1-сынып Мазмұны Тілдік мақсаттар туралы 8



бет1/9
Дата04.07.2018
өлшемі232,87 Kb.
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


«Көркем еңбек» пәні бойынша оқу жоспары
(орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында)
1-сынып

Мазмұны


Тілдік мақсаттар туралы 8

1 А-бөлім: Өзім туралы 10

2 А-бөлім: Менің мектебім 19

3В-бөлім: Менің отбасым және достарым 26

4 В-бөлім: Бізді қоршаған әлем 33

5 С-бөлім: Саяхат 40

6 С-бөлім: Салт-дәстүр және фольклор 46

7D-бөлім: Жемістер мен көкөністер 52

8D-бөлім: Дені саудың – жаны сау 59

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 64

Мектеп: 64

Күні: 64


Мұғалімнің аты-жөні: 64

Сынып: 64

Қатысқандар саны: 64

Қатыспағандар саны: 64



Сабақ тақырыбы 64

Тілдік мақсаттар туралы 7

Орта мерзімді жоспарлар 9

1-бөлім: Өзім туралы 9

2-бөлім: Менің мектебім 17

3-бөлім: Менің отбасым және достарым 24

4-бөлім: Бізді қоршаған әлем 32

5-бөлім: Саяхат 38

6-бөлім: Салт-дәстүр және фольклор 44

7-бөлім: Жемістер мен көкөністер 50

8-бөлім: Дені саудың – жаны сау 56

Қысқа мерзімді жоспар 62

Сабақ жоспары
Пән: Көркем еңбек

1-сынып


1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан


4-тоқсан


1-бөлім – Өзім туралы



  • Сурет, фотосуреттер және т.б. арқылы өзі туралы білімін жетілдіру.

  • Қоршаған әлемнің ерекшеліктері туралы идеяларын түсіну және ұсыну.

  • Өзіне қатысты суреттер мен ұнататын бұйымдарды таңдау және жинау.

  • Таңбалар мен сызықтарды салу және зерделеу.

  • Өзі туралы идеясын түстер мен пішіндер арқылы білдіру, қол, саусақ және көркем құралдар көмегімен тәжірибе жасау.

  • Жұмыс барысында туындаған ойлары мен сезімдерін сипаттау және өз идеяларын басқалармен бөлісу.

  • Түрлі материал және құралдардың көмегімен жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақтау.





3-бөлім – Менің отбасым және достарым


  • Өз жұмысын жасау үшін адам мен жануарлар бейнесін салу тәсілдерін зерделеу.

  • Бет әлпеттің ерекшеліктерін анықтау және ауызша сипаттай білу.

  • Бояулар мен борларды пайдалана отырып, сезімдерді, бейнелерді, мимика ерекшеліктерін көрсете білу.

  • Негізгі және қосымша түстерді араластыру арқылы керекті реңктерді жасай білу.

  • Шығармашылық жұмыстар жасау үшін түс пен реңкті айыра бастау және оларды пайдалана білу.

  • Түрлі материал және құралдардың көмегімен жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақтау.





5-бөлім – Саяхат



  • Визуальды материалдар негізінде (фильмдер, суреттер және т.б.) «Саяхат» тақырыбы бойынша шығармашылық жұмыс жасау үшін идеяларды дамыту.

  • Қарапайым тәсілдермен материалдарды және компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, пішінін келтіру, жинақтау, қосу және біріктіре алу.

  • Жеке бақылау негізінде сурет салуда нақты дәлдікті көрсете отырып, «Саяхат» тақырыбына байланысты идеяларды көрсету және талқылау.

  • Талқылау және сұрақтар қою.

  • Әр түрлі материалдар мен құралдар арқылы (түрлі түсті қағаз, қатырма қағаз, бор, бояулар, қылқаламдар) тәжірибе жасау.

  • Шығармашылық жұмысты жасау үшін визуалды элементтерді (сызық, пішін, түс) тану және пайдалану.

  • Өз жұмысының ерекшеліктері туралы қарапайым тілмен сипаттау.

  • Түрлі материал және құралдардың көмегімен жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақтау.





7-бөлім – Жемістер мен көкөністер


  • «Жеміс пен көкөніс» тақырыбы бойынша аппликация жасау үшін идеяларды дамыту.

  • Тоқыма бұйымдар жасау үшін құралдар мен материалдарды, тоқыма бұйымдардағы түрлі оюларды зерделеу.

  • Үлгілермен жұмыс істеу дағдаларын дамыту.

  • Тоқыма бұйымдарының суретін салу үшін альбомды пайдалану.

  • Қарапайым тәсілдер арқылы материалдар мен компоненттерді құрамдастыру, өлшеу, жинау, қосу, пішінге келтіру.

  • Жұмысты аяқтай білу.

  • Өз жұмысына қарапайым талдау жасау.

  • Түрлі материал және құралдардың көмегімен жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақтау.


2-бөлім – Менің мектебім


  • Сурет, фотосуреттер және т.б. жасау арқылы мектеп пәндерін оқу.

  • Өзінің және басқалардың жұмысына қарапайым талдау жасау.

  • Керекті құралдарды пайдалана отырып, өз идеяларын көркем жұмыстар арқылы жеткізе білу.

  • Мектеп ортасына қатысты заттардың бедерін зерделеу. Бейнелеу мен қолданбалы өнерде қайталау элементтерін (ырғақ) табу.

  • Өз жұмыстарында бейнеленген идеяларды сипаттау, сыныптастарымен бөлісу.

  • Түрлі материал және құралдардың көмегімен жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақтау.





4-бөлім – Бізді қоршаған әлем


  • Екі өлшемді (тегіс) және үш өлшемді (көлемді) кеңістіктердегі табиғатты бейнелеу үшін көркем техникаларды зерделеу.

  • Сурет, нобай арқылы табиғат құбылыстарының (ауа райы, климат және т.б.) ерекшеліктерін жеткізе отырып, байқампаздық дағдыларды дамыту.

  • Шығармашылық жұмысты орындау үшін туған өлкенің табиғатын зерттеу.

  • Аралас техникадағы көркем жұмыстарды жасау үшін түрлі материалдарды зерделеу.

  • Түрлі жұмыстарға шолу және түсінік беру

  • Әр түрлі материалдар мен құралдарды пайдаланғанда қауіпсіздік ережесін сақтау.


6-бөлім – Салт-дәстүрлер және фольклор

  • Түрлі материалдарды пайдалана отырып, музыкалық аспаптарды құрастыру және жасау үшін идеяларын дамыту.

  • Қарапайым музыкалық аспапты жасау.

  • Материалдарды үйлестіру, біріктіру, жинақтау және өлшеуді білу.

  • Көркем жұмыстарды жасау үшін сәндік-қолданбалы өнердің қарапайым техникаларын қолдана білу.

  • Өз жұмысын сипаттау.

  • Бөлімдегі тақырыптарды зерделеу үшін музыка және иллюстрацияланған әңгімелер жинағын пайдалану.

  • Қойылым барысында жасалған музыкалық аспаптардың дыбыстарын көрсету.

  • Түрлі материал және құралдардың көмегімен жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақтау.





8-бөлім – Дені саудың – жаны сау


  • Сурет, фотосурет немесе бейнефильмдердің негізінде қозғалыстағы адамдардың қимылдарын талқылау.

  • Көлеңкелі театрдың кейіпкерлерін жасау үшін, адамдар мен жануарлардың сұлбасының нобайларын жасау.

  • Адамдар мен жануарлардың дене сұлбасын дайындау барысында түсті, бедерді және пішіндерді зерделеу.

  • Аралас техникалар арқылы жұмыс жасап, түрлі қағаздар және маталармен тәжірибе жүргізу.

  • Өз жұмысын жақсарту барысында сәндік қолданбалы өнердің алуан түрлерін пайдалану

  • Түрлі материал және құралдардың көмегімен жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақтау.



Ескертпелер:

Бөлім – жалпы тақырыпқа негізделген бірнеше сабақтан тұрады.


Тақырыптар ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарларда қарастырылған әрекеттер барлық пәндер мәнмәтінде зерделенетіндей құрастырылған. Әр тоқсанда екі тақырып берілген. Тоқсанда әр тақырыпқа бірдей уақыт бөлінген.


  • «Көркем еңбек» пәні бастауыш мектептің кез келген кезеңінде басқа пәндермен тығыз пәнаралық байланыстыра оқытылуын қарастырады.

  • Барлық бөлімдерде шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамытуға жәрдемдесетін бақылау, зерттеу, тәжірибе жасау, үлгілеу, жоспарлау және дайындау дағдыларын қоса алғанда, практикалық дағдыларды қалыптастыруға және дамытуға ерекше назар аударылады.

  • Бөлімдернің мазмұны қазақ, орыс және әлем мәдениетінің бейнелеу, сәндік қолданбалы өнері және дизайн мысалдарымен көрсетілген. Олар басқа мәдениет, суретшілер мен қолөнер шеберлерінің көркем туындыларынан алынған мысалдармен толықтырылады.

  • Жобаны орындау кезінде оқушылар ұғымдарды зерделеуі, осы ұғымдарды қолданатын практикалық дағдыларды игеруге, сондай-ақ олардың жаңа дағдыларын зерделеуге, байқауға және дамытуға уақыттары жеткілікті болуы қажет.Тиісті терминология мен ескертулер білім алуды қолдау үшін үнемі пайдаланылуы тиіс, бірақ олар білім игерудің табиғи үдерісінің бір бөлігі ретінде ғана көрінеді.

  • Мұғалімнің тапсырманы модельдеу үлгісін өзі көрсетуі маңызды. Мұғалімнің үдерістер мен әдістерді (кейде оқушыларды қатыстырумен) көрсетуі, оқушылардың пән мазмұнын түсінуіне және ойлау қабілетін дамытуға ықпал етеді. Кезеңдерге бөліп түсіндіру оқушыларға барынша тәуелсіз болуға және зерттеу мен тәуекелдерді қабылдауға қолдау көрсетеді.

  • Шығармашылық үдеріс шексіз. Идеяларды зерттеу және дамыту, құру және орындау, қайта қарастыру, талдау және бағалау шығармашылық үдерістің кез келген кезеңінде жүзеге асады. Оқушылар практикалық жұмыс арқылы идеяларды зерттей алады. Идеялар оларды жасау мен орындау кезеңінде дамиды.

  • Тұтас бөлімде де, жеке сабақтар кезінде де тұрақты іске асып отыратын, жалғасатын үдеріс шолу, талдау және бағалау болып табылады. Жекелеген оқушылардың ойлары мен пікірлері талқылау барысында жазылып алуы мүмкін. Мұғалім, қажет жағдайда, барлық орындалған жұмыстарға, сондай-ақ ресми/бейресми көрме түрінде барлық жұмыстарға шолу жасау және таныстыру үшін оқушыларға қосымша уақыт бөледі.

  • Оқушылар альбом пайдаланады. Сондай-ақ олар шығармашылық жұмыстарының портфолиосын жинақтауы керек. Бұл үшін 2D форматында (жазық) әр түрлі жұмыстарды пайдалануға болады. Электрондық портфолио жинақтау ұсынылады. Олар оқушылардың ұзақ уақыт бойғы жетістіктері мен тәжірибесін көрсететін 3D, фотосуреттер мен бейнежазбаларды қамтиды.

  • Оқушылардың нәтижелерін жақсарту үшін жаңа идеялармен тәжірибелер жүргізу, оларды дамыту, түрлі әдістерді қолдану үшін мұғалім тарапынан икемділік қажет. Өздерінің өткен бөлімдер бойынша жасаған жұмыстарын жылдың басынан тоқсанның соңына дейін шолу жасау мүмкіндігі бар оқушылар игерген үдерістерді, әдістер мен материалдарды өз жұмыстарын жетілдіру үшін пайдалана алады.

  • Жергілікті шығармашыл қоғамдастықтың ресурстарын қолдану мүмкіндігін қарастыру қажет. Мысалы, суретшілер мен дизайншыларды шақыру, көрмелерге және жергілікті көркем галереяға бару, әр түрлі көркем-шығармашылық қызметпен айналысатын ересек балаларды шақыру.

  • Қауіпсіздік ережелерін сақтау мен түсіну әр сабақтың басында және практикалық сабақтар барысында тексеріліп, тәжірибе кезінде бақылануы керек.


С = бүкіл сынып

Т = топтық жұмыс

Ж = жұптық жұмыс

Ө = өздік жұмыс

Т = оқушы тәжірибесі

К = мұғалімнің көрсетуі

Қ = қалыптастырушы (формативті) бағалау

Каталог: files -> npb
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
npb -> Бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында) Бастауыш білім беру
npb -> «Сауат ашу» пәні бойынша оқу жоспары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет