1. Технологиялық карталарды қолдану аумағы



бет4/5
Дата27.07.2020
өлшемі211,57 Kb.
#75659
1   2   3   4   5
Байланысты:
Айгерим пояснилка

Vқопс.= , м3 .

Vқопс.=

3. Тығыз топырақ көлемі:



Vтығ.= Vқопс./ Kқопс., м3.

Vтығ.= м3

5. Көліктік машинаның цикл ұзақтылығы:

=tорн.+ + (tқ+tтөгу)+ , мин

мұндағы tорн.=0,1...1,5 – төгу алдындағы транспортты орналастыру уақыты;



=60× Vтығ./n – тиеу уақыты – 8 мин,

мұндағы n=25;



-тасымалдау уақыты, мин,

мұндағы - шығысқа дейінгі қашықтық, км;



- орташа қозғалыс жылдамдығы, км/сағ;

(tқ+tтөгу)=2мин – автосамосвалды қою және топырақты ;

төгу уақыттары, - маневрлену уақыты.





  1. Экскаватордың үздіксіз жұмыс істеуі қамтамасыз ететін көлік бірліктерінің саны:

,

егер - бөлшек сан болса, автосамосвал саны дөңгелектен3п жазылады.



.

;

.

Автосамосвалдың үлкен санында (), оның тұрып қалу уақыты есептеледі:



tа/с.тұру=,мин.

tа/с.тұру= 9,5∙2-17,1=1,9 мин.

Автосамосвалдың кіші санында (), экскаватордың тұрып қалу уақыты есептеледі:



tэкс.тұру= , мин.

tэкс.тұру= 17,1-9,5=7,6 мин.

  1. Машиналар комплектісінің 1 сағат жұмысындағы жұмыссыз тұру уақыты:

tсағ.а/с.=60× tа/с.тұру, мин.

tсағ.а/с.=60×1,9/17,1∙2=3, мин.

tсағ.экс.=60× tэкс.тұру, мин.

tсағ.экс.=60×7,6/17,1∙1=26 мин.
2.4 Еңбек шығындарының калькуляциясы және жұмыс өндірісінің кестесі.

Жұмыс өндірісінің технологиялық сұлбалары

Жер-транспорт машиналарының жұмыс циклі келесі операциялардан тұрады: ойынды топырағын қабаттап кесу; топырақты тасымалдау; топырақты үйіндіге төгу; үйіндіге қайта оралу.

Топырақты кесу қалыңдығы бір қалыпты жоңқамен, топырақ түріне қарай сыналы немесе жоталы формада жүргізіледі.

Топырақты скреперлермен өңдеу сұлбасы – қабатты болып келеді. Әр қабаттың кесілу кезектесуі: жолақ жанында жолақ, ал бір жолақтан кейін шахмат тәртібімен кетеді.

Топырақтың берілген аралыққа Lорт жылжуы көтерілген қалыптағы скрепермен жүргізіледі. Жер-транспорт машиналарының қозғалу сұлбасы тұрғызылатын ғимарат пен қазым мен ойым арасының орта аралығына Lорт байланысты болады.

Топырақты төгу көлденең немесе кішкене еңкіш қабатпен орындалады. Төгу учаскесінің созылымы 200-300м, ал ені механизм қолайлығына қарай 20-30м етіп алынады. Төгуді бір шетінен ортасына қарай, қабатты скрепер шөмішінің түбімен немесе бульдозер құламасымен тегістей отырып жүргізіледі. Әрбір келесі қабат биіктігі бойынша алдыңғысы нығыздалғаннан кейін ғана төгіледі.
3 кесте. Еңбек шығындарының калькуляциясы және жұмыс өндірісінің кестесі.





Жұмыс атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Негіздеу

Өлшем бірлікке уақыт нормасы

Еңбексыйымдылық

Түйін құрылымы (дәреже, саны)

адам-сағ

маш-сағ

адам-кун

маш-күн

1

Құнарлы қабатты қуаты 132 кВт бульдозермен кесу

 М3

40000

2-1-5-1-7

0.00048

0.00048

2.4

2.4

Машинист 6раз. 1

2

Қатпаған топырақты қопсыту бульдозерлармен қопсыту

 М3 

6106.5

2-1-1-1-7

0.0009

0.0009

0.687

0.687

Машинист 6раз. 1

3

Тасты емес топырақты Д-385 бульдозермен өңдеу және көшіру (қуаты 221)

 М3 

6106.5

2-1-22-1-26 2-1-22-2-29

0.0038+10*0.003

0.0038+10*0.004

25.8

25.8

Машинист 6раз. 1

4

Ұйінділерді салу кезінде топырақты бульдозерлермен тегістеу

  М3

6190

2-1-28-1-59

0.0019

0.0019

1.47

1.47

Машинист 6раз. 1

5

Үйінді топырақты өздігінен жүретін катокпен тегістеу (қуаты 66 кВт ДУ-31А)

  М3

6190

2-1-31-1-4

0.0041*2=0.0082

0.0041*2=0.0082

6.3

6.3

Машинист 6раз. 1

6

Қазаншұңырда топырақтарды біршөмішті кері күректі q=1 экскаваторлармен өңдеу. ЭО 4121А

  М3

9225

2-1-11-9-2

0.0022

0.0022

2.537

2.537

Машинист 7 раз. 1

7

Қазаншұңқырларда қатпаған топырақты өңдеу

  М3

276.75

2-1-47-2-30

1.7

1.7

58.81




Топырақ қазушы 3 разр. 1

8

Қазаншұңқырлар, траншеялар, қазаншүңқырлар қуыстарын топырақпен көму

 М3

2767

2-1-22-1-19

0.0024

0.0024

0.83

0.83

Машинист 6раз. 1

9

Топырақты электрикалық жолмен тығыздау

 М2

2075

2-1-59-1-1

0.023

0.023

5.966

5.966

Топырақ қазушы 3 разр. 1

2.5 Жұмыс өндірісінің реті мен тәсілдері.

Жұмыс өндірісінің графигі, қажетті механизмдер ведомостісі

Объектідегі жұмыстар тізбегі мен ұзақтылығын жұмыс өндірісінің графигі кескіндейді.

Қабылданған еңбексыйымдылығы жетекші машиналар үшін көлемнің пайдалы өнімділікке қатынасы арқылы, ал қалғандары үшін мөлшерден асып кетудің 110-120% пайызындай алынады. Тәуліктегі смена саны құрылыс салу мезгілі мен жұмысына байланысты (1, 1,5, 2 смена).

Сменадағы жұмыс ұзақтылығы қабылданған еңбексыйымдылығының жұмыскерлер (машинисттер) санына, бір күндегі смена санына, смена ұзақтылығына қатынасы арқылы анықталады




    1. Жер жұмыстары өндірісіндегі еңбек қауіпсіздігі

Жер жұмыстарын орындағанда ҚН мен Е және ЖӨЖ-да ескерілген қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтау керек.

Жер жұмыстары басталуға дейін барлық қазіргі жерасты коммуникацияларының орналасуын тура белгілеу керек. Олардың қасында топырақты өңдеуді тек осы коммуникацияларды пайдаланатын мекемелердің жазбаша рұқсат қағазы болса және мекеменің қатысқан өкілінің көзінше және жұмыс жүргізуші немесе мастер бақылауымен ғана рұқсат етіледі. Топырақ өңдеуді электр кабелі, қысым су, газ құбырларына тікелей таяулықта соқпа құрал-сайманын қолданусыз жүргізеді.

Қазаншұңқырлар мен ұзын орларды өңдегенде құламаны қазіргі мөлшер құжатына сәйкес немесе уақытша бекіткіш істеледі.

Жұмыс істеп тұрған экскаватор шөміші немесе жебесі астында тұруға және қазым жағынан жұмыс жасауға рұқсат етілмейді. Экскаватормен топырақты автомобильдердің артқы немесе бүйір жақ ернеуінен түсіреді, экскаватор мен автомашина аралығында адамдар тұруға рұқсат етілмейді.

Топырақты гидромеханикалық тәсілмен өңдегенде бөтен адамдарға су шайған топырақтың өңдеу жерінде, ал жұмысшыларға гидромонитор ағысының қимыл зонасында болуға рұқсат етілмейді.

Біреуі соқпа тәсілімен қатқан топырақты бұзып, ал екіншісі қопсытылған топырақты өңдеп жатқан екі экскаватор 50м радиусында бір

учаскеде қатар жұмыс істеуге болмайды.

Қатқан топырақты жару тәсілімен қопсытқанда жарылудың қауіпті әсерінен адамдарды, үймереттер мен ғимараттарды және механизмдерді қорғайтын қауіпсіз қашықтықты сақтау керек.


    1. Жер жұмыстарының сапасын бақылау

Жер жұмыстарын жүргізгенде геологиялық, геодезиялық және геотехникалық бақылау жүзеге асырылады.

Орындалған операциялар құрамы бойынша жер жұмыстарының сапасын бақылау жер ғимараттарының түрі және атқаратын міндетімен анықталады.

Ол қағида бойынша үш кезеңде орындалады: кіріс (алғашқы), операциялап (жұмыс өндіру барысында) және соңғы (алу-тапсыру).

Кіріс бақылауына кіретіндер: жасалатын жер ғимараттарының биіктік

және пландық орнын анықтайтын техникалық құжаттарды тексеру, гидрогеологиялық іздеулері және топырақты сынау мәліметтері, негізгі элементтерді жер үстіне шығару және оларды бекіту актілері.

Операциялап бақылау жұмыс өндірісінің жобасымен толық сәйкес орындалады. Қазаншұңқыр немесе ұзын орлар қазғанда ғимараттар немесе инженерлік жүйелердің элементтерін орналастыру шарттарын есепке алып геометриялық өлшемдері, түбінің еңістері және олардың бағыты, құлама тігі, жақтарын бекіту тәсілдері, басқа шараларды іске асыратын немесе әлсіз топырақтарды бекітуді қамтамасыз етуі бақыланады.

Топырақты үйінділерге салғанда: оның түрі мен ылғалдылығы; үйінді қабаттарын салу жүйесі; тығыздау тәсілі және қабаттың мүмкін қалыңдығы; салынатын топырақты үйлесімді дымқылдық деңгейіне дейін суландыру (құрғату); үйіндідегі топырақтың тығыздылығының өзгеру ерекшелігі; әр қабаттың шегіндегі топырақтың алынған тығыздылығы берілгенге (мөлшерліге) сәйкестігі; төгілетін топырақтағы тастардың шекті мүмкін ірілігі және проценттік мөлшері бақыланады.

Соңғы бақылау. Әдетте техникалық құжаттардың орындалуын тексеруді қамтиды. Жұмысты тапсырғанда ұсынатын техникалық құжатта: тұрақты реперлердің ведомостілері, жер ғимараттарының геодезиялық бөлу актілері, жұмыс өндірісінің барысында және жобалау мекемесі және тапсырушымен келісілген өзгерістер кіргізілген ғимараттардың жұмыс сызығы; жұмыс журналы, жасырын жұмыстардың куәландыру актілері немесе оларды кезеңмен қабылдаған журналы болу керек.

Желі-бойлаған жер ғимараттарын, әсіресе, жол үйінділері мен оймаларын жасағанда бақылаудың соңғы кезеңі және алу-тапсыру құрылыс аяқталған учаскеде жүзеге асырылады.

Жұмысты алу-тапсыру: техникалық құжаттардың түгел бар болуын тексеру; орындалған жұмыстың сапасын жер ғимараттарының геометриялық өлшемдерін іріктеп тексеру; жұмыстың жасырынды түрлерін қабылдау түрлерін тексеру негізінде жасалады


3 Техникалық-экономикалық көрсеткіштер

Механизациялаудың ең тиімді сұлбасын таңдау, ең кіші келтірілген шығындарды анықтау арқылы негізгі механихмдердің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін таңдау негізінде жүргізіледі.







Көрсеткіш атауы

Мәні


1

Жұмыстардың жалпы еңбек сыйымдылығы, адам-күн

105

2

Қажет машиналар саны маш-см

46

3

Басқару машинаның өнімі, м3/см

363

4

Жұмыстардың жасалу мерзімі

16,5

Қорытынды


«Құрылыс өндірісінің технологиясы» курсы бойынша «Жер жұмыстары өндірісін жобалау» тақырыбындағы курстық жұмысты орындау барысында келесі міндеттер орындалды:

  • Оймаларды өңдеу мен үйінділерді тұрғызуда белгілі бір технологиялық тізбектің сақталуы қамтамасыз етілді;

  • Жоғары өнімділікке ие және үнемді машиналар мен көліктік құрылғылар кешені қолданылатын жер жұмыстарының өндірісінің тиімді технологиясы таңдалды.

Нақты өндірістік жағдайлар үшін машиналар жинағы мен тәсілдері техникалық-экономикалық сараптама негізінде және түрлі нұсқаларды дәйектеу нәтижесінде таңдалды.

Курстық жұмысты орындау кезінде мөлшерлік және белгілі бекітілген ережелер енгізілген құжаттармен жұмыс жасалды. Атап айтқанда, алаңдағы жұмыстардың әрқайсысын орындауда жекелеген механизмдер мен көліктер кешені пайдаланылды . Бұл тұста олардың техникалық сипаттамаларын, құрылыстық, жинақтау және жөндеу-құрылыстық жұмыстары үшін бірыңғай құн, уақыт мөлшерлерін, сондай-ақ механизмнің жұмыстық құрамын анықтау қажеттілігі қалыптасты. Осыған орай «Құрылыс нормалары мен ережелері» және «Құрылыстық, жинақтау және жөндеу-құрылыстық жұмыстары үшін бірыңғай мөлшерлер мен бағалар» сияқты құжаттармен жұмыс жасалды.



Жалпы пайымдағанда, курстық жұмыс біршама ізденістерге жол ашып, құрылыс өндірісінің технологиясының қыр-сырын меңгеруге теориялық тұрғыда едәуір үлес тигізді. Көзделген мақсатқа сай, аталмыш жұмыста құрылыс алаңын өңдеудің басты кезеңдері қамтылды, соның ішінде, алаңның табиғи, жобалық, жұмыстық белгілері анықталып, бұл тұрғыдағы оны өңдеудегі қажетті механизмдер қатары айқындалды және пайдалы өнімділіктері есептелді. Бұл өз алдына құрылыс өндірісі кешенінің үлкен бір тарауы – жер жұмыстарының орындалу ерекшеліктерімен кеңірек танысуға мүмкіндік берді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет