1. Мақалдағы көркем сөз айшығын табыңыз. Туған жердей ел болмас



бет1/11
Дата25.01.2017
өлшемі3,97 Mb.
#7864
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

1 нұсқа

1 нұсқа


1. Мақалдағы көркем сөз айшығын табыңыз.

Туған жердей ел болмас,

Туған елдей ел болмас.

A) Метафора.

B) Теңеу.

C) Кейіптеу.

D) Әсірелеу.

E) Эпитет.



2. Махамбет ақынның өлеңін табыңыз.

A) «Керей қайда барасың».

B) «Ғылым таппай, мақтанба».

C) «Жал – құйрығы қаба деп».

D) «Жанбота».

E) «Қызғыш құс».



3. Ы. Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясына» енген µлењдерініњ бірін белгілеңіз.

A) «Интернатта оқып ж‰р»

B) «¤лењ-сµздіњ патшасы»

C) «¤нер-білім бар ж±рттар»

D) «Азат жетті»

E) «Ақын ініме»



4. Ахмет Байтұрсыновтың аудармасын табыңыз.

A) «Тіл құрал».

B) «Әдебиет танытқыш».

C) «Анама хат».

D) «Ала қойлар».

E) «Әліп-би».



5. С. Мұқанов жұмысшы факультетін (рабфак) қай қалада бітіргенін табыңыз.

A) Шымкент.

B) Орынбор.

C) Орск.


D) Алматы.

E) Қызылорда.



6. Саққұлақ, Желаяқ, Көлтауысар қай ертегінің кейіпкерлері екенін табыңыз.

A) «Ер Төстік»

B) «Аяз би»

C) «Толағай»

D) «Дүмше молда»

E) «Тоғыз тоқылдақ, бір шіңкілдек»



7. Таза мінсіз асыл тас,

’’Су түбінде жатады.



Таза мінсіз асыл сөз,

Ой түбінде жатады’’

Үзінді кімдікі екенін белгілеңіз.

A) Ақтамберді.

B) Доспамбет.

C) Асан қайғы.

D) Шалкиіз.

E) Қазтуған.


8. Ақын Шернияздың әкесінің атын табыңыз.

A) Жарылғас.

B) Жайнақ.

C) Қанай.

D) Баймағанбет.

E) Орынбай.



9. Абай: “Талаптың мініп тұлпарын,

Тас қияға өрледің,”- деп кімге айтатынын табыңыз.

A) Әбдірахманға.

B) Мағауияға.

C) Құнанбайға.

D) Оспанға.

E) Ақылбайға.


10. С.Сейфуллиннің «Жемістер» хикаясының оқиғасы қанша жылды қамтығандығын көрсетіңіз.

A) 25 жыл.

B) 15 жыл.

C) 20 жыл.

D) 10 жыл.

E) 5 жыл.



11. М.Әуезовтің «Абай жолы» романының оқиғасы қанша уақытты қамтығанын табыңыз.

A) Екі ғасырды.

B) Жарты ғасыр.

C) Отыз жылдың оқиғасы.

D) Бір ғасырды.

E) Бір ғасырдан ұзақ.



12. Сюжеттің анықтамасын белгілеңіз.

A) Адамның сырт бітімін суреттеу.

B) Оқиғаның мезгілін, орнын көрсету.

C) Бір адамның ұзақ сөзі.

D) Оқиға не оқиғалар жиынтығы.

E) Оқиғалар арасындағы байланыс.



13. Найман-Ана аңызындағы (Ш.Айтматов) оқиға қай жерде өтетінін табыңыз.

A) Шекер ауылында.

B) Ош оймағында.

C) Сарыөзекте.

D) Ыстықкөлде.

E) Таразда.



14. «Көшпенділер» атты тарихи трилогияның екінші бөлімі қалай аталатындығын табыңыз.

A) «Қатерлі өткел».

B) «Қаһар».

C) «Алмас қылыш».

D) «Жанталас».

E) «Ғашықтар».



15. Саиф Сараи- қай дәуір әдебиетінің өкілі екенін белгілеңіз.

A) Көне түркі дәуірі.

B) Түркі бірлестігі дәуірі.

C) Алтын Орда дәуірі.

D) Орта түркі дәуірі.

E) Хандық дәуірі.



16. ’’Алдар Көсе’’ аңызында майдың орнына қандай зат салынатынын анықтаңыз.

A) Тезек.

B) Ет.

C) Тулақ.



D) Құрт.

E) Сүйек.



17. Сара Біржанмен айтысқанда кімнің үйінде болғанын анықтаңыз.

A) Жүнісбек.

B) Қаптағай.

C) Тұрысбек.

D) Есімбек.

E) Шерубай.



18. Шалкиіз қай бидің көмекшісі болғанын белгілеңіз.

A) Жүсіп.

B) Досай.

C) Ысмайыл.

D) Темір.

E) Мұса.



19. Сол ерлікпен хан болдың,

Әлем асқан жан болдың...- деген өлең жолдары Үмбетейдің қай өлеңінен алынғанын белгілеңіз.

A) ’’Бөгембай өліміне’’.

B) ’’Бәкеге’’.

C) ’’Бұқарға’’.

D) ’’Бөгембай өлімін Абылай ханға естірту’’.

E) ’’Бекболат биге’’.


20. Ы.Алтынсарин үлгісімен тәрбиелік мәндегі қысқа әңгімелер жазған жазушыны табыңыз.

A) М.Кәкімжанова.

B) М.Сералин.

C) С.Дөнентаев.

D) С.Сейфуллин.

E) С.Көбеев.



21. ’’Жас жүрек’’ (1917 ж.) кімнің өлеңі екенін белгілеңіз.

A) М.Әуезов.

B) С.Дөнентаев.

C) С.Көбеев.

D) М.Сералин.

E) С.Торайғыров.



22. Жамбылдың бір болысты әжуалап жазған сатиралық өлеңін атаңыз.

A) ’’Замана ағымы’’.

B) ’’Мәңке туралы’’.

C) ’’Майданға хат’’.

D) ’’Шағым’’.

E) ’’Алынбас қамал’’.



23. ²Дүние жүзінде қазақтан ұзақ амандасатын ел кемде-кем-ақ шығар. Әсіресе, осындай дау-жанжалдың арасында жүретіндер езіп-созып, тіпті ұзақ амандасады. Мал-жан, ауру-сырқау, ит-құсқа дейін қалдырмай сұрасады... ² - деген жолдары бар халықтық дәстүрдің небір ғибратты үлгілерін сипаттайтын Ғ.Мүсіреповтің шығармасын көрсетіңіз.

A) ²Боранды түнде² әңгімесі.

B) ²Шұғыла² әңгімесі.

C) ²Этнографиялық әңгіме².

D) ²Жат қолында² романы.

E) ²Оянған өлке² романы.



24. Мақал-мәтелдерде көп қолданылатын көркем өрнектің атауын табыңыз.

A) Саз.


B) Ырғақ.

C) Синтаксистік параллелизм.

D) Теңеу.

E) Интонация.



25. Көне түркі жазуын алғаш оқыған ғалымды белгілеңіз.

A) Н.Ядринцев.

B) В.Радлов.

C) С.Ремезов.

D) Н.Видзен.

E) В.Томсен.



26. Жерге қарай мал бітіп,

Малға қарай құт болмақ.

Қонысынан мал тайса,

Құты кетіп жұт болмақ, - деген кім, табыңыз.

A) Дулат

B) Әйтеке би

C) Төле би

D) Шортанбай

E) Мұрат


27. Мұрат Мөңкеұлының өлеңдерін көрсетіңіз.

A) «Анама хат», «Қазақ қалпы».

B) «Әсемпаз болма әрнеге», «Жаз».

C) «Сырым», «Елім-ай».

D) «Замана», «Насихат».

E) «Үш қиян», «Өлім».



28. Ш.Уәлиханов 1857 жылы кімнің ұсынысымен орыс географиялық қоғамының толық мүшесі болғанын белгілеңіз.

A) И.Н.Березин.

B) С.Ф.Дуров.

C) Ф.М.Достоевский.

D) Семенов-Тян-Шанский.

E) Г.Н.Потанин.



29. «Ойым – у, өмірім – су, үмітім – бу» тіркестерінде Шәкәрім қандай көркем тәсілді қолданғанын белгілеңіз.

A) Метафора.

B) Антитеза.

C) Гипербола.

D) Теңеу.

E) Эпитетті метонимия.



30. Қ.Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесіндегі Байтас шал тау асып,шекара бұзып, туған жерге өтісімен не істегенін табыңыз.

A) Ата-бабалар зиратына құран оқыды.

B) Жер ананы құшақтап сүйе берді.

C) Шекарашыларға берілді.

D) Отырып тамақ ішті.

E) Ауылдағы адамдарға жолықты.








2 нұсқа


1. Мақалдың екінші жартысын көрсетіңіз.

Батыр туса – ел ырысы, …

A) Жаңбыр жауса – жер ырысы.

B) Ел үмітін ер ақтар.

C) Айласыз батыр алдырар.

D) Ел – ырыстың кілті.

E) Батыр елдің сәулеті.



2. Махамбет ақынның әкесінің атын табыңыз.

A) Зұлқарнайын.

B) Жәңгір.

C) Өтеміс.

D) Исатай.

E) Бекмағамбет.



3. Ыбырай Алтынсаринніњ «Қазақ хрестоматиясы» кімге арналѓандыѓын табыњыз.

A) Ақындарѓа.

B) Балаларѓа.

C) Билерге.

D) Тіл мамандарына.

E) ¦стаздарына.



4. А.Байтұрсынұлының өлеңдер жинағын көрсетіңіз.

A) «Шолпан».

B) «Маса».

C) «Асау тұлпар».

D) «Өткен күндер».

E) «Домбыра».



5. «Өтеген батыр» дастанының авторын табыңыз.

A) С.Сейфуллин.

B) М.Жұмабаев.

C) І.Жансүгіров.

D) Ж.Жабаев.

E) Б.Майлин.



6. Жүсіп Баласағұн қай ғасырда өмір сүргенін белгілеңіз.

A) X ғ.


B) VІІІ ғ.

C) ІX ғ.


D) XІІ ғ.

E) XІ ғ.



7. Қиял-ғажайып ертегіні табыңыз.

A) «Түлкі мен бөдене».

B) «Күн астындағы Күнікей қыз».

C) «Қырық өтірік».

D) «Аяз би».

E) «Толағай».



8. Асан атына ’’қайғы’’ деген сөздің тіркесе айтылуының себебін белгілеңіз.

A) Жай қоя салған.

B) Мұңды адам.

C) Халық қайғысын, мұң-зарын ойлаумен өткен адам.

D) Айналасына наразылықтан.

E) Өз басында қайғысы бар адам.



9. ’’Өкпеңменен қабынба,

Өтіңменен жарылма,

Орыспенен соғысып,

Басыңа мұнша көтерген,

Жұртыңа жаулық сағынба’’, - деген өлең жолдары кімдікі екенін белгілеңіз.

A) Шалкиіз жырау.

B) Ақтамберді жырау.

C) Жиембет жырау.

D) Бұқар жырау.

E) Доспамбет жырау.



10. Абайдың өнер-білім туралы өлеңін табыңыз:

A) “Қалың елім, қазағым”.

B) “Өнер-білім бар жұрттар”.

C) “Өзен”.

D) “Ғылым таппай мақтанба”.

E) “Жазғытұрым”.



11. Мына сөйлемдегі салт-дәстүрге байланысты керек сөзді белгілеңіз.

...Алшынбай Ұлжан отырған үйдің есігін аштырып, тысқа семіз асау құнан тайды көлденең ұстап тұрып, қонақтардан не күткенін анықтаңыз.

A) Сый дәметті.

B) Рұқсат күтті.

C) Көрімдік сұратты.

D) Алғыс күтті.

E) Бата тілетті.


12. Мінездеменің ерекшелігін анықтаңыз.

A) Шығармаға қатысушының мінезін, дүниеге көзқарасын

сипаттау.

B) Оқиғаның болған жерін көрсету.

C) Табиғат көркін суреттеу.

D) Шығарманың оқиғасын желілі түрде көркем әңгімелеу.

E) Екі адамның өзара кезектесе сөйлеуі.


13. Ш.Айтматов қай ұлттың перзенті екенін анықтаңыз.

A) Өзбек.

B) Ұйғыр.

C) Қазақ.

D) Қырғыз.

E) Түрік.



14. Д.Исабековтің пьесасын табыңыз.

A) «Құдағи келіпті».

B) «Неке қияр».

C) «Әпке».

D) «Мансапқорлар».

E) «Көктөбедегі кездесу».



15. ’’Жар-жар’’ өнердің қай түріне жататынын табыңыз.

A) Жыраулық.

B) Шешендік өнер.

C) Күйшілік.

D) Термелік.

E) Айтыс.



16. Қазақ халқының ауыз әдебиетін зерттеген қай батыр жазушы екенін белгілеңіз.

A) Бауыржан Момышұлы.

B) Рахымжан Қошқарбаев.

C) Қасым Қайсенов.

D) Мәлік Ғабдуллин.

E) Талғат Бигелдинов.



17. «Балаларыма өсиет» өлеңінің авторын табыңыз.

A) Шернияз.

B) Шалкиіз.

C) Ақтамберді.

D) Жиембет.

E) Қазтуған.



18. Баймағамбет сұлтанмен қақтығысқан ақынды табыңыз.

A) Шернияз.

B) Бекболат.

C) Мұрат.

D) Шәңгерей.

E) Алмажан.



19. Мағжан Жұмабаев Омбының мұғалімдер дайындайтын семинариясын қай жылы бітіргенін көрсетіңіз.

A) 1918 ж.

B) 1916 ж.

C) 1914 ж.

D) 1915 ж.

E) 1912 ж.



20. Еркебұлан қай шығарманың кейіпкері екенін табыңыз.

A) "Азамат Азаматыч".

B) "Шұғаның белгісі".

C) "Кездеспей кеткен бір бейне".

D) "Әсия".

E) "Ақбөпенің сыры".



21. ...Бұрынғы өткен күніңді,

Берейін жырлап елге, анам.

Көргеніңді бүгінгі

Жаз, жаз, қалам, тер қалам...

Үзінді қай поэмадан алынғанын белгілеңіз.

A) ’’Альбатрос’’.

B) ’’Күй’’.

C) ’’Күйші’’.

D) ’’Дала’’.

E) ’’Гималай’’.


22. «Ш.Уәлиханов» пьесасының авторын белгілеңіз.

A) М.Әуезов.

B) С.Мұқанов.

C) Ғ.Мұстафин.

D) Ж.Аймауытов.

E) С.Сейфуллин.



23. Ағасының қалыңдығын алып қашып әкеліп беретін бала туралы жазылған Ғ.Мүсірепов шығармасын табыңыз.

A) «Кездеспей кеткен бір бейне».

B) «Боранда».

C) «Ананың анасы».

D) «Этнографиялық әңгіме.»

E) «Боранды түнде».



24. Оқиғаның болатын орны, мерзімі қалай аталатынын анықтаңыз.

A) Эпилог.

B) Шешім.

C) Экспозиция.

D) Кульминация.

E) Пролог.



25. Әбу Насыр Әл-Фараби туындылары ежелгі дәуір әдебиетінің қай кезеңіне жататынын белгілеңіз.

A) Ислам дәуіріндегі әдебиет.

B) Хандық дәуіріндегі әдебиет.

C) Оғыз дәуіріндегі әдебиет.

D) Түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиет.

E) Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет.



26. Тарбағатай тауынан

Тоқсан сала қосылып,

Тоғыз өзен түйісіп,

Ақтың төмен жосылып ... – деген үзінді қай өлеңнен алынған, табыңыз.

A) «Толағай»

B) «Арқалық аясында»

C) «Тарланым»

D) «Жетісу суреттері»

E) «Аягөз , қайда барасың?!»


27. Алтын, күміс тас болар.

Арпа, бидай ас болар,

Бірігіп жан тусаң да,

Қарап та жүріп қас болар, -деген үзінді Шортанбай Қанайұлының қай өлеңінен алынғандығын көрсетіңіз.

A) «Насихат».

B) «Замана».

C) «Алдаушы жалған».

D) «Бала зары».

E) «Зар заман».



28. Шоқан Уәлиханов Құлжа қаласында немен шұғылданғанын табыңыз.

A) Жоңғария тарихымен шұғылданады.

B) Қызметке ауысады.

C) Орыс ғалымдарымен танысады.

D) Халық ауыз әдебиетін жинайды.

E) Оқуын жалғастырады.



29. Шәкәрімнің қай жылы толық ақталғанын белгілеңіз.

A) 1988 ж.

B) 1953 ж.

C) 1989 ж.

D) 1985 ж.

E) 1960 ж.



30. Әлділер әулеті мен Қияқ, Тұяқ батырлар тұқымдарының арасындағы араздық І.Есенберлиннің қай шығармасында баяндалғандығын анықтаңыз.

A) «Айша».

B) «Алтын құс».

C) «Қатерлі өткел».

D) «Сұлтан».

E) «Көшпенділер».








3 нұсқа


1. Мақалдың тақырыбын анықтаңыз.

Ер жігіт ел үшін туады,

Ел үшін өледі.

A) Еңбек тақырыбы.

B) Батырлық, ерлік тақырыбы.

C) Өнер - білім тақырыбы.

D) Ынтымақ, бірлік тақырыбы.

E) Достық тақырыбы.



2. Махамбет қай ханның тұсында өмір сүрген, белгілеңіз.

A) Абылай хан

B) Тәуке хан

C) Жәңгір хан

D) Әбілқайыр хан

E) Жолбарыс хан



3. Ы. Алтынсариннің отырықшылыққа, егіншілікке үгіттеген әңгімесін табыңыз.

A) «Талаптың пайдасы».

B) «Қыпшақ Сейітқұл».

C) «Атымтай Жомарт».

D) «Бай баласы мен кедей баласы»

E) «Әке мен бала»



4. «Тіл құралы», «Әдебиет танытқыш» еңбектерінің авторын белгілеңіз.

A) Ғ.Тоғжанов.

B) М.Әуезов.

C) М.Дулатов.

D) А.Байтұрсынұлы.

E) С.Сейфуллин.



5. С. Мұқановтың әйгілі романын табыңыз.

A) «Майға сәлем».

B) «Есею жылдары».

C) «Сұлушаш».

D) «Ботагөз».

E) «Сырдария».



6. VІІІ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген ақын, күйші, аңыз кейіпкерін табыңыз.

A) А.Яссауи.

B) М.Қашқари.

C) Қорқыт.

D) С.Сараи.

E) Ж.Баласағұн.



7. ’’Алтын сақа’’ ертегісіндегі қай кейіпкердің сөзі екенін белгілеңіз.

-Осындай бәлен жердегі бәйтеректің басында бала тұр, бәйтеректің түбін жалмауыз кемпір қазып жатқандықтан, енді құлауға таяу тұр.

A) Төбет.

B) Жалмауыз.

C) Бай.


D) Қарлығаш.

E) Бай баласы.



8. Аңыз кейіпкеріне айналған жырауды табыңыз.

A) Жиембет.

B) Жиренше.

C) Қазтуған.

D) Доспамбет.

E) Асан қайғы.



9. XVІІІ ғасырда өмір сүріп, Тәуке, Абылай хандарға кеңесші болған қай жырау екенін белгілеңіз.

A) Доспамбет.

B) Ақтамберді.

C) Бұқар.

D) Қазтуған.

E) Шалкиіз.



10. Дулат ақынның әкесін табыңыз.

A) Шортанбай.

B) Еспенбет.

C) Сағынай.

D) Жиембет.

E) Бабатай.



11. Абайдың Әйгерімге деген жан сезімін білдіретін өлеңін табыңыз.

A) “Сап-сап көңілім”.

B) “Бойы бұлғаң”.

C) “Жарқ етпес қара көңілім”.

D) “Қызарып, сұрланып”.

E) “Көзімнің қарасы”.



12. Шығарманың кейіпкері деген ұғымға лайық анықтаманы белгілеңіз.

A) Жансыз табиғаттың кәдімгі тірі адамға айналуы.

B) Шығармадағы адамдардың мінез-құлқы, сырт пішіні.

C) Міндетті түрде өмірде болған адамдар.

D) Өмірде сирек кездесетін, тіпті мүлде кездеспейтін

образдар.

E) Шығармадағы адамдардың көркем бейнесі.


13. XІX ғасырдың ІІ жартысында және ХХ ғасырдың басында қазақ халқымен тығыз әдеби байланыста болған туысқан халықтарды белгілеңіз.

A) Татар, қырғыз, өзбек.

B) Ұйғыр, тәжік, чуваш.

C) Түрік, құмық.

D) Қарақалпақ, араб.

E) Орыс, қарашай.



14. Қ.Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесіндегі Байтас шалдың туған жерге не үшін оралғысы келгенін табыңыз.

A) Қайтадан жаңа өмір бастау үшін.

B) Ашаршылықтан құтылу үшін.

C) Жаулардан құтылу үшін.

D) Туған жерге жетіп өлу үшін.

E) Туысқандарына жолығу үшін.



15. Сыпыра жырау қай жырда кездесетінін белгілеңіз.

A) «Алпамыс батыр».

B) «Ер Тарғын».

C) «Ер Мамай».

D) «Ер Қосай».

E) «Қобыланды батыр».



16. ’’Қозы Көрпеш-Баян сұлу’’ поэмасында Қозының намысын қорғау үшін кім шығатынын белгілеңіз.

A) Танаш.

B) Көтібар.

C) Тайлақ.

D) Тазша.

E) Айбас.



17. «Мен едім Исатайдың Шерниязы» деп, өзін Шернияз ақын кімге таныстыратынын табыңыз.

A) Махамбетке.

B) Бөкей ханға.

C) Баймағамбет сұлтанға.

D) Ел-жұртқа.

E) Жәңгір ханға.



18. Граждан деген есімнің Мағжан Жұмабаев өміріне қатысын табыңыз.

A) Баласы.

B) Досы.

C) Өлеңінің аты.

D) Ешқандай қатысы жоқ.

E) Лақап аты.



19. Қару-жарақ аттары, теңізшілік терминдері және түрлі неологизмдерді шығармаларында көп пайдаланған ақынды белгілеңіз.

A) Ә.Сәрсенбаев.

B) С.Сейфуллин.

C) С.Мұқанов.

D) Т.Жароков

E) А.Байтұрсынұлы.



20. ²Тілінің көркемдігі, сөз образдарының байлығы жағынан І.Жансүгіров қазақ әдебиетінде айрықша орын алады²,- деген пікірдің авторын көрсетіңіз.

A) Т.Кәкішев.

B) Қ.Жұмалиев.

C) С.Қирабаев.

D) З.Қабдолов.

E) З.Ахметов.



21. ’’Жүз жыл өмір кешкен ақында неше жүз жылдар өнері мен шеберлігі түйіскен’’, - деген пікірді кім айтқанын белгілеңіз.

A) Р.Бердібаев.

B) М.Әуезов.

C) Б.Кенжебаев.

D) Ж.Дәдебаев.

E) Х.Сүйіншіәлиев.



22. М. Әуезовтің Ленинград университетін бітірген жылын табыңыз.

A) 1931ж.

B) 1930ж.

C) 1925ж.

D) 1926ж.

E) 1928ж.



23. Ғ.Мүсірепов «Шұғыла» әңгімесінде шұғыла деп нені айтқанын табыңыз.

A) Аспан әлемін суреттейді.

B) Сібір шұғыласын айтады.

C) Кемпірқосақты айтады.

D) Қардан қаланған «аққаланы»айтады.

E) Күн сәулесін бейнелейді.



24. Литота ойды қалай бейнелейтінін табыңыз.

A) Мүлде құлдырата, кішірейте суреттеу.

B) Әсірелеу, ұлғайту.

C) Сөздердің мағынасын бұрып айту.

D) Салыстыра суреттеу.

E) Сөздерді қарама-қарсы мәнде айту.



25. ’’Құдатғу білігте’’ әділдіктің бейнесі ретінде кім алынғанын анықтаңыз.

A) Қорқыт.

B) Одгүрміш.

C) Айтолды.

D) Күнтуды.

E) Ұғділміш.



26. Шалкиіз жыраудың өлеңін табыңыз.

A) “Көлде жүрген қоңыр қаз”.

B) “Бұл заманда не ғаріп?”

C) “Шағырмақ бұлт жай тастар”

D) “Күн қайда”.

E) “Мұнар күн”.



27. Арқадан дәурен кеткен соң,

Қуғындап орыс жеткен соң,

Тіпті амал жоқ, қазақтар,

Енді сенің торыңа…

Байлар ұрлық қылады,- деген тармақтар Шортанбай Қанайұлының қай шығармасынан алынғандығын табыңыз.

A) «Насихат».

B) «Алдаушы жалған».

C) «Зар заман».

D) «Бала зары».

E) «Замана».



28. «Ақындарға» өлеңінің авторын табыңыз.

A) Шәкәрім Құдайбердіұлы.

B) Сәкен Сейфуллин.

C) Міржақып Дулатов.

D) Ілияс Жансүгіров.

E) Абай Құнанбаев.



29. ’’Лермонтов болмағанмен біздің Ақан,

Кісі ме еді ақындықтан құр алақан?

Ортасын олқы көрген бұл да дара,

Имеген иттерге бас сері, дарқан,’’- деп, Ақан сері туралы айтқан ақынды белгілеңіз.

A) Ілияс Жансүгіров.

B) Абай Құнанбаев.

C) Мағжан Жұмабаев.

D) Олжас Сүлейменов.

E) Мұхтар Әуезов.


30. "Ақ Жайық" романының авторын табыңыз.

A) Х.Есенжанов.

B) Ғ.Қайырбеков.

C) Т.Ахтанов.

D) І.Есенберлин.

E) Ә.Сәрсенбаев.








Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет