1-желтоқсан Президент күніне арналған «Елбасы – мақтанышым!» атты салтанатты жиынның бағдарламасы



Дата14.11.2016
өлшемі123,83 Kb.
#1720
Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Бұлақ негізгі мектебі
Елбасы- мақтанышым

/1- желтоқсан Президент күніне арналған/

Өткізген: бастауыш сынып мұғалімдері

2015-2016 оқу жылы



1-желтоқсан Президент күніне арналған « Елбасы – мақтанышым!» атты салтанатты жиынның бағдарламасы


Мақсаты: 1.Қазақ  халқының тұңғыш  президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы          
                     Назарбаевтың  өмір  жолы,туып-өскен,оқып  білім  алған ,қызмет  
                     еткен жерлері   туралы  мағлұмат  беру;
                   2.Елбасының  өмір жолынан үлгі  ала  отырып Отанын ,халқын   
                     сүюге, ержүректілікке,азаматтыққа, патриоттық  сезімге 
                     тәрбиелеу;
                  3.Шәкірт  жүрегінде  елбасына  деген  сүйіспеншілік  сезімін  
                    ояту,құрметтеу.
Өтілу барысы:

Фанфары ойнады

(әдемі әсен әуеннің ырғағымен оқушылар 2 жақтан келіп үш қатарға тұрады)
ҚР Мемлекеттік Әнүраны орындалсын!

/ҚР Мемлекеттік әнұраны орындалады/


1-    Жүргізуші: Армысыздар, бармысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! 


2-    Жүргізуші. Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді  азаматтары, ұлдары мен  қыздары бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы – мақтанышым!» атты салтанатты жиынға қош келдіңіздер. 
 1-жүргізуші: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.
 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы- Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды..
І жүргізуші Елбасымыздың  өмірбаянына тоқталсақ. 
Н.Назарбаев-бәрінен бұрын өз міндетін,өз тағайындалуын  терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен  атқаратын  адам.Ол әр  қадамын шын  мәнісінде өте мұқият есептейді: ол үшін саясатшы болу-бойға  біткен дарынмен  қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс  және өмір дағдысы.
ІІ жүргізуші 
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  6-шілде 1940 жылы Алматы  облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде  айта беретініміздей  таршылық  жағдайда өтті.Үлкендердің  мал  бағуына,бау-бақша  өсіруне көмек көрсету керек болды,шөпшек  теріп,отын  жарды.Өзі еске алғандай,өсірген аз-маз өнімдерін сатып,үй-ішіне қажетті  заттар алу үшін есек  жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол  стансасына бару  дегенің  керемет мереке  саналған.Мектепті  жақсы оқып,жақсы білім  алды.Ата-анасын қатты құрмет  тұтты.
І  жүргізуші 
Ол ерте есейді,орта мектепті  бітіре  салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды  металлургия комбинатының көлемді құрылысына  аттаннды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск  қаласына  барып металлург –жұмысшы  мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы,домна  пешінің  көмекшісі жұмыстарын  атқарды,ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
ІІ  жүргізуші 
Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап  көрінді.Қалалық,облыстық және республикалық  көлемде басшы органдарда жауапты  қызметтер  атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы,Теміртау қалалық,Қарағанды облыстық және республикалықпартия ұйымдарында  экономикалық салаға жауап  беретін хатшы  болды.
І  жүргізуші: Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста  болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
ІІ  жүргізуші .1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш  рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп  сайланды

Бастауыш сынып оқушыларының дайындаған шағын концерттік бағдарламаны қабыл алыңыздар!



Хор: Балдәурен

Мектепалды даярлық топ оқушылары мен 1-сынып оқушыларының елбасына арнаған жыр шумақтарын тыңдайық!

Даярлық топ

Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,


Жанарып қалам,жасарып далам!

Елбасымыз саған мәңгі разымыз,


Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.

«Ұлтым,елім» деп қайғырған ұлы жан,


Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

2-сынып оқушысы Айтжанова Жанельдің орындауындаңы

«Болашағым- бақытым!» әні


  1. Сынып оқушылары          

Биіктей бер, Нұр аға,
Қыран қанат талмасын.
Қадірлемей тұра ма,
Халық сіздей тұлғасын. Айша

Гүлдене бер, Отаным,


Көтерген туын Нұр ағам!
Көбейткен достың қатарын,
Нұр аға – біздің ұлы адам. Фархат

  

Шықты тарап ой-данадан,


 Бері қарап жұлдыз беті.
 Өзі қалап сайлап алған,
 Елімнің бар Президенті Сандина

3-сынып оқушысы Сагитов Ержанаттың орындауындағы «Жаса, қазағым» әні

2-сынып оқушылары

Ауыр күнді артымызға тастауы – 


Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім,дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы

Туды ұстап тура жолға түсіріп,


Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім,жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!

Кең байтақ қой Қазақстан картасы,


Астанамен айшықталған ортасы.
 Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
 Бұның бәрі Елбасының арқасы.

4-сынып оқушыларының орныдауындағы «Қазақ елі» әнін қабыл алыңыздар!


3-сынып оқушылары

Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,


Қазағымның өркендеді елдігі.
Құрбан болған Тәуелсіздік жолында,
Ағалардың ұмытылмас ерлігі. Фарида

Қазағымды жарқын жолға бастады


Елбасы боп сайланды да Нұр ағам. Нұрхан

Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар,


Көк алқапты жасыл жайлау далам бар.
Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,
Ақ ниетті халық деген данам бар. Ержанат

Қазақ елі, желбіреп көк байрағы,
Гүлге оранды ауылың мен аймағы.
Нұрсұлтан ата биіктерге бастады,
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын. Нұрназар

1-сынып оқушыларының орындауындағы «Бөбектер» әнін қабыл алыңыздар!

4-сынып оқушылары

Туған жердің жайқалған алқабы егін


Биік сенің мәртебең, дарқан елім.
Пейіліндей қазақтың байтақ далам,
Сен не деген кең едің, шалқар едің.

Ашық аспан жайнаған жұлдыздары,


Тұр асқақтап Алатау шың-құздары.
Анасындай туған ел қамқор болып,
Тербетеді құшақтап ұл-қыздарын

Әсем сазы басталған таза ағыстан,


Айдынынан аққулар, қаздар ұшқан.
Қадамы нық ӘЛЕМДЕ , аты айқын
Егеменді ел бүгін ҚАЗАҚСТАН. 

Қасиетті Қазақстаным, мекенім,


Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, Жерім, Отаным, бақ-дәулетім,
Болашағым, өнер- білім, өркенім.

Қазақстаным, қастерлі мәңгі дастаным,


Парақтап сені киеңді түсіне бастадым.
Сен менің арым, бағым, барымсың,
Халқыма әр күн бейбіт болсын аспаның!

3-сынып оқушысы Газизова Фариданың орындауындағы «Елбасы» әні

1 -жүргізуші:


Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!
Хормен айтады: Елбасымыз жасасын!

Хор: «Туған жер»
Тәуелсіз ел болу, тұңғыш президенттің сайлануы, осы тұлғаның арқасында Қазақстанның бүкіл әлемге танылуы,шашылып кеткен қандас бауырларымыздың тарихи Отанына шоғырлана бастауы, Астана қаласының сәулеттене түсуі – бәрі, бәрі тәуелсіздігіміздің әр күні емес, әр сағаты жаңалыққа, игі істерге ұласып жатқанының айқын дәлелі.
Қазақ елінің жарқын болашағы, халықтарының бірлігі және бейбіт өмірі президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолында


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет