10- сынып №1 Зертханалық жұмыс Тұтқырлығы әртүрлі сұйықтардағы шардың қозғалысын зерттеу Жұмыстың мақсаты



Дата07.04.2020
өлшемі16,73 Kb.
#61733
Байланысты:
10кл зерт жұм

10- сынып

1 Зертханалық жұмыс



Тұтқырлығы әртүрлі сұйықтардағы шардың қозғалысын зерттеу

Жұмыстың мақсаты: тұтқыр сұйықтағы шардың қозғалыс жылдамдығының сұйықтың тұтқырлығына тәуелділігін зерттеу, глицериннің тұтқырлығын анықтау.

Құрал-жабдықтар: биіктігі 25см, белгі салынған 3 дана сынауық, олардағы жоғары белгі сынауықтың жақтауынан 5 – 8 см төмен болуы керек;сынауық қоятын тұғыр; мотор майы, глицерин, өсімдік майы құйылған ыдыстар; d – 1 мм болат шарлар (15 дана); секундомер; майлық.

Жұмыстың орындалу тәртібі

Шар жылдамдығының сұйық тұтқырлығына тәуелділігін зерттеу.



  1. Түтіктерге сұйықтарды құйыңдар. Сұйықтардың аққыштығына қарай олардың тұтқырлығын бағалаңдар. Сұйықтарды кестеге тұтқырлығының артуына қарай жазыңдар.

    Сұйықтың атауы

    Тәжірибе





    Уақыт

    t, с


    Түсу биіктігі

    h, м


    Жылдамдық

    υ, м/с


    Тұтқырлығы

    η, МПа*с


    Орташа

    жылдамдық



    , м/с




    1
















    2










    3










    4










    5










  2. Диаметрі 1 мм шардың сынауықтағы екі белгі арасындағы қозғалыс уақытын өлшеңдер.

  3. Екі белгі арасындағы h қашықтықты өлшеңдер, әр тәжірибеде қалыптасқан қозғалыс жылдамдығын υ=h/t формуласы бойынша есепеңдер.

  4. Әрбір сұйықтағы шардың орташа қозғалыс жылдамдығын анықтаңдар, алынған нәтижені кестеге жазыңдар.

  5. Алынған нәтижені сұйықтың тұтқырлығы туралы өз болжамдарыңмен және формуламен салыстыра отырып, қорытындылаңдар

10 –сынып

2 Зертханалық жұмыс



Электролиттердегі электр тогының пайда болу шарттарын зерттеу.

Жұмыстың мақсаты: қандай заттардың ерітінділері өткізгіш бола алатынын анықтау, токтың химиялық әсерін бақылау.

Құрал-жабдықтар: ток көзі; амперметр; шам; мыс және мырыш электроды бар кювета( ыдыс); кілт; жалғағыш сымдар; дистилляция әдісімен тазартылған суы бар; қант қосылған суы бар; түз қосылған суы бар стақандар; шыны таяқша.

Жұмыстың орндалу тәртібі

  1. Суретте көрсетілген қондырғыны жинаңдар.

  2. Электродтарды әртүрлі сұйық құйылған стақанға салып, олардың қайсысы өткізгіш бола алатынын анықтаңдар.

  3. Бақылаған құбылысты кестеге жазыңдар.

  4. Алдын ала кептіріп, электродтарды құрғақ тұзға салыңдар.



    Заттар

    Тізбекткегі токтың болуы

    Токтың химиялық әсерін бақылау

    1

    Тазартылған су







    2

    Қант ерітіндісі







    3

    Ас тұзының ерітіндісі







    4

    Ас тұзы







  5. Сұрақтарға жауап беріңдер:

  • Неліктен тазартылан су, қант ерітіндісі және құрғақ тұз өткізгіш бола алмайды?

  • Не себепті ас тұзы ерітіндісі ток өткізеді?

  • Молекулалардың оң және теріс иондарға ыдырауы қалай аталады?

  • Электролит дегеніміз не?

  • Егер ерітіндіге катод пен анодты салып, ток көзіне қоссақ, онда иондар қалай қозғала бастайды?

  • Зарядталған бөлшектердің бағытталған қозғалысы дегенде нені түсінеміз?

Қорытынды жасаңдар:

  • токтың пайда болу шарттары;

  • токтың ас тұз ерітіндісінде байқалатын әсері;

  • электролиттердегі ток тасымалдаушылары.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет