-дәріс.Сұлтанмахмұт шығармаларының тілі.1- сағат


Дата01.01.1970
өлшемі
#1

9-дәріс.Сұлтанмахмұт шығармаларының тілі.1- сағат
Кейіпкерлердің тілдік мінездемесін бір – бірімен салыстыра талдау, табиғат суретін, кейіпкерлер портретін жасаудағы автор шеберлігіне нақты мысалдар келтіріп талдау жасау. Ғалым Б. Шалабаевтың пайымдауынша “Қай жазушының болмасын шығармаларының тілін талдауда жүзеге асырылуға тиіс маңызды шарттардың бірі – салыстырмалы талдау жүргізу. Сондай – ақ Сөз өнерінде адамнан тыс, адам тағдырынан тыс бірде – бір өрнек – өмір
Суреті жоқ және болуыда мүмкін емес (З.Қабдолов) десек, онда сол адамның алуан сезімін, мінез – қылығын, типі, қимыл – қозғалысын, жүріс – тұрысына дейін бейнелеуде жазушылық шеберлік тұратыны ескерлуі керек. Сонымен бірге жазушының тілдік қолданыстары шығарманың идеясы мен мазмұнына, композициялық құрлымына қарай әсері барын да ажырата білу қажет.
Жазушы Сұлтанмахұмыт Торайғыровтың “Қамар сұлу” романын башылыққа ала отырып басқада ақын – жазушылардың шығармаларымен салыстыра отырып, кейіпкерлер портретін , мінез – қылығын сол сияқты тағы басқа қырынан ашуды жөн көріп отырмыз.
С.Торайғыровтың осы тұста жазған алғашқы эпикалық туындысы «Қамар сұлудың» да негізгі тақырыбы. Бұл тұрғыдан оны әулеметтік роман есебінде қарауға әбден болады. Автор роман сюжетін қазақ әйелінің теңсіздіктегі күйін көрсетуге құрғанмен, сол оқиғаға байланысты бүкіл қазақ қоғамының тіршілігін, ұғымнанымын терең бейнелейді, ескі ауылды құрт аурудай жайлап есеңгіреткен, тоздырып бара жатқан әдет – ғұрыптың керттартпа жақтарын әшкерлейді. Сол негізде феодалдық – патриархалдық қоғамның күйреуін көрсетеді. Осыған жалғас жазылған «Кім жазықты?» романы да Сұлтанмахмұттың өз дәуірі туралы толғанысын тереңдете ашуға арналады. Мұнда ол қазақ қоғамы жайлы ойларын ел тағдырын ұстап тұрған белді адамдардың бейнесі арқылы көрсетеді, олардың өмір жолы, тәрбиесі, ісі, мінез – құлқы жан – жақты суреттеледі. Жасынан тәрбиесіз өскен бай баласы Әжібайдың жеке өмірі де, қоғамдық – болыстық қызметі де халық көңілінен шыға алмайды. Ол зорлық – зомбылықты, қара күшті жақтап, өзі тектес әлділермен байланыс жасап, іргесі шайқалған шаруасын реттеуге, ауылға кіре бастаған жаңалықтарды өршітпеуге, тіпті қуып шығуға күш салады. Жазушы Әжібайды жеке адам ғана емес, қазақ қоғамын салмағымен басып қорғап, жанаруына бөгет болып отырған ауыртпалықтың жиынтық бейнесіне көтереді.-дедіСерікҚирабаев.
Бұл романдар – дәуірдің тарихи тақырыбын тап баса білген жаңашыл шығармалар. Әрине, ақын тарихшы емес. Ол тарихи уақиғаны түгендемейді. Мәселе – заманның рухын, дәуір сырын аңғартар моментерді де дәл басып, оған тән белгілерді айқындауда. ХХ ғасырдың басындағы қазақ аулы өмірін, ескілшілдік жайлап тозып, іріп бара жатқан салт – сананың көріністерін энциклопедиялық суреттелген іргелі туындылар, ол көпті қинаған шындықты ашынып, батыл, ашық айтып, онымен күреске шықты. Бұл – Сұлтанмахмұт реализмінің ең бір биікке көтерілген тұсы. Мұның бәрі Сұлтанмахмұттың жаңа жол – «шындықтың аулын іздеуге» ұмтылуының заңдылығын көрсетеді.
Өзінің тегі жағынан Қамар бай қызы, бірақ өз әлінше оқыған, өмірді танитын қыз. Ол қазақ әдебиетінде көрінген жаңа тұлға, жаңа характер. Алғашқы кезде ол ұяңдау болып көрінеді. Басына күн туып, ескі салтпен айқасақнда ғана Қамар өршелене бастайды. Сөйтсе де ол махаббат сезімнен құр емес. “Ахметтің алғашқы хатында оқығанда, ол бір қызарып, бір сұрланып, жүрегі кеудесіне сыймай қысылып, қарап тұрып бір тынымсыздықта қалады”. Мұнда пән сезім, шын сүюдің белгісі бар. Бірақ оны терең ойға батыратын нәрсе – өз ойы, арманы мен қоғам салты арасындағы зор қайшылық. Тағы мұнда «Қамар сұлу» романында теріс сипаттарын көреміз. Мынау залымдықты көргенше, қанғып өлейін. Мұнда Ахметтің кетер алдында Қасен деген досына жазған хатында байқаймыз.
Шыдай алмай күйіп – жанып кеттім қашып,
Қышмауға көре күйік жан таласып.
Бұл күнде өлетінім сол қайғыдан,
Қамардың халін ойлап жаным ашып
дейді. Оқуды сылтау қылып, екі жүз шақырым жерден шаһарға кетті. Бұл арадан Ақметтің Қамарға деген сезімі бар және ғашығы үшін қиналуы, жаны ашуын байқаймыз. Енді бірде Қамардың қандай халге түскенін байқайтын болсақ, мына шумақтан көреміз.
Қорлықты зорлықпенен көрген Қамар,
Амалсыз бәріне де көнген Қамар
Айдай әлем аузының суын құртып,
Арманда арсыздардан өлген Қамар.
Ал романның басындағы Қамар портретін ақын былай суреттейді. Бастапқы келтірген шумаққа қарағанда мұнан мүлде өзгеше, оны мына шумақтан аңғарамыз.
Жіңішке сымға тартқан әні қандай,
Бал ауыз, балбыраған тәні қандай.
Ақыл-ой, мінез-көрік түгел келіп,
Толысып, толып тұрған сәні қандай.
Сұлтанмахмұт Торайғыров жоғарыда келтірілген екі шумақта Қамардың портретін сәтті суреттеген. Жаңа заманның қызының бейнесін ашуға ден қойған. Ақын кешегі еркін де балғын өскен сұлу қыз, озбырлыққа душар болып, бақытсыздыққа ұшыраған сәтін байқатса. Мұндағы қарсыласқан екі түрлі портрет автордың осы гуманистік, азатшылдық идеясын береді. Ағатай болдым ғашық мұрыныңа,
Көк бурыл иектегі құрымыңа.
Кірпідей аяқ – қолы жиырылған,
Қосылар күн бар ма екен тұлыбыңа, –
деген Қамар өлеңінен Нұрымды сүймейді тіпті мейлінше жек көреді. Оның кәрлігін, ұсқынсыздығын мазақ етіп, өлең шығарады. Ал екінші бір шумақтан Қамардың зорлық, зомбылығына шыдамай Нұрымға былайдейді.
Айтайын шын сырымды ауызба – ауыз,
Дөңкиген күйек сақал, сасық ауыз!
Ақ жүзді, ақыл – ойлы ақ сұңқарға,
Дәрі емес мал секілді малды жауыз.
Уай, шіркін, өмір сүрмек мені менен,
Мал шашып, маңызданған еңбегіңнен.
Өлсем де отқа түсіп, суға түсіп,
Бір минут тұра алмаспын сеніменен, —
дейді. Бұл сөзінен қандай қорлық көрсе де алған бетінен таймайтынын ашық айтады. Және Нұрымға көнбес үшін өлімге де дайын екенін сездіретінін мына шумақтан көреміз.
Бір өлем, күнде өлгенше саған тиіп,
Кетемін келмес жерге жаным қиып.
Ол жерден ала алмассың, бара алмассың,
Болыспын деп айқайлап, кісің жиып, —
Ақын бұл шумақтарда Нұрымға бетпе – бет кездесу үстіндегі жасаған зұлымдығын бетіне баса айтатынын ашады. Алғашқы шумақта ақын кейіпкердің ішкі мінез – құлқының беріктігін, қайсарлығын, күйініш – сүйінішін суреттейді.
Жамалға анасы жаны ашыса Қамарда әкесі жаны ашып араша түседі. Бұл сол С.Торайғыров Омар бейнесінен әлсіздік, шыдамсыз, панасыз, дәрменсіздікті танытады. Біріншіден, “Омар Қамарды Нұрымға беруге бірден қарсы шығады. Оспан мен Қалтан келіп, Қамарды Нұрымға беру жайлы сөз еткенде, шошып кетеді. – “Сыпыра бұзылған иттер, дендерің саума? Мәжүн болмасаңдар, қаражүрек болмасаңдар... Апырмай, апырмай, ұялмай – қызармай періштедей қарашығымды аяқты малдан жаман дөңкиген жауызға ұйғардық деп не беттеріңмен айтып отырсыңдар? Неден қысылдыңдар? Неден жүректерің үзілді?...” , – деп Омардың бірінші батылдығын , дәрменділігін танытса. Екінші мына суреттеуден “Қамар секілді асып туған қарашығым сендердің надандықтарыңа шынымен – ақ қара тоқты болғаны – ау! Көз жасы, обалы мойындарыңда! Илайым көздерің ашылмасын ! Мейлің, итіңе, құсыңа бер. Ай, бағы ашылмаған қарағым – ай! Надандық – ай! – деп барып, еңіреп бүк түсіп жатып алады”, – десе. Шамасы келмей ақыры дәрменсіздік танытып, қайғырып қиналса Үшінші бір суреттеуде “Омар қайтсін, амалы бар ма?! Іші – түтін, сырты – бүтін өлмегенге қара жер, құр сүлдері ғана, өрт сөндірген кісідей болып жүріп, тойын қылып, құдасын түсіріп жөнелтті”. Бұл арадан Омардың әлсіз наразылықтан аса алмайтынын танытады.
Романда Нұрымды суреттеуінің өзі – ақ оның ебдейсіз, дөрекі, зұлым екенін бірден байқатады. “Бұл өзі жеті атасынан бері уызы арылмаған, бағы таймаған, қолынан ұры кетпеген, бір жақсылық етпеген, басы сәждеге тимеген, жамандықтан басқаны сүймеген, бірді – бірге атыстырып, елді қан жылатумен шынжыр балақ, шұбар төс, қанды ауыз атанған бір жауыз еді” десе Екіншіден, “Құр Нұрымның залымдығы мен атағы болмаса, әліпті таяқ деп білмейтін надан, пішіні де жаман, ауызы толған боғауыз бен былш – былш насыбай, ішпей мас, әрі нас, елу шамасында жасы бар, қойсақтардың басындай басы бар, жай форымның өзі сұп – суық, бүйі секілді, түксиген, күпсиген, бұқа мойын, өгіз құрсақ, алақан көз, жайын ауыз, дорба сақал, тоқпақ мұрын, бір түрлі нысаналы жануар еді”.
Үшіншіден, Феодалдық ғұрыптың барлық тізгінін қолына берік ұстанған ол – елді жеп, қан қақсатып жүрген адам. Елдің оған шығарған бір шумақ өлеңінен де байқауға болады.
Халқыңды қан жылаттың, Жорға Нұрым,
Болдың ғой заманында сорға Нұрым.
Оспан деген жұтқышы тағы шықты,
Бара – бара қайтерсің, қайран күнім.
Деп, Нұрым мен оның сыбайластарының жауыздығын әшкерлейтін осы өлеңде халықтың басына төнген ауыртпалықтың мұңылы сарыны байқалады. Ақын Жорға Нұрым бейнесін Қамар арқылы тіпті ашыла түседі. Ол Қалтан мен Оспан арқылы Қамарды ризашылықсыз, күшпен айтырады. Қамардың наразылығымен есептеспей, оны зорлықпен тартып әкетеді. Осындай қым – қиғаш қайшылықтар арқылы ақын әр нәрсенің бетін ашып көрсетеді. Осындай келеңсіз қатыгез алаяқ жауыздардың қолына түскен Қамардай қыздың бүкіл өмірі, қазақ қыздарының басындағы ең бір қиын жағдайда өмір кешкен бақытсыз махаббаттары үшін күрескен жаңашыл жастарды ақын қинала суреттейді.

10-дәріс. Торайғыров шығармаларының текстологиясы. 1- сағат

«Б.Кенжебаев – С.Торайғыров шығармаларының текстологы» деп аталатын бірінші тарауда ғалым Б.Кенжебаевтың ақын әдеби мұрасын текстологиялық зерттеулер жүргізу арқылы тануы, яғни оның мәтінтанушылық қырлары талданды.


Б.Кенжебаев ақын өлеңдерінің түрлі қолжазбаларда сақталған нұсқаларын, ақынның замандастары, тұрғыластары, ағайын-туысының жатқа білетін, көпшілікке беймәлім, белгілі бір ортаға, белгілі бір адамға арналған арнау өлең сияқты нұсқаларын жинаудан бастады. Зерттеу ісіне қажетті дерек көздерді іздестірді. Бұл істі, яғни дереккөздерді жинастыру мен текстологиялық зерттеулер ісін бірлікте атқарды. Бұл бірінсіз-бірі іске аспайтын күрделі процесс. Әрбір өлең ақынның өзіне тән, бұрынғы, басы ашық өлеңдерімен салыстыру үстінде анықталды: «...жалпы сарыны – идеясы мен көркемдігі жағынан, жеке сөз, атаулары, сөз ұйқастары, сөйлем құрылыстары, стиль жағынан да салыстырылып анықталды»

Б.Кенжебаев С.Торайғыров шығармаларының мәтінін зерттеушілердің ішіндегі белсендісі деуге болады. Бұл позициясы С.Торайғыровтың жаңа өлеңдерін шығармашылығына енгізу ісінде көп байқалады. Ол бұл істе көп таласқа да түскен. Өткен ғасырдың 55-ші жылдары көп қолға алынып, біраз мақала, зерттеулер жүргізілді. Т.Әбдірахмановтың «Сұлтанмахмұт шығармаларының текстологиясы жөнінде» М.Сәрсекеевтің «Сөз текстологиясы жайында» атты мақалаларында жазылған жайттарға пікір таластыруы ретінде жазылған Б.Кенжебаевтың «Сұлтанмахмұттың жаңа өлеңдері жөнінде» деген мақаласы жарық көрді.


Әрбір ақынның тұтас шығармашылығына ортақ идеялық бірлік, тақырып ерекшелігі, ақынның творчествосындағы мінез бірлігі, ақынның өзіне ғана тән тіл ерекшелігі болатынын ескерсек, Б.Кенжебаевтың текстологиялық зерттеу әдістерін дұрыс бағалауымыз керек. Бастысы, теориялық еңбектерде айтылатын «...әрбір жазушының бүкіл творчествосының өн бойынан идеялық-көркемдік негіздің (идея – тақырып – мінез - тіл) тек сол жазушыға ғана тән ерекшелік екенін аңғарамыз» деп анықталатын творчестволық ерекшеліктің, яғни ақынның өзіндік стилі арқылы тану әдісін қолданған.

Б.Кенжебаев текстологиялық зерттеулер жүргізгенде, ең алдымен, көшірме қолжазбаларды тірек-негіз етіп пайдаланды. Біріншіден, С.Торайғыровтың өз қолымен жазылған түпнұсқа жоқ, бар болса да табылмаған немесе сақталмаған. Екіншіден, табылған, қолда бар қолжазбалардың өзі көшірме қолжазба, әрі әркімнің өз естігенін, есте сақтағанын қағаз бетіне түсірген қолжазбалар болды. Мұндай көшірме қолжазбалар түрлі сұрыптау, елеп-екшеулерді, жіті қадағалауларды қажет етті. Бұл істе Б.Кенжебаев осы себептерді нысанаға ала отырып зерттеушілік әрекет жасады.

Текстологиялық зерттеу жүргізу ісіне Б.Кенжебаевпен бірге ғалымдар Ы.Дүйсенбаев, М.Жармұхамедов, Б.Ақмұқанова, Т.Әбдірахманов, М.Сәрсекеевтердің атсалысқаны әрі қыруар істер атқарғаны белгілі.

Қорыта келгенде, ғалым Б.Кенжебаев текстологиялық зерттеулер жүргізу барысында ақын шығармаларында қолданылған сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын ақынның жүріп өткен жолдары мен қолына түсуі мүмкін өзге ақын-жазушылардың, соның ішінде орыс қаламгерлерінің еңбектеріндегі ойлар өзегімен салыстыру арқылы көптеген жаңаша текстологиялық әдістерге иек артып отырғандығы көрінеді. Автордың алғашқы айтпақ болып отырған ойы мен оның берілу тәсілін жіті қадағалай бағамдаған. Канондық мәтін жасауға мүмкіндік беретін тәсілдерді толық пайдаланған. Сөздер мен сөз тіркестерінің қолданылу мақсатына түсінік беріп отырған. Кең, ауқымды істің бір арнаға тоғысып, ғылыми тұрғыда бірізге түскен ақын шығармашылығының мәтінін жасаған.




  1. СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ




  1. Семинар.

Ақын ғұмырбаяны

  1. Ақынның шығармашылық ғұмырбаяны

  2. Сұлтанмахмұт және «Айқап» журналы

  3. Сұлтанмахмұт өмірбаянының зерттелуі

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Еспенбетов А. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылық өмірбаяны. Филол. ғыл. докт. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс.. – Алматы, 1992. – 275 б.

  2. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. – Алматы: Қазақ ССР-інің «Ғылым» баспасы, 1973. – 168 б.

  3. Сартбаева Д. Б.Кенжебаев – қазақ әдебиеті тарихын зерттеуші. Филол. ғыл. канд. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс.. – Түркістан, 2002. – 136 б.

  4. Қирабаев С. Ақын тағдыры // Торайғыров С. Екі томдық шығармалар жинағы. 1-т. – Алматы: Ғылым, 1993. – Б.3-18.




  1. Семинар.

Дәуір келбеті және поэзия парасаты

1.ХХ ғасыр басындағы тарихи жағдай және Сұлтанмахмұт шығармашылығы

2. Сұлтанмахмұт шығармаларындағы теңсіздік мәселесі
Ұсынылатын әдебиеттер:


  1. Еспенбетов А. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылық өмірбаяны. Филол. ғыл. докт. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс.. – Алматы, 1992. – 275 б.

  2. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. – Алматы: Қазақ ССР-інің «Ғылым» баспасы, 1973. – 168 б.

  3. Сартбаева Д. Б.Кенжебаев – қазақ әдебиеті тарихын зерттеуші. Филол. ғыл. канд. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс.. – Түркістан, 2002. – 136 б.

  4. Қирабаев С. Ақын тағдыры // Торайғыров С. Екі томдық шығармалар жинағы. 1-т. – Алматы: Ғылым, 1993. – Б.3-18.



3- Семинар. Сұлтанмахмұт шығармаларындағы азаматтық сарын
1. Ақын лирикасындағы азаматтық әуен

2. «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам»



  1. Ақын шығармашылығындағы «Ғайса»


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Еспенбетов А. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылық өмірбаяны. Филол. ғыл. докт. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс.. – Алматы, 1992. – 275 б.

  2. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. – Алматы: Қазақ ССР-інің «Ғылым» баспасы, 1973. – 168 б.

  3. Сартбаева Д. Б.Кенжебаев – қазақ әдебиеті тарихын зерттеуші. Филол. ғыл. канд. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс.. – Түркістан, 2002. – 136 б.

4 Қирабаев С. Ақын тағдыры // Торайғыров С. Екі томдық шығармалар жинағы. 1-т. – Алматы: Ғылым, 1993. – Б.3-18.



  1. - Семинар.

Сұлтанмахмұттың табиғат лирикасы

  1. Ақынның Кеш өлеңінің көркемдігі

  2. Сұлтанмахмұттың «жапырақтар» өлеңіндегі лирикалық қаһарманның көңіл күйі


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Еспенбетов А. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылық өмірбаяны. Филол. ғыл. докт. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс.. – Алматы, 1992. – 275 б.

  2. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. – Алматы: Қазақ ССР-інің «Ғылым» баспасы, 1973. – 168 б.

  3. Сартбаева Д. Б.Кенжебаев – қазақ әдебиеті тарихын зерттеуші. Филол. ғыл. канд. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс.. – Түркістан, 2002. – 136 б.

4. Қирабаев С. Ақын тағдыры // Торайғыров С. Екі томдық шығармалар жинағы. 1-т. – Алматы: Ғылым, 1993. – Б.3-18.


  1. - Семинар. Сұлтанмахмүт Торайғыровтың махаббат лирикасы

  1. Сұлтанмахмұттың «Сымбатты сұлуға» өлеңіндегі юмор

  2. . “Қыз сүю”,“Гүләйім”,“Жан қалқам”,“Гүл”, т.б. өлеңдерінің көркемдігі


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Еспенбетов А. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылық өмірбаяны. Филол. ғыл. докт. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс.. – Алматы, 1992. – 275 б.

  2. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. – Алматы: Қазақ ССР-інің «Ғылым» баспасы, 1973. – 168 б.

  3. Сартбаева Д. Б.Кенжебаев – қазақ әдебиеті тарихын зерттеуші. Филол. ғыл. канд. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс.. – Түркістан, 2002. – 136 б.

  4. Еспенбетов А. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылық өмірбаяны. Филол. ғыл. докт. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс.. – Алматы, 1992. – 275 б.

5 Қирабаев С. Ақын тағдыры // Торайғыров С. Екі томдық шығармалар жинағы. 1-т. – Алматы: Ғылым, 1993. – Б.3-18.



  1. - Семинар. Ақын шығармашылығындағы лирикалық мен

  1. Ақын шығармашылығындағы лирикалық «мен» мәселесі

  2. Сұлтанмахмұт лирикасындағы авторлық тұлға

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Еспенбетов А. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылық өмірбаяны. Филол. ғыл. докт. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс.. – Алматы, 1992. – 275 б.

  2. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. – Алматы: Қазақ ССР-інің «Ғылым» баспасы, 1973. – 168 б.

  3. Сартбаева Д. Б.Кенжебаев – қазақ әдебиеті тарихын зерттеуші. Филол. ғыл. канд. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс.. – Түркістан, 2002. – 136 б.

  4. Қирабаев С. Ақын тағдыры // Торайғыров С. Екі томдық шығармалар жинағы. 1-т. – Алматы: Ғылым, 1993. – Б.3-18.



  1. - Семинар. «Кедей», «Адасқан өмір» поэмаларының жанрлық ерекшеліктері

  1. «Адасқан өмір» поэмасындағы лирикалық кейіпкер

  2. Кедей поэмасының жанрлық ерекшелігі

  3. «Адасқан өмір» поэмасындағы философиялық толғамдар


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Еспенбетов А. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылық өмірбаяны. Филол. ғыл. докт. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс.. – Алматы, 1992. – 275 б.

  2. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. – Алматы: Қазақ ССР-інің «Ғылым» баспасы, 1973. – 168 б.

  3. Сартбаева Д. Б.Кенжебаев – қазақ әдебиеті тарихын зерттеуші. Филол. ғыл. канд. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс.. – Түркістан, 2002. – 136 б.

  4. Қирабаев С. Ақын тағдыры // Торайғыров С. Екі томдық шығармалар жинағы. 1-т. – Алматы: Ғылым, 1993. – Б.3-18.



  1. Семинар. «Қамар сұлу» романының көркемдік ерекшелігі

  1. С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романындағы Қамар бейнесі

  2. С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романындағы Ахмет бейнесі

  3. С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романындағы Оспан бейнесі


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Еспенбетов А. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылық өмірбаяны. Филол. ғыл. докт. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс.. – Алматы, 1992. – 275 б.

  2. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. – Алматы: Қазақ ССР-інің «Ғылым» баспасы, 1973. – 168 б.

  3. Сартбаева Д. Б.Кенжебаев – қазақ әдебиеті тарихын зерттеуші. Филол. ғыл. канд. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс.. – Түркістан, 2002. – 136 б.

  4. Қирабаев С. Ақын тағдыры // Торайғыров С. Екі томдық шығармалар жинағы. 1-т. – Алматы: Ғылым, 1993. – Б.3-18.



9- Семинар. «Кім жазықты» романындағы кейіпкерлердің сомдалуы

  1. Кім жазықты романындағы Әжібай бейнесі

  2. Кім жазықты романындағы әйелдер бейнесі

  3. Кім жазықты романындағы тартыс


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Еспенбетов А. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылық өмірбаяны. Филол. ғыл. докт. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс.. – Алматы, 1992. – 275 б.

  2. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. – Алматы: Қазақ ССР-інің «Ғылым» баспасы, 1973. – 168 б.

  3. Сартбаева Д. Б.Кенжебаев – қазақ әдебиеті тарихын зерттеуші. Филол. ғыл. канд. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс.. – Түркістан, 2002. – 136 б.

  4. Қирабаев С. Ақын тағдыры // Торайғыров С. Екі томдық шығармалар жинағы. 1-т. – Алматы: Ғылым, 1993. – Б.3-18.



10- Семинар. «Айтыс», «Таныстыру» поэмаларындағы тарихи шындықтың көркемдік шешімі

  1. «Таныстыру» поэмасындағы саяси тұлғалар бейнесі

  2. . Д.Әбіловтің «Сұлтанмахмұт» трилогиясының қазақ әдебиетінде алатын орны

  3. «Айтыс», «Таныстыру» поэмаларындағы тарихи шындықтың көркемдік шешімі


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Еспенбетов А. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылық өмірбаяны. Филол. ғыл. докт. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс.. – Алматы, 1992. – 275 б.

  2. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. – Алматы: Қазақ ССР-інің «Ғылым» баспасы, 1973. – 168 б.

  3. Сартбаева Д. Б.Кенжебаев – қазақ әдебиеті тарихын зерттеуші. Филол. ғыл. канд. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс.. – Түркістан, 2002. – 136 б.

  4. Қирабаев С. Ақын тағдыры // Торайғыров С. Екі томдық шығармалар жинағы. 1-т. – Алматы: Ғылым, 1993. – Б.3-18.


11 - Семинар. Сұлтанмахмұт Торайғыров публицистикасы

  1. Сұлтанмахмұт публицистикасының тақырыптық аясы

  2. Сұлтанмахмұт публицистикасындағы өнер-білім мәселесі

  3. Ақын көсемсөздеріндегі «тіл» мәселесі

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Еспенбетов А. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылық өмірбаяны. Филол. ғыл. докт. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс.. – Алматы, 1992. – 275 б.

  2. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. – Алматы: Қазақ ССР-інің «Ғылым» баспасы, 1973. – 168 б.

  3. Сартбаева Д. Б.Кенжебаев – қазақ әдебиеті тарихын зерттеуші. Филол. ғыл. канд. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс.. – Түркістан, 2002. – 136 б.

  4. Қирабаев С. Ақын тағдыры // Торайғыров С. Екі томдық шығармалар жинағы. 1-т. – Алматы: Ғылым, 1993. – Б.3-18.



12- Семинар. C.Торайғыров шығармашылығының зерттелуі

  1. Сұлтанмахмұт мұрасының ХХ ғасыр басындағы зерттелу жайы

  2. Жүсіпбек Аймауытұлы және Сұлтанмахмұт шығармаларының жариялану жайы

  3. ХХ ғасырдың 30-40 жылдарындағы Сұлтанмахмұт шығармашылығын зерттеу мәселелері

  4. ХХ ғасырдың 50-60 жылдарындағы Сұлтанмахмұт шығармашылығын зерттеу мәселелері

  5. ХХ ғасырдың 70-80 жылдарындағы Сұлтанмахмұт шығармашылығын зерттеу мәселелері

  6. Б.Кенжебаев еңбектерінің Сұлтанмахмұт шығармашылығын зерттеудегі маңызы

  7. А.Еспенбетов еңбектерінің Сұлтанмахмұт мұрасын танудағы алатын орны


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Еспенбетов А. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылық өмірбаяны. Филол. ғыл. докт. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс.. – Алматы, 1992. – 275 б.

  2. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. – Алматы: Қазақ ССР-інің «Ғылым» баспасы, 1973. – 168 б.

  3. Сартбаева Д. Б.Кенжебаев – қазақ әдебиеті тарихын зерттеуші. Филол. ғыл. канд. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс.. – Түркістан, 2002. – 136 б.

  4. Қирабаев С. Ақын тағдыры // Торайғыров С. Екі томдық шығармалар жинағы. 1-т. – Алматы: Ғылым, 1993. – Б.3-18.




  1. Каталог: ebook -> umkd
    umkd -> Қазақстан Республикасының
    umkd -> Қазақстан Республикасының
    umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
    umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
    umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
    umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
    umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
    umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
    umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған
    umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған

    жүктеу/скачать

    Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет