1 сәуір күлкі күніне байланысты өткізілген «Мен Алдармын, Алдармын» байқауының сценарийі Айпейсова Нұрипа



Дата31.01.2018
өлшемі45,94 Kb.
#36542
1 сәуір күлкі күніне байланысты өткізілген «Мен Алдармын, Алдармын» байқауының сценарийі

Айпейсова Нұрипа

Қызылорда облысы

Шиелі ауданы

228 Ш. Бәкіров атындағы орта мектеп



Жүргізуші. Армысыздар, құрметті көрермен қауым! Бүгінгі күн сіздерге мерекелік көңіл - күй тілей отырып, 1- сәуір күлкі күні мерекесіне арналып өткелі отырған «Мен Алдармын, Алдармын» байқауын тамашалауға шақырамыз.

Байқаудың мақсаты: Қазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан даналығы мен терең саналығын бойына дарытқан жігіттердің табиғат берген дарындылығын , қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері Алдар көсенің , ақылды айлакердің, зерделі қудың жиынтық бейнесін, ұлттық салт-дәстүрді, тіліміз бен дінімізді өскелең ұрпаққа насихаттау .

Бүгінгі байқауымыздың қатысушыларын ортаға шақырайық.



  1. «№228 Ш. Бәкіров атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі атынан Абуов Ринат.

  2. «Ботабай акылдық клубы» атынан Бектұрғанов Өмірсерік

Байқауды ашып, қатысушыларымызға сәттілік тілеу үшін ауыл әкімі Насибеков Дәурен ағайға сөз береміз.

Ән:

Әділдікпен баға берер аруға

Әділдікпен қара қылды жаруға

Алқасын қазылардың біз сайлайық

Ақ аруды талдап бүгін алуға - деп бүгінгі сайысымызға баға берер қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Қазылар алқасының төрағасы: кәсіпкер Сейтқұлов Жолдас

Мүшелері: Әйелдер кеңесінің төрайымы Қожахметова Рахия

Ардагер ұстаз Ерсайынова Ақжарқын

Бүгінгі байқауда жігіттеріміз мына бөлім шарттары бойынша сынға түседі:

І бөлім: «Мен Алдармын, Алдармын» Алдар көсенің өлеңін айту

ІІ бөлім: Алдардың іс- әрекетінен видеоролик көрсету (Қатысушының өзі Алдардың рөлін ойнайды)

ІІІ бөлім: Халықтың көңілін көтеру, күлдіру (Ойын арқылы немесе әзіл айту арқылы)



Ән:
Алдаркөсе — қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері, ақылды айлакердің, зерделі қудың жиынтық бейнесі. Алдаркөсе өзінің асқан айлакерлігі арқылы мұратына жетіп отырады. Оның мақсаты – сараң байды, пайдакүнем саудагерді, озбыр ханды, т.б. әжуа ету. Мысалы, ол асқан сараңдығы үшін халық Шықбермес Шығайбай атаған байдың асын ішіп, атын мініп, қызын алады; алыпсатар саудагердің алдынан өгіздерін айдап кетеді; оның бұл әрекетін халық айыптамайды, қайта құптап, қошеметтеп отырады. Өйткені, Алдаркөсе әділетсіз билік иелерінен қиянат, қорлық көрген қарапайым халықтың өкілі. Олай болса, кезекті І бөлімге берейік. «Мен Алдармын, Алдармын»

  1. «№228 Ш. Бәкіров атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі атынан Абуов Ринат.

  2. «Ботабай акылдық клубы» атынан Бектұрғанов Өмірсерік

Жүргізуші: Алдар көсе қандай кейіпкер?! Жақсы ма, жаман ба? Қу ма, алаяқ па? Әдебиет тарихына тағы бір үңгіп көрейікші. Білуімізше, «Алдар көсе – қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері, ақылды айлакердің, зерделі қудың жиынтық бейнесі.   Алдар көсе өзінің асқан айлакерлігі арқылы мұратына жетіп отырады.

Әдебиеттегі Алдар көсенің әрекетін халық айыптамайды, керісінше, оны құптап, қошеметтеп отырады. Оның себебі, Алдар әділетсіз билік иелерінен қиянат, қорлық көрген қарап айым халықтың өкілі болғандығы. 

Бүгінде қазақ балаларының көбі «Ал­дар көсе» мультфильмін көреді. Тілі шыққан кіп-кіш­­кентай сәбилердің өзі «Алдар көсе» бас­та­ла­­ды десе, елең ете қалады. Өйткені Ал­­­дар­ көседен басқа көретін кейіпкер де, қазақша му­льт­фильм де жоқтың қасы. Олай болса, қазір ІІ бөлім, біздің жігіттеріміздің Алдаркөсе бейнесіне еніп жасаған шағын бейнероликтерін тамашалайық.


  1. «№228 Ш. Бәкіров атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі атынан Абуов Ринат. « Алдаркөсе мен мақтаншақ бай.»

  2. «Ботабай акылдық клубы» атынан Бектұрғанов Өмірсерік

Ән:

Жүргізуші: Алдар көсе қазаққа ғана тән образ емес. Ол түркітілдес халықтарының көбісіне ортақ. Тіп­ті оның өмірде болғандығын, қай ғасырда өмір сүргендігі туралы нақты деректер жоқ. Оның бәрі ауыз әдебиеті арқылы ұрпақтан - ұр­паққа жетіп отырды. Алдар көсе туралы әң­гімелердің көбі аңызға құралған. Мүмкін, қу­лығымен байларды алдап, әлдінің әлсізге жасаған қиянатын қайтарған жандардың да бей­несі Алдар көсе образына айналып кеткен де шығар. Сондай өзі Алдаркөсе болмаса да Алдардың бейнесін сомдап жатқан жігіттеріміз сіздерге әзіл әңгіме айтып береді. Олай болса байқауымыздың ІІІ бөлімін бастайық.

  1. «№228 Ш. Бәкіров атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі атынан Абуов Ринат. « Алдаркөсе мен мақтаншақ бай.»

  2. «Ботабай акылдық клубы» атынан Бектұрғанов Өмірсерік

Ән:

Жүргізуші: Халқымыздың ежелгі үрдісі бар,

Адастырмас оң жолдан үлгісі бар.

Үлкен сыйлау ұққанға соның бәрін,

Зердерлі ол, зейінді келіп сынар - дей келе қазылар алқасының қорытындысын тыңдайық.

Жүргізуші: Көрген мен көрмегенде көп парық бар,

Болмайды жігіт жақсы сыннан өтпей.

Үлкенге, кішіге де ілтипат қыл,

Жатырқап еш адамды сыртқа теппей.

Ғибрат ал жақсылықтан жақын жүріп,

Аулақ қаш жамандықтан сырттан шеттей.

Орынсыз батырлыққа арандама,

Әр істің мазмұнына көзің жетпей.

Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас,

Адамға бірлік керек болса жолдас.

Бірінің айтқанына бірі көнбей,

Істеген бәтуасіз ісің оңбас.

Сабырмен сабақ алып дәуірлерден,

Сабырын сары алтыннан тәуір көрген.

Қазақта мақтансын деп,

Қазаққа мақтансын деп жер бермеген,



Жерінің кеңдігіндей сабыр берген.
Құрметті көрермендер! Бүгінгі «Мен Алдармын, Алдармын» байқауы өз мәресіне жетті. Әрқашанда құшақтарыңыз гүлге, көңілдеріңіз шаттыққа толы болсын - дей отырып бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.

Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет