11 – сынып оқушыларына Ұбт-ға дайындалу мақсатында ұйымдастырылған тренинг жаттығулары мен кеңес берулері Мақсаты



Дата25.12.2016
өлшемі52,29 Kb.
#4518
11 – сынып оқушыларына ҰБТ-ға дайындалу мақсатында ұйымдастырылған тренинг жаттығулары мен кеңес берулері

Мақсаты: Оқушылардың бойындағы қобалжу, мазасыздану, қорқыныш сезімдерін жою, өз - өзіне сенімділігін арттыру және жағымды көңіл - күйлерін қалыптастыру.

Ең алдымен психолог өзін таныстырып, тренингтің ережесімен таныстырып кетеді. Олар:
1. Ашық қарым-қатынас орнату;
2. Көтеріңкі көңіл-күй сыйлау;
3. Бір-бірін мұқият, әдеп сақтап тыңдау;
«Танысу» жаттығуы.
Мақсаты:
Топтағы адамдармен танысу және қандай көзқараспен қарайтынын, топта өзін қалай ұстайтынын бақылау.
Жаттығу барысы: Адамдарды шеңберге тұрғызып, бірін-бірі қолдарын ұстап тұрып өзінің атын айтады да, оны кім қойды, оның шығу тарихын, өзінің атының қандай мағына беретінін айту. Атының бас әрпіне байланысты қандай жақсы қасиеттерді жатқызуға болады, соны айтады. Енді алақан сипаған кезде қандай сезімде болдыңыздар. Алақан сипаудың да өзіндік психологиялық ерекшеліктері бар екен.
«Көрші» жаттығуы.
Көршіңді оң жақтан құшақтап,
Көршіңді сол жақтан құшақтап,
Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,
Сол жақтағы көршіңе бір жымиып
Оң жақтағы көршіңе оң көзіңді
Сол жақтағы көршіңе сол көзіңді қысып көтеріңкі көңіл-күй сыйлай біл.


«Сыр сандық» жаттығуы. Ойлануға арналған «Сыр сандық» ойынының шартын таныстырамын. Мен сұрақтарды оқимын. Сендер әр сұраққа 2-3 оқушы жауап беруі керек. Барлығы 14 сұрақ.
Ойынның шарты: Біз бір-бірімізді жақын тану үшін барлығыңа «сыр сандықты» ұсынамын. Топтың әр қатысушысы «сыр сандықтағы» аяқталмаған сөйлемді өз сөзімен аяқтайды.
1. Ең үлкен қорқыныш – бұл...
2. Мен мынадай адамдарға сенбеймін...
3. Мен ренжимін, егер...
4. Мен ұмытпаймын, егер...
5. Маған көңілсіз, егер...
6. Егер маған дауыс көтерсе, мен...
7. Мен қарсыласқанда...
8. Егер мен сенімсіз болсам, онда...
9. Егер маған біреу ұнап қалса
10. Егер, мен шаршасам...

11. Бүгінгі көңіл - күйін қалай?


12. Өзіңді қалай сезініп жүрсің?
13. ҰБТ - ға дайындығың қалай?
14. Сені мазалайтын қандай қиыншылықтар бар?

– Сөйлемді аяқтағанда, қандай сезімде болдыңдар? Әрине, әрқайсымыз қорқыныш, сенімсіздік, сәтсіздік сезімдерінен өттік. Ренжіген, нашар көңіл-күй немесе көңілсіздік болған шығар. Бұл сәтте қолдау мен сүйенішті қажет етеміз.


Тренинг тақырыбы: «Жеміс-жидек»
Тренинг мақсаты: Ұжымға, топқа келген бөтен адамға бейімделуіне көмектеседі.
Жеміс-жидектер аттарын айтып шығады. Алдында айтылып кеткен жеміс-жидек қайталанбауы керек. Барлығы өзіне жеміс-жидек таңдап болғаннан кейін, қатысушылардың ішінен өз еркімен бір адам ортаға шығады да, осы топтың ішіндегі айтылған жеміс-жидектерді қайталап шығады. Егер қайталай алмаса, ойынға қатысушылар айыппұл төлеуін талап етеді. Егер қайталай алса, онда ол адамға қошемет көрсетіледі. Бұл жаттығудың бөлігінде есте сақтау, зейінмен жұмыс істейді. Жаттықтырушы ортада тұрады, ал топтың ішіндегі қатысушылардың біреуі ойынды бастайды.
Көзбе көз жаттығуы
Мақсаты: осы кезеңде топ қатысушылары терең әрі сенімді қатынас орнатулары үшін ұйымдастырылады.
Күнделікті өмірде біз, адамдар, қарым-қатынастың тек үстіңгі, терең емес жанасуларымен қанағат ететінбіз, бір-бірімізді түсінуге тырыспаймыз да! Қатысушыларға 3-5 минут аралығында бір-бірінің көздеріне қарап тұрып, әрбірімен жанасу орнату үшін.
Талқылау кезінде қойылатын сұрақтар:
Осы жаттығу кезінде қандай сезімде болдыңыздар?
Көздік қатынас орнату кімге қиынға түсті?
Неліктен қиын болды?
«Бұзылған телефон» жаттығуы
Мақсаты: вербальді емес деңгейде бірін-бірі түсінуді үйрену үшін.
Қатысушылар бір-бірден тізбекке тұрады. Жүргізуші тізбектің соңына тұрады. Осылайша барлық қатысушылар бір-біріне арқаларымен тұрады. Иыққа қағыспен қатысушы алдында тұрған қатысушыға қарауды ұсынады. Содан кейін ол ым-ишара арқылы бір затты көрсетеді ( сіріңке қорабы, пистолет, волейболды доп және т.б.). Бірінші қатысушы екінші қатысушыға қарайды және жәнегі иық қағысымен оның қарауын сұрайды, сосын затты көрсетеді және сол сияқты ары қарай ақырғы қатысушыға дейін. Ең ақырғы қатысушы сол затты атайды. Шарттары: барлығы да дыбыссыз орындалады, тек қана ым-ишара арқылы, тек қана қайталауды сұрауға болады және қатысушылар кезегі жетпей бұрылмауы керек.
Талқылау кезінде қойылатын сұрақтар:
Қатысушылар бір-біріне әдепті болды ма?
Кімге өз досын түсінуге қиын болды?
«Арқаға арқа» жаттығуы
Мақсаты: күнделікті өмірде болмайтын қарым-қатынастың тәжірибесін алу.
Екі қатысушы бір-біріне арқаларымен отырады және осы жағдайда 3-5 минут әңгіме құрады. Аяқталысымен олар өз сезімдерімен бөліседі.
Талқылау кезінде қойылатын сұрақтар:
осы әңгіме күнделікті әңгімеге ұқсады ма, мысалы, телефондық әңгіме, қандай айырмашылықтар бар? әңгіме құру оңай болды ма? әңгіме қалай болды - ашық па әлде жоқ па ?
«Стрессті қалай жеңуге болады?»
Ойын барысы: Ортаға 12 оқушы шығады. 1. Оқушыларға шар үлестіріледі, психолог, оқушылардың бір шетінен «Сендердің қандай жағдайда жындарың келеді?» деген сұрақ қояды. Оқушылар сол сәттерімен бөлісіп шарды үрлейді, әр бір оқушының айтқан сөзінен кейін шар үрлене береді, шар үлкейе береді, үйге барсам ата - анам ұрсады, мектепке келсем сынып жетекшім оқушылар алдында сынайды, осы сөздердің бәрі айтылады, оқушылар үлкен болып шыққан шарды жарады. Сосын оқушыларға екінші шар үлестіріліп, психологтың алдыңғы сөзді қайталауы бойынша үрленіп, үлкейеді, «Ата - анам мені үнемі жақсы болсын дейді сол үшін, ұрсады, мұғалімім мені болашақта жақсы азамат болсын дейді, сол үшін сынайды»деген сөздерден кейін оқушылар шардың желін ақырындап шығара бастайды. Шардың ішінде желі қалмайды.
Релаксация: «Бұл ойыннан қандай ой түйдіңдер?» оқушылар өз ойын айтады. Ойынды аяқтау мақсатында ортаға барлық оқушы шығып, шеңбер құрып тұрады.
Психолог. Мінеки оқушылар стресс осылай жиналады, ол жинала берсе сенің денсаулығыңа, алда болатын ҰБТ - ға дайындығыңа, психологиялық дұрыс қалыптасуыңа өте зиянды, сол үшін бойларыңдағы жағымсыздық қасиет тудыратын сөздерді дұрыс қабылдап, стреске ұшырамауларыңа тілектеспін.
Енді мына жарқыраған күннің шуағы астында, ҰБТ - ға сеніммен баруға байланысты, бір біріңе тілек тілеңдер. Шеңбер бойындағы оқушылар бір шетінен бастап келесіне өз тілегін білдіреді. Барлық оқушының тілегі бітеді.

Психолог. Құрметті мектеп түлектері алдарыңда үлкен сын, намысты дода сол сынға әрқашан сеніммен барыңдар. Бақытты ғұмыр болмайды, ол бақытты секунд, бақытты минут, бақытты сәттерден тұрады, біз сол бақытты сәтті сезіне білу арқылы бақытты боламыз. бір - бірінің қолдарыңды ұстап жоғары көтеріңдер, біркелкі хор дауыспен «Біз ҰБТ - ға сеніммен барамыз!» деп айқайлаңдар.


РЕФЛЕКСИЯ: Флешмоб билеу.

Ең үлкен қорқыныш – бұл...

Мен мынадай адамдарға сенбеймін...


Мен ренжимін, егер...


Мен ұмытпаймын, егер...


Маған көңілсіз, егер...


Егер маған дауыс көтерсе, мен...


Мен қарсыласқанда...


Егер мен сенімсіз болсам, онда...


Егер маған біреу ұнап қалса


Егер, мен шаршасам...

Бүгінгі көңіл - күйін қалай?

Өзіңді қалай сезініп жүрсің?


ҰБТ - ға дайындығың қалай?


Сені мазалайтын қандай қиыншылықтар бар?



Каталог: soch37 -> wp-content -> uploads -> sites -> 130 -> 2015
2015 -> Бастауыш сыныптарға арналған құзіреттілікке бағытталған тапсырмалар арқылы оқушылардың өздігінен танып білу дағдыларын дамыту» Абдрахманова Б. М. «Павлодар қаласының №37 жалпы орта білім беру мектебі «Жастары білімді елдің жүзі жарық
2015 -> Қарым-қатынаста жетістікке жету 1-сабақ: Мақсаты
2015 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрліп павлодар қаласы білім беру бөлімі
2015 -> Тренинг-оқытудың тиімді әдістерінің бірі
2015 -> Қазақ тілінен 2 сыныпқа арналған


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет