1-сабақ СӨзжасам. ТҮбір мен қосымша 1-жаттығу



бет1/8
Дата28.01.2018
өлшемі1,48 Mb.
#34134
  1   2   3   4   5   6   7   8

(6-сынып)



Автор: Әсем Ерболатқызы Мундуинова – қазақ тілі

мен әдебиет пәні мұғалімі


«Тіл – білгір». 6-сынып: Жалпы білім беретін мектептердің 6-сыныбына арналған Ертіс өңірі компоненттерінен тұратын оқулыққа қосымша оқу материалы.

А л ғ ы с ө з

«Сендерді, ең алдымен, қалыптасқан тұлғалар,

тамаша кәсіпқойлар және шынайы патриоттар тұрғысында көремін.

Тұлға болу дегеніміз – жауапты болу деген сөз, яғни өмірде ата-анаң, Отанның алдында жауапкершілікті сезініп, өз ісіңе мұқият болу деген сөз. Ол үшін ағынмен жүзе бермей, белсенді болу қажет. Өзіңнің көздеген мақсатың, алға қойған межең болуға тиіс. Сол межені алуға күш-жігеріңді жұмылдырып, қайрат көрсетуің керек.

Кәсіпқой болу деген сөз – өзің шынымен де айналысқың келген өмірлік істі таңдай білу. Және оның өзін жақсы тұрғыда жүзеге асыру керек. Кәсіп дегеніміз – табысты өмірдің негізі.

Патриот болу – өз Отаныңды шын жүректен сүю, өзіңе және өз халқыңа сеніп, қоғамға қызмет ету. Бірақ өзіңнің тарихыңды, ана тіліңді, шығу тегіңді білмей нағыз патриот бола алмайсын», - деген Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Халыққа Жолдауында айтқан пікіріне сүйене отырып, осы оқулыққа қосымша оқу материалынан өздеріңе тиісті мағлұмат алар деген ойдамын.

Ертіс өңірінің компоненттерінен тұратын «Тіл – білгір» атты оқулыққа қосымша оқу материалынан Павлодар өңірінде туып-өскен танымал адамдардың туындыларын оқитын боласыңдар. Ертіс өңірінен туған кейбір атақты адамдардың бұрын-соңды жарық көрмеген дүниелерімен танысасыңдар.

Лексика, фонетика, морфология салаларынан алған теориялық білімдеріңді де сынай аласыңдар тәжірибе барысында.

«Білім – күш». Шын мәнінде, білім – бар болғаны кілт қана, оның орнын тауып қолдана білсең ғана күш-қайратқа ие боласың».

1-САБАҚ

СӨЗЖАСАМ. ТҮБІР МЕН ҚОСЫМША

1-жаттығу. 1. Мәтінді оқып шығып, мазмұнда.

Павлодар облысы - 1938 жылғы қаңтар айында құрылған. Облыс орталығы – Павлодар қаласы, ол Қазақстанның аса ірі өзені болып табылатын Ертіс жағасында орналасқан. Облыс Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында орналасқан және солтүстікте – Ресей Федерациясының Омбы, солтүстік-шығыста – Новосібір облыстарымен, шығыста – Алтай өлкесімен, оңтүстікте – Қазақстан Республикасының Шығыс-Қазақстан және Қарағанды облыстарымен, батыста – Ақмола және Солтүстік-Қазақстан облыстарымен шектесіп жатыр.

Археологиялық зерттеулер Ертіс өңірінде тарихқа дейінгі кезде адамдар саны көп тайпалар өмір сүргенін көрсетеді. Ежелгі адамдардың тұрақтау іздері Баянауыл ауданында, Ертіс өзенінің жиегінде табылды. Тастан жасалған қарулар, жебелер мен найзалардың кремнийден жасалған ұштары табылды. Мыңжылдықтар өз кезегімен өтіп жатты, Ертіс өңірінде тұрып жатқан түрлі тайпалардың мәдениеті өзгеріп отырды. Бұнда қимақтар, үйсіндер, қаңлылар, наймандар көшіп жүрді.



Тапсырма: 2. Мәтінді көшіріп алып, түбір сөздердің астын сыз. 3. Қай сөз табына жататынын сұрақ қою арқылы ажырат. 4. Жұрнақ пен жалғауды қалай айырасың, бір-бірінен ерекшелігі неде? Мәтіннен мысал арқылы дәлелде. 5. Өз ауылыңның (аудан, қала) тарихи атауына байланысты мағлұмат жина.

2-жаттығу. 1. Баянауыл өңірінен шыққан қандай атақты адамдарды білесің? Олар неліктен танымал? Мәтінді мәнерлеп оқы.

Каталог: files -> loader
loader -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
loader -> №23 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
loader -> Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сандықтас қонысы көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған
loader -> Сабақтың тақырыбы: Абай шаңырағы Сабақтың мақсаты
loader -> Рассказ. Б. Комеков, С. Утениязов. «Шокан Уалиханов». Рассказ. Ж. Касымбаев. «Абылай хан»
loader -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ақын өмірбаянымен
loader -> Ануарбек Дуйсенбиев «Зима в лесу»
loader -> Қарағанды тарландары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет