1. Махамбет Өтемісұлының туған жылын белгілеңіз. A 1846 ж. B 1835 ж. C 1904 ж. D 1865 ж. E 1804 ж



бет1/6
Дата04.01.2020
өлшемі0,55 Mb.
#55427
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
00082507-022c8c66

001

1. Махамбет Өтемісұлының туған жылын белгілеңіз.

A) 1846 ж. B) 1835 ж. C) 1904 ж. D) 1865 ж. E) 1804 ж.

2. Аңыз кейіпкеріне айналған жырауды табыңыз.

A) Доспамбет. B) Жиренше. C) Жиембет. D) Қазтуған. E) Асан қайғы.

3. Асанның:

’’Ердің құны болса да,

Алдыңа келіп қалған соң,

Қол қусырып барған соң,

Аса кеш те, қоя бер,’’- деген өлеңінде не туралы айтылғанын анықтаңыз.

A) Дәстүр, салт мәселесі. B) Жер мәселесі. C) Кешірімділік.

D) Достық. E) Қамқорлық.

4. Жазба әдебиетінің ауыз әдебиетінен айырмашылығы

А. Авторлары сақталмаған B Қайталаулар кездеседі C Авторы болады

D Ұжымдық шығарма E Көп нұсқалы болып келеді

5. Абайдың бес асыл іс пен бес дұшпанды саралаған өлеңін табыңыз.

A) «Интернатта оқып жүр». B) «Қалың елім, қазағым...»

C) «Әсемпаз болма әрнеге». D) «Жасымда ғылым бар деп...» E) «Ғылым таппай мақтанба».

6. Тасқа жазылған көне дастандарды табыңыз.

A) ’’Диуани лұғат ат-түрік’’. B) ’’Құдатғу біліг’’. C) ”Күлтегін”, ’’Тоныкөк’’.

D) ’’Мұхаббат-наме’’. E) Қорқыт ата.

7. Желаяқ, Таусоғар, Саққұлақ атты кейіпкерлер қандай ертегіде кездесетінін анықтаңыз.

A) "Ұшқыш кілем". B) "Адам жеңбес Айыртөс батыр".

C) "Ер Төстік". D) "Керқұла атты Кендебай". E) "Аяз би".

8. Айтысқа түсетін ақынның бірден бастырмалатып, қарсыласының апшысын қуыра, сескендіре сөйлейтінінің себебін көрсетіңіз.

A) Елдің көңілін аудару амалы.

B) Айтыстың бір шарты.

C) Шабыт шақыру мақсаты.

D) Қарсыласын жеңіп кетудің амалы.

E) Асқақ ақын екенін дәріптеу жолы.

9. Жиембет жырау қай ханның тұсында өмір сүргенін белгілеңіз.

A) Абылай хан.

B) Жәңгір хан.

C) Қасым хан.

D) Тәуке хан.

E) Есім хан.

10. ’’Ар жақта Арғынғазы дүмбірлеген,

Байеке, елің бар ма бүлдірмеген’’, - деп Баймағамбет төренің озбырлығын бетке айтатын ақынды анықтаңыз.

A) Махамбет.

B) Мұрат.

C) Шернияз.

D) Жанкісі.

E) Шортанбай.

11. Монолог дегеніміздің не екенін анықтаңыз.

A) Қалыпты жағдайдан әсірелеп суреттеу.

B) Шығарма кейіпкерлерінің өзара кезектесе сөйлесуі.

C) Әдеби шығармадағы оқиға желісі.

D) Бір адамның ұзақ сөзі.

E) Табиғат көркін суреттеу.

12. Шығарманың тақырыбы деген ұғымға сәйкес келетін жауапты көрсетіңіз.

A) Оқиғалардың мазмұндық байланысы.

B) Жазушының көркем шығармасына негіз, арқау еткен өмір

құбылыстарының түйіні.

C) Жазушының үндейтін белгілі бір пікірі, айтқысы келетін

ойы.

D) Оқиға өтетін орынмен таныстыру.



E) Қаламгердің өмір құбылысына берген бағасы.

13. «Қыз Жібек» жырындағы жастардың арман, тілегіне қарсы топты атаңыз.

A) Қалмақтар тобы.

B) Базарбай тобы.

C) Қарабай тобы.

D) Сарыбай тобы.

E) Қодар тобы.

14. «Сөз – жібек жіп, жыр – кесте…» деген тармақ кімдікі екендігін табыңыз.

A) Дулат.

B) Шортанбай.

C) Бұқар.

D) Асан қайғы.

E) Шернияз.

15. Самаурын мен шайдың өзін қазақтың дәстүрлі салтын бұзатын жағымсыз құбылыс көрген ақындарды табыңыз.

A) Абай дәстүрін жалғастырушылар.

B) Ондайлар болған емес.

C) Зар заман ақындары.

D) Демократтық бағыттағы ақындар.

E) Романтик ақындар.

16. Мақалдың екінші жартысын көрсетіңіз.

Батыр туса – ел ырысы, …

A) Жаңбыр жауса – жер ырысы.

B) Ел үмітін ер ақтар.

C) Айласыз батыр алдырар.

D) Ел – ырыстың кілті.

E) Батыр елдің сәулеті.

17. Махамбет ақынның әкесінің атын табыңыз.

A) Зұлқарнайын.

B) Жәңгір.

C) Өтеміс.

D) Исатай.

E) Бекмағамбет.

18. Ыбырай Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» кімге арналѓандыѓын табыңыз.

A) Ақындарѓа.

B) Балаларѓа.

C) Билерге.

D) Тіл мамандарына.

E) ¦стаздарына.

19. «Өтеген батыр» дастанының авторын табыңыз.

A) С.Сейфуллин.

B) М.Жұмабаев.

C) І.Жансүгіров.

D) Ж.Жабаев.

E) Б.Майлин.

20. Қиял-ғажайып ертегіні табыңыз.

A) «Түлкі мен бөдене».

B) «Күн астындағы Күнікей қыз».

C) «Қырық өтірік».

D) «Аяз би».

E) «Толағай».



002

1. Асан атына ’’қайғы’’ деген сөздің тіркесе айтылуының себебін белгілеңіз.

A) Жай қоя салған.

B) Мұңды адам.

C) Халық қайғысын, мұң-зарын ойлаумен өткен адам.

D) Айналасына наразылықтан.

E) Өз басында қайғысы бар адам.

2. ’’Өкпеңменен қабынба,

Өтіңменен жарылма,

Орыспенен соғысып,

Басыңа мұнша көтерген,

Жұртыңа жаулық сағынба’’, - деген өлең жолдары кімдікі екенін белгілеңіз.

A) Шалкиіз жырау.

B) Ақтамберді жырау.

C) Жиембет жырау.

D) Бұқар жырау.

E) Доспамбет жырау.

3 Абайдың өнер-білім туралы өлеңін табыңыз:

A) “Қалың елім, қазағым”.

B) “Өнер-білім бар жұрттар”.

C) “Өзен”.

D) “Ғылым таппай мақтанба”.

E) “Жазғытұрым”.

4. Мына сөйлемдегі салт-дәстүрге байланысты керек сөзді белгілеңіз.

...Алшынбай Ұлжан отырған үйдің есігін аштырып, тысқа семіз асау құнан тайды көлденең ұстап тұрып, қонақтардан не күткенін анықтаңыз.

A) Сый дәметті. B) Рұқсат күтті. C) Көрімдік сұратты.

D) Алғыс күтті. E) Бата тілетті.

5. Мінездеменің ерекшелігін анықтаңыз.

A) Шығармаға қатысушының мінезін, дүниеге көзқарасын

сипаттау.

B) Оқиғаның болған жерін көрсету.

C) Табиғат көркін суреттеу.

D) Шығарманың оқиғасын желілі түрде көркем әңгімелеу.

E) Екі адамның өзара кезектесе сөйлеуі.

6. ’’Жар-жар’’ өнердің қай түріне жататынын табыңыз.

A) Жыраулық. B) Шешендік өнер. C) Күйшілік.

D) Термелік. E) Айтыс.

7. Қазақ халқының ауыз әдебиетін зерттеген қай батыр жазушы екенін белгілеңіз.

A) Бауыржан Момышұлы. B) Рахымжан Қошқарбаев. C) Қасым Қайсенов.

D) Мәлік Ғабдуллин. E) Талғат Бигелдинов.

8. «Балаларыма өсиет» өлеңінің авторын табыңыз.

A) Шернияз. B) Шалкиіз. C) Ақтамберді.

D) Жиембет. E) Қазтуған.

9. Баймағамбет сұлтанмен қақтығысқан ақынды табыңыз.

A) Шернияз. B) Бекболат. C) Мұрат.

D) Шәңгерей. E) Алмажан.

10. Оқиғаның болатын орны, мерзімі қалай аталатынын анықтаңыз.

A) Эпилог.

B) Шешім.

C) Экспозиция.

D) Кульминация.

E) Пролог.

11. Әбу Насыр Әл-Фараби туындылары ежелгі дәуір әдебиетінің қай кезеңіне жататынын белгілеңіз.

A) Ислам дәуіріндегі әдебиет.

B) Хандық дәуіріндегі әдебиет.

C) Оғыз дәуіріндегі әдебиет.

D) Түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиет.

E) Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет.

12. Тарбағатай тауынан

Тоқсан сала қосылып,

Тоғыз өзен түйісіп,

Ақтың төмен жосылып ... – деген үзінді қай өлеңнен алынған, табыңыз.

A) «Толағай»

B) «Арқалық аясында»

C) «Тарланым»

D) «Жетісу суреттері»

E) «Аягөз , қайда барасың?!»

13. Алтын, күміс тас болар.

Арпа, бидай ас болар,

Бірігіп жан тусаң да,

Қарап та жүріп қас болар, -деген үзінді Шортанбай Қанайұлының қай өлеңінен алынғандығын көрсетіңіз.

A) «Насихат».

B) «Замана».

C) «Алдаушы жалған».

D) «Бала зары».

E) «Зар заман».

14. Мақалдың тақырыбын анықтаңыз.

Ер жігіт ел үшін туады,

Ел үшін өледі.

A) Еңбек тақырыбы.

B) Батырлық, ерлік тақырыбы.

C) Өнер - білім тақырыбы.

D) Ынтымақ, бірлік тақырыбы.

E) Достық тақырыбы.

15. Махамбет қай ханның тұсында өмір сүрген, белгілеңіз.

A) Абылай хан B) Тәуке хан C) Жәңгір хан D) Әбілқайыр хан E) Жолбарыс хан

16. Ы. Алтынсариннің отырықшылыққа, егіншілікке үгіттеген әңгімесін табыңыз.

A) «Талаптың пайдасы». B) «Қыпшақ Сейітқұл». C) «Атымтай Жомарт».

D) «Бай баласы мен кедей баласы» E) «Әке мен бала»

17. VІІІ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген ақын, күйші, аңыз кейіпкерін табыңыз.

A) А.Яссауи. B) М.Қашқари. C) Қорқыт. D) С.Сараи. E) Ж.Баласағұн.

18. Аңыз кейіпкеріне айналған жырауды табыңыз.

A) Жиембет. B) Жиренше. C) Қазтуған. D) Доспамбет. E) Асан қайғы.

19. XVІІІ ғасырда өмір сүріп, Тәуке, Абылай хандарға кеңесші болған қай жырау екенін белгілеңіз.

A) Доспамбет.

B) Ақтамберді.

C) Бұқар.

D) Қазтуған.

E) Шалкиіз.

20. Дулат ақынның әкесін табыңыз.

A) Шортанбай.

B) Еспенбет.

C) Сағынай.

D) Жиембет.

E) Бабатай.


003

1. Абайдың Әйгерімге деген жан сезімін білдіретін өлеңін табыңыз.

A) “Сап-сап көңілім”.

B) “Бойы бұлғаң”.

C) “Жарқ етпес қара көңілім”.

D) “Қызарып, сұрланып”.

E) “Көзімнің қарасы”.

2. Шығарманың кейіпкері деген ұғымға лайық анықтаманы белгілеңіз.

A) Жансыз табиғаттың кәдімгі тірі адамға айналуы.

B) Шығармадағы адамдардың мінез-құлқы, сырт пішіні.

C) Міндетті түрде өмірде болған адамдар.

D) Өмірде сирек кездесетін, тіпті мүлде кездеспейтін образдар.

E) Шығармадағы адамдардың көркем бейнесі.

3. XІX ғасырдың ІІ жартысында және ХХ ғасырдың басында қазақ халқымен тығыз әдеби байланыста болған туысқан халықтарды белгілеңіз.

A) Татар, қырғыз, өзбек.

B) Ұйғыр, тәжік, чуваш.

C) Түрік, құмық.

D) Қарақалпақ, араб.

E) Орыс, қарашай.

4. Сыпыра жырау қай жырда кездесетінін белгілеңіз.

A) «Алпамыс батыр». B) «Ер Тарғын». C) «Ер Мамай».

D) «Ер Қосай».E) «Қобыланды батыр».

5. «Мен едім Исатайдың Шерниязы» деп, өзін Шернияз ақын кімге таныстыратынын табыңыз.

A) Махамбетке. B) Бөкей ханға. C) Баймағамбет сұлтанға.

D) Ел-жұртқа. E) Жәңгір ханға.

6. ’’Жүз жыл өмір кешкен ақында неше жүз жылдар өнері мен шеберлігі түйіскен’’, - деген пікірді кім айтқанын белгілеңіз.

A) Р.Бердібаев. B) М.Әуезов. C) Б.Кенжебаев. D) Ж.Дәдебаев. E) Х.Сүйіншіәлиев.

7. Литота ойды қалай бейнелейтінін табыңыз.

A) Мүлде құлдырата, кішірейте суреттеу.

B) Әсірелеу, ұлғайту.

C) Сөздердің мағынасын бұрып айту.

D) Салыстыра суреттеу.

E) Сөздерді қарама-қарсы мәнде айту.

8. ’’Құдатғу білігте’’ әділдіктің бейнесі ретінде кім алынғанын анықтаңыз.

A) Қорқыт. B) Одгүрміш. C) Айтолды. D) Күнтуды. E) Ұғділміш.

9. Шалкиіз жыраудың өлеңін табыңыз.

A) “Көлде жүрген қоңыр қаз”.

B) “Бұл заманда не ғаріп?”

C) “Шағырмақ бұлт жай тастар”

D) “Күн қайда”.

E) “Мұнар күн”.

10. Арқадан дәурен кеткен соң,

Қуғындап орыс жеткен соң,

Тіпті амал жоқ, қазақтар,

Енді сенің торыңа…

Байлар ұрлық қылады,- деген тармақтар Шортанбай Қанайұлының қай шығармасынан алынғандығын табыңыз.

A) «Насихат». B) «Алдаушы жалған». C) «Зар заман».

D) «Бала зары». E) «Замана».

11. Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясына» енген ауыз әдебиеті үлгісіндегі аңыз-әңгімесін белгілеңіз.

A) «Қыпшақ Сейітқұл». B) «Лұқпан хакім». C) «Әке мен бала».

D) «Бақша аѓаштары». E) «Өрмекші, құмырсқа, қарлыѓаш».

12. Абай өмір сүрген ғасырды белгілеңіз.

A) ХХ ғ.

B) XVIII-XIX ғ.

C) XIX ғ. аяғы мен ХХ ғ.басы.

D) XV-XVII ғ.

E) XVI-XVII ғ.

13. Қожа Ахмет Яссауидің кітабы қалай аталатынын анықтаңыз.

A) ’’Кодекс-Куманикус’’.

B) ’’Мұхаббат-наме’’.

C) ’’Оғыз-нама’’.

D) ’’Диуани хикмет’’.

E) ’’Құдатғу біліг’’.

14. «Ақ жүрген азбас» мақаланың тақырыбын белгілеңіз.

A) Отан, туған жер, халық туралы

B) Үнемшілдік жайында

C) Адамгершілік, жақсы- жаман мінез туралы

D) Төрт түлік мал, кәсіп, егіншілік туралы

E) Оқу, білім, өнер туралы

15. Аяқталған біртұтас ойды білдіретін өлең өлшемінің атауын белгілеңіз.

A) Бунақ. B) Ұйқас. C) Тармақ. D) Шумақ. E) Буын.

16. Қазақтың көшпелі өмірі, әдет-ғұрпы, мінез-құлқы, киім киісі, жүріс-тұрысы, қыздарының бірінен-бірі асқан сұлулығы суреттелетін лиро-эпос жырын көрсетіңіз.

A) «Күлше қыз».

B) «Мақпал мен Сегіз».

C) «Айман-Шолпан».

D) «Қыз Жібек».

E) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу».

17. "Сен алтынсың, мен пұлмын, Сен жібексің, мен жүнмін" деген өлең жолдарын Шалкиіз жырау кімге арнап айтқанын белгілеңіз.

A) Мұса биге.

B) Батырға.

C) Жолдасына.

D) Ханға.

E) Би Темірге.

18. Бұқар жыраудың шығармасын табыңыз.

A) “Күмбір, күмбір кісінетіп”

B) “Мұнар күн”

C) “Қамыстың басы майда, түбі сайда”

D) “Асқар, асқар, асқар тау”

E) “Жиырма деген жасыңыз”

19. Монолог дегеніміздің не екенін анықтаңыз.

A) Қалыпты жағдайдан әсірелеп суреттеу.

B) Табиғат көркін суреттеу.

C) Бір адамның ұзақ сөзі.

D) Әдеби шығармадағы оқиға желісі.

E) Шығарма кейіпкерлерінің өзара кезектесе сөйлесуі.

20. ’’Бұл заманда не ғаріп?’’ өлеңі алғаш қайда жарияланғанын белгілеңіз.

A) ’’Алдаспан’’.

B) ’’Қазақ әдебиеті’’.

C) Газетте.

D) ’’Әдебиет тарихы’’.

E) ’’Шайыр’’ жинағы.


004

1. Шернияз:

Ар жақта Арынғазы дүмбірлеген,

Байеке, елің бар ма бүлдірмеген? – деп кімге айтқандығын анықтаңыз.

A) Қарауылқожаға.

B) Жәңгірге.

C) Жәнібекке.

D) Баймағамбетке.

E) Арынғазыға.

2. Дулат ақынның дүниеге келген жылын көрсетіңіз.

A) 1728 ж. B) 1683 ж. C) 1802 ж. D) 1847 ж. E) 1810 ж.

3. «Киім кисе, жеңі жоқ,

Етегі бар да, белі жоқ...

Ел биледі бір сымпыс

Екі бұты таралған»

Кімнің өлеңінен алынған үзінді екенін белгілеңіз.

A) Міржақып Дулатов.

B) Мұрат Мөңкеұлы.

C) Әбубәкір Шоқанұлы.

D) Абай Құнанбаев.

E) Шортанбай Қанайұлы.

4. Махамбет Өтемісұлының ағасы, Жәңгір ханның 12 биінің бірін табыңыз.

A) Қарауылқожа. B) Исатай. C) Жәңгір. D) Бекмағамбет. E) Баймағамбет.

5. Абайдың Семей кітапханасында танысқан орыс досының атын белгілеңіз.

A) Михаэлис. B) Некрасов. C) Герцен. D) Байрон. E) Гете.

6. Асанның:

’’Ердің құны болса да,

Алдыңа келіп қалған соң,

Қол қусырып барған соң,

Аса кеш те, қоя бер,’’- деген өлеңінде не туралы айтылғанын анықтаңыз.

A) Қамқорлық.

B) Достық.

C) Кешірімділік.

D) Дәстүр, салт мәселесі.

E) Жер мәселесі.

7. Ы.Алтынсарин құрастырған «Қазақ хрестоматиясының» алғашқы беті қандай өлеңмен ашылғанын табыңыз.

A) «Кел, балалар, оқылық!» B) «Өзен» C) «Өнер-білім бар жұрттар»

D) «Интернатта оқып жүр» E) «Шәкірт ойы»

8. ’’Жамиғат-тауарих’’ кімнің еңбегі екенін табыңыз.

A) Әбілғазы Бахадүр. B) З.М.Бабыр. C) Қадырғали Жалайри.

D) М.Х.Дулати. E) Мұхаммед Салих.

9. Жәнібектің:

- Інісі өлген қандай екен? - деген сұрағына Жиреншенің қайтарған жауабын белгілеңіз.

A) Оң қанатың қайырылғаны.

B) Асқар тауың құлағаны.

C) Ағар бұлағың суалғаны.

D) Бауыр еті күйгені.

E) Сол қанатың қайырылғаны.

10. Асан қайғының елді аралауына не себеп болғанын белгілеңіз.

A) Өлеңдерін тарату.

B) Шұрайлы жер іздеу.

C) Игі жақсыларды жинау.

D) Өзінің кәсібі.

E) Саяхат жасау.

11. ’’Шағырмақ бұлт жай тастар’’ қай жыраудың шығармасы екенін анықтаңыз.

A) Доспамбет. B) Асан қайғы. C) Жиембет. D) Шалкиіз. E) Қазтуған.

12. Параллелизм деген ұғымның мәнін табыңыз.

A) Басқа біреудің әдеби шығармасын иемдену.

B) Керексіз, орынсыз, басы артық сөз.

C) Қайта айту деген мағынаны білдіреді.

D) Қарама-қарсы ұғымдарды жақындату.

E) Екі нәрсені қатарластыра алып бейнелеу тәсілі.

13. Новелланың анықтамасын белгілеңіз.

A) Кейіпкерлері болмайтын, тек суреттеуге құрылатын

әңгіме.

B) Оқиғасы қызу, ширақ дамып, күтпеген жерден кілт, тосын

шешіммен аяқталатын әңгіме.

C) Тек махаббат тақырыбын суреттеген шығарма,

D) Әңгімеге қарағанда көлемді шығарма.

E) Әңгіменің бір түрі, бірақ көлемі өте қысқа.

14. «Өжет адам ...» нені жеңеді, табыңыз

A) Жауды жеңеді

B) Дұшпанын жеңеді

C) Өз-өзін жеңеді

D) Өлімді жеңеді

E) Жаманды жеңеді

15. Қас итсің, қасыңа да адам жуымас,

Ел ұстап жұрт билейтін қылығың жоқ,

Хан емес, қас қатынсың мұндар қу бас, - деген үзіндінің авторын табыңыз.

A) Ақтамбердінікі. B) Шернияздікі. C) Жиембеттікі.

D) Исатайдікі. E) Махамбеттікі.

16. Дулат Бабатайұлының өлеңін табыңыз.

A) «Ақжайлау мен Сандықтас». B) «Жаздыгүні шілде болғанда». C) «Сүйемін».

D) «Тағдыр». E) «Елім-ай».

17. Шортанбай Қанайұлының төмендегі өлең тармақтарында не айтылғанын анықтаңыз:

Бай кедейді көрмейді,

Кедей байға ермейді.

Қызметін бір күн қылмаса,

Майлы сорпа бермейді.

A) Бостандықтың туғандығы.

B) Өнер, оқу, білім.

C) Қазақ аулындағы тап жігінің ашылғандығы.

D) Табиғаттың тамаша көрінісі.

E) Әйелдер теңсіздігі.

18. Кісі қайтыс болғанда айтылатын салт өлеңдерін көрсетіңіз.

A) Жар - жар. B) Жоқтау. C) Сыңсу. D) Той бастар. E) Беташар.

19. Махамбет Өтемісұлының жауынгер де абзал досын, көтеріліс басшысын табыңыз.

A) Исатай

B) Жәңгір

C) Шернияз

D) Есет батыр

E) Әбілқайыр

20. Абайға жеңгелері қойған атты белгілеңіз.

A) Әбеке.

B) Әбіш

C) Абай.


D) Телғара.

E) Ибраһим.



005

1. Дулат Бабатайұлының өмір сүрген жылдарын табыңыз

A) 1857 – 1931 ж.ж. B) 1846 – 1945 ж.ж. C) 1802 – 1874 ж.ж.

D) 1803 – 1846 ж.ж. E) 1818 – 1881 ж.ж.

2. М.Әуезовтің жарты ғасырлық оқиғаны қамтитын шығармасын табыңыз.

A) «Қараш-қараш оқиғасы». B) «Өскен өркен». C) «Қилы заман».

D) «Түнгі сарын». E) «Абай жолы».

3. ²Егемен Қазақстан² газетінің 1920 жылдардағы атын көрсетіңіз.

A) ²Орда². B) ²Еңбекші қазақ². C) ²Тіршілік².

D) ²Кедей сөзі². E) ²Әдебиет майданы².

4. Алғаным Әли ағаның қызы еді,

Қас арудың өзі еді.

Маңдайы күнге тимеген,

Желге шашын үрмеген,- деген жолдар қай жыраудың өлеңінен алынғанын анықтаңыз.

A) Доспамбет. B) Асан қайғы. C) Шалкиіз. D) Қазтуған. E) Бұқар.

5. Шернияз Жарылғасұлы өмір сүрген жылдарды көрсетіңіз.

A) 1706-1778 жж. B) 1670-1730 жж. C) 1817-1881 жж.

D) 1675-1769 жж. E) 1465-1560 жж.

6. Ы.Алтынсариннің орыс досын көрсетіңіз.

A) Долгополов. B) Веселовский C) Михаэлис.

D) Потанин. E) Ильминский.

7. Ежелгі дәуір әдебиеті неше кезеңге бөлінетінін табыңыз.

A) Үш. B) Бес. C) Алты. D) Төрт.

E) Сегіз.

8. Бұлт болған айды ашқан,

Мұнар болған күнді ашқан,-... деген үзіндіде Қазтуған кім туралы айтып отырғанын белгілеңіз.

A) Шаңқұтты.

B) Би.


C) Өзі.

D) Хан.


E) Ақсүйек.

9. Есендікте малыңды бер де батыр жый,

Басыңа қыстау іс түссе.

Дұспанның қолы жете алмас! – деп Шалкиіз жырау қандай мәселені айтқандығын табыңыз.

A) Адамгершілік.

B) Ерлік, батырлық.

C) Сөз өнері.

D) Бірлік-ынтымақ.

E) Табиғат.

9. «Зар заман», «Бала зары», «Насихат» шығармаларының авторын табыңыз.

A) Мағауия Абайұлы.

B) Шортанбай Қанайұлы.

C) Әбубәкір Шоқанұлы.

D) Шәкәрім Құдайбердіұлы.

E) Мұрат Мөңкеұлы.

11. "Жеті жаста садақ тартты,

Атқан оғы тасты уатты.

Жай оғынан кейін емес,

Темірден де өткізеді,

Күндік жерге жеткізеді."

Осы өлеңде көркемдегіш сөздің қай түрі кездесетінін табыңыз.

A) Теңеу. B) Метафора. C) Гипербола. D) Аллегория. E) Эпитет.

12. Үзінді авторын белгілеңіз.

Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең.

A) Ы.Aлтынсарин. B) A.Байтұрсынов. C) Aқан сері.

D) М.Дулатов E) A.Құнанбаев.

13. Махамбет Өтемісұлының өлеңін табыңыз.

A) «Мен – қазақ». B) «Шәкірт ойы». C) «Айналайын, Ақ Жайық».

D) «Ей, Абылай, Абылай». E) «Ереуіл атқа ер салмай».

14. Ы. Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясына» енген өлеңдерінің негізгі тақырыбын белгілеңіз.

A) Өлім.

B) Оқу, білім.

C) Махаббат.

D) Тіл.

E) Әдет-ѓұрып.



15. Хайуанаттар туралы ертегіні табыңыз.

A) «Аққудың күйі»

B) «Тұлпар»

C) «Ер Төстік»

D) «Түлкі, аю, қойшы»

E) «Керқұла атты Кендебай»

16. Мақалдардың ең негізгі ерекшелігі неде екенін анықтаңыз.

A) Ықшамдылығында.

B) Өткірлігінде.

C) Дәлелділігінде.

D) Аз сөзбен көп мағына беруінде.

E) Ырғақтығында.

17. Абайдың баласы Әбдірахманға арнаған өлеңдері қандай туынды екенін белгілеңіз.

A) Мадақтау өлең.

B) Әзіл өлең.

C) Жоқтау өлең.

D) Арнау өлең.

E) Эпиграмма.

18. Абайдың ең жақын досын табыңыз. (М.Әуезовтің «Абай жолы» романы)

A) Жиренше.

B) Байдалы.

C) Сүйіндік.

D) Құлыншақ.

E) Ербол.

19. Пейзаж терминінің мағынасын анықтаңыз.

A) Адамның сыртқы түрін сипаттау.

B) Бір адамның портретін беру.

C) Оқиға болған жерді көрсету.

D) Оқиғаны баяндау.

E) Табиғатты суреттеу.

20. Біржан салдың өлеңін табыңыз.

A) “Жанбота”.

B) “Ақ сиса”.

C) “Қорлан”.

D) “Балқадиша”.

E) “Майра”.


006

1. Асан қайғы әкесінің кәсібі не болғанын белгілеңіз.

A) Педагог B) Әнші. C) Ақын. D) Саятшы. E) Малшы.

2. Жыраулар толғауында көп кездесетін өлең үлгісін анықтаңыз.

A) Эпиграмма, арнау жырлары. B) Қара өлең. C) Бейне өлең. D) Баллада. E) Ән өлең.

3. Шортанбай Қанайұлы өмірінің соңғы кезінде қай бидің қолында болғандығын анықтаңыз.

A) Төле би. B) Жанғұтты би. C) Қазыбек би. D) Әйтеке би. E) Майқы би.

4. Ж.Жабаевтың шығармасын табыңыз.

A) ²Өмір мектебі². B) ²Менің қысқаша өмірбаяным². C) ²Өсиет².

D) ²Өмір, қымбатсың маған². E) ²Менің мектебім².

5. Диалог дегеніміздің не екенін табыңыз.

A) Шығарма кейіпкерлерінің өзара кезектесе сөйлесуі.

B) Кейіпкердің мінезін, дүниеге көзқарасын суреттеу.

C) Әдеби шығарманың оқиғасын желілі түрде көркемдеп әңгімелеу.

D) Сөздерді қарама-қарсы мағынада, кекесін мағынасында қолдану.

E) Табиғат көркін суреттеу.

6. ’’Дерсеханұлы Бұқаш туралы жыр’’ қай кітаптағы әңгіме екенін табыңыз.

A) ’’Қорқыт ата’’ кітабы.

B) ’’Жамиғат тауарих’’.

C) ’’Хисса-сұл-әнбия’’.

D) ’’Мұхаббат- наме’’.

E) ’’Диуани лұғат ат-түрік’’.

7. Аңыз жырларда Асан қайғымен және оның баласы Абатпен пікірлес болған жырау кім екенін анықтаңыз.

A) Шерқұтты. B) Қазтуған. C) Доспамбет. D) Үмбетей. E) Шалкиіз.

8. «Сөз – жібек жіп, жыр – кесте…» деген тармақ кімдікі екендігін табыңыз.

A) Бұқар. B) Асан қайғы. C) Шернияз. D) Шортанбай. E) Дулат.

9. Мақалдағы көркемдік әдісті табыңыз

Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді.

A) Метонимия.

B) Шендестіру.

C) Метафора.

D) Теңеу.

E) Эпитет.

10. Махамбет Өтемісұлының туған жерін табыңыз.

A) Батыс Қазақстан облысы

B) Атырау облысы

C) Алматы облысы

D) Қызылорда облысы

E) Ақмола облысы

11. Ы.Алтынсарин өлеңін табыңыз.

A) «Өлең – сөздің патшасы»

B) «Әке мен бала»

C) «Ғылым таппай мақтанба»

D) «Қыпшақ Сейітқұл»

E) «Өнер – білім бар жұрттар»

12. Абайдың ән құдіретін жырлаған өлеңін көрсетіңіз.

A) «Бойы бұлғаң».

B) «Өлсем, орным қара жер».

C) «Ғылым таппай мақтанба».

D) «Құлақтан кіріп бойды алар».

E) «Кейде есер көңіл құрғырың».

13. ’’Оғыз Қаған’’жырындағы Оғыздың ақылшысы кім екенін белгілеңіз.

A) Тоныкөк.

B) Ұлық Түрік.

C) Күлтегін.

D) Білге.

E) Қорқыт.

14. «Ер Төстік» ертегісіндегі Кенжекейді жар басындағы лашыққа шақырған қызды табыңыз.

A) Күнікей қыз.

B) Ай астындағы Айсұлу.

C) Перінің қызы Бекторы.

D) Бозінген жетектеген қыз.

E) Сиқырлы сұлу.

15. «Біржан мен Сара» айтысы айтыстың қай түріне жататындығын анықтаңыз.

A) Жұмбақ айтысы.

B) Жар-жар айтысы.

C) Ақындар айтысы.

D) Жануарлар мен адам айтысы.

E) Бәдік айтысы.

16. ХVІІ ғасырда өмір сүрген жырауды табыңыз.

A) Жиембет.

B) Доспамбет.

C) Шалкиіз.

D) Махамбет.

E) Асан қайғы.

17. Дулат Бабатайұлының өлеңін табыңыз.

A) «Өлеңнің аққан көзі едім»

B) «Әр нәрсенің парқы бар»

C) «Ақжайлау мен Сандықтас»

D) «Жас дәурен»

E) «Адамдық іс»

18. Хандардың опасыздығын баса көрсететін жырды белгілеңіз.

A) "Алпамыс".

B) "Айман-Шолпан".

C) "Қамбар батыр".

D) "Қобыланды батыр".

E) "Ер Тарғын".

19. Мына үзінділер қай өлеңнен алынғанын табыңыз.

’’Арғымақтың баласы

Арыған сайын тың жортар

Арқа мен қосым қалар деп...’’

A) ’’Мадақ’’.

B) ’’Белгілі биік көк сеңгір’’.

C) ’’Алаң да алаң...’’

D) ’’Салп-салпыншақ анау үш өзен’’.

E) ’’Еділ’’.

20. ’’Ар жақта Арғынғазы дүмбірлеген,

Байеке, елің бар ма бүлдірмеген’’, - деп Баймағамбет төренің озбырлығын бетке айтатын ақынды анықтаңыз.

A) Жанкісі.

B) Мұрат.

C) Шернияз.

D) Шортанбай.

E) Махамбет.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет