«1001 мақал, 101 жұмбақ» жарысы



Дата28.01.2018
өлшемі56,19 Kb.
#35334
«1001 мақал, 101 жұмбақ» жарысы

Мақсаты:

1. Оқушылардың халық ауыз әдебиетіне деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын, ойлау қабілетін дамыту;

2.Xалық ауыз әдебиетін орынды қолдана білуге, шаршы топ алдында сөз жүйесін таба білуге үйрету;

3. Халық ауыз әдебиетін құрметтеп, оны дамытуға, тіл мәдениетіне, достық қарым-қатынасқа, ой ұшқырлығы мен тапқырлыққа, өз ұлтын сүюге, халық мәдениетін жалғастыруға тәрбиелеу.



Жарыс барысы.

-Құрметті көпшілік қауым! Бүгін мектебіміздің 4б-сынып оқушылары арасында «1001 мақал, 101 жұмбақ» жарысы өткелі отыр. Мұндағы мақсатымыз – халық ауыз әдебиетін дамыту, халық мұрасын сақтау және жалғастыру, тапқырлық пен ой ұшқырлығына тәрбиелеу.

Мақал-мәтелдер – ғасырлар шежіресі, онда халық тарихы, оның тіршілігі, ақыл өнегесі мол көрініс тапқан. Мақал-мәтелдер ой дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдығымен ерекшеленеді.

Жұмбақтар да – ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан түрі. Жалпы алғанда, жұмбақ адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді.

Oртамызда халық ауыз әдебиетінің ең жанашырларының бір тобы.Қа

рсы алыңыздар! Құрметті ойынға қатысушылар! «Қадамдарыңа нұр жаусын» дей келе, бүгінгі«1001 мақал, 101 жұмбақ» жарысын бастаймыз.



Жүргізуші: Oйын тәртібі: 4-сыныптар арасынан үш баладан сайысқа қатысуы керек. Сайыс 6 бөлімнен тұрады

1.Кім жылдам?

2.Мен ұнатқан үш пән.(қазақша, орысша, ағылшынша сөз баламаларын табу)

3.Ойна да, ойла.(тоқтамай 9 мақал айту)

4.Әзіл аралас сұрақтар.(Сұрақтарға мақалменжауап беру)

5.Ойлап, тап!( жұмбақ жасыру)

6.Көрермендер көрімдігі.( жұмбақ шешіп, сыйлыққа ие болу)

І. Әділ-қазылар алқасын сайлау

ІІ. Жарысқа қатысушы топтарды таныстыру

ІІІ.Ойын барысы.

1-сайыс: «Кім жылдам?» (Аталған сөзі бар мақал айту).

Мысалы: Адам. Адам аласы ішінде, мал аласы сыртында.



1. КӨЗ 2. БАЛА 3. ТІЛ 4. ТУҒАН ЖЕР 5. ОТАН 6. ДОС

2-сайыс: «Мен ұнатқан үш пән».

1… – адамның бауыр еті.

2. Жылы-жылы сөйлесең,… інінен шығады.

3.… оттан да ыстық.

4. Астың дәмі — …

3 – сайыс: «Ойна да, ойла». ( Тоқтамай 9 мақал айту).

4 – сайыс: «Әзіл аралас сұрақтар». (Сұрақтарға мақалмен жауап беру керек).

Мысалы:


-Жылан інінен қалай шығады?

-Жылы-жылы сөйлесең жылан інінен шығады.(Көмекке көрермендер де қатыса алады).

1.Қар жана ма? (Қалауын тапса қар жанар).

2.Инемен құдық қазуға бола ма? (Оқу инемен құдық қазғандай).

3.Аппақ қарға бола ма? ( Қарға баласын «аппағым» дейді).

4.Не қорқақ не батыр? ( Көз – қорқақ, қол – батыр).

5.Ең тәтті не? (Ананың сүті тәтті, баланың тілі тәтті).

6.Тауық түс көре ме? ( Тауықтың түсіне тары кіреді).

7.Кімнен кім жаман? (Олақтан салақ жаман).

5 – сайыс: «Ойлап, тап!». ( Жарысқа қатысушылар екі жұмбақтан жасырады, жұмбақ екінші рет қайталабауы тиіс).

6 –сайыс: « Көрермендер көрімдігі».( Көрермендерге жұмбақ оқылады, жауабын дұрыс тапқан бала сол затқа ие болады).

1. Aдамды тартып алар көрсе өзі,

Мелшиіп қарап тұрар болмай сөзі.

Жанына барған кісі екеу болар,

Бетіне түртіп қалсаң шығар көзі. (айна)

2.Бір нәрсе екі түрлі заттан болған,

Адамзат шығарады істеп қолдан.

Жұмсаймыз уақытымен тазалыққа,

Өмірі ақырында бітер содан. (сабын)

3.Қабат-қабат қаптама,

Ақылың болса аттама. (кітап)

4.Aт міндім қарала аяқ қаздақтатып,

Жүргенде жол салады табандатып. ( қалам)

5.Бір нәрсе ала шұбар, қара тұмсық,

Қарасаң басқан ізі қисық-қисық,

Өзі жансыз, жандының күшіменен

Борайды ат үстінде желдей есіп. ( қарындаш)

6.Келеді сапар тартып алуан жолдан,

Tамаша қызығы көп түспес қолда,

Қызығын оқысаңыз тамашалап,

Қаласың хабарласып барлық жайдан. ( газет)

7.Аяғы бар жүрмейді,

Аузы бар күлмейді.

Айнымайды бөпемнен,

Тек сөйлеуді білмейді. ( қуыршақ)

ІY. Әділ-қазылар алқасының қорытынды сөзі.

Жүргізуші: Құрметті көрермендер! Осымен 4б- сыныптар арасында өткен «1001 мақал, 101 жұмбақ» атты жарысымыз аяқталды.

«1001 мақал, 101 жұмбақ» атты ашық тәрбие сағатына сараптама 4б сынып

2014 жылдың қазанның 23 күні «1001 мақал, 101 жұмбақ» атты ащық тәрбие сағатын өткіздім. Ашық сабаққа мектеп директоры, оқу ісінің меңгерушісі, тәрбие ісінің меңгерушісі және бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Ашық тәрбие сағатын өткізудегі мақсатым: 1. Оқушылардың халық ауыз әдебиетіне деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын, ойлау қабілетін дамыту;

2.Xалық ауыз әдебиетін орынды қолдана білуге, шаршы топ алдында сөз жүйесін таба білуге үйрету;

3. Халық ауыз әдебиетін құрметтеп, оны дамытуға, тіл мәдениетіне, достық қарым-қатынасқа, ой ұшқырлығы мен тапқырлыққа, өз ұлтын сүюге, халық мәдениетін жалғастыруға тәрбиелеу.

Жарыс барысы бойынша жүргізуші ретінде 4б сыныптар арасында «1001 мақал,101 жұмбақ» атты жарыс өтетінін жарияладым. Мақал- мәтел мен жұмбақтар туралы қысқаша мәлімет айтып өттім. Ойын тәртібі бойынша 4 сыныптан үш оқушы қатысуы керек. Ойынға Азиза, Әділет, Қарлығаш деген үш оқушым қатысты. Сайыс 6 бөлімнен тұрды.

1.Кім жылдам?

2.Мен ұнатқан үш пән.(қазақша, орысша, ағылшынша сөз баламаларын табу)

3.Ойна да, ойла.(тоқтамай 9 мақал айту)

4.Әзіл аралас сұрақтар.(Сұрақтарға мақалменжауап беру)

5.Ойлап, тап!( жұмбақ жасыру)

6.Көрермендер көрімдігі.( жұмбақ шешіп, сыйлыққа ие болу)

Сайыстың бөлімдерімен таныстырылған соң, әділ-қазылар сайланды.

1-сайыс. Кім жылдам? (Аталған сөзі бар мақал айту). Мысалы: Адам. Адам аласы ішінде, мал аласы сыртында. 1. КӨЗ 2. БАЛА 3. ТІЛ 4. ТУҒАН ЖЕР 5. ОТАН 6. ДОС

Бұл сайыста Әділет көп ұпай жинады. Қыздар сәл кідіріп төмен ұпай жинады.

2-сайыс. Мен ұнатқан үш пән.(қазақша, орысша, ағылшынша сөз баламаларын табу

1… – адамның бауыр еті.

2. Жылы-жылы сөйлесең,… інінен шығады.

3.… оттан да ыстық.

4. Астың дәмі — …

Екінші сайыста Азиза 2 ұпай жинады. Қарлығаш пен Әділет 1 ұпайдан алды.

3-сайыс. Ойна да, ойла.(тоқтамай 9 мақал айту)

Үшінші сайыста Әділет өзінің көп мақал білетінін көрсетті сондықтан көп ұпайға ие болды. Қыздарда қалыспай ұпайларға ие болды.

4-сайыс. Әзіл аралас сұрақтар.(Сұрақтарға мақалмен жауап беру)

Төртінші сайыс әзіл аралас болғандықтан, өте көңілді болды. Көрермен оқушыларымыз мәз болып қалды. Бұл сайыста тағыда Әділет көп ұпай жинады.

Осы сайыста қатысушылардың барлық ұпайлары саналды. Өкінішке орай Қарлығаш ең аз ұпай жинап ойыннан шығып қалды. Ойынға қатысқаны үшін сыйлық берілді. Соңғы сайысқа Азиза мен Әділет шықты.

5 – сайыс: «Ойлап, тап!». ( Жарысқа қатысушылар екі жұмбақтан жасырады, жұмбақ екінші рет қайталанбауы тиіс).

Бесінші сайысымыз жұмбақ жасыру болды. Ойын шарты бойынша жұмбақтар екінші рет қайталанбау тиіс. Бұл сайыста біраз күресіп соңында Әділет өз тапқырлығымен шапшаңдығымен Азизаны жеңіп кетті.



6 –сайыс: « Көрермендер көрімдігі. Соңғы бөлімде көрермендерге жұмбақтар жасырылып сыйлықтарға ие болды. Әділ-қазыларға сөз беріліп, жеңімпаз Әділет деп атады. Сабаққа қатысқан әріптестеріме тәрбие сағатымның тақырыбымен оның мақсаты жайлы айтып өттім. Мектеп директоры ашық тәрбие сағаты жақсы өткенін айтып өтті. Қатысқан оқушыларды мадақтау грамотасымен марапаттады.
Каталог: uploads -> doc -> 0727
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0727 -> Сабақтың түрі: жаңа сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, әңгімелесу, топпен жұмыс


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет