11 Тақырып. ХІ тақырып: Негізгі сұрақтар



бет10/11
Дата07.02.2022
өлшемі55,75 Kb.
#93017
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
тарих11
тарих11, тарих11, дш11 презентация, р, р
«Тарих толқынында» атты еңбегінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Алаш қозғалысына, оның мақсатына терең баға беріп, ерекше ілтипат білдіргенін жақсы білеміз.
Еліміздің тәуелсіздігіне биыл 25 жыл толып мерейіміз өсіп отыр. Осы бір аз ғана мерзім ішінде еліміз ғасырға тататын жолдан өтіп бүгінде әлем танитын беделді мемлекетке айналып отыр. Біздің мемлекетіміз аз уақыт ішінде барлық салада қарыштап өскен.Мен Тәуелсіз Қазақстанның азаматшасымын. Менен, өзінің азаматынан, елім көп нәрсені күтеді. Сондықтан бойымдағы бар күш жүгерімді, білімімді, алға деген құлшынысымды тек қана елімнің жарқын болашағы үшін жауапкершілікпен жұмсаймын. Азамат атану деген сөз- бұл үлкен жауапкершіліктің жүктелуі. Ұстаздарымыз біздерді «азамат» санап , болашағымызға үлкен үміт артып, бойымыздан қажымас қайрат күтеді.
Елі үшін, жері үшін, туған халқы үшін атқа қонып, қолына найза ұстап өткен батыр бабалар алдында бүгінгі ұрпақ қарыздар. Олардың білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғап қалған кең байтақ қазақ жері- өз ұрпақтарына қалдырған мұрасы, тапсырған аманаты. Олай дейтінім, бабалар аманатына адал болу, оны сақтау- әрбір қазақ азаматына ортақ абырой, ортақ міндет.
Тарихқа көз жіберсек, 1723 жылғы «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» оқиғасы, «Елім-ай» әні сол кездегі елі, жерінен айырылған қандастарымыздың жаралы жүрегінен шыққан мұңды зары еді.
Ұлы Отан соғысында қаншама бауырларымыз біздің болашағымыз үшін қасық қаны қалғанша күресіп, жанын пида етті. Олардың алдында бір ғана мақсат- жауды жеңу, елді жау табанынан қорғап қалып, елге жеңіспен оралу.
1986 жылдың 16-17 желтоқсан оқиғасы ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы, қасіретті күн еді. Бұл қасіретті күн Қайрат, Қайыркелді, Түгелбай, Сәбира, Ербол,Ләззат сында жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік күні еді. Кіндік қаны тамған жері үшін күрескен батырларымыз, тарихтан ойып тұрып орын алуға лайықты деп санаймын.
Қазақ үшін жан беріп жан алысқан қаншама қазақ зиялылары елінің бостандығы үшін соңғы демі біткенше күресті. Оларға Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов секілді оқығандарды қосуға болады. Егерде оларда Алаш партиясын құру идеясы , автаномия жариялауға талпыныс болмаса, жоғарыдан автономия бермеуі де мүмкін еді. Қазіргі Ресейде мидай араласқан халықтардың бірі болып қалар ма едік?! Алаш зиялыларының игі істеріне басымды иемін.
Патриоттық ұғымы еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілікпен ғана шектеліп қоймайды, ол қазақ халқына тән барлық құндылықтарды құрметтеу болып табылады. Құндылықтарға мемлекетіміздің рәміздерін жатқызуға болады. Оларға- ту, елтаңба, әнұранымыз жатады. Қазақстан Республикамыздың рәміздері, дербес еліміздің киелі қазынасы. Туымыз арқылы еліміздің көк аспандай шексіз тәуелсіз, жарқын болашағы бар екендігі айқындалады. Елтаңбамыз да қазақ жерінің қандай ұланасыр байтақ, көрікті және берік екендігін көрсетеді. Әнұранымыздың әр шумағындағы сөзі мен әні әр қазақ азаматының жүрегін елжіретіп, патриоттық рух сыйлайды. Осындай құндылықтарымыз- асыл мұрамыз. Оларды құрметтеп, насихаттау перзенттік парызым деп есептеймін.
«Қазақ елі» идеясының өмірге келуі XIV-XV ғасырларға, яғни қазақ ұлтының дербес этникалық құрылым ретінде қалыптасу кезеңіне тұспа-тұс келеді. Оның өмірлік шынайы фактіге айналуы ұлттың территориялық және экономикалық тұтастығының, мәдени және тілдік ерекшеліктерінің қалыптасуына негіз болды. Сонымен бірге, «Қазақ елі» идеясының одан мезгілдік тұрғыдан көне және географиялық ауқымы тұрғысынан кең «Түрік Елі» идеясы арнасында өміршеңдік сипат алғанын ұмытуға болмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет