1. Мақалдағы көркем сөз айшығын табыңыз. Туған жердей ел болмас



бет4/11
Дата25.01.2017
өлшемі3,97 Mb.
#7864
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

10 нұсқа


1. Махамбет Өтемісұлының «Әй, Махамбет жолдасым» өлеңі кімге арналғанын табыңыз.

A) Баймағамбетке

B) Қарауылқожаға

C) Исатайға

D) Туған жеріне

E) Жәңгір ханға



2. Шоқан Уәлиханов қай жылдары өмір сүргенін табыңыз.

A) 1830-1860 жж.

B) 1840-1870 жж.

C) 1835-1865 жж.

D) 1833-1863 жж.

E) 1845-1875 жж.



3. «Құлагер» поэмасының кейіпкерін көрсетіңіз.

A) Мардан.

B) Ақан сері.

C) Мәмбет.

D) Қарашаш.

E) Күйші.



4. «Кедей күйі» өлеңінің тақырыбын көрсетіңіз.

A) Табиғат, жер.

B) Адамгершілік қасиет.

C) Кедейлердің аянышты халі.

D) Достық.

E) Білім, өнер.



5. «Оянған өлке» романының авторын табыңыз.

A) Ә. Сәрсенбаев.

B) С. Мұқанов.

C) Ж. Аймауытов.

D) М. Жұмабаев.

E) Ғ. Мүсірепов.



6. Ер Төстіктің қалыңдығының атын табыңыз.

A) Қаракөзайым.

B) Гүлбаршын.

C) Құртқа.

D) Кенжекей.

E) Назым.



7. Ас бергенге бас берсін,

Өмірі ұзақ жас берсін.

Кетпес дәулет, кең пейіл,

Қайырымды дос берсін,- деген бата-тілектің түрін ажыратыңыз.

A) Жол батасы.

B) Ас қайыру батасы.

C) Теріс бата.

D) Наурыз батасы.

E) Рамазан батасы.


8. ’’Ата жұрты бұқара,

Өз қолында болмаса

Қанша жақсы болса да,

Қайратты туған ер ғаріп...’’ Асан қайғының қай өлеңінен алынғанын белгілеңіз.

A) ’’Бұл заманда не ғаріп’’.

B) ’’Айналасын жер тұтқан’’.

C) ’’Көлде жүрген қоңыр қаз’’.

D) ’’Қырында киік жайлаған’’.

E) ’’Еділ бол да, Жайық бол’’.


9. Дулат Бабатайұлының өлеңін табыңыз.

A) «Анаңнан асыл бар ма?!»

B) «Еділ бол да, Жайық бол»

C) «Артықша туған азамат»

D) «Аягөз, қайда барасың?!»

E) «Абайдың суретіне»



10. Ы. Алтынсарин ұйымдастырған тұңғыш мектеп қай жылы, қай қалада ашылғанын белгілеңіз.

A) 1866 ж. Омбыда.

B) 1864 ж. Торғайда.

C) 1865 ж. Орынборда.

D) 1863 ж. Ырғызда.

E) 1865 ж. Қостанайда.



11. Ескендір патшаның өз жұрты аз көрініп, көршілерге көз алартуына төмендегі мінездемелердің қайсысы сәйкес келетінін көрсетіңіз.

A) Тойымсыз, дүниеқоңыз.

B) Қара басының қамын ойлаушы.

C) Даңққұмар, озбыр.

D) Мақтаншақ, даңғой.

E) Қанішер, жауыз.



12. ²Абай жолы² романындағы Абай жақсы көрген ойын атын белгілеңіз.

A) Қыз қуу.

B) Көкпар.

C) Асық ойнау.

D) Тоғызқұмалақ.

E) Ақсүйек.



13. «Ассонанс» анықтамасына сәйкес қатарды белгілеңіз.

A) Бірыңғай дауыссыз дыбыстарды қайталау.

B) Бір затты басқа затпен салыстыра суреттеу.

C) Заттың айрықша сипатын анықтау.

D) Бірыңғай дауысты дыбыстарды қайталау.

E) Бүтіннің орнына бөлшекті қолдану.



14. Сырдарияны жырға қосқан ақынды табыңыз.

A) Қ.Аманжолов.

B) Қ.Бекхожин.

C) Ә.Тәжібаев.

D) Қ.Мырзалиев.

E) І.Жансүгіров.



15. Алдар Көсенің шайтанды алдауына арналған аңыздарды сюжеті мен құрылысы жағынан әңгіменің қандай түріне жатқызуға болатынын көрсетіңіз.

A) Күлдіргі әңгіме.

B) Қайғылы әңгіме.

C) Діни әңгіме.

D) Қорқынышты әңгіме.

E) Шытырман оқиғалы.



16. Сарыбай мен Қарабайдың бір-бірімен кездескен жерін табыңыз.

A) Сыр елінде.

B) Жетісу жерінде.

C) Бетпақдалада.

D) Балталы жерінде.

E) Арқада.



17. ’’Кенелемін деген жігіттің

Жылқы ішінде екі арғымағы тел өсер,’’- қай шығарманың үзіндісі екенін анықтаңыз.

A) ’’Шағырмақ бұлт жай тастар’’.

B) ’’Қоғалы көлдер, қом сулар’’.

C) ’’Жауынды күні көп жүрме’’.

D) ’’Ор, ор қоян, ор қоян’’.

E) ’’Жел, жел есер, жел есер’’.


18. Шернияз Жарылғасұлы өмір сүрген ғасырды табыңыз.

A) XIV ғ.

B) XVI ғ.

C) XVIII ғ.

D) XVII ғ.

E) XIX ғ.



19. Шортанбай Қанайұлының шығармаларында кімдердің қатты сынға түскендігін анықтаңыз.

A) Жас балалар.

B) Әділетті жандар.

C) Хандық дәуірді аңсаған қариялар.

D) Аналар.

E) Орыс патшасы, жандарал, майырлар.



20. "Оқ тиіп он үшімде, ой түсіріп,

Бітпеген жүрегімде бар бір жарам".

А.Байтұрсынов осы жолдарды жазуға мәжбүр болған себебін анықтаңыз.

A) Ел мұңы.

B) Ғашықтық.

C) Оқуға еріксіздігі.

D) Әкесінің ұсталуы.

E) Кедейлік.



21. «Гүлсімге», «Махаббат не?», «Жас келін», «Жәмила» өлеңдерінің авторын табыңыз.

A) М.Жұмабаев.

B) Т.Айбергенов.

C) М.Шаханов.

D) Ф.Оңғарсынова.

E) Қ.Ыдырысов.



22. С.Сейфуллиннің зерттеу еңбектері қай салада жазылғанын анықтаңыз.

A) Қазақ тілі.

B) Психология.

C) Әдебиет теориясы.

D) Педагогика.

E) Қазақ фольклоры.



23. 1931 жылы С.Мұқановтың жарық көрген романын атаңыз.

A) “Есіл”.

B) “Өмір мектебі”.

C) “Адасқандар”.

D) “Теміртас”.

E) “Ботагөз”.



24. «Жарқ-жұрқ етіп екеуі айқасады,

Жеке батыр шыққандай қан майданға», - деген Абайдың өлең жолдарындағы көркемдегіш құралды табыңыз.

A) Кейіптеу.

B) Қайталау.

C) Теңеу.

D) Ауыстыру.

E) Егіздеу.


25. Қорқыттың кім екенін анықтаңыз.

A) Тек қана күйші.

B) VІІІ ғ. Сыр бойында өмір сүрген батыр, атақты ақын, күйші, аңыз кейіпкері.

C) Жырау болған адам.

D) Абыз, бақсы.

E) Өмірде болмаған, ол тек аңыз кейіпкері.



26. Ж.Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы уәзірдің атын табыңыз.

A) Айтолды.

B) Ұғділміш.

C) Оғдұрмыш.

D) Дана-дәруіш.

E) Күнтуды.



27. Мына өлең жолдары Үмбетейдің қай өлеңінен алынғанын белгілеңіз.

’’Уа, Алатаудай Ақшадан,

Асып тудың, Бөгембай’’

A) ’’Бәкеге’’.

B) ’’Бөгембай өліміне’’.

C) ’’Бекболат биге’’.

D) ’’Бөгембай өлімін Абылай ханға естірту’’.

E) ’’Жауқашарға’’.



28. Шәкәрім қай шығарманы аударғанын анықтаңыз.

A) "Дубровский".

B) "Обломов".

C) "Ревизор".

D) "Асауға тұсау".

E) "Евгений Онегин".



29. Ш.Айтматовтың «Боранды бекет» романындағы мазар орналасқан жерді атаңыз.

A) Тарбағатай.

B) Сарыөзек.

C) Ош.


D) Жаңа өзен.

E) Жерұйық.



30. Т.Әлімқұлұлы «Қараойға ертеде ат шалдыртыпты-мыс,”- деп, Махамбеттен басқа қай батырдың атын атайтынын табыңыз.

A) Алпамыс.

B) Қамбар.

C) Арқалық.

D) Ер Тарғын.

E) Қобыланды.








11 нұсқа


1. Мақалдағы көркемдік өрнекті табыңыз.

Терін төксе жеріне, жер тілеуін береді,

Елін сүйген еріне, ел тілеуін береді.

A) Метафора.

B) Эпитет.

C) Метонимия.

D) Синтаксистік параллелизм.

E) Теңеу.



2. Абайдың өз әнімен тараған өлеңін белгілеңіз.

A) «Айттым сәлем қаламқас».

B) «Интернатта оқып жүр».

C) «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін».

D) «Болыс болдым, мінеки».

E) «Ғылым таппай мақтанба».



3. Шәкәрімнің Абайға жақындығын табыңыз.

A) Атасы.

B) Туған інісі.

C) Немере інісі.

D) Баласы.

E) Ағасы.



4. Бес арыстың бірін белгілеңіз.

A) Қасым Аманжолұлы.

B) Сәбит Дөнентаев.

C) Мағауия Абайұлы.

D) Ғабиден Мұстафин.

E) Ахмет Байтұсынұлы.



5. Мына жолдарды айтқан қай пьесаның кейіпкері екенін табыңыз.

«Өз көңілімді барласам, дүниенің бәр дос. Жарқыраған күн де дос, тұнжыраған түн де дос…Сауық құрам - ән сүйем, саят құрам – сән сүйем, жалын ұрам – жар сүйем.»

A) «Еңлік-Кебек» - Кебек.

B) «Қыз Жібек» - Төлеген.

C) «Айман-Шолпан» - Арыстан.

D) «Ақан сері - Ақтоты» - Ақан.

E) «Қарагөз» - Сырым.


6. Өтірік болса, сақалым жұлынсын,

Қыз астындағы тырнадай.

Бәрін де осының көріп келдім,

Асыңды асшы ұрламай, – деген жолдарды кім айтқандығын табыңыз.

A) Асан қайғы.

B) Ер Төстік.

C) Қожанасыр.

D) Жиренше.

E) Алдар Көсе.


7. ’’Ер Тарғын’’ жырындағы дана, батагөй қарияның атын табыңыз.

A) Ақшахан.

B) Ханзада.

C) Қартқожақ.

D) Сыпыра жырау.

E) Бұлалай.



8. Баласын мақтар бас жаман,

Қатынын мақтар қас жаман

Алыстағы дұшпаннан,

Аңдып жүрген дос жаман, - деген жолдарды айтқан авторды белгілеңіз.

A) Төле.


B) Үмбетей.

C) Абай.


D) Қазыбек.

E) Сырым.



9. Жаманды байқап қарасаң,

Күндердің күні болғанда

Өз басына өзі жау, - деген өлең шумағында Махамбеттің айтқан мәселесін анықтаңыз.

A) Жақсыдан шарапат.

B) Адамгершілік.

C) Жаманнан кесапат.

D) Жастарға өнеге іс.

E) Батырға тән мінез.



10. Дулат Бабатайұлының туған жылын табыңыз.

A) 1802 ж.

B) 1835 ж.

C) 1892 ж.

D) 1874 ж.

E) 1904 ж.



11. С.Сейфуллиннің азан шақырып қойған есімін табыңыз.

A) Сарыпбек.

B) Сейфқожа.

C) Сәдуақас.

D) Сейфолла.

E) Сағындық.



12. Жас қанжары-жүректегі жігері,

Өнер,оқу- жастың қару-жарағы… деген тармақтар І.Жансүгіровтің қай шығармасынан алынғандығын анықтаңыз.

A) «Жастар».

B) «Оқимын».

C) «Жел».

D) «Бүгінгі дала».

E) «Ала бие».


13. Ғ. Мүсіреповтің әйел-ана атымен аталатын әңгімесін табыңыз.

A) Ұлпан.

B) Ақлима.

C) Ақбілек.

D) Ботагөз.

E) Сұлушаш.



14. Жоқтау қандай өлең екенін көрсетіңіз.

A) Жазба әдебиетінде ғана қалыптасқан, ауыз әдебиетінде жоқ.

B) Міндетті түрде музыканы қажет етеді.

C) Ауыз әдебиетінің бір түрі.

D) Тек төрт тармақтан тұратын өлең.

E) Ауыр қазалы адамның дүниеден өткен адамға деген қадір-құрметін білдіретін өлең.



15. ’’Қаңбақ шал’’ ертегісіндегі қай кейіпкердің сөзі екенін табыңыз.

- Кел, жердің ішек- қарынын шығарайық.

A) Кемпір.

B) 2- дәу.

C) Түлкі.

D) Шал.


E) 1- дәу.

16. Жиембет жырау қай ханның тұсында өмір сүргенін белгілеңіз.

A) Қасым хан.

B) Есім хан.

C) Жәңгір хан.

D) Абылай хан.

E) Тәуке хан.



17. Бұқар жыраудың өмір сүрген жылдарын табыңыз.

A) 1675-1768 жж.

B) 1706-1778 жж.

C) 1668-1781 жж.

D) 1465-1560 жж.

E) 1670-1730 жж.



18. Исатай-Махамбет бастаған көтеріліс жыршысының бірі, күрескер ақынды табыңыз.

A) Шернияз Жарылғасұлы.

B) Мұрат Мөңкеұлы.

C) Үмбетей жырау.

D) Алмажан Азаматқызы.

E) Балқы Базар жырау Оңдасұлы.



19. Шоқан өзі жинаған қазақтың ауыз әдебиеті нұсқаларын, ’’Қозы Көрпеш-Баян сұлу’’ жырын қай профессорға бергенін анықтаңыз.

A) Ильминскийге.

B) Богородицкийге.

C) Достоевскийге.

D) Березинге.

E) Радловқа.



20. Ыбырай Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясына» кірген біраз материалдарды қайдан алғандығын табыңыз.

A) Жыраулар поэзиясынан.

B) Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» кітабынан.

C) К.Д.Ушинскийдің «Детский мир», «Родное слово» кітабы.

D) Асан қайғыдан.

E) Бұқар жырау Қалқаманұлынан.



21. Сұлтанмахмұттың балалық шағы өткен жерді табыңыз.

A) Көкшетау.

B) Өскемен.

C) Ақтөбе.

D) Атырау.

E) Павлодар.



22. Ғ.Мұстафиннің’’Қарағанды’’ романында қандай мәселе әңгімеленетінін табыңыз.

A) Қазақ ауылының тұрмысы.

B) Колхоздастыру кезеңі.

C) Жұмысшы табы мен ұлттық интеллигенцияның қалыптасу жолы.

D) Қазан төңкерісі.

E) Білімдендіру, сауаттандыру мәселесі.



23. Өлеңдегі жаңа жолдың басқы бірінші дыбыстарының біркелкі дауысты болып қайталанып айтылуын анықтайтын терминді табыңыз.

A) Бастапқы қайталау.

B) Ассонанс.

C) Аллитерация.

D) Синекдоха.

E) Басқы ұйқас.



24. О.Бөкейдің туған жерін есіңізге түсіріңіз.

A) Ақтөбе. Ырғыз ауданы.

B) Павлодар. Баянауыл ауданы.

C) Семей. Абай ауданы.

D) Қызылорда. Қазалы ауданы.

E) Шығыс Қазақстан Қатонқарағай ауданы.



25. «Руна жазуы» деген ұғым қай халықтың сөзі екенін табыңыз.

A) Орыс сөзі.

B) Скандинавия халықтарының сөзі.

C) Түрік сөзі.

D) Үнді елінің сөзі.

E) Ағылшын сөзі.



26. Құтбтың Низамиден аударған дастаны қалай аталатынын табыңыз.

A) ’’Кодекс куманикус’’.

B) ’’Хисса-сул әнбия’’.

C) ’’Ақиқат сыйы’’.

D) ’’Хұсрау-Шырын’’.

E) ’’Мухаббат-наме’’.



27. Мұрат Мөңкеұлының өмірге келген, өмірден өткен жылдарын көрсетіңіз.

A) 1843-1906 жж.

B) 1858-1931 жж.

C) 1858-1912 жж.

D) 1870-1904 жж.

E) 1818-1881 жж.



28. Бір доғал, жасынан бір бетті болды,

Кекшіл қасқыр секілді кекті болды…-өлең жолындағы кейіпкерді атаңыз.

A) “Сұлушаштағы” Алтай.

B) “Медғат-Қасымдағы” Қасым.

C) “Кім жазықтыдағы” Әжібай.

D) “Құлагердегі” Батыраш.

E) “Көкшетаудағы” Адақ.


29. Украин әдебиетінің өкілдерін белгілеңіз.

A) А.Ахматова, В.Распутин.

B) А.Беляев, И.Бунин.

C) М.Жәлел, С.Айни.

D) П.Тычина, М.Бажан.

E) Г.Сковорода, О.Туманян.



30. Қ.Байсейітов пен Қ.Шаңғытбаевтың комедиясын табыңыз.

A) «Той боларда».

B) «Тойдан қайтқан қазақтар».

C) «Қуырдақ дайын».

D) «Құдағи келіпті».

E) «Беу, қыздар-ай».








12 нұсқа


1. Махамбет ақынның өлеңін табыңыз.

A) «Ғылым таппай, мақтанба».

B) «Жал – құйрығы қаба деп».

C) «Жанбота».

D) «Керей қайда барасың».

E) «Қызғыш құс».



2. Абай өмір сүрген ғасырды белгілеңіз.

A) XIX ғ. аяғы мен ХХ ғ.басы.

B) ХХ ғ.

C) XVIII-XIX ғ.

D) XVI-XVII ғ.

E) XV-XVII ғ.



3. А.Байтұрсынұлының өлеңдер жинағын көрсетіңіз.

A) «Өткен күндер».

B) «Домбыра».

C) «Асау тұлпар».

D) «Маса».

E) «Шолпан».



4. «Өтеген батыр» дастанының авторын табыңыз.

A) І.Жансүгіров.

B) С.Сейфуллин.

C) М.Жұмабаев.

D) Ж.Жабаев.

E) Б.Майлин.



5. С. Мұқанов жұмысшы факультетін (рабфак) қай қалада бітіргенін табыңыз.

A) Қызылорда.

B) Шымкент.

C) Орск.


D) Алматы.

E) Орынбор.



6. Жүсіп Баласағұн қай ғасырда өмір сүргенін белгілеңіз.

A) ІX ғ.


B) X ғ.

C) VІІІ ғ.

D) XІІ ғ.

E) XІ ғ.



7. Хайуанаттар туралы ертегіні табыңыз.

A) «Түлкі, аю, қойшы»

B) «Аққудың күйі»

C) «Ер Төстік»

D) «Тұлпар»

E) «Керқұла атты Кендебай»



8. Таза мінсіз асыл тас,

’’Су түбінде жатады.



Таза мінсіз асыл сөз,

Ой түбінде жатады’’

Үзінді кімдікі екенін белгілеңіз.

A) Қазтуған.

B) Шалкиіз.

C) Асан қайғы.

D) Доспамбет.

E) Ақтамберді.


9. Дулат ақынның әкесін табыңыз.

A) Бабатай.

B) Сағынай.

C) Жиембет.

D) Еспенбет.

E) Шортанбай.



10. Шәкәрімнің музыка зерттеушісі А.В.Затаевич нотаға түсіріп алған әнін табыңыз.

A) «Жастарға».

B) «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек».

C) «Дүние мен өмір».

D) «Ақындарға».

E) «Бостандық туы жарқырап».



11. Міржақып Дулатов Түркістан республикасының «Ақ жол» газетіне қай жылдары қызметте болғанын белгілеңіз.

A) 1930 ж.

B) 1927 ж.

C) 1926 ж.

D) 1925 ж.

E) 1920 ж.



12. Сюжеттің анықтамасын белгілеңіз.

A) Оқиғаның мезгілін, орнын көрсету.

B) Адамның сырт бітімін суреттеу.

C) Оқиғалар арасындағы байланыс.

D) Бір адамның ұзақ сөзі.

E) Оқиға не оқиғалар жиынтығы.



13. «Көшпенділер» атты тарихи трилогияның екінші бөлімі қалай аталатындығын табыңыз.

A) «Қаһар».

B) «Алмас қылыш».

C) «Ғашықтар».

D) «Жанталас».

E) «Қатерлі өткел».



14. Д.Исабековтің пьесасын табыңыз.

A) «Құдағи келіпті».

B) «Әпке».

C) «Көктөбедегі кездесу».

D) «Мансапқорлар».

E) «Неке қияр».



15. ’’Алдар Көсе’’ аңызында майдың орнына қандай зат салынатынын анықтаңыз.

A) Тулақ.

B) Тезек.

C) Ет.


D) Сүйек.

E) Құрт.



16. Қазақ халқының ауыз әдебиетін зерттеген қай батыр жазушы екенін белгілеңіз.

A) Талғат Бигелдинов.

B) Бауыржан Момышұлы.

C) Рахымжан Қошқарбаев.

D) Қасым Қайсенов.

E) Мәлік Ғабдуллин.



17. Алғаным Әли ағаның қызы еді,

Қас арудың өзі еді.

Маңдайы күнге тимеген,

Желге шашын үрмеген,- деген жолдар қай жыраудың өлеңінен алынғанын анықтаңыз.

A) Бұқар.

B) Доспамбет.

C) Қазтуған.

D) Асан қайғы.

E) Шалкиіз.



18. «Балаларыма өсиет» өлеңінің авторын табыңыз.

A) Шалкиіз.

B) Қазтуған.

C) Ақтамберді.

D) Жиембет.

E) Шернияз.



19. Баймағамбет сұлтанмен қақтығысқан ақынды табыңыз.

A) Бекболат.

B) Мұрат.

C) Шәңгерей.

D) Шернияз.

E) Алмажан.



20. Ы.Алтынсариннің жастарға бата ретінде жазған шығармасын белгілеңіз.

A) «Асыл шөп»

B) «Өнер-білім бар жұрттар»

C) «Қыпшақ Сейітқұл»

D) «Таза бұлақ»

E) «Кел, балалар, оқылық!»



21. ’’Жас жүрек’’ (1917 ж.) кімнің өлеңі екенін белгілеңіз.

A) М.Әуезов.

B) М.Сералин.

C) С.Торайғыров.

D) С.Дөнентаев.

E) С.Көбеев.



22. ...Бұрынғы өткен күніңді,

Берейін жырлап елге, анам.

Көргеніңді бүгінгі

Жаз, жаз, қалам, тер қалам...

Үзінді қай поэмадан алынғанын белгілеңіз.

A) ’’Дала’’.

B) ’’Күйші’’.

C) ’’Альбатрос’’.

D) ’’Гималай’’.

E) ’’Күй’’.


23. Ағасының қалыңдығын алып қашып әкеліп беретін бала туралы жазылған Ғ.Мүсірепов шығармасын табыңыз.

A) «Кездеспей кеткен бір бейне».

B) «Этнографиялық әңгіме.»

C) «Боранды түнде».

D) «Боранда».

E) «Ананың анасы».



24. Мақал-мәтелдерде көп қолданылатын көркем өрнектің атауын табыңыз.

A) Ырғақ.

B) Теңеу.

C) Саз.


D) Синтаксистік параллелизм.

E) Интонация.



25. Көне түркі жазуын алғаш оқыған ғалымды белгілеңіз.

A) Н.Видзен.

B) В.Радлов.

C) В.Томсен.

D) Н.Ядринцев.

E) С.Ремезов.



26. Астына мінген атына «Айналайын» деп үн қататын батырды табыңыз.

A) Ер Тарғын.

B) Кендебай.

C) Ер Төстік.

D) Алпамыс.

E) Толағай.



27. Мұрат Мөңкеұлының өлеңдерін көрсетіңіз.

A) «Сырым», «Елім-ай».

B) «Әсемпаз болма әрнеге», «Жаз».

C) «Үш қиян», «Өлім».

D) «Замана», «Насихат».

E) «Анама хат», «Қазақ қалпы».



28. Ш.Уәлиханов 1857 жылы кімнің ұсынысымен орыс географиялық қоғамының толық мүшесі болғанын белгілеңіз.

A) Семенов-Тян-Шанский.

B) И.Н.Березин.

C) С.Ф.Дуров.

D) Ф.М.Достоевский.

E) Г.Н.Потанин.



29. Баубек Бұлқышевтың «Өмір сүргім келеді» деген әңгіме-хатты жазғанда неше жаста екенін табыңыз.

A) Жиырма екіде.

B) Жиырмада.

C) Жиырма бірде.

D) Он тоғызда.

E) Жиырма үште.



30. Ш.Айтматовтың «Боранды бекет» романындағы мазар орналасқан жерді атаңыз.

A) Тарбағатай.

B) Жерұйық.

C) Жаңа өзен.

D) Сарыөзек.

E) Ош.







Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет