1-Жүргізуші: Армысыздар, бақытты балалық шағымыздың шат көңілді өтуіне барлық жағдайды жасап отырған аяулы да ардақты аналар! Сіздерді 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 2-Жүргізуші



Дата20.06.2018
өлшемі19,85 Kb.
#44057
Ардақты АНА

1-Жүргізуші: - Армысыздар, бақытты балалық шағымыздың шат көңілді өтуіне барлық жағдайды жасап отырған аяулы да ардақты аналар! Сіздерді 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

2-Жүргізуші: Адам бойындағы жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралған.Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі әжелер бүгінгі «Ардақты АНА» атты мерекелік кешіміз сіздердің құрметтеріңізге арналады.
1-Жүргізуші: Мереке құтты болсын, аналарым,

Мәпелеп,еркелеттің,аяладың

Лебізіңе алғысты айта келе

Ән жырымды қабыл ал аналарым!


2-жүргізуші: Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар,

Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпыраған.

Балғын шақты біз бақытгы балалар! – дей отыра, құттықтау сөз мектеп директоры Закенов Болат Ныгметұлына беріледі


1-Жүргізуші: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,

Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би-биленіп, ән де бүгін шырқалар!



Алдарыңызда бастауыш сынып оқушылары - әдеби монтаж
2-жүргізуші: 1-сынып оқушыларының орындауында «Ақ мамам» әнін қабыл алыңыздар



2-Жүргізуші: Анам менің аялап, әлдилеген

Түн ұйқысын төрт бөліп мәпелеген

Дәмің кетпес ақ сүтің аузымдағы

Қалайша ұмытамын бал татыған Дайындық тобының орындауында Би «Вальс»


1-жүргізуші: 3-сынып оқушыларының орындауында «Айналайын ақ мамам» әнін қабыл алыңыздар.
1-Жүргізуші:Анашым алдыңызда қарыздармын

Өтеуден оны ешқашан қарыздармын

Ананың баласына махаббаты

Мәңгілік алаулаған шам-шырағы. 2-сынып оқушылары Флэшмоб


2-жүргізуші: Дайындық тобының оқушысы Әзімқызы Нұрсұлудың орындауында «Ақ мамам» әнін қабыл алыңыздар.
2-Жүргізуші: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген бәйтерегі өмірдің,

Ана деген — алтын қазық, алтын бақ. 4-сынып оқушысы Серикова Дариғаның орындауында монолог «Ана»


1-жүргізуші: Дайындық тобының қыздарының орындауында «Үнді биі»
1-Жүргізуші:Ана деген — асыл жандар болаттай,

Ана деген — мөлдір жандар бұлақтай.

О, адамдар, қадірлей біл Ананы,

Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай 4-сынып ұлдарының орындауында флэшмоб



2-жүргізуі: 2-сынып оқушыларының орындауында көрініс «Анасы мен қыздары»
2-Жүргізуші:Сан мың шәкірт өзіңнен тәлім алды.

Аяулы Ұстаз-ана,ісіңнің бәрі ұнамды.

Әр күн сайын атыңды қайталаймын.

Еске алғандай таң сайын ән ұранды. 1-сынып оқушысы Мұхамеджан Айшаның орындауында би «А си»


1-жүргізуші: Дайындық тобы ұлдарының орындауында Би «Шайхана». Қарсы алыңыздар.
1-Жүргізуші:Ана деген адамға Атамекен.

Әр адам анаменен адам екен.

Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым.

Бір күнгі тәтті ұйқыдан садаға екен. 1-сынып оқушысы Әзімқызы Арайлымның орындауында «Біз тәртіпті баламыз» әнін қабын алыңыздар.


2-жүргізуші: Алдарыңызда 3-сынып оқушылары «Қазақ биі»

1-жүргізуші: 4-сынып оқушыларының орындауында Қыздар Биі

2-жүргізуші: 2-сынып оқушыларының орындауында ән «Анашым»

2-Жүргізуші: Аналар мерекесінде барлық аналарға құрмет көрсетіп, тағзым ете отырып, кешімізді аяқтаймыз

1-Жүргізуші: Таң шуақ тәуелсіздік елімізде,

Бақ- дәулет шалқи берсін жерімізде.

Аман-сау болайықшы көріскенше

Көк байрақ, желбірей түс көгімізде




  1. Әдеби монтаж

  2. 1-сынып «Ақ мамам» әні

  3. 0-сынып Вальс би

  4. 3-сынып «Айналайын Ақ мамам» ән

  5. 2-сынып флэшмоб

  6. 0-сынып Әзімқызы Н «Ақ мамам»

  7. 4-сынып Серикова Дариға монолог

  8. Дайындық тобы «Үнді биі»

  9. 4-сынып ұлдар Флэшмоб

  10. 2-сынып Көрініс

  11. 1-сынып Мұхамеджан А. Би

  12. Дайындық тобы би «Шайхана»

  13. 1-сынып Әзімқызы А. «Біз тәртіпті баламыз»

  14. 3-сынып Қазақ биі

  15. 4-сынып Қыздар биі

  16. 2-сынып «Анашым» әні

Каталог: uploads -> doc -> 0ebb
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0ebb -> Бекітілді: Келісілді: №68 орта мектеп директоры ғылыми-әдістемелік жұмысы Ш.Қ. Жакенбай жөніндегі орынбасары
0ebb -> Сынып: 5 «А» Сынып жетекшісі: Шаку Актолкын 2016 – 2017 оқу жылы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет