121 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Қызылорда облысы



Дата22.06.2017
өлшемі106 Kb.
#19519
Еленова Ақмарал Киікбайқызы,

121 орта мектебінің



қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,

Қызылорда облысы,

Қармақшы ауданы

Жосалы кенті

Бағдарламаның тақырыбы: «Әбділдатану» қолданбалы курсы

Бағдарламаға түсінік хат: Аса көрнекті ақын , драматург, ғалым , қазақ әдебиеті тарихында есімі алтын әріптермен жазылған Әбділда Тәжібаев ақын өмірі мен шығармашылығын Әбілдатану курсы бойынша оқыту

Бағдарламаның мақсаты: Әбділда Тәжібаев шығармашылығын тереңдете оқыту. Ақын Әбділданың ақындық тұлғасын , жан дүниесін , арман – мұратын поэзиясы арқылы таныту, ақын туындысын таңдап, сөз құдіретін танытудағы өзіндік шеберлік өнерін ашу , сөз саптауы , ті көркемдігі туралы түсінік беру, әңгімелеу. Асқақ шабыттың қуатымен жүрегін жарып шыққан өлеңдерін оқушы бойына сіңіру, оқыта отырып ауызша , жазбаша ойын еркін жеткізе білуді меңгерту.

Міндеті:

  • Сыр сұңқарының өмірі мен шығармаларынан мәлімет бере отырып, суреткердің айтар ойын ,шығармадағы мазмұн мен идеяны шәкірт санасына жеткізу;

  • ақынның әдебиет сахнасынан алар орнын айшықтау;

  • арқалы ақынның шығармаларын әдеби теориялық тұрғыдан талдау жасай отырып, пәндік білімдерін кеңейту;

  • туындыны оқи отырып ,кейіпкерлер әлеміне көз жіберу, оқушының алған әсері , сезімін анықтауға көмек беру;

  • оқушыларды өз бетінше белсенді жұмыс жасай білуге үйрету;

  • оқушының білім ,білік , дағдысын берік қалыптастыра отырып, ақын өмір жолын өмірмен тығыз байланыста балаға түсіндіру.

Білім , икем дағдыларына қойылатын талаптар:

  • лириканың ерекшелігіне қарай поэтикалық талдау жасауға бейімдеуде лирикалық қаһарман, тіл бедері, көркемдегіш құралдар, ақын жаңашылдығы, өлең құрылысы, өлең құрылысын дамытудағы жетістіктер;

  • оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына жұмылдыру.

Күтілетін нәтиже:

  • асқақ арманды ақынның өмір жолын , кісілік тұлғасын оқушыларға насихаттау арқылы саналы білім беру;

  • ақын шығармашылығын оқи отырып елжандылыққа, ұлтжандылыққа , жауапкершілікке тәрбиеленеді;

  • төл әдебиетіміздің жанашырын қалыптастыра отырып, шығарма авторына деген құрмет сезімі нығаяды;

  • өз пікірін еркін жеткізіп, талдауға , пікір алмасуға қатыса отырып, сыни ойлай білетін белсенді, білікті, өзін-өзі тани білетін ілім-білімге жауапкершілігімен қарайтын тұлға қалыптасады;

  • Бағдарлама бойынша жүйелі түрде жұмыс жүргізе отырып, әдебиетке , ақындық өнерге деген сүйіспеншілігі оянады;

  • өлеңнің теориясы, құрылысы, техникасы жайында толық мәлімет алады.

Ұйымдастыру формасы: дәстүрлі сабақ, талдау, мәнерлеп оқу, салыстыру, зерттеу , ізденіс сабақ, пікір алмасу, сыр-толғау, лекция сабақ, поэзиялық семинар.

Курстың аяқталу формасы: поэзиялық семинар, «Әбділда оқулары» байқауы, конференция сабақ , реферат қорғау, тест жұмысы.

Пәнаралық байланыс: тарих , әдебиет, қазақ тілі, сурет, музыка.

Көрнекілігі: суретті альбомдар, буклет, дәйек сөздер, сөзтізбектер, баспасөз деректері, шығармалар жинағы, кеспе қағаздар.

Оқушыға қойылатын талап:

Білу:

-ақынның әдебиет тарихында алар орнын айшықтау.

Сипаттау:

-шығармаларының мазмұн мен идеясын тану.

Айыра білу:

-әдеби теориялық ұғымдарды шығармадан таба білу.

Қолдана білу:

-курстан алған білім , білік, дағдыларын практикада, өмір лік тәжірибеде қолдана білу.

Уақыт өлшемі: аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат.

Нормативтік бөлім: «Әбділдатану» курсына арналған бағдарлама 8-сынып оқушыларының білім деңгейіне лайықталып жасалған. Бағдарламада ақынның мектеп бағдарламасында өтілмейтін шығармалары қамтылған. Бағдарлама 5 бөлімнен тұрады:

1 Ақындық мектептің алғашқы баспалдағы (прозалық шығармалары)

2 Туған жер ақын көзімен (туған жер тақырыбындағы лирикалары)

3 Арқалы ақын (ақынның поэзиялары)

4 Ақын поэмалары

5 Сан қырлы талант (драмалық шығармалары)

1 «Ақындық мектептің алғашқы баспалдағы» бөлімінде Әбділда ақынның прозалық шығармалары енгізілген. Ақынның өмірі, ақындық жолға түсуіндегі бел-белестер, анасы жайлы, өмір туралы үздік туындыларын оқытуды көздейді.

2 «Туған жер ақын көзімен» бөлімінде ақынның туған жерге арнаған лирикалары оқытылады. Отанына, туған жеріне деген ыстық ықыласы мен ерекше ілтипатқа ие туындылары мектеп бағдарламасында өтетін шығармаларымен байланыстырыла жүргізу көзделген.

3 «Арқалы ақын (ақынның поэзиялары)» бөлімінде сан қырлы поэзияларын оқыту көзделген. Шығармаларын оқыту барысында адамгершілікке, ұлтандылыққа, парасаттылыққа, достық қарым – қатынасты берік ұстауға баулу көзделген.

4 «Ақын поэмалары» бөлімінде ақынның ең үздік сыршыл туындылары оқытылады. Пөэма жазудағы шеберлігі, өлең құрылысы мен техникасы жайында мәлімет беріледі.

5 «Сан қырлы талант (драмалық шығармалары)» бөлімінде театр сахнасынан әлі күнге түспеген төл туындылары оқытылады. Әдебиет теориясынан білім бере отырып, ақын шығармашылығын жан-жақты талдауға қалыптастыру көзделген.

Пайдаланатын әдебиеттер: 1) Әбділда Тәжібаев 5 томдық шығармалар жинағы.

2) Ш.Елеукенов «Ғасырмен сырласу» , 3)



«Әбділдатану» қолданбалы курсы бойынша авторлық бағдарлама

І тоқсан , 9 сағат

Р/с

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Өту формасы

1, 2

Сыр елінің саңлақ ұлы - Әбділда (Әбділда Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру)


2

Дәріс сабақ

Ақындық мектептің алғашқы баспалдағы

3

«Алғашқы асулар» (оқу , талдау)

1

Шығармашылық

4

«Апам туралы әңгіме» (оқу , талдау)

1

Ізденушілік

5

«Палуан аға» (оқу , талдау)

1

Салыстыру

6

«Есею жолында» (оқу ,талдау)

1

Пікір алмасу




«Мен сендердің біріңнен кем емеспін» ( оқу , талдау)

1

Ізденіс сабақ

Туған жер ақын көзімен

7

«Сыр жырлары» (мәнерлеп оқу )

1

Талдау , түсіндіру

8

«Сыр туралы сыр» (мәнерлеп оқу )

1

Салыстыру

9

«Атамекен» (жаттау)

1

Талдау

ІІ тоқсан , 7 сағат Арқалы ақын

1

«Қазақстан»

1

Ізденушілік

2

«Жас қазақ»

1

Талдау

3

«Арыс құмы»

1

Мәнерлеп оқу

4

«Ана»

1

Шығармашылық

5

«Әке жыры»

1

Талдау , түсіндіру

6

«Ана мен бала»

1

Мәнерлеп оқу

7

«Әбділда – сыр сұңқары» (поэзиялық семинар)

1

Қорытынды


ІІІ тоқсан , 10 сағат

1

«Жұлдыз - қыз»

1

Ізденіс сабақ

2

«Айтыс»

1

Рөлдік оқу

3

«Айна бұлақ»

1

Мәнерлеп оқу

4

«Сырласу»

1

Талдау

5

«Әбділда оқулары» байқауы

1

Шығармашылық сайыс

6

«Жұлдыз - қыз»

1

Талдау

7

«Ой үстінде»

1

Түсіндіру , талдау

8

«Ақ тілек»

1

Мәнерлеп оқу

9

«Досыма» , «Дос туралы»

1

Шығармашылық

10

«Бір ақын туралы әңгіме»

1

Талдау

ІV тоқсан , 8 сағат Ақын поэмалары

1

«Қазақстан – алтын сандық»




Зерттеу сабағы

2

«Нартай»




Шығармашылық

3,4

«Ақын», «Сүйінбайдың домбырасы»

2

Оқу талдау

Сан қырлы талант

5

«Көтерілген күмбез» драма

1

Инстинировка

6

«Монологтар» драмалық поэма

1

Ізденіс сабақ

7

Сырда туған сыршыл ақын

1

Конференция сабақ

8

Жылдық қайталау

1

Тест жұмысы

Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет