11-сынып. Жмб. Бақылау жұмысы №1 «Электромагниттік тербелістер». І нұсқа



Дата29.09.2019
өлшемі22,31 Kb.
11-сынып. ЖМБ.

Бақылау жұмысы №1 «Электромагниттік тербелістер».

І нұсқа.

  1. Тербелмелі контурдың индуктивтілігі 1,6 мГн, электр сыйымдылығы 0,04 мкФ, ал конденсатордағы ең үлкен кернеу 200 В. Контурды идеал деп, есептеп, ток күшінің максимал мәнін анықтаңдар. (Жауабы. 1 А)

  2. Тербелмелі контур сыйымдылығы 2,5 мкФ конденсатор мен индуктивтілігі 1 Ге катушкадан тұрады. Конденсатор астарларындағы зарядтың амплитудасы 0,5 мкКл. Заряд тербелістерінің теңдеуін жазыңдар. (Жауабы: 0,5·10-6 соs630t ).

  3. Индуктивтігі 2 Гн катушканың индуктивтік кедергісі 628 Ом болма, айнымалы токтың жиілігі мен периоды неге тең? ( 50Гц; 0,02 с)

  4. Тербелмелі контур индуктивтігі 10-6 Гн катушка мен әр астарының ауданы 100 см2 ауалы жазық конденсатордан тұрады. Контур 2·107 Гц жиілікте резонансқа түстеді. Конденсатор астарларының ара қашықтығы қандай? (0,14 см).

ІІ нұсқа.

  1. Электр өтімділігі ортадағы электр өрісінің кернеулігі 2*103В/м нүктедегі электр өрісі энергиясының тығыздығы ()

(Ж: 2,65*10-5Дж/м3 )

  1. Ауданы 200 см2 арақашықтығы 1 см жазық конденсатордың өріс кернеулігі 500 кВ/м өрістің энергиясы() (Ж: 2,2*10-4Дж)

  2. Индуктивтілігі 5 Гн катушканың индуктивтік кедергісі 576 Ом болса, айнымалы токтың жиілігі мен периоды неге тең? (Ж.18,34Гц,5*10-2с)

  3. Тізбектегі ток күші i=8,5sin(628t+0,325) заңымен өгереді. Ток күшінің әсерлік мәнін, оның бастапқы тербеліс фазасы мен жиілігін табыңдар(Ж.0,325,100Гц)



III-нұсқа.

  1. Егер тербелмелі контурдың индуктивтілігін10 есе арттырып, ал сыйымдылығын 2,5 есе кемітсе периоды қанша есе өзгереді?

  2. Айнымалы ток өтетін тізбек ұштарындағы кернеу U=U0sin(2πt) заңы бойынша өзгереді. t=1/12 с уақыт мезетіндегі кернеудің лездік мәні 9 В. Кернеудің амплитудалық мәнін табыңдар.

  3. Трансформатордың бірінші реттік орамдағы ток күші 0,5 А, ал оның ұштарындағы кернеу 220 В. Екінші реттік орамдағы ток күші 11 А, ал оның ұштарындағы кернеу 9,5 В. Трансформатордың ПӘК-ін анықтаңдар.

  4. * 1000 Гц жиілікте индуктивтілігі 0,5 Гн болатын катушка және сыйымдылығы

0,1 мкФ конденсатор тізбектей жалғанған. Осы электр тізбегіндегі толық реактивті кедергіні анықтаңдар. Толық реактивті кедергі қандай жиілікте нольге тең болады?


IV-нұсқа

  1. 400 Гц жиілікте айнымалы ток тізбегіне индуктивтілігі 0,1 Гн катушка қосылған. Резонанс болу үшін осы тізбекке сыйымдылығы қандай конденсатор жалғау керек?

  2. Трансформатордың бірінші реттік орамдағы ток күші 2 А, оның ұштарындағы кернеу 220 В. Екінші реттік орамдағы кернеу 40 В. Екінші реттік орамдағы ток күші неге тең болады? Трансформатордағы шығынды ескермейміз.

  3. Ампермен өлшенетін ток күшінің мәні i=0.28sin50πt теңдеуімен берілген.Ток күшінің амплитудасын, жиілігі мен периодын табыңдар.

  4. Кернеудің әсерлік мәні 220 В болатын және жиілігі 50 Гц айнымалы токка актив кедергісі 5 Ом, индуктивтілігі 0,5 Гн катушка мен сыйымдылығы 40 мкФ конденсатор тізбектей қосылған. Ток күшінің әсерлік мәнін табыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет