCAG 2.0.

Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын дамытудағы басты бағыт ретінде мүмкіндігі шектеулі қолданушыларға,атап айтқанда, көзі нашар көретін пайдаланушыларға арналған ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Бұдан басқа, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуына, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарындағы кеңжолақты мобилді интернет желісіне белсенді ену мүмкіндігі үшін мобилді нұсқаның бар болуы талап етіледі.
  1. Есептің құрылымы



Жұмыстардың атауы: мемлекеттік органдардың (бұдан әрі - МО) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөніндегі қызметтің тиімділігіне бағалауды және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалауды жүргізу бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы 2017 жылдың 10 наурыздағы № 57 шарттың (бұдан әрі - Шарт) шеңберінде Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік (бұдан әрі - ОМО) және жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі - ЖАО) 2017 жылдың екінші жартыжылдығы ресми интернет-ресурстары тиімділігіне мониторинг жүргізу.

Зерттеу мәні: Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына сәйкес бағаланатын ОМО, оның ішінде комитеттері және ЖАО интернет-ресурстары тиімділігі.

Зерттеу объектілері:

  • 17 ОМО интернет-ресурстары;

  • 43 ОМО комитеттерінің интернет-ресурстары;

  • 16 облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ЖАО интернет-ресурстары.

Зерттеу мақсаты: интернет-ресурстар тиімділігінің ағымдағы деңгейін анықтау, мемлекеттік билік органдарының қызметі туралы қажетті ақпараттың азаматтар үшін қол жетімділігі.

Зерттеудің міндеттері:

  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 03 ақпандағы № 29, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 06 ақпандағы № 45, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Төрағасының 2017 жылғы 07 ақпандағы № 4 н/қ бірлескен бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік органдардың ашықтығы» бағыты бойынша Мемлекеттік органдардың азаматтармен өзара іс-қимылын бағалау әдістемесінің (бұдан әрі - Әдістеме) критерийлеріне сәйкес ОМО, оның ішінде комитеттер мен ЖАО интернет-ресурстары тиімділігіне сараптамалық бағалау;

  • әдістемеге сәйкес әрбір критерий бойынша салмақты қорытындылық балын анықтау (интернет-ресурсының gov.kz доменді аймағының бар болуы, Интернет желісіндегі алға басу, ақпараттың толықтығы мен сапасы);

  • ҚР ОМО, оның ішінде комитеттер мен ЖАО интернет-ресурстарының жалпы рейтингісін қалыптастыру;

  • ҚР ОМО, оның ішінде комитеттер мен ЖАО жеке ресми интернет-ресурстарын дамыту бойынша ұсынымдарды әзірлеу.

  1. 2017 жылдың бірінші жарты жылдық нәтижелері бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстары тиімділігін бағалау

Осы Шартқа сәйкес 2017 жылдың екінші жарты жылдығына ОМО, оның ішінде комитеттер мен ЖАО ресми интернет-ресурстарына мониторинг, сондай-ақ 2017 жылдың желтоқсан айының 25-не дейін кешіктірмей Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігіне мониторингінің қорытындылары туралы есебін берумен жүргізіледі.

МО ашықтығын бағалау шеңберінде «Мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсын қолдау» көрсеткіші бойынша ең жоғарғы салмақты мәні Әдістемеге сәйкес 20 балды құрайды, оның ішінде:


  • интернет-ресурстың қол жетімділігі (5 балл);

  • ақпараттың толықтығы мен өзектілігі (10 балл);

  • интернет-ресурстың мобилді нұсқасы (5 балл).

Әрбір индикатор бойынша параметрлер анықталады, оған сәйкесінше тиісті балдар қойылады. Қорытынды балдар негізінде, әрбір параметр бойынша интернет-ресурстарды ранжирлеу жүргізілді және есептік кезеңде ОМО және ЖАО интернет-ресурстарының тиімділігіне қорытынды балл қойылды.

Мемлекеттік органдардың инернет-ресурстарын бағалаудағы талдаудың нәтижесі келесі сатыға сәйкес бағаланды:

Жоғары тиімділік – қорытынды нәтижеден 90 пайыздан жоғары;

Орташа тиімділік – 70-89,9 пайыз;

Төменгі тиімділік – 50-69,9 пайыз;

Тиімсіз нәтиже – 50 пайыздан кем.



    1. Орталық мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының тиімділігі рейтингісі

«Мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсын қолдау» көрсеткіші бойынша ОМО арасынан тек ЕХӘҚМ интернет-ресурсына 2017 жылдың екінші жарты жылдық қорытындысы бойынша ең жоғарғы балл берілді.

Интернет-ресурстың артықшылықтарына уақытылы ақпаратты жаңарту, сонымен қатар қолданушыларға нақты көзделуі, функционалды навигация жүйелері, көлемді ақпараттық материалдарда оңай бағдарлану мен маңызды бөлімдерге қолданушылардың назарына екпін түсуі болып табылады. Осымен қоса, бастапқы бетінде рұқсат беру және мемлекеттік қызмет көрсетуде, заңнамадағы өзгерту бөлігінде интернет-ресурстағы соңғы жаңартулар туралы пайдаланушыларына хабардар ететін, айдарды орналастырып, 2017 жылдың бірінші жарты жылдығындағы сәйкессіздікті жойды. Алайда, мемлекеттік орган ресми оқиғаларының күнтізбесі өзекті емес.

Сонымен қатар, аталған көрсеткіште ОМО интернет-ресурстарын бағалаудың нәтижелері бойынша ЭМ, ол ақпараттылығымен, қолданушылардың барлық деңгейлеріне, соның ішінде мүмкіндігі шектеулілерге бағдарланғануымен ерекшеленеді. Министріктердің интернет-ресурстарында міндетті ақпараттық блоктардың барлығы толықтай ұсынылған. Бұған қоса, ЭМ интернет-ресурсында мемлекеттік органмен өткізілетін, конкурс туралы порталда орналасқан хабарландырулардың электрондық мемлекеттік сатып алуларды тиісті беттерінде сілтемелердің жоқтығы анықталды.

«Интернет желісіндегі интернет-ресурсқа қолжетімділік» параметрі бойынша барлық ОМО, оның ішінде комитеттер мен ЖАО 100% нәтиже көрсетті. Осылайша, МО барлық интернет-ресурстары google, yandex, mail.ru іздеу жүйелерінде бастапқы 10 позицияда тұр.

«Интернет-ресурстағы ақпаратқа қолжетімділік» параметрі бойынша жалпы саннан 76,47% құрайтын 17 ОМО ішінен 13, ақпаратты іздеуге қолжетімділік талаптары орындалмағаны анықталды. Сондай-ақ, 14 ОМО интернет-ресурсында активтік емес сілтемелері және пайдаланылмайтын беттерінде сілтемемелері бар, ол МО интернет-ресурсына іздеу жүйесін нашарлатады және пайдаланушылардың кіру санын азайтады.

«Нашар көретін адамдар үшін ақпараттың қолжетімділігі» параметрі нашар көретін және көзі көрмейтін адамдар үшін интернет-ресурсының баламалы нұсқасын құру жолымен қамтамасыз етіледі.

Қазіргі таңда, нашар көретін және көзі көрмейтін адамдар үшін интернет-ресурсының баламалы нұсқасы АШМ мен Жамбыл облысы әкімдігі интернет-ресурстарында жоқ. 14 ОМО-да графикалық файлдар суретті түсіндіретін мәтінмен сүйемелденбеген, интернет-ресурсының парақтарында графикалық ақпарат орналастырылған кезде оны барлық пайдаланушылардың түсінуі үшін баламалы қолтаңба жоқ.



Төменде, 1-кесте мен 1-суретте ОМО интернет-ресурстарының тиімділік рейтингісі көрсетілген.

Таблица 1. 2017 жылдың екінші жарты жылдығы үшін «Мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсын қолдау» көрсеткіші бойынша ОМО интернет-ресурстарын бағалаудың нәтижесі бойынша рейтинг



р/с

ОМО

Мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсын қолдау

Жалпы балл

Нәтиже, %

Интернет-ресурстың қол жетімділігі

Ақпараттың толықтығы мен өзектілігі

Интернет-ресурстың мобилді нұсқасы



ЕХӘҚМ

4,90

9,97

5

19,87

99,35



ЭМ

4,65

9,83

5

19,48

97,40



АКМ

4,04

8,76

5

17,8

89,00



МСМ

4,13

8,69

4,76

17,58

87,90



ӘМ

4,69

9,88

2,99

17,56

87,80



ҰЭМ

4,45

8,06

4,76

17,27

86,35



ИДМ

4,22

9,68

2,98

16,88

84,40



МҚІА

4,36

7,55

4,72

16,63

83,15



ДІАҚМ

4,08

7,47

4,76

16,31

81,55



ҚМ

3,74

7,52

4,7

15,96

79,80



АШМ

3,63

7,68

4,64

15,95

79,75



МЗ

3,98

7,51

4,16

15,65

78,25



СІМ

4,06

6,43

4,78

15,27

76,35



ҚАӨМ

4,08

5,99

4,94

15,01

75,05



БҒМ

3,65

6,06

4,38

14,09

70,45



ҰБ

4,3

8,96

0,4

13,66

68,30



МВД

4,09

7,7

1,54

13,33

66,65



1-сурет. 2017 жылдың екінші жарты жылдығы үшін «Мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсын қолдау» көрсеткіші бойынша ОМО интернет-ресурстарын бағалаудың нәтижесі бойынша рейтинг

«Мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсын қолдау» көрсеткіші бойынша жоғары тиімділік ЕХӘҚМ (99,35%), ЭМ (97,40%).

АКМ (89%), МСМ (87,90), ӘМ (87,80%), ҰЭМ (86,35%), ИДМ (84,40), МҚІА (83,15%), ДІАҚМ (81,55%), ҚМ (79,80%), АШМ (79,75%), МЗ (78,25%), СІМ (76,35%), ҚАӨМ (75,05%), БҒМ (70,45%) орташа тиімділік айқындалды.

ҰБ (68,30%) пен ІІМ (66,65%) интернет-ресурстағы ақпараттың толықтығы мен қолжетімділігі бойынша төменгі тиімділікті көрсетті.

Жалпы, ОМО ақпаратқа қол жеткізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың нормаларын іске асыруға, мемлекеттiк органдардың интернет-ресурстарын ақпараттық толықтыру қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды сақтауға аса жауапкершілікпен жұмыстар атқарды.

Алайда, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының іске қосылу сәтінен бастап қайталанып келе жатқан басты бір мәселені ерекшелеуге болады, ол – орыс тілімен салыстырғандағы, қазақша тілде ақпараттың көлемінің аздығы.



Барлық индикаторлар бойынша максималды мүмкін болатын әр тілдік нұсқа 50 балды құрайды. Екі тілдегі ұсынылған ақпараттың қатынасы келесі түрде болады:


Тілдік нұсқа

Орташа балл

Максималды мүмкін болатын балл

%, ұсынылған ақпараттық толықтығы

Қазақ тіліндегі нұсқа

39,89

50

79,78%

Орыс тіліндегі нұсқа

41,12

50

82,24%



Мониторинг нәтижесі бойынша 4 ОМО ресми интернет-ресурстарында (ҚАӨМ, БҒМ, ҰБ, ІІМ) ақпараттың толықтығы мен өзектілігі, қолжетімділігінің типтік кемшіліктері, яғни қолданушыларға интернет-ресурсты пайдаланудың ыңғайы мен қарапайымдылық деңгейінің сақталмауы, интернет-ресурста жарияланатын ақпараттың өзексіз не толық емес болуы, мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарының мобилді нұсқасын ақпаратпен толықтай қамтылмауы анықталды.

Келесі, 2-кестеде аталған көрсеткіш бойынша ОМО арасындағы ресми интернет-ресурстардың нәтижелеріне салыстырмалы кесте ұсынылған.



2-кесте. ОМО интернет-ресурстарының рейтингті позициясын 2017 жылдың бірінші жарты жылдығындағы бағалау нәтижелерін 2017 жылдың екінші жарты жалдығымен салыстыру кестесі.



р/с

ОМО

2017 ж. бірінші жарты жылдық үшін ИР жалпы балл.

%, 2017 ж. бірінші жарты жылдық.

2017 ж. екінші жарты жылдық үшін ИР жалпы балл.

%, 2017 ж. екінші жарты жылдық.

Динамика,(+/-)

Позиция



ЕХӘҚМ

19,75

98,75

19,87

99,35

+0,6

1

-

1



ЭМ

19,47

97,35

19,48

97,40

+0,05

3



2



АКМ

19,58

97,90

17,8

89,00

-8,9

2



3



МСМ

19,36

96,80

17,58

87,90

-8,9

3



4



ӘМ

17,45

87,25

17,56

87,80

+0,55

6



5



ҰЭМ

15,81

79,05

17,27

86,35

+7,3

11



6



ИДМ

19,18

95,90

16,88

84,40

-11,5

5

  • -

7



МҚІА

16,64

83,20

16,63

83,15

-0,05

9



8



ДІАҚМ

10,1

50,50

16,31

81,55

+31,05

17



9



ҚМ

17,41

87,05

15,96

79,80

-7,25

7

  • -

10



АШМ

17,39

86,95

15,95

79,75

-7,2

8

  • -

11



ДСМ

16,28

81,40

15,65

78,25

-3,15

13



12



СІМ

15,23

76,15

15,27

76,35

+0,2

12



13



ҚАӨМ

14,31

71,55

15,01

75,05

+3,5

15



14



БҒМ

14,5

72,50

14,09

70,45

-2,05

14



15



ҰБ

13,64

68,20

13,66

68,30

+0,1

16

-

16



ІІМ

14,68

73,4

13,33

66,65

-6,75

13



17

Интернет-ресурстың тиімділігі бойынша 8 ОМО-да (ЕХӘҚМ, ЭМ, ӘМ, ҰЭМ, ДІАҚМ, СІМ, ҚАӨМ, ҰБ) оң динамика, ал 9 ОМО-да (АКМ, МСМ, ИДМ, МҚІА, ҚМ, АШМ, ДСМ, БҒМ, ІІМ) кері динамика байқалады (2-суретті қарау).

ОМО интернет-ресурстары рейтингісі позицияларын қарастыра отырып, 2017 жылдың бірінші жарты жылдығына қарағанда өз көрсеткіштерін жоғарылатқан 7 ОМО (ЭМ, ӘМ, ҰЭМ, МҚІА, ДІАҚМ, ДСМ, ҚАӨМ), 8 ОМО (АКМ, МСМ, ИДМ, ҚМ, АШМ, СІМ, БҒМ, ІІМ) төмендетті, ал ҰБ өз позициясында қалды. Көрсеткіштердің төмендеуінің себебі ақпараттардың уақытылы өзектіленбеуі және орналастыруға міндетті қатарлардың жоқ болуы, сондай-ақ МО жаңадан құралған интернет-ресурстарының ақпараттық толықтыру қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды сақтамауы жатады.

ОМО-ның интернет-ресурстарының тиімділігі туралы толық ақпарат 1,2,3-қосымшаларды көрсетілген.



2-сурет. ОМО интернет-ресурстарының рейтингті позициясын 2017 жылдың бірінші жарты жылдығындағы бағалау нәтижелерін 2017 жылдың екінші жарты жалдығымен салыстыру динамикасы.

    1. Каталог: sites -> default -> files -> pages
      pages -> Конкурс жариялайды Конкурс жариялаған орган атауы : Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы
      pages -> Шетелдегі және еліміздегі ғылым және технологиялардағы қызықты оқиғалар
      pages -> 1 Әлемдегі инновациялар
      pages -> Әлеуеттік қауіп жағдайларында немесе террористік акт жасалғанда, сондай-ақ терроризмге қарсы операция жағдайларында азаматтардың іс-қимылына
      pages -> Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар


      Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет