1 нарық экономика жүйесінде еңбекақы төлеуді ұйымдастырудың теориялық непздері


Қазақстан Республикасында еңбек ақы төлеуің қүқықтық аспектілері



бет2/4
Дата17.06.2018
өлшемі0,55 Mb.
#42476
1   2   3   4
1.3 Қазақстан Республикасында еңбек ақы төлеуің қүқықтық аспектілері

Қазіргі уақытта еңбекақы төлеуді ұйымдастыру мемлекеттік реттеуді қажет етеді. Реттеудің келесі себептері бар:

- Қазақстанда жұмысшы күшіне төмен бағаның болуынан себепті;

- Төмен жалақының төмен деңгейі;

- Жұмыссыздық жайлы нақты мәліметтерді көрсететін жұмысшы күшінің ұсынысы мен сұранысын жайлы нарықтың болмауы;

- Жалақыны келісім шарт реттеудің тиімді механизмінің жоқ болуы;

- Еңбек ақы төлеудің заңды базасын құрудың толық мәліметінің жоқ болуы;

Қазақстанда жалақыны мемлекеттік реттудің негізгі бөлігі ол халықаралық нормаларын сақтау. Біріншіден ол халықаралық еңбекті ұйымдастыру Конвенциясына қатысты.

Сонымен №95 Конвенция «Жалақыны қорғау туралы» онда «ақшалай жалақы сол елде заңды күші бар және айналыста болатын ақша төленеді». Кейде жалақыны заттай алады, ол төменгі жағдайларға байланысты:

- Бұл заттай төлем жұмысшының және оның жанұясының тұтынуына кетеді.

- Бұл төлем заңды және еңбекақыға тең болу керек.

Жұмыс берушілер қызметкерлердің қүқығын шектемеу керек. Кәсіпорынның банкрот кезінде қызметкерлер сол жағдайдың кредиторы болады. Мұнда жалақыны жұмысшыларға толық өтеу керек. Қазақстанда мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары:

- Халықты құқықты және әлеуметтік қорғау;

- Өмір сүру минимумы сай келетін жалақының минималды деңгейін

құру;

- Шет ел жұмысшы күшінің кіруін реттейтін шаралар қолдану;



- Шаруашылық субъекті жұмысшылар жалақысына тиімді салық салу жүйесін қүру;

- Зейнетақыны, стипендияны, қосымша төлемді есептеу үшін орнатылған есептеу көрсеткіштері;

- Кедейлік сызығын анықтау және халыққа әлеуметтік көмек көрсету;

- Жекеменшігі түрлі кәсіпорында еңбекақыны құрудың заңды және методологиялық негізін қүру;

Мемлекеттік ретеудің қағидалары болып төмендегілер табылады:

- Заңнамалық және және нормативтік актілер негізінде мемлекеттің жалақыны сатып алу қабілетінің төмендеуін ары қарай болдырмау;

- Еңбек ақының ынталандырушы функциясын орындауға мемлекеттік әсерді күшейту;

- Макроэкономикалық үрдіске әсер ету;

- Еңбек ақының минималды ставкаларын бекіту;

Еңбек ақының мемлекеттік реттеу қажеттілігі Қазақстан экономикасында орнын көрсету және өнеркәсіпте жалақыны өткізу функциясы, бұдан елдің даму әлеуеті байланысты. Ұлттық деңгейде жалақының үлкендігі және дифференциясы өндірістің және тұтыну нарығының қүрылымымен байланысты.

Біздің елімізде орташа номиналды жалақының түрақты өсуі байқалады. Мұнда көбіне негізінен еңбекақы және сыйақы төлеуге негізделген.Төменде көрсетілген кестеде орташа жалақының динамикасы соңғы жылдары материалдық өндіріс және қызмет көрсетумен тығыз байланысты.

Қазақстанда еңбек ақы төлеу ортасындағы реформаның негізі, ол күш ауырлықтың ортасы еңбек қатынастарының келісім-шарттық реттеу және азаматтық-құқықтық заңнамамен сақтауы болу керек.

«ҚР еңбек туралы заңын» қүруының негізгі себептерін атап өтуге болады:

1. ЕТЗК ескірген және нарықты экономика жағдайына тура келмеді және ол басқа қоғамдық нысагға бағытталған;

2. ЕТЗК экономикалық нақты емес кепілдік пен жеңілдікке тола болды. Бүның нәтижесінде ЕТЗК жұмыс берушілер үшін тиімсіз болды.

3. ЕТЗК-де әйелдер, жастардың жұмыс күші нарығында бэсеке

қабілеттілігі төмен болды.

Сондықтан жұмыс істемеуші нормалардан босатылып, еңбек ортасында халықты белсенді позицияға бағытталу қажет болды.



«ҚР еңбек туралы заңы» 1999 жылы қүрылып 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап күші жойылды. Оның орнына «Еңбек кодексі» 2004 жылы қүрылып, 2005 жылдың 1 қаңтарынан енгізілді. Бұл кодекс Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қатынастарының, сондай-ақ еңбекке тікелей байланысты өзге де қатынастарды реттейді.


2-сурет. Қазақстанда еңбек ақы төлеуді реформалаудың жолдары

Сонымен бірге осы кодекс Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ, егер

Қазақстан Республикасының Конституциясында,заңдарында және ҚР бекіткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, ҚР аумағында орналасқан, құрылтайшылары немесе меншік иелері (толық немесе ішінара) шетелдік жеке немесе заңды тұлғалар болып табылатын ұйымдарға қолданылады.

Кодексте жұмыс уақыты түрлері мен ұзақтығы анықталған. Жұмыс

уақыты қалыпты, қысқартылған және толық емес болады.

Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы керек. Жұмыс беруші әрбір қызметкердің нақты істеген жұмыс уақытының есебінен жүргізугі міндетті.

Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына мынадай уақытқа қысқартылады:

- аптасына 16 сағатқа- он алты жасқа дейінгі қызметкерлер үшін;

- аптасына 5 сағатқа -I және II топтағы мүгедек қьізметкерлер үшін;

- аптасына 4 сағатқа - он алты жастан он сезіз жасқа дейінгі қызметкерлер үшін;

- аптасына 4 сағатқа және одан артыққа Қазақстан Республикасы

Үкіметі белгілеген тәртіппен зиянды (аса зиянды), қауіпті (аса зиянды), жұмыстарды атқаратын қызметкерлер үшін.

Қызметкер мен жұмыс берушінің келісімі бойынша жұмысқа орналасқан кезде, сондай-ақ жүкті әйелдердің, он төрт жасқа дейінгі баласы бар (он алты жасқа дейінгі мүгедек баласы бар) ата- аналарының (қамқоршысының, қорғаншысының) біреуінің,сондай-ақ медициналық қорытындыға сәйкес отбасындағы науқас отбасы мүшесіне күтім жасайтын адамның өтініші бойынша толық емес жұмыс күні немесе толық емес жұмыс аптасы белгіленуі мүмкін.

Жұмыс уақытының барынша үзақтығы 36 сағаттық жұмыс аптасы кезінде -8 сағаттан, ал 30 сағаттық және одан да аз жұмыс аптасы кезінде – 6 сағаттан асыруға болмайды.

Түнгі уақыттағы жұмысқа 22 сағаттан таңғы 6 сағатқа дейінгі уақыт жатады. Жұмыстың ұзақтығы түнгі уақытта бір сағатқа азайтылады.

Ең төменгі жалақы ең төменгі күнкөріс ңегізіндегі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен Қазақстан Республикасының барлық уақытына белгіленеді.

Ең төменгі жалақы мөлшеріне қосымша төлем мен үстем ақылар, сыйлық ақылар мен басқа да марапаттау төлемдері, сондай-ақ қалыптыдан ауытқушы жағдайларындағы жұмыстары үшін, ерекше климаттық жағдайлардағы және радиоактивтік ластану, экологиялық апат аумақтарындағы жұмыстары үшін төлемдер, өзге де өтемдік және әлеуметтік төлемдер енгізілмейді.

Ең төменгі күнкөріс көлемі жағынан бір адамға қажетті ең төменгі тұтыны қоржынына тең ең төменгі ақшалай табыс. Ең төменгі күнкөрісті есептеу тәртібі және оның көлемі Қазақстан Республикасының заңымен белгіленеді.

Қазіргі уақытта кәсіпорында жалақының қорын мемлекеттік реттеу ретінде әлеуметтік салық орын алады. Оны кәсіпорындар, құрылымдық бөлімшелер, ерекше кәсіпорындар, заңгерлер төлейді.

ҚР жаңа Салық кодексіне сәйкес оның мөлшері 26%-дан 22% дейін төмендеді бірақта Президенттің ҚР үкіміндегі жолдауында 1.07.2001жылы қосылған салығы 20-дан 16%, ал әлеуметтік салық 21%-ға төмендеді. Бұл адал жалақы беруге жол береді және ҚҚС мөлшерін төмендету отандық тауар өндірушілерге өз табыстарын айналмалы құралдарға бағыттауға үсынады. Жеке кәсіпкерлер салықты 3 айлық есеп көрсеткіші плюс жұмысшының 2 айлық есеп көрсеткішімен анықталады. Мұнда салық салу объектісі ретінде жұмыс берушінің шығындары, ол табыстың әр түрімен төленеді, төменгілерді есептемегенде:

-Жұмысшылардың зейнетақы қорына төленетін төлемі;

-Кәсіби оқу үшін мемлекеттік бюджеттен төлеу;

-Екі қабат әйелдерге төленетін әлеуметтік ақы;

-Іс-сапарға төленетін компенсация

-Вахталық жұмыста тұрмыс жайды жалға алуға кеткен шығын;

-Дәрігерлік қызмет үшін материалды көмек.

Мүгедектер жұмыс істейтін арнайы ұйымдарда мүгедектер үшін әлеуметтік салық төлейді.

Еңбек ақы төлеудің тарифтік жүйесі өзіне: тарифтік ставкаларды (айлық ақы), тарифтік торды, тарифтік коэффициентті қосады. Орындалатын жұмыстардың күрделілігі оларды тарифтеу негізінде айқындалады. Жұмыстарды тарифтеу және қызметкерлердің тарифтік разрядтарды тағайындау жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің біртұтас тарифтік-біліктілік анықтамалығын, басшылық қызметтің, мамандардың және қызметкерлердің біртұтас біліктілік анықтамалығын ескере отырып жүргізіледі. Аталған анықтамалар мен оларды қолдану тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіпте бекітіледі.

Еңбек кодексімен көзделген орташа жалақының мөлшерін айқындаудың барлық жағдайлар үшін оны есептеудің бірыңғай тәртібі белгіленеді. Орташа жалақыны есептеу үшін осы төлем көздеріне қарамастан тиісті ұйымда қолданылатын төлем түрлерінің көзделген барлық жүйелері ескеріледі. Жұмыстың кез-келген режимінде қызметкердің орташа жалақысын есептеу оған нақты есептелген жалақыдан және төлеу алдындағы 12 айда нақты істелген жұмыс уақытынан туындап жүргізіледі.

Орташа күндізгі жалақысы демалыстарын және пайдаланбаған демалысы үшін өтем төлеу үшін соңғы 3 күнтізбелік айды есептелген жалақы сомасын 3-ке және 29,6-ға (күнтізбелік күннің орташа айлық саны) бөлу жолымен есептелінеді. Кодекспен көзделген жағдайларда жұмыс күндері берілетін демалыстарына төлеуге арналған, сондай-ақ пайдалынбаған демалыстарына төлеуге арналған орташа күндік жалақысы есептелген жалақы сомасын күнтізбелік алты жұмыс күндік апта бойынша жұмыс күндерінің санына бөлу жолымен айқындалады. Осы бөлімде еңбек ақы төлеуді ұйымдастырудың теориялық негіздерімен айқын таныстық.

2 «АДАЛ» АҚ-да ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕУДІ ТАЛДАУ

2.1 Қазақстандағы еңбек ақы төлеудің деңгейі мен серпінін талдау
Еңбек ақы өмір сүрудің басты кепілденген қайнар көзі болып табылуда. Ол 2005 жылы табыстың 71% құрады. Жалпы ақшалай түсімдердің 11,4%-ын әлеуметтік трансферттер құрайды, сатулардың барлық түрінен түскен табыс-11,1%. Басқа да ақшалай түсімдер көздерінен -6,5%. Осы үшін еңбек ақының динамикасын терең талдау қажет.

Қазіргі уақытта еңбек ақы белгілеудің барлық жүйесі іс жүзінде бөлек алып қаралған жұмыс берушінің іс жүргізуінде болып табылады. Осыған байланысты еңбек ақы жөніндегі процестер стихиялық мінездемеге ие болуда, ал жалақы жұмыс күші бағасы ретіндегі өзінің негізгі қызметін атқаруды қайта-қайта өндіру, ынталандыру және реттеу.

«Маңыздылығы, күрделілігі жоғары еңбек орташа қоғамдық еңбекпен салыстырғанда күрделі еңбек күшінің пайда болуы, оның құрылуы көп шығындары керек ететіндігі, осыған орай оның бағасы да қарапайым еңбекке қарағанда жоғары болады. Егер осы күштің бағасы жоғары болса, онда ол жоғары еңбекпен түсіндіріледі және бірдей уақыт аралығында іске асады». Жоғарыдағы жазылғанды ескеріп, еңбек ақы өзгешеліктерінің салдарына күрделі және қарапайым еңбектен басқа жұмыстың өндірістік-техникалық жағдайларын және табиғи-климаттық, экономикалық жағдайларды жатқызу керек. Қарастырылған факторларға байланысты еңбек ақының өзгешеліктерінің ғылыми дәлелдеріне байланысты бірдей еңбекке сәйкес ақы төлеу қағидасының іске асқанын айтуға болады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасында еңбек ақы төлеудің сәйкестігін талдау керектігі туындайды, соның ішінде, республиканың салалары мен аймақтарында.

Мемлекеттің жалақыны аймақтық деңгейде реттеу саясаты территориялық айырмашылықтар мен аймақтық коэффициенттерді белгілеуді анықтаудан тұратыны белгілі, ол негізгі жалақыны толықтырып, әділетті еңбек ақы қағидасын қамтамасыз етеді. Ал жұмыс берушілер мен жұмысшылар рөлі,салалық аспектіде еңбек ақы өзгешелігінің талдауы тағы да республикада еңбек ақы көлемінің өзгешеліктерінің тенденциясының күшеюін көрсетеді. Бүны біз 2 кестеден көре аламыз.

2 - кесте - ҚР-ның экономика салалары бойынша орташа айлық жалақы

(тенге)


Экономикалық қызмет түрлері

2003 ж.

2004ж.

2005ж.

2004ж %

2003 ж-ға



2005ж% 2004 ж-ға

Орман және балық шаруашылығы

9567

11978

17720

125,2

147,9

Өнеркәсіп

29585

33465

46786

113,1

139,8

Тау-кен өндірісі

45594

54305

66992

119,1

123,3

Өңдеуші өндіріс

24823

30234

36780

121,7

121,6

Электр куат, газ, суөндіру және қайта бөлу

233369

26889

32099

115,0

119,3

Көлік және байланыс

34140

41637

48663

121,9

116,8

Қаржылық қызмет

55207

64532

70784

116,8

109,6

Білім беру

14406

17964

23434

124,6

130,4

Жылжымайтын мүліктер жалдау және тұтынушыларға қызмет көрсету

36624

40628

57580

110,9

141,7

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер

12112

15195

21204

125,4

139,5

Басқа да коммуналдық, әлеуметтік және жеке қызметтер

24175

29510

48982

122,06

162,9

Мемлекеттік басқару

18045

26031

32323

144,2

124,1

Қонақ үйлер мен мейрамханалар

40012

44905

51770

110,2

115,2

Құрылыс

34470

38622

55342

112,0

143,2

*ҚР-ның статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері негізінде

Жоғарыдағы мәліметтерге қарап Қазақстан Республикасында ең төменгі орташа еңбек ақы орман және балық шаруашылығы саласында. Бірақ бүған қарамастан жылдан жылға еңбек ақы көлемі өсіп келе жатыр. Мысалы 2003 жылы мемлекеттік басқару саласында еңбек ақы 18045 тенге болса, 2005 жылы бұл 32 323 теңгеге жетті. Яғни бұл өте жақсы.

2005 жылы бір жұмысшыға шаққанда орташа айлық еңбек ақы 35 367 тенгеге тең болды, Бұл өткен жылмен салыстырғанда 24,4 %-ға жоғарылады яғни нақты көріністе - 15,3%-ға жоғарылады.

80000 70000 60000 -50000 -40000 -30000 -20000 10000 0



3-сурет. Экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа номиналды жалақы

Жалданбалы жұмысшылардың еңбек ақысының жоғарылауы экономикалық қызметтің барлық түрлері бойынша анықталады. Ауыл шаруашылық жұмысшыларының еңбек ақысы 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 47,9 %-ға артты, өнеркәсіп жұмысшыларыңың-39 8 %-ға, қаржылық қызмет жұмысшыларының - 23,4%-ға, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет жұмысшыларының - 39,5%-ға артты.

2005 жылы жалақының жоғарғы деңгейі қаржылық ортада жұмыс істейтін жұмыскерлерде - 70784 тенге немесе елдегі орташадан екі есе үлкен тау-кен өнеркәсібінде 66992 теңге немесе 1,9% есе, көлік және байланыста 48363 тенге.



З-қесте. 2003-2005 жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасының аймақтары бойынша орташа айлық жалақы (теңге)

Көрсеткіштер

2003 ж.

2004ж.

2005ж.

2004ж % 2003 ж-ға

2005ж % 2004 ж-ға

Қазақстан

17303

20323

23128

117,4

113,8

Ақмола облысы

10170

12332-

14954

121,2

121,2

Ақтөбе облысы

18125

21078

23848

116,2

113,1

Алматы облысы

11683

14278

15933

122,2

111,5

Атырау облысы

35484

41570

48338

117,1

116,2

Шығыс Қазақстан облысы

16832

18816

20099

111,7

106,8

Жамбыл облысы

10750

13437

19779

124,9

147,1

Батыс Қазақстан облысы

20124

27122

29876

134,7

110,1

Қарағанды облысы

16222

18032

19962

111,1

110,7

Қызыл-Орда облысы

12727

14176

19928

111,3

140,5

Қостанай облысы

14160

17046

16803

120,3

98,5

Маңғыстау облысы

36325

38847

44369

106,9

114,2

Павлодар облысы

17631

19695

21801

111,7

110,6

Солт.Қазақстан облысы

11823

13780

15245

116,5

110,6

Оңт.Қазақстан облысы

11542

13635

15309

118,1

112,2

Астана қаласы

22717

27658

33002

121,7

119,3

Алматы қаласы

23386

28396

32622

121,4

114,8

«ҚР-дағы еңбек және халықтың жұмыс бастылығы» ҚР-ның статистикасы жөніндегі Агенттігі.

2005 жылдағы еңбек ақының жоғары деңгейі Маңғыстау облысында байқалған (44369). Еңбек ақы төлеу бойынша айтарлықтай бөлінетін Атырау облысы (48338 тенге) және Астана, Алматы қалалары (33002 теңге және 32622 теңге). Еңбек ақының төмен деңгейі аймақтарға Ақмола облысы (14954 теңге) және Алматы облысы (15933теңге) жатады. Бұл көрсеткіштерді біз жоғарғы кестеден байқадық.

Ақмола обл.

Ақтөбе обл.

Алматы обл.

Атырау обл.

Шығыс Қазақстан обл.

Жамбыл обл.

Батыс Қазақстан обл.

Қарағанды обл.

Қостанай обл.

Қызылорда обл.

Маңғыстау обл.

Павлодар обл.

Солт.Қазақстан обл.

Оңт.Қазақстан обл

Астана қ.



Алматы қ.

4-сурет. 2003-2005 жылдар аралығындағы аймақтар бойынша орташа

номиналды жалақы

Меншік формасына қарай жалақы көлемінің айтарлықтай өзгешіліктері Қазақстанда қандай да бір жалақы рыногінің және бірегей еңбекті бағалау жүйесінің жоқтығын дәлелдейді. Осының салдары жұмысшылардың шетелдік компанияларға кетуімен және мемлекеттің халықтық табысына бақылаудың жоқтығымен аяқталады.

Кәсіби-біліктілік топтарына қарай жалақы көлемін айыру тарифтік тор негізінде жүргізіледі. Осыған орай айта кету керек, ставка көлемі мен тарифтік жүйе жалақы жақын арадағы уақытқа дейін орталықтан белгіленіп келеді.

Тарифтік жүйені ұйымдастырудың тиімділігіне жақындау және кәсіби біліктік топтары арасындағы оның өзгешеліктері 1991 жылғы ҚР-ның "Минималды жалақы және еңбек ақы саласындағы минималды әлеуметтік кепілдер туралы" заңның қабылдануына байланысты іске асты. Осы заңнамалық акт негізінде ҚР-ның Министрлер Кабинеті 1992 жылы "Халық шаруашылығы жұмысшыларының барлық категорияларына арналған бірегей тарифтік тор негізіндегі еңбек ақы төлеудің жаңа шарттары туралы" қаулы қабылдады, осы қаулыда меншік формасына қарамастан барлық ұйымдар мен кәсіпорындарға 21 разрядты БТТ-ды енгізу көрсетілген. Және де тарифтің жоғары шегі орталықтан шектелмеген, ол тарифтік ставка деңгейлері мен қызметтік окладтар кәсіпорында белгіленетін болды. Бұл алдыңғы қолданылған тәртіптен еңбек ақы ұйымдастыруды тиімді жасаудың алғы шарттары болды. Бірақ та жоғарыда келтірілген заңнамалық акт 1999 жылы өз күшін жоғалтқан деп табылса да, экономиканың нақты секторындағы шаруашылық субъектілері БТТ-ды қолданып келеді.

Өндірістік сала мен өндірістік емес сферада қатынастарды белгілеудегі тарифтік тордың жетілмегендігін айту керек. Бір разрядқа жататын жұмысшылардың жалақыларының көлемі оның минималды деңгейіне емес, сонымен қатар материалдың өндірісте еңбек ақы көлемін сыйақылар есебінде көбейту мүмкіндігі бар екендігімен өзгешеленеді.

Бюджеттік сферада мұндай төлемдер аз таралған. Біркелкі емес жағдай жалақы қоры құрылымының динамикасында да байқалады. Белгілі болғандай, жалақы негізгі және қосымша бөліктерден тұрады. Негізгі жалақы оның күнделікті бөлігіне қатысты негізінен жұмысшылардың тарифтік ставкаларына байланысты төмен және қызметкерлердің қызметтік окладтарынан түрады.

5-сурет. Жалақы қорының қүрылымы

Қосымша жалақының құрамалық элементтеріне қосымша төлемдер кіреді. 2003-2005 жылдар аралығындағы жалақы қорының динамикасына талдау жасағанда негізгі жалақының үлес салмағының төмендей үрдісін байқауға болады.

4-кесте. 2003-2005 жылдар аралығындағы жалақы қорының құрылымының динамикасы (пайызбен)

Жыл

Жалақы қоры

Негізгі жалақы

Ынталанд. төлемдер

Өтемдік

төлемдер


Жұмыс

істемеген

уақытқа

төлем


Төлемге

есептелмеген

басқа да

ақшалай


сома

2003

100

64,9

15



7,5

4,5

2004

100

67,0

13,9

7,7

8,0

3,4

2005

100

67,1

14,1

7,5

7,8

3,5

Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет