1 глоссарий 1 Стилистика



бет2/8
Дата08.11.2019
өлшемі163,94 Kb.
#51425
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
59d5cdc5-6cfc-11e5-9d50-f6d299da70eeУМКД Стилистика мәтін-1
мкт кмж 10 сын, мкт кмж 10 сын

Бақылау сұрақтары:

  1. Функциональды стильдердің лексикалық құралдарының ұйымдастыру ерекшеліктеріне тоқтал.

  2. Функциональдық стильдер дегеніміз не

  3. Функционалды стиль түрлерін атаңыз?

  4. Стилистикалық норма дегеніміз не

  5. Сөздің стилистикалық мағынасының функциональды стильдердегі ерекшелігі неде

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

1. Балақаев М. Томанов М. Жанпейісов Е. Манасбаев Т. Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1974, 264 б.

2. С.Хасанова, Ғ.Жексембаева Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1999

3. Мұсабекова Ф. Қазақ тілінің практикалық стилистикасы. Алматы, 1982

4. Е.Жұбанов Қазақтың ауызекі көркем тілі, Алматы, 1996

5. Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. А, 1984


3 -дәріс. Ауызекі сөйлеу стилі. Тілдік нормадан ауытқу құбылыстары
Дәріс сабағының мазмұны:

1. Ауызекі сөйлеу стилі

2. Тілдік нормадан ауытқу құбылыстары

3. Сөз қолдану мәдениеті, ерекшеліктері.


Ауызекі сөйлеу стилі. Жалпы сипаттамасы. Ауызекі сөйлеу стилінің шағын түрлері (подстильдер): бейресми ауызекі сөйлеу шағын стилі; ресми ауызекі сөйлеу шағын стилі; әдеби ауызекі сөйлеу шағын стилі; тұрмыстық-ауызекі сөйлеу шағын стилі.

Ауызекі сөйлеу стилінің ситуацияға қатыстылығы. Ауызекі сөйлеу стиліндегі ситуацияның ролі. Ауызекі сөйлеу стиліндегі әлеуметтік жағдайлар.

Ауызекі сөйлеу стилінің прагматикалық факторға негізделуі.

Ауызекі сөйлеу стиліндегі стилистикалық амал-тәсілдер. Ауызекі сөйлеу стилінің фонетикалық-интонациялақ ерекшеліктері. Ауызекі сөйлеу стилінің лексикасы мен фразеологиясы. Ауызекі сөйлеу стилінің морфологиясы мен синтаксисі.

Ауызекі сөйлеу стилінің мәдениеті. Ойдағыдай қарым-қатынас жасаудың шарттары (коммуникативтік қажеттілік; әңгімелесушінің көңіл күйі; тыңдаушының айтушы көңілін түсіне білуі; айтушының әңгіме нысанын жеткізе алуы; сөйлеу кезіндегі сыртқы жағдай; сөйлеушінің сөз әдебін сақтай білуі, сөз әдебінің бұзылу себептері т.б.). Коммуникативтік сәтсіздіктің себептері (коммуникативтік ортаның ықпалы; әңгімелесушілердің арасындағы сәйкессіздік; сөз арасындағы қисынсыз ескертпе т.б.). Коммуникативтік мақсат, сөйлеу стратегиясы мен тактикасы, тәсілдері. Тілдік қарым-қатынастың жанрлары (ақылдасу, әңгімелесу, талас, әңгіме, тарих, хат, күнделік, т.б.) Тілдік қатынастағы әдеп.

Ауызекі сөйлеу стилінің лингвистикалық және экстралингвистикалық белгілері.



Сөз мәдениетінің ғылыми пән ретінде тексеретін негізгі объектісі, біріншіден, тілдік норма. Осыған сәйкес қазақ сөз мәдениеті де нормативті аспектіде аспектіде көбірек қарастырылды. Атап айтқанда, әдеби тіл нормасы норма және оның жүйемен, дағдымен байланысы; орфографиялық норма, орфоэпиялық норманың типтері мен түрлері (Р.Сыздық), варианттылық пен норма т.б. жөніндегі зерттеулер тілдік норманың ортологиялық базасын кеңейте түсті. Ә.Жүнісбековтің үндесім заңын дауыстылар мен дауыссыздардың акустика-артикуляциялық жақтан үйлескен бірлігі ретінде қарайтын жаңаша зерттеуі; Е.Қажыбековтің тарихи фономорфология, А.Айғабыловтың морфонология, М.Жүсіповтің сингормофонология, С.Мырзабековтің орфоэпия мен орфографиялық нормаларды өзара барынша жақындату туралы ой-пікірлері, Ж.Әбуовтің перцептивті фонетика, З.Базарбаеваның қазақ тілінің интонациялық құрылымы туралы зерттеулері тілдік норманың теориялық, фактологиялық базасын толықтыра түсті.
Сөз мәдениеті – көпвекторлы ғылыми пән. Ә.Т.Қайдаров, М.М.Копыленко, А.Е.Карлинский, Е.Жанпейісов, Э.Д.Сүлейменова, К.Ш.Хұсайынов, Б.Хасанов, З.Қ.Ахметжанова, С.С.Құнанбаева т.б. ғалымдардың қазақ тілтанымы мен жалпы тілтанымға қатысты зерттеулерінің нәтижелері сөз мәдениеті пәнінің типологиялық теориялық базасын байыта түсіп отыр. Сондай-ақ, Ж.Манкеева, С.Сатенова, Г.Смағұлованың лексика-фразеологиялық, этнолингвистикалық бағыттағы зерттеулері тілдік тұлғаны дәстүрлі мәдениеттің өкілі, тұтынушысы, дамытушысы ретінде тануға, тілдік тұлғаның сөз қолданысындағы этномәдени компоненттердің сипатын айқындауға жәрдемін тигізетіні сөзсіз. Ө.Айтбаев, Б.Қалиев, Ш.Құрманбайұлының терминдік лексиканың нормалық қасиеті туралы ой-тұжырымдары, Б.Момынованың газет лексикасын, ондағы қоғамдық-саяси атауларды ерекше номинативтік әрі функционалды бірлік ретінде қарайтын ізденістері тілдік норманың қолданыстағы қырларын айқындауға негіз болады. Қазақ ономастикасы бойынша проф. Т.Жанұзақовтың, А.Әбдірахманов т.б. зерттеушілердің ой-пікірлері ономастикалық атаулардың таңбалануының орфографиялық, орфоэпиялық нормаларын анықтауға жәрдемі тисе, Е.Керімбаев, Г.Б.Мәдиева, Қ.Рысбергенова, А.Жартыбаев, Б.Тілеубердиев т.б. ономастардың антропоцентристік аспектідегі ізденістері тілдік ұжымның когнитивтік санасындағы ұлттық ономастикалық кеңістікке қатысты білімдер жүйесін айқындауға мүмкіндік береді. Р.Әміров, З.Ерназарованың сөйлеу тілін коммуникативтік-функционалдық жүйе тұрғысынан тани отырып, тілдік-амал тәсілдердің прагматикасын коммуникативтік жағдаятпен (ситуациямен) орайластыра қарайтын сәттері, сонымен қатар тілдік коммуникация құрылымының жүзеге асуын, коммуникацияға қатысушылар (коммуникативтік тұлға) коммуникацияның вербалды//бейвербалды түрінің ерекшеліктерін теориялық әрі әдістемелік тұрғыдан қарастырған Ф.Оразбаеваның зерттеулері, сөз мәдениетінің коммуникативтік-нормативтік аспектісіне қатысты жайттарды айқындауда маңызды болмақ. М.Малбақовтың лексика-фразеологиялық бірліктерді түсіндірме сөздікте берілуі тәртібі, сөз мағыналарының түсіндірілуі сөзді лексикографиялаудағы норма мәселесіне байланысты тұжырымдары; әдеби тіл нормаларын оның даму кезеңдерімен байланысты қарайтын Ш.Мәжітаеваның; қазақ жазуының теориялық негіздері, жазба тілдің құрылымдық ерекшеліктері, жазба тіл нормасы жөнінде К.Күдеринованың ізденістері сөз мәдениетінің нормативті аспектісін жаңаша пайымдаулармен толықтыра түседі. Тілдік норманың тарихи сипатын, “ескі” мен “жаңа” норманы айқындауда Ә.Құрышжанов, Б.Сағындықұлы, А.Салқынбай, Ш.Жалмаханов, М.Сабыров т.б. ғалымдардың тарихи-салыстырмалы зерттеулеріндегі нәтижелер мен ондағы әдіс-тәсілдер, сондай-ақ жарыспалы норманың басым түрлерін тілдік тұлғаның сөз қолданысындағы жиіліктері арқылы айқындаудың К.Бектаев, А.Жұбанов жасаған статистикалық әдістері сөз мәдениетінің әдістемелік базасының шеңберін кеңейте түсетіні сөзсіз.
Орыс тілтанымы мектептерінің басында тұрған көрнекті тұлғалар Л.В.Щерба, В.В.Виноградов, С.Ожегов т.б. еңбектеріндегі, сондай-ақ Прага лингвистикалық мектебі өкілдерінің, әсіресе В.Матезиустің тіл мәдениетінің жалпы ұстанымдарының, жалпы тіл біліміндегі теориялық тұжырымдар мен концептуалдық пайымдауларының қазақ сөз мәдениетінің теориялық пән ретінде қалыптасуы мен дамуына тигізген ықпалы ерекше болғаны мәлім.
Жоғарыда атап көрсетілген зерттеу нәтижелері мен тілді зерттеудің жаңа бағыттары қазақ тілінің әлеуметтік ахуалын жақсартып, мәртебесін көтерудің сөз мәдениетіне тікелей қатысы бар екенін көрсетіп отыр. Өйткені мәдениеті жоғары тіл ғана ұлттық тіл, мемлекеттік тіл ретінде қызметін мінсіз атқара алады. Осыған орай сөз мәдениетін зерттеу өзекті сипат алып, оның мынадай келелі-келелі мәселелерін айқындап, оларды ғылыми негізде шешуді күн тәртібіне қойып отыр. Ұлттық әдеби тілдің дәстүрлі нормаларын сақтау, оның дамуындағы негізгі үрдістерді айқындау, жаңа нормалардың сипаттамасын жасау мен сөздің коммуникативтік сапасы жөнінде лингвистикалық білімдерді жинақтап, жүйеге салу осымен байланысты қазіргі лингвистикадағы антропоцентристік бағытқа сәйкес қазақ сөз мәдениетінің іргелі ұғымдары мен аппараттарын, негізгі теориялық қағидалары мен басты ғылыми принциптерін, қайта қарап, айқындау, зерттеу объектісі мен пәнін дәлдеу, нақтылау қазақ сөз мәдениетіндегі өзекті мәселелер болып табылады. Сөз мәдениеті осы кезге дейін негізінен тілдік құрылымдық жүйеде зерттелсе, ендігі жерде антропоцентристік бағытты бағдарға алуы жұмыстың негізгі жаңалықтарының бірі болып табылады. Сөздің коммуникативтік сапасына баға беру тілдік норма жағынан қарастырылса, ендігі тұста тілдік және тілдік емес мәнділіктерді тек нормативті аспектіде қарастырмай, функционалдық, коммуникативтік-прагматикалық, когнитивтік, лингвомәдени аспектіде зерттеу; тілдік тұлғаны сөз мәдениеті пәнінің түпқазық ұғымы ретінде алу; сөз мәдениеті бұғанға дейін сөйлеуші (автор, коммуникатор, адресант сөз субъектісі) позициясы тұрғысынан қарастырылса, ендігі тұста тыңдаушы (адресат, коммуникант, реципиент) тұрғысынан қарау, соның негізінде сөздің сапасына баға беру зерттеудің коммуникативтік аспектідегі жаңалықтары болып саналады. Тілдік норманы кодификациялауда практикаға сүйену басым болса, ендігі кезекте оның сүйенетін теориялық негіздерін көрсету, тілдік және тілдік емес нормалардың түрлерін айқындай отырып, сөздің сапасын анықтауда тілдік нормаға сүйену жеткіліксіз, тілдік емес нормаларды да ескеру, тілдік, тілдік емес нормалардан ауытқулардың себептерін уәжді ауытқудың әсерімен ықпалын ашу зерттеудің нормативті аспектіге қатысты жаңалығы. Сөзді вербалды және когнитивтік әрекеттердің нәтижесі ретінде қарау, тілдік тұлғаны сөз мәдениетінің іргелі түпқазық ұғымы ретінде алу, тілдік тұлғаның санасындағы тілдік және тілдік емес білімдер жүйесін когнитивтік құрылым ретінде қарай отырып, коммуникацияның сәтті/сәтсіздігін білімдер жүйесімен байланыстыру зерттеудің когнитивтік аспектісімен байланысты жаңалығы деуге болады.
Мәтінді адресант тарапынан тілдік ақпараттар кодқа салынған лингвистикалық таңбалар жүйесі, лингвомәдени ақпараттар кодқа салынған таңбалар жүйесі, эстетикалық мәнділіктер мен этикалық мәнділіктер кодқа салынған таңбалар жүйесі ретінде алып, мұндай күрделі семиотикалық жүйедегі кодты адресаттың қалай ашатынына талдау жасау зерттеудің лингвомәдени аспектідегі жаңалықтары болып табылады.
Сонымен бірге тілдік қарым-қатынастың этикалық нормасын ерекше конвенционалды жүйе ретінде қарастыра отырып, қарым-қатынастың эксплицитті және имплицитті түрде қандай тілдік құралдармен, амал-тәсілдермен жүзеге аса алатынын көрсету зерттеудің этикалық аспектісіне қатысты жаңалығы деуге болады.

Сөз қолдану мәдениеті Сөздің қолданылу ерекшеліктері. Тіл коммуникативтік қызметін ауызша да, жазбаша да атқара алады. Тіл дыбыстары әріп арқылы таңбаланады. Нәтижеде оның қатынас құралы ретінде пайдалану өрісі кеңейеді. Жазу – адамзаттың, материяның өмір сүру формасы болып табылатын кеңістік пен уақытқа тәуелді болмай қарым-қатынас жасауына мүмкіндік туғызатын аса бағалы құрал. Олай дейтініміз, ауызекі қарым-қатынас жасаудың мүмкіндігі сөйлеуші мен тыңдаушы арасындағы кеңістігіне байланысты болады да, оның шеңберінен ұзап кете алмайтыны белгілі. Ал кеңістіктің шеңбері құлаққа естілудің мүмкіндігімен ғана өлшенеді де, адамдар ауызша тілдескенде, көзбе-көз жүздескенде ғана бір-бірімен санасып пікір алыса алады. Алайда мұндай салыстыру ауызекі тілдің қызметіне нұқсан келтірмесе керек. Ауызекі пікір алысу күнделікті өмірде аса құнды қызмет атқаратынын ешкім жоққа шығара алмайды. Жазбаша тілдің ауызекі тілден кейін пайда болған, оның таңбалайтын белгілердің жасауымен байланысты екендігі белгілі. Жазудың пайда болып, соған сай жазбаша тілдің дүниеге келуінің адамзат мәдениетінің тарихында орасан зор маңызы болды. Жазу-сызусыз мәдениет атаулыны, техника прогресін, цивилизация дамуын көзге елестетудің өзі мүмкін емес. Орыстың көрнекті жазушысы Леонид Леонов жазудың адамзат өміріндегі маңызы жайында былай дейді: «Адамдардың тегін қорлық жағдайдан бөліп алып шыққан, өткен замандарда ашылған ұлы жаңалықтардың ішінде жазу өте-мөте үлкен қызмет атқарады. Әліпбидің пайда болған күнін адамның өзін-өзі біліп ұғынудың дәуірі деп есептеуге болады. Осыдан кітап басу станогінің пайда болуына тура жол ашылды. Адам өзінің қазіргі биігіне нақ кітап арқылы баспалдықпен көтерілгендей көтерілді». Адам, қоршаған орта, табиғат, қоғам жайындағы білімді негізінен жазба тіл арқылы хатқа түсірілген, «балталасаң кетпейтіндер» оқу арқылы меңгереді. Адамзаттың сонау көне дәуірінен бастап, біздің күні бүгінімізге дейінгі сан ғасырлар бойына ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласында жасаған күллі мәдени байлығын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген де – жазба тіл. Алдыңғы ұрпақ жасаған және бүгінгі таңда жасалынып жатқан мол рухани дүниені бізден кейінгі ұрпақтарға, дәуірден дәуірге жеткізетін де – жазба тіл. Жазудың тарихы өте ерте дәуірден басталады. Көне жазуды да, қазіргі жазуды да зерттеп білудің әрі теориялық, әрі практикалық үлкен мәні бар. Көне жазу нұсқаларын талдап зерттеуде орасан зор маңызы бар. Жазудың тарихын зерттеп білу тіл білімі үшін ғана емес, сонымен бірге тарих ғылымы үшін де, археология мен этнография үшін де маңызы айрықша. Қазіргі біз пайдаланып жүрген жазу көп кейін туған. Оны былай табушы ежелгі финикийліктер деседі. Олар алфабетикалық жазу деп аталады және ауызекі сөйлеумен тығыз байланысты: графемамен (әріппен) фонема (сөйлеген сөздің дыбысы) белгіленеді. Әр тілде фонеманың саны шектеулі болады, сондықтан да шағын мөлшердегі графамен кез келген ойды білдіруге болады. Жазудың тарихына көз жіберсек, әріппен таңбалаудың кейінірек болғанын көреміз. Жазу өте ерте заманда жасалып, мыңдаған жылдар бойы өзгеріп, дамып келеді. Жазу жүйесі таңбалардың жиынтығынан құралады. Ол таңбалар бүтіндей сөзді, не буынды, не дыбысты білдіреді. Жазу жүйесіндегі таңбаларды не бүтіндей хабарды, не жеке сөзді, не буынды, не дыбысты белгілеуіне қарай, жазу мынадай түрлерге бөлініп қарастырылады: 1) пиктографиялық жазу 2) идеографиялық немесе логографиялық 3) морфемографиялық 4) силлабографиялық 5) фонелографиялық Пиктографиялық жазу – жазудың ең алғашқы түрі. Бұл – суретке негізделген жазу. Сондықтан оны кейде сурет жазуы деп те атайды. Пиктографиялық жазудың таңбалары пиктограммалар деп аталады. Бұл жазу әр түрлі суреттердің жиынтығынан құралған. әрбір сурет (пиктограмма) өздігінен бүтіндей хабарды білдіре алады. Хабар графикалық жағынан жеке сөздерге бөлшектенбейді. Осыған орай пиктограмма тілдік формаларды емес, оның мазмұнын бейнелейді. Логографиялық жазу. Пиктографиялық жзудың біртіндеп даму барысында идеографиялық жазу пайда болды. Логографиялық таңба не жеке сөзді немесе атауыш бөлігін белгілейді. Морфемографиялық жазу. Морфемалармен жазу, жазу белгісі морфемограмма. Силлабография - «буынды жазу», жазу бірлігі силлабограммалар. Фонелография – «фонемалар мен жазу» яғни тіл дыбыстарын белгілі таңбалармен белгілеу. Тіл дыбыстары жазуда графикалық таңба әріптермен таңбаланады. Бірінен кейін бірі рет ретімен орналасқан әріптердің жиынтығы әліпби деп аталады. Міне, осылайша адамзат бүгінгі жазу үлгісіне жетті. Орфографиялық норма. Орфография гректің orfos-түзу, дұрыс, qrapho-жазамын деген сөзінен алынған. Орфография деп белгілі бір тілдегі сөздердің дұрыс жазылуы туралы ережелердің жиынтығын айтамыз. Орфография тілдегі сөздердің, олардың грамматикалық формаларынан біркелкі жазылу нормасын белгілейді. Әдеби тілдің лексикалық, орфоэпиялық грамматикалық нормасы әрбір сауатты адамға қандай міндетті болса, сөздердің жазылу нормасы да сондай міндетті. Тілдің орфографиялық үкіметтің бекітуі де оның жалпы халыққа ортақ, міндетті екенін аңғартады. Бұл - сөздердің біркелкі жазылуын қалыптастыруға көмектеседі. Біркелкі жазу қалыптасқан тілде сөздің жазылу бейнесі сауатты адамға белгілі сөзді білдіретін бір тұтас жазу таңбасына айналады. Сөздің графикалық бейнесінің адам санасында әбден бекуі сөздерді дағды бойынша дұрыс жазып, тез оқуға көмектеседі. Қазақ жазуының ең бірінші орфографиялық ережелер жинағы 1914 жылы ғана жарық көрген. Бұған дейін қазақ халқы араб әліпбиін пайдаланып жүргенімен, қазақ тіліндегі сөздің қалай жазылуын білдіретін ережелер жиынтығы болмаған. 1911 жылдан бастап, баспа бетінде қазақ жазуын жүйеге келтіру, сөздердің дұрыс жазылуын айқындау жайында пікір-талас болып, ол қазақ тілі орфографиясын жасауға әкелді. Сөйтіп, 1914 жылы қазақ тілі орфографиясы пайда болды. Бұл орфография ережелері 1924 жылы толықтырылды, кейбір ережелер өзгеріссіз қалды. Бұл ережелер 1929 жылға дейін қолданылды, 1929 жылдан 1940 жылға дейін латын әліпбиіне көшумен байланысты қабылданған қазақ тіл орфографиясы қолданылды. Қазақ тілінің қазіргі орфографиясының алғашқы нұсқасы 1940 жылы орыс графикасына көшумен байланысты қабылданған, дәлірек айтсақ, 1940 жыл 10 қазанда Қаз ССР жоғарғы советінің Ү сессиясы қазіргі қазақ орфографиясын бекітті. Қазіргі қазақ орфографиясы қабылданғаннан бері екі рет 1957,1983 жылы ресми өзгерістер енгізілді. Қазақ тілі ережелеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың орфографиялық норманың бір жүйеге түсуінде маңызы зор болды. Әсіресе терминдік мәні бар сөздердің жазылуы басқа тілден енген сөздерге қосымшаның жалғану заңдылықтары тәртіпке келтірілді. Алайда қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне келгеннен соң орфографиялық заңдылықтарды қайта қарап, тұжырымдау – уақыт талабы. Жазбаша сөйлеудің ерекшеліктері. 1. Жазбаша сөзде сөйлемге байланысты қойылатын тыныс белгілерден басқа оны қабылдауға әсер етудің қосымша құралдары болмайды. 2. Жазбаша сөйлеудің логикалық жағына аса қатаң талап қойылады. Алайда қойылатын басты шарт: жазбаша сөз бастан аяқ түсінікті болуы шарт. 3. Жазуда орфографиялық норма қатаң ескеріледі. 4. Автордың көңіл-күйі (сүйсіну, күйіну т.б.) орнын тауып қойылған сөздер мен сөз тіркестері арқылы беріледі. Сондықтан әр сөздің ой елегінен өткізіп айтайын деген пікірге дәл беретін сөздерді таңдап, талғап құрастыру тиіс. Сөз қолданудың негізгі принциптері. Сөз – ойды білдірудің, сөйлем құаудың басты материалы. Құрылыс материалынсыз үй салуға болмайтыны сияқты, сөзсіз сөйлем құуға болмайды. Сөйлем – адам ойын айтудың негізгі формасы. Сөйлемге қатынасты әрбір сөз – айтайын деген мақсатты ойдың қажетті бөлшегі. Сөйлем жеке сөздерден құралғанда, ол сөздер айтылмақ ойдың бірден-бір дәл қондырған бөлшегі тәрізді болу керек. Сөйлемде бір сөздің орнына басқа сөзді қоя салған кісі тіл жұмсаудағы ұқыпсыздықтан болған сәтсіздікке душар болады. Мысалы, - Сіз де бірге жүріңіз дегенді кейбіреулер – Сіз де қос жүріңіз, - деп жазады. Осындағы «қоса» сөзі бұл сөйлемде емес, - сені де қоса алып кетпекші – дегендей орайда айтылуға тиіс қой. Немесе «одан бетер» сөздерін: - Баланың тәрбиесі одан бетер жақсармақ, - деген құрамда жұмсаудың да үйлесімі жоқ. Алпысқа келген аса қадірмен кісінің қуанышты тойын құттықтаған бір азамат: - Тойың торқа болсын! – деген тілек білдіріреді. - Осы да сөз болып па? Қазақ «Топырағың торқа болсын!» деп өлген кісіге айтар болар еді. Мынау не деген сұмдық?! – деп шошына, қынжыла сөйлеген қартты білемін. Жазуда, сөйлеуде кісі ойына керекті сөз таңдағанда, олардың стильдік ерекшеліктерін ескеру керек. Бұдан 20-30 жыл бұрын, әдеби тіліміз қалыптасуға бет бұрғанда, қазақ халқының тіл байлығын сарқа пайдалану үшін, оның керегін әдебиет елегінен өткізіп сұрыптап алу үшін әркім естіген-білгенін әдебиетке еркін ендіре берсін деп қарайтын едік. Әдеби тілдің қалыптаса бастаған кезеңдерінде, тіл жұмсаушыларға берілген ондай «еркіндікті» расында көп пайдасы тиді: Кен асылы жерде, сөз асылы елдең екеніне көзіміз жетті; біреу біліп, біреу білмейтін, не көп қолданылмайтын мыңдаған сөздер әдеби тіл қазынасына енді, жарыса, қатарласа айтылатын түрлі сөздер мен грамматикалық тұлғаларды емін-еркін пайдалана жүріп, соларды сұрыптап керектісін алып, керексізін әдебиетке тілдік норма ретінде пайдаланбайтын болдық. Сонымен қатар мағыналас сөздермен жарыса айтылатын грамматикалық тұлғалардың әрқайсысы әр түрлі стильдік өң алып, тілде жатығып кетті. Әдеби тілдің ілгері даму процесінде мыңдаған қарапайым сөздердің бұрынғы мағыналары өзгертіліп, не кеңейіп терминдік қызу атқаратын болды. Мысалы: одақ, күрес, жарыс, сын, отан, еңбек, өндіріс, құрылыс, ұйым, үндеу, құрал. Республикамызда қазақ тілінің тазалығы, икемділігі, жалпыға бірдей түсініктілігі үшін күрес жеткіліксіз. Баяғыда «қазақтың әдеби тілі де жас, оны есейту үшін жер-жердегі байлықты сарқа пайдаланайын деген болды. Ә.Сатыбалдиев жолдас: «Тіл шұбарлығы неде?» деген мақаласында былай дейді: «Орыс әдеби тілінің көп жылдық тарихы бар... біздің баспасөзіміз де, ғылымымыз да жас қой әлі. Сол себепті біз ата-бабамыздың жасап беріп кеткен сөздерінің көбін әлі қамтыта да үлгергеніміз жоқ». Осындай тұжырымға бой ұрушылар жазғанда дарынды, ата-бабаларымыздың аруағы ырза болсын дей ме екен, әйтеуір әдеби тілге үш қайнаса сорпасы қосылмайтын сөздерді де «біздің елде айтады» деп қаптата береді. Жарайды, жейде, дақыл, сүдігер, собық сияқты жергілікті сөздерді кедергімізге жаратайық (солай болып та келді), ал әрқашан, өнебойы, әрдайым деген сөздер тұрғанда, «бойлай» деп жазудың, әдеби тілдегі сияқты, сықылды, тәрізділерді місе тұтпай «рәуішті», «ыспатты» деуде ата-бабаларымыздың қандай ақысы бар? Жазушы Сафуан Шаймерденов «Мезгіл» атты жинағында әдебиет жұртшылығына онша таныс емес дәлсіз, туыссырап, ізнәрлі, сүлесоқтау, үйірсектік, репті, мұғар, шепеті сияқты сөздерді қолданған. Әрине, жазушы, журналист, басқа да авторлар диалектизмді, ел аузында өзгертіліп айтылатын сөздердің қыбын тауып, орынды қолданса, бір сәрі ғой, тіпті жөн-жорығы жоқ өзгешеліктер жанымызға қатты батады. Қазіргі қазақты баяғы қазақ деу – қиянат. Ал, қазіргі қазақ тілін «әлі жас» деу – бишаралық. Космосты меңгерген заманда, құлазыған даланы телегей теңіз егінге бөлеген дәуірде мәдениеттің, өнер-білімнің шыңына шыққан қазақ халқының осы күнгі тілін баяғысындай жас деуге болмайды. Әдеби тіліміздің тарихы дәл орыс әдеби тілінің даму, қалыптасу тарихындай болмағанмен, ол әлеқашан «жастықтан» шықты, әдеби тіліміз кемеліне келіп шыңдалды. Оны енді қызғыштай қорғап, ыбырсық сөзден, тым-тырайғылықтан сақтау керек. Сөз мәдениетін жетік білу үшін қазақ тілінің сөз байлығын жақсы білу керек. Сөзді көп білген кісінің айтқаны да тартымды болмақ. Қазіргі қазақ тілінің сөз байлығы ұштан-теңіз, әсіресе мал шаруашылығына, әдет-ғұрыпқа, отбасылық қарым-қатынасқа байланысты сөздер көп-ақ. Соңғы жылдары қазақ сөздерінің мағыналары сараланып, көп сөздердің мағыналары кеңейіп, орыс тілінен көптеген термин сөздер еніп, оның байлығы арта түсті. Орыс тілінде В.Дальдің сөздігі бойынша өткен ғасырдың екінші жартысында 200 мыңнан артық сөз болған. Одан бергі жерде орыс тілінің сөз байлығы артпаса, кеміген жоқ. Қазақ тілінің сөз байлығының санын дәл айту қиын. Өйткені бізде Дальдің сөздігі сияқты толық сөздік жасалған жоқ, қазақ тілі сөздерінің есебі алынған жоқ. Сонда да, шамамен айтқанда, қазақ тілінде 100 мыңнан артық сөз болу керек. Бұл аз байлық емес. Соның өзі біздің әр қырлы өміріміздің барлық әдеби мұқтаждығын өтеп келеді. Қазақ тілінде сөйлейтін кісілердің сөздік қоры бірдей емес. Үгітші, баяндамашы, журналист, жазушы және басқа интеллигенттер қазақ тілінің сөздерін молынан пайдалануға тырысу керек. Әдетте, білімді, мәдениетті, тіл өнеріне әуестігі күшті кісілердің сөз байлығы да мол болады. Сөз білудің екі түрі бар: кісінің өзі жақсы біліп, жиі қолданылатын сөздері және өзі білсе де, мағынасын түсінсе де, көп пайдаланбайтын сөздері. Адамның білімі, мәдениеті артқан сайын, оның сөзді игеру мүмкіншілігі арта түседі. Әдетте ел арасында көп болған, саяси, ғылыми әдебиеттегі, көркем әдебиетті зейін қойып оқитын кісілер сөзді көп біледі. Сөзді көп білуге де дарындылық, қабілет керек. Оқымыстылардың айтуына қарағанда, қатардағы интеллегенттің сөз байлығы 4-5 мың шамасында болса, ірі жазушылар мен көрнекті қоғам қайраткерлерінің жиі қолданатын сөздері 15-20 мыңдай болады. Тіл мәдениетіне жетік болу үшін сөзді көп білу жеткіліксіз, ол сөздерді жұмсай білу де керек. Сөзді жұмсай білу үшін олардың мағыналарын, мәндестік ерекшеліктерін, әдеби, әдеби еместік қасиетін, еркін және тұрақты тіркестер құрамына ену мүмкіншіліктерін жақсы білу керек. Сөз – көркем әдебиет тұрғысынан алғанда, жазушының, ақынның әсем шеберлігінің материалы, ол – көркем суреттің, образ жасаудың сырлы бояуы. Оны жазушы таңдап, талғап пайдаланбаса, әдебиеттің эстетикалық қасиеті, тәрбиелік әсері барынша солғын, көркемдік сапасы төмен болады. Көркем әдебиеттің сөз байлығы мол, әр жақты және таңдамалы болса екен деген талаптар қойылады. Көркем шығарма тілі – жалпыға ортақ халық тілі болумен қатар, эстетикалық сезімнің, образды ойдың да тілі, сондықтан оған ерекше талғам қажет-ақ. Бұл арада жалпыға бірдей өлшем табу да қиын. Әрбір суреткердің тілдегі сөз байлықтарын игере білу, оның ішкі дүниесіне бойлау дәрежесі түрліше болып келеді: біреу білмеген сөзді біреу біледі, бір сөзді әр ақын-жазушы өзінше «үндеуі», түрлі-түрлі мағыналық орайда қолдануы мүмкін. демек, қандай да бір сөз шеберлері болмасын, олардың әрқайсысы сөз пернесін өздерінше басып, сөз дабылын өздерінше қағады. Соның өзінде жазушы жалпы әдеби тіл нормаларынан жөнсіз ауытқып саяқ кетуге, әдебиет теориясы қағидаларын аяққа басуға тиісті емес. Жазушының әрбір сөйлемі мақсатты ойға сәйкес құралуға тиіс. Мақсатты ойды, оның үстіне, көрікті, көркем етіп жазу үшін керекті сөздерді дәл тауып қиюластырып, грамматикалық ережелерге бағындырып, жалпы халыққа ортақ тілдің басқа да заңдылықтарын сақтап жазу керек болады. Бұл талаптар жалпы әдеби тілге, соның ішінде көркем тіліне де қойылады. Көркем әдебиет тілінің, сонымен қатар, өзіндік стильдері, өзіне тән ерекше сөз қолдану заңдары болады. Жазушы, ақын әдетте сөздердің табиғи мүмкіншіліктерін (тура мағынасын, көп мағыналығын, синонимдік, антонимдік т.б. қасиеттерін) кең түрде пайдаланумен қатар, сөздерді ауыспалы, келтіріңкі мағынада, қанатты сөздер, тұрақты тіркестер және мақал-мәтелдер құрамында пайдаланады. Көркем әдебиет үшін бұлар да жеткіліксіз. Кқркем әдебиетке тән әр алуан көріктеу, шеберлік тәсілдері болады. Сөз шебері шыңдап пайдалануға тиіс. Олар: теңеу, эпитет, метафора, метонимия, кейіптеу, синекдоха, символ, аллегория, иорния, әсірлеу т.б. Көрікті ойдың көркем суретін салуға жұмсалатын амал-әрекеттің әр қилы бедері, көркемдік кескіні, эстетикалық әсері болады. Бұлардың шегі жоқ. Қай тілде жазылған көркем әдебиет болса да, оның еңсесі қаншама биік, тарихы ұзақ болғанымен, тілдің мол мүмкіншіліктерін сарқа пайдаланып тауысуға, біткен жері осы деп отыруға болмайды. Оларды әр жазушы өзінше, түрлі құрамда, әр түрлі ыңғайда, кейде бірін-бірі қайталап та қолдана береді. Соның ішінде тек дарынды, ысылған, қаламы әбден төселген сөз шеберлерінің ғана жазғандары өнебойы гүл шашып тұратын әсем өсімдіктей, өзінің сонылығын, әсемдігін жоймайды. Жасанды сәнқойлық, сірескен «сымбаттылық» ойқастаған нәрсіз ойнақылық, тілдің «табиғи» заңдарынан аулақ кеткен «жаңалық», - бәрі де, біздің дәстүрімізге жат нәрселер. Сөз бояуын қоюлатқан сыртқы сұлу, ішкі қуыс мынандай сөйлемдерден без: «Шынайы ойының түбегейлі тереңіне бойлады». «Алқынған жүрек лепірген көіңлдің ұшар шыңына самғады», бояуы баттиған «әсем» сөйлем құрауға әсіресе жас жазушылар үйір келеді. Бір мысал: «Тыңдаушының аңқау көңіліне сол сәтінде дүниеде жоқ үрей ұрлана кіріп, жанын тұтқындай бастағанда, алыстағы үміт отындай жылылықты әкеп сізге тарту етеді де, манағы бір өзіңіз айырылып қалған жүрегіңіздің қуаныш ұшқынын қайтып беріп сүйіспеншілігіңізге бөленер еді». Көркем әдебиеттің сөздік құрамының негізі жалпы халық тіліндегі сөздер болады. Сөз өнерінің шеберлігі – ақын, жазушы, драматург, очеркист, - бәрі де халық тілінің байлығын пайдаланады. Бірақ олардың бар сөзді білу, пайдалану дәрежесі бірдей емес. Тек ірі суреткер жазушылардың ғана сөз байлығы өзгеден ерекше мол болады. Олар өзіне керекті, тілде бар сөздерді молынан пайдаланып қана қоймайды, сонымен қатар өздерінің шығармашылық әрекетінде жаңа сөз жасауы да, бар сөздерге қосымша стильдік қызмет беріп, олардың икемділіктерін арттырып отыруы да мүмкін. Жалпы алғанда, көркем әдебиетте қолданылмайтын сөздер кемде-кем. Кейде, ретіне қарай, керегінде қарапайым сөздер де, диалектизмдер де, белгілі кәсіппен, ғылым, техникамен байланысты сөздер де көркем әдебиетте қолданыла береді. Сөздерді қалай болса – солай жұмсай бермей, саралап, талғап жұмсау, жаңа сөздерді жазушының талғампаздық ой елегінен өткізіп орынды жұмсау – ақын-жазушының шеберлігімен байланысты. Мысалы, М.Әуезов «Абай жолында» бұрын бізге әдебиетте кездеспеген «қыжыртпа» (шамасы «жақтырмай» деген мағынада болу керек); «қыжылданған» (шамасы «ызаланған» деген болу керек) сөздерін қолданыпты. Абайды Жұман ішінен қыжыратып отыр. Көркем әдебиетте аздап болса да, жаңа сөз жасау үдерісі жүріп жатады. Олар қазақ тілінің «материалы» негізінде сәтті жасалған болса, әдеби тіл қабылдайды да, жасанды тұрпайыларын қабылдамайды. Ысылған сөз шеберлері тіл стихиясында құл болмайды, өздерінің оған тигізетін игілікті әсері болады, жаңғырған сөз, соңы сөз тіркестерін жасайды. Тұрақты тіркесудің қолданылуы. Тілдің әрі ұғымды, әрі сымбатты байлықтарының біразы – тұрақты тіркестер: мақал-мәтелдер, фразеологиялық тізбектер, қанатты сөздер. Бұларды әсіресе көркем әдебиетте, публицистикалық әдебиетте, көпшілікке арналған лекция, әңгімелерде мол пайдаланады. «Жел үп етсе болғаны, қалың қамыстай тары сыбдыр қағып, сыбырласа жөнеледі» (Ғ.Мұстафин) тәрізділер көркем әдебиет стиліне тән. Шаруаларға тары өндіру туралы жасаған баяндамада солай сөйлеу ерсі болар еді. Бірақ, баяндама, лекция, әңгіме тілін жандандыру үшін әдеби тілде бар кестелі сөздерді пайдаланудың ешқандай ерсілігі жоқ, қайта олар ұтымды сөздің аса керекті элементтері болады. Олар мыналар: Мақал-мәтелдер – халық даналығының айнасы, оларды тудырған халықтың тіл байлығының алтын қазынасы. Мақал-мәтелдердің көбі өмір шындығының қорытындысы, іс-әрекеттің ережесі болып келеді. Олардың «бәрі заңның, өсиеттің, ереженің күшіндей күші бар қысқа-қысқа нақыл сөзге айналып, тілде сақталып қалады». Мақал-мәтелдер аз сөзді, терең мағыналы әрі ұтымды болатындықтан, сөйлеген сөзде пайдалана білу керек –ақ. «Сөздің көркі – мақал, жүздің көркі –сақал» дегендей, мақал-мәтел сөзіне әр береді. Қазақ мақал-мәтелдерінің бәрі бірдей ұстамды емес: біздің қазіргі идеологиямызға жанасымды, тәрбиелік мәні зор өнегелілері бар да, ескі өмірдің кертартпарлары шығарған ұстамсыздарды да бар. Оларды таңдап, талғап орынды жерінде пайдалану керек. Осы талаптар тұрғысынан кейбір өткір нақылдарды керсінше, не аздап өзгеріс енгізіп, қазіргі өмірге жанасымды етіп пайдалануға да болады. Фразеологиялық тіркес – кісінің ойын мәнерлі түрде айту үшін жұмсалатын сөздер тобы. Ондай тіркестер әдетте тұрақты болады. Олар «идиомалық тіркес», «фразалық тіркес» деп екіге бөлінеді. Идиомалардың білдіретін мағыналарына олардың құрамындағы сөздердің мағыналары қатыспайды, мүлде басқа мағынада, сол тұрақты қалпында ойды әсерлі, көрікті етіп айту үшін жұмсалады; олар мынандай тіркестер: қара қылды қақ жару, қой үстіне боз торғай жұмыртқалау, жүрегі шайылу, қас пен көздің арасында, қой аузынан шөп алмау, тіс қаққан, сіркесі су көтермеу, аузымен орақ ору. Фразалық тұрақты тіркестер де ауыспалы мағынада жұмсалады. Олардың идиомалық тіркестерден айырмашылығы – құрамындағы сөздердің әдепкі мағынасы айтылған ойға қатысты болады. Мысалы,: тіл алмау, көз қырын салу, жаны ашу, түймедейді түйедей ету, басына әңгір таяқ ойнату, үрейін ұшыру, тасы өрге домалау, жар құлағы жастыққа тимеу, тырнақ астынан кір іздеу. Бұл топқа мынандай тіркестер де енеді: аузынан тастамау, қайратқа міну, күш жұмсау, қолқабыс ету, шамасы келмеу, қолынан келмеу, көзі түсу, басы қату, ойын бөлу. Фразеологиялық тіркестердің қолдана білу – тіл білудің бір белгісі. Халық тілін жақсы білетін кісі тілдің осы байлығын да молынан, дұрыс қолдану арқылы ой өрнегін түрлендіріп, ұтымды, түсінікті, ықшамды етіп салады. Сондықтан әрбір мәдениеттің, сауатты кісі, тілге шешен болғысы келген оқушы, студент халық тіліндегі тұрақты тіркестерді көңілге тоқи жүріп пайдалануы тиіс. Идиома, фразалық тіркестердің бір тілде қалыптасқан құрамын, жөн-жорығы жоқ, өзгертіп айтып, жазуға болмайды. Мысалы, «табан астында» дегенді «Табан аузында», «Қаға берісте қалып қойды» дегенді «Қаға беріске қарай айнала берді» (С.Шаймерденов) тәрізділер кездеседі. Бір тілде бар идиомалық тіркестерді екінші тілде сөзбе-сөз аударуға болмайды. Өйткені олардың білдіретін мағыналары құрамындағы сөздердің мағыналарынан құрылмайды, мүлде басқа ауыспалы мағынаны білдіреді. Соңғы жылдары аударма арқылы қазақ тілінде «Ештен кеш жақсы», «Талабы зор-ақ, тағдыры дозақ», «Балық та емес, ет те емес», «Қасқыр да тоқ, қой да аман», «Ауыр жүкке жегілме, жегіле қалсаң, егілме» тәрізділер аударма арқылы еніп жүр. Енгені жақсы. Фразеологиялық тіркестерді қолданудағы бірқатар қателер олардың құрамындағы сөздердің тұлғасын өзгертіп айтудан болып жүр: мысалы, «сіркем су көтермей тұр» дегенді «сіркесі су көтереді» деу т.б. дұрыс болмайды. Көркем әдебиет шеберлерінің жазғандарында тұрақты тіркестер құрамын әдейі өзгертіп, не араларына басқа сөздерді қосып айту кездеседі, бірақ олардың көбінде ерекше стильдік өң болады. Мысалы, «Көзімнің жасы көл болды» дегенді күшейтіп айту үшін С.Торайғыров: «Көз жасым көктен құйған жауын болды» деп жазады. Қанатты сөз - ұшқыр ойдың қанаты. Оны көп біліп, сөзде, жазуда жұмсау білу – үлкен өнер. Қазақ жазушыларының қанатты сөздерді халық тілінен өзгеден алып, өздері жасап қолдануы тегін емес. Онда үлкен шеберлік қасиет бар. Сондықтан, мысалы, Ғ.Мұстафин «Біткен іске сыншы көп, піскен асқа жеуші көп», «Нөсер алдында нажағай ойнайды», «Қызыл темір суға салса, шыжылар да шынығар» тәрізді ел аузында барды өз орнына орынды пайдаланумен қатар, өзі де солардың үлгісімен: «Сыншының бәрі бірдей мінші ме?...» «Көп алдында көсем пікір ойнайды», «Қызба жүрек суық сөзден дір етер де суынар» тәрізді қанатты сөздер жасалған. Мұндайды шеберлік демеске болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет