1 тарау. Физикалық шамалар. 1нұсқа



бет1/8
Дата16.10.2019
өлшемі128,29 Kb.
#49983
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Документ Microsoft Word (2)

1 тарау.Физикалық шамалар.

1нұсқа

«А» деңгейі

1.Ұзындығы 30 мм сым темірді қарындашқа қатарластырып 30 орам ораған.Сымның диаметрі қандай?

2.Ұзындығы 650 мм,ені 600 м және биіктігі 150 мм параллелипед пішінді дененің көлемін табыңдар

3. Көлемі V=1м³ болатын текше жасау үшін қырлары L=1мм болып келетін N=10 кішкене текшелер керек.Егер оларды қатар орналастырса ұзындығы

қанша болар еді?

«B» деңгейі

4.S=1м² беттегі барлық шаршы сантиметрді кесіп алып,бір-біріне қатарластырып қойса,оның ұзындығы қандай болады?

5.Егер көлеміV=1мм³ болатын текшенің біреуін қою үшін t=1 уақыт кететін болса,онда көлемі V=1м³ болатын текше жасау үшін қанша уақыт керек болады?

6.Бір буда жіңішке сым,қарындаш және торкөз дәптер болса,сымның көлденең қимасының диаметрін жуықтап қалай табуға болады?



«C» деңгейі

7.Көлемі V=3·10-³мм³ май тамшылары су бетіне жұқа қабат болып S=300см² ауданға жайылады. Қабықтың қалыңдығы май молекуласының диаметріне тең болса, молекуланың диаметрі қандай болады? ( h=d ).

8. Кішкене шардың орташа көлемін мензурканың көмегімен қалай табуға болады?

9. Майы бар жабық бөтелкенің ішінде ауа көпіршігінің көлемі бөтелке салқындағанда арта

ма, әлде кеми ме?
2 нұсқа «А» деңгейі

10. Электронды микроскспта зат молекуласының көрінерлік диаметрі d1=0,5мм болса және микроскоп молекуланы N= 200000 есе үлкейтсе, онда берілген зат молекуласының нақты диаметрі неге тең болғаны?

11. Ұзындығы ℓ1=0,5мкм -ге тең бактерияларды қатарластырылып орналастырғанда ℓ=1см ұзындыққа қанша бактерия сияр еді?

12. Жас бамбук тәулігіне ℓ=86,4 см-ге өсетін болса, ол секундына қанша өседі?



«В» деңгейі

13. Диаметрі d=1 мм металл сымды қарандашқа қатарластырып орағанда N=40 м орам болған.Сымның ұзындығы неге тең?

14. Вакуумде заттарды тозаңдата бүрку жолымен бұйым бетін h=0,001 мкм қалыңдықта хроммен қаптауға болады.Хром атомының өлшемін d1=0,0001 мкм деп алып, қапталған пленкадағы атом қабаттарының санын анықтаңдар.

15. Судың V1=1 см³ көлеміндегі молекулалар саны N1=3∙10²² .Қалыпты жағдайда V2 = 1см³ газдағы молекулалар саны бұдан шамамен 1100 есе кем болады. Осы санды екі мәнді цифрға дейінгі дәлдікпен анықтаңдар.


«С» деңгейі

16. Көлемі V =0,002 мм³ бір тамшы майдың диаметрі d= 2·10־ мм болса, ол су бетіне ауданы қандай жұқа қабат болып жайылады?

17. Ені 600 мм, ұзындығы 650мм, биіктігі 150мм, ал ішіндегі қуысының ені 300мм, ұзындығы 550мм еменнен жасалған параллелипед пішінді дененің көлемі қандай?

18. Егер 6 тәулік бойы мұз тәулігіне 5 мм қалыңдыққа өсіп отырса, қалыңдықтың өсуінің уақытқа байланысты графигі қандай болады.Мұздың бастапқы қалыңдығы

0 =1см =10мм.
3 нұсқа «А» деңгейі

19.Өлшегіш сызғыштың көмегімен біртекті ұсақ заттардың мысалы; бидай дәнінің, бұршақтың диаметрін анықтауға болады.

20.Әлемдегі кез-келген цирк аренасының диаметрі 13 м-ге тең.Цирк аренасының ауданы қандай?

21.Ауданы 1м² парақтан қиылып алынған әрқайсысының ауданы 1см² болатын қиындылардан тұратын жолақтың ұзындығы қандай?



«В» деңгейі

22.Дөңгелектің радиусы 3см болса,оның ауданының қандай екенін анықтаңдар.

23.Гранит калоннаның биіктігі 4м, ал ауданы – жақтары 50 және 60см болып келген тік

бұрыш калоннаның көлемін анықтаңдар.

24.Түнде ауаның температурасы -6°С,ал күндіз +4°С болды.

Ауаның температурасы қанша градусқа өзгерді?


«С» деңгейі

25.Бөлме термометрінің түтігіндегі сынап бағанасының биіктігі артты. 1) осы кезде сынап молекуласының саны артты ма? 2) термометрдегі әр сынап молекуласының көлемі өзгерді ме?

26.Майлы сұйықтың су бетінде жұқа қабат түзіп жайылатыны белгілі бір қалыңдықтан ары қарай май қабаты жайылуын тоқтатады.

27.Құралсыз көзбен аспанның екі жарты шарынан шамамен 6000 жұлдыз көруге болады. 1мм³ ауада (қалыпты жағдайда) 2,7∙10¹6 молекула бар болса, бұл молекула жұлдыздар санынан неше есе артық?


II тарау.Механикалық қозғалыс.Жол. Орташа жылдамдық.

1 нұсқа

«А» деңгейі

28.Бірқалыпты қозғалған материалдық нүкте t1=2с мезеттегі координаты x1=4см, ал t2=4с мезеттегі координаты х2=-2см болса, оның жылдамдығы қандай?

29.Мотоцикл жолдың бірінші S1=30км бөлігін υ1=15 м\с орташа жылдамдықпен, ал қалған екінші S1=40км бөлігін t2=1 сағатта жүріп өтті.Мотоциклдің барлық жолдағы орташа жылдамдығы қандай?

30.Қайықтағы адам оны тынық сумен салыстырғанда υ1=1,2м\с жылдамдықпен еседі.Егер су ағысының жылдамдығы υ2=1,5 м\с болса. Қайықтың жағамен салыстырғанда және су ағысына қарсы қозғалғандағы жылдамдығы қандай?


«В» деңгейі

31. Ұзындығы ℓ1=250м пайыз бірқалыпты қозғалып, көпірден t-2минут ішінде өтті.Егер көпірдің ұзындығы ℓ=360м болса, поездың жылдамдығы қандай?

32. Екі дененің қозғалысы мына теңдеулермен берілген: x1=6t; x2=70+3t. Олар қанша уақыттан кейін кездеседі және әрқайсысы қанша жол жүреді?

33. Дене координаттары x1=0; y1=1м болатын нүктеден координаттары x2=3м;

y2=-2 м болатын нүктеге орын ауыстырды.Сызбада дененің орын ауыстыруын және оның координаттар осьтеріндегі проекцияларын табыңдар.

«С» деңгейі

34. График бойынша нүктенің υ м/с

t= 8 секундта жүрген 40

жолын анықтаңдар.



30

20

10



t,с

2 4 6 8 10 12

35. Моторлы қайық А және В бекеттерінің арасын өзен ағысымен t1=2,5 сағатта, ал сал t1=11,5 сағатта жүріп өтеді.Моторлы қайық ағысқа қарсы осы аралықты қанша уақытта жүріп өтер еді?

36. 36 км/сағ жылдамдықпен қозғалып бара жатқан поездың вагонына перпендикуляр бағытта тиген оқ оны тесіп өтеді. Вагонның қарама-қарсы қабырғаларындағы саңылаулар бір-бірімен салыстырғанда 3,5 см-ге ығысқан.Вагонның ені 3 м болса, оқтың жылдамдығы қандай болғаны?




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет