1. Халықаралық жария құқық Халықаралық жүйенің түсінігі және оның құрамдас бөліктері. Халықаралық құқықтың кодификациясы және прогрессивті дамуы



бет1/23
Дата04.10.2022
өлшемі73,83 Kb.
#151643
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
ГОС


1. Халықаралық жария құқық
1. Халықаралық жүйенің түсінігі және оның құрамдас бөліктері. Халықаралық құқықтың кодификациясы және прогрессивті дамуы.
Хапықаралық құқық нормалары мен мемлекеттердің тәуелсіздік құқықтарын құрметтеу мемлекеттер арасындағы сапалы өзара қатынастардың негізгі алғышарты болып табылады. Халықаралық құқық нормалары халықаралық қатынастардың пайда болуынан туындайды. Халықаралық қатынастарды халықаралық құқық реттеп отырады, сонымен бірге оның нормаларына өз әсерін тигізеді. Халықаралық құқық кез келген қоғам өмірінде маңызды орынға ие болатын жан-жақты және дамыған халықаралық қатынастарды реттейді.
Халықаралық құқық тар мағынасында алғанда мыналарды: біріншіден, мемлекеттер мен мемлекет тәріздес құрылымдарды; екіншіден, өз тәуелсіздіктері үшін күресуші халықтар мен ұлттардың, мемлекеттік құрылымдардын орнығу процесін; үшіншіден, халықаралық ұйымдарды; төртіншіден, мемлекеттер тобын; бесіншіден, осы белгілердің арасындағы байланысты білдіреді.
Халықаралық қатынастар – бұл мемлекеттердің арасындағы саяси, экономикалық, құқықтық, дипломатиялық, әскери, мәдени, ғылыми, идеологиялық және өзге де байланыстар жүйесі.
Халықаралық қатынастарға мемлекеттер арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту және кеңейту, халықаралық ұйымдар ролінің артуы, бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздіктің жаңа проблемаларының туындауы, ядролық соғыстың алдын алу, халықаралық құқық рөлінің өсуі сияқты сипаттар тән.
Кодификация-(лат.codification) – құқықтың жеке салалары бойынша мемлекет заңдарының жүйеленуі, әдетте ол, әрекеттегі заңдарды қайта қарап және ескірген заңнаманың күшін жою арқылы жасалады. Аталған анықтамаға сүйене отырып, біз кодификацияның негізгі бағыттарын айқындай аламыз.
1. Әрекет етуші нормаларды, институттарды, қағидаларды, халықаралық құқық салаларының тура және нақты мазмұнын белгілеу.
2. Ескірген нормаларды өзгерту немесе қайта қарау.
3. Халықаралық құқықтың үдемелі дамуын ескере отырып, жаңа нормаларды, институттарды, қағидаларды, салаларды анықтау.
4. Халықаралық құқық нормаларын, институттарын, қағидаларын, салаларын нормативтік бекіту.
Халықаралық құқықты кодификациялау жөніндегі алғашқы конференция 1927 жылы Ұлттар Лигасының басшылығымен өткізілді. ХХ ғасырдың 20-жылдарында халықаралық құқық доктринасы кодификацияны шектеулі етіп анықтады. БҰҰ-ның құрылу тарихы кодификация аумағында алға жылжудың бар екенін сипаттайды, себебі БҰҰ Жарғысында БҰҰ Бас Ассамблеясы халықаралық құқықтың және оның кодификациялануын үдемелі дамытуды қолдау мақсатында зерттеулер ұйымдастыру мен ұсыныстар жасауы туралы ережесі бар (БҰҰ Жарғысының 13-бабы). 1946 жылы Бас Ассамблея үдемелі даму мен оның кодификациясы жөніндегі Комитетті құрды. БҰҰ Жарғысының аталған бабын орындау үшін осы Комитет БҰҰ-ның халықаралық құқық комитеті болып қайта құрылды. Халықаралық құқық теориясы кодификациялық процесстің 2 түрін зерттейді.
ad hoс- халықаралық ұйымның (үкіметаралық) қатысуынсыз.
Халықаралық ұйымның аясында өткізілетін кодификация.
Мәселен, ad hoс 1815 жылы Вена конгресінде, 1898 және 1907 жылы Гаага конференцияларында соғыс жүргізу дәстүрі мен заңдары мәселері бойынша қолданылды. Бүгінгі таңда, кодификация және халықаралық құқықтың үдемелі дамуы халықаралық ұйымдар аясында өткізіледі. Мысалы, халықаралық теңіз құқығының мәселелері халықаралық теңіз ұйымының (ИНО) қатысуымен жасалды және қабылданды, теңіздегі адам өмірін қорғау жөніндегі 1974 жылы Конвенция, теңіздерде кемелердің соқтығысып қалуларының алдын-алудың 1972 жылғы халықаралық ережелері, теңіздерді кемелердің ластауынан сақтау жөніндегі 1973 жылғы Халықаралық конвенциясы, азаматтық авиацияның халықаралық Ұйымы (ИКАО) халықаралық әуе хабарламаларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері Конвенцияның бастаушысы болды, атом энергиясының халықаралық агенттігі (МАГАТЭ) ядролық қаруды таратпау туралы 1968 жылы Шарт жасауға және ережелерін қолдануға жауапты болды.
Халықаралық құқықты кодификациялаумен айналысатын халықаралық ұйымдардың ішінен Халықаралық құқық Институты Штаб-пәтері – Брюссель мен халықаралық құқық Ассоциациясы - штаб пәтері – Лондон айрықша орын алады, олар 1873 жылы құрылған болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет