1 оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білімдік деңгейлерін байқау, саралау



Дата04.07.2018
өлшемі26,74 Kb.
#46433
2012-2013 оқу жылы
Мақсаты:
1) оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен  білімдік деңгейлерін байқау, саралау;
2)оқушыларды еңбексүйгіштік, адалдық борыш, ар-ұят секілді адами қасиеттерге тәрбиелеу;
3) ана тілі арқылы оқушылардың рухани дүниесін, шығармашылық қабілетін арттыру;
(бұл сыныптан тыс іс-шара 7,8,9 сыныптар арасында ұйымдастырылады.Әр сыныптан 3 оқушыдан  қатыстырылады.)
-Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың…
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!-деп Мағжан ақын жырлағандай,  құрметті ұстаздар мен оқушылар апталығымыздың бүгінгі күні 7-9 сынып оқушыларымен өткізілетін «Тіл – менің мәңгі тақырыбым» атты тіл сайысымызға қош келдіңіздер!


— Сайысқа төрелік айту үшін қазылар алқасымен таныстырып өтейін. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері  Әшімова Парида апайларың мен Ташимова Ұлбосын апайларың. Әр бөлімнен кейін қазылар алқасы  яғни, апайларың бағалап, түсінік беріп отырады.
                 —   Ана тілі  қазағымның қаймағы,
                     Тілің сенің өміріңнің айғағы.
                     Бүгін міне, тіл туралы сайысқа,
                     Әр сыныптың білгірлері шығады.

-Бүгінгі біздің сайысымыз 3 бөлімнен тұрады:

1.Сұрақ-жауап бөлімі.
2.Сөйлем құрау.
3. Ойтолғау.

І бөлім. Сұрақ-жауап:


    — Тақтада «ҚАЗАҚ ТІЛІ» деген жазу бар. Әр топ кезектесіп, бір – бірден  әріп таңдайды. Әр әріптің  ар жағында тақырыптар белгіленген. Әр тақырыпқа үш сұрақ немесе тапсырма беріледі. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Жауап нақты, толық болуы керек.

Қ .  Қазақ тілі


1. Көп тілді білетін адам кім? (полиглот)
2. Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді? (жуан, жіңішке, ашық, қысаң, еріндік, езулік)
3. Сөз таптарын атап бер (Зат есім, Сын есім, Сан есім, Есімдік, Етістік, Үстеу, Шылау, Одағай, Еліктеу сөздер.)

А. Қазақ  әдебиеті


1. А.Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа айт.
2. Абай атамыз айтқан 5 дос пен 5 дұшпанды ата
(5 дос-ақыл, білім, терең ой, қанағат, рахым;
5 дұшпан-өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
3. Өлең түрінде жазылатын шығарма қалай аталады? (поэзия)

З. Қазақстан тарихы


1. Ата Заң қашан қабылданды? (1995 жылы 30 тамызда)
2. Тәуелсіздік күні қашан тойланады? (16 желтоқсанда)
3. «Алтын адам» қайдан табылған (Есік обасынан (курган))

А. География


1. Қазақстанның ең биік тауы (Хан тәңірі)
2. Қазақстан неше мемлектпен шектеседі (5 — Ресей, Қытай, Өзбек, Қырғызстан, Түрікменстан)
3. Қазақстанда қанша облыс бар (14)

Қ. Халық ауыз әдебиеті


1. Мақал  мен мәтелдің айырмашылығы неде?
(мақал 2-3 сөйлемнен тұрады, мәтел қысқа болады)
2. Еңбек туралы мақал – мәтел айт.
3. Жаңылтпаш айт.

Т. Қасиетті сан


1. Қазақ халқының қасиетті сандарын ата. (3, 7, 9, 40)
2. «Үш бәйтеректі» ата. (Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин)
3. «Бес арысты» ата (Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Жүсіпбек Аймауытов)

І. Сен білесің бе?


1. Қазақтың атақты палуаны кім? (Қажымұқан)
2. «Айша бибі» кесенесі қайда орналасқан? ( Таразда)
3. Шыңғыстауда (Семейде) қандай атақты адамдар туған? (Абай, Шәкәрім, Мұхтар)
             
Л. ”Полиглот” жұмбақ жасыру
(Жұмбақтың шешуін сайыскерлер шешіп, оны қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтады.)
1) Асқар тауда,
    қара орман        (шаш — волосы –hair     хеия )
2) Қимылдаса қос шебер,
    Қыруар –қыруар іс өнер  (қол – рука –  hand    ханд)
            3) Жүзіне салсаң көзіңді,
    Көрсетеді өзіңді.               (Айна-зеркало-mirror   мирроу)

І. Математика


1. Алғашқы есептеу құрылғысы …..  (саусақ).
             2.
             3.

ІІ бөлім. Сөйлем құрау:

Берілген сөздер:  Бейбітшілік. Ит. Ермегім. Бет. Күз. Шырмауық.  Қарға. Қой. Орман. Ешкі. Сиыр. Тиін. Жүрек. Оқу. Тіл.  Жылқы.  Кітап. Білім.(әр оқушыға 2 сөзден)

Көркем әдебиеттің бірінші құралы.  Егінге зиянды шөп.  Кітап оқу.  Біздің жеріміз бен еліміздің көркі. Қойдың бір нәсілі. Терісі бағалы аң.  Күйіс қайратын ірі қара.  Қан тамырларының орталығы.  Инемен құдық қазғандай.  Қымбат дос. Сүйеді баласын «қоңырым» деп. Ер қанаты. Жанып тұрған шырақ. Баласын  «аппағым»  дейді. Ел тілегі. Болып, дымқыл тұман жерді басқан. Арқасы қиянда.  Қарауға  шыдамай,  теріс  айналды.

ІІІ бөлім. Ойтолғау. (оқушылар мына тақырыптың кез-келгенін таңдап алуына болады)
Тақырыптар: Мейірімді  ана
                          Доссыз өмір – тұл
                          Менің  елім — Қазақстан
                          Кітап – білім бұлағы
                          Тіл – асыл ойдың бұлағы
Әр топ шығармаларын жазып болғанша көрермендерге «Қызықты граматикадан» сұрақтар қойып шешкіземін.

1.Қаңтар айы жылдың нешінші айы? – он бірінші ай


2. Алланың елшісі кім? – Мұхаммед
3.Қазақтағы үш арсыз не ? – ұйқы, тамақ, күлкі
4. Жер бетіндегі екі мәңгілік не? – ай мен күн
5. «Салмақты» сөзінің синонимі – байсалды, ұстамды, сабырлы
6.Қазақтың жыл қайыруында мешін жылы нешінші орналасқан? – тоғызыншы
7.8-наурыз  қандай мереке? – Халықаралық әйелдер күні
8.Жеті қазынаға не жатады? – ер жігіт, сұлу әйел, ақыл, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы
9. Орта жүздің таңбасы, ұраны              таңбасы — «босаға», ұраны — «Ақжол»
10.Ақмешіт қаласының қазіргі атауы – Қызылорда
11.Көкек яғни, сәуір айы жылдың нешінші айы – екінші ай
12.Он сегіз мың ғаламды жаратушы кім? – Алла , бір құдырет
13.Қазақтағы үш қонақ – 1.арнайы қонақ, 2. Құдайы қонақ, 3.Қыдырма қонақ
14. «Жабағы жүн» дегеніміз не? – қойдың көктемгі жүні
15. «Сұлу» сөзінің синонимі – ажарлы, көрікті, келбетті, дидарлы
16. Кісі елінде сұлтан болғанша,……………..
17. 30 тамыз қандай мереке? – Қазақстан Республикасының Конститутциясы күні
18.Он екі мүшеге не жатады? – бас, екі көз, екі құлақ, мұрын, ауыз, екі қол, ден, екі аяқ
19.Кіші жүздің  таңбасы, ұраны                              таңбасы — «жебе», ұраны – «Алдияр»
20. Отырар қаласының ескі атауы – Фараби
-Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті.Келесі сөз кезегін  қазылар алқасына беріп, сайысымыздың жеңімпазын анықтайық.

-Осы сайыс жеңімпазы «Тіл білгірі» атағына лайық  деп,  __________________________


___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________

ортаға қол соғып, шақырайық. Сонымен қатар сайыста ерекше өнер көрсеткен оқушыларымызға да рақмет айтамыз.


 -Біздің тіліміз – ең қымбат мүлкіміз. Оны қорғау, қолдау, өркендету – біздің міндетіміз. Әр адам өз ана тілінің болашағына жауапты. Тәуелсіз еліміздің ертеңі – сендер өз тілдеріңнің мәртебесін жоғары көтереді деп сенеміз.

І бөлім. Сұрақ-жауап:


1.Фонетика нені зерттейді? (дыбыс пен әріп)
2.Құранда неше сүре бар? (114)
3.Өлең түрінде жазылатын шығарма қалай аталады? (поэзия)
4.Сын есімнің мағынасына қарай қандай түрлері бар? (сапалық, қатыстық)
5.Күрделі сөздердің қандай түрлері бар? (қос сөз, біріккен сөз, қысқарған сөз, тіркесті сөз)
6.Сөзге жаңа мағына беретін қосымша қалай аталады? (жұрнақ)
7.Дөрекі сөздерді тіл білімінде қалай атайды? (дисфемизм)
8. Күрделі сөздің қай түрі дефис арқылы жазылады? (қос сөз)
9.Дыбысталуы мен жазылуы бірдей, мағыналары әр түрлі сөздер қалай аталады? (омоним)
10.Грамматика қандай бөлімдерден тұрады? (синтаксис, морфология)
11.Әдебиет қай тілден енген сөз, қандай мағына береді? (араб тілі, асыл сөз)
12.Қара сөзбен жазылатын шығарма қалай аталады? (проза)

ІІ бөлім. Сөйлем құрау:

Берілген сөздер: Ермегім. Шырмауық. Орман. Ешкі. Сиыр. Тиін. Жүрек. Оқу. Тіл. Жылқы. Кітап.Білім.

Көркем әдебиеттің бірінші құралы. Егінге зиянды шөп. Кітап оқу. Біздің жеріміз бен еліміздің көркі. Қойдың бір нәсілі. Терісі бағалы аң. Күйіс қайратын ірі қара. Қан тамырларының орталығы. Инемен құдық қазғандай. Қымбат дос.Ер қанаты.Жанып тұрған шырақ.

ІІІ бөлім.Мақал-мәтелдердің екінші сыңарын табу:

1.Батырды намыс өлтіреді (Қоянды қамыс өлтіреді).


2.Қыз – елдің көркі (Гүл – жердің көркі).
3.Оқу – білім азығы (Білім – ырыс қазығы).
4.Еңбек етсең ерінбей (Тояды қарның тіленбей).
5.Ақыл жастан шығады (Асыл тастан шығады).
6.Жаңбыр жауса – жер ырысы (Батыр туса – ел ырысы ).
7.Батамен ел көгереді (Жаңбырмен жер көгереді).
8.Қорқақ мың өледі (Батыр бір өледі).
9.Білекті бірді жығады (Білімді мыңды жығады).
10.Туған жердей жер болмас (Туған елдей ел болмас).
11.Арпа, бидай ас екен (Алтын, күміс тас екен).
12.Батыр майданда шынығады (Құрыш қайнауда шынығады)

ІҮ бөлім.Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын ашу:


1.Тонның ішкі бауындай (тату). 2.Тайға таңба басқандай (анық, дәл).3.Бетінен оты шығу (ұялу).4.Қырғи қабақ болу (араздасу). 5.Бармағын тістеді (өкінді). 6.Төбе шашы тік тұрды (қорықты). 7.Төбесі көкке екі елі жетпеді (қуанды). 8. Беті бүлк етпеді (ұялмады). 9.Кірпік ілмеді (ұйықтамады). 10.Үріп ауызға салғандай (әдемі).11.
12.

Ү бөлім. Үзінді қай шығармадан алынған?

ҮІ бөлім. Сәйкестік тестісі:

ҮІІ бөлім. Шағын шығарма жазу.

Тақырыбы:  «Мақал –сөздің мәйегі»
Мақсаты: білімділік: Халық ауыз әдебиетін пайдаланып,оны орынды қолана білуге, шаршы топ алдына сөз жүйесін таба білуге үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың халық ауыз әдебиетіне деген сүйіспеншілігін,қызығушылығын,ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Халық ауыз әдебиетін құрметтеп, оны дамытуға, тіл мәдениетіне, достық қарым-қатынасқа, ой ұшқырлығы мен тапқырлыққа, өз ұлтын сүюге, халық мәдениетін жалғастыруға тәрбиелеу;
Әдісі: сұрақ-жауап,талдау т.б.
Түрі: Интелектуалды сайыс сабағы
Көрнекілігі: интерактивтік тақта, мақал-мәтелдер оқулығы т.б.
Барысы:
І.Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Мұғалім:Армысыздар,құрметті ұстаздар мен оқушылар!Бүгінгі жастар халқымыздың болашағы,еліміздің ертеңі.Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп,есте сақтау қабілеттерін шыңдайтын білімді жастарды анықтатын,білімге қызығушылығын арттыратын «Мақал-сөздіңм»сайысымызға қош келіпсіздер!
 Білімді адам ешнәрседен қорықпайды,мазаланбайды.Әр уақытта да батыл.
 Өмірдің өзі адамды тірестірген,
 Бірі жаңа жарыстың бірі ескірген.
 Айнала отырып ап исі қазақ
 Азаматын өзара күрестірген-дей  отырып бүгінгі сайысымызды бастаймыз!Алдымен сайысқа қатысып отырған топтармен таныстырып өтейін.
 І топ:10 «А»сынып
 ІІ топ.10 «Ә»сынып
 ІІІ топ.10 «б» сынып

Ал енді ойынымыздың әділ өтуіне септігін тигізетін әділқазылармен таныстырып өтейін.


 1.
 2.

Бүгінгі сайысымыз 4-турдан тұрады.


1.Таныстыру
 2. «Мықты болсаң тауып көр»
 3. «Ойлан тап»
 4. «Жеті жұрттың тілін біл»
 5. «Жалғасын тап»
      Енді бірінші тур бойынша әр топ өздерін таныстырулары керек.Таныстыруларының ішінде мақал-мәтелдер болуы шарт.

 І тур.Таныстыру.

Бірінші тур бойынша бағаларыңызды берсеңіздер.
 ІІ тур  «Мықты болсаң тауып көр».Шарты:тақтада сөздер берілген сол сөздерді қатыстырып мақал-мәтелдер құрайсыздар.Қолдарыңыздағы таяқшаны бірінші көтерген ттоп қана жауап береді.
Тірек сөздер:
1.Қой,қойшы,қозы.
 2.Арпа,бидай
 3.Бірлік,тірлік
 4.Жер
 5.Ит
 6.Еріншек
 7.Білім
 8.Отан
 9.Әке-шеше
 10.Жылқы
 11.Тіл
 12.Өтірік
 13.Гүл
 14.Нан
 15.Еңбек
 ІІ тур бойынша бағаларыңызды берсеңіздер.
 Мақал-мәтелдер-ата-бабамыздан қалған өшпес мұра.Көлемі жағынан шағын болғанымен,уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп,құны артып,қымбат қазынаға айналып келеді. «Мақал-сөздің атасы»демекші сайысымызды жалғастырамыз.ІІІ турымыздың шарты.қойылған сұрақтарға мақал-мәтелдермен жауап берулеңіз керек.
ІІІ тур  «Ойлан тап».
 1.Жыланды қалай інінен шығарамыз?
(Жылы-жылы сөйлесе, жылан інінен шығады)
2.Инемен құдық қазуға бола ма?
(Білім инемен құдық қазғандай)
3.Аппақ қарға бола ма?
(Қарға баласын аппағым дейді)
4.Ең тәтті не?
(Ананың сүті тәті,баланың тілі тәтті)
5.Қар жана ма?
(Қалауын тапса,қар жанады)
6.Оттан да  не ыстық?
(Отан оттан да ыстық)
7.Тауық түс көре ме?
(Тауықтың түсіне тары кіреді)
8.Кімнен кім жаман?
(Олақтан салақ жаман)
9.Шашу мен жинаудың қайсысы оңай?
(Шашу оңай,жинау қиын)
10.Білгенің қанша,білмегенің қанша?
(Білгенің бір тоғыз,білмегенің тоқсан тоғыз)
11.Адамның қай мүшесі қорқақ,қай мүшесі батыр?
(Көз қорқақ,қол батыр)
12.Отқа түсіп күймеуге бола ма?
(Отан үшін отқа түс күймейсің)
13.Көрдім,көрмедім деген неше сөз?
(Көрдім деген көп сөз,көрмедім деген бір сөз)
14.Ер қаруы неше?
(Ер қаруы бес қару)
15.Етікті қонышынан басуға бола ма?
(Қолыңнан келсе, қонышынан бас)

ІІІ тур бойынша бағаларыңызды берсеңіздер.

 ІҮ тур. «Жеті жұрттың тілін біл»
  «Ақыл-ой,алғыр сөз адамның ең жоғарғы қасиеті»деген екен Ғ.Мүсірепов.Тіл-ұлттың жаны,халықтың үні.Сондықтан да қазіргі заман талабына сай бірнеше тілді білу қажет.Қазақтан шыққан өткір ойлы,жан-жақты ғұлама ғалым,тарихшы,әдебиетші,саяхатшы Ш.Уәлиханов 8 тілде еркін сөйлеген.Біздің дарынды жастарымыз да үш тілді еркін меңгерген.ІІІ турымыздың шарты:Мақал-мәтелдердің бір сөзі түсіп қалған сол сөзді тауып,орыс тіліне,ағылшын тіліне аударасыздар.Шарты түсінікті болса сайысымызды бастаймыз.
 1.Мектеп кеме, білім ………..(теңіз,море,sea)
2.Қорада малың болын,кеше……….(талың,дерево,tree)
3.Адам көркі шүберек,ағаш көркі………….(жапырақ,лист,foliage)
4.Құлан құдыққа құласа,құлағында…………ойнайды.(құрбақа,жаба,frog)
5.Жалғыз кірпіш қорған болмас,жалғыз ағаш……..болмас.(орман,лес,forest)
 6.Бабалар еккен шынарды,…………. саялар(балалары,дети,children)
7.Қыз өссе елдің көркі, ……….өссе жердің көркі.(гүл,цветок,flower)
 8.Біреуге мал қайғы,біреуге…………жан қайғы.(жан,душа,soul)
9.Мақтаның анасы жер,атасы-………..(су,вода,water)
 10.Ақыл,……… тілмашы-тіл,бұл кепіл,
 Жарық төгіп,елжіретер тіл деп біл!(білім,знания,                   )

Ү тур. «Жалғасын тап»  Шарты:Мақал-мәтелдердің жалғасын табу керек.

1.Кедей мен бай  жолдас болмас,
   Қасқыр мен қой жолдас болмас.
 2.Жақсы кісінің ашуы
   Торғын орамал кепкенше.
 3.Қызыл тіл жанның мияты,
 Абырой-ердің қуаты.
 4.Аяқтыға жол бермеген,
   Ауыздыға сөз бермеген.
 5.Жақсы байқап сөйлер,
   Жаман шайқап сөйлер.
 6.Әдепсіз бала-
   Аяққа басылған шала.
 7.Ата даңқымен қыз өтер,
 Мата даңқымен бөз  өтер.
 8.Барында батып іш,
 Жоғында сатып іш.
 9.Өнер көпке де жеткізеді,
 Көкке де жеткізеді.
 10.Әр нәрсеге асық болғанша,
      Бір нәрсеге машық бол.

Қорытынды сөз кезегін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Қалқожа Мұхтар ағайға береміз.


 Ана тілсіз тарих та жасалмайды,
 Ана тілсіз іс өрге аса алмайды
 Желмаяның үстінде желіп тұрып;
 Күңіренбеген тектен-тек Асан Қайғы –дей отырып бүгінгі сайымызды аяқтаймыз.
 Құрметті ұстаздар мен оқушылар!Келіп көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!

Тіл – қарым — қатынас құралы. Әлемде 3000 астам тіл бар. Ағылшын, орыс тілдері халықаралық қатынас тілдері. Бұл тілдер біздің аса сүйіп оқитын Пушкин, Шекспир, Лермонтов, Байрон, Есенин, Бернст тілдері болып табылады. Ал қазақ тілі – еліміздің мемлекеттік тілі. Сол себептен біздің сайыс сабағымыз 3 тілде өткізілмек.


 Біздің алға қойып отырған негізгі мақсатымыз оқушылардың тілдер бойынша алған білім деңгейін тексеру, шешендік пен тапқырлығын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
 Мақсаттары:
 Оқулық: ағылшын, орыс тілдері әлемдік тілдер қатарына жататындықтан жас шәкірттерге олардың маңыздылығын сезіндіру, ана тілінің қадір қасиетіне, болашағына қамқор болып, дамыту үшін өз үлестерін қосуы керек екендігін ұғындыру. Ағылшын тілі мемлекеттік білім беру стандарты бойынша алған білім деңгейін тексеру;
 Дамытушылық:оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, шешендік сөздер, мақал мәтелдерді ұтымды пайдалана білуге үйрету;
 Тәрбиелік: оқушылардың ана тілін біліп өзге тілдерді құрметтеуге шақыру. өзге елдің тілін , мәдениетін, әдебиетін білетін дара тұлға даярлау;
 Сабақтың түрі: сайыс сабағы
 Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап
 Пәнаралық байланыс:орыс, қазақ тілдері, елтану, шешендік өнер.
 Көрнекілігі: сайыстың тақырыбы жазылған плакат, сайыс барысында қолданылатын көрнекі құралдар, сайыскерлерге ойын соңында табысталатын сертификаттар, шарлар, музыка, белгі карталары, тіл туралы жазылған қанатты сөздер:
 1. Өнер алды – қызыл тіл.
 2. Знай 7 языков
 3.Know 7 languages.
 О.Т.Қ.: Мультимедиялық проектор
 Барысы:
 1-жүргізуші: Қымбатты ұстаздар мен студенттер! Колледжімізде Қазақстан халқының «Тілдер мерекесіне» арналған шара жалғасуда. Бүгінгі студенттер арасында өтетін «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты танымдық ойынымызға қош келдіңіздер!
 2- жүргізуші:Good afternoon dear students, teachers and guests! Welcome to our intellectual show! We are glad to see you and we hope that you’ll enjoy today’s game.
 1-жүргізуші: Мінеки, залда тыныштық,
 Естілмейді дыбыс түк.
 Мұны бізде қоштаймыз,
 Кешіккендерді тоспаймыз.
 Қазақ, орыс, ағылшын,
 Тілдері жайында.
 Кешімізді бастаймыз,
 Жас достарым,
 Мұны жақсы ұғайық-
 Қазақ, орыс, ағылщын тілдері
 Құрметтеуге лайық!
 Дүниедегі сұлулықтың бәрі де,
 Мүмкін емес қызыл тілсіз түсіну,
 Көп тіл білу- өте қажет бүгінде!
 Бүгін сіздер оқушылар арасында өтетін білім сайысының жеңімпазын анықтау үшін 5 кезеңнен тұратын ойынымызды көріп тамашалайсыздар.
 2-жүргізуші: «Тіл білгірі» сайысымыз басталды,
 Білгірлерді жұртшылық, қарсы алайық!
 Көшбасшысы тілдердің-қазақ тілі,
 Тағы басқа тілдермен достасайық!
 Ортаға сайыскерлерді шақырамыз.
 1- жүргізуші:Well, we begin our game and let’s meet our participants. Participants tell some words about themselves, about hobbies, favorite subjects.
 2-жүргізуші:Еліміз көп ұлтты болғандықтан қаламыздың әр тұрғыны үш тілді бірдей меңгеретіні анық. Сайысымызды бастамас бұрын тіл құдіретін қастерлей білетін оқушыларымызды шақырамыз.
 1-жүргізуші:Ойынымыздың бірінші туры – «Бәйге». Мұнда қазақ, орыс ағылшын тілдері бойынша сұрақтар беріледі. Берілген сұрақтарға тез, шапшаң жауап беру керек. Белгі картасын бірінші көтерген оқушы жауап береді, жауап дұрыс болмаған жағдайда келесі көтерген ойыншы жауап беруге болады.
 Сұрақтар:
 1. қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?
 Жауабы: Түркі тілдер тобына
 2. қазіргі кездегі қолданыстан шығып қалған сөздерді қалай атаймыз?
 Жауабы: Архаизм
 3. Ағылшын тіліндегі созылмалы осы шақтың етістігі қалай аталады?
 Жауабы:Present Continuous
 4. Қазақ жазба әдеби тілінің негізін салушы кім?
 Жауабы: А.Құнанбаев
 5. Лексикалық қарама-қарсылықты сөз қалай аталады?
 Жауабы: Антоним
 6. Ұлыбританияның мемлекеттік тілі қай тіл?
 Жауабы: Ағылшын тілі
 1.Адам басшысы-……..(ақыл, ум,intelligence)
 2. Нет дыма без ……… (от, огонь,fire)
 3. Лучше ……. чем никогда (кеш, поздно,late)
 4. Ана сүті бой өсіреді,…..ой өсіреді. (ана тілі, родной язык,language)
 5. Чистота залог …….. (здоровье, денсаулық,health)
 6. Action speaks louder than ….. (word, слова, сөз)
 7. Жердің сәні егін, ердің сәні ……. (білім, знание,knowledge )
 8. дерево крепко корнями. Человек …… (друг, дос, friend)
 Әділ қазылар алқасы сайыскерлеріңізге тиісті ұпайларын берулеріңізді сұраймыз.
 2-жүргізуші: ойынымыздың келесі туры «Ғажайып жетілік» Бұл жетілікте қазақ, орыс, ағылшын тілі мен әдебиетінен, қазақстан тарихынан сұрақтар беріледі.
 1. қазақ тілі
 Басқа тілден енген сөздер қалай аталады?
 (кірме сөздер)
 2. Қазақ әдебиеті
 Әдебиет сөзі араб тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?
 (асыл сөз)
 3. Орыс тілі
 В человеке одно, а у вороны вдвое, в лисе не встретится. А в огороде трое (буква О)
 4. Орыс әдебиеті
 Назовите автора и проиведение, откуда взяты эти строки:
 Москва!
 Как много в этом звуке
 Для сердца русского слилось!
 Как много в нем отозвалось…. (А.С.Пушкин «Евгений Онегин»)
 5. Ағылшын тілі
 Present Simple-дың етістігін ата (a. He goes, b. He went c. He will)
 6. Ағылшын әдебиеті
 «Алиса ғажайыптар әлемінде» ертегісінің авторы кім?)Льюис Кэролл)
 7. Чарльз ханзадасы қандай титулға ие болған? (Уэльс ханзадасы. Шотландия ханзадасы. Англия ханзадасы)
 Әділ қазылар 3 турдың бағасын бергенше музыкалық сәлем жолдаймыз.
 1- жүргізуші: Төртінші тур – «Шешендік өнер» Бұл сайыста бүгінгі таңда өте кең таралған тіл мәселесі жайындағы сөзді «Мемлекеттік тілді үйрену әрбір азаматтың қасиетті борышы» тақырыбында қозғай отырып, сайыскерлерімізді шешендік, таңдаушыларын баурап алу, өзін-өзі ұстай білу өнерін тамашалаймыз.
 Сайыскерлер қазақ тіліндегі өз туындыларын мәнерлеп оқып береді.
 2-жүргізушу: бесінші тур «Жорға» Бұл турға ұпай саны бойынша алда келе жатқан екі оқушы қатысады . Ойыншыларымыз 1 минут ішінде 15 сұраққа жауап беру керек.
 1-сайыскерге сұрақ:
 1. «Абай жолы» роман- эпопеясының авторы кім? (М.Әуезов)
 2. Название какой птицы образовано от звукоподражательного междометия? (Кукушка)
 3. «Рождество» қарсаңында ағылшындар қандай тамақ әзірлейді? (Индейка)
 4. Шоқан Уалихановтың шын аты кім? (Мұхамедқанафия)
 5. Как называются устойчивые сочетание слов? (Фразеологизмы)
 6. Ағылшын Біріккен патшалығының Үкімет басшылығында кім отырады? (Ханшайым)
 7. Қазақ халқының алғашқы ағартушы педагогы кім? (Ы.Алтынсарин)
 8. Какое животное и корабль имеют одно название? (Броненосец)
 2-сайыскерге сұрақ:
 1. Қазақ әліппесінде қанша әріп бар? (42 әріп бар)
 2. Какое наречие «предлагает» кусок ткани на пальто или на костюм? (наотрез – на отрез)
 3. Ағылшын тілінде қанша септік бар? (2)
 4. Абай Құнанбайұлының шын аты (Ибраһим)
 5. В каком наречии 4 раза употребляется буква «Н» (Несомненно)
 6. Ұлыбритания Біріккен патшалығының құрамына қандай елдер кіреді? (Англия, шотландия, Уэльс, солтүстік Ирландия)
 7. Зат есімнің көпше түрі қалай жасалады? ( -s жалғауын жалғайды)
 8. Забияка, сирота относятся к какому роду? (Общий род)
 2-жүргізуші: Көп ұлтты Қазақстан
 Жүзден астам тілдер бар.
 Мәртебелі, маңызды
 Қазақ тілін танып ал!
 1-жүргізуші: Ана тілің — арың бұл,
 Ұятың боп тұр бетте.
 Өзге тілдің бәрін біл
 Өз тіліңді құрметте!
 Ойын жеңімпазы анықталып, сайыскерлер марапатталады.

«Мақал-сөздің мәйегі»

 26 тамыз-26 қыркүйек  «Тілдер айлығы» шеңберінде

 № 32 мектепте  «Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің қолданысы»  тақырыбында арнайы жоспар бойынша іс-шаралар өткізілді. Атаулы апталықта қазақ тілі пәні мұғалімі Райгүл Құнашқызы Жайдақбаева бастауыш сынып оқушыларының  ата-аналарымен бірлесе отырып,жас жеткіншектердің   бұл мәселені  қалай меңгергендігін білу мақсатында  « Мақал — сөз мәйегі» атты сайыс ұйымдастырды. Мақал — мәтелдер – сөз мәйегі, асылы, саф алтыны. Қазақ халқы  «Мақал — сөз атасы» дейді. Айтар ойды екі ауыз сөзбен жеткізіп, ұрпағына тәлім – тәрбие, өнеге, үлгі берер ауыз әдебиетінің асыл мұрасын күнделікті өмірімізге пайдаланып, қажетімізге жаратып та жүрміз.     Сайысқа арнайы  іріктелген әділқазылар алқасы тобында орталық кітапхананың маманы -Бақыт Алимова, қазақ тілі  пән бірлестігінің жетекшісі Ә.Т.Алдабергенова, қалалық  «Тіл-татулық тірегі» сайысының жүлдегері, қазақ тілін меңгеруге ынталы, психолог А.А.Бережнаялар болды.  


 Сайыс үш кезеңнен тұрды.
 1 кезеңде қатысушыларымыз тіл өнері, ақыл — ой, ғылым — білім туралы сайысқа түссе, оқушылардың   жылдамдығы мен шапшаңдығын анықтау мақсатында екінші бөлім «Кім жүйрік?» атты тақырыпта өтті. Бұл сайыста алдын-ала берілген тақырыптар бойынша әр топ белгілі бір уақыт (2 минут) ішінде көбірек мақал-мәтел айтудан жарысты. Алдын-ала берілген тақырыптар: отан, білім, еңбек, ана тілі болған. Үшінші бөлім. «Кім білгір?» атты тақырыпта өтті. Бұл кезеңнің мақсаты оқушылардың   тапқырлығы мен ой-өрісін тексеру болды. Бұл бөлімде жүргізуші мақалдың басын айтып берді де, ал қатысушылар оның жалғасын айтты. Қай топ бірінші қол көтерді, сол топқа мақалды жалғастырып айту мүмкіндігі берілді.
 Сонымен қатар, қазақтың тыйым сөздері, тұрақты тіркестердің мәнін ашу, салт — дәстүр, әдет — ғұрып бойынша берілген сұрақтарға жауап берді. Үш кезеңде өздерінің білімділігі мен тапқырлығы басым болып  3 сынып оқушысы Мүбарак Жандос  жеңіске жетті. Жүлдегер оқушылар мен қатысушыларға мектептегі қазаұқ тілі әдістемелік бірлестігі дайындаған  арнайы сыйлықтары тапсырылды. Сайыс жас ұрпақ санасына танымдық, тәлімдік тәрбие берумен қатар, ұмытылуға айналған наным — ырымдарды еске салды.
 Сайыс соңында әділ қазылар алқасы  сайыстың қорытындысын шығарып, жеңген топтың ұпайын айтты. Жеңген топ тағы оқушы мен ата-анасына арнайы сыйлықтар тапсырып, мақтау қағазымен марапатталды.  Аталған апталық аясында бұдан өзге де іс-шаралар өткізілді.
 
Каталог: F247AC88B66B8B30
F247AC88B66B8B30 -> Лекция Дайындаған және өткізген: Бірлестік орта мектебінің тәрбие ісінің
F247AC88B66B8B30 -> Сабақтың тақырыбы: Қ. Баянбай. «Тырна, Тоты, Тоқылдақ»
F247AC88B66B8B30 -> Әдістемелік бірлестік туралыереж е І. Жалпы ережелер
F247AC88B66B8B30 -> Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Сабақтың әдісі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, сарамандық
F247AC88B66B8B30 -> Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Бірлестік орта мектебі
F247AC88B66B8B30 -> Менің арманым олимпиада чемпионы болу
F247AC88B66B8B30 -> Өткізген: Оспанова Ш. С. 2016-2017 оқу жылы Сыныбы
F247AC88B66B8B30 -> Сабақтың тақырыбы: Қ. Баянбай. «Тырна, Тоты, Тоқылдақ»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет