1. мрт-60 сызбасын тауып сызу Жабдықтың техникалық характеристикасын жазу



Дата26.10.2022
өлшемі12,17 Kb.
#154953
Байланысты:
амыр жаю машиналары
112199, Лекциялар ТПСН (1), ТОП (1), логика каз 03.02.22

9.3. Қамыр жаю машиналары

Қамыр жаятын машиналар ашытқымен дайындалған қамырды және қабат қабат етіп жасалынған қамырды, сондай ақ салма тұшпараға арналған қамырды жаюға арналған.


МРТ-60 деп аталатын машина. Бұл машина темірмен қапталған қораптан тұрады. Оның ішіне жетек орналасады. Жетек электр двигателінен, ирек тісті редуктордан және шынжырлы берілістен тұрады. Қораптың жоғары жағына мақта матасынан жасалған таспалы конвейер бекітілген. Қамыр жаятын екі оқтау машинаның жұмыстық сайманы болып есептеледі. Жоғарырақ орналасқан оқтау қозғалмайтын тірекке бекітіледі, төменгісі оқтаулардың арасындағы қашықтықты өлшеуге мүмкіндік беретін үйлестіргіш механизммен байланысты болады. Үйлестіру механизмі маховиктен және күші бар реттегіш бұрандадан тұрады. Ойық жазықтық қамыр салуға арналған. Ол сақтандырғыш қалқанды рамамен жабдықталған. Рама көтерілген кезде электрқозғаушы ток көзінен ажырайды. Ұн мен қамыр қиқымдарын жинастыру үшін конвейердің екі жағында да көлбеу қойылған астаулар болады.
Машинаның жұмыс істеу тәртібі. Ирек тісті редуктордан, электрқозғаушыдан тұратын жетек қозғалысты конвейер мен қамыр жаятын екі оқтауға жеткізеді. Салмағы 8-10 кг қалындығы 60-80 мм қамыр дайындамасы стол бойымен жылжытылады. Бір-біріне қарама-қарсы айналып тұрған оқтаулар арасынан өткен қамыр таспаланып конвейерге түседі. Қамыр жайылып жатқан кезде оның бетіне ұн сепкіштен ұн себіледі.
1. МРТ-60 сызбасын тауып сызу


2.Жабдықтың техникалық характеристикасын жазу


3. Қамыр жаю машиналарының түрлерін жазу

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет