12 сәуір Ғарышкерлер күніне арналған «Жас ұшқыштар» спорттық мерекесі Спорттық мерекенің тақырыбы



Дата31.12.2019
өлшемі15,69 Kb.
#54705
12 сәуір Ғарышкерлер күніне арналған

«Жас ұшқыштар»

спорттық мерекесі

Спорттық мерекенің тақырыбы: «Жас ұшқыштар»

Мақсаты: Бүлдіршіндерге ғарышкерлер күні туралы толық түсінік беру, ұшқыш ұғымының мағынасын түсіндіру, ең алғашқы космонавт туралы және Қазақстан Республикасының тұңғыш ғарышкерлері туралы айту.

Бүлдіршіндердің спорттық сайысқы деген қызығушылықтарын дамыту, ептілік, жылдамдылық, тепе-теңдікті сақтау және шапшаңдылық қасиеттерін ойын арқылы арттыру

Бүлдіршіндерді ұшқыш мамандығына қызықтыру және спорттық сайыста бәсекелестікке тәрбиелеу

Спорттық мерекенің өтілу орны: Саз залы.

Қатысушы кейіпкерлер: Жұлдызды бала (басқа ғаламшардан келген қонақ), Мыстан кемпір

Қолданылған көрнекіліктер: видеопроектор, муз.орталық, спорттық жабдықтар: (спорт туннелі, доптар, шығыршықтар, жұлдызды қалпақтар), жапсыруға керек материалдар, т.б.

Нұсқаушы: Біздің әжелеріміз және аталарымыз кішкентай болғанда космосқа бірінші рет кім ұшты? Атын атаңдаршы.

Балалар: Юрий Алексеевич Гагарин.

Нұсқаушы: Ал, енді Қазақстан Республикасында, яғни біздің елімізде космосқа кім бірінші ұшты?

Балалар: Тоқтар Аубакиров

Нұсқаушы: Дұрыс, Тоқтар Аубакиров ол алғаш рет космосқа ұшқан ұшқышымыз ол-Тоқтар Аубакиров, оның ізін жалғастырушы ұшқышымызды білесіңдер ме?

Балалар: Талғат Мұсабаев

Нұсқаушы: 1961 жылдан бері 12 сәуір Космонавтар күні болып есептеледі. Біз әрдайым осы күні ұшқыштар мерекесі деп білеміз. Енді сендерге қояр бір сұрағым бар! Сендер ұшқыш болғыларың келеді ме?

Балалардың жауабы:

Нұсқаушы: Онда бүгін біз жас ұшқыштарды мектебіне ұшқыштар таңдап аламыз. Сендердің ұшқыштар сияқты төзімді, шапшаң, ептіліктеріңді көреміз. Сендер осы сайысқа дайынсыңдар ма?

Балалардың жауабы:

Осы кезде Жұлдызды бала кіреді (музыкалық әуенмен)



Жұлдызды бала: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен өте алыс ғаламшардан келіп тұрмын. Өзімнің телескобымнан сендердің балабақшада қалай жүріп жатқаңдарыңды көріп отырамын. Бүгін сендерде мереке екенін көріп сендердің ептіліктеріңді, батылдықтарыңды және төзімділіктеріңді қалай көрсететіңдеріңді байқап, өз көзіммен көруге ұшып келдім.

Нұсқаушы: Сәлеметсің бе, Жұлдызды бала! Біздің балалар жас ұшқыштар мектебіне қабылдауға байланысты олар сынақтан өтеді. Өзің отырып, біздің балаларды бақыла!

Нұсқаушы: Жұлдызды бала, қалай ойлайсың, біздің балалар ұшқыштар мектебіне түсуге дайын ба?

Жұлдызды бала: иә, әрине! Мен сендерге өзімнің ғаламшарымнан ғарышкерлер туралы суреттер алып келдім, соны көріп, есте сақтаңдар

Видеопректор арқылы слайд көрсетіледі. Слайд №1,2,3,4



Жұлдызды бала: міне, балалар біздің алғашқы ғарышкерімізді және ҚР тұңғыш ғарышкерлерін көрдіңдер, оны әрдайым есте сақтаңдар. Ал, енді сайысымызды бастасақта болады.

Нұсқаушы: Онда сайысымызды бастамас бұрын, оларды бақылап, бағалайтын әділқазы мүшелерімен таныстырып өтейін. Балабақшамыздың әдіскері Ғалымжанова К.А, қазақ тілі мұғалімі Құдайбергенова Б.М, педагог-психолог Галеева К.А

Нұсқаушы: Мерекені жалғастырамыз. Алда талай қызықты сайыстар күтіп тұр. Біздің спорттық мерекеде «Балдырған» тобы және «Құлыншақ» тобы өзара сайысқа түседі.

Топ балаларын шақырамыз. Топ балалары тәрбиешінің бастауымен сапқа тұрады.

Слайд арқылы көрсетіліп тұрады . Слайд№5

I тур. Топты таныстыру. Екі топ өздерін таныстырады.

Топтың ұраны

Осы кезде Мыстан кемпір сыпыртқысымен ұшып келеді.



Мыстан кемпір: Бұл не? Мені тағы да ұмытып кеттіңдер ме? Қазір сендерді сиқырлап басқа ғаламшарға жіберемін. Сонда көремін сендерді, мені сонда естеріңе сақтап қаласыңдар!!

Нұсқаушы: Мыстан апа, ашуыңды бас!. Бізбен бірге қал. Мына балалар Жас ұшқыштар мектебіне қабылдау үшін сынақтар тапсырмақшы, яғни екі топ өзара сайысқа түспекші.

Мыстан кемпір: Бұларды көргенде қандай мағына?! Мен де ұшқыш болғым келеді. Мына сыпыртқымен ұшудан жалықтым. Біз Жұлдызды баламен кәсіпқой ұшқыш екенімізді көрсетеміз.

Нұсқаушы: Мыстан апа, сіздер өздеріңіздің қалай ұшатындарыңыз жайлы көрсеттіңіздер ғой. Ал енді, балалар үшін жанкүйер болыңыз.

Мыстан кемпір: Ал енді көрсетсін. Кімда мектепке аламыз соны көрейік, сынайық?!

Слайд №6


Эстафета жарыстары.

  1. «Тепе-теңдікті сақта» - аяқтың ұшымен басқа қойылған жұлдыз қалпақпен межелі жерге дейін жүріп, қайтар кезде орнына жүгіріп келу.

  2. «Космос кемесінің құбырынан өту» - туннельден допты баспен итере отырып, межелі жерге дейін еңбектеп жету, кері қайтқанда орнына жүгіріп келіп, допты келесі ойыншыға беру.

  3. «Баскетбол» - топ тәрбиешісі, яғни капитан қолын алға созып, обручты ұстап тұрады, балалар жүгіріп, 2 м қашықтықта тұрып, шығыршық ішіне допты лақтырады.

  4. «Допты жеткіз» - топтың алдыңғы жағында тұрған бірінші ойыншы допты артқа бастан жоғары береді, келесі ойыншы солай жалғастырады, доп соңғы ойыншыға келгенде ол, межелі жерге дейін жүгіріп барып, топтың алдына тұрады да, допты келесі ойыншыға беріп, ойынды жалғастыра береді. Ең соңғы топ мүшесі жүгіріп келгенде ғана, ойын аяқталады.

Слайд №7. Шығармашылық тапсырма.

«Ғаламшар» сөзінен бірнеше сөз құрастыру. Қай топ қанша сөз құрастырса, сонша ұпай қосылады. Берілген уақыт әуен аяқталғанша.

Слайд №8

Қол еңбегі. Берілген түрлі түсті пішіндерден жапсыру арқылы «Зымыранды» жапсырып шығу. Берілген уақыт 1 минут ішінде



Нұсқаушы: Міне, біздің балалар көптеген сынақтардан жарысып өтті. Қиын тапсырмалардың барлығын еш қиналмай орындады. Біз барлық балаларды Жас ұшқыштар мектебіне қабылдаймыз ба? Әділқазы мүшелері қалай ойлайды екен?

Жұлдызды бала: Балалар, сендерге көп рахмет. Сендер өте күшті, епті, шапшаң қимылдайды екенсіңдер. Біздің ғаламшарға ұшып келіңдер. Мен сендерді қонаққа шақырамын. Мыстан апа, сіз де келіңіз. Балаларға жол көрсетесіз.

Мыстан кемпір: Әрине барамын. Балалар тіл алып, апайларың тыңдаса, оларды да алып барамын. Мен өз сыпыртқыма жоғары күшейткіш моторды қойып, сонымен ұшып барамыз.

Әділқазы мүшесі: Топтың балаларына Жас ұшқыштар сертификатын үлестіреді және әр топты мадақтамамен, сыйлықтармен марапаттайды.

Жұлдызды бала: Сау болыңдар балалар!

Мыстан кемпір: Сау болыңдар, балалар!

(балалар қонақтармен қоштасып, әуенмен саз залынан шығады)
Каталог: uploads -> doc -> 09b7
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
09b7 -> Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың әдісі: айтылым, оқылым, тілдесім, жазылым Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
09b7 -> Сабақтың өтілу моделі Бағдарлау мотивациялқ кезеңі
09b7 -> Ковыленка негізгі орта мектебі Тақырыбы: Өткізген : Жантасова А. Б
09b7 -> Тушанова Айнагуль Хазтайқызы
09b7 -> Сабақтың тақырыбы: ф дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсаты
09b7 -> Қолданбалы курс 11 класс Қазақстан тарихы Тақырыбы: «Тарихи таным» Түсініктеме


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет