11 Тақырып. ХІ тақырып: Негізгі сұрақтар


Л.Н. Гумилев «Каспий айналасындағы мың жыл» кітабындағы «Вечный эль» түсінігі және Орхон жазуындағы «беңгу ел» сөзі



бет8/11
Дата07.02.2022
өлшемі55,75 Kb.
#93017
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
тарих11
тарих11, тарих11, дш11 презентация, р, р
2. Л.Н. Гумилев «Каспий айналасындағы мың жыл» кітабындағы «Вечный эль» түсінігі және Орхон жазуындағы «беңгу ел» сөзі.
«Каспий айналасындағы мың жыл» кітабының «Инерциозная фаза– «Вечный
эль» деген тарауында Түрік қағанаты туралы: «Римдіктер өздерінің астанасын – «Мәңгі қала», ал түріктер өз империясын – «Мәңгі ел», (146 б.) дейді.
Атақты орыс жазушысы, ғалым Л.Н.Гумилев «Каспий айналасындағы мың жыл» кітабында түркілер өздерінің ұлы мемлекетін «Вечный эль» атағанын жазады. Орхон жазуындағы «беңгу ел» сөзін қазақ ғалымдары М.Жолдасбеков, А.Аманжолов, Қ.Сартқожаұлы «Мәңгі ел» деп аударып келген. Соңғы кезде «моңғол» сөзі де ұлттың атауы емес, «Мәңгі ел» деген идеология болуы мүмкін» деген пікір айтылып жүргені белгілі. Осы ұғымның аясында алаш ардагерлері армандаған ұлттық мақсат пен мүдде іске асып және алдағы тарихи уақыттағы ұлттық ұстанымдарымыз айқындалған дей аламыз. Осының бәрін қорыта қарайтын болсақ, Қазақстан тек қазақ халқы ғана емес, жалпы түркі өркениеті мен түркілердің ортақ идеясының квинт эссенциясын жүзеге асыратын елге айналып отыр деуге болады. «100 нақты қадамдағы» негізгі мақсат та – Еуразия төсіндегі Қазақ мемлекетінің әлемдік саяси-экономикалық кеңістікте өзіндік орны мен маңызы бар тәуелсіз елдігін көрсету, оны өркендету.
Әрине, «Мәңгілік Ел» идеясы іске асуы үшін құқықтық, саяси-әлеуметтік, экономикалық және тағы басқа алғы шарттар іске асуы қажет. Менің ойымша, бұл бір күннің, немесе әлдебір тарихи кезеңнің шаруасы емес. Бұл стратегия, ұлттық идея, ол біздің қозғаушы күшіміз болуы керек. Мысалы, Лев Гумилев пассионарлық концепциясы негізінде түрік этносы өзінің инерциялық фазасында осы идеяны ұстанды дей отырып, бұл кезеңде құр армандамайды, ойлап-пішілген жоспарларын іске асырады деген уәж айтады. Демек, біз үшін де ең бастысы қазіргі прагматикалық заманның талаптарына сай нақты және шынайы жоспарларды жүзеге асыру. Әлемдік қауымдастық пен жеке адам алдында жауапкершілік жүгін арқалай білген ел ғана даму жолында жетістіктерге жетері сөзсіз. «Мәңгілік Ел» болудың да бір шарты – өзіңнің қуатыңды, әлеуетіңді арттыра отырып, басқа елдермен тығыз қарым-қатынаста болу. «Мәңгілік Ел» болудың маңызды шартының бірі, әрине, сол елге болашақта ие болатын, оның мәңгілігін қамтамасыз ететін жастарды тәрбиелеу, дайындау. Жаһандану үрдістері, ақпараттық-технологиялық өркениет қазіргі жастардың бойында ұлттық болмысы, мемлекеттік құндылықтарға деген бейтарап көзқарасын тудырып отырғаны жасырын емес. Сондықтан, ұлттық құндылықтар мен дәстүрді жастардың бойына сақтай отырып, заманауи білім мен технологияны игеру арқылы еліміздің ертеңінің беріктігін, биік рухын мирас қыла аламыз. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет