1 тарау. ҚАтынастың нормативті қҰҚЫҚТЫҚ Қоры дипломатиялық қатынастың қалыптасуы


Неміс толқынында «Нарық және адам» хабарында Қазақстанның инвестициялық мүдделілігі туралы айтылды



бет3/4
Дата17.12.2016
өлшемі1,05 Mb.
#4047
1   2   3   4

Неміс толқынында «Нарық және адам» хабарында Қазақстанның инвестициялық мүдделілігі туралы айтылды.


Биліктің бүгінгі әлемінде, практика жүзінде кез – келген мемлекет шетелден күрделі қаржы жұмсалымды мүмкіндігінше көбірек тартуға ұмтылады, әрине инвестициялар арқасында жаңа жұмыс орындары ашылады, ал бұл, өз кезегінде халықтың хал-жағдайын жақсартуға ықпал етеді, тіпті керек десеңіз, сайлаушыламен қамтамасыз етеді. Қазақстан қазіргі кезде инвесторларды белсенді өзіне шақырады, оның ішінде Батыс Еуропаданда. Бірақ шет елдіктер, оның ішінде неміс кәсіпкерлері өз ақшаларын бұл елге сағысы келеме? Егер салғысы келсе, қандай шарттар қояды? Бұл сұрақтарға жауапты, неміс қаласы Оффенбахта өткен “Қазақстан экономикасының күні” беруі керек еді – бұл Германияның қаржылық астанасы Франкфурта-на-Майненің тікелей көршісі.

Қазақстандық саясаткерлермен және экономисттермен кездесуге Германияның әртүрлі аймағынан іскер адамдар жиналды. Қазақстан өзінің егемендігін алып және өзінің экономикасын дербес дамыта бастағанына он жыл өтті. Бірақ дүниежүзілік нарықта тығыз бәсекелестік күресте нық тұра білу үшін, жас мемлекетке шетелдік инвестициялар ағымын арттыру керек. Әлуетті маңызды инвесторлардың бірі деп қазақстандық саясаткерлер Германияны таниды, - дейді Қазақстанның экономика министрі Жақсыбек Күлекеев:

«1996 жылдан бастап біз елімізге жуық шамамен бір жарым миллиард доллар тікелей шет елдік инвестициялар әкелдік. Тәуелсіздік жылдары біз 11 миллиард доллар тікелей шет елдік инвестициялар әкелуді жүзеге асырдық. Бірақ, әрине, Германиядан, бүкіл тәуелсіздік жылдары, тартылған шет елдік инвестиция көлемі біздің көңілімізге қонбайды. Германиядан біз 230 миллионға жуық доллар ғана тарта алдық. Мен ойлаймын, бұл Германияның әлуетіне жауап бере алмайды».

Әрине, өзінен - өзі түсінікті, неміс кәсіпкерлері капиталды экономикалық өрлеу қарқыны жеткілікті жоғары елге салғанды жөн көреді. Жақсыбек Күлекеев Қазақстан Үкіметімен жақын жылдарға әзірленген, нарықты экономиканың даму жоспарлары туралы айтып береді:

Жуықтағы бес жыл ішінде Қазақстан экономиканың өсуін 30 пайызға қамтамасыз етеді, яғни жыл сайынғы өсу қарқыны бес пайыздан төмен болмайды. Өнеркәсіптерде өсуді 42 пайызданда артуын қамтамасыз ету қажетті. Бесжылдық аяғында инфляцияны 3,6 пайызға дейін төмендету керек. Ал бюджет тапшылығын 1,3 пайызға дейін төмендету. Әрине, қойылған міндеттерді орындау үшін, бізге бұл құжатта біздің экономикалық және индустриалдық саясатымыздың негізгі басымдылығын белгілеу қажет. Бұл бұрынғыша мұнай мен газдың алынуының жоғарғы қарқынын қамтамасыздандыру. Біз бұрынғыша жақын бес жыл ішінде Қазақстан экономикасы үшін дәстүрлі салаға сүйенеміз – бұл мұнай газ секторы, таукен металлургия кешендері. Біз мұнай мен газ, ауыл шаруашылық өнімдерінің өңделуінің өркендеуін қамтамасыз етеміз. Біз мұнайгаз машинасын жасау, мұнайхимия және біздің экономикамыздың басқада салаларының тез дамуын қамтамасыздандыруды жоспарлаймыз.

Өз кезегінде, қазақстандық нарықтың келешегін неміс мамандары қалай бағалайды? Ол Германиялық инвесторлар үшін жеткілікті тартымды ма? Осы форумда қазақстандық нарықты игеру неміс кәсіпкерлеріне әзірше жеңіл еместігі айқын болды, оның себебі әртүрлі. Мысалы, қазақстандық жақ, ең алдымен, экономиканың мұнайгаз секторына тікелей шетелдік инвестицияны тартуға мүдделі. Бұл жерде, Құрама Штаттар және Ұлыбритания сияқты дәстүрлі мұнайлы державаларға қимыл көп, ал Германияға жоқ. Біздің еліміз үшін бұл сала типті емес.

Қазақстан ГФР-дан алыс орналасқан, ал оның нарқы әлі жеткілікті зерттелмеген. Оған қоса қазақстандық кәсіпорындардың техникалық деңгейі соншалықты төмен, әзірге оларда жоғары технологиялық неміс жабдығын қолдануға мүмкіндік жоқ. Елде өте жиі салықтық және құқықтық жүйелер өзгеріп тұрады. Жемқорлықпен байланысты проблемаларда жеткілікті. Дамымаған инфрақұрылым туралы айтпағанның өзінде. Нарықтың әлуеттілігіде соншалықты үлкен емес – Қазақстанда бары – жоғы 15 миллионов адам тұрады. Оның үстіне халықтың сатып алу қабілеттілігі өте төмен. Сондықтан мен ойлаймын, неміс бизнесі үшін бұл рынок әзірше мүдделі емес. Инвесторлар үшін мұндай нарықта тәуекелділік көп.

Елдегі инвестициялық ахуалдың оңтайлы белгісінің бірі – сенімді құқықтық база. Экономика министрі Жақсыбека Күлекеевтың сөзі бойынша, Қазақстанда заң тұрақты түрде жетілдірілуде:

«Біз кедендік қызметті жақсарту жолында тұрақты жұмыс істейміз. Қазіргі кезде біз кедендік қызметтің органдарын ары қарай қайта құру және бекіту бағдарламасын қабылдадық. Осы орган атына көптеген сындар мен ескертпелер аламыз. Біз кейде жекелеген негативті жағдайлармен, жемқорлық элементтерін кездестіреміз. Сондықтан біз жемқорлық элементтерін түбімен жоямыз. Елде 1998 жылы қабылданған жемқорлықпен күрес туралы заң бар. Қазіргі уақытта біз осы заңның мазмұнын жетілдіру жұмысын жүргізудеміз. Біз, әрине, қаржылық және сақтану нарықтарының күйін жақсартамыз. Бұл жерде біршама қалыс қалу бар, дегенмен Қазақстанның қаржылық нарығының күйі көршілес мемлекеттермен салыстырғанда біршама тәуір».

Германияның салық салудың жоғары деңгейімен «атақты» екені белгілі. Сондықтан, шет елдердегі инвестицияға дайындала отырып, неміс кәсіпкерлері өзіне сұрақ қояды: осы ел салықтық жүйесі олардың мүддесіне жауап бере алама. Бұл жайлы Жақсыбек Күлекеев былай дейді:

«Шетелдік инвесторлар үшін біздің заңымызбен салықтардың кейбір түрлерінен босататын жеңілдіктер қарастырылған: жер салығынан, табыс салығы және мүлік салықтарынан. Шетелдік инвесторлар сегіз жылға дейінгі мерзімге босатылады. Егер елге жаңа технологиялар және жабдықтар әкелінетін болса, онда импорт жабдықтарды бажыдан босату мүмкіндігі бар».

Форумға қатысушыларды Жақсыбек Күлекеев сендіруіне қарасақ, Қазақстанда шетелдік немесе біріккен кәсіпорындарды ашу үшін қажетті нысандықтар соңғы уақытта минимумға түсірілді.

13 желтоқсанға дейін Қазақстанда шетелдік инвестициялар бойынша бір ғана агенттік болды. Қазір, президенттің соңғы жарлығынан кейін, бұл агенттіктің атқаратын қызметі екі ведомствоға берілді, демек халықаралық форумдар ұйымын сыртқы істер министрлігіні берді, ал жерді қолдану бойынша құқықты энергетикажәне минералды ресурстар министрлігіне берді. Қазіргі кезде жаңа кәсіпорынды Қазақстанда үш күннің ішінде ашуға болады. Ал егер ол шағын бизнес субъекті болса, онда бір күннің ішінде ашуғада болады.

Шетелдік инвестициялардың түсімі үшін маңызды алғы шарттардың бірі – тиімді жұмыс істейтін банктік сектор. Қазақстанның қаржы институттарының, 1998 жылдың дағдарысының нәтижелерін жеткілікті тез жүндегеніне қарамастан, елдің несиелі-ақшалы жүйесі жетілгендіктен әлдеде алыс екенін атап көрсетеді неміс «Коммерцбанкінің» Шығыс Еуропа және ТМД елдері бойынша эксперті Пер Фишер.

Бірқатар эксперттердің пікірі бойынша, қазіргі Қазақстанда өте көп шағын банкілер әрекет етеді. Бұл елде екі сатылы банк жүйесі бар. Қазақстанның Қлттық банкі орталық банк ретінде алынады, және барлық банктік жүйе үстінен бақылау органы сияқты. Яғни, ол екі функцияны бір мезгілде орындайды. Бізде Германияда бұл функциялардың айқын бөлінуі болады. Қалған барлық банкілер екінші сатыға жатады. Бұл мемлекеттік, жеке, аймақтық қаржы институттары, сонымен бірге шет елдік капитал қатысатын банкілер. Германияны Қазақстанда «Коммерцбанк», «Дойче банк» және «Дрезднер банк» көрсетеді. Егер сіз Қазақстан экономикасына капитал салу көңіліңізде болса, неміс немесе басқа шетелдңк банкілер қызметіне қараңыз деп ақыл берер едім. Қазақстандық банкілермен іс жасау әзірше тәуекелді.

Қазіргі уақытта Германия мен Қазақстанның экономикалық ынтымақтастығының негізін сауда құрайды. Дегенмен экономика министрі Жақсыбек Күлекеев, бұл бүгінгі күн үшін жеткіліксіз деп есептейді.

Германия тауар айналымының көлемі бойынша Реседен кейін екінші орын алады. 2002 жылы Германиямен тауар айналымының көлемі жуық шамамен 65 пайызға жоғарылайды. Бұл, әрине, өте аз, Еуропадағы ең ірі мемлекет болып саналатын Германияның мүмкіндіктері мен әлуетіне жауап бере алмайды.
2.2. Шағын және орта бизнес. динамика.

Енді неміс инвесторлары үшін Қазақстанда қызмет ету өрісі едәуір кеңейген кез туды, - деп бекітеді «Қазинвест» инвестицияны қолдау бойынша қазақстан орталығының бас директоры Асқар Баталов.

Проблема келесідей қортындыланады, бастапқы этапта Қазақстан үкіметі ірі инвестицияларды мұнайгаз секторына тартуға мүдделі болды. Әрине, жоғары дамыған шағын және орта кәсіпкерліктің алғы шептегі елі болып табылатын Германия, мұнайгаз секторынан айрықшаланатын, экономиканың басқа секторларына бағытталған еді. Қазіргі уақытта жағдай өзгерді. Қазақстандық мұнайгаз саласы жеткілікті аяғына нық тұрыд. Және Үкімет өзінің көңілін Германияда дәстүрлі дамыған экономиканың салаларына аударды: машина жасау, станок жасау, ауыл шаруашылығына арналған жабдықтар мен техникалар өндірісі, көлік жабдықтарының өндірісі мен жөндеуі, энергетикалық және мұнайхимиялық машина жасау, автомобиль жасау және трактор жасау.

«Лессер-Файцльмайр» бюросының жобалауша инженері Юрген Фляйшхауэр Оффенбахтағы форумға Мюнхеннен келді. Оның Қазақстанда жұмыс істеуден тәжірибесі бар, бірақ қапалы.:

«Қазақстан нарығында біз 1994 жылдан беріміз. Тура сол кезде, 1994 жылы, Қазақстанның мұнай және газ өнеркәсібі министрлігінің тапсырысымен жобалаушы бюро құрылды. Жұмысты қаржыландыру жоспарыда құрылды, оны сол кездегі министрдің орынбасары қол қойып бекітті. Ал біраө 1995 жылы шотты берген кезде, ешкім ақшасын төлеген жоқ. Міне қазір бес жыл болды әртүрлі фирмалар мен шенеуніктердің табалдырығын тоздырудамыз, бірақ бізге тиесілі 780 мың марка суға батқан тастай жоғалды.».

Мұндай проблемалардың болуының бір себебі Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда Минитрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша Комитеті мен Германияның Федеративтік Республикасының Федералды физика – химиялық институты (РТВ) арасында ынтымақтастық туралы келісім шарттың болмауы.

Хаттама 2000.05.26. комитетпен қабылданды:

«Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда Минитрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша Комитеті (KAZMEMST) және Германияның Федеративтік Республикасының Федералды физика – химиялық институты (РТВ), ары қарай Жақтар деп аталушы, метрология бойынша проблемалардың халақаралық сипатына және олардың шешілуінің табысты сауда – экономикалық және техникалық ынтымақтастықта маңыздылығына көңіл аудара отырып, сыртқы сауданың дамуына жәрдемдесу, Қазақстан Республикасы мен Германияның Федеративтік Республикасы арасындағы экономикалық және сауда қатынастарындағы техникалық кедергілерді жою мақсатында, жәнеде халақаралық ұйымдармен қабылданған принциптер мен нормалардан шыға отырып, метрология саласындағы өзара ынтымақтастықтың өзара пайдасын түсіне отырып төменде келтірілгендерге келістік:

Шарттасушы жақтар осы Хаттама көлемінде Қазақстан Республикасының және Германия Федеративтік Республикасының қолданудағы заңдарын жетекшілікке алады. Шарттасушы жақтар метрология саласында келесі жолдармен ынтымақтастықты дамытады және нығайтады:


  • өзара қойылатын өнімдерге нормативті құжаттарды үйлестіру бойынша бірігіп жұмыстар жүргізуге;

  • бірдей деңгейлі массадағы өлшеу құралдарын салыстыру бойынша жұмыстар жүргізуге.

Шарттасушы жақтар заңдық метрология, тексеру және калибрлеу, мамандармен алмасу, кәсіпорындар, қоғамдық ұйымдар арасындағы тікелей байланыстарды орнықтыру және осы өзара әрекет үшін оңтайлы жағдайлар жасау салаларында мамандарды дайындауға және кәсіпқойлықтарын жоғарылатуға жәрдемдеседі.

KAZMEMST және РТВ Қазақстан Республикасының ұлттық эталондық базасын дамытуда келешектеде біріккен ынтымақтастықты жалғастырады.

KAZMEMST және РТВ Қазақстандағы "Массаның ұлттық лабораториясы" жобасын жүзеге асыруға біріккен күштерді жұмсайды.

РТВ KAZMEMST – ке Қазақстан Республикасындағы бөлшектеп өлшенген тауарларды бақылауды ары қарай дамытуда әдістемелік көмек көрсетеді.

Оффенбахта өткен Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы туралы дискуссияны қортындылай келіп, Франкфурте-на-Майнедегі жаңғыру және даму банкісінің бас экономисі Мартин Рашель былай дейді:

«Келтірілген сандар, неміс инвесторларының өзінің ақшасын Германияға, Солтүстікке жақын елдерге салуды жөн көретінін көрсетеді. Қазақстан бізден өте алыс орналасқан, рыногіде өте кішкентай. Оның үстіне көп нәрсе бұл елде жаңартуды керек етеді. Мен, мысалығы, құқықтық органдардың тәуелсіздігі мен қаңды сақтау кепілдемесі туралы айтып тұрмын. Осының бәрі инвесторлар үшін үлкен маңызы бар мәселе. Қазақстанда төрешілдік басым. Мемлекеттік органдар жүйелі жұмыс істеуі керек. Оларға өзінің басымдылықтарын айқын көрсетулері керек. Шетелдіктерге келіссөз арқылы серіктестер табу өте қиын және күрделі. Сізді бір ведомстводан екіншісіне қуалайдыда отырады. Бізде, мысалыға, сөзбұйдалық пен әуре – сарсаңға салу апталап созылды. Қаржы министрлігінен бізді стратегиялық жобалау агенттігіне, содан соң - экономика министрлігіне, сыртқы істер министрлігіне, денсаулық сақтау министрлігіне, ...т.б. Германия Қазақстанға көмектесуге дайын. Бірақ оның экономикасының дамуына біздің қатысуымыз біржақты қозғалыстағы көшені еске түсірмеу керек. Егер Қазақстанның билік басындағылар жағдайды өзгертуге шаралар қолданбаса, біз бұл елмен қалай ынтымақтасуымыз керек болса, солай ынтымақтасамыз».

Осылай, жақын жылдары Германиядан, жәнеде басқада Батыс Еуропа елдерінен Қазақстанның тікелей инвестицияның шұғыл өсуін күтуі бос әурешілік болатын сияқты. Бұл жағдайда, Ресейменен экономикалық ынтымақтастықтың ролі жоғарылайды, және Қазақстан экономикасының министрі Жақсыбек Күлекеев оның маңызына ерекше тоқталады:

«Ресей біздің ең басты экономикалық және саясаттық серіктесіміз және солай болып қаладыда. Бір уақытта, 1998 жылдың экономикалық дағдарысына, девальвациямен байланысты Қазақстанның тауарлық айналымындағы Ресейдің үлесі біраз төмендеді. Бірақ Ресей экономикасының жандануымен ескі байланыстар қайтадан жалғасын тапты. Мен айтайын деген едім, соңғы жылдары бізде өзара түсінушілік бар, және бұған кедендік одақ ықпал етеді. Қазір біз кедендік одақ базасында еуразиялық экономикалық қоғамдастық құруды шештік, осындай саяси шешім қабылданды. Қазіргі кезде біздің Ресеймен қатынасымыз өте жақсы деп айтуға болады.».

Сонымен, неміс эксперттерінің германия-қазақстан экономикалық ынтымақтастығының келешегіне қатынасын жалпы ұстамды – артын күту сияқты деп сипаттауымызға болады – бұл, 2000 жылы Оффенбахта өткен “Қазақстан экономикасының күнінің” басты қорытындысы.

Жыл сайын “Рахат-Палас” қонақ үйінің конференц-холлы толық зал жинайды. Германияның Қазақстандағы елшілігі бастамасымен “Неміс экономикасының күнін” өткізу дәстүрге айналды. 2002 жылы 23-24 қыркүйекте төртінші көрме – конференция өткізілді, оның басты тақырыбы Қазақстанның, Германияның және ЕО-тың экономика, орталық азиялық республикалар мен ЕО –ты біріктіру салаларындағы екіжақты және көп жақты қатынастары.

Қатысушылардың ішінде Қазақстанда жұмыс істейтін неміс компанияларының өкілдері, студенттер мен дипломаттар, және шын көңілден, осындай шаралар жүргізу үшін Қазақстандағы өз әріптестеріне тәжірибе алуға келгенін мойындаған Қырғызстандағы неміс елшісі байқалды.

Есте қалатын бір жай, ол конференцияның, биылғы жылы ерекше қаталдықпен өткен Германиядағы парламенттік сайлаудан кейінгі бірінші күні басталуы еді. Конференция алдындағы түн Алматыдада “ыстық” болды, өйткені қатысушылардың басым көпшілігі оны неміс елшісінің резиденциясында өткізді, ол жерде сайлаушылардың екі “қарсы күресуші” топтары анық белгіленді. Аға буын Шредер үшін ауырып, ал жастар жағы – Штойберді жақтады, шындығында, ол шығып отырған партияны. Құттықтау сөзінде Германия елшісі Кертинг мырза Шредердің екінші мерзімге өткенін қанағаттана айтып, Германия үкіметінің сыртқы саясаттық бағытының өзгерусіз қалатынын және Қазақстан мен Германия арасындағы сауда – экономикалық қатынастың бұрынғыша позитивті болып қалатынын айтып өтті.

Конференция жұмысына ерекше түс берген, басты оппоненттер, қазақстан жағынан сөз сөйлеген Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко және немістер жағынан сөз сөйлеген “Аллианц” тобының бас экономисті Клаус Фридрих болды. Қоса айтатын бір нәрсе, “Аллианц” тобында Дрезднер банктің акциялары бар. Клаус Фридрих халықаралық қаржылық іс саласында зор тәжірибесі бар, көп жылдар бойы Қаржыланудың халықаралық институтының Оңтүстік және Шығыс Еуропа бөлімдеріне жетекшілік еткен. Сондықтан, Фридрих мырзаның қатысуы бұл конференцияға ерекше салмақ берді. Доктор Фридрих Орталық Азияда бірінші рет болуы, дегенмен қазақтың жері мен тауларынан алған әсері, оған, туристік бизнес саласында Қазақстанның жоғары әлуеттілігі бар екендігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік берді.

Германияның сыртқы сауда саясаты Шығысқа бағдарланған. Билік басында қандай партияның болғанына тәуелсіз, экономикалық саясат ашық болып қалуы керек екенін Фридрих мырза ескертті. Жұмыссыздық – бірінші кезекте шешімді қажет ететін, неміс қоғамының басты проблемасы. Бұл ойда айтатын бір жайт, Германиядағы жұмыс орындарының үштен бірі сыртқы экспортқа тәуелді.

Неміс баспасөздері алпыс үш жастағы экономисті “еуро жолындағы күрескер” деп атады. Көптеген еуропалық ғалым – экономистер, өз жолын 1998 жылдан бастаған, еуроның ұзақ өміріне сенімді болмады. Ал Клаус Фридрихтың пікірі бойынша, еуро соншалықты экономикалық емес, саясаттық құрал болып табылады. Осыған байланысты, өзінің баяндамасында ол, Рим империясының уақытынан бергі Еуропаның бірлесу тарихына тоқталып өтті және Наполеон мен Гитлердің Еуропаны бірлестірудегі сәтсіз әрекеттері мен әдістерін мысалға келтірді.

Еуропадағы экономикалық жағдайдың өзгеру себептерін санай келіп, доктор Фридрих келесідей жайғасымдарды атап өтті: ССРО-ның ыдырауы; Германияның шығысында жаңа экономикалық жағдай туғызған, ГДР- мен бірлесу; шығысеуропалық мемлекеттердің Еуропалық экономикалық қоғамдастыққа кіру мүмкіндігі; американдық доллар мен еуро бағамындағы айырмашылықтарға байланысты валюталық тәуекелдік.

Еуропалық экономикалық қоғамдастық мүддесіне орай өзінің дербес тұрақты валютасынан- маркадан - бас тартуға тура келген Германия, еуроны енгізуден әліде дивидендтін (үлес ақысын) алған жоқ.

Еуропа саудалық қатынастарды Шығыс Еуропа елдерімен дамытуы қажет. Оның үстіне, келешекте, Еуроодақтың шекарасы шығысқа таяған кезде, Еуропалық экономикалық қоғамдастықтың тікелей көршісі Ресей болатынын ескеру қажет. Осыған байланысты экономикалық қатынастың жаңа форматы құралады: Жаңа Шығыс, Жаңа Оңтүстік - шығыс. Тұрмыс деңгейі жоғарылайтын Орталық Азия елдері, Германияның жаңа серіктестері болады.

Баяндамасының кейбір бөлімдерін, доктор Фридрих, ғаламдық проблемаларға арнады, оның жеке мойындауы бойынша, ол әңгіме айтудан шаршады. Оның пікірінше ғаламдықтың маңызды аспекті, - еңбекті бөлу. Ғаламдықтың қарсыластары, ғаламдық серіктестері тең құқықты еместігіне көңіл аударады. Яғни құқықтық қорғаныстың болуы және тұрақтылық – бұл шешуді қажет ететін екі маңызды мәселе.
3 ТАРАУ. МӘДЕНИ – ІЗГІЛІКТІ БАЙЛАНЫСТАР
3.1. Демографиялық фактор (миграция)
Мәдениет саласындағы Германиялық сыртқы саясат, соғыс жылдарының соңынан бері, көптеген тұрмыстық қатынастарды ғаламдықтың тиімді рәсімделуімен қоса әрекеттестіреді және тұрақтылықтың артуын қажетсінуге және диалог арқылы жанжалдарды ескертуге, адам құқығын жүзеге асыру және құрметтеуге, дамудың демократиялық процестеріне қоса әрекеттесуге сәйкестенуге тырысады. Федералдық үкіметтің ұсынуы бойынша ғаламдық және оның салдары, мәдениет саласындағы сыртқы саясатта жаңа тәсілдерді талап етеді, өйткені «дәстүрлік қашықтықтар болмаған жылдамдықтармен жеңіп алынады, жаңа жақындықтар пайда болады және жаңа конфронтация, жәнеде жаңа жақындықта жаңа шеттетулердің пайда болуы мүмкін. Трансформацияның экономикалық процесі арқылы қазіргі жағдайларға қосылуға ұмтылатын елдердің ірі проблемелары, келесі шарттан тұрады: тұрақты экономикалық және әлеуметтік өркендеуіне қол жеткізу құқықтың үстемділігінсіз мүмкін емес – демократиясыз және құқықты мемлекетсіз. Жаңғырту үшін демократия қажет. Азаматтық қоғамды күшейтуге бағытталған, әсіресе “күрделі” серіктестік елдердегі, айырбастау бағдарламалары мен адам құқығы туралы диалог, жобалар мен шаралар арқылы ресми жайғасымнан шетте қол жететін мәдениет саласындағы, сыртқы саясаттың ерекше мүмкіндіктері, мәдениет саласындағы саясат үшін ең маңызды және күшті саясатты рольді анықтайды ». (Федералдық министр Йошка Фишер, 4 шілде 2000 жыл, Берлин).

Мәдениет саласындағы германиялық - қазақстандық қатынастар Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері маңызды дәрежеде екі фактормен анықталады: мектептер мен жоғары оқу орындарында неміс тілін оқыған, тұрғындардың салыстырмалы үлкен үлесі және этникалық немістердің көп санының болуы. Неміс тілін шетел тілі ретінде оқуға жәрдемдесу және этникалық немістерді мәдениетті қолдау, Қазақстанға мәдениет саласындағы сыртқы саясатта ерекше көңіл аударуға әкелді. Бұл қатынастардың құқықтық шеңбері 16.12.1994 жылғы “Мәдени ынтымақтастық туралы” германиялық - қазақстандық Келісіммен бекітілген.

1994 жылы Алматыда Орталық Азиядағы Гете атындағы бірінші институт ашылды. Академиялық айырбастаудың неміс қызметі (DAAD) Қазақстанға тұрақты түрде дәріскерлер жіберіп тұрады және жыл сайын әртүрлі мамандықтар бойынша ғылыми қызметкерлерге және қазақстандық студенттер үшін 100-ден аса стипендиялар ұсынады. 1992 жылдан беріШетелдердегі халықтық білім ісі бойынша Орталық басқарма, неміс тілін тереңдете оқитын қазақстандық мектептерге неміс тілінен беретін мұғалімдер жібереді. Ерекше қолдау, Қазақстанда неміс тіліндегі дипломға емтихан тапсыруға болатын мектептерге шоғырландырылған. Айырбастаудың педагогикалық қызметі жыл сайын неміс тілінен сабақ беретін қазақстандық мұғалімдерді, біліктілігін жоғарылатуға, Германияға шақырады және қазақстандық оқушылар үшін Германияда болу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасындағы Германия Федеративтік Республикасының Елшілігіде өзінің мәдени шараларын ұйымдастырады және қазақстандық серіктестерін жобаларды өткізу кезінде қолдайды. Этникалық немістерді қолдау саласында, Шетелдік байланыстар Институты Алматыдағы Неміс театрының жұмысына жәрдемдеседі. Егер осы шаралардың бәрі негізінен Сыртқы істердің Федералдық министрлігі қаражатының есебінен қолдау тапса, онда Ішкі істердің Федералдық министрлігі Техникалық ынтымақтастық Қоғамы арқылы, Қазақстанның этникалық немістерінің, олардың қоғамдасуына ықпал ететін, шараларын қолдайды.

Серіктестік қатынасы кейбір германиялық және қазақстандық жоғары оқу орындарындада бар, мысалы, Астанадағы Еуразиялық университет пен Карл фон Осетцки атындағы Олденбургтегі университет арасында. Германиялық және қазақстандық университеттер Қазақстандағы жоғары оқу орынын қайта құру бойынша Еуропалық одақтың Темпус/ТАСИС-жобаларында ынтымақтасады. Германиялық және қазақстандық серіктес-мектептер жыл сайын оқушылар тобының кездесуі мен айырбастау бойынша бағдарламалар жүргізеді. Сыртқы істердің Федералдық министрлігі жас дипломаттарды оқуын жалғастыру үшін және біліктілігін жоғарылату үшін Германияға ретті шақырады. Александр фон Гумбольдт атындағы қор ерекше дарынды қазақстандық ғалымдарға зерттеулер жүргізу үшін бірқатар стипендиялар берді. Сурет, музыка және театр салаларындағы ретті қарым – қатынаспен қатар, жәнеде Қазақстанда жиі жүргізілетін германиялық көрмелермен қатар, герман- қазақстандық мәдени қатынастардың кульминациялық кезеңдері 1996 жылы Қазақстанда өткен „Германия Федеративтік Республикасының мәдени күндері" және 1998 жылы Германияда өткен „Қазақстанның мәдени күндері" болды. Қастеев атындағы Мұражаймен ынтымақтастықта және германиялық кәсіпорындардың қолдауымен 1999 жылы Алматыда «Қастеев атындағы ММ жинақтарынан өнердегі неміс шеберлерінің шығармалары» атты көрме ұйымдастырылды. Ерекше мәдени шара 2001 жылы сәуір айы мен маусым айында Алматыда өтті, бұл “Неміс мәдениетінің көктемі 2001” фестивалі еді, ол Қазақстан Республикасындағы Германия Федеративтік Республикасының Елшілігімен және Гете атындағы Институтпен Интер Национес және Швейцарияның бас Елшілігімен жүргізілді. Қазақстанда германиялық шетелдік мектеп жоқ. Алматыдағы №18 және №68 мектептерде, №10 және №12 Өскемендегі мектептерде, Ақтөбедегі №11 мектепте, жергілікті оқушылар толығымен дерлік неміс тілінде оқитын (тек қана қазақ тілі, орыс тілі, физкультура мен музыка неміс тілінде берілмейді), орта мектептердің филиалдары бар. Алматыда американдық елшіліктің қолдауымен жекеше мектеп «Almaty International School» бар, онда оқу ағылшын тілінде жүреді, ол орта мектептің американдық жүйесіне бағдарланған, бұл мектепте Қазақстандағы шетелдік диаспоралар өкілдерінің балалары оқиды. Қазақстан Президентінің бастамасымен құрылған қазақстан – американ мектебі «Мирас» орыс тіліндегі балаларды ағылшын тілінде оқуға дайындайды, бесінші сыныптан бастап ағылшын тілі оқудың жалғыз тілі болып табылады.

Қазақстандық азаматтардың біртіндеп көп саны шет тілі ретінде ағылшын тілін таңдағандықтан, германиялық жақ неміс тілінің сақталуына тырысады, ең болмағанда екінші шет тілі ретінде, ал неміс тілін негізгі шет тілі ретінде таңдағандар, шет тілін игерудің орташадан жоғары деңгейінде тілдік дайындық ала алды. Және бұл кезде, германиялық жақ, техника, заңгерлік, медицина және басқадай мамандықтар бойынша өзінің білімімен қатар, неміс тілі бойынша негізделген білімі бар, мамандарға ерекше мүдделі болады.

Қазақстанның этникалық немістеріне мәдени мәселелерде жәрдемдесу немістердің Германияға жалғасып жатқан көшіп – қонуымен күрделенеді. Эмиграция неміс тіліне қызығушылар тобын азайтып қана қоймай, сонымен қатар Германиядан қаржыланатын неміс тілі курстарының үлкен ұсынысына қарамастан, қалғандардың неміс тілі білімі әлсіз бола бастады. Сондықтан, Қазақстанның этникалық немістеріне мәдени мәселелерде қолдау жасау тілге аз бағдарлануы керек.

Елдегі германиялық ұйымдардың ұсынатын көптеген жеке шараларынан өзге, мәдени саладағы сыртқы саясат, Қазақстанда неміс мәдениетін көрсететін мекемелер желісін құруға ұмтылыстан шығады: мәдени саладағы германиялық - қазақстандық қатынастарды рәсімдеу үшін, Елшілік, Гете атындағы Институт Интер Национес, Неміс үйі, сонымен қатар германиялық - қазақстандық мекемелер: Алматыдағы Неміс театры, ДААД бұрынғы стипендиаттарының одағы, Алматыдағы Қазақстан-герман университеті және т.б. ынтымақтастықтары есебінен тұрақты шектер құрылуы керек. Бұл кезде ерекше көңіл жергілікті германия экономикасымен тығыз ынтымақтастыққа бөлінеді, ол көбінесе мәдени шараларды табысты өткізу үшін алғы шарт болып табылады.

Германия Еуропаның, саясаттық, экономикалық беталысын және Еуропалық одақ шеңберінде даму бағытын көп нәрсемен анықтайтын ірі мемлекеті болып табылады, дүниежүзінде көлемі бойынша үшінші экономикалық әлуеттілігі бар, ең алдыңғы қатарлы технологиялары бар ел. «Бұл елмен экономикалық ынтымақтасу мүмкіндігі біз үшін ерекше мүдделі екенін айтып өтуіміз керек. Одан өзге, Қазақстандағы салыстырмалы үлкен неміс диаспорасының болуы, жәнеде Германияға Қазақстаннан көшіп-қонушылар санының көптігі екі мемлекет арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың маңызын шарттандырады. Қазақстан неміс капиталы мен неміс технологиялары біздің экономикамыздың барлық салаларында болғандарын керек етер еді».25 Осылай, біз бір-бірімізді өзара толықтырамыз.

1992 жылы Қазақстанның этникалық немістерінің саны, Қазақстанның жуық шамамен 18 миллиондық халқының бір миллионға жуығын құрады. Олардың көбісі және олардың ата-бабалары Волгалық аймақтан Қазақстанға кеңес билігімен, 1941 жылғы герман шапқыншылығынан кейін жер аударылған еді және соғыстан кейінгі жылдардада қуғын – сүргінге, қудалауға ұшырады. Этникалық немістер, әртүрлі дәрежеде, неміс және орыс мәдениетімен қалыптасқан, осылай, өздерінің екі отаныныңда, ұлттық социализм және сталинизм, басымдылық көрсететін саяси жүйесінің екі рет құрбаны болды.

Этникалық немістердің қайғы-қасыреті үшін өз жауапкершілігін сезінетін Федералдық үкімет қашаннан бері оларға қолдау жасауға тырысуда және Германия Федеративтік Республикасына көшкісі келетін барлық немістерді қабылдауға өзінің дайын екендігі туралы бұрыннан жария етуде. Бірінші көшушілердің аз санды толқыны елуінші жылдардың аяғына келді, екінші толқын жетпісінші жылдардың екінші жартысында, көбірек болды (ол кезде 60000 неміс Кеңестер Одағынан көшті). Кедергісіз елден кету тек Кеңес Одағының ыдырауымен мүмкіндікті болды. Содан бері 800000 жуық этникалық немістер өз семьяларымен Қазақстаннан көшіп кетті.

Федералдық үкімет этникалық немістер үшін, экономикалық көмек пен мәдени саладығы қолдау арқылы Қазақстанда келешек құруға тырысты. Бұл жоспарда Ішкі істердің Федералдық министрлігінің бастауымен шамамен 30 кәсіпорын құрылды (негізінен ауылшаруашылығы секторында), онда Қазақстанның этникалық немістері жұмыс алуы керек еді. Еңбекпен табылған табыстың бір бөлігі әлеуметтік қорға өткізілді, одан табысы аз этникалық немістерге көмек қаржыландырылды. Бұл кәсіпорындар қазір жекеменшіктер қолында. «Возрождение», жәнеде олардың мүдделілігінің республикалық мекемесі «Совет немцев Казахстана» сияқты этникалық немістердің өзіндік көмегінің жергілікті және аймақтық мекемелері техникалық ынтымақтастық Қоғамы арқылы, кездесу Орталықтарын ұйымдастыру, көмектің әлеуметтік пункттерін құру, бала бақшасын және т.б. құру кезінде Германиядан қолдау алады. 1994 жылы Алматыда «Немецкий дом» ашылды, ол Германия Федеративтік Республикасының меншігі ретінде «Совета немцев Казахстана» және техникалық ынтымақтастық Қоғамының (GTZ) басқарушы және ұйымдастырушы орталығы болып табылады. «Жоғалтылған тілдік тамырларға еркіндік» девизімен Гете атындағы Институт Интер Национес және техникалық ынтымақтастық Қоғамы (GTZ) бүкіл Қазақстан бойынша этникалық немістер үшін тілдік курстар ашуды ұсынады. Елшілікпен, Алматыдағы Гете атындағы Институт Интер Национес және техникалық ынтымақтастық Қоғамы (GTZ) көрсететін мәдени қолдау, музыкалық және билеу қойылымдарын қаржыландырудан бастап этникалық немістерге арналған неміс тілін тереңдете оқитын мектептерді қолдауға дейін таратылады, осының бәрі мектептерге герман мұғалімдері мен материалдық құрбандықтар арқасында өтеді. Бұған тағыда, Алматыдағы Неміс театрына, неміс телередакциясына, Қазақстан – 1 мемлекеттік радиоредакцияға, сонымен қатар «Deutsche Allgemeine Zeitung» газетінің редакциясына берілетін дербес және материалдық көмектер де жатады. 1998 жылдан бері Федералдық үкімет, жыл сайынғы акция «Қысқы көмекті» өткізе отырып, этникалық немістердің көптеген мыңдағы семьясын ұнмен, күрішпен, қантпен және көмірмен қамтамсыздандырады.

Бұл қолдаудың құқықтық шектеуін 1996 жылы қол қойылған, 19990жылы күшіне енген неміс ұлтты қазақстандық азаматтарды қолдау кезінлегі ынтымақтастық туралы герман-қазақстан Келісімі құрады. Ретті түрде қолдау бойынша шараларды келісудің герман-қазақстан комиссиясының мәжілістері өтіп отырады, (соңғы мәжіліс 2001 жылы Астанада өтті).

Осындай шараларға қарамастан, Германияға кеш көшушілер әлдеде жалғасуда, шамамен жыл сайын 50000 адам (олардың семья мүшелерін қосқанда). Сондықтан этникалық немістер Қазақстаннан кететін эмигранттардың ішіндегі ең көпсандысы болып табылады. Кейбір этникалық немістер Қазақстаннан Ресей Федерациясына көшіп қонады. Соңғы санақ жүргізу кезінде, 19990жылдың басында 353400 адам өздерін этникалық немістер қатарына жазды, олардың нақты саны 300000 адамнан кем санды құрайды.

Тапсырушылар, кеш қалған көшушілер ретінде түбірлерінің неміс екенін, жастайынан неміс мәдениетінде тәрбиеленгенін және оны толық мойындайтынын дәлелдеулері керек. Оларға (басқа елдерден кетіп жатқандармен салыстырғанда) ұлттық белгісіне қарай бастарынан айырудың өткенін дәлелдеудің қажеті жоқ. Германиялық жақ жалпы ұйғарады, тек бұл болмайтын жағдайлардан өзгесін (көрнекі саяси немесе кәсіби қызмет, соның салдарынан тоталитарлық жүйеге ерекше байлану). Мәдениет көбінесе неміс тілі арқылы берілетін болғандықтан, сондықтан неміс тілін ең болмағанда шектеулі білу кешіккен көшуші ретінде мойындау үшін алғы шарт болып табылады. Егер 1996 жылға дейін тілдік білім қабылдау процедурасы кезінде Германияда тексерілсе, ал қазір алдын-ала тексеріс Қазақстанда жүргізіледі (Елшілікке жіберілген Федералдық әкімшілік ведомстваның қызметкері жүргізеді). Осылай, Германиядан бас тарту алғандардың кері қайтуы сияқты қатаң шаралар қысқарады. Семьялар бұзылмауы үшін, Германияға кешіккен көшуші ретінде мойындалмағандардың семья мүшелеріде кіре алады: әйелдері, күйеулері және балалары.

Көшіп қону жағдайында этникалық немістердің келешегі айқын емес. Этникалық немістер өкілдері барлық уақытта ұмтылған және ұмтылатын, мәдениеті мен тілін сақтау үшін бір аумақта тұруды қайта құру, Қазақстанда көптеген ерекше экономикалық аймақтардың жойылуы кезеңінен бері мүмкін емес. Қазақстанның этникалық немістеріне орысша тілді ортада қазақ және ағылшын тілдерінің өсіп бара жатқан ықпалында өзінің мәдени және тілдік тамырын сақтап қалуы немесе қайта құруы керек. Бұны жергілікті күрделі экономикалық жағдайларда жүзеге асыру жай емес. Германия Федеративтік Республикасы келешекте ол Қазақстанның этникалық немістеріне көмектесуге уәде берді. Бұл Қазақстан Үкіметініңде ресми саясатына сәйкес келеді. Осылай, Президент Назарбаев өзінің 2001 жылғы қарашаның басындағы ресми сапары кезінде, этникалық немістердің Қазақстанда қалуынна мүдделі екенін атап өтті, жәнеде германиялық жақпенен сәйкес шаралар туралы, әсіресе экономикалық қатынастардың қарқындауы контекстінде келісті.

ГФР – Қазақстанның бұрынғы отандастарының үлкен саны тұратын ел. Бұл фактор ерекше маңызды фактор. Этникалық немістер проблемасы екі жақты қатынастарда, барлық уақытта, ең бір ауыр мәселе болды. Біз үшін неміс халқының, бір миллионға жуық халықтың үштен екісі республикадан көшіп кетті, көшуі сезінетіндей экономикалық жара. Тоқсаныншы жылдардың басында өзінің қандастарын қабылдауға принципті курс ұстанған, Германия үшін, қатынастың бұл саласы бірте – бірте ірі әлеуметтік және экономикалық проблемаға айналуда. 1997 жылы-ақ Бонн, егер немістер өзінің жинақы тұрған жерлерінде қалатын болса, ол оны тек қана мақұлдайтыны туралы белгі бере бастады.

Осымен бірмегілде неміс биліктері ГФР кіру ережелерін қатаңдата бастады, әртүрлі тестілер енгізді, оның ішінде тілдік тесттер. Дегенмен Қазақстан, Қазақстанда неміс территориялық автономиясы қандайда нысанда құрылу мүмкіндігі болмайтынын ашық айқын айтты. Бұл уақытқа ол өз мәнінде жоғалқан еді, өйткені экономикалық белсенді және жекеленген неміс текті азаматтар республикадан кетіп қалғанды. Өткен жылдың мамырында, И. Фишердің ресми сапары кезінде, екі жақта келісімге келді, ол этникалық немістер проблемасын шешудің ең дұрыс нысаны, Германия жағынан адресті көмек көрсету. Бірақ германиялықта, қазақстандықта министрліктер жағынан, мұндай көмектің механизмі қалай жұмыс істеуі керек екенін ешкім әзірше білмейді.

Ал әзірше біздің бұрынғы отандастарымыз қазіргі Германияның әлеуметтік – экономикалық құрылымына, неміс халықтарының Қазақстанға деген мүддесінің өсуіне ықпал ете отырып, бірігуде.

Сөз жоқ, шет елдік мемлекетте басқа елден келгендер немесе этникалық диаспоралардың болуы мемлекеттер арасындағы өзара қатынасқа өзіндік бояу мен ерекшелік енгізеді. Ертедегі де, қазіргіде тарихтың көрсеткеніндей, мұндай өзара қатынастар белгілі бір себептер күшімен негативті, қарулы қарама-қарсылықтарға дейін (мысалы, Балкандағы қазіргі жағдайлар), және позитивтіде, диаспора өкілдері мен басқа елдерден келгендер, бір-бірін өзара байытып, елдер арасындағы байланыстырушы буын болған кезде, бола алады.

Осы контекстте Германияда Қазақстаннан шыққандардың екі тобы бар, оларда тарихпен байланысқан.

Бірінші топқа этникалық қазақ диаспорасын жатқызуға болады. Бұл қазақтардың ата-аналары мен аталары, репрессиядан қашып Қазақстан территориясын тастауға мәжбүр болған, 20-30 жылдары Қазақстаннан кетіп, ал 50 жылдардың ортасында жалданбалы жұмыс күші “гастарбайтерлер” ретінде Түркиядан ГФР келген қазақтар. Олардың көбісі Түрік азаматтары болып табылады. Қазақтардың бұл категориясының дәл саны туралы мәліметтерді біз білмейміз, өйткені германиялық статистикада олар түрік азаматтары ретінде есептеледі, ал “ұлт” ұғымы германияда “азаматы” ұғымымен теңеседі. Кельн қаласының қазақтары қоғамының мәліметі бойынша, олардың Германиядағы жалпы саны 700 адамға жетеді.

Екінші топқа Германияға Қазақстаннан кеңес және одан кейінгі кезеңдерде келгендерді жатқызуға болады. Сөз кешігіп көшіп қонған немістер туралы. ҚР шыққандардың бұл категориясы саны жағынан жеткілікті ірі болып табылады және ҚР мен ГФР арасындағы өзара қатынастың әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық өзіндік ерекшелігіне ықпал етеді. Осыған қарамастан, Қазақстаннан ГФР тұрақты тұруға 700 мыңға жуық біздің отандастарымыз көшіп кетті, елде әлдеде 300 мың немістер өмір сүріп жатыр. ГФР үкіметімен бірге біз басынан ұзақ мерзімдік мүддеге жауап беретін саясат жүргіздік, – немістердің Қазақстанда қалуына жәрдемдесу. Ал Германияда тұрып жатқан біздің отандастарымызға қатысты, бұл адамдардың Қазақстанмен байланысты үзбеуі ең маңызды мәселе. Олыр біздің елімізбен ГФР арасындағы маңызды байланыстырушы “көпір” бола алады.

Германияда ҚР шыққындар санының көп болуы, этникалық қазақтардыңда, көшіп қонған немістердіңде, ҚР азаматтарының мүдделерімен құқықтарын қорғаумен, ҚР азаматтығымен, паспорттарды айырбастау және ұзартумен, визалар алумен, Аоаж бен нотариат органдары қызметтерінің орындалуымен, ҚР құқыққорғау органдарының тергеуші және сот тапсырмаларының орындалуымен, мұралану мәселелерінің шешілуімен және басқалармен байланысты көптеген сұрақтар туғызады.

Жоғарыдағы себептер күшімен, Қазақстан Германияда, күн сайын ҚР көптеген мемлекеттік органдарының қызметін атқаратын, ең кең консулдық мекемелер торын игереді.

ҚР елшілігі шет елдердегі отандастарын қорғауға өзінің уәкілеттілігі шегінде барлық шаралық қолдаулар көрсетуі керек. Жәнеде көңіл ҚР азаматтары мен этникалық қазақтарға теңдей дәрежеде бөлінуі керек, және ҚР азаматтығынан шыққан, бірақ шынайы қатынасын ұстанатын, өзінің бұрынғы отанымен ыстық байлыныстағы адамдарғада бөлінеді. Біздің елімізде жыл сайын 50 мыңға жуық ГФР азаматтары болатыны қуантады, олардың басым көпшілігі – біздің бұрынғы азаматтарымыз.

Қоныс аударғандар мен Қазақстан Республикасы арасындағы байланыстар мен қатынастар динамикасын көрнекі көрсететін мәліметтер бар. Жоғарыда айтылғандай, ҚР келуге алынатын рұқсатнама саны, оның көп мөлшері бұрынғы азаматтарға беріледі, қоныс аударғандар мен Қазақстан Республикасы арасындағы байланыстар көрсеткіші болып табылады. Келулер көбінесе істік сипаттағы келістер, не экономикалық өзара қатынастарымен емес, негізінен ностальгиялық, дегенмен келулер істік мүдделі болатында мысалдар баршылық. Елшілік осындай ынтымақтастықтың және қоныс аударған немістер мен қазақстандық кәсіпкерлер арасындағы бизнестің болуына жәрдемдесуге тырысады.

Туристтік және жеке рұқсатнамалардың негізгі мөлшері ( 80% дейін) ҚР бұрынғы азаматтарына беріледі. Осының өзі біздің бұрынғы отандастарымыздың Қазақстанмен байланыста екенінің көрсеткіші болып табылады.

Көптеген қоныс аударушылардың өзінің әлеуметтік статустарымен соншалықты риза еместігі жасырын емес. Біздің және неміс нақтылықтарындағы олардың тәжірибелері мен практикалық білімдері қазіргі Қазақстанға керек. Бұл мәселе Қазақстанға ғана емес, сонымен бірге Германияға да актуалды болып табылады. Көбінесе ауылдық жерде тұрған, жер еңбегін танитын, Қазақстанда еңбекшіл халық атанған, Қазақстан немістері кенеттен урбанизацияланған Германияға тап болады. Қоғамның керек етпеуі кез-келген адам үшін ең үлкен қайғы және образды айтсақ, Германияда әлеуметтік көмекке “отырып” (еңбек рыногіндегі үлкен бәсекелеске және ГФР қазіргі өміріндегі жоғары талаптарға сай), кез-келген өзін силайтын адам өзін кемтар сияқты, қоғамға қажетсіз санайды. Осыдан келіп, ТМД елдерінен келген жастар арасында қылмыскерліктің өсуі және бірігу проблемасының тууы және соның салдарынан жаңа өмірге қанағаттықтың болмауы.

Германияда Қазақстаннан және ТМД басқа елдерінен қоныс аударғандарды кері айдау жағдайы сондықтанда басым. Мұндай жағдайлар Германияда көп жыл тұрған адамдар арасындада болады. Бұл, осы адамдардың герман қоғамында, неміс тілін жеткілікті білмеуінен, біріге алмағанымен түсіндіріледі. Көзіңізге елестетіңіз, егер Қазақстаннан қазақ тілін білмегені үшін күштеп айдап жатса. Қазақстанның бүкіл тарихында мұндай болған емес, болуыда мүмкін емес. Немен түсіндірілседе, мәні бойынша бұл жағдай, тіл белгісі бойынша дискриминация болып табылады. Адам құқығын қорғаушы ролінде жиі көрінетін қазіргі Германияда осындай практиканың болуы таңқалдыратын жай. Бұл адамдар егер халықаралық сотқа шағынса, өз құқығына қажетті қорғаныс таба алады. Мұндай жағдайлар Қазақстанның бұрынғы және қазіргі азаматтарының мүддесін қозғайды, адам құқығы, тегінде, ұлттық үстіндегі бағалылық болып табылады.

ССРО ыдырауынан кейін ауыр экономикалық дағдарыстан өткен Қазақстан, азияттық және ресейлік дағдарыстар салдарынан, біртіндеп өзіне келе бастады. Практика жүзінде барлық салаларды қамтыған, тұрақты экономикалық өсу туралы айтуға болады. Өсу қарқындылығы жеткілікті жоғары. Қазақстан экономикасының көтерілу шамасына қарай біліктілікті мамандарға қажетсіну жылдан-жылға арта береді, оның ішінде шағын және орта бизнес саласында, әсіресе соңғы жылдары көп қиындықтар көрген ауыл шаруашылығында. Осыған байланысты, шет елдегі біздің отандастарымыз, атап айтсақ Германиядағы, өздерін таныс ортада іске асыра алады, бірақ жаңа ретте – жаңа технологиялы Германия мен ресурстарға бай және үлкен әлуеттілікті Қазақстанның байланыстырушы буыны ретінде деп сенім білдіргіміз келеді. Бұл Германия Федеративтік Респуликасының да мүддесімен сәйкес келеді және екі елгеде өзара тиімділік әкеле алады.


3.2. Ізгіліктілік саласындағы келісімдер мен қызмет

Экономикалық кооперациялардан өзге, біздің елдеріміз мәдени және ғылым - білім салаларындада белсенді ынтымақтасады. Бұл ынтымақтастық 1994 жылғы мәдени ынтымақтастық бойынша Келісім шеңберінде жәнеде жеке ұйымдар, жоғары оқу орындары, қорлар мен жобалар деңгейіндеде жүзеге асады. Гуманитарлық байланыстарды ныңайту үшін үлкен маңызды рольді 90-шы жылдардың басынан бергі әрекеттегі Неміс үйі, Алматыдағы Фридрих Эберт атындағы Қордың өкілділігі және 1999 жылы құрылған Гер­ман-қазақстан университеті.

Қазақстанның тәуелсіздігінің 10-жылдығына арналып Берлинде өткен, «Қазақ мерзімі», басқа неміс қалаларындада өтіп, өткен жылдың желтоқсанында аяқталды. Ынтымақтастықтың осы саласы арқасында біздің еліміз туралы Германияда көп нәрсені білді. Алматыдағы Неміс үйіне ұқсас Кельнде немесе Мюнхенде Қазақтың мәдени орталығын ашу мәселесі қойылуда.

Біздің ГФР қатынасымыздың тағы бір маңызды саласы Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсету және Германияның этникалық немістерге қатысты саясаты болып табылады. 31 мамыр 1996 жылы Алматыда Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы үкіметтерінің арасында Қазақстан Республикасының неміс ұлтты азаматтарын қолдау бойынша ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойылды26. Қазақстанда соңғы он жылдың ішінде бірқатар гуманитарлық ұйымдар әрекет етеді, «Врачи без границ», ХСГ (Христианская солидарность Гермеринга), Cai Deutschland сияқты және басқалары. Өткен жылы неміс Қызыл Кресті 2,5 мл. марка мөлшерінде гуманитарлық көмек көрсетті, әртүрлі үкіметтік емес ұйымдар жағынан көрсетілген көмек сомасы 2,5 млн. марканы құрады. Тоқсаныншы жылдардың ортасында немістің гуманитарлық көмегі ондаған миллион маркалармен есептелді, және оның қысқаруы Қазақстандағы әлеуметтік – экономикалық жағдайдың жақсаруы туралы куәлендіреді. Шығыс елдеріндегі 90-шы жылдар басындағы бетбұрыстан соң прогрессивті трансформацияланған процестер дами бастады және барлық салаларда жаңа бастамалар мен қайта құрылулар, түбегейлі құрылымдық өзгерістер, қайта құруға ұмтылу басталды. Саяси және қоғамдық ұйымдар демократиялық заңдандырылды, заңдар, басқару өзгеруде және жаңалануда, заңгерлік пен әлеуметтік жүйе демократиялық мемлекеттік орнықтырудың алғы шартын, ашық плюралистік қоғам және қолданбалы нарықтық экономика құру үшін қайта құрылуда. Экономикадағы өзін басқару, автономды мемлекеттік емес ұйымдар, қайта құрылымдау, кәсіпорындарды жекешелендіру және консо­лидация, тиімді менеджмент және экономиканың және қоғамның экологиялық проблемеларын сезінудің дамуы қайта құрылу процесінің бөлшектері болып табылады.

13.07.1993 жылғы Федералдық үкіметтің, Орталық және Шығыс Еуропа елдеріне /Жаңа тәуелсіз мемлекеттерге Федералдық үкіметтің кеңес беру көмегі туралы шешімі, дамушы елдер құрылымынды елдердегі экономикалық және әлеуметтік өзгерістерге жәрдемдесу, оның ішінде Орталық Азия, мамандар көмегімен және экономикалық ынтымақтастық пен дамудың Федералдық министрлігі жетекшілігімен жүзеге асады.

Экономикалық ынтымақтастық пен дамудың Федералдық министрлігі Федералдық үкіметтің реформаларын қолдау саясаты көлемінде мемлекеттің, экономиканың, қоғамның және басқарудың орталық салаларындағы шараларда шоғырланады.

Дамуға көмек көрсету бойынша Қазақстанмен ынтымақтастық 1993 жылы басталды.

Осы кездегі екіжақтық ынтымақтастықтың келесідей компоненттері болады:



  • Қаржылық ынтымақтастық (ҚЫ). Ол негізінен инфрақұрылымдық өзгерістерді құру және қаржыландыру үшін жеңілдікті несиелер нысанында жүзеге асады (экономикалық және әлеуметтік), жәнеде тікелей құрылымның жалпыэкономикалық және секторлық өзгерістерін қолдау үшін, бұл Қазақстан жағдайында: ұзақтығы 40 жылдық несиелердің жылдық пайыздық мөлшерлемесі - 0,75 %, 10 жыл пайызды төлеуден босатылу.

  • Техникалық ынтымақтастық (ТЫ). Оның мақсаты серіктестік ынтымақтастық арқылы серіктес елдердегі адамдар мен ұйымдардың тұрмыстық жағдайдын өз бетінше жақсарту күйіне әкелу болып табылады. ТЫ дотация түрінде беріледі.

  • Дербес ынтымақтастық (ДЫ). Ол негізінен мамандар мен жетекші кадрлардың оқуын қамтиды, жәнеде олардың кәсіптік бірігуіне жәрдемдесуді (әсіресе жеке кәсіпорындар құруда). Қазақстанмен дербес ынтымақтасу кеңейіп келеді. Қазіргі кезде Қазақстанда Халықаралық миграция мен дамуд Орталығының 3 эксперті жұмыс істеуде.

Өзінің Қазақстанға бірінші ресми сапарына байланысты сол кездегі Экономикалық ынтымақтастық пен дамудың Федералдық министрі Шпрангер мырза 15 млн. неміс маркасы мөлшеріндегі қаржылық ынтымақтастықты және 13 млн. неміс маркасы мөлшеріндегі техникалық ынтымақтастықты мақұлдады. Осы ресми сапарда басталған дамуға көмек бойынша диалог 1997 жылы Федералдық министр Шпрангердің ресми сапарымен жалғастырылды, жәнеде экономикалық ынтымақтастық пен дамудың Федералдық министрінің парламенттік статс – хатшысы Хедрих мырзамен.

Екі үкімет өкілдері келешектегі ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылаған, екі жақты үкімет аралық келіссөздер, Астанада 2000 жылы өтті. Германия үшін Қазақстан көмек көрсету бойынша ынтымақтастық шеңберінде серіктес ел статусының дамуында, бұл келешектегі ынтымақтастықтар негізгі бағыттарда шоғырлануы қажеттігін көрсетеді.

Дамудың көмек көрсету бойынша екі жақты ынтымақтастығының жалпы көлемі (2000 жылдың аяғындағы күй) 191,43 млн. неміс маркасын құрайды, және бұл кездегі қаржылық ынтымақтастыққа 135,00 млн. неміс маркасы келеді және техникалық ынтымақтастыққа 56,43 млн. неміс маркасы келеді. Германия Жапония мен АҚШ-пен қатар дамудың көмек көрсету бойынша екі жақты ынтымақтастығында Қазақстанның маңызды серіктесі болып табылады.

Қаржылық ынтымақтастықтың, бүгінге дейін жүргізілген негізгі шаралары: тоқыма секторына көмек (бөлшектерді қаржыландыру),



  • көлік секторындағы бағдарлама (теміржол вагондары үшін электробөлшектер қою),

  • дербес өнеркәсіптік секторды модернизациялау,

  • жақын қашықтықтарға көліктік секторына көмек (Палодардағы қоғамдық көлік үшін автобустар бөлу),

  • шағын және орта бизнес үшін несиелік бағыттар (жеке кәсіпорындар құруда және өнеркәсіптердегі шағын және орта бизнестер саласындағы кәсіпорындарды модернизациялауда қолдау көрсету),

  • Арал аймағын ауыз сумен қамтамасыздандыру (дайындық стадиясында, қайтымсыз дотация),

  • туберкулезбен күресті қолдау (дайындық стадиясында, қайтымсыз дотация).

  • Техникалық ынтымақтастықтың бүгінге дейін жүргізілген негізгі шаралары:

  • экономика Министрлігіне кеңес беру және экономиканың ҒЗИ құру,

  • кәсіптікке оқу мен біліктілікті жоғарылату,

  • Оңтүстік Қазақстандағы ауыл шаруашылығын жекешелендіру процесінде көмектесу (Саксония жерімен қоса),

  • Алматы қ. ақпасу жүйесіндегі су ресурстарын қорғаудағы экономикалық шаралар,

  • Солтүстік Қазақстандағы фермерлер Одағының жұмысына жәрдемдесу және ауыл шаруашылығы үшін кадрларды оқыту,

  • Еңбек рыногін қамтамасыздандыру және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу саясаты,

  • Қостанай, Көкшетау, Астана және Алматы аграрлық университеттерінде оқу мен біліктілікті жоғарылатуға жәрдемдесу,

  • Шағын және орта кәсіпорындарға, сонымен қатар Қостанай, Павлодар және Оңтүстік-Қазақстан облыстарындағы бастаушы кәсіпкерлерге жәрдемдесу.

Ғылыми зерттеу және мамандар қорынан қазіргі кезде келесі шаралар қолдау табуда:

  • бағалы қағаздар биржасына кеңес беру,

  • статистика бойынша Ұлттық агаенттікке жәрдемдесу,

  • құқықтық кеңестер, соттық жүйе, құқықтар қауіпсіздігі,

  • ТМД елдеріндегі азаматтық құқықтың келісілуі,

  • Өскемендегі жер асты суларының санациясы,

  • Халықтық жинақ банкі үшін несиелеу бойынша операторлар оқыту.

Техникалық ынтымақтастық 1997 жылы қарашада Боннда Қазақстан Президенті Назарбаевтың ресми сапары кезінде қол қойылған Келісім негізінде жүзеге асады. Қазақстан жағынан ратификация процедурасы 1999 жылы желтоқсанда аяқталды, яғни Келісім өз күшіне 2000 жылы қаңтарда енді. Келісім техникалық ынтымақтастық бойынша, әсіресе Қазақстандағы техникалық ынтымақтастық бойынша неміс эксперттерінің құқықтық статусы, жобаларды іске асыру шарттарын принципті реттейді.

Германияға ресми сапары кезінде Президент Назарбаев қаржылық ынтымақтастық туралы 1998/1999 жылдар және 2000 жылға Келісімге қол қойды.

«Немецкая государственная компания по развитию бизнеса и инвестиций», «Общества Карла Дуисберга», «Службы экспертов-сениоров» сияқты ЖШС қызметі, жәнеде Фридрих Эберт атындағы қор Қазақстанмен мемлекеттік аралық ынтымақтастық көрінісін толықтырады.

Одан өзге, Германия Федеративтік Республикасы ЕС «ТАСИС» бағдарламасын қаржыландыруға өз үлесін қосады. 1991 жылдан бері Қазақстанға 100 млн. жоғары экю бөлінді. Бүгінгі күнге дейін «ТАСИС» бағдарламасының маңызды секторлары болғандар: жекешелендіру, мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құру, қоғамдық басқару реформасы, ауылшаруашылығын, коммуникацияны қайтақұру және саяси кеңестер. «ТАСИС» жұмысының жаңа ережелері 1 қаңтардан 2000 жылы күшіне енді. Ол бүкіл серіктес елдерге 3,5 млн. экю көлемінде көмек көрсетуді қарастырады. Ережелер едәуір жақсарды: ашықтықтың жоғары дәрежесі, демократия мен құқықтық мемлекетке жәрдемдесуді ныңайту, инвестиция көп – кеңес аз.

Германия Федеративтік Республикасы халықаралық ұйымдар шеңберінде Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамуына маңызды үлес қосады:


  • Азия даму банкісі

  • Еуропа жаңғыру және даму банкісі

  • Дүниежүзілік банк және оның қаржылық ұйымдары

  • Халықаралық валюта қоры.

Қазақстан үшін 1993 жылдан 1997 жылдарда халықаралық ұйымдар төлеміне Германияның үлесі жалпы қосындысында 30,1 млн. неміс маркасын құрды. Федералдық үкімет бұданда көп сома беруге дайын.

Қазақстандағы Германия Федеративтік Республикасы Елшілігі әсіресе «Техникалық ынтымақтастық бойынша шағын жобалар» көлемінде тез және әрекетті өзіндік көмек бойынша жеке жобаларды қолдайды. Бұл кезде халықтың кедей және өте кедей қабаттарының негізгі қажеттіктерін қолдауға бағытталған шаралары басымды. «Техникалық ынтымақтастық бойынша шағын жобалар» бойынша шаралар 15.000 неміс маркасы көлемінен аса алмайды. Сонымен қатар ондағы жергілікті органдардың үлестік қатысуыда тіленеді – халық еңбегі. Соңғы уақытта қаржыландырылды:



  • Балқаштағы балалар ауруханасының жөндеу жұмысы,

  • Өскемендегі Александра фон Гумбольдт атындағы гимназияға мектеп жиһаздары,

  • Павлодардағы “Самал” балалар үйі үшін құрылыс материалдары,

  • Аматыдағы туберкулезбен ауыратын балалар санаториясы үшін құрылыс материалдары,

  • Шонжыдағы мектеп төбесін жөндеуге арналған құрылыс материалдары,

  • Алматы керең және әлсіз естуші балалардың арнайы мектебі үшін тігіс машинкалары

ҚР мен ГФР келісімінің 20 статьясында экономика, өнеркәсіп, ғылым және техника саласындағы кең масштабтағы ынтымақтастықты дамыту туралы айтылады:

«Шарттасушы жақтар, экономиканың мамандары мен жетекші кадрларының біліктілігін жоғарылату және кәсіптік дайындық нарықтық реформа процесін жүргізу кезінде басым екенімен келісіп, осы салада тығыз ынтымақтасу туралы келісті. Германия Федеративтік Республикасы жәрдемдесудің қолданбалы бағдарламаларын Қазақстан Республикасына таратуға дайындығы туралы хабарлайды және мүмкіндігінше, оларды кеңейтуге. Шарттасушы жақтар өздерінің кәсіпорындары мен ұйымдарын кәсіптік дайындық саласында өз ынтымақтастықтарын қарқындатуға ынталандырады».27

Алматыдағы № 1 кәсіптік лицей республикада бірінші білікті кадрлар дайындаудың кооперативтік жүйесін енгізді. Оның мәні, кәсіпті кадрларды тапсыратын кәсіпорындар оларды бірігіп дайындау бойынша серіктес болды және кәсіптік оқуға қаржылық қаражатты бірге бөледі. Жаңа жүйе “Қазақстандағы кәсіптік білімге жәрдемдесу” қазақстан-герман жобасының арқысында құрылды. Оны тезникалық ынтымақтастық бойынша Германия қоғамы және нарықтық экономика мен кәсіптік оқу саласындағы кеңес бойынша Қазақстан орталығы жүзеге асырды. Енді олар экспериментті кеңейту туралы шешім қабылдады. Мұндай жүйе жоба шеңберінде тағы екі лицейде енгізілуде - Павлодарда және Көкшетауда. Оларда қонақ үй, мейрамхана шаруашылығы, банкілік істер және ауыл шаруашылық механиктерінің мамандарын дайындау басталды. Оқу неміс мамандары дайындаған бағдарламалар негізінде жүргізіледі. Жалпы эксперимент процесінде герман педагогтары Қазақстандағы бастауыш және орта кәсіптік білім жүйесін қайта құрудың негізгі бағыттарын өңдеуді жөн көруде.

Этнолық мәдениет саласында жиі ашулы полемикалар пайда болып жатады, мысалы, 26 ақпанда Алматыда ГФР мен ҚР елшіліктерімен ұйымдастырылған, біздің елдеріміз арасындағы дипломатиялық қатынастың орнығуына он жыл толуына орай ұйымдастырылған қоғамдық-саяси симпозиумда.

Онда екі елдің эксперттері Қазақстанның дамуының қазіргі этапына арналған мини-дебаттар өткізді. Сөз сөйлеу бағдарламасы дәстүрлік блоктарға бөлінді, негізінен қазақстан қоғамының тұрмысының басты салаларына арналған: саясат, экономика, мәдениет және білім. Немістер жағынан төрт баяндамашыға отандық әртүрлі саладағы мамандар оппонент болды. Барлығыда белгілі кісілер. Тыңдаушылар арасында ерекше резонанс шақырған, бір қарағанда ғылыми баяндама сияқты, Мюнхеннен келген этнолог Андреа Шмитц ханымның баяндамасы болды.

Баяндамадан алған жалпы сезім оптимисті болар еді. Екі жақта Қазақстанның нарықты экономика мен демократиялық қоғамда негіз салуда жеткен жетістіктерін айтып өтті, ал кейбір дағдарыстық құбылыстар өтпелі кезеңнің заңдылықтарымен түсіндірілді. Барлығыда, демократияның жас құрысшылары үшін шет елдік серіктестер дайындаған, таныс шеберлік сыныбын көрсетті: конструк­тивті (дәлірек айтсақ, тыныш) үлкен жетістіктер аясындағы сындар. Ал қортындысында жақсы тілектер мен келешекке әкелік ақылдар.

Дегенмен көндікті үйлесімге Шмитц ханымның сөзі кедергі келтірді, ол қазақстандық қоғамның ерекшеліктеріне өз бағасын беруге тырысты. Айта кететініміз, оған ресми түрде Мұрат Әуезов оппонент болды, ал ресмисіз - симпозиумға қатысушылардың көп бөлігі.

Бес жыл аумағында Қазақстандағы айырбастаудың Неміс академиялық қызметінің координаторы болып табылатын Шмитц ханымның баяндамасы, өзінің атауымен-ақ сақтықты керек етер еді – “Қазақ қоғамындағы трайбализм және оның олигархтарға ықпалы».28 Дегенмен, өзінің тақырыбының соншалықты жанжалды екеніне қарамастан Шмитц ханым, Қазақстанның саяси бетке ұстарларына тектік жіктеу берген жоқ, сонысымен тыңдаушылардың кішкене көңілін қалдырды.

Ғылыми зерттеудің жан-жақты мұқияттылықты қарастырудың тақырыбы болып дәстүрлі қазақ қоғамының құрылымы табылды. Әлеуметтік антропологияның қазіргі теориясына сүйене, қазақ тілінің көрнекі білімін көрсете отырып, баяндамашы қазақтардың тектерге бөлінуінің феномені мен функционалдық ерекшеліктерін талдауға тырысты.

Шмитц ханымның сөзі бойынша (әзірше өз зерттеулерін гипотеза ретінде қарастырады), бұл бөліну әлеуметтік құбылыс ретінде зерттелуі керек, өйткені ол біріншіден қазақ халқының генеологиялық дарақ нысанында қоғамдық түйсікте кодталған (шежіре), екіншіден, қоғамдық қатынаста әлуетті реттеуші ретінде қолданылды және қолданылуда.

Сөз, қазақ қоғамының, тектерге (ру) тайпаларға (ру) және тайпалар одағына (жүздер) жай бөлініп қана қойғанында емес, олардың өздерімен иерархиялық комби­нация көрсетуінде.

Жүздердің атаулары - ұлы, орта және кіші – осының өзі белегілі бір дәрежеде олардың бір біріне қатынасы бойынша жайғасымы туралы көрсетеді. .

Жүздердің өзінде, шамасы мен тектің тарихи даңқына тәуелді “аға” мен “іні” арасындағы айрықшалық жасалады, олардың статусы жалпы генеалогияда көрсетілген. Одан өзге, өкілдері некеге түсетін тектер арасындағы қатынастың регламенттелуі үлкен маіызға ие. Патримони­алдық практика, әкесі бойынша балаларының қайсы текке жататынын анықтаушы, келесі нормамен өтеледі, оған сәйкес шешесі жағынан туысы (нағашы) жоғары статусқа ие болады. Осылай, тектер аралық қатынас динамикасы құрылымдық тұрақтылықта болады.

Бұдан соң Шмитц ханым қорытынды жасады: қазақ қоғамында трайбализмнің кейбір элементтері бар, өйткені оған тектік, нормативті топ аралық үлкендік және динамикалық тектік статусы сипатты. Айта кету керек, трайбализм ұғымы әуел бастан ерекше негативтік мәнді емес еді. Ол батыстық этнологтармен өзіндік қоғамдық орнықтылықты белгілеу үшін енгізілген, ол көптеген үшінші әлем аталатын елдерде байқалды және классикалық қоғамтану көлеміне енбеді.

Өазіргі мемлекеттің саяси- құқықтық институттары болмағанда трайбализмнің жоғарыда айтылған элементтері негізгі әлеуметтік реттеуші ролін атқарды, бізге кәдімгі өқөыө ретінде белгілі жүйеде қалыптаса отырып. Бұл елдерде батыс демократиясы мысалында, мемлекеттік жүйе құрылысы басталғаннан соң, трайбализм ақпарат пен қызмет көрсетуде айырбастау бойынша халықаралақ және тектер ішіндегі тордың өзіндік түрінде сақталды.

Бұл тор мемлекеттік – құқықтық жүйемен белсенді бәсекелесуге қабілетті, жеке және әулеттік байланыстарға заңды айналып өтуге мүмкіндік береді. Бұл трай­болизм мемлекеттік деңгейде пайда болғанда жүреді, биліктік бетке ұстарлар мен саяси тұрмыстың қалыптасуында роль атқарады. Осындай әулеттік – тектік қатынастар салдарынан жемқорлық пен құқықтық шексіздігі ғана емес, сонымен бірге азаматтық соғыста болуы мүмкін.

Шмитц ханым мұндай сценарийді болжаған жоқ. Ол тек қана қазақ қоғамында текті тайпалы бөліністің бар екенін қортындылаумен шектелді. Ол белгілі бір деңгейде республикалық және аймақтық деңгейдегі саяси бетке ұстарлардың қалыптасуына ықпал етуі мүмкін. Мысал ретінде, Д.Қонаев биліктен кеткеннен соң, ұлы жүздің бетке ұстарларының республикалық маңызы бар жайғасымды жоғалтқысы келмеуімен түсіндірілетін 1986 жылғы желтоқсан уақиғасы келтірілді.

Тура осы тармақ оппонент сынының орталық аспектісі болды. Өз көзімен көрген Әуезов мырза, ереуілге шығушыларды саяси лидерлердің тектік амбициялары қозғалпағанын, жәнеде Жаңа алаңда орасан зор болды делінген алкоголь мен наркотиктерде емес екенін, сендіре дәлелдеді. Оның пікірінше, жастар, алматылық уақиғаны ССРО халықтарының егемендік шеруіндегі бірінші акт деп атауға мүмкіндік берген, өзін - өзі билеудегі қазақ халқының демократиясы мен құқығы лозунгісі астында шықты.

Ары қарай, зерттеудің ғылыми ұқыптылығын бағалап, "Сорос-Қазақстан" қорының президенті Шмитц ханымның қазақтардың тектер мен жүздерге бөлінуінің әлеуметтік-саяси маңызы туралы негіздемесіне күдік келтірді. Ол "Қыз-Жібек" эпосының мысалында қазақ халқында оның мәдени бірлігін қамтамасыз ететін, шоғырландырушы идеяның бар екенін көрсетуге тырысты.

Соңында Әуезов мырза, 20-сыншы жүзжылдықта дүниежүзілік соғыстардың, ұжымдастырудың, күштеп көшірудің және зұлматтықтың, ядролық сынақтың, экологиялық эксперимент – апаттарының сұмдықтарын басынан кешірген, Қазақстан халқы осы трагедиялық тәжірибенің барлығын сезінбеуі мүмкін еместігін және ортағасырға шегінуді болдырмайтынын атап айтты. Прогреске сеніммен қазақстандықтар ашық қоғам құруға және батыстық демократтармен теңдесуге қабілетті.

Симпозиумның ең қызғылықты жері болған, бұл пікірталас, өте қарама – қайшы әсер қалдырады. Бір жағынан, ол соқырдың кереңмен диалогын көз алдыңа әкеледі. Шмитц ханым өз қорытындыларында, әулеттік сара сана әлуетті маңызды фактор болып табылады және Қазақстанның қоғамдық – саяси өмірі үшін үлкен мәні бар, деп есептейді. Әуезов мырза, өз жағынан, қазақстан халқы тарихи тәжірибелермен біріккендігін және қоғамдағы жіктелуді болдырмайтынына сендіреді. Эксперттер қоғамның дамуындағы қарама – қарсы құбылыстарды бір – бірін өзара жоққа шығаратын емес, диалектикалық бірлікті құраушы деп қарастыратындай сезім пайда болады.

Екінші жағынан, неміс этнологтарының қазақстан қоғамын ғылыми талдау негізінде қарастыруы, біздің ғалымдарымызды үміттендіреді және тарихи ғылым мен этностық мәдениет саласындағы қатынастың ары қарай дамуына итермелейді.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет