1. Құрастырылу мақсаты



Дата27.05.2018
өлшемі89,26 Kb.
#40855
Бекітемін

ҰТО директоры

___________ Қ.C.Әбдиев

«___»_____________2015 ж.



«Кітапханатану» пәні бойынша

«Қызмет көрсету» бағытындағы

5В091000 – Кітапхана ісі мамандығына арналған

Тест спецификациясы

1. Құрастырылу мақсаты:

Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.

2. Міндеті:ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.

3. Тест мазмұны мен жоспары:



Тестке «Кітапханатану» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген.




Мазмұны

Тапсырмалар саны

1

Кітапханатану ғылым саласы ретінде. Кітапханатанудың генезисі, қалыптасуы және дамуы. Кітапханатанудың ғылыми пән ретінде қалыптасуы. «Кітапханатану» ұғымының пайда болуы. М.Шреттингердің (1772-1851) «Кітапханатану нұсқауы» еңбегіндегі теориялық көзқарастары. А.Грезель (1849-1917) кітапханатану теориясы жайында.Ресейде кітапханатанудың даму жолдары. Көрнекті орыс кітапханатанушылар және олардың кітапхана ісі теориясына қосқан үлесі: В.И.Собольщиков (1813-1872); Н.А.Рубакин (1862-1946); К.И.Рубинский (1860-1930); Л.Б.Хавкина (1871-1949), Н.К.Крупская (1869-1939), А.А.Покровский (1879-1942), Ю.В.Григорьев (1899-1973). Қазіргі кітапханатанушылардың теориялық концепциялары.

Қазіргі кітапханатанудың мағынасы, функциялары және құрылымы. Кітапханатанудың ғылыми және оқу пәні ретіндегі нысаны, тақырыбы, құрылымы.Кітапханатану саласының саралануы және бүтінделінуі. Кітапханатанудың басқа пәндермен түйсіну негізінде пайда болатын бөлімдері. Кітапханатанудың мән-мағынасы түсінігінің пікірталастық сипаты. Кітапханатану пәні оның мән-мағынасын айқындаушысы ретінде. Кітапханатану нысаны және негізге алынатын оның құрамдас элементтері.Кітапханатанудың көпфункционалдылығы. Кітапханатанудың ғылыми және әлеуметтік функциялары. Кітапханатанудың танымдық функциясының басты мағынасы. Кітапханатанудың туынды ғылыми функцияларының рөлі. Кітапханатануды құрылымдау аса маңызды жалпы теориялық мәселе ретінде, оны құрылымдаудың түрлі жолдары.

Кітапханатану ғылым салалары жүйесінде. Кітапханатанудың ғылым жүйесінде алар орны. Кітапханатану және мәдениет теориясы, философия, социология, ғылымтану, педагогика, психология және өзге жалпы ғылыми пәндерімен өзара байланыстары. Кітапханатанудың кітаптану, құжаттану, ақпараттану білім салалары құрамдас бөлігі тұрғысынан қаралудағы кітапханатанушылардың көзқарастары.

Кітапханатану әдіснамасы және әдістемесі. Философия кітапханатанудың әдіснамалық негізі ретінде. Кітапханатану және кітапхана ісінің жалпы және жеке заңдары. Тәжірибе кітапханатану білімі ақиқаттығын айқындайтын критерий. Кітапханатану саласы бойынша ғылыми зерттеулер ұйымдастыру. Жалпы ғылыми, жеке ғылыми және арнайы зерттеулер жүргізу әдістері.

Кітапхана әлеуметтік институт ретінде. Кітапхананың әлеуметтік рөлі, оның қоғамдық міндеті. Адамзат қоғамы дамуы жолында кітапхананың алар орны түрленуі. Кітапхананың қазіргі таңдағы негізгі міндеттерін талдау және бағалау: ақпараттық, білімділікті, мәдени ж.б.

Кітапхананың рөлі, орны және функциялары. Кітапхана қоғамның даму және материалдық хал-жайы деңгейінің көрсеткіші. Кітапхананың қоғам ақпараттануындағы рөлі. Кітапхана мәдениеттің өмір сүру болмысы және сақталу шарты ретінде.«Кітапхананың мағыналық функциялары» ұғымы. Мағыналық функцияларды жіктеу белгілері. Кітапхананың жинақтық (кумулятивтік), қызметтік, ақпараттанымдық және басқа да тектік функциялары. Кітапхананың мағыналық функцияларын нақтылы-тарихи жағдайларында іске асыру, олардың сыртқы ортаға тәуелділігі.

6

2

Кітапхана жүйе ретінде. Кітапхананың құрылымдық-функционалдық талдамасы. Кітапхана жүйесіндегі негізгі бөліктер (элементтер): кітапхана қоры, пайдаланушылар (оқырмандар), кітапхана қызметкерлері, анықтамалық-ізденіс аппарат, материалды-техникалық негіз. Элементтердің өзара және сыртқы ортамен байланыстары. Кітапхананың құрылымдық моделі. Кітапхананың жүйе ретінде қалыптасуындағы негізгі кезеңдер. Кітапханалардың даму барысында саралануы. Тарихи даму жолында кітапхананың негізгі бөліктерінің жетілуі. Кітапхананың жүйе ретінде даму перспективалары.

Кітапханалар типологиясы. Кітапханалардың жіктелу, типтендірілу және жүйеленуі жөнінде жалпы түсінік. Кітапханалардың негізгі типтері мен түрлері. Әмбебап және арнайы кітапханалар. Әмбебап кітапханалардың негізгі типологиялық сипаттары, оның түрлері. Аймақтық дәрежедегі әмбебап ғылыми кітапханалар. Облыстық әмбебап ғылыми кітапханалар іс-әрекеттерінің негізгі бағыттары және ерекшеліктері. Әмбебап көпшілік кітапханалар – ауданның әлеуметтік өмірінің орталығы. Балалар және жасөспірімдер кітапханалары. Қоғамдық ұйымдардың көпшілік кітапханалары. Арнайы кітапханалар, олардың әлеуметтік міндеттері, ерекше өзгешеліктері. Арнайы кітапханалардың салалық саралануы. Ұйымдардың іс-әрекеттері негізінде арнайы кітапханалардың саралануы.Электронды кітапханалар, оларды қалыптастыру және дамыту мәселелері.

Кітапхана желілері мен жүйелері. Кітапхана жүйелерінің пайда болуы және дамуы Кітапхана жүйелерінің түрлері, олардың ерекшеліктері. Кітапханалардың өзара әрекеттену және бірлесу деңгейлері. Мекемелі-салалық, территориялы-кітапханалық бірлестіктер. Кітапхана жүйелерінің қасиеттері: біртүтастығы, басқарылымдылығы, қозғалмалылығы. Кітапханалардың өзге мәдени-ағарту, ғылыми, білім беру мекемелерімен ж.б. өзара жүйелік әрекеттесуі. Академиялық, жоғары оқу орындары, арнайы кітапханалар желісі.Кітапханалардың жүйелік тұрғыдан дамуы.Қазақстан Республикасының кітапхана желілері және жүйелері.

Кітапханалар іс-әрекеттерінің негізгі көрсеткіштері. Кітапханалық статистика. Кітапхананың іс-әрекетінің критерийі және тиімділігі. Кітапхана іс-әрекетінің үлгі стандарты. Кітапхана статистикасындағы абсолюттік және қатынастық көрсеткіштер. ГОСТ 7.20-2000 – «Кітапхана статистикасы». Кітапхана әрекетінің дәстүрлі және жаңа көрсеткіштері. Кітапхананың статистикалық есебі.

Кітапхана ісін басқару жүйесі. Кітапхана жұмысын жоспарлау. Кітапхана әрекетін стратегиялық жобалау. Жоспарлау және жоспар түрлері. Кітапхана әрекетін әдістемелік қамту. «Әдістемелік басшылық», «әдістемелік жұмыс», «әдістемелік қамту» ұғымдарының мазмұны. Кітапханалар әдістемелік орталықтар ретінде.

Кітапхананы және кітапхана ісін басқарудың ұйымдастырылымдық құрылымы. Кітапханалар қауымдастықтарының халықаралық, ұлттық және аймақтық ассоциациялары, қоғамдары, бірлестіктері. Технологиялық үрдістер негізінде бірлескен қауымдастықтар. Жалпы мемлекеттік, мекемелі-салалық, территориялық (аймақтық) кітапханалар бірлестіктерінің деңгейлері. Халықаралық кітапханалық ассоциацияларының федерациясы (ИФЛА), Еуразия кітапхана ассоциациясы (БАЕ), Американдық және Ресейлік кітапханалар ассоциациялары іс-әрекеттерінің негізгі бағыттары. Қазақстанның кітапханалық ассоциациясы, аймақтардың кітапхалық қауымдастықтары.

6

3


Кітапханалық мамандану. Кәсіптік дайындау және үздіксіз білім беру жүйесі. Мамандарға қойылатын талаптар. Кітапханашылар қоғамның дербес әлеуметтік-кәсіби тобы ретінде. Алғашқы кітапханашы-мамандарының пайда болуы. Германияда, АҚШ-да, Ресейде, Қазақстанда кәсіби білім берудің бастапқы сатылары. Кітапхана мамандығының мазмұны, оны саралаудың негізгі критерийлері. Кітапхана қызметкерлері қызметінің тарифтік-мамандану мінездемесі. Кітапхана іс-әрекетінің көпфункционалдылығы кітапхана мамандығының түрленуі факторы ретінде. Кітапханалық профессиограмманы кітапханатануда жете зерттеу бағыттары. Үздіксіз кітапханаоық білім беру жүйесі. Кітапханашылардың білім дәрежесін жоғарылату және қайта даярлау болмыстары. Жаңа ақпараттық технологияларының кітапхана кадрларын даярлау және білімін жетілдіру жүйесіне берер ықпалы. «Кітапхана ісі» мамандығының ҚР Мемлекеттік жалпыға бірдей стандартының мазмұны және құрылымы. Оқу үрдісін ақпараттық-әдістемелік қамту.

Кітапхана еңбегінің ерекшелігі. Мамандықтың қазіргі таңдағы статусы, беделі, кітапханашының өз еңбегімен қанағаттануы, іс-әрекетінің ерекшелігі. Кітапхашының әлеуметтік және кәсібилік ұстанымы. Кітапханашының кәсіби әдебінің Кодексі туралы ұғым. Кітапхана қызметкерлеріне басшылық етудегі әлеуметтік-психологиялық аспектілер. Кітапхана басқарушысының еңбегі.

6

4

Әлемдік кітапханалар тарихы. Кітапханалар тарихы мәдениет, тарихының құрамдас бөлігі ретінде. «Кітапхана ісі тарихы» және «әлемдік кітапханалар тарихы» ұғымдарының өзара қатынастары. Кітапханалардың пайда болу және даму шарттары. Кітапханатанудың ғылыми алды (б.з.д. ІІ мыңжылдықтың ортасынан ХУІІІ ғ. Аяғына дейін) және ғылыми (ІІ ғ.басынан осы заманға дейін) даму кезеңдері. Шығыс және антикалық әлем кітапханалары. Шумер, Хеттер «кітапханаларының» көне жинақтары. Ежелгі Мысырдың, Римнің шіркеу кітапханалары. Батыс Еуропаның сопыханалық кітапханалары.

Орта ғасыр кітапханалары. Араб әлемінде ғылымның дамуы. Халифатқа тән кітапхананың өзгеше типі. Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі кітапханалар. Ежелгі Ресей кітапханалары. Батыс Еуропада ХІІІ-ХУІ ғғ. Университеттік кітапханаларының пайда болуы. Орта ғасырдың соңғы кезеңіндегі және ағарту ғасырындағы еуропалық кітапханалар. Ұлттық кітапханалардың пайда болуы.

Кітапхана ісі ХІХ ғ. – ХХ ғ. Басында. Халықтың білім деңгейін жоғарылату қажеттілігі. Ғылыми кітапханалар. Кейбір елдердің ұлттық кітапханалары. Бұқаралық кітапханалардың дамуы. Осы кезеңдегі кітапханалардың негізгі типтері.

Кітапхана ісінің қазіргі хал-жайы. Кітапхана ісінің қалыптасуы және дамуы. ХХ ғасыр басында кітапхана ісі дамуының негізгі бағыттары. Кітапхана ісі статусының ХХ ғасыр соңы – ХХІ ғ.басында дамуы. Кітапхана іс-әрекетінде ақпараттық және маркетингтік функцияларының басым болуы. Кітапханалар миссиясы. Кітапханалық философия және идеология мәселелері. Кітапхана іс-әрекеттеріне жаңа ақпараттық технологияларын енгізу. Қазақстанның ақпараттық қоғамға кіруі. ҚР кітапханаларының ақпараттық қоғамдағы рөлі, орны және мағынасы.

7




Тестінің бір нұсқасындағы тапсырмалар саны

25




  1. Тапсырма мазмұнының сипатамасы:

«Кітапханатану пәні» пәні бойынша тест тапсырмаларының құрылымы мен мазмұны курстың ғылыми және теориялық базаларын толығымен қамтиды. Студенттердің білімді меңгеруін бағалауға мүмкіндік береді.

5.Тапсырманың орташа орындалу уақыты:

Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.



6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.

Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңілге (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташаға (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиынға (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) бөлінеді.

7.Тапсырманың формасы:

Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.



Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиістідөңгелекшені толықбояу арқылы белгіленеді.

8. Тапсырманың апробациясы:

Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне апробацияланады.
Каталог: upload -> iblock
iblock -> Сабақтың тақырыбы: «Әліппенің атасы»
iblock -> М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат
iblock -> Өзі де, сөзі де бөлек дара тұлға Ауызша журнал: Талғампаз өнер иесі
iblock -> №4 қалалық кітапхана Құрастырған
iblock -> Аты-жөні Марапаттау кезіндегі қызметі
iblock -> Абай Құнанбаев- қазақ жазба әдебиетінің
iblock -> Абай Құнанбаев қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Мақсаты
iblock -> Составитель: библиограф цгб
iblock -> Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы
iblock -> Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет