1 тақырып. Дін және дінтану. Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері



Дата23.08.2017
өлшемі173,06 Kb.
#24809
түріСабақ
1 тақырып. Дін және дінтану.
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  1. Оқушыларға дін құбылысын, діндер тарихын, діни ағымдар мен секталар және діни конфессия ұғымдары туралы тың мәліметтер беру, жалпы рухани-адамгершілік қасиеттердің маңызын түсіндіре отырып, олардың білімін қалыптастырып, дамыту.

  2. Оқушылардың аналитикалық ойлау, есте сақтау, теологиялық тұрғыдан ойлауға және сыни көзқарастарын дамытуға ықпал ету.

  3. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, діни-саяси мәдениетке баулу.

Мақсаты: діни сауаттылықтарын қалыптастырып, тұжырымдау дағдыларын дамыту.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: қима-қағаздар, жетондар, трек-сызба, кубик, тақта т.б.

Сабақтың типі: жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.

Әдісі: интерактивті оқыту әдісі.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Жаңа материалды түсіндіру.

Дін

әлемдік өркениеттегі барлық қоғамдық құрылыстарға тән тарихи, саяси-әлеуметтік, дүниетанымдық және психологиялық құбылыс;



Құдай мен адамның арақатынасы, адамның танымынан тыс күштердің барлығын мойындауы және соған илануы.

Дін туралы арнайы ғылымды – дінтану дейміз.



Дінтану ғылымы – дінді ғылыми тұрғыдан тану тәсілдеріне бағыттайды:

Теологиялық

Философиялық-әлеуметтік

Биологиялық

Психологиялық

Этнологиялық

Теология (грек сөзі teos-құдай, logos-ілім) немесе конфессионалдық (грек сөзі konfessio-мойындау, ғибадат қылу; белгілі бір дінді мойындайтын діни бірлестік) адам мен Жаратушының, адам мен тыс күштердің қатынасын зерттейді, дінді оның қағидаларының өзіне сүйеніп негіздейді.

Қоғамдық сана мен дүниетанымының нысаны, діни мәдениет түрінде көрінуі, белгілі бір әлеуметтік қызмет атқаратын құбылыс,

діни идеология, діни мораль тұрғысынан қарастыру, дін және саясат мәселелерін зерттеу.



Ғылым дінді табиғи инстинкт, өмір үшін күрестің құралы деп санайды және «діндарлық генінің» болуы ықтимал деген болжам жасайды.

Қандай дінді алсақ та оның негізінде адамның сезім дүниесі жатыр.

Дін этностардың оқшаулану факторлары-ның бірі болып табылады және этнос мәдениетінің қалыптасуын-да айтулы роль атқарады.


Діни сана құрылымы

діни сенім діни таным діни идеология




Діни ілімді жинақтап, саралау, түсіндіру және тарату, діни идеологияны жасап, орнықтыру



Діни қызмет:



Ілімдік

Ғұрыптық

Діни насихат, діни оқу орындарында білім беру.

Құлшылық жасау, діни мерекелерді атап өту, құлшылық жасайтын ғимараттар тұрғызу, діни ритуалдарды орындау.



Діни бірлестіктер

Діни мекеме (мешіт, шіркеу, синогога және діни оқу орны т.б.)

Секта ( лат. «ойлау тәсілі, ілім, бағыт»)

Деноминация (лат. denomen – «атын өзгерту»)

Орталықтандырылған (бір ортаға бағынатын) құрылымы және төменнен жоғарыға дейінгі басқару жүйесі бар.

Әдетте орнықты діни ілімге оппозициялық ағым, әлеуметтік, дүниетанымдық, ғұрыптық қарсылық түрінде пайда болады, тек өзінің ұстанған жолының дұрыстығына күмәнсіздігімен ерекшеленеді. Секталарға тән нәрсе–өздерінің құдайдың қалаулы адамдары екендігіне берік сенім, оқшауланушылық, ғұрыптарына ерекше беріктік, секта мүшелерінің теңдігін жариялау.

Басқа діни бірлестіктерден бөлініп шығады, не әуелі бастан дербес қалыптасады. Оған тән нәрселер: иланушылардың құдайдың қалаулы пенделері екендігіне деген сенім; оқшаулану міндетті саналмайды; қоғам өміріндегі және діни тұрмыстағы белсенділік; қауымның мүлтіксіз ұйымдық тәртібі; мүшелерінің құқықтық теңдігі және басшыларының сайланбалылығы; дін қызметшілері мен қатардағы құлшылық иелеріне бөлінбеу, сонымен қатар кәсіби ғұрып атқарушыларының болуы.

Мифология–адамдардың өздерін қоршаған орта туралы түсінігін тарихи, өздігінен болды деп сенетін түрлі бейнелер, кейіпкерлер мен оқиғалар арқылы жеткізуі

Бір ғана құбылысқа, жеке бейнеге, бір оқиғаға қатысты болса, ол миф деп аталады


Мазмұнына қарай

мифтер

космогониялық теогониялық астрогониялық

(әлемнің жаратылысы туралы) (құдайлардың п.б.) (планеталар мен жұлдыздар

дың п.б.)

антропогендік этногендік эсхатологиялық қаһармандық

(адамның п.б.) (рулар мен тайпалардың п.б.) (ақырзаман, топан суы туралы)



III. Сабақты қорытындылау.

  1. Дін дегенді қалай түсінесіңдер? Өз пікірлеріңді айтып беріңдер.

  2. Діннің не екенін ғылым қалай түсіндіреді?

  3. Діннің құрылымын түсіндіріңдер.

  4. Діни бірлестіктер туралы не білесіңдер?

  5. Дін мен мифтің бірлігі және айырмашылығы неде?

IV. Жеке оқушыларға озық тапсырма беру § 2.

V. Үйге тапсырма.

§ 1 оқу, талдау.



2 тақырып. Діннің қалыптасуы мен ежелгі формалары.
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  1. Оқушыларға ежелгі діни нанымдар туралы тың мәліметтер беру, жалпы рухани-адамгершілік қасиеттердің маңызын түсіндіру.

  2. Оқушылардың аналитикалық ойлау, есте сақтау, теологиялық тұрғыдан ойлау және сыни көзқарастарын дамытуға ықпал ету .

  3. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық тәрбие беру, діни–саяси мәдениетке баулу.

Мақсаты: діни сауаттылықтарын қалыптастыру, тұжырымдау дағдыларын дамыту, жүйелі ойлау қабілеттерін жетілдіру.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: қима-қағаздар, жетондар, трек-сызба, кубик, тақта т.б.

Сабақтың типі: жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.

Әдісі: интерактивті оқыту әдісі.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Жаңа материалды түсіндіру.
Бүгінгі ғылымда діннің пайда болуы туралы екі теория бар.


«прамонотеизм» адамзат тарихындағы «дінге дейінгі кезең»

  • «Прамонотеизм» концепциясы әлемдегі халықтар мен тайпалар әуелгі баста бір құдайға иланған, көпқұдайлық кейін пайда болды деген тұжырымға негізделеді.

  • «Дінге дейінгі кезең» теориясы алғашқы қауымдық құрылыста ешқандай дін болған емес деген қағидаға сүйенеді.

Көне діндердің пайда болуы мен эволюциялануы мәселесіне бірнеше ғылыми көзқарас бар:

  • Эволюциялық көзқарас (Ч.Дарвиннің «Түрлердің шығуы» теориясы, 1859ж.)

  • Әлеуметтік көзқарас (Огюст Конттың теориясы: дін–адамның рухани даму жолының алғашқы сатысы)

  • Анимистік теория (Э.Б. Тайлор)

  • Функционалдық көзқарас (авторы–К.Маркс дін қоғамдық қатынастар жүйесінің бөлігі ретінде пайда болды деген тұжырымға келеді)

Ғылымда діннің көне наным нысандары бар:

Фетишизм (португал сөзі «ерекше қасиеті бар зат»).

Тотемизм (солт.Америка үндістерінің сөзі «оның тегі»).

Анимизм (лат. animus-жан, рух).

Магия (сиқыр, аяр, жады).

Жансыз заттардың табиғаттан тыс қасиетіне, олардың магиялық қуатына деген сенім. Ф. пұтқа табынудан, бойтұмар тағынудан айқын көрінеді. Бұл заттарда рухтардың, аруақтардың, тотемдердің қуаты бар деп саналады. Яғни, бұл өмірдегі күнделікті заттар құдіреттің символына айналдырылады. Осыдан о дүние туралы, табиғаттан тыс күштер туралы сенім қалыптасады.

Т.құбылысын зерттеген ғалым-дін социологиясының негізін салушы Э.Дюркгейм діннің көне наным нысандары және олардың бертінгі көріністері әлеуметтік интеграция факторы болып табылады деген тұжырым жасайды. Тотем белгілі бір әлеуметтік топ үшін оның генеологиялық бастауы әрі желеп-жебеушісі, рәміз әрі ең басты құндылық. Сондықтан ол (құс, аң н/е өсімдік) құлшылық объектісі, осымен бірге сол топты біріктіруші, рулық, тайпалық тұтастығын сақтаушы. Көне заманда тотем зооантропоморфты (адам және хайуан кескінді) бейнеленіп келді. Біртіндеп реинкарнация, яғни адамның өлген соң тотем бейнесінде дүниеге қайта оралуы туралы ұғым қалыптасты. Осыдан тотемдік жануарды, өсімдікті т.б. өздерінің бұрынғы ата-баба аруағы санап, оларды асқа пайдаланбау, ерекше қадірлеу салты орнықты.

А. Жан мен рухты тірі және өлі табиғаттың сезіммен қабылданатын барлық заттары мен құбылыстарында жасырынып жататын, оларды басқарып отыратын жаратылыстан тыс күш деп санайды. Анимистік ұғымда егер жан жеке затпен яки оның бір бөлігімен байланысты болса, онда рух дербес тіршілік етеді, белгілі бір затқа дари алады. А.- алғашқы қауымдық құрылыста пайда болған құбылыс. Мұнда дуализм мен антропоморфизм негізге алынған. Әлем бұ дүние және о дүние болып бөлінеді. О дүниеде рухтар мекен етеді. Бастапқы бұл рухтар осы дүниедегі қасиеттердің бәріне ие болып келген. Бертін келе рух, жан дегендер материалдық емес денелер ұғым орныққан.

Жаратылыстан тыс күш шақыратын тұтастай ғұрыптар жүйесін құрайтын көнедегі нанымдардың бірі –магия немесе тылсым д.а. Магияның тарихи және дүниетанымдық эволюциясын зерттеген Дж.Фрезер. «Алтын бұтақ» еңбегінде магияны көне дін емес, қарапайым ойлау тәсілі, наным деген тұжырым жасайды. Магия жоғалған жерде дін пайда бола бастайды;

Леви-Брюль адамның ой келбеті, әсіресе қауымдық құрылыс кезінде, логикалық және пралогикалық деген екі бөліктен тұрады, 1-сі логикалық ойлау заңдылықтары бойынша, 2-сі кездейсоқ және мүмкін болатын жаратылыс, жаратылыстан тыс күштерге илануға, пралогикалық магиялық ойлаудың тууына негіз болады;

Б.Малиновский «Магия, ғылым және дін» (1926 ж.);

Магияны ғұрыптық тұрғысынан қарастыра келіп, ғалымдар әсер ету тәсіліне қарай: 1)тікелей әсер ету, 2)инициалды(қол жетпейтін объектіге әсер ету), 3)парциалды (тамаққа т.б. нәрселер арқылы әсер ету), 4)имитативті (ұқсас нәрсеге әсер ету); Мақсатына қарай: 1) әскери, 2)кәсіптік, 3)емдік болып бөлінеді.



III. Сабақты қорытындылау.

1. Прамонотеизм теориясының негізі не?

2. Қарапайым діни нанымдар дін бе, дін емес пе?

3. Тотемизм деген не?

4. Фетишизм деген не?

5. Анимизм деген не?

6. Магия деген не?

IV. Жеке оқушыларға озық тапсырма беру § 3.

V. Үйге тапсырма. § 2, инсерт әдісін қолданып, талдау.

3 тақырып. Діннің негізгі формалары мен географиясы.
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:


  1. Оқушыларға діннің негізгі формаларының құрылымы, функциялары мен рөлі, таралу аймақтары туралы тың мәліметтер беру, жалпы рухани-адамгершілік қасиеттердің маңызын түсіндіру және олардың білімі мен біліктілігін арттыру.

  2. Оқушылардың аналитикалық ойлау, есте сақтау, теологиялық тұрғыдан ойлау және сыни көзқарастарын дамытуға ықпал ету .

  3. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық тәрбие беру, саяси-мәдениетке баулу.

Мақсаты: діни сауаттылықтарын қалыптастырып, тұжырымдау дағдыларын дамыту, жүйелі ойлау қабілеттерін жетілдіру.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: қима-қағаздар, жетондар, трек-сызба, кубик, тақта т.б.

Сабақтың типі: жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.

Әдісі: интерактивті оқыту әдісі.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Жаңа материалды түсіндіру.

Ислам.

Ислам әлемдік 3 діннің соңғысы болып есептеледі. Милади жыл санауы бойынша 610 жылы Аллаһтың елшісі және пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.а.с.) Аллаһ тағала қасиетті Құран кітабын түсірген Араб жарты аралында (Джазирату-л-араб), Хиджаз аймағындағы жақын шығыс жерінің бозғылт тартқан құмды жерінен бастау алған. Қазіргі кезде жер шарындағы барлық тұрғындардың 1 млрд. 300 млн. астамы Ислам дінін ұстанады. Қасиетті кітабы–Құран. Бүгінгі күні Европа, Азия, Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Австралия құрлықтарында кеңінен тараған ақиқат діні–Ислам.



Римдік католиктік шіркеуі.

Католицизм (грек сөзі katholikos–жалпыға бірдей, әлемдік) көбінесе, Батыс және Шығыс Европада таралған (Италия, Португалия, Польша, Франция, Чехия). Оңтүстік және Солтүстік Америка елдерінің көпшілігі ұстанады.

1 млрд. астам дінге сенушілер католицизмді ұстанады. Католицизмнің Ватикан–біртұтас халықаралық орталығы бар. Ватиканның Конституциясына сәйкес жоғары заң шығарушы, атқарушы және сот билігі Рим Папасына берілген. Католицизмде монахтық немесе «рыцарлық» деп аталатын орденінің әсері зор (900 мыңға жуық монахтар мен монах әйелдер бар).

Иудаизм.

Иудаизмнің алғашқы сабақтары б.з.д. II мың жыл бұрын Палестина территориясында тұратын еврейлер арасында пайда болды. Б.з.д. I мың жыл бұрын политейстік нысан ретінде пайда болып иудаизм кейіннен монотейстік ұлттық дінге айналды. Иудаизм дін ретінде–еврей мәдениетінің күрделі бөлігі. Ол осы қағидаларға негізделген: Яхве бір құдайды қабылдау, еврейлер– құдайдың таңдауы түскен халық, барлық тірілерді және өлілерді сынайтын, ал Яхве сенетіндерді қасиетті жерге әкелетін Мәсихке сену; Көне Өсиетке–«Бес кітаптік, Киелі кітаптарға» (Танаха) және Талмудқа сену. Діни ғибадатханасы–Синагога.



Буддизм.

Буддизм–әлемдік үш діннің ішіндегі ең ежелгісі. Ол б.з.б. VI-V ғ.үнді мәдениетінің көпғасырлық діни-философиялық дәстүрінің негізінде құрылды. Буддизмнің негізін қалаушы Солтүстік Үндістанда Гималай тауының етегінде дүниеге келген Сиддхартха Гаутама болды. Негізінен буддизм Непалда, Шри-Ланкада, Мьянмеде, Таиландта, Лаоста, Вьетнамда, Тайванда, Моңғолияда, Оңтүстік Кореяда, Сингапурде, Брунееде, Малайзияда, Индонезияда таралған. 1990 ж. басында буддистердің 99,5 % Азияда, қалғандары Америка мен Европада өмір сүрді. Әлемде 700 млн. жуық буддистер бар. Қасиетті кітабы–Трипитака.



Протестантизм.

Протестанттық (латын сөзі protestants–қарсы келуші, келіспейтін)–XVI ғасырда қалыптасқан, Солтүстік және Батыс Европада, АҚШ, Канадада таралған христиан дініндегі 3-ші ағым. Қазіргі күнде әлемде 332 млн. протестанттар бар, олар лютерандар, адвентистер, пресвитериандар, методистер, англикандар және басқалары құрайды. Протестанттық негізінен католицизмнің маңызды ұстанымдары мен ұғымдарын терістеу барысында қалыптасты.



Орыс православие шіркеуі.

Христиан діні–өзінің 2 мыңжылдық тарихында үш негізгі: православие, католик және протестанцизм тармақтарына бөлінген әлемдік үш діннің бірі. Бүгінгі православие–9 патриархтың (Александрлык, Антиохскилік, Болгарлық, Грузиндік, Иерусалимдік, Константинопольдік, Мәскеулік, Румыниялық, Сербтік), 3 автокефальді архиепископтың (Албандық, Кипрлік, Элладтық) және 3 митрополийдің (Американдық, Поляктік, Чехославакиялық) 150 млн. астам дінге сенушілерін біріктіретін негізгі конфессиялардың бірі. Орыс православие шіркеуі–ірі Автокефальді православтік шіркеу. Рустегі христиандықтың басталуының ресми датасы 988 жыл. ОПШ құдайға славян тілінде құлшылық етеді, уағыздарын орыс тілінде және басқа да халықтардың тілінде оқиды. ОПШ басшысы Мәскеулік Патриарх және Русь Всеясы болып табылады, резиденциясы Мәскеуде.



Атеизм (қазіргі ғылымда–позитивизм; автор Б.Тажибаев)діни нанымдарға күдік пайда болып, құдайсыздардың көбейе түсуі, дін дүниетанымның бір нысанына айналғанда, оған қарсы дүниетаным–атеизм қалыптасты. (Ксенофон, Эпикур: «құдайға сену–қорқыныштан және адамдардың шарасыздығынан»; К.Маркс: «дін дегеніміз халықтың басын айналдыратын апиын»; В. Ленин осы теорияны жалғастырушы, дінмен бірге философияның идеалистік бағытына қарсы шығып, ЖОО «ғылыми атеизм» пәні оқытылып, кеңестер дүниежүзіндегі тұңғыш және соңғы атеистік мемлекетке айналды;).

Өмірде әркімнің өз көзқарасы болуымен қатар, өзгелердің сенімдерін де құрметтей білуді үйрену керек, сондықтан көптеген елдерде адамшылық– демократиялық құндылықтардың бірі ретінде ар-ождан бостандығы, діни ымырашылдық, толеранттық жарияланған.



Дін және саясат. Барлық дін жүйелерінің саясатпен тығыз байланысы бар. Афина тираны Критий (б.з.д 403 ж. өлген) дін адамдарды жақсы басқару үшін билік иелерінің ойлап тапқан дүниесі деп санаған. А. Македонский өзін Египет құдайы Амонның баласымын деп жариялаған. Атеизмнің позициясы біртіндеп нығайып, қоғамның секуляризациялануына (зайырлы) қолайлы жағдайлар қалыптаса бастады. Қоғамдық қатынастарды қайта құру көбіне дінге қарсы ұрандармен жүргізілді. Дін мен саясат адамзаттың барлық ғұмырында тығыз байланыста болды.

Діндегі фундментализм (латын сөзі «fundare» жерге төсеу, жер тағаны, ірге тасы) дегеніміз бірінші рет Америкада пайда болған діни-саяси ұғым. Оксфорд университеті баспасынан 1982 жылы 16 рет басылып шыққан «Оксфорд сөздігінде» фундаментализмді былай түсіндірген: христиан дінінің ғұрыптық сенім-нанымдарын үзілді-кесілді сақтау, мысалы библияда жазылған әр нәрсенің мүлтіксіз хақ екеніне сену. Фундаменталистік қозғалыстар 1960 ж. саяси қозғалстарға айналып кетті. Фундаментализм көріністері қандай дінде болмасын көрінуі әбден мүмкін, осы дінге деген тазалық ниетінен тууы ықтимал. Бірақ, бұл таза діни ниетті саясатқа айналдыру, діндер үшін емес, саясатшылар үшін керек.

Фундаментализммен мағыналас келетін тағы бір түсінік–діни экстремизм (лат. exremus-үзілді-кесілді пікір) деген дінді саяси мүддеге қызмет еткізіп қоюға көзделген идеологиялық тәсіл. Діни экстремизм оңшыл бағыттары фашистік идеологияны насихаттайтын саяси партия және топтарға топтасуда, солшылдарға Италия, Франция, Германияда «жаңа солшылды», «қызыл бригадалар» және бірқатар ислам елдеріндегі діншіл экстремистер жатады.

Исламдық фундаментализм мен діни эстремизмнің қазіргі көрінісі– Уаххабизм.

III. Сабақты қорытындылау.

1. Секуляризация және сакрализация дегеніміз не?

2. «Шіркеу», «секта», «конфессия» ұғымдарын қалай түсінесіңдер? Олардың арасында қандай байланыс бар, айырмасы неде?

3. «Атеизм» деген не?

4. Діни фундаментализм, діни эстремизм, діни фанатизм дегендерді қалай түсінесіңдер?

IV. Жеке оқушыларға озық тапсырма беру § 4.

V. Үйге тапсырма.§ 3 оқу, талдау.

4 тақырып. Шумер–Аккад мемлекетіндегі дін.
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:


  1. Оқушыларға Шумер-Аккад мемелекетіндегі дін, діни ғұрыптары туралы тың мәліметтер беру, жалпы рухани-адамгершілік қасиеттердің маңызын түсіндіру.

  2. Оқушылардың аналитикалық ойлау, есте сақтау, теологиялық тұрғыдан ойлау және сыни көзқарастарын дамытуға ықпал ету.

  3. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық тәрбие беру, діни-саяси сауаттылыққа баулу.

Мақсаты: теологиялық сауаттылықтарын қалыптастырып, тұжырымдау дағдыларын дамыту, жүйелі ойлау қабілеттерін жетілдіру, өз ойларын тиянақты, дәл, тұжырымды етіп ортаға салуды үйрету.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: қима-қағаздар, жетондар, трек-сызба, кубик, тақта т.б.

Сабақтың типі: жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.

Әдісі: интерактивті оқыту әдісі.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Жаңа материалды түсіндіру.

Жоспар


  1. Шумер–Аккад діни нанымдары.

  2. Шумер–Аккад діни ғұрыптары.

1. Көне шумерлер б.з.д. VI мыңжылдықтың соңында Тигр мен Ефрат өздерінің аңғарларында қоныстанып (қазіргі Ирактың территориясы), тұңғыш қала-мемлекет орнатты. Б.з.д. II мыңжылдыққа қарай шумер өркениеті құлдырады. Бірақ, шумерлердің діни нанымдары аккадтықтарға–вавилондықтар мен ассириялықтарға мұра болып қалды. Көне шумерлердің құдайлары барлық қала-мемлекеттер үшін ортақ болғанымен, олардың әрқайсысының ерекше табынатын құдайлары болды. Мәселен:



Қала

Құдай

Ниппур

Энлиль құдайы «ауа әміршісі» және «құдайлар патшасы» деп дәріптелді.

Эреду

Даналық және әлемдік Мұхит құдайы Энка.

Нанна

Соғыс құдайы Инан-на.

Урук

Аспан құдайы Ан.

Шумер мифологиясында бала көтерген әйел түрінде кескінделген Ұлы Ана кейіпіндегі Жер ерекше құрметтелді.

Шумер мифологиясында Энлиль мен оның әйелі Нинлиль құдайдан Ай құдайы Нанна, соғыс құдайлары Нинурта мен Нингирсу, От құдайы Нуску, тамұқ құдайы Нергал, тағдыр құдайы Намтар туды деп саналады.

Даналық құдайы, жер үстіндегі және жер астындағы сулардың иесі, бар әлемді басқаратын құдіретті күш сақтаушы Энки құдайы дара тұр. Ол–адамды және барша адамзатты жасаушы, оларды бағбандыққа, кендір өсіруге, емшілікке үйретуші.



Күн падишасы–Уту құдайы күндіз аспан төрінде, түнге қарай жер астымен саяхат жасайды. Ол билік айтушылардың қорғаны, «әділет иесі», Урук қаласы патша әулетінің жебеушісі саналған.

Аккадтықтар осы шумер құдайларына сиынған. Бірақ, оларға басқа есімдер берген. Мәселен, Уту → Шамаш, Инанна → Иштар деп аталған. Вавилондықтардың бас құдайы, Вавилон қаласының жебеушісі Мардук болса, ассириялықтар Ашшур қаласының жебеушісі–Ашшур құдайды дәріптеген. Осылардың ішінде алғашқы адамдарды жасаушы, аспанда және жер астында билік құрушы құдайлардың әмірі жүретін шекараны белгілеуші Мардук өзгесінен жоғары қойылып, әлемнің әміршісі саналған. Барлық құдіреттер пантеоны аспан және жер құдайлары болып екіге бөлінген.

Вавилондықтар әлем «жоғарғы» және «төменгі» аталатын қатар дүниелерден тұрады, ал жер бетіндегінің бәрі аспан әлемінің сәулесі, Ұлы құдайлар мен адам арасында тура байланыс жоқ. Олар адамдарға қамқор, тағдырларын белгілеп отыратын дербес жебеуші құдайлар арқылы ғана байланыс орната алады, соңғылары адамдарды, олардың болмысын қорғайды деп санаған.

2. Шумерде болашақ дінбасыларды даярлайтын арнайы жабық мектептер болды. Оған текті тұқымдардан шыққан адамдар ғана алынды. Мектеп бітіргендер дінбасы атақтарына иеленетін. Шумер-аккад діні бойынша күн сайын екі мәрте–таңертең және кешкілік құдайларға құрбандық жасау тәртібі болған. Соғыстан түскен олжаның ең тәуірі, астықтың ең сапалысы мен еркек малдың ең күйлісі құдайларға сыйлыққа арналды.

Шумерліктер өлген адамдармен жылап қоштасқан соң, мүрдені өртейді. Дін ілімі жер аспан құрылымын толық қайталайды деп үйретті. Осыдан шумер, аккад, вавилон сенімдерінде астрология, жұлдыз жорамалы сияқтыларға ерекше маңыз беріліп, бұлармен дінбасылары шұғылданды. Аспан денелерін бақылау үшін арнайы мұнаралар–зикураттар салынды. Дін басшылары аспанды бақылап, сәтті, сәтсіз күндерді айқындап, мерекелер күнтізбесін жасап отырды. Жыл басы да осы тәсілмен анықталды. Түрлі құрбандық, құлшылық жолдарымен, қасиет дарыды деген мүліктерді құрбандық етіп, отқа тастау немесе қасиетті Тигр және Ефрат өзендері суымен жуып тазарту арқылы тылсым күштерді аластау дәстүрі кең тарады. Вавилон мемлекетін парсылар жаулап алған соң біртіндеп Заратуштра діні таралып, Мардук және Иштар құдайларының орнына Ахура-Маздаға бас ию тәртібі орнықты.



III. Сабақты қорытындылау.

1. Көне шумерлер мен аккадтықтардың дінінде адамның өмірі мен тағдыры қалай айқындалады ?



2. Шумерлер мен аккадтар құдайларының және адамдардың арақатынасы қалай түсіндіріледі?

IV. Жеке оқушыларға озық тапсырма беру § 5.

V. Үйге тапсырма. § 4 оқу, талдау.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет