1. Шешулері кітап,қалам,дәптер



Дата25.12.2016
өлшемі126,98 Kb.
#4443
1.
Шешулері кітап,қалам,дәптер болатын жұмбақтар құрастырып көр.
___________________________________________________________
2.
Шешулері тіс,елеуіш, аспан болатын жұмбақтар құрастырып көр.

__________________________________________________________
3.

Жаңылтпаштарды жаттап алып,жаңылмай айт.
Шалабай саба пісті,

Шамалап шала пісті.
Құжынап тұр қанша алма,

Таусылмайды қанша алса.

___________________________________________________________
4.

Өлеңге сай ырғақ таңдап алып,жатқа айт.Халық жырларының қайсысы екенін ата.

Әлди,әлди,ақ бөпем,

Ақ бесікте жат,бөпем.

Жылама бөпем,жылама,

Жілік шағып берейін,

Байқұтанның құйрығын

Жіпке тағып берейін.

___________________________________________________________
5.

«Бетегеден биік,жусаннан аласа» деген нақылдың шығарманың

қай түріне /мақал, мәтел/ жататынын айт және өз пікіріңді

дәлелдеп көр.

6.



«Төртеу түгел болса төбедегіні алады,алтау ала болса ауыздағы кетеді» деген нақылдың шығарманың қай түріне /мақал,мәтел/ жататынын айт және пікіріңді дәлелдеп көр.
___________________________________________________________
7.

«Біз қазақ деген мал баққан елміз,бірақ ешкімге соқтықпай,жай жатқан елміз.Елімізден құт-береке қашпасын деп,жеріміздің шетін жау баспасын деп,найзаға үкі таққан елміз...» деген жолдар кімнің сөздері екенін есіңе түсір және жатқа айт.

___________________________________________________________
8.

«Бақ дегеніміз не? Байлық дегеніміз не? Бала дегеніміз не? деген сұрақтарға Төле бидің қалай деп жауап бергенін есіңе түсіріп көр.

___________________________________________________________


9.

Төмендегі өлең жолдары кімнің сөздері екенін есіңе түсір және мәнерлеп оқы.



«Ағасы келсе,ардақтап атын байлағандай,

Қонағы келсе,құрметтеп жайлағандай,

Тындырымды інісі болса,

Қанат-құйрығы сай болып,

Көңілі жай болып,

Ағаның алар тынысы болса,

Інінің міндеті – басқару,

Ағаның реті – бас бағу емес пе?»

___________________________________________________________
10.

Төмендегі мәтіннің шығарманың қай түріне /мақал, мәтел, шешендік сөз,нақыл сөз / жататынын айт.Мағынасын түсіндір.



Қас жақсының белгісі-

Әрі мырза,әрі құл.

Қас жаманның белгісі-

Өз үйінде өзі пұл.

11.

Төмендегі жырдан үзіндіні мән бере оқы.Сұлу қыздың сырт пішіні,кескін-келбетін көрсетіп тұрған теңеу сөздерді ата.

Бет ажарын қарасаң,

Жазғы түскен сағымдай.

Ет ажарын қарасаң,

Қабығынан айырған

Арпа,бидай,ақ ұндай.

Қасы жайдай керілген,

Кірпігі оқтай тізілген.

_________________________________________________________
12.

Мәтінді жаттап ал.Мәтіннің шығарманың қай түріне /мақал-мәтел, нақыл сөз/ жататынын айт.



Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,

Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Өзің білмесең білгендерден үйрен,

Үйренгеннен ештеңең кетпейді.

___________________________________________________________
13.

Өлеңді мәнерлеп оқы.Берілген шумақтың неше тармақтан

тұратынын айт.

Тарихтан белгілі

Мен оны қайталап жатпаймын.

Қуантқан жарлыны,шерліні

Отаным Қазақстанды

Әрқашан мақтаймын.

___________________________________________________________
14.

Берілген сұрақтарға жауап бере отырып,әңгіме құрастырып жаз. Әңгімеге тақырып қой.

а/ Сенің досың кім?

ә/ Бос уақытыңды қалай өткізесің?

б/ Саған досыңның қандай мінезі ерекше ұнайды?

в/ Достық жөнінде қандай мақал-мәтел білесің?

15.

«Бірінші қыркүйек» тақырыбына мына ұйқастарды пайдаланып,өлең құрастырып көр:

«балалар – қараңдар»,

«күз кепті – құс кетті»,

«мектебім – мекенім»,

«пісіпті – түсіпті».

___________________________________________________________
16.

Өлең шумағын жатқа айт және ақын қолданып отырған көркем сөздерді ата.

Таңғы тұнық ауада,

Шөп басына шық тұрған.

Балықшы отыр жағада,

Суға қармақ бұқтырған.

___________________________________________________________
17.

Өлеңді жаттап ал. Өлеңдегі теңеу сөздерді ата.

Бидай,тарым маржандай,

Суым бейне нарзандай.

Жылқыларым құландай,

Құлындарым құнандай.

Сұлу біткен бедері

Қорғасыннан құйғандай,

Кең бір кілем жайғандай.

___________________________________________________________
18.

Өлеңді жаттап ал.Адамға тән қимылды білдіріп тұрған сөздерді теріп айт.



Қайың

Қайғылы қайың!

Аяныш жайың.

Сыбырлайсың,

Дірілдейсің,

Еңкейесің,

Күбірлейсің

Ызғарлы жел

Соққан сайын.

19.



Төле би неліктен «Қарлығаш әулие» атанған?

Төле бидің шешендік сөздерін жинастыр.

___________________________________________________________
20.

«Қатты адамға мал тұрса,шөп шықпайтын тақыр-дағы» дегеннің мәнін түсіндір.Сырым осы сөзі арқылы не айтқысы келді?

___________________________________________________________
21.

Асан қайғы болған жерлердің аттарын және олардың

Қазақстанның қай тұсында орналасқанын айт.

_________________________________________________________
22.

Алдар мен Шығайбайдың қылықтарына өз көзқарасыңды білдір. Екеуіне жеке-жеке мінездеме жаз.

___________________________________________________________
23.

Төрт түлікке және олардың төлдеріне байланысты қалаған тақырыбыңа өлең, әңгіме құрастырып көр.Мысалы: «Менің ботам», «Менің құлыншағым» т.б.
__________________________________________________________
24.
«Талабы жоқ жас – қанаты жоқ құс» деген мақалды қалай

түсінесің. Шағын әңгіме құрастыр.

25.


«Қабағынан қар жауып,кірпігіне мұз тоңып» тіркесін басқа сөздермен алмастырып көр. Мағынасын түсіндір.
___________________________________________________________
26.

1. Айтыстың қандай түрлері бар.Қыз бен жігіт айтысына

мысал келтір.

2. Қазіргі айтыс бен бұрынғы айтыстың айырмашылығы неде?

___________________________________________________________
27.

1. Достық туралы қандай мақал-мәтел білесің?

2. Достықтың қандай түрлері болады?

___________________________________________
28.


  1. «Абылай заманы –қазақ батырларының заманы» деген жолды түсіндіріп көр.Мысал келтір.

  2. Абылай ханның ақылшысы болған қай жырау?

__________________________________________
29.
Қабанбай батырдың ерлігі туралы қандай аңыз, әңгіме

естідің?

___________________________________________________________
30.

Бұқар жыраудың өлеңінде қандай батырлардың аттары

аталған?

31.



Күз мезгіліндегі адамдар атқаратын жұмыстарды атап бер.

Күздің жылдың басқа мезгілдерден айырмашылығы неде?

___________________________________________________________
32.

Бақша мен баудың ұқсастығы неде,айырмашылығы неде?

Бақша мен баудың өсімдіктерінің аттарын ата.

___________________________________________________________
33.

1. Ыбырай Алтынсаринның бұдан басқа қандай шығармаларын

білесіңдер?

  1. «Сәулелі жұлдыз іздеген адам» әңгімесінің негізгі идеясы

неде?
___________________________________________________________
34.

1. Шоқан Уалиханов жөнінде қандай кітап оқыдың,қандай

кино көрдің?

  1. Шоқан кім болған?



________________________________________________________
35.

1. Жаяу Мұсаның шын аты кім?

2. Оның қандай әндерін естідің?


___________________________________________________________
36.

1. Құрманғазы Сағырбаев пен Дина Нүрпейісованың қандай

күйлерін білесің?

2.Құрманғазының Динаға үйреткен күйінің атын ата.
37.

1. Қаныш Сатпаев кім,қандай маман иесі болған?

2. Мәтін бойынша жас Қанышқа мінездеме бер.

___________________________________________________________
38.

  1. Амангелді Иманов туралы не білесің?

  2. Амангелдінің батыр болуына әсер еткен жағдайларды ата.


___________________________________________________________

39.



  1. Ш.Мұртазаның Т.Рысқұлов туралы жазған шығармасы

қалай аталады?

  1. Мәтінге сүйеніп Рысқұловқа мінездеме бер.



__________________________________________________________
40.

1. Мәншүк қатысқан соғыс қай жылдар аралығында болған

және қалай аталған?

  1. Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова туралы тағы қай жерден оқыдың?


___________________________________________________________
41.

  1. Әлия Молдағұлова туралы қандай кітап оқыдың?

  2. Әлияға мінездеме бер.


___________________________________________________________
42

1.Қажымұқанның шын аты-жөні кім ?

2.Көз алдыңа елестете отырып Қажымұқанның портретін

жаса.

43



1. Туған жер және туған ел тақырыбына арналған тағы

қандай өлең,жыр,әңгіме білесіңдер?

2. Туған ел,туған жер тақырыбына сай қандай мақал – мәтел

білесің?
___________________________________________________________
44

1.Көкшетау жері туралы өзің не білесің?

2. «Көкшетау» өлеңінен бейнелі,теңеу сөздер тап.

___________________________________________________________
45.

1. Атом бомбасы туралы не білесің?

2.Жарылыстан кейінгі табиғат көрінісін суреттеп бер.

___________________________________________________________
46.

1. Ақынның туған жеріне деген ыстық сезімін,сағынышын

қара сөзбен әңгімелеп бер.

2. Өлеңдегі теңеуді және нәрсенің айрықша сипатын

анықтайтын бейнелі сөздерді тауып көр.
___________________________________________________________
47.

1. «Аппақ қардан омбылап,Көктем іздеп келем мен» деген

жолдардағы ақын ойын түсіндіріп бер.

2. Қыс мезгілінің басқа жыл мезгілдерінен айырмашылығы мен

ерекшелігі неде?
___________________________________________________________
48.

1. Өзің тұратын жерде бүлдірген өсе ме? Бүлдірген немесе

жидек терудің қызығы неде?Шағын әңгіме жаз.

2. М.Әуезовтың тағы қандай әңгімесін оқыдың?

49.



1. «Менің Қазақстаным» тақырыбына әңгіме немесе өлең

құрастыр.

2. Ел басынан өткізген қандай ауыр күндерді, сын сағаттарды

білесің?
___________________________________________________________
50.

1. Тілге байланысты қандай нақыл сөздер білесің?

2. «Тілге деген құрмет –елге деген құрмет» деген нақыл сөздің

мағынасын түсіндір.
___________________________________________________________

51.



1. Қара сөздегі надандық,еріншектік,залымдықтан аулақ болу

үшін не істеу керек?

  1. Абай аталарыңның тағы қандай қара сөздерін білесің?


___________________________________________________________
52.

1. «Асыл анам» тақырыбына шағын шығарма жазып көр.

2. Қазақтың қолөнер түрлерінің қайсысын әжең немесе

анаңнан үйрендің?

___________________________________________________________
53.

1. Шығармадағы «ананың махабаты», «толқымайтын жүрек»,

«тасымайтын қан», «сезбейтін сезім» деген сөз тіркестерін

пайдалана отырып,шағын шығарма жаз.

2. «Ана -өмірдің гүлі» тақырыбына өлең шығарып көр.

___________________________________________________________
54.

1. Батаның қандай түрлері бар? Оны қайда айтады?

2. Балаға беретін баталарды қалай атайды?

55.



1. « Нан - өмір» дегенді қалай түсінесің?

2. Нанның жасалу жолын түсіндір.Үнемділікті қалай

түсінесің?
___________________________________________________________
56.

1.Жағымсыз қылықтардың қатарына нелер жатады?

2.Еріншектікке байланысты қандай мақал – мәтелдер

білесің?
___________________________________________________________
57.

1. Компасты не үшін пайдаланады? Оның пайдасы туралы не

айтасың?

2.Ұрлық дегеніміз не? Оның арты неге апарып соғады?

58.



  1. Жылқыдан алынатын қымыздың денсаулыққа қандай пайдасы бар?

  2. Жылқышының еңбегін көрген болсаң, қалай бағалар едің?



_________________________________________________________
59.

  1. Төрт түліктің төлдеріне арналған қандай өлең, жырлар

білесің?

  1. Түлік туралы қандай мақал –мәтелдер білесің?


___________________________________________________________
60.
1. Саған мамандықтың қандай түрі ұнайды? Несімен ұнайды?

2. Болашақта кім болғың келеді?

61.



1. Қолғабыс ету дегенді қалай түсіндірер едің?

2. Ата – анаң үшін сенің қандай әрекетің қуаныш,қандай

әрекетің реніш туғызады деп ойлайсың?

___________________________________________________________
62.

  1. Көктем кезінде тойланатын мерекелерді ата.

  2. Наурыз мерекесінің тойлануының ерекшелігі неде?



__________________________________________________________
63.

  1. Қазақша жыл атауларына байланысты қандай әңгіме,ертегі

білесің?

  1. Өзің,ата-анаң,бауырларың қай жылы туылған?



_________________________________________________________
64.

1.Көктемде болатын табиғаттағы, жануарлардағы

өзгерістерді ата.

  1. Көктем мезгіліндегі еңбек түрлерін және олардың маңызын

айт.
_________________________________________________________
65.

  1. Жаз мезгіліндегі табиғат көрінісін суреттеп бер.

  2. Бұл мезгілдің басқа мезгілдерден ерекшелігі мен айырмашылығы неде?


___________________________________________________________

66.



  1. Гүлдердің қандай түрлерін білесің?Өзің қандай түрін

өсіресің?

  1. Гүлге байланысты қандай мақал – мәтел білесің?

67.



  1. «Талай өткен ғасырлар Еш соғыссыз өтпеген» деген жолдарды өрбітіп көр.

  2. Бейбітшілік пен достық тақырыбына шағын әңгіме жаз.


___________________________________________________________
68.

1. Ш.Айтматовтың қандай әңгімесін оқыдың?

2. Атадан қалған тұяқ деген сөздің мағынасын қалай түсінесің?


_________________________________________________________
69.

  1. «Кім болғым келеді?» деген сұраққа жауап іздеп көр.

  2. Өзіңнің алға қойған мақсатыңа жету үшін не істейсің?


__________________________________________________________
70.

1.Санамақтың қандай түрлерін білесің?

2.Баланың ақыл – ойын дамыту үшін санамақтың маңызы

қандай?


___________________________________________________________
71.

  1. Ойдан қиял-ғажайып әңгімелер құрастырып көр.

  2. Олардың өмірде жүзеге асқаны бар ма?



___________________________________________________________
72.

1.Мауглиге ұқсас әңгіме құрап көр.

2.Жан-жануарлардың адамға қандай пайдасы бар деп ойлайсың?
Каталог: uploads -> doc -> 0443
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0443 -> Сабақтың тақырыбы: «Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы»
0443 -> Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет